Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Статьи / Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?

библиотека
материалов

Баяхметова Бакыткул Карагуловна Мұғалім портфолиосы Д есебі

1 топ 1-деңгей

Қостанай қаласы


Д есебі

Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?

Мектептің бастапқы ахуалын анықтап алған соң, алынған мәліметтер бойынша мектептің даму басымдығын анықтадық. Мектептің даму басымдығын іске асыру үшін мектептің даму жоспарын жасадық. Мектептің даму жоспарының басымдығын «Педагогтар топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ынтымақтасқан ортада іс -әрекеттерін ұтымды ұйымдастыруына қалай әсер етеді» тақырыбында алдық. Ал, енді осы басымдықты іске асыру үшін алдымызға мақсат қоямыз. Мақсатымыз қолжетімді және айқын болуын қадағалаймыз және тиімді стратегиялар қолдануды көздейміз.

Мектепті дамыту жоспарының басымдығы етіп бұл тақырыпты алуымыздың себебі шәкірттеріміздің жан-жақты дамыған, өздігінен ой қорыта алатын, пікір білдіре алатын, өз пікірін талдай алатын, ойлау жайлы ойлана алатын нағыз ХХІ – ғасыр азаматтарын тәрбиелеу, өсіру, жетілдіру болатын. Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Біз білім беріп, тәрбиелеген әрбір шәкірт өмірден өз орнын таба алуы керек. Сондықтан мен осы бағытта жұмыс жасағым келеді.

Зерттеу тақырыбы бойынша мектептің даму жоспарына өзгерістер енгізу мақсатында коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізе бастадым. Бұл коучинг жұмысын ұйымдастыру барысында мен тобыма Республикалық мектеп басшыларының тоғыз айлық біліктілікті арттыру курсын аяқтаған мұғалім мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары К.А , ІІІ деңгейлі математика пәнінің мұғалімі Н. Д , Г. Ә, география пәнінің мұғалімі Б Қ, И. И, тарих пәнінің мұғалімі Қ.Е кірді. пәндерінің мұғалімдерін алдым.

Бұл ұстаздар білікті, білімді, кәсіби деңгейлері жоғары, күнелік өз уақыттарымен санаспайтын, осының бәрі алға қойған атқарылатын жұмыстарға мақсатымызға жету үшін қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Осы әріптестеріммен ынтымақтастық пен, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды тартымды сабақтарымен ынтасын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында жұмыс үдерісіне озгеріс енгізуге дайынбыз.

Мектептің даму жоспарында мектептің бастапқы ахуалына өзгерістер енгізетін іс-шаралар жоспарланды.

Мектептің даму жоспарының басымдығына сәйкес мақсатымыз төмендегідей белгіленді.

Мұғалімдер әр сабақ жоспарына топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ынтымақтасқан ортада іс -әрекеттерін ұтымды ұйымдастырады, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді;

Оқушыларды оқушылардың ынтымақтасқан ортада сыни тұрғыдан ойлауға,өз ойларын білдіруге, идеяларын дәлелдеуге дағдыландырады;

Оқушыларды жұптық, топтық жұмыс істеуге дағдыландырады.

Сондай-ақ күтілетін нәтижелерімізді де анықтап алдық.

Күтілетін нәтиже және табыс критерийлері:

Оқушылардың сабақта белсенділіктері артады;

Өз ойларын, идеяларын дәлелдейді;

Өзіндік пікір қалыптасады;

Топтағы әр оқушы сабаққа белсене қатысады;

Оқу сапасы жоғарылайды;

Топта бірлесе жұмыс атқарады;

Ұйымшыл болады;

Бірін-бірі тыңдап үйренеді.


Бiрiнш бeтпe-бeт кeзeңiндe көптeгeн жaңa aқпaрaт, әдiстeмeлeр, жaңa ұғымдaрмeн мeн тaнысып, aлғaн бiлiмiмдi мeктeбiмe кeлгeннeн кeйін жоспaрым бойыншa өткізeтін aлғашқы жұмыстaрымның бiрi- осы мұғaлiмдeр коучингiсiне қолдaну болды. Ондағы мақсатым мектептегі әріптестеріме қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға, өздерінің оқыту тәжірибесін өзгертуге көмектесу, бағыт бағдар беруі болатын. Тәжірибені неден, қалай бастаймын, жоспарым бойынша ұйымдастыра алам ба деген сұрақтар маза бермей қойды.. Мектепке келген соң мектеп әкімшілігі ұжымымды бағдарлама мазмұнымен таныстыруымды өтінді. Себебі бірінші ілгерлі деңгей бойынша біздің мектептен алғашқы тыңдаушы мен болдым. Мен келісімімді беріп, әріптестеріме өткізетін коучинг сабақтарын өткізуге дайындалуға кірістім...


Коучинг–сессиялардың тақырыптарын мектептің даму басымдығына сәйкес белгілеймін.

Себебі коучинг-сессияларды жоспарлауда және өткізуде шығармашылық тобыма сенім артамын. Сонымен мен бірге коучинг-сессиялардың тақырыптары мен жүргізілу барысын, өтілу мерзімін талқылаймын және бекітемін. Біріншіден даму басымдығымызды басшылыққа ала отырып тақырыптарымызды анықтап аламыз.

Өткізілетін алғашқы коучинг-сессияның тақырыбын «Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары және оның тиімділігі»» деп алдым.


hello_html_m49219780.jpghello_html_45d6df63.jpghello_html_m496a0bb5.jpg

1суретте-коучинг сессияның өткізілу барысы

2суретте-топ ережесін құру

3 суретте топтық жұмыс жүргізу




hello_html_6be223e1.jpghello_html_m47032356.jpghello_html_mc0152b1.jpg

4 сурет-1 тапсырманы орындау барысы

5 сурет- постер қорғау

6 сурет- рефлексиялық есеп

Мақсаты төмендегідей: Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ынтымақтасқан ортада жұмыс жасау белсенділігін арттыру үшін мұғалімдерді іс –тәжірбиеде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана алу дағдыларын қалыптастыру;

Мұғалімдер топтық, жұмыс жасауды дағдыға айналдырады.

Мұғалімдер бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланады.

Мұғалімдер белсенді оқу әрекеті барысында меңгеріп, тәжірибеге енгізу жолдары жөнінде бағыт-бағдар алады.

Бұл сессияны өткізу себебім біріншіден, командамның психологиялық ахуалын қалыптастыру мақсатында, екіншіден, бірінші деңгей бағдарламанын идеясы, мақсаты ІІ,ІІІ деңгей бағдарламасына қарағанда толық және күрделі деп санағандықтан, үшіншіден, осы бағдарламаның курсын оқымаған ұстаздарға, бағдарламаның идеясын насихаттаушы ролінде болғым келді, төртіншіден, алдағы алты апталық, болашақ жұмыстарыма осы әріптестерімнің оң ықпалдары тиіп отырсын деген оймен осы бірінші коучинг сессиясын өзім өткізуді жөн көрдім. Бұл сессияда топқа қалай бөлуді, топ ережесін құрастырып, сол ережелердің сабақта тиімді болатыны туралы айтылды.

Бұл коучингке мектептегі бастауыш сынып, жоғарғы сынып мұғалімдері қатысты. Менің тақырыбыма сәйкес, бұл мұғалімдер сыныптарын ашық сабақтар кезінде топқа бөлуді, көбінесе жарыс сабақтарында пайдаланатын. Осы сабақтарда балалардың тиімді жұмыс істейтіні белгілі бола тұра бұл құбылысқа көңіл аударылмай келді. Ынтымақтастық оқу-бұл оқыту оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін көрсетеді. Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысқанда тиімділікпен оқиды. Ынтымақтастық оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтежиеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. балалар топқа бірлескен барлық жағдайда топтың жекеленген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болу үшін жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастық арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген. Олардың пікірінше «... өзгерісттерді әр мұғалім өзінен бастап, тек сол өзгерістерді қарқынды түрде бастамай, рет ретімен, сауатты түрде бастағаны дұрыс, «бірлесе көтерген жүк жеңіл» дегендей, осы өзгерістерді бір ұжым болып бастағанда, сондағана мектептің оқыту мен оқу сапасы жоғары деңгейге жете алады деп санаймыз». Коучинг-сессиям белгіленген уақытқа сәйкес өз уақытында өтті.Мен уақытты тиімді пайдалану жетістік деп ой түідім.

Бұл коучинг сессия алғашқы өзгерістерімнің бірі болады деп ойлаймын. Мұғалімдердің бойынан жаңалықты қабылдауға деген ұмтылыстарын көріп қуандым.

Келесі коучинг үдерісін «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуде

критериалды бағалау арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру» тақырыбында өткізуді жоспарладық.

Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастырудың жолдарын үйрету. Оқу сапасы туралы қорытынды жасау мақсатында,оқытуды жақсартудағы бағалау жолдарын зерделеу, ұтымды қолдану, іс-тәжірибеге еңгізу жолдарын қарастыру. Оқу үдересінің әрбір кезеңінде оқыту сапасын жақсарту үшін критериалды бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру

Міндет Оқушы білімін нақты бағалауда бағалау критерийлерін құрастыруға үйрету

Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау оқушыларды оқыту үдерісін жақсартудағы өзін өзі және өзара бағалаудың рөлін түсіндіре отырып ұстаздарға өзін өзі бағалауды үсындым. Бұл ұсынысты мұғалімдерге орындауға өте қиын болды. Олардың айтуынша жас ерекшелігіне,

пед.өтілісінің көп болғандықтан, бір бірін ренжітпеу үшін жалпы бәрі жақсы бағаға бағалады. Осы жерде мұғалімдерге өздерін шәкірттерінің орнына қойып көруді ұсындым. Қорытындысы: мұғалім, оқушы болсын өзіне, өзгеге әділ баға бере алмайтынын айтты. Сондықтан алда, күнделікті сабақ барысына бағалау критерилерін қолданып отырсақ, нәтижеге жетуге болады. Кездесуді қортындылай отырып, әріптестерімнен стикер арқылы кері байланыс алдым. Қортындысы: бастап отырған бастаманы қуанышпен қабылдап, өз тәжірибесіне өзгерістер еңгізуге, өздері өзгеруге дайын екенін жазыпты отыра үрей, қорқыныш сезім бар екенін айтып кеттіпті. Осы коучинг сессиясынын қорытындысына назар аудара отырып алдағы жұмыстарымызды сенімді, қолдау, ынталандыру түрінде жалғастыру керек екенін білдім.

Егер де коучинг-сессияларым мектептің даму жоспарының басымдығына сәйкес және талапқа сай өткізсе, мұғалімдер коучинг үдерістеріне белсенді қатысса және өздеріне қажеттіні алса, кері байланыс жасаса, орта және қысқа мерзімді жоспарларына педагогикалық қуатты құралдарды кіріктіріп, тізбектелген сабақтар жүргізсе,топтық жұмысты ұйымдастырса, оқушы үнін тыңдап сабақтарын, кәсіби тәжірибелерін жетілдірсе белгіленген мақсаттарға жетудегі менің аралық нәтижелерім көрінеді деп санаймын. Тәлімгерлік пен коучинг үдерісі кезінде осындай өзгерістер байқалды.

Тәлiмгepлiктiң өзiнe тән нeгiзгi сипaттaмaсы eкi aдaм apaсындa oқу қapым–қaтынaсын құpуғa нeгiздeлгeн жәнe түйiндi дaғдылapды: бeлсeндi тыңдaй бiлу, тәжipибeнi дaмыту үшiн бipқaтap күpдeлi сұpaқтap қoя бiлу дaғдылapын дaмытуғa бaғыттaлғaн. Тәлiмгep мeн тәлiм aлушығa күpдeлi тaпсыpмaлap бepiп, қoлдaу көpсeтугe;сoның iшiндe қaжeттi түйiндi қaсиeттepдi: сeнiмдiлiк, opтaқтaстық, шынaйылық,aдaлдық тaнытуғa дaйын бoлaды.(Garret –Harris & Gavey, 2005).

Тәлiмгepлiк aяқтaлғaн сoң тәлiмгep мeн тәлiм aлушының apaсындa opнaғaн қapым–қaтынaс бiлiктiлiгi төмeндeу мұғaлiмнiң өзiнe–өзiкөмeктeсуiнe мүмкiндiк aлып, пpoблeмaлapдың шeшуiн өзiншe тaбуғa көмeктeсeдi, сeбeбi тәлiмгepлiк түзeту қaғидaтынa eмeс, дaму қaғидaтынa нeгiздeлгeн (Oxley, 2003).

Тәлiмгepлiк eту бapысындa тәлiмгep өзiнiң бiлiмiмeн, тәжipибeсiмeн бөлiсeдi, aл тәлiм aлушы eңбeк жoлындa aйтулы жeтiстiктepгe жeту мaқсaтындa өзiнiң кәсiби дaғдылapын дaмытып, пpoблeмaлapды шeшу жoлдapын iздeйдi.

Ал, енді тәлімгерлік үдерісін қалай ұйымдастырылады? Алдымен тәлімгерлік үдерісінің жоспарларын жасаймын. Сол жоспарларға сай әрекет етемін.

Мен «мектептегі тәжірибе» кезеңінде мұғалімнің тәжірибесін жетілдіруге қолдау көрсету мақсатында әріптесім Х. Ж бірлесіп жұмыс істеуге тәлім алушымның келісімінен кейін кірісіп кеттім.


hello_html_m3512d3ad.jpg

1 сурет Тәлім алушымен кездесу

Мен 69 мұғалімнің ішінен Ж не себепті таңдадым, осыған тоқталатын болсам ең алғашқыда мектебіме келіп, мектеп директоры Қ.Т және директордың ғылыми жетекшісі жөніндегі көмекшісі Ә.К кездесіп ақылдасқанда, маған ол кісілер Ж алыңыз себебі ол сыпайы және өте ұяң сенің мүмкін тәжірибе барысында Ж-ның ашылуына көмегің тиер біз, оған сенеміз деп, сенім артты. Ж өзінің пәні бойынша теориялық білімі жақсы, еңбек өтілі 25 жыл, санаты бірінші.

Тәлім алушының міндеттері өте жауапты міндеттерді атқарады: тәлімгермен тығыз байланыста болуы керек, сабақтарға өзгерістерді еңгізуі керек, сабақтарды талдайды.

Мен тәлім алушымен ресми түрде кездесіп, кембридж бағдарламалары мен таныстырып, сабақтың жақсы өтуі үшін әдіс-тәсілдерін өзгерту керектігін, алдағы жоспарлаған жұмыстардың тақырыбы мен мақсатын зерделеп нақтыладық.

Тәлім алушымды жүргізілетін жұмыстарды бірлесе отырып атқаратындығымызды айтып, сұхбатымызды аяқтадық.

Сабақтан кейін әңгімелесу барысында «итермелеу» мен «тарту» жасай отырып, нақты сұрақтар қою арқылы тәлімгерлік құндылықтардың бойымда бар болуы нәтижесінде сұхбаттың мақсатына жеттім.

Жоспар бойынша тәлім алушы Ж-ға орта мерзім жоспарын, тізбектелген сабақтардың жоспарларын жасауды үйреттім.

Бұның бәрі тәлім алушыға өз комегін көрсетті. Кедергілерсіз де болған жоқ: тәлім алушы жоспар құру барысында қиналды, өйткені сабақ жоспарын ескі әдіспен жасауға қалыптасып кеткенін мойындады. Осы жерде айта кетерім тәлім алушым сабақтарына жаңа тәсілдерін аз пайдаланатынын мойындады, пайдаланса да тек қана ашық сабақтарында пайдаланып шектелгенмін,- деп бір ауызбен айтты.

Осынын бәрін тәлім алушы мен ресми кездесуде талдап алдық.

Бейресми кездесуде тәлім алушым сабақтарында табыс критерилерін, күтілетін нәтижесін нақты түсінгенін алдағы уақыттарда сабақтарында тиімді қолданатынын айтып пікір алмасты. Маған бұл тәлім алушымның ынтасы ұнады.


Жоспар бойынша тәлім алушымның сабақтарына қатысып, оларды фото, видео таспаға түсіріп, жеке отырып, оларды талдап, жіберілген кедергілерді анықтадық.

Басында сабақтардың кемшіліктерін, өзгерістерін, нәтижелерін бақылау үшін әр сабақты фото және видео таспаға түсіріп, сабақтарды жеке талдап зерттеп, сәтсіз жақтарын келесіде болдырмау жолдарын қарастырдық.

Осы жұмыс барысында кедергілер болды. Фото, видео таспаға түсіргенде балалардың, мұғалімдердің зейіндері, назарлары басқа жаққа ауып кете берді. Бұл кедергілер біртіндеп жойыла бастады. Келесі сабақтарында тәлімалушым, оқушы да сабақ үдерісінен назарлары басқа жақта болмай сабаққа ерекше ықыласпен қатынасып отырды. Сабақтардың соңында оқушылар стикер, мұғалімге хат немесе «Смайликтер» арқылы өздерінің көңіл- куйлерін білдіріп отырды. Тәлімалушы менің жетістігім - өзімді шыдамдылыққа үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының керегінше ойлануын бірінші орынға қоятын болдым.

«Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ( топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, диалог арқылы оқыту) кеңінен қолданамын деп өз ойын білдірді.

Бұл да бір жетістіктін бірі деп ойлаймын.

Ж екеуіміздің арамыздағы қарым-қатынас мейілінше жақсы, ынтымақтастықта өрбіді деп айта аламын. Ол өзінің сыпайы мінезімен кісіні өзіне тартатын еді, сол қылығымен мені де өзіне баурап алды. Тәжірибе кезеңінде мектепке келсем ол мені, мен оны іздеп бір-бірімізбен ой бөлісуге асығатын болдық.

Тәлім алушымен әр сабақты талдап отырдым. Өйткені сабақтарда өзгеріс болса, ол мұғалімнің, оқушының өзгергені деп санаймын.

Бұдан әрі тәлім алушымның жұмыс нәтижесін анықтау мақсатында кәсіби әңгіме жүргіздім.

Мақсаты: кәсіби әңгіме топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ынтымақтасқан ортада іс -әрекеттерін ұтымды ұйымдастыруын,

тиімділігін, оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға ықпалын анықтайды.

Тәжірбиеде заманауи оқытуда жеті модулін оқытуда жоғары кәсіби шеберлікпен іске асырып жүрген мұғалімдерімен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.Математика пәнінің мұғалімі Н және Г тарих пәнінің мұғалімі Е, Химия пәнінің мұғалімі И өз сабақтарында

жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білді.

Соңғы іс-шараны шығармашылық топпен пікіралмасуға арнап жоспарлаймыз.

Мақсаты: жаңаша оқыту бағдарламасының және оқу үдерісіне тиімділігін, оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға ықпалын анықтайды.

Яғни, мектептегі іс-тәжірибемнің нәтижелілігін айқындап, қорытынды жасау үшін белгіленген бұл іс-шара мектептің шығармашылық тобының отырысы болып табылады. Мектеп ішінде құрылған қоғамдастық мүшелерінің және алты апта бойы менімен бірге зерттеу жұмысына қатысқан әріптестердің пікірін тыңдау және пікіралмасуға арналды.

Алты аптада тәлім алушы, топтың мұғалімдері, мектеп ұжымы көптеген жұмыс атқарды . Сол жұмыстың нәтижесін коучинг сессиясы, тәлімгерлік, арқылы өзгерісті еңгіздім деп ойлаймын. Осының барлығын тұжырымдай келе өзім үшін көп ақпарат алдым. Білмеген технологиялар бойынша хабар алып, жаңа заман ұрпағын тәрбиелеу жолдарын үйрендім. Өзім мұғалімдермен пікір алмаса отырып, тәжірибеме көптеген өзгерістер енгіздім деп санаймын.. Ең бастысы балаға бостандық бере отырып, ой еркі мен сөйлеу еркінен шектемеу керек, сонда ғана білім шыңына жетеріміз анық.



Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Әлімов А.Х. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.Оқу құралы .-Алматы,2013.-448 б.

2.«Сын тұрғысынaн oйлaу» Oтaрoвa М. Журнaл: «Сaлaуaттылық нeгiзi». 2006ж. №1.

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей. "НЗМ" ДББҰ, 2012

4.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Бірінші (ілгері) деңгей. "НЗМ" ДББҰ, 2012








Коучинг жоспары №1


Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ынтымақтасқан ортада жұмыс жасау белсенділігін арттыру үшін педагогтарды тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана алуға дағдыларын жүйелеу;

2

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері

Топтық, жұмыс жасауды дағдыға айналдырады.

Мұғалімдер бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланады.


3

Сабақтың нәтижелері

қатысушылардың ойлау қабілеттерін дамытады,

4

Коучингті өткізу әдістері

топтық жұмыс, жұптық жұмыс, миға шабуыл, АКТ, СТО әдісі

5

Өткізілген уақыты

18.03.2015 ж. 90 минут.

6

Ұсынылатын ресурстар

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.


7

Күтілетін нәтиже

Топта жұмыс істеу ережесін біледі;

Топты ұйымдастыра алады;



Сәлемдесу.

Армысыздар, құрметті әріптестер. Мен ойлаймын бүгінгі коучинг сіздерге маңызды болады деп. Көңіл болып келгендеріңізге рахмет.


Назарын коучерге аударады. Сәлемдеседі.


8 минут

«Картоп егу» тренингін ұйымдастыру.

Шеңбер жасату Коучингке қатысушыларға бір бірінің арқасына үгу жасай отырып, картоп егу процесін жасайтынын ауызша түсіндіру арқылы өзара қарым қатынасқа түсіре отырып жағымды ахуал қалыптастыру.

«Жерді жыртамыз», «Қопсытамыз» «Бетін тегістейміз» «Тұқым себеміз» «бетін жабамыз» «Суарамыз» «Арамшөптерін жұламыз»

Алынған дайын өнімнен соң, өзара мадақтама жасату.



Сессияға қатысушы мұғалімдер шеңбер жасап тұрады да, «картоп егу» процесін жасайды.






Бір-біріне «аай, менің картобым қандай әдемі, қандай топ- томпақ» т.б сөздер айту



8 минут
















Топ ережесін құру, топқа бөлу.

Нұсқау: Құрметті әріптестер топқа бөлінейік. Ол үшін

таратылған суреттерге қарап топқа бөлу

Нұсқау: Құрметті әріптестер біз әуелі топ ережесін құрып алайық. А3-ға топ ережесін жазамыз.

Сұрақ:

Сіздер топ ережесін құру мен топқа бөлуден қандай ой түйдіңіздер?

Топ ережесі мұғалім немесе оқушы не үшін қажет деп ойлайсыздар?



Суреттердің мағынасына қарай топқа бөлінеді. Әріптестер өз ойларын білдіреді.


Бірінші ережеден кейінгі ережелерді әріптестер құрады.


Нәтижесінде 4 топқа құралады.

А3 әріптестер құрған ережені алдағы уақытта қолданатынын растап, қолдарын қояды.










А3, маркер




6 минут

Фильм көрсету

Интербелсенді тақта

Бейнеролик «О важности КОМАНДЫ!!!»


9 минут


Интерпретация

Бейнероликті

талдау

Фильм туралы

өз ойларын

айту

10 минут

Топтық жұмыс туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы және коучтың таныстырылымын танысады мәліметпен танысады.

презентация




10минут


І тапсырма

Шеңберден құрастырылып жасалынған пирамида, енді осы пирамиданы төмен қарай орналастыру үшін 3 рет шеңберді қозғау керек. Пирамиданы қалай төмен қаратамыз . Бұл тапсырманы қалай орындаймыз?

1.Жеке орындау.

2.Шағын топта орындау


3.Жұмысымен таныстыру.


Белгіленген уақыт ішінде А-4 формат қағазына пирамиданың суретін суретін құрастырып топтап жапсыру.



7минут

Сергіту сәті сәті «сиқырлы заттар дүкені»

Мұғалімдер өздері қалаған заттарды таңдайды, таңдаған затына сәйкес мінездеме береді

Презентация


15 минут

Топтық жұмыс «СУ»

Тапсырма:

Берілген суреттерге тақырып қою?

Осы суреттерге қарап отырып 3 зат есім ,3 сын есім,3 етістік жазу

1суретті таңдай отырып монолог жазу

Мұғалімдер өздеріне берілген тақырыптарды талдайды және жұптық жұмыс жасай отырып, тақырыпты ашады. Түйген ойларынан постер дайындайды.

Постерде жазылған ойларын басқа жұптарға айтады.


А3, маркер


8 минут

Талдау, өзара бағалау.

Нұсқау: барлық топ өз пікірлерін айтып болған екен, олай болса өзара бағалау әрекетін жасаңыздар. Тақырыпты ұтымды ашты деген тұпқа формативті бағалау жасаңыздар. Яғни ұтымды пікір айтқан топтарға қай тұстары ұтымды шыққандығы және неліктен олай болғандығы жайлы өз пікірлеріңізді стикерге жазып, сол топты постеріне жабыстырыңыздар.

Сұрақ:

Сіздер осы тақырыпты талдай келе нені түсіндіңіздер?

Қай топтың тапсырмасының сұрақтары дұрыс қойылған деп ойлайсыздар?



6 минут

Стикерлерге жазамыз:

Бүгін қандай тапсырмалар ұнады?

Нені түсінбедіңіз?

Келесіде не өзгертер едіңіз?


бүгінгі сабақтағы көңіл – күйлерін білдіреді.

 


Кері байланыс




















Тәлімгерлік жоспары

Тақырыбы: Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың өзара оқыту дағдыларын дамытуды іс-тәжірбиеде қалыптастыру

Тақырыбы: Тәлім алушының кәсіби қалыптасуына көмек көрсету.

Мақсаты: Мектептің даму жоспарына енгізілетін өзгерістің мұғалімдердің топтық

жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың өзара оқыту дағдыларын дамытуды іске асыру үшін коуч мұғалімге кеңестер, ұсынымдар мен қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс атқару.


Міндеттер:

1.Оқушыларды оқытудағы мұғалімнің тәжірибесі бойынша мәселелерін анықтау;

2. Іскерлік,дағдылары бойынша мұғалімнің оқыту тәжірибесін дамыту;

Күтілетін нәтиже: Тәлім алушының өз мүмкіндіктерін пайдалануға ықпал ету, кәсіби әңгіме жүргізу арқылы алдында кездесетін кедергілерді жеңуге көмектесу, өзіне деген сенімін арттыру .


Тәлімгер: мұғалімнің өсуі мен жетілуіне көмек береді.

Тәлім алушы: Тәлімгер мұғаліммен сенімді қарым – қатынас орнатады.


Кері байланыс

(тәлім алушы тәлімгердің сабағына қатысу барысындатуындаған сұрақтарды талдау)

3

Сабақтарға қатынасу

Мұғалім қолданатын әдістерінің тиімділігін анықтау Жаңа сабақты игеру кезеңіне арналған стратегияларды пайдалануды үйрету

1 апта

Сабақ кезеңдерін және оқушылардың іс-әрекеттерін бақылау, талдау.

4

Стратегияларды таңдау мен байланыстыруға көмек көрсету

Стратегияларды тиімді таңдауға үйрету.

2 апта

Жаңашылдықты кіріктіруі бар сабақ жоспарын жасау

5

Жаңа модель бойынша кеңес беру Сабақ беру барысын талдау, ұсыныс жасау

Концепцияны түсіндіру

2 апта

Мұғалімнің түсінуі мен түйсінуі.

6

Орта мерзімді жоспарлау

ОМЖ жасауда қадамдардың маңыздылығын түсінеді, нәтижелілігін маңыздығын түсіндіру

2 апта

ОМЖ –ды жасауда қадамдарының жүйелі болғаны, әр сабақ нәтижесі болжам түрінде көрсете алады.

7

Сабақ беру барысын талдау, ұсыныс жасау. Үй тапсырмасын тексеру кезеңіне арналған стратегияларды пайдалануды үйрету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңіне арналған стратегияларды тиімді пайдалануды үйрету

3 апта

Кәсіби деңгейі өседі, оқушылардың үй тапсырмасын айтуға ынталы болады.

8

Сабақ беру барысын талдау, ұсыныс жасау. Жаңа сабақты бекіту кезеңіне арналған стратегияларды пайдалануды үйрету.

Жаңа сабақты игеру кезеңіне арналған стратегияларды тиімді пайдалануды үйрету.

3 апта

Кәсіби деңгейі өседі, оқушылардың жаңа тақырыпты қолдануға дайындығы артады.

9

Сабақ беру барысын талдау, оқыту үшін бағалау құралдарын талдау, табыс критерийлермен жұмыс жасау.

ОүБ–ды тиімді пайдаланудың критерийлерді ұғады, табыс критерийлермен үнемі жұмыс жасай алуды ұйрету.

апта

Табыс критерийлерді пайдалану арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, сабақтарда өзін-өзі және өзара .бағалауға арналған тапсырмаларды орындай алады.

10

«Өз бетінше білім алуына бағытталған жаңа тәсілдер туралы» тақырыбы бойынша тәлім алушымен сұхбаттасу

Рефлексивтік дағдылары жетілдіріледі.

5 апта

Өз жұмысындағы жетістіктер мен кедергілердің себептерін талдай алады.































«Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары және оның тиімділігі»


Ынтымақтастық оқу-бұл оқыту оқу тәсілі,




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Математика
Подраздел Статьи
Просмотров3005
Номер материала ДБ-045018
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх