Инфоурок Другое Другие методич. материалыМектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері

Скачать материал

«Күншуақ »мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері

 

Құрметті ата-аналар, 1-4 сынып оқушылары!

Сіздерді «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерьге демалуға шақырамыз.. Лагерьдің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағат 10.00-13..00

Сіздердің назарларыңызға ойын-сауық бағдарламалары, сайыстар, викториналар, ойындар.

 

 

 

 

 

 

Жазғы сауықтыру алаңының күн тәртібі

09.30–09.45- Балаларды қарсы алу

09.45-10.00- Таңғы сап түзу

10.00-10.20- Жаттығу

10.20-10.30- Денсаулық минуты

10.30-13.00- «Біл! Үйрен! Көрсет!»

(саяхаттар, шығармашылық жұмыстар, сайыстар, танымдылық ойындар, шығармашылық мерекелерге дайындық, мерекелер)


 

 

 

 

«Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің бағдарламасы

Мақсаты: 

Бастауыш сынып оқушыларының демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1)    Уақытша ұжымда мектепте оқушылардың сауықтыру мен демалысын ұйымдастыру.

 2)оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық      ойлау қабілеттерін дамыту;

2)    ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.

 

 

 Күтілетін нәтижелер:

    1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.

       2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.

   3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

 4. Оқушылардың спортқа және дене шынықтыру сабақтарына қызығушылықтарын арттыру.

    5.Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.

 

 

 

 

КҮН ТӘРТІБІ

Алға негізгі мектебінің жанындағы «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерь жұмысының үлгілік жоспары

 

 

Күні

Іс- шаралар

 

Өткізілетін орны

Жауапты

01.06

 «Бақытты балалық шақ» Лагерьдің салтанатты ашылуы.

 Балалар күніне орай мерекелік дастархан

 Мектеп ғимаратының холлы

 

 

Бекен Ж.А

 

2.06

Әр топқа топтың атын сайлау, төс белгілер ойлап табу

Музыкалық сағат.
«Әндер марафоны» (отрядтың әндерін үйренуі)


Алға негізгі мектебі

 

 

 Бекен Ж.А

 

3.06

Медециналық тексеріс (бойын өлшеу, салмағын өлшеу)

Білгірлер сайысы «Қызыл, сары,жасыл»

Таза ауада ойнау 

Алға негізгі метебі

 

Бекен Ж.А

 

4.06

 «Болашақ біздің қолымызда» - спорттық-тренинг бағдарламасы.

«Денсаулық күні». Спорттық ойындар ойнату

 

 Алға негізгі метебі

 

 

Мектептің алаңы.

 

Бекен Ж.А

 

5.06

Тіл үйірмелер  жұмысы.

«Мен бақытты баламын». Асфальтта сурет салудан  сайыс

 

Алға негізгі метебі

 

 

 

Бекен Ж.А

 

 

 

 

6.06

«Астана тарихы – менің тарихым»

«Уақыт машинасымен бұрынғы Астанаға».

Зияткерлік ойын.«Біздің болашағымыз ұрпақ қолында». Стилистер, дизайнерлер, модельерлер сайысы.

Мектеп алаңы.

 

Ойын бөлмесі.

 

Бекен Ж.А

 

7.06

Тіл үйірмелер  жұмысы.

 «Музыка бізді біріктірді» ән  айту.

Саяхатқа шығу

Ойын бөлмесі.

 Алға негізгі мектебі

Мектеп алаңы

 Бекен Ж.А

8.06

 «Біз шетінен бишіміз» сайыстық би бағдарламасы.

 «Эстафета» ойыны.

Велосипедшілер жарысы

Алға негізгі мектебі

Ойын бөлмесі.

 Мектеп алаңы

Бекен Ж.А

 

9.06

Спорттық ойындар жарысы

Табиғат аясына серуен

Стадион алаңы

Бекен Ж.А

 

10.06

 Суреттер сайысы, «Табиғатты аялайық!»

Саяхатқа шығу

Сауықтыру жаттығулары

 Мектеп ғимаратының холлы.

 

Бекен Ж.А

 

 

 

11.06

Спорт және денсаулық
Эстафеталық жарыс
«Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз»

Стадион

Бекен Ж.А

12.06

Салтанатты сап түзу «алаңға оқушыларды қабылдау, сұрақтарды шешу

Музыкалық сағат.
Қызықты ойын «Бірге айтайық достар»

Мектеп алаңы

 

Мектеп ғимараты

Бекен Ж.А

13.06

Ойын «Тақия тастамақ»

 Таза ауада ойнау

Мектеп алаңы

Бекен Ж.А

14.06

Тіл үйірмелер жұмысы.

Маусымның жабылуы.

Мектеп ғимаратының холлы

Бекен Ж.А

Мектеп жанындағы лагерь туралы Ереже

1.     Жалпы ережелер   


1.1. Ата-аналар (заңды өкілдері) өтініші бойынша жазғы кезеңде балаларды күндізгі уақытта қабылдайтын мектеп жанындағы лагерь құрылады.
1.2. Лагерь қызметі мекеме Жарғысымен, білім алушылардың тәртіп Ережесімен, осы Ережемен регламенттенеді.

 

2. Қызметтің мазмұны және ұйымдастырылуы


2.1.Мектеп жанындағы лагерь мекеме бойынша бұйрық негізінде ашылады және 1-4 сынып оқушыларынан толымдалады.
2.2. Лагерьде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер, техника қауіпсіздік ережесі қатал сақталады.
2.3. Лагерь жұмыс мазмұнының жоспары демократия және гуманизм қағидалары, дербестік және ынтаны дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша құрылады.
2.4. Лагерьде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбек тәрбиесі, спорт- сауықтыру жұмысын жүзеге асыру үшін жағдай жасалады.
2.5. Лагерь ұжымы өз бетімен күн тәртібін және қызмет бағдарламасын белгілейді.

3. Кадрлармен қамтамасыз ету
3.1. Мекеменің бұйрығы бойынша мекеменің педагогикалық қызметкерлер арасынан лагерь бастығы, оның орынбасары, тәрбиешілер, музыка жетекшісі,  спорт-сауықтыру жұмысының жетекшісі тағайындалады.
3.2. Лагерь бастығы лагерь жұмысын басқарады, балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті алады, құжаттарды жүргізеді.
3.3. Лагерь бастығының орынбасары тәрбие жұмысын ұйымдастырады, спорт және мәдени-ағартушылық мекемелермен байланысты жүзеге асырыды.
3.4. Тәрбиешілер, музыка қызметкері және спорт-сауықтыру жетекшісі лагерь жоспары бойынша тәрбие жұмысын жүзеге асырады, іс-шаралар өткізеді, күн тәртібін, тәртіп қауіпсіздік ережесі, өрт қауіпсіздік ережелері сақталуын қадағалайды.

4. Балалардың өмірі және денсаулығын қорғау
4.1. Лагерь бастығына, тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, спорт-сауықтыру жұмысы бойынша жетекшіге балалардың лагерьде болған уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік жүктеледі.
4.2. Лагерьде қызмет жасайтын педагогикалық қызметкерлер және балалар тәртіпті, күн тәртібін, тәрбие жұмысының жоспарын, техника қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздік ережелерін қатал түрде сақтаулары қажет.
4.3. Лагерь бастығы техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар қызметкерлерге, ал тәрбиешілер – балаларға  өткізеді, нұсқаудан өткендер қол қояды.
4.4. Тамақтану нормалары негізінде тамақтануды ұйымдастырады. Лагерьдің жұмыс істеу уақытына, мекеме директорымен бекітілген тамақтану сапасының жауапкершілігі сарапшы комиссиясына жүктеледі.
4.5. Саяхаттар мен экскурсиялар білім беру мекеменің директорының сәйкес нұсқауы негізінде ұйымдастырылады.  

5. Қаржымен қамсыздандыру
Лагерь  қала бюджетінің қаражатынан, әлеуметтік сақтандыру Қорынан, ата-аналар қаражатынан қамтамасыз етіледі. Лагерьді қамтамасыз ету үшін демеуші қаражаты қатыстырылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Бағдарламаның әлеуметтік – педагогикалық орындалуы.
Соңғы жылдары жазғы сауықтыру алаңын ұйымдастыруға көп көңіл бөлінуде. Көптеген жанұялардың әлеуметтік және эканомикалық тұрмыстары қиындауда, сондықтан олар балаларды тәрбиелеп, сауықтыруда үлкен жауапкершілік орындайды. Сауықтыру алаңы балалардың ұйымшарларда тұлғалық дағдыларын қалыптастырады. Жазғы демалыс бүгінгі таңда тек әлеуметтік жағынан қорғауға ғана емес, шығармашылық дамуын, интеллектуалдық және жан әлемін байытады. Жыл сайын оқушылар үшін Алға негізгі мектебінде бастауыш сыныптар арасында сауықтыру алаңы күндізгі ауысымда өткізіледі. Бұл сауықтыру алаңына міндетті түрде бастауыш сынып оқушылары қатысады.

Жазғы сауықтыру алаңының күн тәртібі

10.00–10.10- Балаларды қарсы алу

10.10-10.15- Таңғы сап түзу

10.15-10.25- Жаттығу

10.25-10.30- Денсаулық минуты

10.30-13.00- «Біл! Үйрен! Көрсет!»

(саяхаттар, шығармашылық жұмыстар, сайыстар, танымдылық ойындар, шығармашылық мерекелерге дайындық, мерекелер)


1 Ауысым: «Ертегілер әлемі»

Топтың жас мөлшері: 1-4 сынып (7-10 жас)

Оқушылар саны: 10

Жауапты: Бекен Ж.А





 

            

Сауықтыру  алаңының

нәтижелері

 

         Нәтиже 

          Бағалау  әдісі  

       Жауапты 

Денсаулық  нығайту 

Жеке  гигиена 

Күн  тәртібі  имыл – қозғалыс  ойындары , эстафеталар,  жаттығу, спорт  сабақтары)

 

Медбике 

Темиргалиева Х.К  

Өзін – өзі  дамыту  және  өзін  көрсете  білу

-  Ой – пікірлер,  суреттер, сауалнама

-  Жалпы  лагерлік жұмыстарға,  іс – шараларға қатысу. 

-  Отряд  істеріне  қатысу

-  Тазалықпен  тәртіп экраны

 

Бекен Ж.А 

Үйлесімдік  деңгейі 

Ережелер  мен нұсқамаларды  сақтау 

Отряд  портреті

Бекен Ж.А

 

Демалушылардың  эмоциялық  игілігі 

Ата – аналармен  әңгімелесу. 

Бекен Ж.А

 

                           

 

                 

 

 

 

 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 998 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2016 47688
    • DOCX 512.2 кбайт
    • 893 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекенова Жазира Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекенова Жазира Асылбековна
    Бекенова Жазира Асылбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 47828
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой