Инфоурок Дошкольное образование Статьи"МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ТҮРЛЕРІ"

"МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ТҮРЛЕРІ"

Скачать материал

Жунусова Алуа Сериковна,тәрбиеші, ЖШС «Ақ ерке» балабақшасы,

    Қарағанды қаласы

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ТҮРЛЕРІ

 

       Мектепке  дейінгі  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту  ісіне  байланысты  мақсаттарды  шешуде  театр  ерекше  рөл  атқарады. Театр  әр  балаға  қуаныш  ұмытылмас  әсер сыйлайды, оның  көркемдік  талғамын, еліктеуі  мен  қиялын  дамытады.

 Әдетте  адамның  жеке  басының  қасиеттері  бес  жасқа  дейін  қалыптасады.  Сондықтанда  да баланың  жан-жақты  қалыптасуы  үшін  мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіндердің бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу  керек.  Бала әр нәрсеге  құмар, қызыққыш,  ол  өзінің айналасында  болып  жатқан  өзгерісті,  тамаша  құбылыстарды  сезінуге  тырысады. Оның  жан-жақты  дамып,  жеке  тұлға  болып  тәрбиеленуіне,  тілінің  дамуын  театрландырылған  ойындар  арқылы  жетілдіруге  болады.  Ал,  театрландырылған  ойындарды  балалар  қызықтап  ойнайды.  Театрландырылған  ойындар  желелі  рөлдік  ойындардан  тек  желісі  ғана  емес,  сондай-ақ ойнау  іс-әрекетінің   сипатымен  ерекшеленетіні айқындалған.           Театрландырылған  ойындар  ойын – қойылымдары  болып  саналады,  бұл  жерде  балаларға  арналған  көркемдік  шығармаларды  сахналық  қойылымдарға  айналдырып, оларды  кейіпкер  ретінде  қатыстырудың  маңызы зор. Баланы сахнада  кейіпкер  ретінде ойната  отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту.Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты  ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

     Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

     Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы  ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.     Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы:  5 бөлімнен  тұрады.

Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі  ойын 3-ке бөлінеді:

- дамытушылық

 -әсемділік

- театрлық.

Ырғақты иілгішті (ритмопластика)– бұған  кешенді ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар  мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының  нақтылығымен  еркіндігін дамытуда, өзінің  денесінің сыртқы  қоршаған  ортамен байланысқан  қарым-қатынасын сезінуге балаларды  эстетикалық, психологиялық  қабілетін  дамытады.

Сөз мәдениеті  және техникасы. Ойындар мен жаттығулар  сөйлеу логикасы  мен  дикциясын  дұрыс артикуляциясын  меңгере  білуге, сөйлеу  құрылымын  еркін  айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл  бөлімге сөздермен айтылатын  ойындар  кіргізілген. Бейнелеу  арқылы сөйлетуін  дамыту, шығармашылық  фантазиясын  дамыту, шағын  әңгіме  және  ертегі құрастыра  білуге  үйретеді. Жаттығулар 3-ке  бөлінеді: тыныс алу  және  артикуляциялық, дикциялық  және  интонациялық сөздер мен  шығармашылық  ойындар.

Театр  мәдениеті: Балаларға  театр  өнерінің  шынайы сезімдерін меңгерту.  Бөлімнің  негізгі  тақырыптары: театр  өнерінің  ерекшеліктері,  театр  өнерінің  түрлері,  қойылымның  жасалуы,  сыртқы  және  ішкі  театр,  көрермендер  мәдениеттілігі.

Қойылыммен  жұмыс – жанама  бөлім,  авторлық сахналауға  негізделген.  Оған  кіретін  тақырыптар.

 -қойылыммен  таныстыру

- қойылымды  мазмұндап,  талдау,  кейіпкерлендіру.

- қойылымға  қажетті  құралдар  дайындау. Көріністі  безендіру.

 -дайындық

 -қойылымды  сахналау.       

Театрландырылған   ойынның жіктелуі: драматизация , режиссерлік                                        Драматизациялық  ойында  бала – артист,  интоноция,  мимика,  пантомима  арқылы  өз  бетімен  бейне  жасайды,  өзіндік  әрекет  етіп  рөлді  ойнайды.  Бұрыннан  жасалған  сахналық  қойылымда  бала  ойын – драматизациясында  қандай  бір  сюжетте  ойнайды.  Ойын  драматизациясы  көрерменсіз  музыкалық  сипаттағы  орындау  болады.

Драматизация  ойынның  екі  түрін  қарастыруға  болады.

 Саусақтар  ойын  драматизациясы. Балалар  атрибуттарды  саусақтарына  киеді. Ертегінің  мәтінін  айта  отырып  саусақтарын  қимылдатып  сюжет  жасайды. Көріністі  ширманың  сыртында  тұрып,  немесе топта еркін  қозғала  жүріп  көрсетеді.

 Қуыршақ  бибабомен  ойын – драматизациясы. Бұл  ойында  саусақтарға  қуыршақ  бибабоны  киеді.  Ширмада  ойнайды.  Бұл  қуыршақтарды  ескі  қуыршақтардан  жасауға  болады.

 Режиссерлік  ойында   балалар  әрекет  етуші  бейне  болмайды,  өзі  режиссер  және  сахна  қоюшы  рөлінде  ойнайды, ойыншықтардың  орынында  болады. Мұнда  бала  қозғалмайтын  пішіндер  және  ойыншықтармен  әрекет  етеді,  сондықтан  ойында интонация  мен  мимика  ерекше  орын  алады.

 Балалар театрының бірнеше түрлері бар:

Ең көп тараған түрі: ойыншықтар театры - бұнда  балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.

 Жіптің  көмегімен  басқарылатын  қуыршақтарды – маринеткалар  дейді. Оларды  әр  түрлі  материалдардан  жасайды.Театр  қуыршағының  биіктігі  баланың  биіктігігіндей  болады.Бұл  қуыршақтар  балаларға  әнмен,  бимен, ойынмен  көрсету  арқылы  шығармашылықтарын  дамытады. Бұл  балалардың  өздерін  еркін  сезінуіне,  өз  күшіне  сене  білуге  көмектеседі.

   Саусақ  театрында– саусақтардың  көмегімен  қандайда  болмасын  ертегіні  немесе  өлең-тақпақ  шумағын саханалау  болып  табылады. Саусақ  театры  арқылы  баланың  сөйлеуге  деген  талпынысы,  қабілеті  дамып,  ынтасы  артады  және  шығармашылық  әрекетіне  жол  ашылады.

         Трафарет  театры -Трафарет театры  арқылы  сөз  құрамының  байлығын,  диалог,  монологты  дамытуға  болады.  Балалар  дайын  трафареттердің  көмегімен  болашақ  кейіпкерлердің  суреттерін  жасайды.  Оларды  түрлі-түсті  бояулармен  бояйды,  дайын  бейнелерді  қайшымен  қияды.  Бұл  жерде  балалардың  шығармашылық  ойлау  қабілеттері  дамиды. Ұжымдасып  жұмыс  істеу  үрдісінде  әрбір  бала  өзіне  берілген  бейненің  түр-тұлғасын,  қимыл- қозғалысын  өзгерте  алады.

    Театрландырылған іскерлік арқылы  шешілетін  өзімнің  педагогикалық  жұмысымнан  мысал  келтірейін.

Ертегіден  «сиқырлы  заттар»  арқылы  «ертегіге  ену». Балалардың  елестетулерін  қалыптастыру. Балаларға  көздерін жұмғызып,  демдерін  ішке  тартып  оны  қайта шығару  арқылы  көздерін  ашу. Одан  кейін  балалардың  көңілін  қандайда  бір  затқа  аудару, мысалы; үстелге (одан  жұмыртқа  жерге  құлап  түсті ме?),  тегешке (осы  тегешке  бауырсақ  пісірді ме? т.б.) балалардан  сұраймын  бұлар  қай  ертегідегі  заттар.

 Ертегілерді  оқу  және  оны бірігіп  талдау.  Бастапқыда  мен  ертегіге  әңгіме  өткіземін. Ондағы  кейіпкерлердің  эмоциясымен және  сезімдерімен  таныстырамын,  одан  кейін  әр  түрлі  мінез- құлықтары  бар  бейнелерді бөліп  алуға  және олардың  біреуінің  орынына    өздерін  қоюы  туралы  айтамын. Өздерін  көру  үшін  айна  қолданып мимика, эмоцияларын өзгерткендерін көре алады.

  Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін,  сөйлеу  мәдениеті  мен  ой-өрісін,  дүниетанымын  жетілдіруде  театр  ойындар  түрі  тиімді  нәтиже  береді.

 

Пайдаланған әдебиеттер;

1.     Артемова Л.В  «Театриализованные игры» 1991 ж

2.     Доронова Т.Н «Играем в театр»  2004 ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 275 803 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2019 847
    • DOCX 41.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусова Алуа Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жунусова Алуа Сериковна
    Жунусова Алуа Сериковна
    • На сайте: 4 года и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1891
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой