Инфоурок Информатика Другие методич. материалыМектеп тәжірибесін өзгерткенге дейінгі бастапқы жағдайы?

Мектеп тәжірибесін өзгерткенге дейінгі бастапқы жағдайы?

Скачать материал

 

Мектеп тәжірибесін өзгерткенге дейінгі бастапқы жағдайы?

 

«Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе – осы өзгерісті өз уақытыңда жаса»

Махатма Ганди

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Болашақтың тағдыры жастардың  қолында, жастардың тағдыры ұстаздың қолында» деген болатын. Ендеше бұл  бүгінгі заман талабына сәйкес ұстаздардың да үнемі адам тағдырына жауаптылығымен қоса  жаңару үстінде болу керектігін аңғартады.    Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Заман өзгеріп, біз жаңа бағытқа бет бұрдық. Оқушыға жаңа, тез өзгеріп жатқан заманда терең білім алуы үшін, ол білімді өз өмірінде қажет болған жағдайда қолдана білуі үшін, кез-келген жағдайға сыни тұрғыдан қарай білуі үшін, мұғалімнің өзгеруі қажет!!!

Мен өзіме жүктелген міндеттерді жүзеге асыруым үшін, алдымен өзімнің өзгерім қажет екендігін түсіндім.

Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс. (Schleicher,2012)

Менің мектебімнің ұжымы дамыған дарынды жеке тұлға қалыптастыру жолында «Білім беру бағдарламасы» мен «Білім» туралы  ҚР-ның Заңын басшылыққа ала отырып, ел Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды.
Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта менің мектебімнің мұғалімдері де тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда.

2013 - 2014 оқу жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «Е - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді.

Е - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

Мектепте 56 мұғалім еңбек етеді. Оның 52-сі жоғары, 4-уі арнаулы орта. Мұғалімдердің сапалық құрамы:

-         жоғары санатты – 9

-         1 санатты – 18

-         ІІ санатты – 17

 

 

 

Мектепте 620 оқушы және 54 бала мектепалды даярлық тобында білім мен тәрбие алуда.

Мұғалімдер  оқыту үрдісін жақсарту және оқушылардың  жетістікке жетуі үшін түрлі стратегияларды және әдістерді тиімді қолдана біледі. Мектептегі жұмыстың тиімділігін арттыруда өздерінің әріптестерімен сәтті тәжірибелерімен бөліскенімен, сәтсіз болған жақтарын айтудан қашқақтайды.

Мұғалімдер өз пәндерінен жеке шығармашылық жұмыстарын дамыту мақсатында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Оқушылардың білімдері мен ынталары еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында», «Жастар шығармашылығы. ЭКСПО-2017 балалар көзімен» көрме – сайысына, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты тіл фестиваліне, «Көктем мерекесі Наурыз» шығармашылық сайысына, «ДЭЕМ операторы» ақпараттық сайысына, «Өлкенің жануарлар мен өсімдіктер әлемі» ғылыми тәжірибелік конференциясына белсене қатысып, бірнеше жүлделі орындарды иеленді. Сондай ақ мұғалімдер оқыту мен оқу тәжірибесін жақсарту және оқушылардың жоғары жетістіктеріне қол жеткізуі үшін ізденіс жұмыстарын жүргізеді, және ол мұғалімнің кәсіби дамуына жағымды әсерін тигізеді. Шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін «Семей таңы», «Ұстаз», «Информатика негіздері» сияқты газет - журналдарға, әдістемелік сайттарға, облыстық, халықаралық конференция жинақтарында жариялап отырады.

Мұғалімдерде әріптестерімен бірлесіп жұмыстың  жобасын жасап, іске асырып, оны басқару мүмкіндіктері бар. Мектепте бес пәндік әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды. Пән бірлестіктері «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру негіздерін оқытудың ерекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқау хатқа сүйеніп, жұмыс жоспарларын жасайды. Жылына төрт рет әдістемелік пән бірлестіктерінің отырысы болады.

Әдістемелік бірлестіктің алдына қойған мақсат пен міндеттері мектептің жалпы міндеттерімен ұштасып жатыр. Мұғалімдердің кәсіби дамуына әсер ететіндей әріптестер арасында кіріктірілген сабақтар ұйымдастыру, оқушыларды олимпиада, ҰБТ - ға, қалалық, облыстық жарыстарға дайындау, озық тәжірибелі ұстаздардың іс тәжірибелерін тарату, бұқаралық ақпарат құралдар беттеріне жарияланатын материалдардың сапасын талқылау, мектепаралық семинарлар және конференциялар өткізу деген сияқта іс шаралар ұйымдастырылады.

Мектеп әкімшілігімен кездесу«Мектептегі тәжірибенің» алғашқы күні бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін таныстыру мақсатында мектеп әкімшілігімен кездесіп, әңгімелесуді ұйғардым. Бағдарламаның негізгі идеясын айта отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізе отырып, мектептің даму жоспарын жасауға ынталы екенімді айттым, және осы жұмыстарды іске асыру үшін алдымен мектептің даму жоспарымен танысу үшін мүмкіндік сұрадым.

 

 

Біздің мектепте, мектептің даму жоспарын мектеп әкімшілігі және әдістемелік бірлестік жетекшілерімен бірлесіп жасайды. Осы жоспарды бекітпес бұрын, алдымен педагогикалық кеңесте талқыланады, барлық мұғалімдердің талап-тілектері ескеріледі және барлық мектеп мұғалімдер дауысқа салып бекітеді.

«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, 2013-2014 оқу жылына арналған «Жеке тұлғаға бағытталған құзыреттілікті қалыптастыру негізінде оқушылардың сапалы білім алуларына жағдай жасау» тақырыбындағы даму жоспарының басымдылықтарымен таныстым.

Мектеп тәжірибесінде осы жоспарлар қаншалықты жүзеге асады? –деген сұрағыма жауап іздеп, салыстырмалы деректерді алғандай болдым. 

         Өткен оқу жылында оқушылардың оқу үлгерімінде төмендегідей кемшіліктер кездесті:

·                   Орта және жоғары буын оқушыларының білім сапасының төмендеуі;

·                   2012-2013 оқу жылында 1 оқушы үздік белгіге бітірді, ал «Алтын белгіге» бітірген оқушылар жоқ;

Осылайша сұхбаттасу арқылы мен мектебімнің жоспарланған жұмыстары жайлы құнды мәліметтерді алдым. Мектеп жайлы толығырақ ақпарат жинау және мектептің объективті жағдайын анықтау мақсатында мектеп қызметкерінен сауалнама алудан бастадым. Менің ойымша, осылайша мектеп туралы деректер жинау тәсілі арқылы мектептің жұмыс істеу жағдайын, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлерінің өзара қарым-қатынас жағдайын айқындап алуға болады.

Мұғалімдерден сауалнама алуМектеп мұғалімдерінен «Мектеп мұғалімі неліктен өзгеруі керек?» сауалнамасын алдым. Мектептің бастапқы жағдайын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнамаға 40 мұғалім қатысты. Сауалнама нәтижесінде алынған деректер құпия болып табылды. Осындай деректерді жинаудың мақсаты директорға мектепті дамытуды қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды жұмылдыруға көмектесу болып табылады. Сауалнама жүргізер алдында мектеп мұғалімдері өз есімдерін көрсетпей, өте шынайы жауап беру керектігін анық түсіндіріп кеттім.

Сауалнама сұрақтарын курсалды тапсырмалар мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардан алдым.

Ондағы бірінші бөлімдегі зерттеу және рефлексияға арналған сұрақтарға «Мектептің қазіргі жағдайын сіз қалай бағалайсыз?» деген тағы бір сұрақ қостым. Нәтижесінде «Мектепте біз оқыту сапасын талқылаймыз» деген сұраққа сирек -5, кейде – 7, жиі – 15, әрқашан – 4, деп жауап берген. Бұдан шығатын қорытынды кейде не жиі қатысатындығы көрініп тұр. Екінші сұрағым «Мектеп шеңберінде біз оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізген

 

өзгерістердің қарқынын мен сапалығын талдаймыз» деген сұраққа сирек-10, кейде – 10, жиі – 5, әрқашан – 5 деп белгіленген. Мұнда көретініміз енгізілген өзгерістер қарқыны мен сапалығын сирек не кейде талқыланатыны белгілі болды. Ал үшінші «Мұғалімдер өзінің сыныптағы тәжірибесіне талдау жүргізуге уақыт арнайды» деген сауалға сирек -5, кейде – 7, жиі -15, әрқашан –10 деген жауаптарды белгілеген. Бұдан шығатыны сынып тәжірибесіне талдау қалыпты жағдайда жүргізілетіні көрініп тұр. Төртінші сұрақта «Мектеп қажет жағдайларда құпиялылықты сақтайды» дегенге сирек -5, кейде -5, жиі – 10, әрқашан – 15 деп жауап берген. Бұдан біздің мектепте құпиялылық толық дәрежеде сақтала бермейтіндігін байқаймыз. Бесінші сұрақ «Мектептің қазіргі жағдайын сіз қалай бағалайсыз?» қанағаттанарлық -5, орташа – 10, жақсы – 10, өте жақсы – 8 деп жауап берген. Бұдан шығатыны мектептің қазіргі жағдайын мұғалімдер орташа бағалайтыны көрінді.

Жалпы мектепті зерттеу мен рефлексия сұрақтарын қорытындыласақ, сауалнама көрсеткендей әлі де бірлесіп шешетін мәселелер бар екенін анықтадық. Олар: мектепте оқыту сапасын жиірек талқылау, оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізген өзгерістердің қарқыны мен сапалығын күшейту, қажет жағдайда мектеп құпиясын сақтап отыру, мектептің жағдайын одан әрі көркейту, оқыту сапасын жақсарту қажеттіліктері анықталды.

Жоспарлау деп аталынатын бөлімнің бірінші сұрағы «Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз мектеп жоспарында көрініс табады» дегенге сирек - 8, кейде - 5, жиі – 10, әрқашан – 10 деп жауап берген. Бұдан шығатыны мұғалімдердің мақсаттары 50 пайыз көрініс табатыны айқындалды. Екінші сұрағы «Біздің мектепте жазбаша құжатталған жоспарға қарағанда, жоспарлау үдерісі аса маңызды деп саналады» дегенге сирек-5, кейде – 15, жиі – 7, әрқашан – 10 деп жауап берген. Мұнда мектепте жазбаша құжатталған жоспардан гөрі жоспарлау үдерісінің басымдылығы көрінеді. Үшінші сұрағы «Мектептің даму басымдықтарымен бүкіл ұжым таныс» дегенге сирек - 3, кейде – 5, жиі – 9, әрқашан – 18 деп жауап берді. Бұдан шығатыны мектептің даму басымдықтарымен  жартысынан көбі таныс екендігі байқалады. Ал төртінші сұраққа «Біз өз жоспарларымызды бірлесіп талдаймыз және өзгертеміз» дегенге сирек – 3, кейде – 6, жиі – 8, әрқашан – 10 деп жауап беріпті.

Жоспарлау бөлімінің сұрақтарын қорытындылағанда мына жағдайларда көбірек көңіл аудару керек деп шештім: Мұғалімдердің ұзақ мерзімді максаттарын мектеп жоспарына кірістіріп отыру, жоспарлау үдерісінің басымдылығын, даму басымдықтарын ұжыммен таныстырып отыру.

Қатыстырылуы бөліміндегі «Мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізер алдында оқушылардың пікірін білу маңызды деп саналады» деген сауалға сирек -7, кейде – 15, жиі – 5, әрқашан – 4 деп, екінші сұраққа «Бұл мектеп күрделі өзгерістерді енгізгенге дейінгі кезеңде ата аналардың пікірін ескереді» деген сұраққа сирек - 4, кейде – 7, әрқашан – 10 деп, үшінші «Мектептің басшылығы, әкімшілігі және қызметкерлері мектеп жұмысының

 

алдағы уақыттағы бағыттары туралы шешім қабылдау үшін бірлесе жұмыс істейді» деген сауалға сирек – 5, кейде – 7, жиі -10, әрқашан – 8 деп, төртінші «Мектепті дамыту жұмыстарына сыртқы ұйымдар мен жекелеген тәуелсіз тұлғалар (педагогикалық ЖОО-лар, сарапшылар, кеңесшілер) тартылады» деген сауалға сирек – 10, кейде 12, жиі – 5, әрқашан – 3, бесінші сұрақ «Мектептің даму жоспарын жасақтау мен талқылауға ұжым болып қатысамыз» деген сұраққа сирек – 12, кейде – 7, жиі – 5, әрқашан – 4 деп жауап берген.

Бұл бөлімнен мына мәселелерді көруге болады: оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізер алдында оқушылардың пікірін білу, күрделі өзгерістерді енгізгенге дейінгі кезеңде ата аналардың пікірін ескеру, мектепті дамыту жұмыстарына сыртқы ұйымдар мен жекелеген тәуелсіз тұлғаларды қатыстыру, мектептің даму жоспарын жасақтау мен талқылауға ұжымды қатыстыру.

Қызметкерлерді дамыту бөлімінде «Бұл мектепте қызметкердің кәсіби оқуы бағаланады» деген сұраққа 70 пайыз мұғалім, «Мектеп саясатын әзірлеген кезде қызметкерлерді кәсіби дамытуға басты назар аударылады» деген сұраққа 70 пайыз мұғалім, «Бұл мектепте кәсіби даму үдерісі  сыныптағы жұмыс мазмұнына байланысты» деген сұраққа 60 пайыз мұғалім, «Мектеп басшылығы қызметкерлерін кәсіби дамытуды мақсатты түрде жүзеге асырады» деген сұраққа 75 пайыз мұғалім жиі қолданылады деп жауап берді. Осыған қарағанда қызметкерлерді дамыту жұмысы жақсы жолға қойылған, бірақ әлі де жұмыс жасау қажет.

Үйлестіру бөліміндегі сұрақтарды қорытындыласам, бір командада жұмыс істей отырып, тапсырмалар орындауға жұмылдыру. Көшбасшылық бөлімінде бірқалыпты жұмыс жүргізіліп жатқандығы көрінеді.

Алынған нәтижелер сарапталып жиынтық кестеге енгізілді.

 

Келесі кезеңде оқушылардың сабаққа ынтасын білу мақсатында мектеп оқушыларынан сауалнама алдым.

Оқушылардан сауалнама алуСауалнама нәтижелерін қорытындылап, сараптай келе мынадай ұсыныстар алдым:

-                     Оқушылардың өз оқуының әдістері мен жолдарын өз бетінше таңдауға мүмкіндік берілсе;

-                     Сабақты үнемі топтық жұмыс әдісі арқылы қызықты етіп өткізілсе;

-                     Сабақ жүргізуде жаңа әдіс-тәсілдер қолданылса;

 

Аталған ұсыныстарды зерделей келе, мынадай қорытындыға келдім: Мектеп мұғалімдері сабақты жаңа әдіс-тәсілдермен (7 модуль) қызықты етіп өткізулері қажет. Оқушыларын өз ойларын еркін, ашық жеткізе білулері қажет, әр сабақта сын тұрғысынан ойлау үдерісін қалыптастырулары керек. Ол үшін: тиісті ақпарат жинау, дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды, қайта қарастыруды үйрене білулері қажет. Оқуға деген ынталарын арттыру қажет.

Сауалнама үлгісіАта-аналардың ой-пікірін білу мақсатында «Сіздің мектепке деген көзқарасыңыз?» деген сауалнама алдым.

 

Сауалнамада ата-аналар «Оқыту мен оқуды жақсарту үшін  қандай көмек берген болар едіңіз?» деген сұраққа мектеп мұғалімдері сабақты қызықты етіп өткізсе, балаларымыздың да  сабаққа деген қызығушылықтары артып, өзін-өзі жетілдіруге, білім сапаларын арттыруға септігін тигізер еді деп ойларын жеткізді.

Мектеп мұғалімдері, оқушылар және ата - аналардан алынған сауалнама негізінде  анықталған нақты проблемалар:  мектеп мұғалімдері сабақты жүргізуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып жүргізбеуі, мұғалімдер мен оқушылар арасында  сабақ соңында кері байланыстың болмауы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы мұғалімге ойын ашық айта алмауы, мұғалімдердің оқушылардың барлығымен бірдей қарым-қатынас жасамайтындығы, мектепте қалыптасқан жағдай оқуға қызығушылықты арттырмайтындығы анықталды.

Оқушылардың сабаққа уәжінің төмен екендігі, олардың ойлау дағдыларын, арттыру және білім алғысы келетіндердің ниетін ынталандыру үшін мұғалімдерді кері байланыс жасауға ықпал ету керектігі бірден байқалды. Осы жағдайды сараптай келе, мен мектеп мұғалімдері оқушыларды оқытуда оқуға деген ынталарын арттыру үшін  жұмыс істеу қажет деп есептеймін.

Мектептің білім сапасының қарқынын білу мақсатында үш жылға жан-жақты  оқушылардың білім сапасының мониторингі жүргізілді.  Бастауыщ сынып оқушыларының білім сапасының орташа пайызы 60 – 70%,  5-6 сынып оқушыларының орташа білім сапасы 40 - 55%, 7-9 сынып оқушыларының білім сапасы 35 - 45%. Білім сапасының төмендеуі мықты оқушылардың басқа оқу орындарына ауысуының әсері деп ойлаймын. Мысалы, 4 сыныптың үздік оқушылары математика және ағылшын пәнін тереңдете оқытатын мектеп

 

лицейлеріне ауысады, 6 сыныптан кейін Назарбаев интеллектуалды мектептеріне тапсырады, 9 сыныптан кейін колледждерге кетеді. Неге олар 10 сыныпқа ауысуға қорқады? Оның көптеген себептері бар, оның бірі бірыңғай тестілеуден қорқыныштары, өздерінің білімдеріне сенбейтіндіктерінде. Оларда ішкі уәж төмендеген, тіпті жоқ деуге болады. Осы жағдайды сараптай

келе, мен мектеп мұғалімдері оқушыларды оқытуда оқуға деген ынталарын арттыру үшін жұмыс істеу қажет деп есептеймін.

Біздің мектеп оқушыларының өзін-өзі реттеуі төменгі деңгейде болғандықтан, келесі бағытта жұмыс істеуді жоспарладым: топтық жұмыс арқылы өзін-өзі реттеу деңгейін көтеру, оқушылардың ішкі уәжін арттыру, жаңа әдіс-тәсілді іс-тәжірибеге енгізу үшін қолайлы жағдай жасау.

Мектебімнің бастапқы жағдайын саралай келе, мынадай зерттеу сұрағы туындады: Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгерту қаншалықты мүмкін? Осыдан проблемалық тақырыпты анықтадым: «Оқытуда топтық жұмысты енгізе отырып, оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгерту»

Енді осы мәселелерді шешу үшін жұмыс істейтін боламын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                 Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, І- деңгей

2.                 Курсалды тапсырмалар, І – деңгей

3.                 Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, І деңгей 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп тәжірибесін өзгерткенге дейінгі бастапқы жағдайы?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Болашақтың тағдыры жастардың  қолында, жастардың тағдыры ұстаздың қолында» деген болатын. Ендеше бұл  бүгінгі заман талабына сәйкес ұстаздардың да үнемі адам тағдырына жауаптылығымен қоса  жаңару үстінде болу керектігін аңғартады.    Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Заман өзгеріп, біз жаңа бағытқа бет бұрдық. Оқушыға жаңа, тез өзгеріп жатқан заманда терең білім алуы үшін, ол білімді өз өмірінде қажет болған жағдайда қолдана білуі үшін, кез-келген жағдайға сыни тұрғыдан қарай білуі үшін, мұғалімнің өзгеруі қажет!!!

Мен өзіме жүктелген міндеттерді жүзеге асыруым үшін, алдымен өзімнің өзгерім қажет екендігін түсіндім.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 926 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.03.2015 3913
    • DOCX 513.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есмагамбетова Динара Ахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23674
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе