Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ"

"МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген еді. Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігі туындауда. Осыған орай мектеп оқушыларының рухани дамытудың жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге рухани танымның тәрбиедегі маңызы қарастырылады.

Оқушылармен жүргізілетін жаттығулар, сұрақ - тапсырмалар, әңгімелесу олардың пікірлерін түйіндеуге ықпал етеді, дәйексөздердің мағынасын ашу, топпен шығармашылық жұмыстар жүргізу тәрізді тәсілдерді қолдану «Өзін-өзі тану» пәнінде қолға алынған. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және жаман нәрселерден аулақ болу керектігі туралы білімдерін қалыптастыру – рухани адамгершілікке тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады. Осыған орай, оқушылардың тұлғалық рухани қасиеттерін қалыптастыруды әлеуметтендіруге сәйкес, өз өмірінің құндылығын дұрыс түсіне алатын ерікті тұлға тәрбиелеу көзделуде. Егер мектеп оқушыларының бойында рухани адамгершілік тәрбиесі дамыған болса және дүниетанымдылық көзқарастары артса оны өмірде тиімді пайдалануына негіз болады.

Бала бойында табиғат үш кезеңнен тұрады да: Даму, Есею, Еркіндік арқылы мұғалім баланың байлығын, тұлғалық қасиетін аша алады. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты бала рухының ішкі қуатын, ой жігерін айқындауға, болашақ тұлғалық сапасын және осы өмірдегі өз міндетін анықтау ізденісіне басшылық жасау. Адам өзін-өзі танып, өз мақсатын анықтаса және оны ешқандай қиындықтарға қарамастан іске асыра білсе, сонда ғана ол тұлға бола алады. Тұлғаның өзіндік ұстанымын, өмірлік көзқарасын, іскерлік дағдыларын анықтап, оны өмірде қолдана білуге, адамгершілік қасиеттерін сақтауға нарықтық қатынастың жаңа нысандарында өзін жоғалтып алмау мақсатында оның ішінде «Мен»-і әлеуметтік ортамен сәйкестендіре алуын негізі болып табылады.

Мектеп оқушыларының рухани дамуына орта ықпал етеді. Сонымен қатар бала туылғаннан кейін ата-анасының тәрбиесінен өтеді. Сондықтан да ата-ананың ролі баланың дамуының басты себепкері болып табылады. Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты – бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені де болса қабылдайды. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырылған бала тәртіпті де тәрбиелі болып өседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсін» - деген мақалымызға сай, отбасында ата-ананың тәрбиесінің орны ерекше. Ғалымдар бала ана құрсағынан бастап алған тәрбиесін, туылып 7 жасқа толғанша – ақ алып, тәрбиелеп үлгеретінін айтуда. Демек бала тәрбиесі біз ойлағандай есейе келе емес, одан бұрын басталмақ. Ендеше тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек. Ол арна – рухани тәрбие. Қазіргі кезеңде «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздар қауымының алдында тұрған міндет – жастарға рухани тәрбие беру, және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы ғұламаларының рухани мұраларын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды басшылыққа алу. Бұл жұмысты жүзеге асыру аса қиын емес. Себебі ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа негізделген жас ұрпақты тәрбиелеу әдістері бар. Дана бабаларымыз мен кемеңгер ғұламаларымыздың баға жетпес құнды еңбектері бар. Рухани тәрбиені теориялық тұрғыдан қазіргі заманға сай саралап, қазақ тілінде кемеліне жеткізген кемеңгер Абай мен Шәкерім аталарымыз бар. Тек біз осы қазыналарды орнын тауып қолдана білуіміз керек. Сондықтан рухани тәрбиені қайдан аламыз, қалай береміз дегенді алыстан іздемей-ақ өзіміздің осындай дара ойшылдарымыздың дана өсиеттерін басшылыққа алуымыз міндетті. Тек қазақ халқының қанында бар рухани асыл қасиеттердің өзге халықтарда кездесе бермейтіндігіне жастарымыздың көзін жеткізуіміз керек. Ендеше егемендігіміз мәңгілік болсын десек, оның болашағы жастардың тәрбиесін, оларға рухани тәрбие беру ісін кешіктірмей қолға алуымыз керек. Осы айтылғандардың толыққанды іске асыру үшін отбасы мен мектеп тәрбиесінде тығыз байланыс қажет. Бала тәрбиесіндегі осы байланысты жүзеге асыруды дәнекерлеуші деп «Өзін-өзі тану» пәнін айтуға болады. «Өзін-өзі тану» пәнінің ертеңі айқын, болашағы жарқын болары сөзсіз. Сондықтан еліміздің туын биікке көтеру білімді, білікті адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.

«Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында, өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білімінің қағидалары мен әдістеме нұсқаулардың ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтардан негіз алады. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Тұлғаның рухани санасы-өмірдің мәні өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау.

«Өзін-өзі танудың» басты мақсаты – оқушыларды тұлғалық қасиеттерін адамгершілік бағытта дамыту. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз – өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, дүниетанымын, және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру.

Қорыта айтқанда, рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақты сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

Тастемирова Айгерим

«Өзін-өзі тану» пән мұғалімі

«Күйкен орта мектебі» ММ

Бейнеу ауданы

Краткое описание документа:

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген еді. Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігі туындауда. Осыған орай мектеп оқушыларының рухани дамытудың жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге рухани танымның тәрбиедегі маңызы қарастырылады.

Автор
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров399
Номер материала 257760
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх