437639
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокНачальные классыКонспектыМЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ –

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасының өзгеріп жатқан саяси және экономикалық-әлеуметтік жағдайлары мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің теориялық болмысы мен әдістемелік мәселелеріне жаңаша қарау, мемлекеттік тілді басым оқытуды, жаңа белестерге көтеру талабын күн тәртібіне бар айқындығымен қойып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауындағы жиырма алтыншы бағыт – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты.

Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балалардың сөзге қызығушылығы, сөйлеу үлгілерінің іргетасы осы балалық шақтан қаланатыны ескеріліп, балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, сөз үйрете отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру мақсаты алға қойылды.

Балабақшада жұмыс істейтін қазақ тілі мұғалімдерінің негізгі мақсаттарының бірі – еліміздің мемлекеттік тілімен мектеп жасына дейінгі балаларды ең алғаш таныстыру, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен беделін, оның әсемділігі мен қажеттілігін түсіндіру, қазақ тілін сүйсініп оқуға талпындыру, ынталандыру.

Тілдің жүйелі құбылысын меңгерту – өте күрделі үрдіс. Қандай да бір ұлттың баласы өзге тілді меңгеруге дейін өз ана тілін игеріп, ол тілде ойлау мен сөйлеуде қалыптасқан жағдайда келеді. Себебі, грамматикалық құрылысы жағынан баланың ана тілі мен үйренуші қазақ тілі әртүрлі типтік топтарға жатады. Сондықтан да ол тілдердің дыбыс, сөз негіздері бір-бірімен қарама-қарсы заңдылықтарға бағынады. Оның үстіне буын құрау, оларға не дыбыстарға түсетін екпін әр түрлі топтағы тілдерде әрқайсының өзіндік заңдылықтарына сәйкес қалыптасқан. Тіл элементтерінің көптеген қайшылықты құбылыстары орасан зор. Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөдік қорын дамыту керек. Осыған байланысты балалардың күнделікті сабақтардан алған білімдерін бекітуде, сөздік қорларының белсенділігін арттыруда, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Мысалы: ауызша түсіндіру, көрнекілік әдісі, әңгімелеу, аударма, жаттықтыру, дидактикалық ойындар т.б.

Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыруда дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдаланып ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Бұл ойындар баланың ақыл-ойын дамытады, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойында саналы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Бала ойын мақсатына сай шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Бұл ойындарды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін дидактикалық ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Бұл ойындарды үш түрге бөлуге болады: монологтік, диалогтік сөйлеуге арналған ойындар және имитациялық ойындар.

Монологтік сөлеу ойындарына «Затты сипатта», «Не артық?», «Қарап ал да, есіңе сақта», «Жалпы атауын бер» тағы басқа ойындарды жатқызуға болады. Бұл ойындар жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін, сөздік қорларын байыту үшін, ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы.

Диалогтік сөйлеу ойындарына «Буынға буын қос», «Телефон», «Дастарқан мәзірі» т.б. ойындарды жатқызуға болады. Бұл балаларды ойын барысында бір нәрсе туралы сұрап, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйретіп отырады.

Баланың шығармашылығын дамытуда имитациялық ойындар үлкен орын алады. «Біздің көңіл-күйіміз», «Қоянның көңіл-күйі» т.б. арқылы ым, мимиканы, әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді айту және оларды салып, көрсетуге үйрету. Балалар дауыс ырғағымен қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді. Бұндай ойындар балаларға жақын. Егер олар мектепте де жалғасын тапса, өте жақсы болар еді. Ол үшін мектеп пен балабақша мұғалімдері тығыз байланыста жұмыс істеулері керек. Бір шағын ауданда тұратын жоғарыда аталған екі оқу орнының қазақ тілі мұғалімдері бір-бірінің сабақтарына, түзету жұмыстарына қатысып, пікір алысып, ортақ педагогикалық консилиумдер өткізулері керек. Балабақша мұғалімдері ата-аналарды балабақша талаптарымен таныстырса, мектеп мұғалімдері оларды алдын-ала мектеп талаптарымен таныстырулары керек.

Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы уақыт – «бабалық шақ» деп аталатын адам дамуындағы елеулі бір кезең. Сабақтастық мәселесі балабақша мен бастауыш мектептің тығыз байланыста болуымен шешілуі мүмкін. Өйткені, бұл сабақтастықтан бәрі де ұтады, әсіресе – балалар. Ал балалар үшін бұл мәселені шешуде уақытты да, күшті де табуға болады.

Краткое описание документа:

Общая информация

Номер материала: 442429

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.