Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту" (ортаңғы топ)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту" (ортаңғы топ)

библиотека
материалов

Жылулық шеңбері: Армысың, алтын күн!

Армысың, Жер Ана!

Армысың, көк аспан,

Сәлеметсізбе!

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

  • Көктем неше айдан тұрады? (3 ай)

  • Көктем айларын атап беріңізші? (Наурыз, сәуір, мамыр)

  • Бүгін аптаның нешінші күні? (үшінші күні - Сәрсенбі)

Есік қағылып, Айдана келеді, амандасады, өзінің балабақшаға бармайтынын айтып, ертегілер, сурет бойынша сөйлем құрап, үйренгісі келетінін айтып көмек сұрап жылайды.

  • Сәлеметсіңбе, Айдана! Қош келдің! Жылама, төрге шық! Қазір біздің балалар саған көмектеседі.

  • Балалар, Айданаға көмектесемізбе? (Ия)

1. Жұмбақ шешу:

  • Орманға келе жатып, ата бір нәрсесін жоғалтып алып, кейін келсе, оны үй қылып алған, бұл қай ертегі? (қолғап)

  • Үй құстарын және қоянды алдаған қай ертегі? (айлакер түлкі)

  • Сүтін төгіп тастаған қай ертегі? (мақта қыз бен мысық)

  • Атасы мен әжесі дүкенге кеткенде, інісін алып, ұшып кеткен қай ертегі? (қаздар мен аққулар)

  • Әжесіне бәліш алып бара жатып, қасқырға кездескен қай ертегі? (қызыл телпек).

2. Дидактикалық ойын:«Кім тез сөйлем құрайды?»

Ойын шарты: Шешуін тапқан ертегілердің суретін тақтаға іліп, сол сурет бойынша сөйлем құру.

Мысалы: 1) Қызыл телпек әжесін туған күнімен құттықтады. 2) Мақта қыз үй жинады. 3) Мысық қатық төкті. т.б.

3. Қостілдік компонент: Қызыл телпек – красная шапочка, қаздар мен аққулар – гуси и лебеди, қолғап – варежки.

4. Дидактикалық ойын:«Қай ертегі жоқ?»

Ойын шарты: Тақтада ертегілердің біреуін алып тастап, жоқ ертегіні табу.

- Кім «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлер туралы тақпақ біледі?

Аю: Ормадағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Қоян: Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып секірді.

5. «Қолғап» ертегісін сахналау арқылы көрсету.

Балаларды рөлге бөліп, бастарына ертегідегі кейіпкерлерінің бетпердесін кигізіп, өздері сомдап, кейіпкерлерді тура-кері санау. (ата, ит, қолғап, тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр).

6. Қимылды ойын: «Аңдардың жүрісі»

Ойын шарты: Ертегідегі аңдардың жүрісін қимылмен көрсету.

7. Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. «Қызыл телпек» ертегісін қорша.

2-тапсырма. Ертегідегі қолғапты боя.

3-тапсырма. Қаздар мен аққулар ертегісіндегі қаздардың санын таңбалап жаз.

8. Айдана қуанып, рахметін айтып, қоштасып кетеді.

9. Қорыту, мадақтау.




МдҰ №5 «Сәуле» балабақшасы







Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша



Тақырыбы:


«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту»










Орындаған:

«Айгөлек» тобының

тәрбиешісі А.Ж.Катбаева













Мамыр - 2015 ж.

Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров330
Номер материала ДВ-159743
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх