Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Әкем,шешем және мен"жанұялық сайыс

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Әкем,шешем және мен"жанұялық сайыс


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Әкем, шешем және мен(жанұялық жарыс)

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтып,ептілікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу,дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.
Іс-шараға қажетті құралдар: Кеглилер,доптар,құрсау,үлкен резеңке доп,қызыл,сары,жасыл түсті кішкене шарлар,жалаушалар,самокад,секіргіш,
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер! 
Сәттілік тілей отырып,бүгінгі іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
Келіңіздер,келіңіздер!
 
Бұл жарысты көріңіздер.
 
Бізде бәрі жүйріктер.
 
Күш сынысар алыптар.
 
Жарысатын отбасылар, –дей келе бүгінгі осы ата-аналармен балабақша арсындағы өткелі тұрған
«Әкем,шешем және мен» атты жанұялық эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер. Олай болса жарысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

1. «Тұлпар» тобы- отбасын қошеметпен қарсы алайық. 
2. «Табиғат қамқоршысы» тобы - отбасын қошеметпен қарсы алайық.

3. «Бірлік» тобы – отбасын қошеметпен қарсы алайық.

4. «Бүркіт» тобы – отбасын қошеметпен қарсы алайық.
Ойынды бастамас бұрын әрбір жанұяға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.


1.3 «Ақжелкен»тобының - ата-анасы Кубиевтер отбасы
2.
№4 «Ақсұңқар» - ата-анасы 
3.
№5 «Ақыл» тобының - ата – анасы

4. №5«Ақыл» тобының - ата – анасы
Жарыс екі бөлімнен тұрады.


1- бөлім: Командалар сәлемдеседі және ұрандарын айтып, әмблемаларын қорғау.
2-бөлім: Эстафеталық жарыс.






Жүргізуші:
Қәне, бір-бірімізді қостаймыз,
 
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
 
«Жеңіске жетеміз!» деп,
 
Жалынды ұран тастаймыз.
 


Әр топ әділқазылар алқасына өздерін таныстырып өтеді,эмблемаларын қорғайды.

Топтың аты « Тұлпар» тобы:
Топты жарған,жанұямыз, 
Жаралдық ақ тілектен біз.
 
Сұңқар-қанат,
 
Тұлпар –тұяқ түлектерміз.
 
Жарысымызды бастаймыз.

« Табиғат қамқоршысы» тобы:
Ұшақтан да ұшқырмыз,
 
Желден озған жүйрікпіз.
 
Жарысуға сендермен,
 
Келіп тұрған мықтымыз.

«Бірлік» тобы:
Қатар өскен құрдасқа, 
Жарыс ұнап тұрмас па.
 
Қуып жету жақсы ғой,
 
Озып шығу бір басқа.

«Бүркіт» тобы
Бүркіт көкке самғайды,
Зеңгір көкті қорғайды,
Әрқашанда бүркіттей,
Біздің топта самғайды,болама.

Мектеп алды даярлық топ балаларының орындауында «Спорттық биі»
2-бөлім: Эстафеталық жарыс.
1.«Секірмек».
Ойын шарты: Қатысушылар секірме жіппен кедергілер арасынан жүгіріп өту қажет.



2. «Аққала» ойыны. 
Ойынның шарты: Топ басшысы үрмелі доппен кедергілер арасымен секіріп,допты белгіліленген орынға қойып қайтады. Келесі ойыншылар кезек-кезек допты қойып аққала құрастырып шығады. Қай топ бірінші болып аққала құрастырса, сол топ көп ұпай санын еншіленеді.
2. «Жүйріктер» ойыны.
Ойынның шарты:
Топ басшысы қапты киіп,кедергілер арасымен секіріп, белгіленген жерге келеді. Келесі анасы,секіргішпен сол тәртіппен, секіріп келеді. Балалары кедергілер арасымен,самокатты айдап келуі керек. Қай топтың баласы бірінші болып келсе,сол топ көп ұпай санын еншілінеді.
3. «Кенгуру» ойыны. 
Ойынның шарты: Әрбір ойыншы беліне қалта байлап алып, үлкен доппен кенгуруша кедергілер арасымен секіріп,жердегі қызыл,сары,жасыл түсті шарларды өздеріне берілген түстерді жинау керек.

«Тұлпар»тобы сары түсті 
«Табиғат қамқоршысы» тобы қызыл түсті
 
«Бірлік»тобы жасыл түсті

«Бүркіт»тобы ақ түсті


4. « Кім жылдам» ойыны.
 
Ойынның шарты: Ойыншылар қатар-қатар тұрады. Барлық құрсаулар әкесінде болады.Белгі бойынша әкесі анасына кигізеді,анасы баласына. Сол тәртіп бойынша ойын жалғасады.Құрсаулар қайтадан топ басшысында жиналғанша.Құрсауларды тез жинаған топ жеңіске жетеді.
Қимылды ойын: «Кім тез»
Барысы: Бұл ойын үшін алдын-ала әрбір ойыншыға түрлі-түсті қағаздан жалаулар және әрбір командаға тіреуші бар жалаулар дайындалады. Жүргізуші әрбір командаға белгілі түсті жалаулар ұсынады. Жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар (алаңда) жүреді,жүгіреді, «Орнымызға барамыз»белгісі бойынша барлық ойыншылар командада өз орнын табуы керек. Ойын ережесі бойынша қимыл-қозғалысты бір мезгілде бастайды. Тез және дұрыс кезекпен сапқа тұрған команда жеңімпаз атанады.

«Тұлпар» тобы- қызыл түсті 
«Табиғат қамқоршысы» тобы- сары түсті
 
«Бірлік» тобы –жасыл түсті

«Бүркіт»тобы ақ түсті





Қимылды ойын: « Секіргіштер»
Ойынның шарты: Ойыншылар шеңбер бойымен айнала тұрып, бірінің оң жақ иығына қолдарын қойып,сол аяқтарын көтеріп шеңберді бойлай музыка әуенімен секіріп жүреді. Қай ойыншы көтерген аяғын жерге түсіріп алса, сол ойыншы ойыннан шығады.Соңғы бір ойыншы қалғанша ойын осылай жалғаса береді.

Бағалау: «5» -өте жақсы «4»-жақсы «3»- орташа 
Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
 
Қорытындысы женімпазды құттықтау.
 
Ата-аналарды алғыс хатпен марапаттау.
 
–Женімпаз топтарға сыйлық беру






Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров193
Номер материала ДВ-334079
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх