Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

библиотека
материалов


О.А.АБИЛОВА


hello_html_137ef5b6.gif



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ

ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН

ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР


Әдістемелік құрал






Атырау қ - 2011ж


О.А.АБИЛОВА







МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ

ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН

ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР



Әдістемелік құрал


Мектеп жасына дейінгі балалардың

тіл құзыреттілігін қалыптастыруға арналған

ойындар мен жаттығулар ұсынылды




Атырау қ - 2011ж


Әдістемелік құрал мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш мектеп педагогтарына арналған.

Осы жұмысты сабақтарда, сабақтан тыс уақыттарда қолдануға болады.

Атырау қаласы №30 «Жұмбақ» балабақшасының кезектен тыс педагогикалық кеңесінің шешімі. 28.02.2011ж. Хаттама №4


Құрастырушы: Абилова О.А. – Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік унисерситетінің БОПӘ магистрі,

30 «Жұмбақ» балабақшасы ғылыми-экспериментік

жұмыс жөніндегі директордың орынбасары

Рецензент: Қалимұқашева Б.Д.– п.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік унисерситетінің профессоры





  • Біздің ана тіліміз-қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым-қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.










КІРІСПЕ

«Тіл-жұрттың жаны. Өз тілін өзі

білмеген ел болмайды. Тілінен

айырылған жұрт-жойылған жұрт.

... баланың тілі дұрыс болса,

елдің тілін көркейтіп, байытып

гүлдендіреді ...»

Х.Досмұхамедұлы


Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор.

Қазіргі заман талабына сай үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Ал үш тілді білудің алғышарты ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеру негізімен тікелей байланысты.

Тіл – ұлттық тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Өйткені тіл үйрену - балабақшада, бастауыш сыныптарда дыбыс үйретуден басталады. Фонетикадағы дыбыстарды дұрыс айтылуын білмеген бала сөзді сезбейді, түсінбейді. Ол үшін сол дыбысты, сөзді тыңдау, есту, көру, сезу керек. Сонда ғана сөздің мазмұнын эмоция, ым-ишара, бейне арқылы түсінеді.

Кіші жастан-ақ баланың тіл үйренуге деген қызығушылығы пайда болады, сөзбен «тәжірибе» жасай бастайды. Тілдің мағыналық, әрі грамматикалық құрылымын бағдарлай отырып, жаңа сөздер құрады. Дегенмен бала тілінің өз-өзінен дамуы барысында олардың тілдік дағдылары жоғары болмайды, сондықтан педагогикалық-психологиялық тұрғыдан арнайы зерттеу, жаттығу және оқыту қажет.

Біздің ана тіліміз - қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады.

Қазақ мәдениеті мен білім-ғылымында ана тілі - сөз мәдениеті туралы едәуір зерттеулер жарық көрді. Бірақ тіл сияқты халқымыздың ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын дұрыс, әсем жұмсаудың жөн-жосығын көрсету, дұрыс-бұрысын ажыратып отыру, жалпы сөз мәдениетін насихаттау жағы әлі де жеткіліксіз. Тілдің қызметі қандай күрделі болса, оны үйретудің әдістері де сондай күрделі.

Кез келген деректі адамның ынтасын оятып, санасына жеткізе білу – нағыз шеберлік. К.Д.Ушинский «адамның ынтасы – оның санасының есігі», -деген екен. Педагог өз сөзінің басында сол есікті сәл ашып, қалған уақытта жабылып қалмауы үшін баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, әр түрлі құралдар мен әдістерді қолданады. Қандай жолды таңдаса да, ол шеберлігі арқылы сол жолдың тиімділігін, әсерлілігін арттыра түседі. Балаға берілген үлгі-өнеге оның санасына сіңіп, ой ұшқырлығы, тіл көркемдігі арқылы ортаға шығады. Олай болса, жас ұрпаққа өнеге боларлық ұстаздың да тіл біліміне, сөйлеу мәдениетіне, тіл үйрету біліктілігіне қойылар талаптар да жоғары болмақ.

Тіл дамытудың басты мақсаттарының бірі балалардың ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі негізінде тілдік құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарына баса назар аудару қажет.

Балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары деп біз тілдік жаттығуларды, саусақ ойындарын, сондай-ақ сөздік жұмысқа бағытталған өлең жолдарын айтып отырмыз.

Тілдік жаттығуларға тыныс алу жаттығуларын, артикуляциялық жаттығуларды, фонетикалық жаттығулар мен дикциялық жаттығуларды жатқызамыз.

Жаттығуларды жүйелі қолдану ана тілінің ережелері мен нормаларын игеруге, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыруға көмегін тигізері анық.

Баланың тілін дамытуда «саусақ» ойындарын дидактикалық және дамытушы материал ретінде қолдана отырып, оның қызықты, әрі пайдалы құрал екендігіне көз жеткізесіз.

Өз тарапымыздан жүргізген тәжірибе жұмыстарымыздың барысында ойындар мен жаттығуларды тілдік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында тиімді пайдалануға болатынын аңғардық. Әсіресе, сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар және қимылмен үйлестірілген өлең жолдары балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетінін көрсетті.

Олай болса, ойындар мен жаттығуларды бірге орындайық!

Тіл – адамның рухани айнасы. Мемлекетіміздің ұлттық тілі неғұрлым бай болса, оның рухани дүниесі де соғұрлым жоғары болмақ.













Тілдік жаттығулар

Сөйлеу кезінде пайда болатын тілдік тыныс алудың маңызына ерекше көңіл бөлген жөн. Сөзіміз түсінікті болуы үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: алақаныңызды ауызыңызға жақындатыңыз және кез келген бір дыбысты айтыңыз. Сіз ауа ағымы алақаныңызға тигенін сезесіз. Тыныс алып дем шығарғанда дыбыс шығады, ал дыбыстар тілдік ағымға қосылады, бірнеше дыбыстан сөз, әрі қарай сөйлем туындайды және осының бәрін анық не көмескі, жәй не қатты айтуға болады.

Демек, айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.

Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту.

Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз иық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз. Сондықтан да ең алдымен сымбаттылық әліппесіне көңіл бөліңіз.

Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі: сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.

Осы жаттығулардың негізі – тыныс алуды реттеу, яғни дем жұтып, дем шығаруды дұрыс кезектестіре білу, ерікті түрде ақырын дем шығара білу.

Алдымен дұрыс дем алу және дем шығаруға үйретеміз:

  • мұрынмен дем не ауа жұту – ауыз арқылы дем шығару,

  • қысқа терең дем алу – ақырындап дем шығару,

  • ақырын терең дем алу – қысқа шұғыл дем шығару

Тыныс алу жаттығуларын жақсылап желдетілген бөлмеде және сабақтың бастапқы сәтінде өткізген жөн. Балалар тұрып, қымсынбай-қысылмай денесін тік ұстайды. Жаттығуларды орындау үшін ауаны мұрын арқылы жинап, ал шығарғанда алдымен беске дейін (хормен) санаймыз, кейін біртіндеп (сабақтан сабаққа, жаттығудан жаттығуға көшкенде) санауды онға дейін ұлғайтамыз. Кері санауға да болады.

Егер тыныс алу жаттығулары ойын элементінен тұратын болса (яғни, жеңімпаз анықталса), онда жаттығу жүргізушінің (тәрбиеші ғана емес, жаттығудың орындалуын дұрыс түсінген бала да жүргізуші болады) белгісімен орындалады. Тәрбиеші балалармен бірге жаттығуды бір мезетте бастауы үшін қолданылатын белгілерді (жаттығудың басталуы – жүрісі - аяқталуы) алдын-ала келісіп алады.

Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс.

Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:

1.  Педагог жұмысты төмендегідей ұйымдастырады:

- ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді;

- оның орындалу ретін көрсетеді;

- жаттығуды барлық балалар орындайды;

- педагог жаттығудың дұрыс орындалуын тексереді (жаттығуды отырып орындайды).

Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.

2. Күн сайын 2-3 жаттығуды 3-5 минуттан өткізу қажет.

3. Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.

4. Ойын түрінде ұйымдастырылады.

Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.

Аталған жаттығулар сөздің дыбыстық құрамын анықтауға және анық айтуға көмектеседі, ұйқас пен ырғақ сезімін дамытады, анық дикцияны қалыптастырады, сөздің, сөйлемнің түрлі интонациялық сипаттамасын беру ептілігін жетілдіреді. Осы күрделі тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін фонетикалық жаттығуларды жүйелі өткізу қажет.

Фонетика тіл дыбыстарының жасалу заңдылығын, ерекшелігін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету мақсатында алуантүрлі жаттығуларды қолдануға болады. Бұл жаттығуларды фонетикалық жаттығулар деп атаймыз.

Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады.

Мәселен, тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында «А», «Ә», «О» дауысты дыбыстарына көңіл бөле отырып, келесі жаттығуларды орындауға болады:


hello_html_m6f9a31f4.png


Әженің әлдиі. Әжеміз кішкентай бөбекті ұйқтатарда «Ә...ә...ә...әлди-әлди ақ бөпем...» деп әндетеді. Кәне, бізде әндетейік.



Аюдың ақыруы. Аюдың тісі сарнап ауырды. Ол «А-А-А» деп аңырап отыр. Кәне, аю қалай дыбыстады?



hello_html_m73284950.jpg

Баудағы кім?


Ара болсаң, ызыңда

З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж

Жұмыс істе, тығылма.

- Ара қалай дыбыстайды?

(з- з-з) - қатты\жай

hello_html_m852ccb9.jpg


Жыланның ысылы.


Жылан қалай дыбыстайды?

Ыс-с—ыс-сссс....


hello_html_4b5159bf.jpg



hello_html_526a8a42.png



Шалқан. Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды.



Кім қалай дыбыстайды?

(баламен жеке жұмыс - түрліше тембрлік құбылыста айту)

- А, аа, аа, а, а, аааааа ..... (қуанышты дауыспен).

- Ааа, аа, а, а, ааа .... (аянышты дауыспен).

- А, аа, аааа, а, ааа ........(таң қалған дауыспен). 1 минут жұмыс істеңіз.

Екінші баламен (и), үшінші баламен (о) дыбысымен жұмыс істеуге болады.

Фонетикалық жаттығуларды екінші тілді (орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі т.б) үйрету мақсатына қарай да қолдануға болады. Ол үшін педагог қандай дыбысқа аса мән беру қажет екендігін анықтап алуы тиіс.


Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай-ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет.

Жаңылтпаш арқылы бала жылдам ойлауға, жаңылмай тез қайталап айтуға, кекештенбей, қысылмай, анық сөйлеуге үйренеді.

Халық ауыз әдебиетінде жаңылтпаштар топтамасы молынан жинақталған. Мәселен, бірқатар жаңылтпашты айтып көрелік.


Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.


hello_html_703d46ad.png


hello_html_m256e20a4.png


Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па?



Үміт түбіт түтті, Торта қойдым,

Түбітті түтіп бітті. Орта қойдым,

Есет атам ет асатар, Орта қойдым

Ет асатса, бес асатар. Жорта қойдым.

Тілалғыш Бек*

- Тіл алғыш, - деп

Мақтасақ біз

Біл алғыс деп.

Осы жаңылтпаштарды баланың жас шамасына, тіл үйрену деңгейіне қарай іріктеп алуға болады.

Барлық жаттығу түрін бір сабақ барысында өткізу міндетті емес және де қажет емес. Олардың біреуін не екеуін қолданса да жетіп жатыр. Жаттығуларды өткізу уақыты 3-5 минут, оны қай жерде қолдану қажеттігін тәрбиеші анықтайды.

Барлық жаттығулар топпен, кейін таңдаулы түрде жеке орындалады.

Тілдік жаттығулардың құндылығы сол, ол балалардың тілдік аппаратын жетілдіреді, жақсы дикциясын қалыптастырады.



Тілдік гимнастика

Сымбаттылық әліппесі

«Денеңді тік ұста» - тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын жеңіл сезіну үшін дене қалпын дұрыс ұстай білуі қажет.

Орнымыздан тұрамыз, жауырын, иық бұлшықеттерін босаңсытамыз. Енді өз денемізді (иық, кеуде) көтеріп, оны артқа итереміз. Жауырынымыз мықты, тік, ал қолымыз, мойынымыз бен иығымызды жеңіл, бос жібереміз.


«Түзу отыр» - орындыққа түзу отырыңыз. Басыңызды тік және сәл төмен ұстаңыз, иегіңізді жоғары көтермеңіз.

Осы қалып сабақ барысындағы арнайы жұмыс сәтінде ғана емес, күнделікті өмірде де әдеттегі, шынайы дене бітіміне айналуы тиіс. Естеріңізде болсын, жаттығулар жолымен сіз де өзіңіздің дене сымбатыңызды осы қалыпқа келтіре аласыз.


«Ағаш шабушы» (бұлшықет қысымын жою) Бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Екі қолдарыңмен «балтаны» ұстап, оны бастан асыра жоғары көтеріп, бірмезетте жеңіл және терең дем алып, алға қарай тез иіліп, қолды төмен түсіріңдер де (балтамен ұру), ауыз арқылы қысқа толық дем шығарыңдар. Қолымызды көтеріп (тыныс аламыз), түзу тұрамыз және қайтадан ағашты балтамен ұрамыз (шабамыз).


«Шаршасақ, дем алайық» - бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолымызды қатар көтеріп – тыныс аламыз. Босаңсыған денемізді төмен бос жібереміз де, түзуленбей-ақ, үш рет: «ох-ох-ох»деп қалған ауаны шығарамыз.

Дене босаңсиды және төмен түсе береді.


«Арашылар» - Біз қазір бөрене ағашты (бір, екі, бір, екі - 2 рет қайталанады) арамен кесеміз. Қыстық отын дайындаймыз. (Отындық ағашты арамен қалай кесетінімізді қол қимылымен көрсетеміз. Алға сәл еңкейіп тұрамыз).


«Ұшақ» - қолымызды екі жанымызға созып, ұшақтарды ұшырамыз. Оң қанатпен алға, сол қанатпен алға. Бір, екі, үш – ұшағымыз ұш. (Б.қ. – аяқты алшақ қою, қолдарын екі жанына созу, 1 – оңға бұрылу, 2 – б.қ., 3 – солға бұрылу, 4 – б.қ. және т.б.)


«Қаңғалақ» - (алға иіліп, қолымызды екі жанымызға жібереміз) Жел ұрып, біздің қаңғалағымызды айналдырып жіберді. Бір, екі, үш, төрт – қаңғалақ айналады. (б.қ. - алға иіліп, қолымызды екі жанымызға жібереміз; 1 – оң қолымызды еденге тигіземіз; 2 – сол қолымызды еденге тигіземіз).


Тыныс алу жаттығулары


hello_html_m3dd53bcd.jpg

  1. Гүлдерді иіскейік. Балалар біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз

деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.


  1. Ғарышкерлер. Тәрбиеші: Сендер өздеріңді ұшқыш ғарышкер-

лерміз деп есептеңдер. Зымыран әуе кемесін ұшыруға аз қалды. 10-нан 1-ге дейін санап үлгеруге жетерлік тыныстап дем жинаймыз, қаттырақ, әрі анық «Жібер» деген сөзді айтамыз да, дем шығарамыз.

Егер кімде-кімге ауа жетпесе, ол өз орнына отырады. Сонымен, мұрын

арқылы ауа жинаймыз не жұтамыз ..... Уақытты санауды бастаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Жібер! Жаттығу 3-4 рет орындалады.


  1. Көбелекті ұшырамыз. Тәрбиеші алдын-ала түрлі-түсті қағаздан

кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.

Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.

Осы жаттығуды жіпке ілінген «ақшақарларды» да қолданып орындауға болады.


hello_html_21e83614.jpghello_html_71a9e82d.jpg


  1. Ыстық сүт (шәй). Біз сүтті өте ыстық болғандықтан бірден іше

алмаймыз. Сондықтан оны тез суыту үшін көпіршіктерін (бетіндегі қаймағын) итере үріп ішеміз. Кәне, ыстық сүтті үрлейік. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.


  1. Футбол ойнаймыз. Балалар екі тең, жұп топқа бөлінеді де,

үстелдің екі қарсы бетіне отырады. Алаңның ортасына – үстелге – кішігірім мақта бөлігі (доп орнына) қойылады. Балалар кезекпен допты үрлеп, қарсыласының қақпасына кіргізуге тырысады. Қақпа шекарасын қарындаштың көмегімен не басқа да тәсілдермен белгілеуге болады.

Кім көп доп енгізсе, сол жеңімпаз атанады. Балалар 1 мин. ойнайды.


  1. Сабын көпіршігін ұшырайық. Бұл жаттығу алдыңғы 3-

жаттығуға ұқсас. Сабын көпіршігін елестетіп, болмаса, дайын сабын көпіршігін қолдануға болады. Жаттығу 3-4 рет орындалады.


hello_html_68414969.jpghello_html_m68b56966.jpg

  1. Қолымызды жылытайық. Балалар, біз қыс мезгілінде далаға

ойнағанды жақсы көреміз. Бірақ қолғап кимесек қолымыз тоңып қалады. Міне, міне, қолымыз тоңып қалды, ендеше қолымызды өз демімізбен жылытайық. Қане, қане, қолың тоңса, деміңмен жылыт! Бұл жаттығу 4-5 рет қайталанады.
















Артикуляциялық жаттығулар

  1. Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар

  1. Тәтті тосап. Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты.


hello_html_m3c8dfdaa.png

Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады. Тосаптың орнына балды алуға болады.


2) Көңілді тіл.

а) Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі - ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды.

ә) Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады.

Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға –солға, солға-оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.


3) Қазы-қарта тураймыз. Ауызымызды ашып, бір-бірімізге не айнаға қарайық. Ауызды ашсақ әдемі тістер көрінеді. Тісіміз өткір, пышақ секілді. Осы тістердің көмегімен біз ауызға түскен тамақты тістеп, кесіп, бөлшектеп жейміз. Ал тіліміз қазы-қарта секілді ет екен. Ендеше қазы-қарта турайық.

Тілді біртіндеп баяу шығарып, тіспен тістейміз. Туралған қазы-қартаны ауызға саламыз. Осылайша тіл кері ауызға қайтарылады. 3-4 рет қайталайды.


4) Саңырауқұлақ.


Саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді таңдайымызға тигізіп, тақылдатпай тіреп тұрайық. Жаттығу 3-4 рет орындалады.


hello_html_9a693c8.jpg


5) Мысық сүт ішеді. Мысықтың сүтті тілімен жалап ішетінін көрсетіңдер. Бастапқы қалып.


  1. Ұртыңа қара. Ұрттарыңа тілмен «ине салыңдар». Бастапқы қалып. 3-4 рет қайталанады.


  1. Ерін бұлшықетіне арналған жаттығулар

(Әр жаттығу 4-6 рет орындалады)


Әдемі күлімде. Әдемі баланың күлкісі де әдемі. Қатты дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі, жымиып қана күлейік.

Ерінімізбен жымиып езу тартамыз, сосын бастапқы қалыпқа келеміз.


hello_html_292fc17c.jpg

Балапанның тұмсығы


Ерінімізді жұмылдырып, алға сүйірлеп шығарамыз, бастапқы қалып.





Бірден тез күліңдер. Еріндеріңді сүйірлеп алыңдар да, соңынан

тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліңдер.


Қақпа Ерінімізді кеңінен ашып, жұмылған тісті (тісті тіске тигізу)

көрсетеміз. Содан соң бастапқы қалыпқа келеміз.


Атты тоқтатыңдар. Атты тоқтатыңдар: «Дырр-р-р».


hello_html_m39823e08.jpghello_html_m4b8f3264.jpg

Балапанның тұмсығы Томпиған ұрт


Томпиған ұрт. Екі ұртты да томпитып алыңдар да, бұдан соң

алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар, бастапқы қалып.














hello_html_m1868dd19.gif

hello_html_m61cf1418.jpg









Баланың тілін дамытуда «саусақ» ойындарының алар маңызы зор. Саусақ ойындарын тіл үйретудің қандай да бір әдісі ретінде атай алмасақ та, оның қызықты, әрі пайдалы іс екендігінде сөз жоқ. Танымал педагог В.А.Сухомлинский: «Балалардың ақылы саусақтың ұшында» деген екен. «Қол – бұл өз алдына сыртқы ми» деп жазады Кант.

Саусақ ойындары баланың миын дамытады, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, қиялын жетілдіреді.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бала тілінің даму деңгейі олардың саусақ қимылдарының дамуымен тікелей байланысты. Саусақтың тіл дамытудағы маңызына мән берген халқымыз түрлі балалар өлеңдерін, тақпақтарын ауыз әдебиетіне үлгі етті.

Физиологтардың арнайы эксперименті бала саусақтарының сөйлеу мүшесінің қозғалтқышы ретіндегі ролін дәлелдеп, осы құбылыстың себебін түсіндіріп берді. Мәселе мынада, адамның бас миында жалпы қозғалтқыш аймақтың бөлігі болып табылатын қозғалтқыш сөйлеу аймағы орналасқан. Осы аймақтың үштен бір бөлігі қол қимылын «басқарады» және сөйлеу мүшесінің қимылын басқарушы аймақтың жанында орналасқан. Сондықтанда саусақ қимылын жаттықтыру сөйлеу қимылын да жаттықтырып жетілдіреді.

Саусақ қимылын сөзбен, сөйлеммен, өлеңмен біріктіре орындайтын ойындар баршылық. Сөзбен қостамай-ақ орындалатын жаттығуларды да орындауға болады. Кейбір саусақ ойындары кішігірім ертегілерді еске түсіреді, мәселен, «Екі лақ», «қоян мен кірпі». Осы орайда саусақпен орындалатын көлеңке театры да септігін тигізеді.

Ерте кезден-ақ әр халықтың өзіндік саусақ ойындары кең тараған. Қытайда таспен және металл шармен жаттығулар жасауды меңгерген. Осы жаттығуларды үнемі қолдану адамның жадын, жүрек қан тамырлары мен ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсартады. Ал Жапонияда грек жаңғағымен алақан және саусаққа арналған жаттығулар орындайды. Алты қырлы қарындашты алақан арасына салып домалату да керемет әсер береді. Бәрімізден бала кезден «Қуырмаш», «Санамақ» ойындарын үйреніп өстік. Саусақ ойындары әр бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Тіптен кішкене сәбилерде ересектердің қол қимылын бақылап, «қоянның құлағын қозғалтқанына», «өрмекшінің жүгіргеніне», «құстың ұшқанына» т.б. қызыға қарайды. Баланың тілін дамыту үшін саусақ ойындарын қимылға еліктіретін өлеңдермен жүргізудің маңызы зор. Өлеңдер баланың зейінін аударады және жеңіл жатталады. Сөз қатарының ырғағы және оның өзгеруі бала үшін ғажайып әсер береді, жұбатады, тыныштандырады. Қандай ойын және қанша ойнағысы келетінін баланың өзі қалайды. Педагог не ата-ана баланың қалауын тез табады. Балаға ойынның ұнау не ұнамауы ересектердің осы ойынды орындауына байланысты. Бүгінде мамандар ескінің көзі ретінде осы ойындарды қолға алып, жаңа ойындарды ойлап шығарды.

Саусақ ойындарын дидактикалық және дамытушы материал ретінде ұсынуға болады.


Саусақ ойындарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

  1. Ойынды бастар алдында баламен бірге оның мазмұнын талқылап, осы орайда қажетті ым-ишара, саусақ, қимыл үйлесімділігін игеруге болады.

  2. Жаттығуды бастамас бұрын алақанды жылуды сезінгенге дейін жеңіл сипай отырып қыздырады.

  3. Барлық жаттығулар 3-5 рет жай қарқынмен, алдымен оң қолымен, содан соң сол қолымен, кейін екі қолымен бірге орындайды.

  4. Жаттығуларды баламен бірге орындаңыз, осы жерде ойынға еліктегеніңізді, қызыққаныңызды көрсете біліңіз.

  5. Жаттығуларды орындау барысында мүмкіндігіңізше қолыңыздың барлық саусақтарын қатыстырыңыз. Бір қимылдан екінші қимылға ауыстыру үшін қол білезігін дұрыс қоя білуіне көңіл бөліңіз.

  6. Балалардың барлық жаттығуларды жеңіл, қол бұлшықеттеріне шектен тыс күш түсірмей орындауына көңіл бөліңіз. Бұл жаттығулар оларды шаттық сезіміне бөлеуі тиіс.

  7. Барлық нұқсаулар жәй, мейірімді дауыспен, артық сөз қолданылмай, нақты беріледі. Қажет болса балаға көмек көрсетіледі.

  8. Дұрысында әр жаттығудың өз атауы болады және бірнеше минутқа созылады.

  9. Ойынды қайталап өткізу барысында балалар кейде мәтінді үзік-үзік (әсіресе сөйлемнің басы мен соңын) айта бастайды. Біртіндеп мәтінді жатқа айтады және сөзді қимылмен сәйкестендіріп тұтас айтатын болады.

  10. Екі немесе үш жаттығуды орындаған соң, біртіндеп оларды жаңа жаттығулармен алмастырыңыз. Ең ұнамды, ұтымды ойынды өз қоржыныңызға қалдырып, балалар қалауына қарай қайта ойнауға болады.

  11. Баладан бірнеше күрделі міндетті бірден шешуді (мәселен, қимыл мен көрсету және мәтінді айту) талап етпеңіз. Баланың зейін көлемі шектеулі, әрі орындалмаған міндеттер баланың ойынға деген қызығушылығын жояды.

  12. Балаға жаттығуды ешқашанда мәжбүрлеп орындатпаңыз. Жаттығуды орындаудан бас тарту себептерін анықтауға тырысыңыз, оларды жөнге келтіріңіз, қажет болса тапсырманы өзгертіңіз.



Саусақ ойынын қолдану технологиясы


Жасы

Мазмұны

Технологиясы


3-4 жас


Балалар жануарлар бейнесін алдымен оң қолымен, содан соң сол қолымен, кейін екі қолымен бейнелеп орындайды.

Содан соң осы ұстаныммен екінші бейнені жасап үйренеді.

Әрі қарай бір қолымен бірінші бейнені, келесі қолымен екіншісін орындайды және екі бейнені екі қолға ауыстырып бейнелейді.

Балалар оң және сол қолын кезектестіріп саусақтарын бүгіп және жазып үйренеді.



Балаларға өлең, тақпақ не санамақ үйретіледі. Балаларға жануарларды қолмен, саусақпен қалай бейнелегендерін еске түсіру ұсынылады. Содан кейін кейіпкердің басты іс-әрекетіне көңіл бөлінеді. Балалар қимылды орындау барысында саусақтарын қажетті қалыпта сақтай білуі тиіс.


4-5 жас


Балалар оң және сол қолымен алуан түрлі жануарлардың т.б. бейнелерін және қимылдарын орындайды.

Балалар екі қолының саусақтарын бүгіп қысады, яғни жұдырықтайды және кері жазады.

Балалар екі қолының саусақтарын біріктіріп қандай да бір бейне құрайды.



Бейнені құрып орындау барысында қол білегінің, саусақтардың дұрыс қалыпта тұруына көңіл бөлінеді.


5-7

жас


Балалар қолдарын көрсетіп, бейнелерді ауыстыра отырып, өлең, тақпақтарын айтады.

Бір қолының саусақтарын кезектестіріп біріктіреді (1-2, 1-3, 1-4, 1-5). Содан соң екінші қолымен және екі қолымен қатар орындайды.

Қосымша материалдарды (шар, орамал, қарындаш) қолдана отырып жануарлардың бейнесін саусақпен құрады.



Қолмен, саусақпен құрылған бейнелердің сапасына, жеке саусақтардың қимыл үйлесімділігіне және затты ұстау ептілігіне көңіл аударылады.

Саусақ гимнастикасы

Саусақ ойындарын ойнату үшін алдымен балаларға қарапайым саусақ жаттығуларын жасату қажет. Саусақтары жаттыққан бала сөзді немесе өлеңді ойын қимылдарын тез орындап үйренеді.

1. Барабанда ойнаймыз. Балалар саусақтарын бүгіп, яғни жұдырықтарын түйіп, кеуде тұсынан сәл төмен ұстайды. Содан соң сұқ саусағын жазып, тік ұстап көрсетеді де, «барабанда ойнаймыз» деген тәрбиешінің белгісі бойынша сұқ саусағын жоғары төмен қозғалтады.

2. «Біздер – ұстамыз». Балалар екі қолын түйіп, сол қолымен «шеге», ал оң қолымен «балға» ұстап, балғамен шегені ұрады.

3. «Дүрбілер». Балалар бас бармағы мен сұқ саусағын біріктіріп шеңбер жасайды да, тәрбиешінің «дүрбімен қарайық» деген белгісі бойынша саусақ шеңберімен жан-жағына қарайды.

hello_html_m53498e82.jpghello_html_m4023ca5d.jpg

4. «Кір жуамыз». Балалар жұдырығын қысып, «кір жуамыз» дегенде екі жұдырығын бір-біріне тигізбей қарама-қарсы қозғалтады.

5. Тары мен күрішті жинау. Балаға кішкене кесеге араластырылып салынған тары мен күріш беріледі. Тарыны бір кесеге, күрішті екінші кесеге салу тапсырылады.

6. Қуыршақтың белбеуін байла. Балаға қуыршақ және үш өрімді белбеу беріліп, «қуыршақтың белбеуін байла» деп тапсырма беріледі. Алғашында қиынсынса көмектесу керек. Біртіндеп жаттығу күрделенеді. Әрі қарай баланың өзі де қуыршақтың, кейін өзінің белбеуін, аяқ киімінің бауын еркін байлайтын болады.





7. Тасбақа.

Тасбақа, тасбақа,

Тас астында тұрады.

Басын баяу шығарып,

Тиіссең кері тығады.


hello_html_m7705eb0f.jpg

Жұдырықты түйіп, бас бармақты шығарады да, тасбақаны бейнелейді.. Өлең мазмұнына қарай саусақты кері жасырады. Осы тектес келесі өлеңдерге де қимыл жасауға болады.


hello_html_m1cc4d5df.jpg

  1. Қоян

Айнаға қоян қарады,

Құлақтарын санады.



  1. Ешкі.

Мүйізді ешкі қарады.

Қаш, қаш сүзіп алады.


hello_html_797eacc.png



  1. Шөп жұлу.

Оң қолыммен шөп жұлдым,

Сол қолымен шөп жұлдым

Шөпті жинап қораға,

Бабын таптым жылқымның.





Саусақ ойынына арналған өлеңдер

Қазақтың халық тәрбиесінде ойын-өлеңдер саусақ ойындарының эстетикалық әсерін арттырады. Балалар әдебиетіне үлес қосқан танымал ақын-жазушылардың саусақ ойынына арналған өлеңдері баршылық. Осы өлеңдерді саусақ ойыны арқылы орындаған жөн.

Бірқатар саусақ ойынына арналған өлеңдерге назар аударайық.

Бас бармақтай балақай

Ойынның мақсаты: балаларды қойылған сұрақ пен оған қайтарылған жауапты айтушының дауыс ырғағын ажыратуға және оларды жеңіл-желпі ойындық қимылдар жасай білуге үйрету.

Тәрбиеші баланың жұдырығын түйіп тұрған қолын ұстайды да, тақпақтың сөзін айта отырып, саусақтарын бір-бірлеп (тақпақтың сөзіне сәйкес) аша береді:

Бас бармақтай балақай, (Басбармақты ұстап)

Қайда болдың?

Мынау үлкен ініммен (Сұқ саусағын ашады)

Орманда болдым бүгін мен.

Ал мына бір ініммен (Ортаңғы саусағын ашады)

Ас пісірдім бүгін мен.

Одан кейінгі ініммен (Аты жоқ саусағын ашады)

Ботқа жедім мен енді.

Ал мына ініммен (Шынашағын ашады)

Айттым ән мен өлеңді.

Тәрбиеші бұл тақпақты екі-үш балаға қатарынан айтқызуына болады, бірақ алдымен олардың әрқайсысына жеке-жеке айтып көрсету керек, сонда ғана балалар тәрбиешінің алғашқы көрсеткеніндей жұдырықтарын өздері түйіп, саусақтарын бір-бірлеп өздері ашып отыратын болады.

«Қуырмаш»

«Қуырмаш» ойыны әрі баланың көңілін көтереді, әрі тілін дамытып, дүниетанымын арттыру үшін қолданылады.

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Бидай қуыр, қуырмаш.

Тауықтарға тары шаш:

Бас бармақ,

Балан үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек

Кішкене бөбек,

- деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа «қызмет» беріп, іске жұмсап, балдырған-дардың жұдырығын жазады:

Сен тұр – қойыңа бар!

Сен тұр – жылқыңа бар!

Сен тұр – түйеңе бар!

Сен тұр – сиырыңа бар!

деп төрт саусақты төрт түлік малға «жұмсайды да, ең кішкене саусақ шынашақты жұмсамай еркелетіп:

Ал сен алаңдамай

Қазанның түбін жалап,

Үйде жат!

- дейді де, оны «жатқызып қойып, ойыншы қол бойынан» қызық іздейді:

Мына жерде қант бар,

Мына жерде жент бар,

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қытық бар!

- деп қытықтап, балдырғанды еріксіз күлдіреді.





hello_html_m61cf1418.jpg

Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алма жіпті де.

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды ...

Өнерлі екен он саусақ!

Қала салсақ, жол салсақ....

М.Әлімбаев





Қуыр, қуыр, қуырмаш

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Мен айтайын қолыңды аш.

Мынау тұрған – бас бармақ,

Жұмыс содан басталмақ.

Алақанның тұңғышы,

Болсын осы жылқышы.

Балаң үйрек жанында,

Бейім сиыр бағуға.

Мына жерде күн болар,

Мына жерде түн болар,

Мына жерден ай шығар,

Мына жерден май шығар.

Бәрін айтып болдық па?

Келіп қалдық қолтыққа.

Қытық, қытық, қызық-ай,

Міне, өрік, міне, май.

Е. Ашықбаев























СӨЗДІК ЖҰМЫС

Балалардың тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мақсатында сөздік жұмыс мазмұнын өлең жолдарымен толықтыруға болады. Өлең жолдары балалардың танымына, қабылдауына жеңіл болғандықтан сөздік қорын байытуға көмектеседі. Ендеше педагог шығармашылығынан туындаған өлең жолдарын ұсынамыз.




Қызыл алма, көк алма

Қызыл алма, көк алма,

Мен де алмайын, сен де алма.

Бақшамызда көбейсін

Дәрумендер-деді Алма


hello_html_21ec5d47.jpg



Кіші екен көк алма,

Үлкен екен қызылы.

Көк болса да бұл алма

Тіл үйірер қызығы!





hello_html_689c1621.jpg

Жылқы

Жылқы сүті қымызды

Ішсең ем, тіл үйірер.

Жылқылардың тобырын

Ата-бабам үйір дер.











Қысқы киім

Бөрік, қолғап, тон кисек

Қыстық киім болмай ма?!

Жұқа болса бәтеңкең

Аяқтарың тоңбай ма?!

Жылы шұлық, қысқы етік

Керек екен ондай да.


hello_html_m274c3b38.jpghello_html_m6e8b4e4b.jpghello_html_77464deb.jpghello_html_m3d23763b.jpghello_html_m2294b728.jpg






hello_html_5f4e18d.jpg

Тігінші

Киімді әсем тігеді,

Ине-жіппен бүгеді.

Бұл адамның еңбегін

Барлық адам біледі.

Бұл кім?

Тігінші.



Ұлттық киім

Тымақ киіп басыңа,

Иыққа шапан жабайық.

Тізілген маржан тасы бар

Қаусырма белдік тағайық.

Етек жеңді жинақтап,

Төрден орын табайық.


Ұлттық ыдыс

Қолымызда тостаған Қара қазан - тайқазан

Қонаққа құр тоспаған Емес сірә жай қазан.

Ішіне ас салайық Әжем асар қой етін,

Кәне, дәмін қарайық. Кейде дәмді дәу сазан.


Зергерлік бұйым

Қос бұрымға тағылған Сырғаларың селт етсе,

Шашбау сылдыр етеді. Сыңғыр-сыңғыр етеді.

Шолпыларың лағылдан Қос білезік, жүзігің

Бір ырғалып өтеді. Көзді тартып өтеді.


Ұлттық аспап – домбыра

Қолымызда домбыра, Пернелерін терейік,

Құлағын сен оң бұра. Тағы шертіп көрейік.

Пернелері ерке ғой, Төрге ілсін қастерлеп,

Ішегін сен шерте ғой. Үлкендерге берейік.


Жорға жарыс

Ат ерттеуге жарайық,

1, 2, 3 санайық

Жонына қамшы салайық.

Кім озады қарайық.


Жорға мініп жарысып,

Мәреге жетсе жорғалар

Көрші ауылға барайық.

Бір тынығып алайық.




hello_html_67303f81.jpg





Дидактикалық ойындар

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Мозайка» т.б.

Сөздік дидактикалық ойындар - жұмбақтар т.б..

Дидактикалық ойындарға жетекшілік жасау үлкен педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді.

Тәрбиеші дидактикалық ойындарға жетекшілік ете отырып, ойната отырып оқыту қағидалары айқын көрініс табатын дидактикалық міндеттерді жүзеге асырады және балаға әсерлі ықпал жасайтын ойынға қатысушы болып табылады.

Ойынға жетекшілік жасауда тәрбиеші сөзінің айтарлықтай маңызы бар. Балаларға қарап сөйлеуі, түсіндіруі, қысқа әңгіме желісі ойын мазмұны мен ойын әрекетін аша түседі. Сөздік түсіндіру, нұсқау көмегімен тәрбиеші балалардың зейінін аудара отырып, олардың ұғымдарын бекітіп, тәжірибелерін кеңейтеді. Сонымен қатар балалардың тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Тәрбиешінің көптеген бағыттаушы сұрақтары ойынды дамытуға кедергі келтіреді. Сондай-ақ ескертпелер мен қателіктерді түзету, оны баланың санасын жеткізуге және ойынды түзетуге деген тәрбиешінің ұмтылысы ойынның шырқын бұзады.

Тәрбиеші ойындарға жетекшілік ете отырып, балаларға әсер ететін түрлі құралдарды пайдаланады және өзі де түрлі рөлдерді ойнауына тура келеді. Бірде ол тікелей ойынға қатысушы болса, бірде ойынды қолдап сырттай бақылаушы болады. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жете көңіл бөлу керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға ойын түсінікті болады.

Дидактикалық ойындардың ерекшелігі және оның соңғы қорытындысы дидактикалық міндеттерде, ойын міндеттерінде анықталатын нәтижесі болып табылады. Тәрбиеші үшін ойын нәтижесі балалардың жетістік деңгейі не білімді меңгеруі, ойынды қолдана отырып балалардың өзара қарым-қатынасын орнату. Балалар үшін ойын нәтижесі нақты жетістік, мысалы ойын барысында жұмбақты шешуі, тапсырманы орындауы болып табылады.

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру үшін мына үш ережені есте сақтаған жөн.

Бірінші ереже: сәбидің қызығушылығын жоймау үшін дидактикалық ойынға арналған ойыншықтарды үнемі қолдануға бермеңіз.

Екінші ереже: ойын барысында бала басқа, өзге заттарға көңіл аудармауы үшін артық заттарды көз алдынан алып тастаңыз.

Үшінші ереже: ойындардың қарапайым да, қысқа болғаны жөн. Тіпті 5 минут та жеткілікті! Бірақ баланың бастаған істі аяқтауына көңіл бөліңіз. Содан соң ойынды басқа жаңа ойындармен алмастыруға болады – сол сәтте баланың зейіні қайтадан жанданғанын байқайсыз.

Балалардың таным қабілетін, тіл байлығын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырылған ойын-сабақ балалар үшін қашанда қызықты, ал тәрбиеші үшін мақсатқа жетудің бірден-бір кепілі.

Кіші топ балаларына арналған ойындар

Қай ұлттың баласы болмасын ерте сәби шағында дыбыстармен ойын ойнағанды жақсы көретінін байқап жүрміз. Бала әлі сөзді айтып білмесе де, кенеттен дыбыс шығарады да, әрі қарай осы дыбысты гуілдеп қайталайды. Сол сәттегі бала көзіндегі шаттықты айтсаңызшы!

Содан соң бала сөзбен ойын ойнай отырып, ана тілін түсіне бастайды, оның құрылымын меңгереді, сөйлеуге үйренеді. Міне, халықтық жаттамақтардың барлығы диалог түрінде берілуі де осыдан.

Балалар ұйқасты сөздерді, олардың айтылуын ерекше қабылдайды, оларға ұйқасты өлең оқып берсеңіз, серпіліп тыңдайды.

Сәбилерге арналған ойындарды таңдауда халық ауыз әдебиеті үлгілерін ойынның қайнар көзі ретінде қолдануға болады. Өйткені осы ауыз әдебиеті үлгілерінен ең ерте жастағы балаларға арналған шығармалардың мазмұны мен формасына қойылатын талаптарға жауап беретін материалдарды табуға болады.

Ойынды өткізу әдістемесі тұрғысынан мына кеңестерді ескерген жөн:

«Қандай да болмасын тақпақты, жаттамақты оқымас бұрын балаларды осы жаттамақта кездесетін тірі нысандармен немесе олардың бейнеленген суреттерімен: ешкі, торғай және т.б. үлгілермен міндетті түрде таныстыру қажет. Балаға айтылатын жанды сөз оның жеке танымы, жан-күйзелісімен байланысты, таныс болуы тиіс.

Сәбилерге арналған сөздік ойындардың басты мақсаты – сәбилердің сөйлеу белсенділігін дамыту, тақпақтағы, жаттамақтағы сөздерді қимылмен сәйкестендіруге, сөздің мағынасын түсінуге, сөзді дұрыс айтуға үйрету.

Кіші топтардың тәрбиешісі ойын барысында ойынды басқарады, балаларға ойынды үйретеді. Тәрбиешінің сөзі сауатты, эмоционалды және байсалды болғаны жөн. Ым-ишараға көп көңіл бөлу қажет. Тәрбиешінің бет-әлпеті кішкентай балаға қаншалықты әсер етерін көрсеңіз! Міне, тәрбиеші таң қалып ауызын кең ашты делік, балалардың көз шарасы да кеңейе түседі. Тәрбиешінің бет-әлпеті мұңая түссе, балалар да жабырқап қалады. Қасқырды, аюды, ешкін қимылмен бейнелеп көрсеткенде, бетіңізді қорқынышты кейіпке түсіріп, тым дөрекі дауыс шығарудың қажеті жоқ. Өйткені кішкене балалар қорқып қалуы, тіпті ойыннан бас тартып жылауы да мүмкін.

Ойын барысында балалар тәрбиешінің бет-әлпетін, оның аузын, көзін көріп отыратындай арақашықтықта тұрады не отырады. Тәрбиеші тақпақты не жаттамақты оқығанда, бала бір өзіне қарата оқып не айтып отырғандай әсерде қалуы тиіс, яғни, өз көзқарасын әр балаға аударып отырғаны жөн. Осы себепті тәрбиеші тақпақты, жаттамақты жатқа білуі тиіс.


Алақан мен балақан

Ойын мақсаты. Балаларды тәрбиешінің сөзін тыңдауға, жаттамақ сөзімен өз қимылын сәйкестендіруге, сұраққа жауап беруге үйрету.


Сөзі: Қимылы:


Бала, бала, балақан, Тәрбиеші мен балалар жаттамақ

Қане, қайсы алақан? сөзіне сәйкес алақандарын көрсетеді.

Саусақтарың әйбат, Алақандарын ашып, саусақтарын

Былай, былай ойнат. қозғалтады.


Тәрбиеші ойынды қайталап, балаларға сұрақ қояды: «Қане, қайсы алақан?», «Саусақтарың қандай?».

Келесіде балалар жаттамақты тәрбиешімен бірге айтады.


Қарағайлы ормандағы аю

Ойын мақсаты. Балалардың сөйлеу белсенділігін, өлең сөзімен өз қимылын сәйкестендіре білу икемділігін дамыту, р дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Ойын барысы. Балалар орындықтарына отырады. Тәрбиеші балаларға қарсы отырады да: «Балалар, біз бүгін «Қарағайлы ормандағы аю»» деп аталатын ойын ойнаймыз. Мына суретке қараңдаршы (аю бейнеленген суретті көрсетеді). Орманда жүрген аю үлкен екен. «Р-р-р» деп гүрілдейді.

Осы аю туралы өлеңді тыңдаңдар:


Аю жүрген орманнан,

Жидек тере мен барғам.

Аю отыр гүрілдеп,

Жарамайды мұның деп.


Аю қалай гүрілдейді? Келіңдер ойнайық. Қазір біз аюды таңдаймыз. (Санамақтың көмегімен аюды таңдайды. Балаларды ұзақ күттірмеу үшін санамақ әрқашанда өте қысқа болуы тиіс. Тәрбиеші аю-балаға бет-перде кигізеді.) Міне, аю қандай! Ал ол гүрілдеп дыбыс шығара ала ма? Аю-бала: «Р-р-р» деп гүрілдейді.

«Балалар, аю осы жерде, орманда тұрады (аюды бір орынға отырғызады). Біз орманға барып, жеміс-жидек теріп келейік. Аюдың гүрілдеген дауысы шыққанда, біз барлығымыз мына үйімізге қашамыз», - деп тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді.

Сөзі: Қимылы:


Аю жүрген орманнан, Тәрбиеші және балалар жеміс-жидек теріп

Жидек тере мен барғам. жүргендей қимыл көрсетеді де, аю тұрған

орманға қарай жақындайды.

Аю отыр гүр-р-рілдеп, Тәрбиеші және балалар қашады, аю оларды Жарамайды мұның деп. қуады.

«Р-р-р!»


Ортаңғы топ балаларына арналған ойындар

Иә немесе жоқ

Ойын мақсаты. Балаларды тәрбиешінің сөзін тыңдауға, берілген сұраққа жауап беруге үйрету.

Көрнекі құралдар. Ойыншық - қонжық.


Тәрбиеші қонжықты алып, оның негізгі дене бөліктерін: басын, аяғын, құлағын, мұрынын, көзін және т.б. көрсетіп атайды. Содан соң балалардан қонжықтың құлағын, мұрынын, көзін көрсетуін сұрайды. Балалар көрсетеді. Содан соң тәрбиеші балаларға ендігі сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап беруді ұсынады.

- Қонжықтың мұрыны бар ма?

- Қонжықтың құлағы бар ма? т.б.

Жауап беру үшін балалар сұрақты мұқият тыңдауы тиіс.

Тәрбиеші белсенділігі төмен, сондай-ақ немқұрайлы немесе жәй сөйлейтін балаларды жиі назарға алады.

Осы тектес ойындарды басқа да ойыншықтарды (мысалы доп) қолданып өткізуге болады.


Бұл қалай аталады?

(оқу жылының басында жүргізіледі)

Көрнекі құралдар. Қуыршақ, ойыншық жануарлар: ит, мысық, сиыр, ешкі және т.б.

Балалар ойыншықтар қойылған үстелге қарсы, жарты шеңбермен құрылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші кез келген баланың біріне жақындап оның есімі кім екенін сұрайды. Бала өз есімін атайды. Егер бала өз атын атамай үнсіз қалса, онда тәрбиеші «Сенің атың Айгүл ме, Әсет пе?» - деп оны сөйлетуге көмектеседі. Тағы бірнеше баладан өз атын атауын сұрайды, содан соң екі-үш баладан топтағы басқа балалардың (мысалы, қызыл көйлекті қыз баланың, ақ жейделі баланың) есімі кім екенін сұрайды. Содан соң тәрбиеші қуыршақты көрсетіп: «Бұл қуыршақтың есімі Айжан. Оның аты кім?». Балалар жауап береді. «Ал енді мынау мысық. Қайталайық, мысық. Бұл мысықтың есімі Мырр». Балалар мысықтың есімін қайталайды. Содан кейін педагог итті, сиырды, басқа да жануарларды көрсетеді де, оларға ат қоюды ұсынады немесе өзі оларды атайды және үш-төрт баладан қайталап сұрайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Тәрбиеші балалардың өз есімін, құрбыластарының есімін, қуыршақтардың, жануарлардың атын анық және дауыстап айтуын қадағалайды.


Тапсырманы орында

Көрнекі құралдар. Ойыншықтар: қуыршақ, қоян, қонжық, доп, керует, қоянға арналған телпек және жейде, үлкен машина.

Тәрбиеші ойыншықтарды үстел үстіне және топтағы көрінетін жерлерге қояды да, олармен қандай да бір қимыл әрекетті орындауды ұсынады. Мәселен, «Сәуле, үстелге жақында да, қуыршақты ал және оны керуетке жатқыз; Асқар қонжықты машинаға отырғыз да, оны ойын бұрышына апар; Дидар қуыршақты ал да, Майраға бер; Гүлнұр, Майраның қасына бар да, одан қуыршақты ал және оны орындыққа отырғыз; Марат, допты алып кел де, оны үстелдің астына қой; Жанар, допты ал да, оны Серікке бер».

Тәрбиеші барлық балалардың ескертусіз тапсырманы дұрыс орындауын қадағалайды және белсенділігі төмен балаларды ойынға тартуды көздейді.



Кім не істейді?

Көрнекі құралдар. Қимыл әрекеттер бейнеленген сюжетті суреттер: ер бала гүлге су құяды; қыз бала қуыршақтың шашын тарайды, қонжық балы бар бөшкені кеудесіне қысып құшақтайды, қоян шелекпен су тасиды т.т.б.

Тәрбиеші үстелінің үстіне сюжетті суреттер, ал екінші үстелдің үстіне суретте бейнеленген заттар мен ойыншықтар қойылады.

Тәрбиеші кез келген бір баланы шақырады. Бала суретті таңдап, онда не бейнеленгенін әңгімелейді де, суретті барлығына көрсетеді. Содан соң бала суретті тәрбиешіге беріп, келесі үстелден қажетті затты не ойыншықты табады және суретте бейнеленген қимыл әрекетті өз қимылымен көрсетеді.

Ойын аяқталған соң балалар осы заттармен және ойыншықтармен еркін ойын ойнайды. Заттар не ойыншықтардың саны бала санына сәйкес болуы тиіс.

Қуыршаққа арнап бөлме дайындаймыз

Көрнекі құралдар. Қуыршақ, ойыншық – жиһаздар.

Балалардың алдына екі үстел қойылады. Бір үстелде балаларға таныс қуыршақ Айжан отырады, ал екіншісіне қуыршақтың мөлшеріне сай келетін жиһаз бұйымдар қойылады.

«Біз қуыршақ Асқарға арнап бөлме дайындадық. Ал қуыршақ Айжанның бөлмесі жоқ. Айжан өкпелеп отыр. Енді не істейміз?» - деп тәрбиеші балаларға сауал қояды.

  • Дұрыс, Айжанға да бөлме дайындап берейік.

  • Бөлмеде не тұру қажет?

  • Әрине, керует қажет. Олай болса, Дархан ойыншықтар бұрышынан

керует тауып әкелсін. Енді Дархан қуыршаққа не, қандай зат әкелгеніңді және ол не үшін қажет екендігін түсіндірші. Мысалы, «Айжан, бұл керует. Керуетке жатып ұйықтауға болады» немесе «Міне саған, Айжан, керует. Бұл енді сенікі» т.т.б. Осылайша балалар бөлмеге басқа да жиһаздарды орналастырады.

Содан соң Айжан балаларға «Мен жасырынамын, ал сендер менің қайда жасырынғанымды табыңдар». Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші санамақ айтады. Санамақ аяқталған соң балалар көзін ашып, Айжанның қайда жасырынғанын айтады.

- Айжан, шық, сен үстелдің (керуеттің, шкафтың) астына (үстіне, ішіне, артына) жасырындың. Осылайша балалар Айжанды бөлмесіне орналастырады.

Ғажайып қоржын

Көрнекі құралдар. Қоржын: жануарлардың төлдері бейнеленген ұсақ ойыншықтар-балапан, күшік, піл, бақа, торай және т.б.

Барлық жоғарыда аталған ұсақ ойыншықтар қоржынға салынады. Тәрбиеші қоржынды қолына алып, бірнеше (3-4) баланың жанына келеді де, қоржында көптеген қызықты ойыншықтар бар екендігін айтады. Содан соң қоржыннан бір ойыншықты алып, оны барлық балаларға көрсетіп, дауыстап атауын сұрайды.

Тәрбиеші балалардың ойыншықты дұрыс және анық атауын қадағалайды. Егер балалардың кейбірі жауап беруге қиынсынса, тәрбиеші оған көмектеседі.


Кімге не қажет?

Көрнекі құралдар. Фланелеграф және суреттер (қолшатыр, себет, ешкі, қоян, маймыл, жұлдызша)


Тәрбиеші фланелеграфқа суреттерді іледі және онда бейнеленген затарды атауды ұсынады. Балалар барлық заттарды дұрыс атағаннан кейін оларға мынандай жұмбақ тапсырмалар беріледі:

  • Айгүл серуенге шықты, ал далада жаңбыр жауып тұр. Ол үсті су

болмауы үшін өзімен бірге ..... (не?) алып шықты. Не? ( осы жерде тәрбиеші суреттелген қолшатырды көрсетеді). Балалар «қолшатыр» деп жауап береді.

  • Асқар мен Серік аңдар бағына барды. Олар бақтан пілді, аюды,

түлкіні және қасқырды көрді. Оларға барлық аңдардың ішінен ....(кім? не не?) ұнады. Кім? не Не? (қоянды көрсетеді) – Қоян.

  • Тағы кімді (нені?) көрді? (маймылды, ешкіні көрсетеді) – Маймыл,

ешкі.

- Ораз анасымен дүкенге барды. Анасы Оразға дүкеннен .... (не?) сатып алып берді. Не? (жұлдызшаны көрсетеді) – Жұлдызша.

- Балалар тоғайда серуендеп, саңырауқұлақ жинады. Қайда жинады? (себетті көрсетеді) – Себетке.


Шешуін тап та, ата

Көрнекі құралдар. Алуан түрлі суреттер – тышқан, мысық, шелек, шана, т.б.; фланелеграф.

Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп, онда бейнеленген заттар мен жануарларды атауды сұрайды. Содан соң осы суреттерді кез келген реттілікпен фланелеграфқа бекітеді де, балаларға сұрақтар қоя бастайды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, фланелеграфтан қажетті суретті табуы және онда бейнеленген заттарды атауы тиіс.


Тәрбиеші: Балалар:

Інде кім тұрады? Тышқан

Тышқан кімнен қорқады? Мысықтан

Суды қайда құямыз? Шелекке

Қыста немен сырғанаймыз? Шанамен

Қуыршаққа не тағамыз? Моншақ

Алманы (гүлді) қайда жинаймыз? Себетке.


Тәрбиеші барлық балалардың сұрақтарға дәл жауап беруін, яғни фланелеграфтан сәйкес келетін заттарды табуын және сөздегі ш, с дыбыстарын дұрыс айта білуін қадағалайды.

Осы тектес ойын арқылы сөздегі ж, з дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыруға болады.


Ойыншықты ал

Көрнекі құралдар. Атауы 3-4 буыннан құралған ойыншықтар немесе заттар: қуыршақ, машина, пирамида, балапан және т.б.


hello_html_m2a3682c3.pnghello_html_310fec68.jpghello_html_3a11bdb9.jpg


Балалар ойыншықтар қойылған үстелге қарсы, жарты шеңбермен құрылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші жанында отырған балаға заттардың бірінің атауын сыбырлап атайды, ал бала әрі қарай көршісіне сыбырлауы тиіс. Сөз тізбек бойымен жалғасады. Сөзді соңғы естіген бала орнынан тұрып, үстелге жақындайды да, осы затты іздеп табады және оны дауыстап атайды.

Тәрбиеші барлық баланың сөзді сыбырлап айтса да, оны анық айтуын қадағалайды.

Қатені тап

Көрнекі құралдар. Ойыншықтар: ешкі, сиыр, ит, тауық, түйе, кірпі және т.б.

Тәрбиеші ойыншықты көрсетеді де, осы жануарлардың әрекетіне қайшы келетін іс-қимылдарды атайды. Балалар бұл дұрыс па, жоқ па, жауап береді, содан соң осы жануарлардың іс жүзіндегі іс-қимылын атап береді. Мысалы, тәрбиеші: «Ешкі кітап оқиды. Ешкі кітап оқуы мүмкін бе?» Балалар «Жоқ!» - деп жауап береді. – «Ал ешкі не істей алады?» - деп тәрбиеші сұрайды да, ойыншықты көрсетеді. Балалар: жүреді, сүзеді, шөпті жейді – деп жіктеп айтады. Содан соң балаларға келесі сөзтіркестерін ұсынуға болады: сиыр үреді, ит мяулайды, тауық мөңірейді, түйе маңырайды, мысық ұшады және т.т.б.

Тәрбиеші балалардың тапсырманы мұқият тыңдап, жануарлардың қимыл әрекетін дұрыс атауын, сөздерді анық және таза айтуын қадағалайды.


Құпия

Тәрбиеші мына сөздерді: қасық-асық, ит-кит, кесе-шеше, сөз-көз, түйе-күйе, ауыл-ауыр сыбырлап айтады да, осы сөздерді балалардың қайталап айтуын сұрайды.

Тәрбиеші барлық баланың сөздерді мұқият тыңдап, тек сыбырлап, таза және анық айтуын қадағалайды.


«Сөз баста»

Педагог балалардың алдына бірнеше әртүрлі ойыншықтар немесе суреттер қояды.

Балалар суреттерге немесе ойыншықтарға қарайды да, олардың ішінен атауы педагогтың айтқан дыбысынан басталатын ойыншықты немесе суретті табуға тырысады.

Нұсқа: педагог балаларға атауында аталған дыбыс кездесетін заттарды атауды ұсынады.


«Не жоғалды?»

Педагог балалардың алдына ойыншықтарды (немесе суреттерді) шығарып қояды. Балалар қарап алады, содан кейін педагогтың Көздеріңді жұмыңдар! деген белгісі бойынша көздерін жұмады. Сол уақытта педагог бір ойыншықты алып тастайды. Педагог Көздеріңді ашыңдар! – деп белгі береді. Балалар көздерін ашады және қандай ойыншықтың жоқ екендігін айтады.

































Тіл, сөз өнері туралы қанатты сөздер


Тіл өнері –дерпен тең. Абай


Сөз –халықтың қымбаттан қымбат кені. Сәбит Мұқанов


Ана тілі ... жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына.

Жүсіпбек Аймауытов

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі.

Ғабит Мүсірепов

... халық тілінің байлығын игеру – зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс.

Ғабит Мүсірепов

Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті. Ғабиден Мұстафин


Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.

С.Е. Малов

Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады... В.В.Радлов


Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.

А.Брем

... Қазақ тілі ... өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді... қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл...

Бауыржан Момышұлы

Баланың сөз қоры жеткілікті болғанда ғана өз пікірін айтып, басқалардың сөздерін дұрыс ұға алады. Төлеген Тәжібаев


Барлық заманда тіл байлығы мен шешендік өнер қатар жүріп келеді.

А.П.Чехов

Сөз өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі.

О.Бальзак







Сөз соңы

Балалардың тіл құзыреттілігін қалыптастыруға арналған ойындар мен жаттығулар тәрбиеші шығармашылығының туындысы.

Тәрбиеші шығармашылығын іс-тәжірибеден өткізіп, тілдік жаттығуларды орындадық, саусақ және сөздік ойындар ойнадық және осы ойындар мен жаттығуларды жинақтадық.

Сөздің астарын, оның құпия мән-мағынасын түсіне білгенде ғана сөздің ғажайып сыры ашылатынын ұғындық. Бұл тіл ғажайыбы!

Егер осы еңбегіміз сіздің игілігіңізге жараса - бұл біз үшін үлкен сый.


























АБИЛОВА ОРЫНГҮЛ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ




БАЛАЛАРДЫҢ

ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН

ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР


Әдістемелік құрал









Атырау қаласы


Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров6907
Номер материала ДВ-202561
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх