Инфоурок Начальные классы КонспектыМЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

Скачать материал

                                                                          Досанова Нұрсұлу Маратқызы

06.05.1976

           «Ақбұлақ» мектебінің қазақ тілі мен

                                                                               әдебиеті пәні мұғалімі

      Өз ісіне  тиянақты,  жауапты,  қызметкерлер арасында ұйымдастыру қабілеті жоғары.  Жас тәлімгерлерге әрдайым көмектесіп бағыт-бағдар беріп отырды.  Өзін-өзі тану бойынша қалалық әдістемелік күніңде даярлық топта  «Добрые поступки» тақырыбында  ашық сабақ көрсетті.  Балабақша, қалалық және республикалық  шараларға белсене қатысады. Тамыз конференциясының әдістемелік бірлестігінде баяндама  оқыды.  Жас мамандардың шығармашылық  топ жетекшісі. Әрқашан үлкен ізденіспен, жаңа әдістерді қолдана отырып, сабақтарын қызықты, сауатты өткізеді, жаңашыл педагогтардың және озатты педагогикалық іс-тәжірибелерді өз жұмыс барысында қолдана біледі.

        Ата-аналар мен ұжым алдында еңбегі сіңген, беделді, тәжірибелі, ой-өрісі кең педагог.

МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ –

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасының өзгеріп жатқан саяси және экономикалық-әлеуметтік жағдайлары мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің теориялық болмысы мен әдістемелік мәселелеріне жаңаша қарау, мемлекеттік тілді басым оқытуды, жаңа белестерге көтеру талабын күн тәртібіне бар айқындығымен қойып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауындағы жиырма алтыншы бағыт – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты.

Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балалардың сөзге қызығушылығы, сөйлеу үлгілерінің іргетасы осы балалық шақтан қаланатыны ескеріліп, балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, сөз үйрете отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру мақсаты алға қойылды.

Балабақшада жұмыс істейтін қазақ тілі мұғалімдерінің негізгі мақсаттарының бірі – еліміздің мемлекеттік тілімен мектеп жасына дейінгі балаларды ең алғаш таныстыру, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен беделін, оның әсемділігі мен қажеттілігін түсіндіру, қазақ тілін сүйсініп оқуға талпындыру, ынталандыру.

Тілдің жүйелі құбылысын меңгерту – өте күрделі үрдіс. Қандай да бір ұлттың баласы өзге тілді меңгеруге дейін өз ана тілін игеріп, ол тілде ойлау мен сөйлеуде қалыптасқан жағдайда келеді. Себебі, грамматикалық құрылысы жағынан баланың ана тілі мен үйренуші қазақ тілі әртүрлі типтік топтарға жатады. Сондықтан да ол тілдердің дыбыс, сөз негіздері бір-бірімен қарама-қарсы заңдылықтарға бағынады. Оның үстіне буын құрау, оларға не дыбыстарға түсетін екпін әр түрлі топтағы тілдерде әрқайсының өзіндік заңдылықтарына сәйкес қалыптасқан. Тіл элементтерінің көптеген қайшылықты құбылыстары орасан зор. Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөдік қорын дамыту керек. Осыған байланысты балалардың күнделікті сабақтардан алған білімдерін бекітуде, сөздік қорларының белсенділігін арттыруда, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Мысалы: ауызша түсіндіру, көрнекілік әдісі, әңгімелеу, аударма, жаттықтыру, дидактикалық ойындар т.б.

Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыруда дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдаланып ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Бұл ойындар баланың ақыл-ойын дамытады, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойында саналы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Бала ойын мақсатына сай шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Бұл ойындарды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін дидактикалық ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Бұл ойындарды үш түрге бөлуге болады: монологтік, диалогтік сөйлеуге арналған ойындар және имитациялық ойындар.

Монологтік сөлеу ойындарына «Затты сипатта», «Не артық?», «Қарап ал да, есіңе сақта», «Жалпы атауын бер» тағы басқа ойындарды жатқызуға болады. Бұл ойындар жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін, сөздік қорларын байыту үшін, ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы.

Диалогтік сөйлеу ойындарына «Буынға буын қос», «Телефон», «Дастарқан мәзірі» т.б. ойындарды жатқызуға болады. Бұл балаларды ойын барысында бір нәрсе туралы сұрап, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйретіп отырады.

Баланың шығармашылығын дамытуда имитациялық ойындар үлкен орын алады. «Біздің көңіл-күйіміз», «Қоянның көңіл-күйі» т.б. арқылы ым, мимиканы, әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді айту және оларды салып, көрсетуге үйрету. Балалар дауыс ырғағымен қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді. Бұндай ойындар балаларға жақын. Егер олар мектепте де жалғасын тапса, өте жақсы болар еді. Ол үшін мектеп пен балабақша мұғалімдері тығыз байланыста жұмыс істеулері керек. Бір шағын ауданда тұратын жоғарыда аталған екі оқу орнының қазақ тілі мұғалімдері бір-бірінің сабақтарына, түзету жұмыстарына қатысып, пікір алысып, ортақ педагогикалық консилиумдер өткізулері керек. Балабақша мұғалімдері ата-аналарды балабақша талаптарымен таныстырса, мектеп мұғалімдері оларды алдын-ала мектеп талаптарымен таныстырулары керек.

Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы уақыт – «бабалық шақ» деп аталатын адам дамуындағы елеулі бір кезең. Сабақтастық мәселесі балабақша мен бастауыш мектептің тығыз байланыста болуымен шешілуі мүмкін. Өйткені, бұл сабақтастықтан бәрі де ұтады, әсіресе – балалар. Ал балалар үшін бұл мәселені шешуде уақытты да, күшті де табуға болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2015 4145
    • DOCX 36 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досанова Нұрсұлу Маратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Досанова Нұрсұлу Маратқызы
    Досанова Нұрсұлу Маратқызы
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4243
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе