Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Тесты / Мектеп алды даярлық тобына арналған «Тілашар» ашық тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Мектеп алды даярлық тобына арналған «Тілашар» ашық тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев « Қарттарды сүйем »

Сабақтың мақсаты:1.М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,мәнерлеп оқи отырып, түсінігін әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.2.М.Мақатаев туралы түсінік беру,қарттарға көмек көрсету, сөздік қорларын көбейту.3.Туған халқының талантты ақынына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілік тәрбие беру.

Көрнекілік; М.Мақатаевтың суреті,сызбалар, « Аман-сау жүрші, қарттарым »

Сабақтың барысы; I.Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру -Балалар, біз қандай үлкен бөліммен танысып жатырмыз?- «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым ».

III Жаңа сабақ

М.Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен бастау

 Ақ қырау тұрған ақпанда

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,

Есіңе мені алғайсың! Балалар, осы өлең шумақтары сендерге таныс па?

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты:Мұқағали Мақатаев атамыздың өмірімен және Мұқағали атамыздың қарттарды құрметтеу,қадірлеу жайында жазған « Қарттарды сүйем » өлеңімен танысамыз.

1931жыл 9-ақпан.Алматы облысы,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылы

-Атасы-Мақатай, әжесі-Тиын -Әкесі-Сүлеймен, шешесі-Нағиман -Жан жары – Лашын

-Алғашқы өлеңдерін 10жасынан жаза бастаған -Қызы-Алмагүл, ұлдары-Айбар,Жұлдыз

-Кітаппен жұмыс

1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру

2.Өзбетімен жартылай дауыспен түсініп оқу/ Таныс емес сөздерді түртіп алу/

3.Сөздікпен жұмыс мұрагер- кемеңгер- дана- сиреп –

4.Дауыстап, мәнерлеп тізбектей оқыту 5.өлеңнің мазмұнын ашу, талдау -Балалар, осы өлең кімдер туралы екен?- Қарттар туралы.

IV Ой топтастыру « Қарт» сөзін естігенде көз алдарыңа кімді елестетесіңдер?Қарт сөзін басқа қандай сөздермен алмастыруға болада?

Сергіту минуты 

V Поэзия минуты -↑Балалар,қазір біздің мектебімізде қандай оқулар өтіп жатыр?-Шәкәрім оқулары .Ал былтыр қандай оқулар болды? /Шәкәрім, Абай, Б.Момышұлы, М.Мақатаев/

Қанеки, кім М.Мақатаевтың қандай өлеңдерін жаттап еді?

VI Сабақты қорыту Үйге тапсырма Өлеңді жаттау ,эссені аяқтау

 Әдебиеттік оқу

 Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?

Сабақтың білімділігі:  Оспанхан Әубәкіровтің  өмірбаянымен  таныстыру, ертегінің мазмұнын ашу,сүт тағамдарымен тереңірек таныстыру.

 Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларға бағыт-бағдар бере  отырып, өздіктерінен жұмыс істеу,  өз ойын әдеби тілмен өрнектей    білуге машықтандыру.

Сабақтың тәрбиелігі:  Ертегі арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу,төрт түлікті құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

  Сабақтың көрнекілігі: О.Әубәкіров суреті,әр бөлімге байланысты суреттер, «Сөз құрап жаз» кестесі,

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.  2.Психологиялық дайындық.  3.Үй тапсырмасын сұрау.

 3Кіріспе әңгіме.Оқушылардың қызығушылығын ояту.

-Бүгін Оспанхан Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» деген шығармасымен таныс боламыз.

Шығармамен таныспас бұрын авторымен танысып алайық.

      7. Сергіту минуты.

8. Оқулықпен жұмыс.

1.Ертегінің мазмұнын түсіндіремін.

2.Өлеңді нақышына келтіре оқып беремін.

3.Оқушыларға тізбектей оқытамын.

4.Тыйым сөз: Кісіге қарап есінеме.Есіней қалсаң,аузыңды қолыңмен қалқала. (Оқушыларға өздері білетін тыйым  сөздер айтқызу.)

 9. Ертегімен жұмыс.Тауып оқу.

  1.Ертегіден  ел-жұрттың сөзін тауып,әуеніне сай оқы.

         2.Ертегідегі мақалды тауып оқы.

         3.Әженің іс-әрекетін тауып оқы.

         4.Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып оқы.

  Ертегіні бөлімдерге бөлу (3 бөлім)

 Бөлімдерге ат қою. 1-бөлім: «Сүттің ұйықтап қалуы».

                                  2-бөлім :«Сүттің тасуы».

                                  3-бөлім :«Қалтаға құюы».

Бөлімдерге сәйкес суреттерді ілемін,өз сөздерімен ертегіні баяндатамын.

Өмірмен байланыстыра отырып, «Құрттың дайындалуы» туралы айтамын.Сабақты қорыту:                                                            

13. Бағалау.

          14. Үйге тапсырма: Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу

 Әдебиеттік оқу

Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің “Салақтық” атты әңгімесімен таныстыру

Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік: Мәтіннің мазмұнын меңгерту,көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту,

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, тазалықты сүюге баулу

Сабақтың барысы:

1.Қызығушылығын ояту кезеңі

2.Үй тапсырмасын сүрау.

3.Өткен тақырыпты бекіту.

4.Жаңа сабаққа ену.

2).Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау

-Бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің “Салақтық”

атты әңгімесімен танысамыз.

3).Мәтінді талдау.

5.Ой-толғаныс.

4.Ой толғаныс;

1).а.”Автордың орындығы” стратегиясы.

ә. Орындыққа “автор” отырып автордың рөлін

сомдайды.

2).Түйін;

-Осы әңгімені қандай мақалмен қорытындылауға

болады

3).”Топтастыру”стратегиясы бойынша салақтыққа қандай қылықтарды жатқызуға болады

6.Қорытынды.

7.Үйге тапсырма.

8.Бағалау.



 Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Амандасу салты.

Мақсаты: а)Жаңа сабақты түсіндіре отырып, амандасу салтының бірнеше түрін оқушыларға меңгерту.

ә)Мұсылман халқының амандасу салтының бірнеше түрлерін меңгерте отырып, оқушылардың тіл байлығын дамыту.

б)Мәтін арқылы оқушыларды дұрыс амандаса білуге, адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Тірек кесте, сызба, суреттер, тест.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) психологиялық дайындық.

ә) балалар назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

- Сүт қалай ұйықтады? (өлең түрінде берілген ертегі)

-Осы ертегінің мазмұнын оқушыларға қара сөзбен айтқызу;

Ой қозғау: Осы ертегіде нақыл сөз болды ма?

Жаңа сабақ: Амандасу салты.

Дәптермен жұмыс.

-Осы сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер?

-Сендер бір-біріңмен, үлкен кісілермен қалай амандасасыңдар?

Жаңа сабақты тірек кесте арқылы түсіндіру: (тақтаға мұқият зер саламыз)

Амандасу салты.

  Ауылға алыстан қонақ келгенде, ауыл адамдары жиналып барып сәлем береді.

 Тапсырма:

1. Мәтіндегі халық нақылын тауып оқы.

2. Сызбаны толтыру.

 Сергіту сәті:

Сен білесің бе?

Әр халықтың сәлемдесуі әр түрлі болып келеді.

Бекіту: Венн диаграммасы.

Амандасу Қоштасу

Бағалау:

Үйге: Мәтінді оқу. Ойланып жауап бер.

 

Тақырыбы: Даңғой. Есентай Ерботин.
Мақсаты: 1.Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны
ұғындыру.
2.Мысалдағы қалтарыс, кәде, даңғой, желөкпелік қырсығы т.б. сөздерді пайдаланып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын, мәнерлеп оқу және танымдық білімін арттыру, ой-өрісін жетілдіру.
3.Мақтаншақтықтың зиянын білгізіп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

Көрнекілігі: сюжетті сурет, парақша, «сиқырлы сандар» кестесі

Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2.Сабақ жоспарын таныстыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
III.Жаңа білім.
1.Кіріспе әңгіме.Ұқыпсыздық, салақтық, ұрлықтан аулақ болу керек.Ондай жаман әдеттің бірі - даңғойлық яғни ретсіз мақтаншақтық.Бүгінгі оқитын мысал осы жөнінде.Оның авторы Есентай Ерботин балалар ақыны, оның шығармалары қысқа тақпақтар, жаңылтпаштар, ойын-өлеңдер, мысалдар.Олар өте қызықты оқылады. («Менің досым»).
2.Мысалды оқып, сюжетті сурет бойынша мазмұнын түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс.Мәнерлеп оқу.
IY.Сергіту сәті.Қияр сөзін дене мүшелерімен жазу.
«Сиқырлы сандар» кестесі ойыны.
1.Шығарма неліктен мысалға жатады?
2.Қияр нені қиялдады?
3.Сол үшін не істеді?
4.Уақыт жеткенде қияр қандай күйге ұшырады?
5.Мысалда ақын қандай тұжырым жасайды?
6.Мысалдан қиярдың сөзін тауып оқы.
7.Өлең сөздеріне сүйене отырып, «мақтаншаұ» деген мағынаны білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы.
(Дәптерге жазу. Мақтаншақ, даңғой, желөкпе).
8.Мысалдан «үлкен» деген мағынаны білдіріп тұрған сөзді
тауып оқы.(үлкен, нән, алып, дәу).
9.Мысалдың соңғы шумағына көңіл бөліп, оның неге жататынын анықта: - мақал-мәтел, -нақыл сөз.
10.Қалтарыс сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
11.Кәде сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
12.Даңғой сөзіне сөйлем ойла.
13.Өзіңді мақтап айт.
14.Досыңды мақтап айт.
15.Өзгені мақтаған немесе өзіңді мақтаған оңай ма? ұнай ма?
Жасырылған сөз: Таласпа, жаным-ай, Қолыңнан келмеске...(Абай).
«Нәтиже» басқышы.
1.Парақшада берілген сөздермен тілек айту.
Талап ------------Өсек -------------- Отан
Еңбек----------- Өтірік -------------- Ел
Рақым --------- Мақтаншақ ------ Халық
Терең ой ------ Еріншек ----------- Ата-ана
Қанағат -------- Қызғаншақ ------- Мектеп
Білім ----------- Ұқыпсыз ------------ Туған жер
Y.Қорытынды:
2.Не өтілді?
Нені үйрендік?
YI.Үйге тапсырма1.Мысалды мәнерлеп оқу.2.Мазмұнын жазу.
YII.Бағалау.

Тақырыбы: Ш. Смаханұлы « Тәкаппар»

Мақсаты: а) Мысалды түсініп оқып, мазмұнын ұғыну, меңгерту; ә) Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу, шы, армашылық қабілеттерін дамыту;

б) Мәтін арқылы оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу;

Көрнекілік: Тірек кесте, сызба, суреттер, тест.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.а) психологиялық дайындық.ә) балалар назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.- Даңғой мысалының мазмұнын оқушыларға қара сөзбен айтқызу;

Жаңа сабақ: Шона Смаханұлы Тәкаппар.

Автор туралы түсінік беру:Дәптермен жұмыс.

Жаңа сабақты тірек кесте арқылы түсіндіру (тақтаға мұқият зер саламыз)

Тәкаппар, 

Тапсырма:

1. Мысалдан сусыз өмір сүргісі келген балықтың жайы суреттелген жолдарды тауып оқы.

2. Кестемен жұмыс.

Кестені толтыр:

 Жөнімді өзім білемін,

Сусыз-ақ өмір сүремін.

Қадіріңді білмедім,

Неге шалқып жүрмедім?

 Сергіту сәті:

Осы мысал бойынша қандай сурет салар едің?

Эссе жазу Сен білесің бе?Тест:

«Даңғой» сөзінің мағынасын ашатын сөзді тап.

А.Еріншек В.Мақтаншақ С. Ұйқышыл Д. Салақ

«Өркөкірек, мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық келетін сөзді тап

А, Ұйқышыл В. Еріншек С.Салақ Д.Тәкаппар

«Өндірмесе дәнеме,

Мақтанғаннан не пайда?» деген жолдар қай мәтіннің қорытынды ойы?

Даңғой В. Тәкаппар С. Сүт қалай ұйықтады? Д. Атай

Бекіту: Венн диаграммасы.Даңғой Тәкәппар

 Бағалау:

Үйге: Мысалды оқу. Қосымша тапсырма.

Сабақ тақырыбы: Гумеров М «Көк кептер»

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: мәтінге түсінік бере отырып,оқуға , кейіпкердің іс-әрекетінің мәнін ашуға үйрету,оқырмандық көз қарасын қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбителігі: шығармаға байланыстыра отырып балаларды адамгершілік қасиеттерді тани білуге, адал достыққа баулу, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Автор суреті, қима қағаздар, көгершіннің суреті. Венн диаграммасы

Сабақ барысы: ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа тақырып

Әуелі авторға келсек Гумеров М (1925- 2002) жылдар аралығында өмір сүрген. Башқұрстанда туған 1937 жылы Қазақстанға көшіп келген. Ұлты татар болғанмен шығармаларын қазақ тілінде жазған. «Ана мен бала» , «үш күн, үш түн» , «жоғалған кілт» шығармалары бар.

Бүгін біз автордың «Көк кептер» шыармасымен танысамыз.Бұнда қандай жаман әдет жайында айтылғанын шығарманы оқу барысында білетін боламыз.

Ой қозғау : Көгершіннің суретін көрсету, сұрақтар сұрау

  • Бұл қандай құс? Ненің нышаны ретінде алынады?

а) Мәтінді мәнерлеп оқып беру

ә) Тізбектей оқу.Түртіп алу жүйесі бойынша түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеу.

б) Сөздік жұмысын жүргізу

Мәтінмен жұмыс жасау.

- Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер? Олар не істеді?

- Нүсіпбек пен Аймағанды сипаттайық (Венн диаграммасы)

- Сен шала жансар кептерді қалай құтқарар едің?(ретімен айту)

-Егер балалар Нүсіпбек пен Аймағанның орнында сендер болсаңдар қайтер едіңдер?

-Нүсіпбек пен Аймаған арасындағы достықты қалай деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті.

Сонымен балалар бүгінгі сабақтан біз не ұқтық? Шығармадағы айтпақшы ең негізгі ой не? (балаларды тыңдау)

Біз осы шығарма арқылы бір-бірімізбен адал дос болу, достыққа опасыздық жасамау, досын қиын жағдайға қалтырмау керектігін білдік. Сонымен қатар Аймаған сияқты тентек болмай құстарды, табиғатты қорғау біздің борышымыз екнін түсіндік.

Бағалау.

Әрбір баланың сабаққа қатысуы, үй тапсырмасын орындап келуі бойынша бағалау

Үйге тапсырма: «Көк кептер» мәтінді мазмұндап келу.

Сабақтың тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт?

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың өлеңді дұрыс, саналы түрде түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа ала отырып, оқу дағдыларына үйрету.2.Өзіндік пікір, көзқарастар, көзқарас қалыптастыра отырып, оқушылардың бойында әділдік сезім, жолдастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сөздік қорларын дамыту.3. Оқушыларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекілік: М.Әлімбаевтың суреті, тақырыпқа сәйкес келетін суреттер,Қайқауыс суреті

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. а). Топтарға бөлу (Зигзаг әдісі )

2. Оқушыларға өзін- өзі бағалау бетшесін үлестіру

3.Үй тапсырмасын тексеру:

4. Жаңа сабақ

Қайқауыс суретін көрсету

-Бұл кім?- Қабуснама ережесін сұрау-Бүгінгі сабағымызда тағы да Қайқауыстың Қабуснамасынан үзінді беріліпті оқимыз.

Мақал- мәтелдерді хормен оқыту (Түсінгендерін сұрау)

Қарама-қарсы сөздерді табу

Мұзафар Әлімбаев туралы семантикалық карта:

Кім жомарт? Не жомарт? Өлеңін оқу, түсіндіру

5.Сергіту сәті

Әр топ 1 сұрақ- жауаптан оқу

8- тапсырма

Үзілісте балалардың барлығы асханаға тұра жүгірді. Ақшасы жоқ Асан ғана сыныпта қалып қойды.Бірге оқитын Мұрат оған өзіне алған бәліштің жартысын әкеліп берді. Мұраттың іс-әрекетіне баға беріп көр. (әр топ пікірлерін айту)

 Шығармашылық жұмыс

-Балалар енді өзіміз ойымыздан осы өлеңді жалғастырып көрейік

6.Қорытынды:- Өлеңнің авторы кім?

-Өлеңнен не туралы білдік?

-Негізгі ойларың қандай?

-Жомарттық деген не?

7.Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы “Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу.

Өлеңде өздеріңе ұнаған жомарттардың бірі туралы әңгіме жазу

8. Өз-өзін бағалау қорытындысы бойынша бағалау.

 Сабақтың тақырыбы: Жиырма тиын
Мақсаты:
1. Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.
2. Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын сөз байлығын молайту.
3. Адамгершілікке, бірін – бірі сыйлауға, ата – ананы құрметтеуге, айтқанын тыңдауға, қамқор жанашыр болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, бор, интерактивті тақта, автор суреті, мақал – мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың бір – бірімен ұлттық амандасуы. Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген М. Әлімбаевтың Не жомарт? Кім жомарт? өлеңін жатқа сұрау. ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Сабақты математикалық жұмбақ жасырудан бастау.
1. 10 + 10 = ? болады (20)
2. Өткен жылы бүкіл қазақ халқы тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? (20 жылдығын)
- сонымен бүгінгі тақырыбымыз «жиырма тиын» деп аталады.
Қазір біз тиын емес, теңге деп сөйлейміз. Егемендік алғаннан соң 1993 жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға енді.
- Балалар, енді осы тақырыбымызға сай мақал – мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.
- Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады
- Жүз сом ақшаң болғанша,
............................................
3. Жәнібек Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. «Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» т.б. балаларға арналған пьесалар жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең жинақтары бар.
4. Мәтінмен жұмыс
а) оқып беру, мазмұнын оқушылармен бірлесе отырып түсіну, талдау.
ә) сөздік жұмыс
милығына –
5. Сергіту сәті: Кім үлкенді тыңдаса
6. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
7. Мәтінді оқушыларға оқыту.
8. Ойын «Сырлы сандық»

Ү. Қорытынды
Мақалмен қорытындылау «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» сондықтан балалар «Адам болам десеңіз»
Мына қасиеттердің қайсысына жақын қайсысынан аулақ болу керек?.........

ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айтуға дайындалу, мақалды жаттау.
ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Белгілі балалар ақыны Әнуарбек
Дүйсенбиев туралы түсініктер қалыптастыру. «Атай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу, түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға атай бойындағы адамгершілік қасиеттерді түсіндіре отырып, кішіпейілдікті, үлкенді сыйлауды білу. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.
3. Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа баулу.
Көрнекілігі:  тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
«Атай» деген сөзді естігенде ойларына не түседі?
1. Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен танысамыз.
Дәптерге күннің жадын жаздыру.
- Балалар Әнуарбек Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?
а) Өлеңді оқу.
«Атай» өлеңімен таныстыру.
Көктем келді далаға,
Көктем келді көшеге.
Атамыз бар аулада,
Білесің бе нешеде?
Қоссаң біздің жасымыз,
Жетпейді оның жасына.
Бір қосылса басымыз,
Кете алмаймыз қасынан.
Қолдан шотын тастаса,
Тозған кітап түптейді.
Кейде әңгіме бастаса,
Кешке дейін бітпейді.
Бірде бағбан, бірде ұста,
Атай көңілі жатыр кең...
Бірге болған ұрыста
Амангелді батырмен.
ә) Суретпен жұмыс.
б)Оқушыларға іштей оқу, тізбектей оқу.
в) 
Сөздік жұмыс.
Шотын – кетпен – еңбек құралы. Тозған - ескі.
г) Өлеңді талдау.
1) Өлең неше шумақтан тұрады?
2) Әр шумақ неше тармақтан тұрады?
2. Сергіту сәті.
3. Жұмбақтарды шеш.
•Гүл – гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?
( Көктем )
4. Шығармашылық жұмыс.
І – қатарға - Көктем туралы әңгіме құрау.
ІІ - қатарға - Сурет салу.
ІІІ - қатар - Бір шумақ өлең.
10. Сабақты бекіту.
«Гүлдер теру» ойын.
11. Үй тапсырма: Өлеңді жаттау, «Менің атам» тақырыбына әңгіме құрау.
12. Бағалау.

Тақырыбы:  Мәдіхат Төрежанов  «Еркіннің еңбегі» 

Мақсаты:1. Оқушыларды «Еркіннің еңбегі»  Мәдіхат Төрежановтың әңгімесімен  таныстыру. Әңгімені мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру. Әңгіменің  мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау қабілеттерін қалыптастыру.

2. Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейте отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету. Сөздік қорын молайта отырып ауызекі сөйлеуге машықтандыру.

3. Отансүйгіштікке баули отырып ана тілімізді құрметтеп, қадірлеуге, насихаттауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері:  Оқулық, суреттер

Барысы:  І.  Ұйымдастыру кезеңі                    Психологиялық даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі    

  1. «Еңбек » туралы мақал –мәтел айту

  2. Еңбек адамға не үшін қажет?

  3. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

  4. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

Балалар өз ойларын айтып шығу

  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

  • Балалар, еңбек туралы бекер сөз қозғаған жоқпыз, бүгін Мәдіхат Төрежановтың әңгімесімен  танысамыз. Әңгіменің  мазмұнын ашып, негізгі айтылар ойды анықтап,  еңбек ете білуге үйренеміз.

 Автор туралы  біз не білеміз?

Суретін көрсетіп, өмірбаянын оқушыларға түсінік беру.

 Мәнерлеп оқу.        Оқулықпен жұмыс Әңгімені мұғалім әңгімелейді.

Оқушылар тізбектей оқиды. Суреттері бойынша түсінік беру. Әңгімені оқып тереңнен түсінік беру.

Сұрақтар:Мәтінде кім туралы айтылған?

Оқушылар отбасындағы еңбек бөлінісін суреттеу. Оқушылар өз ойларын айтып шығу.

Сергіту сәті

Ыдыс жуады – қыздар

Отын жарады – ұлдар

  Әр шаруашылық құралдардың қалай жұмыс жасау керектігін айтып көрсету. Оқушыларға таныстыру

Дәптермен жұмыс.

«Менің алғашқы көмегім»тақырыбы  бойынша  шағын ЭССЕ жазып шығу.

Жазғандарын оқушылар оқып шығу.

ІҮ. Сабақты бекіту Ү. Бағалау Ү І. Үйге тапсырма беру.      Әңгімені оқып, түсінігін айту.

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Наурыз көже
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс 
тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алған «Наурыз» тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын түсінікті, жас ерекшеліктеріне сай, әрі өздерін қатыстыра отырып түсініктерін қалыптастыру.
Ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту, имандылыққа, тіл мен дініміздің берік орын алуына тәрбиелеу, бағдар беру.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, қима-кеспелер, суреттер, наурызкөже.
Сабақтың барысы:
Үй жұмысын сұрау. Оқушылар үй жұмсын жұптасып бір-біріне айтады.
Көзіңді жұмып жүрегіңнің соғысын тыңда. Өз отбасыңды еске түсір. Жан-жүрегіңді жылытар ең ыстық сөзді есіңе ал. Оқушылар ата-аналарынан қандай жылы сөз естігілері келетінін айтады және өздері ата-аналарына жылы сөздер айтады.
Жаңа сабақ. Жаңа тақырыппен таныстыру. Оқулықпен жұмыс. Талдау жұмыстары.
Оқулықтан тыс мағұлмат беру.
Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары баршылық. Ұлыстың ұлы күні дайындалатын Наурыз көже « Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп тоя ішу ғұрпы сақталған. Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған. Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек. 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп атаймыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 қат көк, 7 музыкалық дыбыс.

2-жүргізуші:Табиғат пен тағам арасындағы байланысты ашу арқылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету үшін, халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен. Олар:
1-оқушы: Көк – көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.
2-оқушы: Қызыл – қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.
3-оқушы: Жасыл – жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.
4-оқушы: Ақ – барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
5-оқушы: Сары – май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
6-оқушы: Қоңыр – бидайдың, тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.
7-оқушы: Қара – тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

ІІІ бөлім 
Сабақты қорытындылау мақсатында әр қатарға келесідей тапсырмалар беріледі
І қараға: Жаңа жылдан біз не күтеміз? Тақырыбында эссе оқушылар эссе жазады.
ІІ қатарға: Топтастыру жасайды. (Наурыз мерекесі қандай мереке)
ІІІ қатарға: Наурыз мерекесінде дастарханға қойылатын ұлттық тағамдар, қазақ халқының ұлттық киімдері, ұлттық ойындарын жазады.
Жан біткендей жас талға,
Шуақ ойнап арайлы,
Күн күлімдеп аспанда.
«Наурыз» әні тарайды.

ІҮ. Сабақты бекіту

Ү. Бағалау Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

Ү І. Үйге тапсырма беру.      Әңгімені оқып, түсінігін айту.



Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:  «Үйшік»
Мақсаты:  Балалардың сөздік қорын молайта отырып, дұрыс әрі мәнерлі сөйлеуге үйрету. Сол арқылы балаларды ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.  Сахналық қойылым арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекі-құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер, желім, қағаз, сүлгі, табиғи материалдар.

Сабақ барысы: Шаттық шеңбер. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.

Мұғалім: — Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті.Балалар бізге шуағын төккен «күнмен», «қайырымды жер анамен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық.

Балалар: Армысыз қайырлы- Күн!
Армысыз мейірімді- Жер ана!
Армысыз қайырымды- Аспан ата!
Сәлеметсіздерме апайлар!

Мұғалім:  Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші,қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын. (лента арқылы тілектер айтылады).
-    Елім, аман болсын, бақытты болайық, нан көп болсын, аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.
-    Ал, балалар, қараңдаршы, мына дөңгелек неге ұқсайды?
-    Балалар — Допқа, шарға, айға, күнге, моншаққа т.б.

-    Осы кезде, топқа «Ормандағы үйшік» ертегісінің кейіпкерлері кіріп, балалар сахналап қойылым көрсетеді.
(Тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю кейіпкерлерін көреді).

Мұғалім:   Өте жақсы, балалар қандай ертегі тыңдадыңдар?
-    « Ормандағы үйшік».

-    Қандай аңдар бар екен?
-    Қоян, түлкі, бақа, тышқан аю.

Сергіту сәті:

Орман жаққа шықтық тық-тық,
Біреулер жүр тық.
Түлкі екен деп қалдық тық.
Үйге қарай зыттық тық.


-    Осы ертегіні түсінсек, мына тақтаға жапсырып айтып көрсетейік. (3-4 баладан шығарып, суреттерді жапсыра отырып ертегіні қайталайды).
-    Осы ертегіні жапсыру сабағында жалғастырамыз. Жұмыс барысын түсіндіру.
-    Ал енді, балалар әрқайсымыз орнымызға отырып, жұмысымызға кірісеміз.
-    Мына үстелдің үстінде мақта, салфетка, желім, таяқшалар тұр.
-    Қағаздың жоғарғы бөлігіне мақтамен аспанды бейнелейміз.
Астыңғы бөлігіне, жердегі қарды жұлмалау әдісімен жасалған салфетканы пайдаланып, жапсырамыз. Ортаңғы бөлігіне үйшігімізді орналастырамыз. Үйшікті таяқшадан құрап, жапсырамыз.

Балалармен жұмыс.

Балалардың жұмыстарын талдау.





«Қабуснама» — 1082-1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды.

Х-ХII ғасырда феодализм қоғамы едәуiр өркендеп, оқу мен бiлiмi, мәдениетi мен әдебиетi кемелдене түскен Орта Азия мен Иран өлкесi саяси-экономикалық, мәдени жағынан күштi дамиды. Бұл қауым Иран мәдениетiн арабтың және араб арқылы келген грек, Рим мәдениетiн, ipreлес үндi мәдениетiн бойына сiңiредi. Сонымен қатар саяси, таптық, ұлттық мәдени-әдеби тiл қайшылықтары шиеленicкeн орталық болады. Мiнe, осы жағдайда бүкiл адамзаттың мәдениетi мен әдебиетiн байытқан алып тұлғалар дүниеге келдi.

Абдулхасан Рудаки, Әбiлқасым Фердоуси, Омар Хайям, Насир Хисрау, әл-Фараби, Абу-али-Ибн Сина, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Баласағундық Жүсiп, Абурайхан әл-Бируни, Мұхамед Хорезми, Ахмед Югенеки, Низамул Мүлiк, Насыр Хисрау сияқтылардың ғылыми еңбектерi түрлi, әдеби шығармалары сияқты «Қабуснама» да -ХI ғасырдың жемiсi.

«Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021-1022 жылдарда) дуниеге келедi.

Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып-терген ең қымбат асыл затта рым — саған арнап жазған осы үгiт-насихат кiтабым», -дейдi.

Орыс және батыс педагог-ғалымдары бала тәрбиесiне, оның мiнез-құлық, этика мәселелерiне қаншалықты көңiл белсе, шығыс ғалымдары да бала тәрбиесiне соншалықы үлкен мән берiп отырған.

Шамсал Маолий Қабус қатал, зұлым болғанымен өз заманындағы феодал үстемдiгiне қажеттi барлық iлiмдердi үйрендi. Ол әpi әдебиетшi, әpi ақпа ақын едi. Фарсы, араб тiлiнде өлеңдер жазатын. Классикалық араб тiлiнде жазылған «Намалардың» авторы болды. Сонымен қатар ол өз қол астына белгiлi ғылым, әдебиет, мәдениет қайраткерлерiн топтастырды және Жүржаниидi ipi мәдениет орталығына айналдырды.

Қабустың нeмepeci Кайқаус та өз заманының көп жағдайынан хабары бар зиялылардан едi, өз дәуiрiнiң iлiмдiлерiнiң қатарында болып, музыка және табиғаттану iлiмiне зор құштарлықпен көңiл аударды. Оның көптеген ғылымдардан хабары болғаны автордың «Қабуснама» шығармасынан жарқырап көрiнiп тұрады.

Кайқаус «Қабуснаманы» жазар алдында өзiнен бұрын өткен ғалымдар мен зиялылардың шығармаларымен кеңiнен танысады. Өткен дәуiрде жазылған педагогикалық шығармаларды оқып шығады, өз дәуiрiндегi мәдени орталығы бар мемлекеттермен танысады. Бұхар, Самарқанд, Хорезм өлкесiнде болып және ол жердегi ғалымдармен сұхбаттасып, олардң ғылыми-тәрбиелiк пiкiрлерiнiң жиынтық айнасындай «Саһодатнама» және «Рушнойнама» шығармаларына назарын ерекше аударады.

Сондықтан да «Қабуснама» тәлiм-тәрбиелiк мәнi жағынан ХI ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихында аса құнды шығармалар қатарынан орын алды.



https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQRPhwSrgH0KySIgjztC32yveQ6vAcp5pY2vl16m-bCVnXoNYkoЖазушы Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы мамыр айының 4 жұлдызында Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. 
Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен , өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. 1958-1976 жылдары Қазақ филармониясында, «Ара – Шмель» журналында қызмет істеді. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. 



«Жасыратын не бар?», «Сыйлық», «Ұзын сөздің қысқасы», «Өзіміз білеміз» атты сықақ әңгімелері мен өлеңдер жинақтары жарық көрген. Әубәкіров қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына елеулі үлес қосқан. Өзіндік қолтаңбасымен әдебиет тарихында қалған қаламгер. Оның жиі әшкерелегені – тоғышарлық, даңғойлық, жөнсіз сылқымдық, өсекшілдік, жемқорлық, күншілдік, пәпуасыздық, жағымпаздық, көзбояушылық, тұрпайылық, арақкештік, тілемсектік. Әубәкіров сықақ өлеңмен де, қара сөзбен де төгілте, күлдіре жазды. Шығармаларын әсерлі, ұйқасымды ету үшін жылтырауық сөздер мен ерекше бір теңеулерді іздеп жатпайды. Отбасы, ошақ қасындағы, екеуара әңгіме үстінде қолданылатын, көпке ортақ сөздермен-ақ ойын жатық жеткізіп, әсерлі образдар жасады. 
Әубәкіров «Чемпион Қожанасыр», «Бөтен адам», «Милау сиыр» комедияларын жазды. 
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бақытты балдырғандар, құрметтері меймандар, тілашар сабағы ашық деп жариялаймыз. Тілі шыға бастаған бөбектің, тіл үйренуге құштар балдырғанның тілін одан әрі дамытып, ойы мен қиялын шарықтату үшін халқымыз тілашар дәстүрін қалыптастырып, оны салтқа айналдырған. Тілашар дәстүріне жаңылтпаш айтқызу, санамақ жұмбақ, мақал – мәтел, өлең – жыр, мазақтамалар айтқызу жатады.

-         Қане бәріміз орнымыздан тұрып бір – бірімізге күлімсіреп қарайық. - Жақсы балалар отырындар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды өте жақсы  көңіл күймен  өткізейік.

Бүгін біздің өтетін тақырып тілашар. Тілашар  дәстүрі – ана тілін үйретудің  негізі. Ананың ақ сүтімен бірге дарыған ана тілін терең білу  үлкен  бақыт.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді  құрметте, - деп айтқандай, басқа тілді білу үшін ең әуелі ана тілін жақсы  білуіміз керек.

Енді балалардың өнерін тамашалайық

1- оқушы:

Отан – туған еліміз,

 

Отан туған туған жеріміз.

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел Тесты
Просмотров2009
Номер материала 307903
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх