Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / "Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңызы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңызы"

библиотека
материалов

Кеңес

Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңызы


Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құралдардың бірі. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Жас бүлдіршін болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Баланың бірінші әрекеті - ойын, сондықтан да оның мән-мәнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: “Ойын ойнап, ән салмай, қсер бала бола ма?” деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: “Ойын – баланың жетекші әрекеті” деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп дамытады, баланың ой-өрісін өрбітіп бойын өсіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің әртүрлі іс-әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында өзінің рухани жан дүниесін еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады. Рухани жан-дүниесін сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне енеді.

Ойын – баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші- ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек.

Сабақта ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын тұрінде өткізу тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан, олардан оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен және сақтықпен қарау талап етіледі. Өйткені, әрбір жасқа ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.

Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман-қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі ойын бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялыө әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қабілеті, қиял-елестері дамиды, мұның бәрі баланың жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді.

Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезімінде болады. Ойын баланың жан-жақты дамып жетілуіне әсер ететін ең маңызды сферасы болып табылады. Ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, рухани адамгершілік сапаны жетілдіреді. Ұжымдық сезімі қалыптасады. Эстетикалық тәрбие беру құралы еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Ойын – баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікке үйренеді, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас арқылы рухани адамгершілік сана-сезімдері қалыптасып дамиды. Сондай-ақ, адамдар іс-әрекетінің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді, жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады, бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі, кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.

Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.

Ойын – бір жағынан баланы бірден қуанышқа бөлесе, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені, ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік сезім, қасиеттер мен дағдылар, икем қалыптасады.

Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойын арқылы баланың рухани адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Ойын – бұл жас бүлдіршіндердің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, жас бүлдіршіндер қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алады, ересектермен арасындағы қарым-қатынастың байланысын түсінеді. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған, белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын белгілі бір ұстамдық тәртіптің көрінісі болып табылады.

Ойын барысында жас бүлдіршіндер бірін-бірі сыйлауды, үлкендерді құрметтеуді, қадірлеуді үйренеді. Ертегілерді тыңдау арқылы рухани адамгершілік қасиеттерге, ерлікке, шыншылдыққа, кішіпейілдікке тәрбиелейді.

Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Бала ойындары өмірлік өажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да, алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Балалар ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды. Ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез-құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөлген жөн. Сондықтан ойын балаларды тәрбиелеудің де тиімді жолы тәрбие құралы екендігін дәлелдейді.

Тәрбиеші-ұстаз ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымның білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп мақсатына жете алады. Өйткені, ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, өзінің психологиясын жан-жақты жетілдіріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, оқудың мазмұнына қызығушылықпен қарайды.

Сонымен, осындай жауапты міндеттердің баянды болуы үшін егеменді еліміздің ертеңгі қажетін өтерлік – жерін, елін сүйетін, рухани адамгершілік қасиеті мол, білімді, парасатты, оны қастерлей білетін азамат өсіру баршамыздың міндетіміз!
















Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров227
Номер материала ДВ-529195
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх