Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Мектеп жағдайындағы мектепалды даярлықтың сапасын бағалау және балалар шығармашылығын дамыту

Мектеп жағдайындағы мектепалды даярлықтың сапасын бағалау және балалар шығармашылығын дамыту



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мажитова Айгерім Құбайдоллақызы

Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі

Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі





Мектеп жағдайындағы мектепалды даярлықтың сапасын бағалау және балалар шығармашылығын дамыту



        Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді.Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы – оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.

Мектепалды тобының балаларының мінезі мен ерекшеліктерін мектепке дейінгі дайындығын, денсаулығы мен даярлық сапасының бағалау өлшемін нақты білетін мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі әрі психолог, әрі медицинадан хабары бар, әрі әртістік шеберлігі өте мықты дамыған тәрбиеші болу керек.Ол:

-  Сабақты жаңаша шығармашылықпен жүргізе білетін .

-  Ұстаздық жүрегіне жылылық қалыптасқан.

-  Балалардың ойындағы әртүрлі шығармашылық өнерлерін танып жолға түсіре білетін.

-  Оқушылардың қызығушылығын оятып, оқу әрекетіне белсенділігін арттыра білетін.

- Баланың отбасы және қоғамдық қарым-қатынасын тиімді ұйымдастырудағы ата-ана қызметінің проблемаларын нақты шешіп, жол көрсете білетін ұстаз болуы қажет.

Психологтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы деп екіге бөледі, соған байланысты балабақшада жалпы және арнаулы дайындықтар жүргізіледі.

        Жалпы дайындық – ол псхологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір – бірімен тығыз байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты істеген ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Сонда ғана мектепке барғанда  тез тіл  табысып кетеді.

 Арнаулы дайындық -  ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерді ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс – тәсілді жалғастыра отырып, осындай таным процесін дамытады.

Дене дайындығы – мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата – аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.

Әлеуметтік дайындық – оқуға, (дербес тапсырманы орындау) бастаған жұмысты аяқтауға қиыншылықтардан өтуге, ұстамдылыққа үйрету:

Жаңа ортаға үйрену.

а) құрдастарымен ұрыспау, ренжіспей тіл табысу

ә) үлкендермен тіл табысу

Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс – тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бір – бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті.

Арнаулы дайындық – мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып, біліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек. Сонымен бірге таным процестерін (ес, зейін, ой – қиял, қабылдау) де дамытып отыру қажет.

Оқушының мінез-құлқын, мәдениетін қалыптастыру мақсатында баланың мектеп табалдырығын аттамас бұрынғы психологиялық ахуалын зерттеу, тәрбие орнына яғни мектепке дайындығын анықтау болып табылады. Баланың мектепке психологиялық дайындығын зерттеу, тексеру мақсатымен олардың оқуға дайындық мүмкіндігін және даму дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі. Зерттеу жұмысын жеке балалармен немесе топпен жүргізуге болады.

Психологиялық зерттеудің мынадай шарттары бар:

Баланың мектепке даярлығын мектепке дейінгі мекеме немесе балалар емханасындағы дәрігерлер анықтайды. Бала мектепке бармайтын болса онда оны жергілікті дәрігер анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психо-физиологиялық шарттар бойынша анықтайды. Баланың оқуға даярлығын терең зерттеу мектепке баратын жылдың алдында қазан немесе қараша айларында өткізіледі. Балалардың алғашқы әр жақты медициналық психо-физиологиялық тексеру нәтижесінде олардың зерттеу тәжірибесінде олардың дәрігерлік даму қатарына түсіріледі. Денсаулығын нашар әр түрлі ауытқуға ұшыраған балаларға және емдеу шараларының комплексі белгіленеді. Мектептегі оқуға қажет функциялары жете дамымай кемістігі байқалған балалардың тілдегі және қолдың бұлшық ет қозғалысын дамыту үшін әртүрлі жаттығулармен шаралары ұсынылады. Мұндай емдеу сауықтыру шараларын балалар емханасының маман дәрігері жүзеге асырады. Баланың дыбыстарды айтудағы кемістіктерді жою сабақтарын логопед жүргізеді. Қолдың бұлшық ет  қозғалысын дамытуға арналған сабақтармен жаттығуларды тәрбиешісі немесе ата – аналар жүргізе алады, атап айтқанда сурет салуды тапсыру. Құрастыру конструкциялық ойындар, әр түрлі жазу емлелерін жазып үйретуге болады. Осы психологиялық зерттеудің барысында мынадай нәтиже көрсетіледі.

Бала ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен есте сақтау, елестету танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі, білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. 5 жасында  бала көрнекі – әрекеттік ойлаудан көрнекі – бейнелі ойлауға ауысады және 6 жасқа қарай ауызша – логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі – бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі – схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнеленеді. Ол құбылыстар мен заттардың тек және қасиеттерін ғана емес неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, схема бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әртүрлі кеңістікті елестете алады, оларды ойша орнынан ауыстыра алады. Бұл кітаптағы тапсырмалар мазмұны қоршаған орта қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары,өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерді қамтиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп- салдарды, кеңістік, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді. Ол сөздерді еркін қолдануды, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды.

Баланың ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы саусақтарының ұсақ бұлшық еттерімен, қолдарының қимыл үйлесімділігімен тығыз байланысты екенін ескерген жөн. Суретті жақсы салатын және әдемі жазатын балалардың байланыстырып сөйлеу және ауызша- логикалық даму деңгейлерінің жоғары болатыны белгілі. Бала саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту үшін әр түрлі заттарды саусақтармен теру,алуан түрлі және әр түрлі көлемдегі тығындар мен бұрандаларды бұрау,илеу,жапсыру,сурет салу,үзік сызық сызу сияқты түрлі жаттығуларды пайдалануға болады.Аталмаған жаттығулар ішінде қарындашпен сурет салу мен үзік сызық сызудың мәні зор.Кітабымыз тапсырмалардың осы түрлерін ұсынады.Оларды орындай отырып бөбек қолдарының қимыл үйлесімділігі мен саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамытып қана қоймайды,сонымен бірге ерікті зейінін,есте сақтау,көру және ойлау қабілеттерін дамытады және қағаз бетінде бағдарлау мен  өз әрекетін бақылауды үйреніп,алдына қойылған міндеттерді орындау барысында тапжылмай жұмыс істеуге дағдыланады, ынтасы, талабы артады.Қоршаған орта құбылыстары,заттар туралы түсінігі тереңдеп,өз қабілет мүмкіндігі сезінеді.

Графикалық тапсырмаларды орындау барысында балаға үзік сызық сызу мен сурет салуға қойылатын талаптарды қатаң сақтау және үзік сызықты көрсетілген бағытта ғана сызуды, олардың арасында бірдей қашықтық сақтауды, сурет шегінен шығып кетпеуді ескерту керек.Мұндай тапсырмаларды орындау үшін балаға жақсы ұшталған түрлі-түсті қарындаштар қажет.

Бала суреттерді мұқият қарап, тапсырманы орындау кезінде тәжірибесін пайдаланып, бейнені толықтыра түседі.Ол жағдаяттарды қиыстырып, өз үлесіне икемдейді. Нәтижесінде оның өзіндік ішкі позициясы, негіздей алатын пікірі туады. Мұндайда ересектердің міндеті баланың сөзін бөлмей оны тоқтатпай, асықпай тыңдау өз әрекетіне өзінің баға беруіне мүмкіндік жасау. Баланың шығармашылақ белсенділігіне қолдау көрсетіп, тіпті елеусіз деген табыстарын ескеріп отырыңыз.

Әр беттегі материал бір сабаққа есептелген. Әр сабақтан соң балаға парақ соңындағы жолақты өзі қалаған түске тапсырылады. Таңдаған түсіне қарап, сол сәттегі эмоционалдық – психикалық күйін аңғаруға болады. Ол сіздің баламен әңгімеңізге дұрыс бағдар береді. Кітап – дәптер бақылау тапсырмаларына құрылған. Бала оларды ересектердің көмегінсіз орындап болған соң өз жұмысына өзі баға береді. Егер жұмысын өте жақсы орындалды деп есептесе қызыл түспен, егер жақсы деп есептесе жасыл түспен бояйды.

Сабақ мерзімін естен шығармаңыз, ол 20 – 30 минут созылуы мүмкін. Бұл баланың жасына, екеуіңіздің көңіл күйіңізге байланысты. Жұмысты баланың көңіл күйіне жағымды ықпал арқылы бастағаныңыз жөн. Әйтпесе сіздің жайсыз күйіңіз балаға кері ықпал етеді. Сондай-ақ, баланы жиі мақтаңыз. Титтей жетістігінің өзіне шын жүрегіңізден қуантуыңызды қаблеттілігіне сеніміңізді ашық білдіріңіз.

Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» – деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен  ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырады.

Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа – баланың сауатын ашуы, тілін сындыруы. Яғни, өзінің ойын толық айтуы мен қатар оқуға, жазуға үйренуі.

Тіл дамытудағы сабақ бір-бірімен пікір алысу, қарым-қатынас құралы болып

қоймай, қазіргі кезеңде – кез-келген адамның мәдени және рухани өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Сондықтан да жас ұрпақтың тіл дамыту жұмысын отбасында баланың кішкене күнінен бастап қолға алудың қоғамдық әрі тәрбиелік мәні зор. Өйткені мектепке дейінгі шақ баланың тіл құбылыстарына аса сезімталдығының байқалатын кезі сондай – ақ бұл шақта баланың өзін қоршаған дүниені танып білуі құмарлығы, қызығушылығы ерекше дамиды. Танымдық белсенділік баланың сөйлеу, бір нәрсені сұрап білу өз ойын хабарлап жеткізу қажеттіліктерін тудырады. Осыған байланысты тәрбиешілермен ата-аналар үшін ұсынылып отыр бұл құрал мектепке дейінгі балалардың тіл дамыту мақсатын көздейді.

Мектепалды даярлық сынып оқушыларының осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Қортындылай келе мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, ғалым және аса дарын иесі болу керектігіне көз жеткіземіз. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті болуы тиіс.

Өз баяндамамда мектепалды тәрбиешісінің  оқу тәрбие процесіндегі бала шығармашылығын арттыруға арналған  қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы көрсеттім. Мақала барысында зерттелген жұмыстармен тәжірибелер арқылы баланы 5 жасынан даму зонасының айқын аймағына қол жеткен аймаққа дейінгі қабілетке жеткізуі ұстаздардың шығармашылық жұмысының міндеті зор екендігіне көз жеткіздім.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.Жанпейісова «Модельдік оқыту технологиясы»

  2. Бастауыш мектеп.

  3. Б.Тұрғанбаева «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту».

  4. Қ.Жарықбаев «Психология»

  5. Қ.Жарықбаев «Жалпы психология»















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров354
Номер материала ДВ-462832
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх