Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Статьи / Мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі

Мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі:

Неліктен әлем елдері білім беру жүйесіне реформа жүргізіп жатыр?
Толықтай алғанда бұл реформалар Қазақстанға қандай дәрежеде өзекті және қолданбалы (жарамды)?

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап келді. Білім беру революциясындағы бірінші көрініс білімді түбегейлі демократияландыру болды. ХХІ –ғасырда талап ететін дағдылардың негізі – білім беру саласында оқушылар үшін білім де дағдылар да тең дәрежеде болуға тиіс. Оқушылар алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білулері керек.(ЭЫДҰ) жасаған құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы ХХІ ғасыр моделі болады.

Неліктен осы секілді өзгерістер менің мектебіме қажет және қолданылуы мүмкін?

Білім беру саласындағы бағдарлы мектептердің пайда болуы, лицей, мектеп-гимназиялардың білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін жүргізіп жатқан жұмыстары, ондағы оқытудың жаңа әдістері-дистанциялық оқыту, электронды оқыту жүйесі, тағы басқалары да елеулі жетістігіміз. Білім берудің жаңа парадигмасы бойынша, күннен күнге кең етек алып отырған білімді жүйелі түсіндірумен бірге, өз бетінше ізденіс әдістеріне басты назар аудару да орын ала бастаған. Бұл білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес келеді. Мұндағы ең басты міндет-оқушы алған білімін өз бетінше дамытып, іс-жүзіне асыруға қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын ұйымдастыру.

Мектепте нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер:

Жоғарыда көрсетілген бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін мұғалімдерді қалыптастырып «Оқу үдерісіне кері байланысты, бірлесіп жұмыс істеуді, формативті бағалауды енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру», яғни «Оқушылардың шығармашылық қабылеттерін арттыруда топтық жұмыс пен кері байланыстың тиімділігі» тақырыбындағы мектептің даму жоспарын іске асыру.

Мектептің бастапқы жағдайы мен мектептің даму жоспары айырмашылығын жою үшін «мектепте қандай өзгеріс енгізу қажет?» деген сұрақ туындайды.



Өзгерістерді енгізу үдерісін басқару бойынша өз қызметімді ұйымдастыруды қалай жоспарлаймын?

Мектептегі әріптестеріме оқыту мен оқудағы тиімді тәсілдерді, қажетті дағдыларды дамыту мен көмек көрсету бағытында «мектептегі тәжірибе» бағдарламасы бойынша коучинг сессиясы өткізіледі. ІІ-ші, ІІІ-ші деңгей мұғалімдері оқытудың әр-түрлі педагогикалық стратегияларын қарастырып, әр-түрлі тақырыптарда коучинг, ашық сабақтар өткізеді, онда оқудағы келесі жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады:

Аталған проблеманы шешудің бірден-бір жолы:

Әріптестермен, әкімшілікпен, әдістемелік секциялар/бірлестіктер/кабинеттер/ кеңестердің басшыларымен, Үшінші және Екінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдермен оны іске асыру тәсілдерін талқылау қажет. Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу үшін қолданылатын тәсілдері мен әдістерде қарастырылады.

Осындай ынтымақтастықта мұғалімдердің өз мүмкіндіктерін жетілдіру жұмыстары барысында мұғалімдер коучинг жүргізу идеясына талдау жасай отырып, саралау жүргізу арқылы коучинг жүргізу идеясын, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар жасап үйренеді.


Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету менің тарапымнан қалай және қандай шаралар көмегімен жүзеге асыру жоспарланды?


Мектептің даму жоспарының басымдықтары

Сабақта топтық жұмыс пен кері байланыс әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабылеттерін арттыру:

Мектептегі мұғалімдердің оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға қатысты жеке түсініктерін дамыту;

Оқушылардың өзін-өзі дамыту және өз білімін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.

Мақсаты:

Оқу үдерісіне кері байланысты, бірлесіп жұмыс істеуді, формативті бағалауды енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру 

Міндеттері:

Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату.

Оқушыларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру.

Оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату.

Оқушылардың бірлесе жұмыс істеу барысында сабақтарына деген қызығушылықтарын, ынтасын, ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Өз жұмысын өзі бағалау және өзін өзі жетілдіру жолдарын түсіне білуді дамыту.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.11.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Статьи
Просмотров19
Номер материала ДБ-317597
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх