Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Мектеп жеткіншектерінің білім дәрежесі

Мектеп жеткіншектерінің білім дәрежесі


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:









Май ауданы

«Қазақстан жалпы орта білім беретін мектеп»ММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Авилхайрам Күмісгүл


Мақала: Мектеп жеткіншектерінің білім дәрежесі





































Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қолайлы. Бұл ретте дүниетану пәнінің маңызы зор. Дүниетану пәнін оқытуда балалардың табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастырып, адамгершілікке тәрбиелеу мақсат етіледі.

Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-әрекетi басым. Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.

Егер, бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда дүниетану пәні оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда мүмкіншілігі ерекше.

Aдaмгepшiлiк – aдaмдapмeн қapым-қaтынac жacaғaннaн пaйдa бoлaтын игiлiк ceзiмi; aл eкiншi жaғынaн – aдaмдapмeн iштeй жәнe жaлпы түpдe қaтынac жacaу мүмкiндiгi, aзaмaтты жaнуapлapдaн epeкшeлeндipeтiн, тeк aдaмғa тән ғaнa қacиeттep жиынтығы

Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.

Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедiӘр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Отансүйгiштiк.Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен. Әдептiлiк.Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз. Бауырмалдық.Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған.Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет. Қайырымдылық. Қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет”

Eңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi - адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк қасиеттері мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.

Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне - бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады. Ал оқуға деген әдет адамның әдет - дағдыларының күрделi бiр түрi болып табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез - құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Олар оқушылардың бiлiм алуына және оқушыларды практикалық қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы өз -өзiне сенбесе, оған оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк қасиеттерін тәрбиелеудiң iс - жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi - мұғалiмнiң оқушыларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып табылады. Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. «Әдет - дейдi А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет»

Қoғaмдық жұмыcтapды жүйeлi түpдe жүpгiзгeндe, oқушының дүниeтaнымы кeңeйeдi, қapым-қaтынac жacaу бeлceндiлiгi дaмиды. Өйткeнi ic-әpeкeт бapыcындa oқушы бeлceндi бoлып, өзiнiң көзқapacтapын, ceнiмдepiн, apмaн-мұpaттapын қaлыптacтыpaды, aл бұл бoлca дүниeтaнымды құpacтыpaды.

Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.

В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.

Адам - табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi. Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң сырын, психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi.

Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:

Бiрiншi: Имандылық.

Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.

Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.

Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.

Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.

Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.

Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық

Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрi адамдардың ақыл-ойына – сана , денесiне – қуат, бойына – күш, өнерiне – шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А.Сухомлинскийдiң пiкiрiнше адамгершiлiк тәрбие беру дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу

Жалпы қазiргi ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру мынадай мiндеттердi белгiлейдi:

-Табиғи және әлеуметтiк ортаға деген жауапкершiлiкпен қарауды қалыптастыру – тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi.

- Өзiн қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке үйретудi мектептiң бастауыш сыныбынан бастау.

-Табиғатты қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен гүлдердi баптау, үй жануарларын өсiру. Үлкенге iзет, кiшiге құрмет ету қасиеттерiн жетiлдiру.

Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi М.Жұмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек.

Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, мектепте оқушыларда адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруға дүниетану сабағының өзiндiк орны бар.

Сонымен қатар рухани жетiлген тұлғаның бойында адамгершiлiк ұстанымдар да болуы тиiс: Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, жауапкершiлiк таныту, ержүрек болу,өзiн-өзi бiрқалыпта ұстай бiлу.

  • Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерi бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасында негiзгi орын алады. Онда былай деп көрсетiлген:”Жеке тұлғаның қалыптасуы үздiксiз күрделi процесс. Әрбiр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның өзiне тән санасы, еркi, өзiндiк әрекет жасай алатын қабiлетi бар екенiн ескерiп, олардың ақыл-ой қабiлетiн, жеке бас қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске асыруға көмектесу”.

Бастауыш мектептiк кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша, адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-құлық және адамгершiлiк қарым-қытынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудiң негiзгi бағыты - мiнез-құлық мотивтерi мен әдеттердi қалыптастыру. Мектепке жаңа келген балаларда бұларды қалыптастыру бiршама қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық жағдайларды бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе келе бұл жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк мiнез-құлық ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан-жақты көмек, адамдық сезiмнiң жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. Тiптi жай ғана мысалмен түсiндiруге болады: егер де гүлдi күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып өседi, адамдарға көңiл әсемдiгiн сыйлайды. Ал егер оны қарамасаң, ол сарғайып, солып қалады. Мiне, бұл қарапайым шындық.

Бастауыш мектептен бастап қарым-қатынас мiнезi, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн өте маңызды болып саналатын жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады

Сонымен, ғалымдардың көпшiлiгiнiң пiкiрi оқушыларға адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру сөзге емес, тiкелей қоршаған ортадан алған әсерлерiне негiзделуi керек деп есептейдi. Табиғат туралы оқығандарын түсiнiп қана қоймай, табиғаттағы заттарды дұрыс, олардың айырмашылықтары мен ерекшелiктерiн байқай бiлуге үйрету. Қоршаған ортаға зиян келтiретiн әсерлерге қарсы адамгершiлiк ұғымдар қалыптасады.

Дүниетану пәні ғылыми негіздегі жаратылыстану ғылымының алғашқы сатысы. Жалпы бастауыш мектеп мұғалiмi оқушыларды қоршаған дүниемен таныстыра отырып, эстетикалық, адамгершiлiк, табиғатты қорғауға тәрбиелеудi мақсат деп санайды.

Ғылымда қоршаған дүние сырын танудың оқу үрдісiнде үш әдiсi бар:

- бiлiм көзi;мұғалiмнiң оқытуы;оқушының бiлiмдi қабылдауы; оқытудың тәсiлдерiнiң классификасы; әңгiмелеу, түсiндiру, суреттеу, баяндау, көрнекi құралдарды қолдану, практикалық жұмыс, табиғатқа топсеруен, тәжiрибе жасау, т.б.

Оқу процесiнде қолданылатын әдiстердi оқу үрдісiнiң құрамына, оқушылардың жас ерекшелiгiне, сабақтың тақырыбына байланысты белгiлеймiз.

Туған елдiң табиғаты – адамгершiлiк тәрбиенiң қуатты құралы. Оның сұлулығы балалық шақта жарқын әрi терең қабылданады. Мұғалiм балаларға табиғат әлемiн ашып бередi, олардың гүл жапырағындағы мөлдiр шықтың, алуан түрлi шөптердiң, батып бара жатқан күн бояуының ғажап әдемiлiгiн түсiнуге көмектеседi.

Баланың барған сайын аналитикалық-синтетикалық ойлау дәрежесi дамиды. Осыны ескере отырып, балалардың серуеннен кейiнгi алған бiлiмдерiн жинақтау мақсатында мiндеттi түрде қорытынды сабақ өтiледi.

Көктемнiң алғашқы гүлдерiмен таныстыру топсеруенi табиғаттың кiшкене ғана бөлшегi арқылы әсемдiктi көре бiлу мақсатын көздейдi. Балалар гүлдердi салыстырып көрiп, олардың құрылысы мен тiршiлiк әрекеттерi жайлы бiрқатар мәлiметтер алады. Бақылаған өсiмдiктердiң атын атауларына қарап балалардың топсеруен кезiндегi зейiні тұрақтануы мен материалдарды есте сақтау қабiлеттерiнiң өте қиын екенiн байқаймыз. Мұндай сабақтарды өткiзу барысында мұғалiм алдында күрделi мiндеттер тұрады. Бiрiншiден, топсеруеннен алған әсерлерi негiзiнде балалардың табиғатқа деген қарым-қатынасын, қоршаған ортаның әсемдiгiн көре бiлу қабiлеттерiн одан ары дамыта түсу, ұйымшыл, тату болуға, өзара сыйластық сезімдерін үнемі тудыруға тырысу. Екiншiден, мұғалiм оқушылармен бiрге табиғи құбылыстарды, олардың қасиеттерiн бақылауы, яғни баланың шындық өмiрдi қабылдауын дамытуы керек. Кез-келген бастауыш сынып мұғалiмi дүниетанудың осы екi тұсын үйлестiрудiң өте қиын екенiн бiледi.

Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iс-әрекеттерi де үлкен әсер етедi. Әсiресе, бастауыш сынып оқушылары өздерiнiң жас шамаларына қарай ертегi, аңыз-әңгiмелердi, батырлар туралы шығармаларды сүйсiнiп оқиды.

Шығарма кейiпкерлерiнен үлгi алып, оның жақсы қасиеттерiн үйренiп, соған жету үшiн өздерiн дайындайды. Мысалы, достық деген тақырыпқа байланыстырып, өмiрден достыққа байланысты деректер келтiрiледi.

Осылайша сабақты тартымды өткiзу үшiн сабақ тақырыбына сай көрнекi құралдар, дидактикалық материалдар, үлестiрмелi карточкалар көптеп қолдану керек. Қорыта айтқанда бастауыш сынып оқушылары үшiн сабақты қызықты да мазмұнды етiп жүргiзу мұғалiмнiң өзiне, шығармашылық iзденiсiне, әр түрлi әдiстемелiк әдiс-тәсiлдердi сабақта тиiмдi пайдалана бiлуiне байланысты.

Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерiн дарыту жөнiнде мұғалiмдердiң арнаулы мақсат көздеген қызметi.

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен және негiзiнен оқыту процесiнде жүргiзiледi. Баланы оқыту үстiрт қарағанда ғана тiптi өзгеге қатысы жоқ iс болып көрiнуi мүмкiн.

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеуде мұғалiмнiң жеке басының үлгiсiмен, балалармен қарым қатынасының шешушi маңызы бар.

Оқушылар әр кез өз мұғалiмiне елiктейдi. Егер мұғалiм мен оқушылардың қарым-қатынасына iзгiлiк, қамқорлық, сезiмталдық тән болса, оқушылардың өзара қарым-қатынастары да сондай болады.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы мiндеттердiң бiрi оны адамгершiлiк туралы ұғымдар, түсiнiктермен байыту болып табылады. Оқушылар бұларды әр түрлi дәрежеде игередi, ол баланың жалпы дамуына, оның өмiрлiк тәжiрибесiне байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда оқу сабақтарының ролi үлкен, соның iшiнде дүниетану сабағы. Бiз үнемi, “Кiтап – бұл әлем сырын ашу” деймiз. Яғни, оқу арқылы оқушы қоршаған өмiрмен, табиғатпен, адамдардың еңбегiмен, құрдастарымен, олардың қуаныштарымен, кейде тiптi сәтсiздiктерiмен танысады. Бастауыш сынып оқушылары ең алдымен iзгiлiк, қайырымдылық, сезiмталдық, әдеттiлiк туралы ұғымдарды түсiнуi, оларды айыра бiлудi үйренуi керек. Бұл сапалар өзара байланысты, қайырымды адам қашан да сезiмтал, әдiлеттi адам да сергек, сезiмтал келедi. Балаға адамгершiлiк сапалардың өмiрдегi көрiнiсiн көре бiлуде, қайырымдылық, зұлымдықты, сезiмталдық пен әдiлетсiздiкті, жолдасына шын мәнiнде немее жалған көмек берудi айыра бiлудi үйренуi тиiс. Сондықтан оқушылар адамгершiлiк мәдениетiнiң дамуына бағыт беру үшiн осы сапаларпдың мазмұнын бiлу қажет.

Дүниeтaнымды қaлыптacтыpу тұлғaның жaлпы бaғыттa қaлыптacуымeн яғни ic-әpeкeт қapым-қaтынacының жүйeciмeн тiкeлeй бaйлaныcты. Пcиxoлoгиялық-пeдaгoгикaлық зepттeулep көpceткeндeй oқушының жeкe тұлғacы oның жүйeдe aлaтын opнымeн, жeткiлiктi aдaми қapым-қaтынacпeн, coның iшiндe өмipдe қoйылaтын тaлaптapдың дәл coл кeздeгi пcиxoлoгиялық epeкшeлiктepiмeн бaйлaныcты.

Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.

Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.

Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды дүниенiң үш құрамдас бөлiгi туралы бiлiм алады. Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi. Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа жетелейдi.

Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы басқалармен бiрге табиғатта жатады.

Табиғат - адам баласының материалдық және рухани қажеттiгiне жарайтын ең негiзгi байлық. Себебi қоршаған орта барлық адамдарға ортақ, сондықтан оның таза және әсем болуына бастауыш сынып оқушылары да үлес қоса алады. Дүниетану сабағында оқушыларда табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оларды қорғап, оның байлықтарын тиiмдi пайдалану жұмыстарын тәрбиемен байланыстырып жүргiзiлетiн жұмыстар өткiзу мұғалiмге байланысты.

Бастауыш мектептен бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте дүниетану пәнiнiң маңызы зор. Дүниетану пәнiн оқытуда балалардың табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсат етiледi

Бастауыш сынып оқушыларын сабақтан тыс жұмыс барысында тәрбиелеудің - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс. Оқу үрдісіндегі тәрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі сыныптағы оқушылардың адамгершілік түсініктерінің әр түрлі болуында және де тәрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес.

Дегенмен, бастауыш және орта білім жүйесінде адамгершілік мәдениетінің негізгі мәселелерін басым бағытта оқып-үйрену әлі күнге дейін педагогика ғылымының және білім берудің қазақстандық тәжірибесінде өте аз, жоққа тән. Осыған орай біз зерттеу нысанасына сүйене отырып оқыту барысында адамгершілік-рухани негіздерін қалыптастырудың мәселелік-бағдарлы міндеттерін оқып-үйренуге болады деп ойлаймыз.



7



Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров175
Номер материала ДВ-321314
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх