Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Мектеп жасына дейінгі балаларды театрландырылған ойын арқылы тілін дамыту

Мектеп жасына дейінгі балаларды театрландырылған ойын арқылы тілін дамыту

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Мектеп жасына дейнгі балаларды театрландырылған ойын арқылы тілін дамыту.

«Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала боларма»,- дегендей

ойынның бала өмірінде алатын орны ерекше болып табылады. Сондықтан да қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі мекемелерде қоғамымыздың саналы да сауатты мемлекеттік тілде өз ойын еркін жеткізетін, еліміздің ертеңгі болашағы сәбилерді тәрбиелеуде тәрбиешілерге үлкен міндет қойылып отыр. Балалармен ойнатылатын ойының түрлері өте көп. Соның ішінде театрландырылған ойынның орыны ерекше. Театрландырылған ойын барысында ертегілерді қодана отырып, сәбилерді ертегіні мұқият тыңдай білуге, ертегі арқылы ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамытып, ертегіні түсініп, өз ана тілінде жеткізе білуге үйретеміз. Сонымен қатар театр туралы, қуыршақтар, сахналау арқылы өнерге деген қызығушылығын оятамыз. Өнерге жақын өскен бала – белсенді, ашық, көркемдік талғамы жоғары, ой-қиялы ұшқыр болып келеді. Осындай өнерлі өрендерді тәрбиелеуде,жан-жақты, жеке тұлға болып қалыптасуына-театрландырылған ойынның маңызы зор.

Біздің №5 «Жұлдыз» бала бақшасында тәрбиешілер мен балалар бірігіп, ертегілер қою, әдеби-көркем шығармаларды рөлге бөліп ойнау балалар арасында кеңінен жолға қойылған. Балалар әр ертегіде әр рөлді ойнағанда ерекше қуанышыпен, шабытпен ойнайды. Әрине бұл балалар мектеп жасына дейінгі мекемеде тәрбиеленсе де өздерін әртісше сезінеді. Өздерін көріп отырған көрерменге де тамаша көңіл-күй сыйлай алады. Мұның бәрі тәрбиешінің басқаруымен жасалады. Рөлде ойнаған әр бала кейіпкерлерді ойнай отырып, дауыс ырғағын, бет-әлпетінің өзгеруі, мимика, ым-шара, қол қимылы, жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелерді қалыптастыруға үйренеді. Осының бәрі балаларды талғампаздыққа, әдемілікке, ана тілінде жатық, әдемі жеткізе білуге, өз ойын еркін айтуға , мәдениеттілікке үйретеді. Сәбилер тобында үнемі қолданатын театр түрлері: саусақ театры, ойыншық театры, қуыршақ театры, үсте-үсті театры және фланелеграф, т.б. театр түрлері өте көп.

Саусақ театрында кішкене сәбилер асқан қызуғышылықпен ойнайды. Әр түрлі тақпақтар мен өлеңдерді үйреткенде немесе жеңіл ертегілерді айтқанда саусақ театрын қолдануға болады. Саусақтарды қозғалту арқылы, қол-саусақ моторикасының дамуына, орталық ми, ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына әсер етеді. Сондай-ақ балалардың диалог түрінде сөйлеуіне, алған әсерлерін баяндап монолог түрінде жеткізуіне септігін тигізеді, сөйлеу қабілетін дамытып,сөздік қорын молайтады.

«Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәре», - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ертегіні тыңдап, түсініп, ертегі ішіне еніп, ойнау,- бұл бала үшін де, тәрбиеші үшін де үлкен жетістік болып табылады.


Ақтөбе қаласы №5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі туберкулез балабақшасы.











Мектеп жасына дейнгі балаларды театрландырылған ойын арқылы тілін дамыту.


Дайындаған:Байдуашева Г.Б.



















Ақтөбе 2015ж.

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров61
Номер материала ДВ-467154
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх