Инфоурок Другое Другие методич. материалыМектеп оқушыларында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

Мектеп оқушыларында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

Скачать материал

Мектеп оқушыларында  коммуникативті мәдениетті

қалыптастыру

Утенова М.Ж.

Көлкебаева Қ.Л.

Ақтөбе  қаласы

№51 гимназия

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивті технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқындалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш-қуатының негізі, ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың және оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын білім жүйесінің, адам капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз керек. Қоғамдық-экономикалық қатынастардағы өзгерістер: нарықтық қатынастарға өту, ашық демократиялық қоғам құру талаптары өз кезегінде өскелең жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жүйесінің ұстанымдарына, мазмұны мен құрылымына айтарлықтай жаңалықтар ендіруді қажет етіп отыр.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында жеке тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.[1]  

Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылады, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардың (баспасөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін факторлардың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш.

Бүгінгі  таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен  білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті  қоғамның міндеті  болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі  мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді.

Біздің бүгінгі қарастыратын коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағыты - тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идаелдарды, нормаларды айшықтайды және  шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде  қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және  түзетуге көмек береді.

Бағыттың негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық  сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан  адамды  тәрбиелеу, қарым-қатынас мәдениетін көтеру, тіл мәдениетін арттыру, дүниетанымын кеңейту және тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бағыттың міндеттері:

- білім беру ұйымдарында   денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру.

- әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлап шығу.

- мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы  балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.

-адамдармен ізгілікті қарым-қатынас орнатуға деген ұмтылыстарын қалыптастыру.

-түрлі ұлт топтары және мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарастағы адамдармен өзара тең қарым-қатынас деңгейінде пікірлесу, әріптестік қабілетін қалыптастыру.

-қоғамдағы түрлі топтардың өзара қарым-қатынасының мәселелерін бейбіт шешу, даулы жағдайлардан сақтануға дайындығы мен ұмтылысын қалыптастыру.

-сөйлеу мәдениетін меңгерген адам ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру.

            Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағыты туралы сөз қозғағанда, алдымен, бағыттың атауына мән бергенді жөн көрдік. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Ақпарат алмасу – коммуникация. Ал коммуникация туралы сөз болғанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы, қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Коммуникация -ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. Адамдардың бір-бірімен керекті контактіні құрып және ұстай алу қабілеттілігі коммуникациялық компентенттілік деп аталады. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшеленеді.

            Жоғарыда айтып кеткендей, коммуникация- адамдардың бірі-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Әлемдегі барша адамдардың қарым-қатынасының басты құралы ол – тіл. Тілдік қатынас арқылы адамдар арасында қарым-қатынастың нешеме түрі орнатылады. Қазіргі таңда заманның  өзі әр азаматтан оның өмірлік ісіне сәйкес келетін белсенді тілдік іс-әрекеттер жасауды талап етуде. Қоғам  кәсіптік тілдік қатынасты әлеуметтік коммуникацияда қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес кәсіптік этиканың  заңдары бойынша құра алатын, пікірталас, диспуттарды басқаруға қабілетті адамдарды қажет етуде. [3]  

            Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет,тәрбиелілік – осылардың барлығы: біріншіден басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке- даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады.

            Коммуникативті мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асыру -  білім ордаларының  басты міндеті болып табылады. Жалпы білім беретін оқу орындарында, алдымен, осы бағыттың мақсаты мен міндеті айқындалуы шарт. Аталмыш бағыттың жыл бойына арналған тәрбие жоспары жасалуы тиіс. Мысалы: (1-кесте). Тәрбие жоспарын орындайтын ұстаз сынып жетекшісі болғаны абзал. Себебі тәрбие  жұмыстарын жүргізгенде  сынып жетекшінің  ролі ерекше. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен. Ерекше тұлға ретінде сынып жетекшіні атап өткім келеді. Өйткені ол - балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ баланың психологиялық құпияларын жетік  біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сынып жетекшінің еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады. Сынып жетекшінің жұмысында  нәтижеге жетудің бір жолы ол - іс-әрекетті дұрыс жоспарлау. Сынып ұжымын  жоспарлау барысында тәрбие міндеттерін нақты белгілеп, балалардың жеке жас ерекшеліктерін және олардың тәрбиелік  деңгейімен өмірдің талабын еске ала отырып атқару қажет. Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы  негізгі міндеті - оқушылардың  жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әр түрлі тапсырмалар, іс-шаралар, шығармашылық жұмыстар баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста көрсетсен белсенділігіне қарап оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Бүгінде мұғалімнің оқушы бойына қалыптастыратын нақты іс-әрекеті оларды дағдыға үйрету, бағалау пікірін қалыптастыру, шығармашылық пен қайта өңдеуге қабілеттілігін, тұрақтылық (жігер) пен ерікті тәрбиелеу сияқты белгілі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталып баланың өмірде, қоғамда таңдаған істерінде нәтижелі болуына көмектеседі. Әлеуметтік қарым-қатынастардың өзгермелі жағдайында тәрбиені іс-әрекет тұрғысында қарау маңызды, себебі оқушылар ерік-жігерді талап ететін, өмірде кездесетін шынайы жағдайларға араласады, бұл жағдайлар оларға басқалардан ерекшеленіп жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік туғызады.[5]                  Қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік ортаның рөлі ерекше.

1-кесте.

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

            Міндеті: Шығармашылық жұмыстарда оқушы өз ойын білдіріп, қабылданған шешім нәтижесін бағалай білу дағдысын қалыптастыру және өз қадірін сақтай білуге және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру.

Нәтижесінде: шығармашылық  қызметте  өзінің дербестігін  көрсетуде  әртүрлі топ  өкілдерімен  қарым- қатынас жасау  мәдениеті қалыптасады. 

Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

«Қарым – қатынас      мәдениеті дегеніміз не?»

Пікір алмасу

2

«Адами қарым-қатынастар ізгіліктері»

Тәрбие сағаты

3

«Сыныбыңдағы оқушылармен қарым-қатынасың қандай?»

Анкеталық сұрақ

            Елбасы  өз сөзінде: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаз қолында»  деп  атап көрсетті.

            Ұстаз - ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер,  адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз - әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін,  бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

            Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зерттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

            Қазіргі Қазақстандағы коммуникативтік мәдениеттің құлдырау жағдайларында жалпы білім беретін мектептің филолог-мұғалімі Қазақстан балаларының тіл мәдениетін арттыруда және тілдік, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ерекше рөлге иемденіп отыр. Мектептің міндеті әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлап шығу болып табылады.[2]  

            Ұстаздың оқушылар бойында коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін білуі тәрбие жұмыстарын жүргізуде үлкен жетістікке жеткізеді.  Ұстаздың міндеті:

 Ұ                *   Оқушылардың дүниетанымдарын  кеңейту.

    С             *   Жеке қабілеттерін көре білу, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу.                                                                                             

       Т          *   Қабілетіне қарай шығармашылық  жұмыспен шұғылдануға машықтандыру            

         А        *   Бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету.

           З       *   Өз жұмысының нәтижесін көру.

                    *   Жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беру

                    *   Білім біліктерін қалыптастыру;

                    *   Оқушылардың белсенділігін арттыру;

                    *   Оқу үрдісінде ұйымдастырушы болу, инновациялық жаңалықтарды тиімді 

                         қолдану;

                    *   Таным қабілеттерін айқындай отырып, өз бетінше жұмыс істеуге баулу,

                         іскерліктерін қалыптастыру.

          Оқушы ұстаздардың көрсеткен жолдарымен төмендегі әрекетерді жасауға талпынып үйренуі тиіс.

Оқушы міндеті:

О       *  Қоғамның белсенді азаматы болуға;

Қ       *  Қалаған іске жауапкершілікпен қарауға;

У       *  Өз ойын, көзқарасын құра білуге;                                                     

Ш      *  Сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге;

Ы      *   Ойын еркін жеткізіп, шығармашыл ізденісті қалыптастыруға; 

          *   Өз-өзіне сын көзбен қарауға;

          *   Қабілетін жетілдіруге;

            Осы нақты бағыттарда жұмыстана отырып біз білім мен тәрбие беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру ордасы болуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Вахап Одар , Устемирова Меруерт    «Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру»

2.      ҚР  Білім  туралы  заңы

3.      Р.С.Омарова.  Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылық қалыптастырудың дидактикалық негіздері.  Түркістан 2008

4.      «12 жылдық білім беруде оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері» Р.С.Омарова,  Г.Е.Нұрмұханова. Ақтөбе, 2007ж.

5.      Р.С.Омарова.   Шығармашылық ізденіске жетелейді. Қазақстан мектебі № 4 2006

6.      Д.Рахымбек  Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы РКБ 1998

7.      Е.Бекболғанов   Ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері. Қазақстан мектебі №6 2005

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп оқушыларында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1.Вахап Одар , Устемирова Меруерт «Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру»

2.ҚР Білім туралы заңы

3.Р.С.Омарова. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылық қалыптастырудың дидактикалық негіздері. Түркістан 2008

4.«12 жылдық білім беруде оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері» Р.С.Омарова, Г.Е.Нұрмұханова. Ақтөбе, 2007ж.

5.Р.С.Омарова. Шығармашылық ізденіске жетелейді. Қазақстан мектебі № 4 2006

6.Д.Рахымбек Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы РКБ 1998

7.Е.Бекболғанов Ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері. Қазақстан мектебі №6 2005

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2015 6449
    • DOCX 75 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Көлкебаева Қазына Лайыққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Көлкебаева Қазына Лайыққызы
    Көлкебаева Қазына Лайыққызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36550
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 587 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 227 человек