Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Научные работы / "Мектеп жасындағы балалардың сипаттамасы және олармен жұмыс жүргізудегі ерекшеліктер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

"Мектеп жасындағы балалардың сипаттамасы және олармен жұмыс жүргізудегі ерекшеліктер"

библиотека
материалов

2 -5 ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: МАЗАСЫЗ АЛЬМА


Альма көптеген пәндерден оқу үлгерімі орташа 12 жастағы оқушы, бірақ ол жаратылыстану ғылымынан нашар. Ол орындаған тестілерде көптеген тапсырмалар жауапсыз қалады. Кейде дұрыс жауаптары жазылады, бірақ кейін өшірілген болады. Альма кейде жаратылыстану пәні бойынша сабаққа қатысудың орнына бас ауруын, іш ауруын немесе қандай да болмасын басқа ауруларды айтып, мектептегі дәрігерде отырады. Ал сабақ аяқталғаннан кейін ол ауруы ғайыптан жоғалып кетеді.

Бірінші тоқсанның бастапқы бірнеше аптасы ішінде жаратылыстану ғылымы мұғалімі сыныпта талқылау үдерісіне қатыстырғысы келіп және сабақта өткен тақырыпты оның түсінуін бағалау үшін оған жиі-жиі сұрақ қойып тұрады. Бірақ, әдетте ол қатысудан бас тартатын, мұғалім сұрақ барлығының көзінше қойылғанда Альманың ыңғайсызданатынын сезіп, оны сыныптағы пікірталасқа қатыстыруға тырысқан жоқ.

Сонымен қатар, оның сыныптағы оқу үлгеріміне қарағанда, Альма үйге алатын тапсырмалар жиі аяқталып тапсырылады және негізінен дұрыс орындалатын. Бұл ретте мұғалім Альманың ата-анасымен әңгімелесіп, ол үй жұмысын өзі орындайтынын білді. Альманың үй тапсырмаларына қарап, тырысса оның жауап бере алатындығын көріп, мұғалім оның сыныптағы мінез-құлқына бей-жай қала алмады.

Ол өзіне сенімсіздігінің салдарынан сұраққа қате жауап беруден гөрі, жауап беруден мүлде бас тартқан тыныш деп ойлайды. Оған сабақта ойын жинақтау қиын, себебі дұрыс емес жауапқа қатысты мазасыздық оның ойын бөледі. Өзінің дайындық деңгейіне қарамастан, тест берілгенде Альма үрейленеді. Ол кеше кешке жап-жақсы біліп тұрған қарапайым әдістерді есіне түсіре алмай қиналады. Мұғалім оған сынып алдында сұрақ қойғанда, ол басқа оқушылар оған бағалап қарайды деп ойлады, және де бұл оның ойын жинақтауға кедергі келтіреді.


ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ӨТЕ САҚ САЛЛИ


Салли өте жоғары бағаларға қол жеткізеді деп күтіледі, ол дарынды әрі талантты оқушылардың ресми тізіміне енген. Көбіне Салли тәртіпті, сенімді және жоғары ынталы мінсіз оқушы болып табылады. Бір алып қарағанда онда ынтаға қатысты еш проблема жоқ сияқты.

Алайда оқудағы жоғары қабілетіне қарамай, ол тек жақсы баға мен мұғалімнің оған деген құрметіне қол жеткізуге ғана ынталы сияқты. Ол "B+" деген бағаны өте ұят деп қабылдайды. Мұқият қарайтын болсақ, Саллидің мінсіз жетістіктері барлық оқу курсы оған еш қиындық тудырмағанын көруге болады.

Салли әрбір бақылау тапсырмасын мұқият орындайды. Ол мұғаліміне қатты көңіл бөледі, тест тапсырмасында қандай материал негізгі болатынын дәл табатын керемет қабілетке ие. Салли әрбір тест бойынша өте көп дайындалады, мәтінді бірнеше рет қарайды және сұрап қалуы мүмкін ықтимал әрбір фактіні еске сақтайды. Ол курс үшін оқу талап етілмейтін тапсырманы сирек оқиды.

Салли мазасыз, бірақ оның мазасыздығы өзі мүмкіндік беретін ақыл-ой сауалдарының мәнмәтіні шегінен шықпайды. Ол өз жетістігі үшін мұғалімнен үнемі қолдау алады, сондықтан оқуға қатысты өзіне сенімді сияқты болып көрінеді. Сыныптастары арасында беделді, әлеуметтік тұрғыдан белсенді.

Саллиге ұқсас жағдайда, өкінішке қарай ол алға қойған міндеттерді орындай алмайтын оқиға кез келген уақытта туындауы мүмкін екенін ойламайды. Ол өзінің оқу үдерісінде үнемі қауіпсіз жол таңдайды. Сабақта өзіне қажеттіні ғана оқиды, бұл ретте кейін бұның қалай бағаланатынын ескеріп оқиды. Оқудың жақсы баға мен сыртта танымал болуға арналған құрал болумен қатар, кейбір ішкі мәні бар екені туралы ой мүлдем басына кірмейді. Оған берілетін басшылық нұсқаулар мен құрылым шегінде әдістемелік жұмыс істей отыра, ол шығармашылық тәсіл көрсету үшін ешқандай күш салмайды.

Салли кәсіптік бағдарлау жөніндегі кеңесшінің қосымша оқу жұмысына қатысу туралы ақылын тыңдамайды. Оған оқу дағдысында өзіне деген сенімділік жетіспейді және жеңіліске ұшырамауы үшін тәуекел етпеуді дұрыс деп көреді. Сыныбында көрсететін сенімділігі шын мәнінде елес қана. Көп оқуды қажет етпейтін мұқият таңдалған курста үлгеруі үшін «жеткілікті деңгейде ақылды» екенін біледі, бірақ күрделі тапсырмаларды орындайтынына аса сенімді емес. Ол ешқашан тексермегендіктен өз біліктілігінің нақты шекарасын білмейді.

Салли білімі мен қиялын дамытпайды. Салли үшін оқу дегеніміз тек мектепте орындалатын нәрсе ғана. Ол үшін оқу ішкі мәнге ие емес, тек құрал ғана сияқты. “A” деген баға береді, бірақ ешқандай қуаныш не толқу әкелмейді. Оқу дегеніміз – өз қабілетіңді дамытпайтын, біреудің идеясын есте сақтау ғана. Саллидің шығармашылық ойлау әлеуеті ешқашан анықталмайды.

ОҚУШЫ СИПАТТАМАСЫ: ҚОРҒАНАТЫН ДЕЙВ

Дэйв 10-сыныптағы ең нашар оқушылардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол өзінің нашар оқу үлгерімі мен сабақта ештеңе түсінбейтіндігі арасындағы байланысты жасырғысы келеді. Өкінішке қарай, ақымақ болып көрінбеу үшін ол қолданатын стратегиялар сабағын жақсартуға кедергі келтіреді.

Ол әдістерді тапқырлықпен қолданады. Мысалы, бір күні таңертең Дэйв бұған дейін орындауға тиісті болған тәжірибелік сабақ туралы он сұраққа жауап беру шеңберіндегі тапсырмаларды орындап отырады. Мұғалім сыныпта өз қабілеттеріне қарай және сұрақтарға жауап алу арқылы әрбір оқушы жұмысының мониторингін жүргізе отырып, әр оқушымен кезек-кезек жұмыс істейді. Дейв мұғалімге бірнеше сұрақ қояды, бірақ ол көптеген сұрақтарға өздігінен жауап беру үшін бар ынтасымен жұмыс істеп отырғандай әсер қалдыруға тырысады. Шындығында, ол қалған жауаптарды сыныптастарынан алады немесе көшіріп алады. Осылайша, Дэйв берілген жұмысты оқымай-ақ және түсінбестен тапсырманы аяқтайды.

Келесі сабақта мұғалім оқушылардан кешегі жұмыстарын көрсетуді сұрайды. Дейв жоқ дәптерді іздестіру мақсатында өзінің сумкасын қарап жатқандай кейіп танытады, бірақ, бұл ретте оның өзін қоса алғанда, оның мұғалімі де, сыныптастары да барлығы, шындығында, оның бұл тапсырманы орындамағанын біледі.

Модуль бойынша тестілеу соңында Дэйв екі рет қарындашын ұштайды, жерге құлап қалған өшіргішті көтерген сияқты болады және бауын байлайды. Ол сұрақтарға көңіл бөлмейтіндігін жасыруға тырыспайды. Керісінше, ол сыныптағы әрбір адамның оның тестіні шешуге тырыспайтынын байқағанын күтеді. Мұғалім барлығының көзінше, егер ол тырысса, оның бағасы жақсы болатынын, олай болмаған жағдайда нашар болатынын Дейвке және оның сыныптастарына хабарлай отырып, оған бірнеше рет жұмысқа қайта оралуын ескертеді. Дейвтің қалайтыны да осы болатын, ол басқалардың өзін естуін тілейтін.

Дейвтің стратегиялары, кемінде, қысқа мерзімде өз мақсатына жетеді. Ол кейбір тапсырмаларды өте жақсы деп айтпасақ та, жақсы деңгейде орындаудың жолын табады. Ол тест орындауға тиісті уақытта (бұл жағдайда көшіріп алу сияқты басқа стратегиялар мүмкін емес) ерігіп отырып, ол ақымақ екендігі туралы тұжырымнан, яғни, қолданылған шараларға қарамастан оның нашар бағаларына сүйене отырып жасауға болатын логикалық тұжырымнан аулақ болуға тырысады. Бірақ тапсырманы орындауға ешқандай әрекет қабылдамай, ол бұрынғы қалпында қала береді, бірақ егер де тапсырманы орындауға тырысып көрсе, тестіде жақсы баға алуға болатыны туралы ойланбайды да.

Бұл жердегі қайғылы жағдай ақымақ болып көрінбеу үшін қолданылатын әр алуан күш жігердің барлығы өзін-өзі қорғау актісі болып табылатындығында. Бірақ оның оқу бағдарламасын меңгеруде ілгері жылжу жоқ, ал оның сәтсіздігі күн сайын шарасыз болып барады. Ақырында Дэйв қабілетті адам ретіндегі өз бейнесін сақтау амалдарынан бас тартып, сыныптағы «топас» балалардың бірі болып шыға келеді. Егер ол осы өзін-өзі бүлдіретін ойынды жалғастыра беретін болса, онда ол көп ұзамай ақылды болып көрінуге тырыспайтын Ханна сияқты дәрменсіз болып шығады.

ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: РИЗА БОЛҒАН СЭМ


11-сыныптың оқушысы өмірге риза Сэмді сыныптың күлдіргіші деп санайды. Ол алғашқылардың бірі болып мектепке келеді және сабақ біткен соң ұзақ уақыт бойы мектеп ауласында өзінің сыныптастарымен бірге жиі есерленеді. Оған мектеп ұнайтын сияқты, ол құрдастарының арасында танымал және тек кейде ғана өз қылықтарының салдарынан қиындық көріп жатады.

Сэм – сүйкімді оқушы, бірақ көптеген мұғалімдердің көңілін қалдырады. Ол негізінен «C+/B-» бағаларын алады, бірақ ол еш қиналмастан «A» бағасын да алар еді. Оның қабілеттерін байқауға арналған стандартталған тестілер бойынша балдары оның көптеген сыныптастарына қарағанда айтарлықтай жоғары балға қол жеткізуге қабілетті екенін үнемі көрсетеді, бірақ ол өзінің шынайы қабілеттерін тек кейде ғана көрсетеді. Ол сабаққа шын мәнінде жинақталатын кездегі сирек күндері Сэм күрделі сұраққа жауап бере алатын сыныптағы жалғыз оқушы болып шығады. Оның әлеуетін сондай-ақ өзіне қызықты жобамен шұғылданғанда айқын көруге болады.

Негізінен, Сэм мектеп жұмысына аса қызығушылық білдірмейді. Ол аздаған күш жұмсап ала алатын бағаға қанағаттанатын болғандықтан, нашар баға алу қаупінің ешқандай әсері жоқ. Ол әдетте өз жұмысын аяқтайды, бірақ ешқашан өте көп істемейді. Ол сабақта барынша назар аудара отырып-ақ көптеген тестілерден өтуге болатынын білетіндіктен, тестілерге ешқашан дайындалмауды дағдыға айналдырған. Сэм ақылды екенін біледі, бірақ таң қалдыруға ұмтылмайды. Ол өзінің оқудағы артықшылықтарын көрсету арқылы өз құрдастары арасында құрметке жетуге қызықпайды және өз мұғалімдерінің сыйлауына қол жеткізуге мүлде қызықпайды. Ол проблемалардан, кем дегенде, көп уақыт бойы алыс болуға ынталанған. Демек, ол мұғалімдерден өзін алыс ұстау үшін не талап етілсе, соны жасайды.

Сэм үйінде ақыл-оймен жұмыс істеуді талап ететін компьютерлік ойындарды сағаттап ойнайды. Сондай-ақ Сэм ғылымға қызығады. Ол ғарыш жөніндегі өзі таба алған барлық кітаптарды оқыды және әдетте, жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру бағдарламасының бөлігі болып табылмайтын тақырыптар бойынша дамыған түсінікті білдіретін өз түсініктерімен ғылым (физика) бойынша өз мұғалімін жиі таң қалдырады. Оның жаратылыстану пәндері бойынша сабақтарда қарастырылатын тақырыптар бойынша жұмысы барлық қалған пәндер сияқты кәдімгі жұмыс болып табылады – ол қолайсыздыққа ұшырамау үшін не жасау қажет болса, соның нақ өзін жасайды. Ғылыми-фантастикалық романдарды оқу – оның тағы бір үлкен сүйікті ісі, ол тіпті бірнеше қысқа әңгіме де жазды. Жазбаша мазмұндамадағы оның белгілі бір талантына қарамастан, бұл оның мектептегі бақылау тапсырмаларында жиі көрінбейді.

Сэмнің мұғалімдері оның мектепте үлкен деңгейге қол жеткізе алатынын біледі. Негізінде әр мұғалім стратегияның бір ғана сериясын сынап көреді. Оның бақылау тапсырмаларына қатысты жартылай күшін жұмсауға тырысатынын байқай отырып, мұғалімдер алдымен оның барынша жоғары баға алуы үшін өзінің мектептегі жұмысына шамалы уақыт бөлуі үшін жағдай жасайды. Бірақ Сэмге бұл стратегия ықпал етпейді, себебі Сэм үшін жақсы бағалардың басқа балаларға сияқты құны жоқ, ол төмен бағаны жаза деп қабылдамайды.

Сэм мектепке қатысты жұмыста алға басу үшін ешқандай себеп көріп тұрған жоқ. Оған зияткерлік тапсырмалар ұнайды, бірақ тек ол үшін осындай болып табылатындары ғана. Егер оның бойындағы қызығушылықтар курстық талаптарға қайшы келетін болса, ол өзін оқуда өте жақсы етіп көрсетеді. Көп жағдайларда, оның зияткерлік белсенділігі сыныптан тыс байқалады, ал оның сыныптағы белсенділігі зиятты емес. Сэм сияқты оқушыларды барлық оқыту сатыларында кездестіруге болады. Олар ата-аналардың да, мұғалімдердің де көңілдерін бірдей қалдырады. Өз мұғалімдерін шын мәнінде оқи алмайтынына сендіретін Ханнаға қарама-қарсы Сэмнің мұғалімдері оның артық қабілеттерінің барын біледі. Бірақ ынталандыруға арналған қарапайым стратегиялар Сэмге ұқсас оқушыларға қатысты тиімсіз болып қалады.


ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ДӘРМЕНСІЗ ХАННА


Ханна жарты сағатқа жуық партаның басында отырды және мұғалімнің ойынша, ештеңе істемей бос отырды. Мұғалім Ханнаны ойланып жұмыс істеуді талап ететін бір сұрақты шешуге шақырмақ болды. «Мен жасай алмаймын» деді Ханна, тіпті мұғалім нұсқаған тапсырмаға қарамай тұрып-ақ. Ол: «Мен не істеу керек екенін де білмеймін» дегенді қосып қойды. Оның жауабына қанағаттанбаған мұғалім: «Жаңа ғана осыған ұқсас есепті тақтада шығардық емес пе? Сен тыңдамай отырғансың ғой?» дейді. «Мен түсінбеймін» деді Ханна. Мұғалім сұрақ қоя отырып, есепті шығару жолдарын түсіндірді. Ханна көп сұраққа дұрыс жауап берді. Оның есеп туралы аз да болса түсінігі бары айқын көрініп тұр. «Міне, сен бұндай есепті қалай шешуді білесің» деді мұғалім. «Өз қалауыңмен тағы біреуін неге шығарып көрмейсің?». «Мен қалай шығаруды білмеймін» деп айтқанынан қайтпады оқушы. Мұғалім: «Ал сен менің сұрақтарыма дұрыс жауап бердің ғой?». «Өйткені сіз маған көмектестіңіз» деп дереу жауап берді Ханна. Қыздың аздап қулық жасап тұрғанын түсінген мұғалім қатқыл дауыспен: «Мен білем, сен бұны шығара аласың және осы есептердің кейбірін өзің шешкенді қалаймын» деді.

Мұғалім Ханнамен әңгімесін осылай аяқтап, оны есепті шығаруға оңаша қалдырып, басқа оқушыға көңіл аударды. Шамалыдан соң Ханнаның партасы тұсынан өтіп бара жатып, есептің сол күйі шығарылмағанын байқады. Дәл осындай оқиға жылына бірнеше мәрте қайталанады, сондықтан ең соңында біз кейіген мұғалім мен мұғалімнің кейіген кейпін өзінің әлсіздігі деп ұғатын оқушыны көреміз.

Ханна зерттеушілер «жүре пайда болған қауқарсыздық» деп атаған құбылыстың классикалық үлгісі болып табылады. Оның сабақ үлгерімі үнемі төмен, сыныптастары оған «ақымақ» оқушы ретінде қарайды. Оның өзін кез келген жаңа оқу материалын игеруге қабілетсіз деген пікірі күн өткен сайын нығая берді. Сабақтағы «үлгермеушіліктен» бәрібір құтыла алмаймын, демек «тырысудың қажеті қанша» деп ойлайды ол.

Ханнаның үлгерімі нашар. Ол сыныпқа әлеуметтік тұрғыдан кірікпеген, сол себепті айналасымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі жоқ. Ханна агрессияшыл бала емес және қандай да бір тәсілмен өзіне назар аударудың немесе өз сыныптастарына кедергі жасаудың орнына уақытын кеңістікке көз тігумен бос өткізіп, тыныш отырады. Бұдан басқа оның мұғалімге қоятын еш талабы жоқ. Ханна сұрақ қоятын еш себеп көріп тұрған жоқ, себебі өзін бірдеңе түсінемін немесе жауапты пайдаланамын деп ойламайды.

Оқушылардың «жүре пайда болған дәрменсіздігінің» көптеген түрі бар. Өзінің академиялық сабақ үлгерімімен құрметке ие болудан бас тартқан кей оқушылар өзін таныту үшін энергиясын басқа салаға жұмсайды. Олар сыныпта сайқымазақ, бұзақы немесе сыныптастарын мазақтайтын оқушы болуы мүмкін немесе жасөспірім шағына қарай оның академиялық үлгерімін қабылдамайтын құрбылары арасында құрметке бөлену үшін қоғамға жат қылықтарды көрсете бастауы ықтимал. Әдетте бұл академиялық «дәрменсіздік» балалар үшін қабілетін спорт, музыка немесе басқа жұмыс түрлерімен айналысуға жұмсаудың заңды тәсілін пайдалану жат. Кей оқушылар үшін өзін қабілетсіз сезіну сезімінің тамыры тереңдегені соншалық, олар табысқа жететін басқа сала жоқ деп санайды.

Ханна сияқты оқушыларға мектепте онша қызық емес. Олардың күні сенімсіздікке, торығуға толы және сол себепті, олар тапсырмамен жұмыс істеуге аз уақыт бөледі, іші пысады. Сыныптастары да аулақ жүруге тырысады, тіпті кейде оған мұғалім де көңіл бөлмейді, осындай оқушылардың сөзге сараңдығы мен қауқарсыздығын ескерсек бұндай реакция түсінікті болады.

«Дәрменсіз» оқушылар бірдеңе істеуге сирек тырысатындықтан оқуда қандай да бір жетістікке сирек жетеді. Бірнеше сәтсіздігі өзін қабілетсіз оқушы ретінде сезінуіне ықпал етеді. Тіпті жетістікке қол жеткізген күннің өзінде, оған өзінің қатысы жоқ деп санайды. Олар өзінің сәтті ісін өзіне ешқандай қатысы жоқ уақытша бірдеңе деп немесе тапсырманың жеңілдігімен, мұғалімнің көмегімен шешкенін немесе әншейін сәттілік деп түсіндіреді. Олардың логикасы өте қарапайым, ал салдары өте ауыр болып жатады. Бақытына қарай, «жүре пайда болған дәрменсіздік» сирек кездеседі, көбіне бұның солғындау белгілері кең таралған. «Жүре пайда болған дәрменсіздікке» «шалдыққан» балаларды ынталандыру өте күрделі мәселе, ол өте ақылды және төзімді мұғалімдерге де қиын соғып жатады. Ең дұрысы оның дамуының алдын алу, болдырмау екені айқын. Алайда соңғы стадиялардағы осындай оқушы кездескенде мұғалімдер бұл оқушыда бұрын қалыптасып кеткен әдетті өзгерте алмайды.


8

Issue 1

Date: 15/12/2011


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.03.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Научные работы
Просмотров529
Номер материала ДВ-506849
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх