Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру. Теориялық негізі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру. Теориялық негізі.

библиотека
материалов




Мазмұны


Кіріспе



1 Экологиялық тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздері



1.1 Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдары



1.2 Халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы экологиялық тәрбие мүмкіндіктері



2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктері


2.1 Экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері


2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жүйесі





Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі

























Кіріспе


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі күні еліміздің бәсекеге қабілетті елу ел қатарына еніп, әлемдiк деңгейге сай келу үшiн өндiрiстiң, ғылым мен техниканың дамуы қажет екенi анық. Бұл мақсатқа, міндетке жету үшін табиғаттың сан түрлi салаларын шаруашылыққа қарқынды пайдалану қажет. Дегенмен, өндiрiстiң дамуы табиғи ресурстарды азайтып қана қоймай, қоршаған ортаның ластану проблемасын тудырып отыр.

Қазіргі кезеңде экологиялық проблемалардың ұлттық, аймақтық және ғаламдық тұрғыда өзектi мәселелердің бірі. Сондықтан да айнала қоршаған ортаны қорғау мақсатына бағытталған күрделі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні қоғамда көптеген өзекті де өткір мәселелерді оңтайлы шешу көп ретте азаматтық қауымдастықтың даму деңгейін өрістетуге, жеткіншектер мен жастардың экологиялық мәдениетін еселеуге, қоршаған ортаға деген құрметін, Табиғат-Анаға азаматтық сүйіспеншілігін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәрбие беру - оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік мән-маңызы зор, сондай-ақ құнды бағыттардың бірі. Табиғатты қорғау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Қоршаған ортаның нашарлануына байланысты туындаған өзекті мәселелерді шешу педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда ғана мүмкін екендігін ұғынудың нәтижесінде өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға байланысты экологиялық тәрбие берудің алатын орны көптеген педагог-ғалымдардың ғылыми еңбектерінде педагогикалық тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие үрдісі арқылы шешімін табуда.

Бұл бағыттағы мәселелерге кезінде қазақ халқының біртуар тұлғалары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б. еңбектерінде табиғат пен адам өзара біте қайнасқан, ажырағысыз біртұтас дүние ретінде қарастырғандығын көреміз. Осы тұрғыдан алғанда, табиғат пен қоршаған ортаны тану, қорғау, аялау мәселелері ұлтымыздың тарихында тереңнен көрініс табатынын байқаймыз .

Экологиялық тәрбие мәселесін жан-жақты қарастыруда Ә.С.Бейсенова, А.В.Чигаркин, Ж.Ж.Жатқанбаев, Н.С.Сарыбеков, М.Н.Сарыбеков, Қ.А.Сарманов, Ж.Б.Шілдебаев, Ж.І.Байтағулова және т.б. сияқты ғалымдардың еңбектері өздерінің маңыздылығымен ерекшеленді.

Баланың жеке басына тән қасиеттерді қалыптастыру тәрбиесі оның өмірге келгенде алғашқы жылдардан бастау, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау бала тәрбиесіне көңіл бөлу зерттеуіміздің маңыздылығын айқындайды. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдары» деп таңдадық.

Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекеменің оқу процесі.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру.

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдарын ғылыми тұрғыда негіздеу және оны іске асырудың жолдарын анықтау.

Зерттеу болжамы: егер мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру, яғни табиғатты қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсе, онда баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады, өйткені олар қоршаған орта туралы жан-жақты мәліметтер алып, белсенділік көрсетеді.

Зерттеудің міндеттері:

- мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздерін анықтау;

- мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мүмкіндіктерін анықтау

- экологиялық тәрбиеліктің өлшемдері мен көрсеткіштерін белгілеп, балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру;

- мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын әдістерін ұсыну.

Зерттеу әдістері: философиялық, әдіснамалық, ғылымтану, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, сауалнама, әңгіме


1 Экологиялық тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздері


1.1 Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдары


Жалпы Қазақстанның өсу жағдайы әлемдiк деңгейге сай келу үшiн өндiрiстiң, ғылым мен техниканың дамуы қажет екенi белгiлi. Ал, бұлардың өркендеуi табиғаттың сан түрлi салаларын шаруашылыққа қарқынды пайдалануды талап етедi. Бүгiнгi таңда өндiрiстiң дамуы табиғи ресурстарды азайтып қана қоймай, қоршаған ортаның ластану проблемасын тудырып отырғаны мәлім.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформа оны сапалық тұрғыда нарықтық экономика, қоғамдық экономикалық қатынастарды ғаламдандыру, дамудың ақпараттық кезеңінде қоғамның өтуі жағдайында қайта құруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскеннен кейін экологиялық білім беру мен тәрбиенің маңызы арта түсуде.

Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» даму Стратегиясы бағдарламасында экологиялық білім беру мен тәрбие ісі басты мәселе» [2].

Экологиялық білім – қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру үрдісінде экологиялық білім және тәрбие беру үздіксіздігі мен сабақтастығының маңызы айрықша зор. Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін тұтасынан және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрде жетілдіретін шаралар қажет. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы экологиялық біліммен қаруланған жеке тұлғаны қалыптастыру екенін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап айтқан.

Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым- қатынастың ұлттық салт-дәстүрлермен байланысы Р.М.Қоянбаев, С.Қ.Калиев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, А.А.Бейсенбаева, И.Н.Нұғымановтың және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде әр қырынан сөз болады [3,4,5,6,7,8].

Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін әртүрлі балаларға арналған газеттер мен журналдар беттерінде жарық көрген мақалалар кеңінен пайдаланылып, түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілген, экологиялық мәдениетін дамытып, қалыптастыру нәтижелері берілген.

Экологиялық тәрбие мәселесi – ұрпақтың бiлiмi мен тәрбиесiн қалыптастырудың бiр бөлiгi. Сол арқылы әлеуметтiк-экологиялық, мәдени-рухани мәселелердi қоршаған орта мен адам баласының денсаулығына ешқандай зиян келтiрмей шешу жолдарын қалыптастыру керек.

Экологиялық тәрбиенi қандай да бiр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт- дәстүрiнсiз, әдет- ғұрпынсыз елестету мүмкiн емес.

Көрнектi педагогтар Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский тәрбиенiң бастау көзiн қоршаған орта әсерiмен, халықтық тәжiрибемен тiкелей байланыстырып отырды.

Мәселен, Я.А.Коменский “Тәрбие табиғилығы” еңбегiнде кешендi оқу процесiн жүргiзуде табиғаттың алатын орны ерекше екендiгiн, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары қоршаған ортамен салыстырмалы түрде түсiндiрiлiп, жүргiзiлсе, нәтижелi болатынын ескертедi.

Педагог В.А.Сухомлинский табиғат құбылыстарының қай-қайсы да адамға әсер ететiндiгiн, сондықтан оның сырларын бiлудi бала кезден қалыптастыру керектiгiн айтқан. Сондықтан, жылдың қай мезгiлiнде де табиғаттың әдемiлiгiн танытып, сол арқылы бала жанына сұлулық пен тазалықтың нәрiн құю керектiгiн мол педагогикалық жұмысының өзегi еткен

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бір бөлігі білім саласынның сапалық және экологиялық, қоғамдық-экономикалық қатынастар тұрғысында жаһандану кезеңіне өтуіне, әлемдік ақпараттық дамумен ықпалдасуына бағытталған.

Балаларға экологиялық тәрбие беру - адамзаттың, тұтасатай қоғамның қазіргі табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру.

Қазақстанның келешегі бүгінгі күнгі жастардың мектеп қабырғасынан қандай құндылықтармен тәрбиеленіп шыққандығына, санасы мен өмірге көзқарастарының қаншалықты қалыптасқандығына тікелей байланысты.

Осыған орай, ең алдымен жастардың бойында халқына, туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен құрметті тәрбиелеу және осы мақсатта экологиялық іс-әрекеттерді ұйымдастыру қажет.

Балаларға тәрбие берудің құралы ретінде балабақшада өтілетін іс-шаралардың мүмкіндігін ұтымды пайдаланудың жолдарын ұсыну, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде ұлттық баспасөз материалдарын кеңінен қолдану - бүгінгі күнгі білім мен тәрбие беруегі негізгі мәселелердің бірі.

Қоғамдық өмірдегі қазіргі қайта құрулар, экологияны қорғаудағы жаңа стратегиялық бағдарлар мен бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі басты мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке иек арту, ақпаратты дербес іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, өзгерістерге толы бүгінгі дәуірде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Жалпы, тәрбие берудің саналуан жолдары бар. Әртүрлі жағдайға байланысты қажетті тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, түрлерін таңдап алу үшін ең алдымен оқушының ішкі жандүниесін, сезімін, мінезін нақты анықтаған, бағдарлаған абзал.

Тәрбиеші өз іс-әрекетін дұрыс болжап, оқушының қабылдауына, ой-түйсігіне, сана-түсінігіне сәйкес өзіндік ұсыныстары мен көзқарастарын білдіруі керек.

Экологиялық тәрбиенің мақсаты – қоршаған ортаға экологиялық сана базасы негізінде құрылатын жауапкершілікті қарым-қатынас қалыптастыру. Бұл дегеніміз – табиғатты пайдаланудың құқықтық және адамгершілік принциптерін, оны оптимизациялауды насихаттау идеяларын, өз жерінің табиғатын қорғау және меңгеру бойынша белсенді қызметті бақылау.

Табиғатқа жауапкершілікпен қарау – тұлғаның күрделі мінездемесі. Яғни бұл адам өмірін анықтайтын табиғат заңдарын түсінуді білдіреді. Ол - табиғатты пайдаланудың құқықтық және адамгершілік принциптерін бақылауда, ортаны қорғау және меңгерудің белсенді жасампаз қызметінде, табиғатты дұрыс пайдаланудың идеяларын насихаттауда, қоршаған табиғатта зиянды саналатындардың барлығымен күрес кезінде байқалады.

Осылай оқыту мен тәрбиелеу жағдайында табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты меңгеруге, жақсартуға бағытталған балалардың өзара байланысқан ғылыми, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және тәжірибелік қызметтерінің ұйымдары атсалысады. Қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, қалыптастыру - болашақ ұрпақ үшін жасалатын адамгершілік тұрғыдан қамқорлық.

Экологиялық тәрбиенің мақсаты келесі міндеттер бірлігінің шешілуі бойынша жүзеге асады:

Білім беру – қазіргі заманғы экологиялық проблемалар жайында білім жүйелерін қалыптастыру және оның шешілу жолдары;

Тәрбиелік – экологиялық мақсатқа сәйкес іс-әрекеттер мен қызметтің тұтынушылық себептері мен дағдыларын, салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Экологиялық тәрбие мазмұнына құндылық бағытынан шығатын нормалар жүйесі кіреді. Құндылықтар жүйесі табиғаттың өзіндік құны мен бірегейлігін түсінуден шығады. Осы жерде адам табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарастырылады, ал табиғатты сипаттағанда оның адамға келтірер көпқырлы құндылықтары ерекше аталады.

Экологиялық тәрбие мазмұнын балалар өздерінің әртүрлі әрекеттерімен меңгереді. Оқу процесін ұйымдастырудың әрбір формасы балалардың танымдық қызметтерінің саналуан түрлерін ынталандырады: әртүрлі ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істеу - фактіге негізделген материал жинауға, проблеманың мәнін ашуға мүмкіндік береді, ойын саналы түрде шешім қабылдау тәжірибесін, шығармашылық қабілет қалыптастырады, сонымен бірге жергілікті экожүйелерді меңгеруге және қорғауға нақты үлес қосуына, құнды идеяларды насихатттауға мүмкіндік береді.








1.2 Халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы экологиялық тәрбие жолдары


Бүгінгі әлемшарлық экологиялық дағдарыс заманында білім-ағарту жүйесін жақсартудың маңызды жолы - өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру үрдісінде табиғатты қорғауға бағытталған қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің бай қазынасын теориялық зерттеу, тәжірибеде тиімді қолдану. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлі жанрларында көрініс тапқан табиғатқа деген аялы көзқарасын ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі халықтың мәдениеті мен қазынасының бір бөлігі болып табылады.

Халық ауыз әдебиеті мұраларында көптеген педагогикалық ойлар жатыр. Қазақ халық философиясының негізінде әрдайым адам және табиғат болды. Адам мен табиғаттың үйлесімділігі халық ауыз әдебиеті үлгілерінде өз таңбасын қалдырған.

Қазақ халқының мәдениетінің тарихы табиғатпен тығыз байланысты. Себебі, Қазақстан – бұл таза бұлақтар мен өзендер, биік таулар мен шөл далалар. Дегенмен осындай сұлулық аясында өмір сүріп отырған адамға үлкен қатер де төнгізіп отырған. Осындай жағдайда тірі қалып, өмір сүруі үшін адам табиғаттың тылсым күштері жайында білімдерді бақылау арқылы меңгерген. Оған үнемділікпен, құрметпен қараған, оның киесін ашуландырмауға тырысқан.

Өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жалпы мінездемесіне тоқталайық.

Туған табиғатқа деген сүйіспеншілік пен оған деген үнемді көзқарас халық ауыз әдебиеті фольклорының барлық жанрларында көрініс тапқан. Өлеңдерде, мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, ертегілерде, қазақ халқы жекелеген табиғат құбылыстарына, құстарға, жәндіктерге деген өз көзқарасын білдіріп отырған. Ғасырлар бойғы табиғат құбылыстарын бақылаудың өмірлік тәжірибесі әдет-ғұрыптармен ырымдарда көрініс тауып, атадан балаға мұра ретінде беріліп отырды.

Ал бұл образдық дүниелер балалар есінде жақсы сақталды. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінде туған табиғат аясы ерекше орын алады. Мысалы: «туған жерге туың тік», «туған жердің топырағы киелі», «жері байдың - елі бай», «жер - ана, ел - бала», «тозған жерде тоқшылық болмайды», «күте білсең – жер жомарт», «табиғат аң-құсымен ажарлы».

Жас кезінен бастап әке өз баласын атқа отыруды үйретіп, оны күтіп баптаудың қыры мен сырын меңгерткен.

Қазақ баласы үшін қиын-қыстау кезде ат жолдасы да, құтқарушысы да болған, сондықтан да қылқұйрықты тұлпар жолына нағыз жігіт барын құрбан еткен. Яғни, жақсы ат – ердің қанаты.

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін, оның құбылыстырын бақылаудың бай өмірлік тәжірибесін қазақ халқы жұмбақ арқылы қалдырған. Жұмбақтарда халық табиғат құбылыстарын өз түсінігінше жеткізуге тырысқан. Балалар жұмбаққа ерекше қызығушылықпен қарайды, себебі, оның тілі жатық, мазмұны ойлануға жетелеп табуға итермелейді. Жұмбақтарда халықтың табиғатқа, жан-жануарларға деген дүниетанымдық көзқарасы, ақындығы жатыр.

Жұмбақтарда өсімдік, жануарлар әлемінің мүшелері анық бейнеленген әрі оларға деген құрмет сезімі де көрініп тұрады.Қазақ халқының жұмбақтары өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде маңызды орын алады. Себебі, олар балада табиғатты бақылауға деген қажеттілікті оятады, әсемдік сезімін тәрбиелейді, түрлі табиғат құбылыстары, өсімдік және жануарлар әлемі жөнінде жаңа ақпаратпен қамтамасыз етіп, білімін кеңейтеді. Сондықтан да балаларға экологиялық тәрбие беруде жұмбақтар бүгінгі күні өз маңыздылығын жойған жоқ.

Жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беруде үлкен орынды ертегілер алады. Ертегілерді әсіресе балалар сүйіп тыңдайды. Көптеген ертегілерде жан-жануарлар мен құстар адамның нағыз досына айналады.

Сондықтан да балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуде табиғат жөнінде жинақталған халық білімін оқу материалына, тәрбие жұмысының мазмұнына енгізудің маңызы ерекше зор болып отыр.

Балалардың экологиялық білімінінің қалыптасу өлшемдері, көрсеткіші



Компо-

ненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

Мотивациялық

Экология туралы мәліметтер

өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда айналамен танысу сабағының маңызын сезіну;

табиғатқа саналы қызығушылық қатынас;

экологиялық тәрбие беруде ертеңгіліктің маңызы мен маңыздылығын түсіну;

  • (ауыз әдебиетінің мақал-мәтелдер, аңыз, әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаштарға) қажеттілік пен қызығушылық.


Танымдылық

Экология негізінде білімнің болуы

балалардың экологиялық түсініктерді меңгеруі, сезім мен сананың, мінез-құлықтың қалыптасуы;

экология құндылықтарын игеру үрдісінде пайдаланылатын пәндерінің маңызын білу;

жауапкершілікке негізделген, экологияға бағытталған жұмыстарды көбейту.



Мінез-құлық, іс-

әрекет

Экология (потенциалын) қабылдау, бағалау және пайдалану

экология мәселелерін талқылау үрдісінде өз ой-пікірлерін қорғай білу;

табиғат туралы қызықтыра әңгімелей білу;

ауладағы серуендеудің пайдасы.







Экологиялық білімнің негізін қалыптастыру балабақша, мектеп қабырғасынан басталатындықтан, экологиялық білім мен тәрбие беру жаңашыл педагогикалық шарттарды ойластыруды, оқу-тәрбие үрдісіне тиімді жүйені енгізуді талап етеді. Бұл жүйе балалардың табиғатпен үнемі қарым-қатынаста болуына қажетті ауқымды мазмұнды, жұмыс үлгілері мен әдістерін өзіне кіріктіруі керек.

Экологиялық тәрбие тақырыбындағы осындай жұмыстар баланың ң табиғатқа деген қамқорлығының бала кезден қалыптасуына жасалатын мол мүмкiндiк екендiгi сөзсiз.

Балалардың экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:

- саяхат;

- мұражайларға бару;

- мақсаттық серуендеу;

- телебағдарламалар, бейнефильмдер;

- табиғат туралы көркем әдебиеттер;

- суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;

- музыка тыңдау;

- дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;

Экологияға байланысты қалалық жарыстарға қатысу».

Балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуде педагогтың да білікті жан болуы шарт.



2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктері


2.1 Экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері


Экологиялық білім беру – отбасынан басталады. Жас бала әр нәрсені білгіш келеді. Сондықтан олар үшін ең бастысы экологиялық мәдениет отбасынан басталуы керек. Отбасы - бала тұлғасының негізі қаланатын, оның дамуы мен өмірге бейімделетін шын әлеуметтік орта. Бала тәрбиесінде отбасы мүшелерінің өзара түсінісіп, сүйіспеншілігі мен жауапкершіліктері маңызды рөл атқарады.

Қоршаған ортаны қорғау (ауа, су, топырақ және т.б.) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттес үрдістерін де кешенді тұрғыдан қарауды талап етеді. Өйткені, экологиялық мәселелерді адам мен қоғам үшін пайдалы, тиімді шешуге тырысатын маманның жеке тұлғасының адамгершілік дүниетанымын қалыптастырады. Қоршаған ортаны сауықтырудың объективті қажеттілігін терең түсінуге мүмкіндік береді. Солай екен, негізгі салалар бойынша қажетті кәсіби мамандық беру барысында экологиялық білім мен тәрбиенің де мәні зор.

Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру Қазақстанда білім берудің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарын жасауды, қаржыландыруды, экологиялық білім беретін ұстаздарға қамқорлық көрсетуді, мектепте экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді.

Балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруда табиғи ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті тани білу шарт.

Педагог И.Д.Зверевтың пікіріеше: «»Тәрбиеленушіге педагогикалық әсердің бірінші кезеңі ретінде ең алдымен оқушының табиғат сұлулығын түйсінуі, осы сұлулықты сақтау үшін адамгершілік, азаматтық борышты ұғынуын қамтамасыз ету керектігіне көңіл аударады. Сондықтан да экологиялық күйзелістердің болуы не болмауы антропогендік факторға, жастардың экологиялық мәдениетіне, сауаттылығына, экологиялық білімінің жоғары деңгейде болуына байланысты» .



2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жүйесі


Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалана білуі қажет. Осыған байланысты тәжірби, мұғалім әр түрлі материалдары арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға деген көзқарасын дамытады.

Тәрбие жұмысының жаңа жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңиді, экологияға деген дүниетанымы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

Зерттеу барысында экологиялық тәрбие беру теориясының негіздерін, балабақшада жүргізілетін жұмыстардың әдістемесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені оқып-үйреніп, тиянақты талдау жасау арқылы балаларға экологиялық тәрбие берудің жүйесін көрсетуді дұрыс көрдік. Біздің пайымдауымызша балаларға қоршаған орта арқылы экологиялық экологиялық беруде бұл жүйе мұғалімдерге, тәрбиешілерге негізгі бағыт-бағдар алуға көмегін тигізеді. Ұсынылып отырған әдістеме өзгеріссіз бір қалыпта қалмайды, ол экологиялық тәрбие деруді жетілдірудің, әр даму кезеңіне негіз бола отырып, үздіксіз жаңартылып қайта құрыла алады. Сондықтан біз жүйеде жеке тұлғаның бәсекелік қабілеттілігін, экологиялық мәдениеттілігін және ұлттық жалпыадамзаттық құндылықтарын ұштастырып, толымды тұлғаны тәрбиелеудің мазмұнын жүзее асыру жолдарын көрсеттік. (Сурет 1

hello_html_4506b094.gif

Сурет 1 – Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жүйесі



Жүйеде экологиялық білім мен тәрбие беруде ұстаздың ойын арқылы оқушыға өз ой-пікірін айтқызу үшін оларға барынша еркіндік беруі, шыдамдылықпен жалықпай тыңдауы, қате пікірді бірден жоққа шығармауы, шәкірттің пікірімен тең дәрежеде санасуы құптарлық.

Қазіргі қоғамның тұлғаға қоятын талабы - оның экологиялық санасының және мәдениетінің жоғары болуы, ал қазіргі мектеп тәрбиесі оқушылардың экологиялық дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл қайшылықтың шешілуі мақсатқа бағытталған экологиялық тәрбиеде болуы мүмкін. Ол тұлғаны қалыптастыруда басты тетіктерді колданғанда нәтижелі болады, яғни табиғатта танымдық, тәжірбиелік іс-әрекетте, табиғи ортаны эстетикалық игеруде.

Жүйенің мақсатына жету үшін біз оқушылардың экологиялык мәдениетін баспасөз құралдары арқылы қалыптастыруды қамтитын бағдарламаны құрастырдық.

Бағдарламаның мақсат, міндеті: Балаларға қоршаған орта арқылы экологиялық тәрбие беру, тәрбиелеу барысында тұлғаның өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге жағдай туғызу.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

1) Айналамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беруде балалардың дүниетанымын қалыптастыру.

2) Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін балалардың мінез-құлқында тәрбиелеу.

3) Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу.

4) Балалардың бойында қоршаған орта арқылы экологиялық мәденитті қалыптастыру:

а) тұлғаның мінез-құлқында;

ә) қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;

б) экологиялық білімді насихаттауда;

Экологиялық білім – табиғатты қорғау саясаты. Ал адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер түрі саналуан десек, солардың барлығын біріктіріп, біртұтас жаңа жүйеге жинақтап отырған сала – экология екендігінде дау жоқ. Экологиялық мәселелердің туу көзінің өзі әлеуметтік-экономикалық факторлар болып отыр.

Экологиялық білім мен тәрбие беру - «Қоршаған орта-адам-қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың игеруі кезеңінде қалыптасады. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Экологиялық мәдениеттілік адамның сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады.

Экологиялық білім мен тәрбие беру - табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру. Сондықтан, экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын тәрбиелеудің негізі болса, әртүрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жеке тұлғаның эмоциялық-сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін өсіреді.

Экологиялық тәрбиелеу функциясы балаларды табиғатқа деген жанашырлықты, жауапкершілікті сезінуге баулиды. Экологиялық сана экологиялық білімнен тұрады. Ол балалардың дүниетанымының маңызды құрамдас бөлігі ретінде экологиялық тәрбие беру үрдісінде дамиды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ағаштардың атын ( терек, емен, аққайын, жеміс ағаштары, қылқан жапырақты ағаштар). Ағаштардың ерекшеліктерін білу.

Қалыптасатын түсініктер: Қоршаған орта туралы көзқарас. Табиғатқа қамқор бола білу керек.

Орындалушылық қабілеті: Өздері қойылған сұрақтарға жауап бере алады. Ағаштардын суреттерін сала біледі.

Біздің бүгіні тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз – Отанымыздың болашақ азаматтары. Сондықтан оларды өз туған жерін сүюге, туған ел табиғатын күтіп, оның байлықтарын сақтауға, қоғауға тәбиелеу міндетіміз.

Балабақшада балаларды қоршаған ортамен жан – жақты терең таныстырып отыру тек «Айналамен танысу» сабағында ғана емес, «Тіл дамыту» сабақтарында да өз жалғасын табк қажет. Ол үшін балалардың жасына, тәрбиеленетін тобына байланысты сабақтың тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырылады.

Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір – біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен,

Сәлеметсіз бе, балалар!

Кайырлы таң, балалар!

Бүгін күн қандай тамаша! – деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп көңіл – күйін бір сергітіп тастайды.

Кейде жылы тілектермен қатар ақын Ә.Табыл.жиевтің «Қайырлы таң балалар!» - деген өлеңін оқыса, тіпті, әсерлі болады,

Арайлап таң атты,

Алтын шапақ таратты,

Қайырлы таң, балалар!


Жер бетінде - тыныштық,

Келбетінде күн ыстық

Қайырлы таң, балалар!


Жарқырады қаламыз

Жарқын, әрлі даламыз,

Қайырлы таң, балалар!


Аман Отан – панамыз,

Аман ата – анамыз

Қайырлы таң, балалар!


Таңертең балабақшаға келген балардан тәрбиеші:

  • Балалар, бүгін күн қандай?

Ауа – райы қандай? – деген сұрақтарды қою арқылы кіріспе аңгіме бастап, бүгін табиғат құбылыстарымен танысамыз – деп те дайындайды.

Қане, мына жұмбақтың жауабын кім табар екен?

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Бұл не?(Күн)

  • Өте дұрыс.

  • Күн қандай болады?

  • Дөңгелек, үлкен, жылы.

Балалар, күнінің көзі жарқырап шыққан кезде табиғат құлпырып, жан – жануарлар, адамдар өздерін қуанышты сезінеді.

Қазір Дүйсенбек Қанатпаев ағамыздың «Күлімде,күн,күлімде!»- өлеңін тындайық:

Күлімде,күн,күлімде

Жер жасарып көгерсін

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін!


Күлімде, күн, күлімде

Бүлдіршідер қуансын

Қырдың көкшіл түгіндей

Қолдарына ту алсын!

Күлімде,күн,күлімде

Күлсін барлық бала шап!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

Қандай тамаша өлең! Енді қазір күннің суретін салайық

  • Дана, сен қандай күн салдың?

  • Үлкен.

  • Ержан, сен қандай күн салдың?

  • Әдемі

Балалар, сендер салған күннің суреттері өте әдемі, күлімдеп тұр. Ендеше бәріміз «Әрқашан күн сөнбесін» -өлеңін шырқайық – деп мұғалім сабақты осылай қысқа, тартымды етіп аяқтайды.

Мұндай сабақтан бала жалықпайды, өйткені сабақ біріншіден ұзақ емес әрі өлең тындап, сурет саалып, ән шырқаған бала сабақтың ққалай аяқталғанын да сезбей қалады.

Балабақшада тәрбиеленуші бала сабақ қызғылықты өткен жағдайда ғана оны зейін қойып тыңдайды, әрі есіне сақтайды.






Қорытынды


Бүгінгі күні қоғамда қордаланған көптеген өзекті де өткір мәселелерді оңтайлы шешу көп ретте азаматтық қауымдастықтың даму деңгейін өрістетуге, балаларға экологиялық тәрбие беруге қоршаған ортаға деген құрметін, Табиғат-Анаға азаматтық сүйіспеншілігін қалыптастыруға тікелей байланысты.

Қоғамдық өмірдегі қазіргі қайта құрулар, экологияны қорғаудағы жаңа стратегиялық бағдарлар мен бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері.

Айналамен танысу арқылы, ойындарды ойнау барысында балалар табиғат сырларын өзіндік ерекшеліктерін танып білу дағдыларын игереді.

Даялық топта балалардың қызығушылық қабілеттерін арттыруда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.Мектеп жасына дейінгі топта баланың ой-өрісін дамытуға бағытталған жұмыстарды жалпы азаматтық мәдениеттің маңызды компененті ретінде қарастырған дұрыс. Баланың табиғатты қорғауда өздерінің қоршаған ортасын таза ұстау керек екендігі жиі-жиі айтылады.

Даярлық топтағы балаларға экологиялық тәрбие беруде сабаққа деген ынтасының жоғарлауы, өтілетін сабақтың оқу- материалын терең ұғына білуге баулу- тәрбиешінің педагогикалық шеберлігіне байланысты екендігі дәлелденді.

Қазіргі кезде уақыт талабына сай балаға бағыт беру, тәрбиенің өзекті мәселесі, қажеттіліке байланысты әртүрлі тәрбие жолдары мен түрлерін, әдістерді пайдалана отырып нәтижеге жетеді.

Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан баланы жеке тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті міндеттерді жасауға мән берілуі тиіс.

Осы жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында алынған нәтижелерден қорытындылар жасадық.

Педагогикалық, психологиялық, әдiстемелiк еңбектерге жасаған талдау экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң педагогикалық негiздерiн ашуға, дәлелдеуге мүмкiндiк бердi.

  1. Мектепке дейінгі мекемеде балаларға экологиялық тәрбие беруде «Айналамен танысу, «Тiлi дамыту» сабақтарының тәрбиелiк мүмкiндiктерi жоғары екенi дәлелдендi.

  2. Экологиялық тәрбие беруде ертеңгіліктер, серуенде жүру, айнала қоршаған ортамен танысу кездеріндегі жұмыстар балалардың табиғат туралы түсініктерін жоғарлағаны байқалды.

  3. Әр түрлі суреттер салу, табиғатта арналған ертегілерден көріністер балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын оятады.

Жұмыста балалардың экологиялық білімінің қалыптасу өлшемдері, көрсеткішін анықтадық. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жүйесін құрастырдық.

Ұсыныстар:


1. Мектепке дейінгі мекемедегі, білім-білік үрдісінде экологиялық тәрбие, табиғатты қорғау ұғымын тәрбие мазмұнына кеңінен еңгізу жолдарын іздестіру.

2. Мүмкіндігінше балаларға экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру, себебі қоршаған ортадағы келеңсіз әрекеттердің орын алмауын алдын алу, аса зор байлық -денсаулық пен қатар табиғат бір байлықтың екенін ескеру қажет.

3. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемедегі балаларға экологиялық тәрбие беру негізіне бағытталған тәрбие жүйесін зерттеу, бағдарламаларға, ғылыми-теориялық, практикалық конференциялар мен семинар мазмұнына талдау жасау, бұл салада біраз жұмыстар жасалып жатқанын дәлелдейді.

Әр түрлі бағытта өтіліп жатқан экологиялық тәрбие балалардың алған түсініктерін нақты iс-әрекетте, тәжiрибеде қолданып, сол арқылы экологиялық бiлiмдерiн жетiлдiруге көмектестi.Қай уақытта болмасын экология мәселесі маңызды.

Біз жұмыста мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдарын жан-жақты қарастырдық. Сонымен қатар, жұмыстың алға қойған міндеттерді шешуге тырыстық.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. – Алматы: Білім, 1997.-256 б.

2. Қазақстан-2030» даму Стратегиясы бағдарламасында «Егемен Қазақстан», 2008 ж., 5сәуір.

3. Чигарин А.В. Активизация познавательной деятельности учащихся. –М., 1979. –210 б.

4. Жатқанбаев Ж.Ж. «Экология негiздерi» курсы. Авторлық бағдарлама //Биология, география, химия. –№5. –1998. –12 б.

5. Сарманов Қ.А. Экология тазалығы.–Алматы, 1994. –60-61 б.

6. Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты қорғау. –Алматы, 2002 –121 б.

7. Байтағулова Ж.І. Мектептегi тәрбие жұмысының теориясы мен әдiстемесi. –Алматы, 1993. –15 б.

8. Дәрібаев Ж. Табиғат қорғау дәстүрлерi. –Алматы, 1996. –28 б.

9. Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1991. – 143 б.

10. Аббасова О. Экология и культура.- М.: Знания, 1989.- 22 с.

11. Владиславлев А. Введение в методологию научного познаниия.-Л.,1972.- 380с.

12. Махлин В. Экологизация: проблемы и процессы современного развития. Владивосток, 1988.- С.78 – 85.

13. Фурсов А. Человек - живая система: естественно-научный и философский анализ. Минск,1989.- 123 с.

14. Сейтахметова Ж. Даярлық сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту жолдары // Бастауыш мектеп.-2000.-№8-9.-14-17б.

15 .Сейтахметова Ж.,Бақиянова Б. Мектепалды даярлық – бастауыш буын арасындағы сабақтастық // Бастауыш мектеп.- 2006.-№3.-29-30б.

16. Сейтахметова Ж.М. Мектепалды даярлық және бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамытудың сабақтастығы //Отбасы және балабақша.-2004.-№6.-6-7б.

17. ҚұлмағамбетовТ. Табиғат тануды оқыту әдістемесі -Алматы, қ университеті, 1988.


Автор
Дата добавления 18.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров713
Номер материала ДБ-365947
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх