Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / “Мектеп, лицей, колледж” мамандықтану шарасы

“Мектеп, лицей, колледж” мамандықтану шарасы



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: "Фермер шаруашылығы" мамандығы апталығы аясында ЖД - 11 тобының “Мектеп, лицей, колледж” мамандықтану шарасы

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өз мамандықтары туралы ақпарат беру, болашақ мамадықтарына логикалық ой өрісін дамыту
Тәрбиелік:
оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын ояту, болашақ фермер мамандығын терең игерту.
Дамытушылық: оқушылардың өз мамандықтары туралы түсініігін қалыптастыру, мамандықтарын сүйюге баулу.
Өтетін күні: 3 желтоқсан 2013 жыл
Сабақтың техникалық жабдықталуы: компьютер, мультимедиялық проектор, экран, бейнетаспа, «Жөндеуші-дәнекерлеуші» мамандығы бойынша білім алатын кабинеттермен шеберханалар және материалдық-техникалық база.
Сабақты жүргізу әдіс тәсілдері: Жәнібек колледжінің базасына саяхат,
Пәнаралық байланыс: Барлық арнайы пәндер және өндіріс сабағы мен автокөлікті жүргізуді үйрену сабағы.

Өту барысы:

1. Кіріспе

2. Жәнібек колледжінің тарихына қысқаша шолу.

3. Жәнібек колледжінің МТБсы.

- “Жол жұру ережелері” кабинеті

- “Автокөлік құрылысы” кабинеті

- “дөңгелекті жөндеу” шеберханасы

- Көліктер тұратын, жөндеу жұмыстары

жасалатын орындар

- колледждің техника сақтайтын паркі

- “Слесарь ісі” шеберханасы

- “Тракторлар” шеберханасы

- “Автокөліктер” шеберханасы

4. Қорытынды


Кіріспе

Өте маңызды мамандық. Ол – жөндеу орталығының басты маманы.D:\Самат\суреттер\Лицей\2013 фермер\DSCF0426.JPG

Автокөлік – бүгінгі таңда қазақстандықтардың көбісіне молшылық, сән-салтанат белгісі болудан қалды. Көп жағдайда ол табыс көзіне айналуда:

біреулер көлік сатумен айналысады, біреулер оны жүргізеді, енді біреулер көлік жөндеумен айналысады.

Барлық мамандықтар өз алдына жақсы, әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ бүгін сіз бен біз қарастыратын мамандық ИЕСІ – автокөлікті өмірге қайта әкеледі, оған екінші дем береді, яғни техниканы кері қалпына келтіреді.

Сөздікке көз жүгіртсек: ОЛ – көлік құралдарына қызмет көрсететін кең бейінді маман.

Ол - автокөліктер мен мотоциклдердің бөлшектері мен жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізеді, олардың жұмысқа жарамдылығын тексереді.D:\Самат\Жұмыс\сабақтар1\мероприятии\2013\Мамандыққа саяхат\фотолар\Фото0835.jpg

Техникаға тексеру жұмыстарын жасап, бөлшектерін ауыстырып, қажетті жөндеу жұмыстарын атқарады.

Осы жұмыстардың мәресі, жөнделген техниканы иесіне немесе басшысына тапсырады.


Оның жұмыс күні

Шағын жөндеу шеберханаларда олар барлық жөндеу жұмыстарын атқарады. Алдымен көлікті диагностикалайды, содан кейін сынудың себебін табады. Ақауды табу үшін ол арнайы құралдар мен жабдықтарды қолданады. Сынудың себебі анықталғаннан кейін, ол атқарылатын жұмыстың көлемін белгілеп, оларды жою жұмыстарына көшеді.


Бұл жұмыста не қауіпті: «біздің қызмет: әрі қауіпті, әрі қиын»D:\Самат\Жұмыс\сабақтар1\мероприятии\2013\Мамандыққа саяхат\фотолар\Фото0831.jpg

Олар әдетте көлік тұратын орындарда (гараждарда) жұмыс жасайды. Ол жерде баспадан, биік платформадан құлауы; тексеру шұңқырларына түсіп кетуі; тайғақ, дымқыл еденнен тайып құлауы мүмкін.

Көлік тұратын орындардағы ақаулы жабдықтардан, қозғалып кеткен техникадан, аяғына немесе үстіне түсіп кеткен ауыр бөлшектерден үлкен жарақат алуы мүмкін.

Олар әдетте көлік тұратын орындарда (гараждарда) жұмыс жасайды. Ол жерде баспадан, биік платформадан құлауы; тексеру шұңқырларына түсіп кетуі; тайғақ, дымқыл еденнен тайып құлауы мүмкін.

Көлік тұратын орындардағы ақаулы жабдықтардан, қозғалып кеткен техникадан, аяғына немесе үстіне түсіп кеткен ауыр бөлшектерден үлкен жарақат алуы мүмкін.

D:\Самат\Жұмыс\сабақтар1\мероприятии\2013\Мамандыққа саяхат\фотолар\Фото0837.jpg

Болашақ көлік жөндеушілерін үйретеміз.

Мамандықты игерер ең тез жол – Орал қаласындағы арнайы қысқа мерзімді курстар. Оны арнайы оқу орындары мен көлік құралдарының жүргізушілерін даярлайтын мектептерден алуға болады. Мәселен, «Андас», «Тілек», «Тұлпар», «Жүргізушілер одағы», «Жібек жолы», «Әскери мектеп», «Самат». Оқимын деушілерге болар-болмас талап: оқу ақылы, 1,5 – 2,5 ай.


Ең дұрыс таңдау

Мамандыққа апарар тағы бір жол – колледж. Колледж – көлік жөндеушілерін даярлауда «алтын орта» (яғни арнайы курстар мен ЖОО ортасы). Олардың көбісінде кәсіби жөндеушілерді даярлайтын арнайы бағдарлама бар. Ең дұрыс таңдау – ол Жәнібек колледжі.

Курстардан ерекшелігі бұл білім ордасында қосымша емес, кәсіби бастауыш немесе кәсіби орта білім береді. Оқу мерзімі екі – үш ай емес, бірнеше жыл. Колледжде арнайы пәндерден басқа, жалпы білім беретін мектептегі пәндер де оқытылады, мысалы: қазақ тілі, әдебиет, тарих , география т.б.

Жәнібек колледжінде білім алу тегін, түсу емтихандары жоқ.


Өз білімдерімізді жетілдіреміз. Болашақ жөндеушілерге ұсыныстар.

Осы бағыттағы мамандардың бойында кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерінен бөлек, мына қасиеттері де болуы керек :

жауапкершілік, тәртіп, шыдамдылық, зейінділік пен белсенділік.

Осы маман иесі боламын деген адам, еңбекті көп қажет ететін, бірақ қызықты жұмысқа даяр болуы тиіс, яғни ықтияттылық керек. D:\Самат\Жұмыс\сабақтар1\мероприятии\2013\Мамандыққа саяхат\фотолар\DSCF0535.JPG


Көлік жөндеушінің назарына!

Белгілі көлік жөндеу орталықтары соңғы кезде көлік жөндеушілердің жас шамасын 35 40 жас аралығы деп есептейді. Олардың кейбірі көлік жөндеушілерді арнайы орта біліммен, ал біреулері жоғары оқу орнының дипломдарымен жұмысқа алады.

Көлік жөндеушінің бойында ықтияттылық, зейінділік, байыптылық сонымен қатар көліктің бұзылу себебін түсіндіре алатындай білімі мен шыдамдылық болуы тиіс. Оның жұмыстары адам өмірімен байланысты.

Сонымен бірге ол қызметтестерімен және тапсырыс берушілермен ортақ тіл табыса білуі керек.

Мансап және жалақы ! ! !

Белгілі курсты аяқтап, жұмысқа орналасқан авто жөндеушінің алғашқы жалақысы 50-100 мыңды құрайды.

Жалақы жұмыс істеу шеберлігіне байланысты өсіп отырады. Неғұрлым шеберлігін мен ісмерлігіңді танытып жұмыстаңсан, соғұрлым жауапты жұмыстар атқарып, жалақын да көтеріледі.

Колледж тарихы

Жәнібек колледжінің тарихына қысқаша шолу: Кәсіптік білім бесігі

Тарихи шежіресі бар, алғашқы болып механизатор мамандығы бойынша жұмысшылар даярлаған, облыстағы байырғы оқу орындарының бірі - Жәнібек колледжіне биыл 78 жыл толды.

Оның тарихына көз жіберсек XX ғасырдың 30 жылдарынан бастау алады.

1935ж. 27 қарашасында “Жәнібек ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебі” (Жәнібек аудандық Жер бөліміне қарасты) Қазақ АКСР-і Жер комиссариатының №731 бұйрығымен ашылды.

Мектеп жанынан трактор, автокөлік жүргізушілерін және трактор бригадасының жетекшісін даярлайтын қысқа мерзімде курстар ашылды.

Мектеп құрылғаннан бастап осы кезге дейін оның мекен-жайы да, аты-жөні де, дәреже-деңгейі де (статус) бірнеше рет өзгерді.

Тарихи анықтама:

1. 1935ж. Жәнібек ауылшаруашылығын механикаландыру мектебі

2. 1977ж. № 9 Жәнібек кәсіптік-техникалық білім

беру училищесі

3. 1984 жылы № 9 Жәнібек орта білім беру

кәсіптік-техникалық училищесі

4. 1991 жыл № 9 Жәнібек совхоз-училищесі

5. 1993 жылы № 9 Жәнібек орта білім беру кәсіптік-техникалық мектебі

6. 1996 жылы № 9 Жәнібек кәсіптік мектебі

7. 2009 жылы Жәнібек «№ 9 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі

8. 2012 жылы МКҚК «Жәнібек колледжі»


Колледждің МТБ-сы

Шараның бұл кезеңінде оқушыларға слайд арқылы колледждегі осы мамандық бойынша оқу кабинеттері мен шеберханалары туралы толығырақ мәлімет берілді. Сонымен қоса колледждің МТБ-сы, яғни көлік құралдары үй-жайлары мен зертханалар, техника паркі, ондағы тұрған барлық техниканың сипаты баяндалды.

Жәнібек колледжінің МТБсы. D:\Самат\Жұмыс\сабақтар1\мероприятии\2013\Мамандыққа саяхат\фотолар\DSCF0561.JPG

- “Жол жұру ережелері” кабинеті

- “Автокөлік құрылысы” кабинеті

- “Дөңгелекті жөндеу” шеберханасы

- Көліктер тұратын, жөндеу жұмыстары

жасалатын орындар

- колледждің техника сақтайтын паркі

- “Слесарь ісі” шеберханасы

- “Тракторлар” шеберханасы

- “Автокөліктер” шеберханасы


Қорытынды

Колледжге оқушылар қабылдау кезінде пайдаланылған фото-видео материалдар көрсетіліп, оларға толық мәлімет берілді. Болашақ маманның өз мамандығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында.

Келесі кезең, колледж базасына саяхат, яғни слайд арқылы алынған мәліметтерді, көздерімен көріп, солармен жұмыс жасайтын жұмысшылар мен шеберлердің сөздерін тыңдады. Өз мамандықтарын игерудегі алғашқы қадамдардың бірі еді.

Соңғы кезеңде осы бүгінгі шара кезінде алынған мәліметтермен бөлісу, талқыға салу, алған әсерлерін тыңдап, қорытынды шығару.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров294
Номер материала ДA-040277
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх