Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / "Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмаларды пайдалану"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмаларды пайдалану"

библиотека
материалов

Тақырып:Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмаларды пайдалану

Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынадай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.

Міндеттері: 1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.

2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын

кеңейту және жүйелеу.

3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден

тұжырым шығаруға үйрету.

4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.

Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өне-тін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді.

Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.

Жоспарлы – прогностикалық оқыту үрдісінің біріккен сұлбасы



Тіл дамыту

Сауат ашу

Саз тәрбиесі

Табиғатпен таныстыру арқылы айнала қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықты дамыту”

Айналамен таныстыру

Көркем

әдебиет

Сурет

Қарапайым математи

калық түсініктерді қалыптастыру

Ойын

әрекеттері

Экология

Еңбек

қызметі

Мектеппен байланыс


































Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.

Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады. Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту – тәрбиелеу үрдісімен байланысты.

Т А Б И Ғ А Т

Мақсатты

серуен

Саяхаттар



Ойын сабақ

Дамытушы

ойындар

Тәжірибе

Логикалық

тапсырмалар

Сөздік

ойындар

Дидактикалық

ойындар

Еңбек

Зерттеу

жұмыстары



















Осы оқу іс-әрекеттерді тиімді дұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып, білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.

Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады. К.Ушинский бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”.

Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс – көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойналады. “Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.

Сонымен қатар экологиялық сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамыта-мыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады.

Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Аңшы мен бала”, “Гүлдер туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағым-ды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған ба-лаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.

Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда бола-ды. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үреді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақы-лау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, сұлулық-ты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.

Ойын алаңында қимылды ойындарда ұйымдастырылады “Аю мен түлкілер”, “Қасқыр мен қояндар” т.б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын сала-ды. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы да-мыды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Мысалы: Орманшы, зообақтағы аңдар т.б олар өз ой-ындарына қосып біреуі орманшы болып, қалғандарына өз ақылын айтады, оған қаладан зообаққа аң қоюға адам келеді.

Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.

  1. Балалардың дамуында экологиялық тәрбиенің маңызы зор. Балалардың барлық іс-әрекеті, ақыл-ойы осы айнала қоршаған ортамен тығыз байланыста және экологиялық тәрбие балабақшамен шектелмейді, мектепте осы білімдерін одан әрі өрбітіп, байытады.

  2. Экологиялық саяхаттар, серуендер, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттердің барлығы ойындар арқылы өрбіп, дамиды, түйсікте сақталады. Бала алған білімді көру, ұстап қарау арқылы тез қабылдайды. Балалармен өткізген ойындарым көп жетіс-тіктерге жеткізді.

  3. Балалар алған білімдерін іс жүзінде тәжіребие, басқа оқу іс-әрекеттерде көрсете біледі.














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1184
Номер материала ДВ-446960
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх