Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыМектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері

Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ 7 сынып .docx

Сабақтың тақырыбы:   Көкірек көзін ашалық!        

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу, бағалай білу және өзін-өзі дамытып, жетілдіре алу және өсу,  есею жөнінде түсінік беру.                         

Сабақтың міндеттері:

-         адам өмірінің үнемі дамып,  өсіп, жетіліп отыратын құбылыс екендігін ұғындыру;

-         адам бойындағы барлық қасиеттерді, өзіндік ерекшеліктерді  дамыта отырып, оқушыларға  әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету;

-         оқушыларды өзін-өзі басқара алуға, өздігінен іздене алуға үйрету;

Сабақтың түрі:   дәстүрлі емес

Сабақтың типі:  аралас

Сабақтың әдісі:  Әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, көрініс

Дамытушылығы: Адам бойындағы барлық  қасиеттерді тиімді пайдалана алуға үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушыларды бауырмал, қайырымды, қамқоршыл, сыпайы болуға        

                      үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дәйек сөздер, М.Мақатаевтың өлең жолдары.

Сабақтың барысы:     

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

 ІІ. Жаңа сабақ. Көкірек көзін ашалық!

                           

     Шаттық  шеңбері

     Оқушылармен еркін қарым-қатынас  жасау  мақсатында шеңбер құрып, барлығына  бір-біріне тілек айтқызу.

 

Әңгімелесу

1.     Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

2.     Өздерің жақын тұтқан адамдарды біраз уақыт көрмесеңдер қандай күйде  боласыңдар?

3.     Сағыныш дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

 

Жаңа ақпарат

    Адам баласы үнемі өсу жолында  болады. Жарық дүниеге келген  сәтінен бастап, оның нәресте  жүрегінде  өмірге деген  талпыныс орнайды.  Ана сүтімен дарыған құштарлық сезім әке тәрбиесімен  ұштасып, ол көп нәрсеге қызығады.

   Есейген  сайын адамның білуге құштарлығы  артып, таным көкжиегі кеңейе  түседі. Көкірегін кернеген  асыл армандарын  іске асыру үшін  адам үнемі  ізденіс үстінде болады.

 

 

Мәтінмен жұмыс

К.Сегізбаевтың «Өсіп-өнген ағаштар» атты әңгімесін ұсынамыз.

1. Адамның өсіп-жетілуінің басқа тіршілік иелерінен өзгешелігі неде?

2. Адамның жан дүниесіне  қандай қасиеттер сәуле береді?

 

Дәйексөз

                          Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ.

                          Абай

«Дәйек сөзді  қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ арқылы оқушылардың өз пайымдауларын ортаға салуға жағдай туғызуға болады.

 

Назар аудару

Өміріме  өзімнің таң қаламын,

Қаламаймын деп қатардан қамданамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме  үмітпен қамданамын!

 

 Үйге тапсырма 

     1. К.Әбілдақызының «Екі жол бар» атты өлеңін жаттап келу.

1.     Өзін-өзі қадағалап,  өз ісіне өзі дұрыс бағыт бере білген адам қандай жетістікке  жетеді деп ойлайсың? Ойыңды шығарма түрінде жазып кел.

 

Жүректен  жүрекке

     Оқу сабағын аяқтау мақсатында  оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, сөзін  Ш.Сариев, әнін К.Дүйсекеев жазған «Ойлан, балам» әнін айту

 

Ойлан, балам

 

Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің күздері.

 

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге  талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

 

 

 

   

 

 

 

№188 жалпы білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкірек көзін ашалық

 

 

 

 

 

 (ашық  сабақ  7 -сынып )

 

 

 

                                 Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.С.Карабекова

 

 

 

 

 

 

 

                                         

                                      Алматы қаласы

2014-2015 оқу жылы

 

                       

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ 9 сынып .docx

Сабақтың тақырыбы:    Өзіңді тану- өмірді тану

Сабақтың мақсаты:  оқушылардың  өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.                                          

Сабақтың міндеттері:

-         Өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

-         Өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;

-         Өмірді бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:   дәстүрлі

Сабақтың типі:  аралас

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, әңгімелесу

Сабақтың барысы:     

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ. Өзіңді тану - өмірді тану           

                                

Шаттық  шеңбері

     Оқушылардың жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру  үшін және сабақта көңілді  орта құру мақсатында  «Жас өмір» әнін айтуды ұсынамын.

 

                                                        Жас өмір

Сөзін жазған А.Шамкенов

Әнін жазған  К.Күмісбеков

Жас өмір жайқалтады жапырағын,

Жас өмір жардай ыстық жақсы әнің.

Жас өмір толған мақсат шексіз арман,

Батыл ой, ұшқыр қиял, батыл адым...

  Өлеңді тақырыппен байланыстыру мақсатында  оқушылардың назарын «Жас өмір» өлеңінің мазмұнына аудартамыз.

 

Әңгімелесу

   Оқушыларға  өмір, өмірдің мәні, мәнді өмір сүру, өмірді бағалай білу және ол үшін адамның ең әуелі  өзін-өзі тани білуі қажет екенін ұғындыру мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап  арқылы әңгімелесу жүргізіледі.

1.     Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

2.     Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?

3.     Өмірді бағалай білесіз бе?

4.     Өмірден не күтесіңдер?

5.     Сендердің мақсаттарың қандай?

       Өз мінезіңді, ақылыңды, пікірлерің мен  құштарлығыңды таны. Өзіңді танып болмайынша, өзіңе ие бола алмайсың. Бет үшін айна бар, ал көңіл түпкірін ештеңемен көруге болмайды; осы жерде өз парасатың саған  көңіл айнасы  болсын. Өзіңнің сыртқы  әлпетің туралы  ұмытуға болады, бірақ әрқашан жан жайсаңдығын естен шығарма, оны жақсарт, жетілдір. Өз парасатыңды, іс-әрекетке қабілетіңді тексер; қызбалығыңды сына, жан тереңіне бойла.

 

Сахналау

     Оқушылардың  ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында  «Сахналау» айдарымен берілген диалогті сахналау ұсынылады. Сахналауды талдау барысында  оқушылардың атасы мен немересінің іс-әрекетіне баға беруі, өз ойларын ортаға салуы, өмірдің мәнін тереңірек ашуы арқылы оқушылардың нақты тұжырым жасауына  мүмкіндік тудыру.

 

Тыныштық сәті

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды  жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді  жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа  толғанын сезініңдер.

        

Дәйексөз

          «Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың»

                                                                                                                 В.Гете

   «Нақыл сөзді  қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ арқылы оқушылардың өз пайымдауларын ортаға салуға жағдай туғызуға болады.

 

 ІІІ. Үйге тапсырма 

1. М.Мақатаевтың өмір туралы  пайымдауларын басшылыққа ала отырып, жазбаша түйіндеме жасау. 16 бет  

 

Жүректен  жүрекке

     Шеңбер құрып, Т.Айбергеновтың «Өмір» өлеңімен сабақты қорытындылаймыз. Оқушылар өлеңді оқыған соң адамға өмірде не қымбат екендігі жөнінде пікірлесу. 

Өмір

                                                      Т.Айбергенов

                                   Өмір деген – көк мұхиттың толқыны,

                                   Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,

                                   Бір бірімен жатқан тулап арбсып,

                                   О, толқындар, арпалысып, алға ық!

 

                                   Өмір деген пәк жаралған махаббат,

                                   Ғашықтықтан жарқылдаған көздері.

                                   Ұғынбайтын өз ойынан өзгені,

                                   Өз жүрегін өртейтұғын өз демі...

 

 

 

 

№188 жалпы білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Өзіңді тану- өмірді тану

 

 

 

(9 сынып )

 

 

 

 

                                 Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.С.Карабекова

 

 

 

 

 

 

 

                                         

                                      Алматы қаласы

2014-2015 оқу жылы

 

                       

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ ҰБТ .docx

Тренинг тақырыбы: «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?»

                                                                                               Ісім оңсын десеңіз,

                                                                                               Сол істің маманы болыңыз

                                                                                               Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз

                                                                                                                      Әл- Фараби

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам  өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Біздің мақсатымыз- оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндықлықтар туралы танымдылығына психологиялық- педагогикалық көмек көрсету.

Мақсаты: 1. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

 

Өзін-өзі презентациялау. Әр қатысушы өз есімдерін айтады және өміріндегі жақтырмайтын және ең жақсы көретін ісі жөнінде айтады. 

 

«Ең-ең...» (ойын)

  Қатысушылар 5 топқа бөлінеді. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :

-          ең жасыл мамандықтар

-          ең ақшалы мамандықтар

-          ең таза мамандықтар

-          ең көңілді мамандықтар

-          ең тәтті мамандықтар

-          ең жауапты мамандықтар

     2-3 минуттың ішінде топтың ішінде  ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек  

     және де топтың мүшесі  тізімдерімен таныстырып шығады.

 

«Мамандықты тап» (ойыны)

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалған қатысушылар мамандықты табуы керек.

Хирург

Фабрика басшысы

Хатшы

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Ұшқыш

Бала дәрігері 

Шаштаразшы

Даяшы

 

«Сенімділік» жаттығуы

Мақсаты: оқушыны стрестік жағдайдан арылтып сенімділікке үйрету. 

Нұсқау: оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1 ,2 деп белгілеп, 1 бөліккен жағымды қасиеттерді, ал 2 бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те, ортасы қырқып алынады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.

 

«Өз жұлдызыңды тап» (арт терапиялық жаттығу)

Нұсқау: Көзіңізді жұмыңыз. Үш рет демалып, үш рет дем шығарыңыз... (баяу музыка ойнап тұрады.

-          Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал басқаларға – сан жетпейтін біресе жақындап, біресе алыстайтын жарық нүктелер.

-          Сол жұлдыздарға қарап ең керектісін таңдап ал. Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды.  Жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз.

 

Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені  ол адамды ізгілендіреді»

Л.Н. Толстой

-          Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін- ол ойға

алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам  ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.

 

Қорытынды:

-          Сізге тренингте не ұнады?

-          Не ұнаған жоқ?

-          Тренинг керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме?                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ 7 сынып өзін-өзі тану .docx

Күні:                           Сыныбы: 7  « б » сынып                  Тексерілді:

 

Сабақтың тақырыбы:   Тамырын жайып тереңге     

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға отбасы құндылықтары туралы түсіндіру.                        

Сабақтың міндеттері:

-         отбасы құндылығы, отбасы бақыты туралы білім беру;

-         өз туған үйлері мен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-         өз туған үйлері мен отбасыларын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   дәстүрлі емес

Сабақтың типі:  аралас

Сабақтың әдісі:  Әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, көрініс

Дамытушылығы: Отбасына деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды бауырмал, қайырымды, қамқоршыл, сыпайы болуға        

                      үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дәйек сөздер, жүрек қималары

Сабақтың барысы:     

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

 ІІ. Жаңа сабақ. Тамырын жайып тереңге              

                           

     Шаттық  шеңбері

     Оқушылармен еркін қарым-қатынас  жасау  мақсатында шеңбер құрып, барлығы  бір-біріне тілек айтқызу.

 

Әңгімелесу

1.     Өздеріңнің жақындарыңа деген сый, құрметіңді қалай білдіресіңдер?

2.     Отбасыңдағылармен  пікірлерің, көзқарастарың сәйкес келеді ме?

3.     Сәйкес келмесе ше? Не істейсіңдер?

4.     Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

 

Жаңа ақпарат

    Отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс. Отбасының әрбір мүшесі бір-бірінің алдындағы парызы  мен борышын, жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке өзара сыйластық пен құрметке негіздеген жағдайда шаңырақта шаттық, қуаныш, түсіністік орнайды.

 

Мәтінмен жұмыс

    П.Джонның «Боз орамал» шығармасын оқып, талдату.Ата-ананың махаббаты, кешірімділігі, олардың өз баласынан еш нәрсені аямайтындығын, оқушылар ата-ана махаббатын сезініп, бағалай білу қажеттігін сезіндіріп, ұғындыру.

1. Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай ойлайсыңдар?

2. Оның сағынышының сыры неде?

Дәйексөз

     1.   Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында  бала қарызы - әдеп пен сый.

                                                                                                      М.Әуезов

     2. Отан - отбасынан басталады.

 

1. «Дәйек сөзді  қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ арқылы оқушылардың өз пайымдауларын ортаға салуға жағдай туғызуға болады.

2. «Әдеп» пен «Сый» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3. Үлкендер алдында қандай әдеп пен сый жасай аласыңдар?

 

Тыныштық сәті

- Балалар, қазір біз бір сәтке өзімізді әртүрлі жемістерге, гүлдерге толы бау-бақшада тамаша әуен тыңдап, демалып отырғанымызды елестетейікші! Ол бақтың ішінде әні сырнай тәрізді әнші құстар, әдемі көз тартар гүлдер, ыстық күнде айналасын көлеңкемен көмкеріп тұрған үлкен ағаштар бар. Ауасы қандай тамаша десеңші! Желпіп тұрған самал жел. Көлеңкенің астында отырып, самсап тұрған жеміс ағаштарынан тәтті жемістерді үзіп алып жеуге болады. Мөлдір таза бұлақтың суын ішіп, шөлімізді қандырамыз. Осы тамаша сиқырлы бау-бақшаға келген адамдардың бәрі мейірімді, қамқоршыл болып келеді. Бұл сиқырлы бақша. Өйткені, мұнда данышпан қария өмір сүріп келеді. Ол қария сендер сияқты жақсы, ізетті балаларды жақсы көреді. Егер оның жанына барып: «Ассалаумағалейкум ата!» деп сәлем берсеңдер, ол өзінің жылы алақанымен сендердің бастарыңнан сипап батасын береді. Ал енді қарияның батасын алып, өз сыныбымызға қайта оралайық! Енді сендер, одан бетер мейірімді, инабатты, ізетті, тәртіпті бала боласыңдар. Енді көздеріңді ашып, қолдарыңды жоғары содан кейін екі жаққа созыңдар, терең демалыңдар, міне тамаша!

- Балалар тыныштық сәтінде сендердің көз алдарыңа не елестеді? (балалар жауабы)

- Сендер қандай жерде болдыңдар деп ойлайсыңдар? (балалар жауабы)

 

Сахналау

 

1.     Бізді бағып-қағу үшін анам мектепте еден жуушы боп жұмыс істейтін. Бұл жағдай мені қатты ұялтатын. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді. Ертеңіне досым: «Сенің анаң еден жуады екен ғой», - дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Анама: «Мені осылай ұялтқанша, келмей-ақ қойғаның жақсы болар еді», - дедім.

2.      Анасы мен әкесі ұлының туған күнін асыға күтетін. Бұл күні анасы ұлына ұнайтын түрлі ас дайындап отбасы бақытты бір күйге енетін. Ұлының бүгінгі туған күнінде де ата-анасы мектептен ұлын тағатсыздана күтіп отыр. Телефонның дауысы естілгенде, анасы мен әкесі тұтқаға қатар жүгірді. Баласы:

Ана, мен достарыммен кафеге баратын едім, сенсеңіз, онда сіз жасаған тамақтардан да керекмет, сіз жасаған тәттілерден де дәмді нәрселер жасап мені күтіп отыр,- деді. Анасы:

Жарайды, балам, абайлап жүр, - деді.

 

 

Жаттығу

«Құндылық» жаттығуын ойнату.

Мақсаты: Оқушылардың өміріндегі құнды нәрсені анықтау

Барысы:  Өміріндегі маңызды 5 құнды нәрсені жазу.

 

 

 ІІІ. Үйге тапсырма 

Төмендегі сұрақтарды қатыстыра отырып, қысқаша шығарма жазып келіңдер.

1.     Отбасыңа қандай ағасың, қандай іні, қандай қарындас, қандай әпкесің, қандай сіңлісің?

2.     Аға, әпкелікке тұрарлықтай қандай іс-әрекеттер жасап жүрсің?

3.     Лайықты іні, сіңлі, қарындас болып жүрсің бе?

Жүректен  жүрекке

     Оқу сабағын аяқтау мақсатында  оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, Қ.Жұмағалиевтің сөзіне жазылған «Анашым» әнін айту

 

           

                                                             Анашым

                                                                                                                       Сөзі: Қ.Жұмағалиевтікі

                                                                                                                        Әні:  М.Омаровтікі

1.Шет жүрсем – сағынарым,

  Жабықсам – шағынарым.

  Анашым, бір өзіңсің –

  Табынарым!

 

             Қайырмасы:

     Анашым, шалқып күлсең,

     Алдымда ұзақ жүрсең,

     Жүрегім жыр толғайды,

     Көңілім ортаймайды.

     Анасы бар адамдар,

     Ешқашан қартаймайды.

 

2. Ұшырған сұңқарыңмын,

    Қияға шырқарыңмын,

    Бәйгеге өзің қосқан

    Тұлпарыңмын.

           Қайырмасы:

 3. Қорғаным өзің деймін,

     Жан дауа -  сөзің деймін.

     Анашым, сені ойласам,

     Көз ілмеймін....

         Қайырмасы:

№188 жалпы білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамырын жайып тереңге

 

 

 

 

 

 

 (ашық  сабақ , 7 б -сынып )

 

 

 

                                 Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.С.Карабекова

 

 

 

 

 

 

 

                                         

                                      Алматы қаласы

2014-2015 оқу жылы

 

                       

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ отбасы қарым-қатынасы .docx

Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері

Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері

     Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.

     Қазіргі мектеп отбасының қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең түсіністік пен өзара құрметке құрылған серіктстік жайында болып отыр. Педагогтің ата-аналармен жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді тартпайынша мүмкін емес.

Қарым-қатынас принциптері:

·         өзара сенім мен құрмет

·         өзара қолдау мен көмек

·         бір-біріне төзімділік пен шыдамдылық таныту

Бұл педагог пен ата-аналарға балаларда өзін-өзі тани білу және таныта білуге қажетті сапалар мен қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік жасау үшін күштерін біріктіруге көмектеседі.

Өзара қарым-қатынастағы сынып жетекшісінің негізгі функциялары:

1.      ата-аналарды мектеп ұйымдастыратын оқу-әдістемелік процестің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру

2.      ата-аналарды психологиялық-педагогикалық жағынан хабардар ету.

3.      ата-аналарды балалармен бірге жасалатын әрекеттерге тарту

4.      жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне түзету енгізу

5.      ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынаста болу

 

Есте болсын!

Педагогтердің, ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекеті табысты болу үшін барлығы да бірлескен іске оң көзқарас танытып, ұйымдаса, бірлескен жоспарларды жүзеге асырып, ол әрекеттің қорытындысын шығарып отыруы тиіс. Қарым-қатынас балаға бірыңғай талап қою, бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру баланың отбасындағы және мектептегі жүріс-тұрысын зерттеу, оның даму бағдарламасын жасаудан да тұрады.

Педагогтердің, отбасымен қарым-қатынас сипаты жіктелімді болып келеді. Сынып жетекшісі барлығына бірдей қарым-қатынас формасын артпайды, ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбие ерекшеліктеріне бағдарланады, ата-аналарды мектеп, сынып істеріне араласытыруда асқан төзімділік танытады.

Отбасымен жұмыс жасаудың негізгі формалары-топтық және даралық.

Даралық формалары: бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты әңгімелесу, кеңес беру, отбасына бару. Отбасына барғанда төмендегідей шарттар сақталуы тиіс:

·         отбасына алдын ала ескертусіз бармау

·         ол үйде 5-10 минуттан артық болуды жоспарламау (мазаларын алмау үшін)

·         кіреберісте түрегеп тұрып немесе сырт киімді шешінбей тұрып әңгімені бастамау керек.

·         әңгімелескенде жұлқына сөйлеуден аулақ болу керек.

·         Ата-аналарға ақыл үйретпей, кеңес түрінде айтқан жөн

·         Мүмкін болса, баланың көзінше әңгімелескен дұрыс

Топтық формалары: ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, ата-аналар дәрісханасы, ата-аналар білімі, жекелеген тәрбие мәселелеріне арналған конференциялар (медиктермен, психологтармен, заңгерлермен) кездесулер.

·         қарым-қатынаста педагогтердің ата-аналар жиалысындағы қарым-қатынас жасау стилінің маңызы зор.

·         Жиналыста монолог ата-аналармен жүргізілетін диалогтан азырақ болғаны жөн.

·         Жиналыс балалардың жасы мен сынып ерекшеліктеріне байланысты айына немесе төрттікте бір рет өткізіледі.

Оқу жылының басында, ата-аналармен бірінші рет кездескенде, апта күні мен уақытын дұрыс тыңдап, оқу жылына арналған кездесу тақырыбын келісіп алған дұрыс. Ата –аналар жиналысының тақырыбын сынып жетекшісі жасап, ата-аналар комитетінде талқыланады. Кезекті жиналыс тақырыбын барлық ата-аналар тыңдап алады.

Ата-аналар жиналысының түрлері: ұйымдастырушылық, ата-аналар оқуының жоспары бойынша жиналыс, пікірталас жиналыстар, қорытынды (төрттік) жиналыстары т.б.

Ата-аналар жиналысын даярлау және өткізу кезінде мыналар ескерілуі тиіс:

1.      баланың мінез-құлқы мен тәртібіндегі плюстерді күшейтіп, минустерін азайтуды жүзеге асыру жолында мектеп пен отбасының ынтымақтастық атмосферасы.

2.      жиналыс интонациясы: кеңес береміз, бірге ойласамыз.

3.      педагогтің кәсіби дайындамасы-білімі, біліктілігі (әр баланың мектептегі ғана емес, одан тыс жердегі өмірін білуі, оның қажеттіліктерінің деңгейін, денсаулық жағдайын, балалар ұжымымен қарым-қатынасынан хабардарлығы)

4.      жақсы, сенімді қарым-қатынас болуы (ақжарқындық, шынайлылық, өзара түсіністік, өзара көмекке әзір тұрушылық)

5.      ата-аналар жиналысы ата-аналардың қателіктерін, балалардың оқудағы сәтсіздіктерін көрсетуге емес, ата-аналарды хабардар етуге бағытталуы тиіс.

6.      жиналыс тақырыбы балалардың жасына байланысты ерекшеліктерін ескеру керек.

7.      жиналыс теориялық қана емес, практикалық та сипатта болуы керек. Жағдайда талдау жасау, тренингтер, пікірталастар т.б.

8.      жиналыс оқушылардың жеке бастарын талқылаумен және айыптаумен айналыспауы тиіс.

9.      ата-аналар жиналысы тиімділігінің басты көрсеткіштері-ата-аналардың белсене қатысуы, қойылған мәселелерді белсене талқылау атмосферасының болуы, тәжірибе алмасу, кеңес және ұсыныстар беру

Бірінші күннен бастап, балалар ата-аналарымен достық, серіктестік, қатынас орнату керек. Өйткені баланың тәрбиелігінің бастауы отбасында жатыр, мектепке ол отбасында алған азды-көпті тәрбиесімен келеді.

Өкінішке орай, мектеп пен отбасы, мұғалімдер мен ата-аналардың қарым-қатынасы әзірге талапқа сай емес. Көбіне олар балаларға әсер ету біріншілігі үшін күресетін қарсыластар болып келеді. Баланың қандай болып өсетіндігі көбіне отбасылық қатынастардағы жағдайына байланысты. Ал бұл жағдай түрлі-түрлі болады: отбасы, ата-аналар балаға қажетті қамқорлық көрсетіп, оның жасына, жеке басына қатысты ерекшеліктерін ескеріп отырса, ол жақсы, баланы сыйласа, ол да басқаларды сыйлайды. Ал шектен тыс ескелетіп жіберген бала отбасын өз уысында ұстағысы келеді немесе шеттетіп өсірген бала арамшөп сияқты болады, немесе отбасылық істерге қатысы жоқ «пәтерші» болып шығады.

Отбасы мен мектептің қарым-қатынасы мектеп өмірінің барлық кезеңдерінде маңызды, дегенмен бастауыш мектептерде ол әсіресе өзекті. Бұл кезде бала әлі отбасымен тығыз байланысты ол әлі өзінің сезімін, өзінің тәртібін басқара алатындай қабілетке ие бола қоймаған, өзінің мінез-құлқымен еріксіз мектептен өзіне керегін іздеуге тырысатын кезі. Егер отбасындағы қарым-қатынас ақылды, қайырымды болса жақсы, онда бала да мектепте қайырымдылық пен ақылдылығын қосады. Ал егер оның отбасындағы жағдайы дұрыс болмаша ше? Онда бала отбасындағы қарым-қатынастарға керісінше жақсы адам болып шығуы үшін мектеп бұл рухани жетіспеушіліктің орнын толтыруы тиіс. Осы үшін де оған ата-аналармен тату серіктестік қарым-қатынас орнатуы керек.

Мектеп пен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек? Отбасылық тәрбие кемшіндігінің бір себебі ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениеттерінің төмендігі, балалардың жасына байланысты типологиялық заңдылықтарын білмеуі, балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы, балаларының оқуда, құрдастарымен қарым-қатынасында қиындықтар пайда болған кезде қалай көмектесу керектігін білмеуі болып саналады.

Мектеп ата-аналар байланысы достық және өзара құрметтеушілікке құрылған болса, мұғалімдерге төмендегі ережелерді сақтау керек:

1.      ешқашан ата-аналарға олардың балаларының үстінен шағын айтып, «тиісті шара» қолдануларын талап етуге болмайды. Ата-аналармен кездесу іскерлік, достық жағдайында, оқушы тәртібіне байланысты немесе оның жеке басының сапаларын дамытуға қажетті кейбір мәселелерді талқылау түрінде өтуі тиіс. Мұғалімдер оқушының күнделігіне ескерту жазбауы керек, тіпті бала «екі» алса да, оны күнделікке түсірмеуі тиіс.

2.      ата-аналар жиналысын пікірлесетер кездесуі түрінде өткізу керек. Мұғалім өткен кезеңде сыныпта қандай жұмыстар атқарылды, әрбір пән бойынша не өтілді, оқушылар қандай проблемалар және қиындықтармен бетпе-бет келді, және ата-аналар өз балаларына қалай көмектесе алады деген мәселелерді сөз етуі керек. Жақын арада қандай оқу қандай оқу тақырыптары өтіледі, қандай шаралар белгіленуде, және оларды өткізуде ата-аналар қандай көмек көрсете алатынын хабарлауы тиіс. Мұндай кездесулерде оқушылардың жеке басына қатысты мәселелер сөз болмайды. Олар тек мұғалімдердің ата-аналармен оңаша әңгімелесуі кезінде ғана талқыланады. Тек оңаша кезде ғана ата-аналарға балаларының психодиагностикалық нәтижелерін хабарлап, оның жеке басының қиыншылықтарын айтуға, оны жеңу жолдары мен қажетті сапаларын дамыту жайлы сөз етуге болады.

3.      мұғалімдер баланың өмір сүретін ортасы, отбасындағы қарым-қатынастар сипатын, ата-аналарының ерекшеліктері жайлы білуі керек.

4.      балалардың өз ата-аналарын, туыстары мен жақындарын құрметтеуін, өзінің ата-баба шежіресін, олардың айналысқан істерін зерттеуге қызығушылығын тәрбиелеу керек.

Ата-аналар жиналысының үлгі құрылымы: (жиналыс ұзақтығы 1-1,5 сағат)

1.      сынып жетекшісінің кіріспе сөзі (қонақтарды таныстыру 5 мин)

2.      ата-аналар анкетасына талдау жасау (5-7 мин)

3.      тақырып бойынша сөз: маман немесе сынып жетекшісі (10-15 мин)

4.      ата-аналармен проблемаларды талқылау (20 мин)

5.      сынып жетекшісі сынып үлгеріміне талдау жасайды. Тек жақсы нәтижелерді айту.

Кездесудің қорытынды бөлімінде сынып жетекшісі ата-аналарға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтады, болған кездесуден естелік алуға ұсыныс жасайды. Балаларының оқуында, тәртібінде кемшілігі бар ата-ааналардың қалуын өтініп, себебін бірге іздесіп, оны жою шешімдерін бірлесіп табуға ұсыныс жасайды.

Сынып бөлмесін әшекейлеуге ертерек дайындалу керек (шығармашылық жұмыстар көрмесін жасау, арнайы тақырыптық газет шығару, ата-аналарға лайық әдебиеттерді, тақырыпқа сай балалар шығармаларынан, өлеңдерінен үзінділер таңадап алу)

Бала мектепке алғаш келгенде-ақ әрбір отбасына қағазға басылып, әдемі әшекейленген, отбасылық тәрбиенің негізгі ережелері түсінікті етіп жазылған «Ата-аналарға жаднама» табыс етілуі керек.

Ата-аналарға сауалнама:

Қолыңыздан келе ме:

1.      кез келген сәтте бар жұмысыңызды тоқтатып, тек баламен айналысу?

2.      жасына қарамастан, баламен ақылдасып отыру?

3.      балаға байланысты жіберген кемшілігіңізді өзіне мойындау?

4.      қателескен болсаңыз, баладан кешірім сұрау?

5.      баланың қылығы шектен шығып кетсе де сабырлы қалпыңызды сақтап қалу?

6.      өзіңізді баланың орнына қойып көру?

7.      бір сәтке болса да өзіңізді қайырымды періште немесе көркем ханзада деп сенуге?

8.      өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсететін, тағлым аларлық бабалық кезіңізден бір оқиғаны айтып беру?

9.      баланың көңіліне келуі мүмкін ызалы сөздер мен дауыс көтеруден тыйылу?

10.  бала не істегісі келсе соны істейтін, бірақ сіз ештеңеге араласпайтын бір күнді белгілеу?

11.  егер балаңыз жолдасын, құрдасын ұрып, итеріп жіберсе, немесе жазықсыз жәбірлесе көңіл аудармай қою?

12.  баланың тілегі қисынсыз болса көз жасына да, қыңырлығы мен өтінішіне де құлақ аспай қою?

Оқу жылының соңында мектеп өмірінің жақсы жақтарымен қатар жағымсыз құбылыстарын да анықтау үшін сауалнама жүргізуге болады.

Сауалнама әрбір мұғалімге қойылады:

1.      сіз мектептегі қандай жақсы құбылысты атар едіңіз?

2.      сіз қандай теріс құбылысты байқадыңыз? Оны қалай өзгертуге болады?

3.      қандай проблемалар бар және оларды қалай шешуді ұсынасыз?

4.      сіздің ойыңызша, қандай мәселелерді педкеңес мәжілістерінде, психологиялық-педагогикалық семинарларда, директор алдындағы жиналыста щешу қажет деп ойлайсыз? Қандай мәселе бойынша сіз сындарлы ұсыныстар жасар едіңіз?

5.      өзіңіздің педагогтік шеберлігіңізді жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз?

Отбасылық тәрбиенің тоғыз парызы: (ата-аналар жиналысынан кейін ата-аналар қолына беруге болады)

1.      Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Табиғат баланы өте кірпияз әрі күрделі етіп, баланың тұқым қуалаушы гендік жиынтығында оның тікелей ата-аналары ғана емес, ондаған, жүздеген бабаларының сапалары мен қасиеттерін аралас пайдаланады. Сондықтан да бір отбасында көркем

2.      Өз қалауыңызға орай оларға ешқашан бұйырып сөйлемеңіз. Баланың өміріне үнемі араласа беру қауіпті. Жоқтан өзгеге баланы діңкелете беру-оны топастандырып жібереді. Ұзамай ол күрделі әрекетті ұсақ-түйектен айыралмай қалады. Сонымен қатар олардың кінәсін кешіре беруге де болмайды, өйткені бала өз кінәсінің жағымсыз салдарын түсінбей кетеді. Балаға қатесіне өкіну, теріс қылығына өзін кінәлі сезіну пайдалы, кейін біріншісін екіншісінен айыра білуге, қателесуден және кінәлі болудан қорықпауға үйренеді.

3.      Шешімді жалғыз қабылдамаңыз. Шешімді тек ата-аналар арасында келісім болғанда ғана қабылдау керек. әке мен шешенің тең дәрежеде тыйым салу құқығы бар. Мектеп жасына жеткен баланы да отбасы істерін талқылауға қатыстыру керек. Біртіндеп олар отбасылық кеңесте кеңесші ғана емес, шешуші дауыс құқығын да иеленуі керек.

4.      Ата-аналардың мінез-құлқы-бала тәрбиесіндегі басты фактор. Әсіресе отбасындағы дау-жанжалдың зияны көп: одан балалар үлкендерден гөрі көбірек залал шегеді. Жеке бастың үлгісі –түсіндірудің ең жақсы жолы. Егер әкесі темекі шегетін болса, өсіп келе жатқан балаға темекі тартуға тыйым салу қиын. Егер анасы салақ әрі талғамыз киінетін болса, қыз баланың тап-тйнақтай болып өсуі күмәнді. Бұл туралы Лев Толстой былай деп жазған: «біз өзімізді емес, балаларды тәрбиелейтін болсақ, тәрбие күрделі әрі қиын болып қала береді... Егерде өзгелерді өзің арқылы тәрбиелеу керектігін түсінсең, тәрбиелеу жайлы мәсележойылып, өзің қалай өмір сүруің керек деген сұрақ қана қалады. Егер әке, шеше тамақтану, киінуде қарапайымдылықты сақтап, жұмыс істеп, білімін жетілдіретін болса, балалар да соны жасайды... Тәрбие деген өзің жақсы өмір сүру, яғни жақсы жүріп-тұруға ғана келіп тіреледі, адам тек осынысымен ғана өзгелерге әсер ете алады, өзгелерде, өздеріне қарап өсетін балаларды тәрбиелейді.»

5.      Не нәрсежайлы да қорықпай сөз етіп, сізге қарсы қитұрқы сұрақ қойғандарға да сеніммен қараңыз. Балалармен әңгімелесіңіз, оларды өз жұмысыңызды, үй жұмыстарын, ақша жайлы, алда тұрған демалыс жайын талқылауға тартыңыз. Дауласыңыз, бірақ оларды құрметтеңіз, балаларға деген көзқарасыңызды өзгертпеңіз. Олардың сіздікінен бөлек болса да ақылды өзіндік көзқарастары, өз сенімдері барына қуаныңыз. өзіңіздің қатеңізді мойындай біліңіз. Отбасы-баланы әлеуметтік өмірге бейімдейтін алғашқы тәжірибе орны.

6.      Балаларға сыйлық жасауда артық кетуге жол бермеңіз. Көбіне балалар жарнамаға елігіп, қыр соныңыздан қалмай қояды. Ақырында ата-аналар олардың бетін қайтаруды ұмытады, ал бетін қайтарудың пайдасы зор, өйткені керексіз артық нәрседен қажеттіні айыра білуге үйретеді. Артық сыйлық жасау баланы қоғамға қатысты жатыпішерлікке баулиды. Қоғам сыйлық жасамайды-оған адал еңбегіңмен қол жеткізуің қажет. Бұған В.А. Сухомлинский де баса назар аударған болатын.ол бала көзін ашып, есін жиысымен-ақ оған үнемі бірдеңе керек болып тұратынын атап көрсеткен. Қажеттілік-адам өмірінің қозғаушысы. Қажеттіліктен тілек пайда болады. Бала кезінде өзінің тілегін ауыздықтап үйренбеген, оның адамгершілік қажеттілігі мен негізделуін бастап өткермеген бала әлеуметтік сенімсіз болып өседі, ол қоғамдық талаптармен қайшылыққа түседі. Сәби шағынан тұтынушылық бақытқа еркін шомылып өскен бала оқуға ынтасыз болады. Содан кейін одан да қорқынышты қатер-еңбек етуге құлықсыздық бой көрсетеді. Қазіргі кезде адамзат басынан көшіріп жатқан дағдарыс адамдардың өз қажеттіліктерін реттеуге, экологиялық және адамгершілік дағдарысқа алып келетіндерін ауыздықтауға үйренбегендігінен деуге болады.

7.      Қандай да бір қиындық туа қалса, оны балаға түсіндіріп, бірлесе жеңу керек. Отбасындағы міндеттерді бөлісіп атқарған жөн. Анасы үйдегі қызметші емес екенін бала түсінуі тиіс. Баланы тазалыққа ерте жастан әдеттендірген дұрыс. Үй жинаудың белгілі бір ережелерін жасап, оны барлық отбасы мүшелері қатты сақтауы керек. Күн тәртібі сіз үшін де, балалар үшін де орында, мақсатты болғаны жөн. Егер сіз балалардың белгілі бір сағатта түскі асқа жиналуын талап ететін болсаңыз, олар мұндай тәртіптің тамақ дайындау және тамақтан кейін ыдыс-аяқты жинау жұмысын жеңілдетуге, ең бастысы отбасы мүшелері түгел жиналып, өз ойларын, сезімдерін бөлісу үшін қажет екендігін түсінуі тиіс. Егер сіз балалардан желінбеген тамақ қалдырмауды талап ететін болсаңыз, олар мұның ата-аналар ақшасына сатып алынған азық-түлікті ұқыпты пайдалану арқылы олардың еңбегін құрметтеу екенін ұғынуы тиіс.

8.      Үйіңіздің есігі ашық болсын. Бала өзін байлаулы сияқты сезінбесін. Үйдің есігін оның достарына ашық болсын. Балаларға сенім білдіру керек, бірақ олар да еркіндікке үйренуі тиіс, бұл оңай нәрсе емес. Балаларға іс-әрекет, достар таңдау еркіндігіне жауапкершілік сезімі қалыптасуына көмектесу керек. Егер отбасында бір-біріне қайырымдылық, құрметтеушілік қарым-қатынас орнаған болса, ата-аналар тыйымға жүгінбей,сыпайы кеңес берумен шектеліп, барлық отбасылық және балалардың істерін бірлесіп талқылайтын жерде балалар ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, ал олар балаларын ойсыз әрекеттерден дер кезінде сақтандырып қала алады.

9.      Дер кезінде шеттей біліңіз. Әрине, балалардың туған ұясын тастап шығуы қашанда мұң шақырады. Бірақ оған кедергі жасамаңыз. Өйткені отбасы міндеттерінің бірі-баланың бойындағы бар жақсылықты анықтап, оны дамыту және қоғам иелігіне ұсыну ғой. Ата-аналарынан дербес тіршілікке бөлініп шыққан бала ешқашан таусылмайтын жаңа өмір циклін бастайды.

Қарым –қатынас мазмұны мен формалары оқу жылының басында ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекетін жоспарлау процесінде анықталады. Сынып жетекшісінің басты міндеттерінің бірі-отбасының бірлігіне, ынтымақтастығына ықпал ету, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын орнықтыру, бала үшін қолайлы жағдай жасау. Балаңызға отбасылық тәрбие беру ісінде сіздің еңбегіңізге табыс тілейміз. Ол сізге тек қана қуаныш пен бақыт әкелетін болсын.

Сіздің балаңыз мектепке қуанышпен барғанын қалайсыз ба?


1. Баланың көзінще мектепті жамандап, мұғалімдерді кемсітпеңіз
2. Мұғалімді әр баламен жеке жұмыс жасамайды деп кінә артпаңыз, одан да өзіңіздің әрекетіңіз жайлы ойлаңыз
3. Балаңызбен бірге қанша рет отырып, сабағына қараған кездеріңізді есіңізге түсіріңіз. Баланың тапсырманы қате орындағанын байқап, қателікті түзеткен кездеріңіз болды ма?
4. Мектепте болған даулылық жағдайды (конфликтная ситуация) балаңыздың көзінше егдей-тегжейіне дейін талқыламай, мәселені шеттеткеніңіз дұрыс
5. Балаңызды уақытылы ұйқыға жатқызыңыз
6. Баланың сабағына қызығушылық танытып, көңіл бөлетініңізге көзі жетсін
7. Өзіңіз де қолыңыз босағанда кітап оқыңыз. Бала сізге қарап бос уақытты тек теледидар алдында отырып өткізу керек еместігін, кітап оқып, одан да басқа пайдалы істермен айналысуға болатынын түсінсін
8. Баланы өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: бірге отырып өзара хат жазысыңыздар, бірге хат жазысыңыздар
9. Мектеп өміріне және өткізілетін іс-шараларға белсене қатысыңыз. Себебі, мектеп өміріңіздің бір бөлшегі болғаны балаңызға тек қуаныш алып келеді. 
10. Мектепте бала өздеріне үлкен талаптар қойып, өзін-өзі сынауы мүмкін. Өзіне деген сенімділігін жоғалтпауға көмек бер

 

Психологтардың кеңестері

·         жиналыс басталар алдындағы жабырқау көңіл күйіңізді есік сыртында қалдырғаныңызды жөн

·         жиналысты өткізуге 1,5 сағаттан артық уақыт кетірмеңіз

·         адамға өз есімін есту жағымды әсер етеді, сондықтан ата-аналардың аты-жөндері жазылған парақ алдыңызда ашулы жатсын.

·         жиналысты бастар алдында талқылануы жоспарланған мәселелер тізімін оқып беріңіз

·         педагогикалық талдау жасаудың «алтын ережесін»: алдымен жағымды нәрседен бастауды, содан кейін барып жағымсыз нәрселерді сөз ету, әңгімені болашаққа ұсыныстар жасаумен аяқтауды ұмытпай керек.

·         Келуге уақыт тапқандары үшін бәріне алғыс айтыңыз (әсіресе әкелерге). Ата-аналарға айтылған сөздердің барлығы балаларға жетуі міндетті емес екендігін ескертіңіз.

·         Ата-аналарға балаларына оқу қаншалықты қиын тиетіндігін түсінетініңізді жеткізіңіз.

·         Жеке әңгімелесу кезінде балалардың қол жеткізген табыстарына баға беріңіз, жағымды мүмкіндіктерін сөз еткеніңіз жөн.

·         Ата-аналар жиналыстан өз баласына көмектесе алатындығына деген сеніммен қайтуы тиіс

Мыналарды жасауға болмайды:

·         келген ата-аналарды өткен жиналысқа қатыспағаны үшін кінәлауға

·         жекелеген оқушылардың табыстарын салыстыруға

·         бүкіл сыныпқа жағымсыз баға беруге

·         ата-аналармен қарым-қатынаста уағыз айтушылық үнмен сөйлеуге

Барынша сыпайы әрі өнегелі болыңыз!

Жиналыс қорытындысын шығару жиналыс үстінде-ақ басталады: айтылған сөздерге қорытынды жасалып, шешім қалыптастырылады. Ата-аналар жиналысының қорытындысы туралы ақпарат мектеп әкімшілігіне жеткізілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№188 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б а я н д а м а

 

Тақырыбы:  Мектеп және отбасы:

Қарым қатынас принциптері

 

(Сынып жетекшілер семинары )

 

 

Баяндамашы: мектеп психологы А.С.Карабекова

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы

2014-2015 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері"

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ тренинг .docx

ӨМІР  АҒЫСЫНА  ҚАРАЙ  ТАҢДАУ  ЖАСА!

(еліктеу ойындары)

 

 

pic1Сабақтың мақсаты: саналы түрде қабылданған шешімдердің дағдыларын дамыту жолдары арқылы жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, жағымсыз әлеуметтік қысымдарға қарсылық көрсету, салауатты өмір салтына бағытталған тұрақты бағдарлауды қалыптастыру .

 

Әдістемелік жабдықтар: ватмандар, коллаждарға арналған журналдар, желім, маркерлер, қайшы, орындықтар.

 

Сабақ барысы.

І. Ми штурмы

         Сіздің құрдастарыңыздың өмірінде қандай өмірлік қиындықтар, проблемалық, сыни жағдайлар болуы мүмкін?

 

         Адамдардың сыни жағдайлардағы тәртіптерінің типтік тәсілдерін анықтау.

 

         Барлық аталған тәсілдерді конструктивтік және конструктивтік емес тәсілдерге бөлу. 

 

         Конструктивтік емес тәсілдердің салдарлары: конструктивтік емес тәсілдерді пайдаланған кезде шиеленіс сақталады және молая түседі; проблемадан шығу жолы бар, бірақ шешу жолдары жоқ, жағымсыз салдарлар туындауы мүмкін. Конструктивтік емес тәсілдердің бірі – конструктивтік заттарды қолдану.

 

 

Психологиялық белсенді заттар: шешу жолдары жоқ проблемаларды шешу тәсілдері?

 

 

 

ІІ. «Проблема» жағдаятын үлгілеу

 

         Жүргізуші бір қатысушыны шақырып, өзіне ат ойлап қоюды және проблемалық жағдаяттар ойлауды сұрайды, бұл жағдаят қатысушының алдына қойылатын орындықпен  байланысты болу керек. Одан әрі осы жағдаят ойнатылады. Бейне бір бейтаныс (екінші қатысушы) бірінші қатысушыға проблемаларды ұмытудың тәсілі ретінде есірткі ұсынады. Ол келіседі, проблема ұмытыла бастайды. Одан әрі жүргізуші бірінші қатысушы да милициямен, ата-аналарымен, мектеппен проблема пайда болатынын айтады. Бұл проблемалар бірінші қатысушыны қоршап тұратын орындықтармен бейнеленеді. Жүргізуші соңында бірінші жағдаяттың ширыға түскенін айтады (орындық жылжытылады).

 

Талқылау:

 

-         жағдаят, оның ширыға түсуі барысында қандай сезімдер пайда болады?

 

-         топтар, пайда болған жағдаяттар туралы.

 

Қорытынды:

 

Есірткі көмегімен жағдаятқа рұқсат етілмейді, тек уақытқа ғана жылжиды, сосын оған оған басқа да проблемалар қосылуы мүмкін. 

 

ІІІ. «Әуесқойлық, ерік, ақыл-парасат» рөлдік ойыны-лискуссия 

 

Жасөспірімдер есірткінің өте жаман екенін, ешқандай проблеманы шешпейтінін біледі. Сонымен қатар, адамда әрқашан екі қарама-қайшылық болады: «әуесқойлық» және «ақыл-парасат», ал адамның «еркі» олардың аргументтері арасында таңдау жасайды. 

 

Қатысушылар үш топқа бөлінеді. «әуесқойлық», «ақыл-парасат», «ерік». Міндеттері: «әуесқойлық» есірткіні қолдану пайдасының аргументтерін береді, «ақыл-парасат» есірткіні қодануға қарсы, ал «ерік» аргументтерін тыңдап таңдау жасауы керек.

 

Талқылау:

-         неге «ерік» сол немесе өзге командаға қосылды?

 

-         қай аргумент барынша қомақтылау болды?

 

-         қатысушылардың біреу басқа командаға ауысқысы келе ме екен?

 

«Әуесқойлық» аргументтерін есірткі туралы аңыздар арқылы береді.

 

Бірінші аңыз – «Есірткілер зиян әкелмейді».

Кейде адамдар, басқа адамдарға есірткіні дәмін татып көру үшін, есірткі ешқандай зиян әкелмейтінін айтып көзін жеткізеді, не болмаса «Мен сені героинді тартуға мәжбүрлеп тұрған жоқпын, жай ғана тартып көр»-деп айтады. Солай емес пе?

Ал, алкоголді, темекіні есірткілік заттарға жатқызуға болады.

 

ІV. «Шуыл» жаттығуы

Қатысушыға 10 сөзді есте сақтау ұсынылады. Жүргізуші оларды санайды және қайталап отыруды сұрайды (жиынтығы – 5-7 сөз). Содан кейін 10 сөзді есте сақтау ұсынылады, бірақ осыған сәйкес топ шуылдау (марихуананы пайдаланғаннан кейін пайда болатын) жай-күйін үлгілейді. Жаттықтырушы сөздерді оқиды, қатысушы қайталайды (жиынтығы – 3-4 сөз, дұрыс естімеген).

 

Талқылау:

 

-         біріншіде неше сөз есте сақтадыңыз?

 

-         екіншіде қанша?

 

Қорытындылау және түйін. 

 

Екніші аңыз – «есірткі әрқашан тәуелділікке әкеп соқтырмайды». Сен кез келген уақытта тоқтай аласың. Тәуелділік деген не? «Тәуелділік» және «нашақорлық» ұғымдарын анықтау.

 

Тәуелділік – бұл бір нәрсеге әуестік, зиянды әдет.

 

Тәуелділік үш түрлі болады:

 

1.     Психологиялық;

2.     Физикалық;

3.     Әлеуметтік.

 

Психологиялық тәуелділік - өмірді есірткісіз мәнсіз етіп көрсететін құбылыс. Есірткі өмірдің мәні бола бастайды. Тәртібі өзгереді, тітіркену пайда болады, құндылықтар мен мақсаттардан бас тартады. 

 

Өзін-өзі сақтау сезімі сияқты инстинкт қалыптасады.

Психологиялық тәуелділік психологиялық белсенді заттарды бірінші рет дәмін татып көргеннен кейін ғана дамиды.  

 

 

Физикалық тәуелділік – адамның физикалық көңіл күйі бұзылатын жағдай, Есірткі ағзадағы процестерді алмастырушы бөлігі бола бастайды, физикалық тәуелділік адамды ауруға шалдықтырады. Физикалық тәуелділік кезеңінде «саңырау» кезең деп аталатын кезең өтіп жатады. Есірткіге тәуелді адам осы кезеңде:

 

1.          есірткіні пайдаланумен байланысты қауіп туралы келіп түсетін ақпараттарды «естімейді»;

2.          кез келген уақытта есірткіден бас тартамын және оған толық тәуелділіктен құтыламын деп санайды;

3.          есірткіні тұтынушылар ортасына басқа да жаңа мүшелерді тартады, сол себепті «саңырау» деп атаған

 

 

Әлеуметтік тәуелділік – адам есірткіні тұтынушылар ортасына түседі, егер осындай салдарларға соқтыратын болса, бұның бәрі адам үшін неге керек?

 

Егер осындай салдарларға соқтыратын болса, бұның бәрі адам үшін не керек?  

 

Үшінші аңыз – «Есірткі проблеманы шешуге көмектеседі»

 

 

V. «Марионетка»  рөлдік ойыны 

 

Қатысушылар үшке бөлінуі керек. Екі қатысушы қуыршақтарды жүргізушілер болып табылса, біреуі-қуыршықтың өзі болады. Қуыршақтарды жүргізіп тұрушылар марионетка-қуыршақтарының барлық қозғалысын толығымен басқарады. Әрбір қатысушы қуыршақтың рөлінде болып көруі ерек. Әрбір үш қатысушыға ара қашықтығы бір-бірінен 1,5-3 метр болатын екі орындықты қояды. Қуыршақтарды жүргізіп тұрушылардың мақсаты – қуыршақтарды бір орындықтан басқа орындыққа ауыстыру. Осыған байланысты, қуыршақ болып ойнаған адам қуыршақты жүргізіп тұрушылардың қозғалысына қарсылық білдірмеуі керек.  

 

Талқылау: 

 

-         қуыршақ болған кезде, ойын кезінде қатысушылар нені сезінді?

 

-         оларға осы сезімдер ұнады ма?

 

-         өзің тағы бірдеңе істегін келді ме?

 

 

Қоршаған әлем бізге көптеген есірткі туралы араңдатушылық аргументтер беретіні сөзсіз, бірақ біздің бағыт оны проблемаға деген нақты жеке қатынас, жеке шешім қабылдау негізінде біз үшін тірек болуы керек.

 

Төртінші аңыз – «Есірткінің көмегімен ерекше түйсіктер алуға болады»

 

Бұнымен дауласу өте қиын, бұл түйсіктер бар, бірақ оларға тез үйренесіз. Бірінші пайда болған жағымды түйсік қайтып келмейді, бірақ адам оны іздейді, оларға тәуелді болады. Осыған байланысты, ол оларды осыдан кейін енді қайтып алмайды, бұдан басқа олар ешқандай қызақ сыйламайды. Қуанышты өмірден де, өзіңнен де, басқа адамдардан да, қоршаған ортадан да, іздеп табуға болады, тек оны көру керек.

 

 

VІ. «Қуаныш коллажы» жаттығуы 

 

Журналдардың көмегімен «қуаныш коллажы» жасалады, онда жасөспірімдердің барлық қызығушылығы, жақсы әдеттері, ұқсамайтын ермектері көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№188 жалпы білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨМІР  АҒЫСЫНА  ҚАРАЙ  ТАҢДАУ  ЖАСА!

 

 

 

(тренинг)

 

 

 

 

 

Карабекова А.С

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері

 

     Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.

     Қазіргі мектеп отбасының қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең түсіністік пен өзара құрметке құрылған серіктстік жайында болып отыр. Педагогтің ата-аналармен жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді тартпайынша мүмкін емес.

Қарым-қатынас принциптері:

·         өзара сенім мен құрмет

·         өзара қолдау мен көмек

·         бір-біріне төзімділік пен шыдамдылық таныту

Бұл педагог пен ата-аналарға балаларда өзін-өзі тани білу және таныта білуге қажетті сапалар мен қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік жасау үшін күштерін біріктіруге көмектеседі.

Өзара қарым-қатынастағы сынып жетекшісінің негізгі функциялары:

1.      ата-аналарды мектеп ұйымдастыратын оқу-әдістемелік процестің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру

2.      ата-аналарды психологиялық-педагогикалық жағынан хабардар ету.

3.      ата-аналарды балалармен бірге жасалатын әрекеттерге тарту

4.      жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне түзету енгізу

5.      ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынаста болу

 

Есте болсын!

Педагогтердің, ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекеті табысты болу үшін барлығы да бірлескен іске оң көзқарас танытып, ұйымдаса, бірлескен жоспарларды жүзеге асырып, ол әрекеттің қорытындысын шығарып отыруы тиіс. Қарым-қатынас балаға бірыңғай талап қою, бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру баланың отбасындағы және мектептегі жүріс-тұрысын зерттеу, оның даму бағдарламасын жасаудан да тұрады.

Педагогтердің, отбасымен қарым-қатынас сипаты жіктелімді болып келеді. Сынып жетекшісі барлығына бірдей қарым-қатынас формасын артпайды, ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбие ерекшеліктеріне бағдарланады, ата-аналарды мектеп, сынып істеріне араласытыруда асқан төзімділік танытады.

Отбасымен жұмыс жасаудың негізгі формалары-топтық және даралық.

Даралық формалары: бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты әңгімелесу, кеңес беру, отбасына бару. Отбасына барғанда төмендегідей шарттар сақталуы тиіс:

·         отбасына алдын ала ескертусіз бармау

·         ол үйде 5-10 минуттан артық болуды жоспарламау (мазаларын алмау үшін)

·         кіреберісте түрегеп тұрып немесе сырт киімді шешінбей тұрып әңгімені бастамау керек.

·         әңгімелескенде жұлқына сөйлеуден аулақ болу керек.

·         Ата-аналарға ақыл үйретпей, кеңес түрінде айтқан жөн

·         Мүмкін болса, баланың көзінше әңгімелескен дұрыс

Топтық формалары: ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, ата-аналар дәрісханасы, ата-аналар білімі, жекелеген тәрбие мәселелеріне арналған конференциялар (медиктермен, психологтармен, заңгерлермен) кездесулер.

·         қарым-қатынаста педагогтердің ата-аналар жиалысындағы қарым-қатынас жасау стилінің маңызы зор.

·         Жиналыста монолог ата-аналармен жүргізілетін диалогтан азырақ болғаны жөн.

·         Жиналыс балалардың жасы мен сынып ерекшеліктеріне байланысты айына немесе төрттікте бір рет өткізіледі.

Оқу жылының басында, ата-аналармен бірінші рет кездескенде, апта күні мен уақытын дұрыс тыңдап, оқу жылына арналған кездесу тақырыбын келісіп алған дұрыс. Ата –аналар жиналысының тақырыбын сынып жетекшісі жасап, ата-аналар комитетінде талқыланады. Кезекті жиналыс тақырыбын барлық ата-аналар тыңдап алады.

Ата-аналар жиналысының түрлері: ұйымдастырушылық, ата-аналар оқуының жоспары бойынша жиналыс, пікірталас жиналыстар, қорытынды (төрттік) жиналыстары т.б.

Ата-аналар жиналысын даярлау және өткізу кезінде мыналар ескерілуі тиіс:

1.      баланың мінез-құлқы мен тәртібіндегі плюстерді күшейтіп, минустерін азайтуды жүзеге асыру жолында мектеп пен отбасының ынтымақтастық атмосферасы.

2.      жиналыс интонациясы: кеңес береміз, бірге ойласамыз.

3.      педагогтің кәсіби дайындамасы-білімі, біліктілігі (әр баланың мектептегі ғана емес, одан тыс жердегі өмірін білуі, оның қажеттіліктерінің деңгейін, денсаулық жағдайын, балалар ұжымымен қарым-қатынасынан хабардарлығы)

4.      жақсы, сенімді қарым-қатынас болуы (ақжарқындық, шынайлылық, өзара түсіністік, өзара көмекке әзір тұрушылық)

5.      ата-аналар жиналысы ата-аналардың қателіктерін, балалардың оқудағы сәтсіздіктерін көрсетуге емес, ата-аналарды хабардар етуге бағытталуы тиіс.

6.      жиналыс тақырыбы балалардың жасына байланысты ерекшеліктерін ескеру керек.

7.      жиналыс теориялық қана емес, практикалық та сипатта болуы керек. Жағдайда талдау жасау, тренингтер, пікірталастар т.б.

8.      жиналыс оқушылардың жеке бастарын талқылаумен және айыптаумен айналыспауы тиіс.

9.      ата-аналар жиналысы тиімділігінің басты көрсеткіштері-ата-аналардың белсене қатысуы, қойылған мәселелерді белсене талқылау атмосферасының болуы, тәжірибе алмасу, кеңес және ұсыныстар беру

Бірінші күннен бастап, балалар ата-аналарымен достық, серіктестік, қатынас орнату керек. Өйткені баланың тәрбиелігінің бастауы отбасында жатыр, мектепке ол отбасында алған азды-көпті тәрбиесімен келеді.

Өкінішке орай, мектеп пен отбасы, мұғалімдер мен ата-аналардың қарым-қатынасы әзірге талапқа сай емес. Көбіне олар балаларға әсер ету біріншілігі үшін күресетін қарсыластар болып келеді. Баланың қандай болып өсетіндігі көбіне отбасылық қатынастардағы жағдайына байланысты. Ал бұл жағдай түрлі-түрлі болады: отбасы, ата-аналар балаға қажетті қамқорлық көрсетіп, оның жасына, жеке басына қатысты ерекшеліктерін ескеріп отырса, ол жақсы, баланы сыйласа, ол да басқаларды сыйлайды. Ал шектен тыс ескелетіп жіберген бала отбасын өз уысында ұстағысы келеді немесе шеттетіп өсірген бала арамшөп сияқты болады, немесе отбасылық істерге қатысы жоқ «пәтерші» болып шығады.

Отбасы мен мектептің қарым-қатынасы мектеп өмірінің барлық кезеңдерінде маңызды, дегенмен бастауыш мектептерде ол әсіресе өзекті. Бұл кезде бала әлі отбасымен тығыз байланысты ол әлі өзінің сезімін, өзінің тәртібін басқара алатындай қабілетке ие бола қоймаған, өзінің мінез-құлқымен еріксіз мектептен өзіне керегін іздеуге тырысатын кезі. Егер отбасындағы қарым-қатынас ақылды, қайырымды болса жақсы, онда бала да мектепте қайырымдылық пен ақылдылығын қосады. Ал егер оның отбасындағы жағдайы дұрыс болмаша ше? Онда бала отбасындағы қарым-қатынастарға керісінше жақсы адам болып шығуы үшін мектеп бұл рухани жетіспеушіліктің орнын толтыруы тиіс. Осы үшін де оған ата-аналармен тату серіктестік қарым-қатынас орнатуы керек.

Мектеп пен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек? Отбасылық тәрбие кемшіндігінің бір себебі ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениеттерінің төмендігі, балалардың жасына байланысты типологиялық заңдылықтарын білмеуі, балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы, балаларының оқуда, құрдастарымен қарым-қатынасында қиындықтар пайда болған кезде қалай көмектесу керектігін білмеуі болып саналады.

Мектеп ата-аналар байланысы достық және өзара құрметтеушілікке құрылған болса, мұғалімдерге төмендегі ережелерді сақтау керек:

1.      ешқашан ата-аналарға олардың балаларының үстінен шағын айтып, «тиісті шара» қолдануларын талап етуге болмайды. Ата-аналармен кездесу іскерлік, достық жағдайында, оқушы тәртібіне байланысты немесе оның жеке басының сапаларын дамытуға қажетті кейбір мәселелерді талқылау түрінде өтуі тиіс. Мұғалімдер оқушының күнделігіне ескерту жазбауы керек, тіпті бала «екі» алса да, оны күнделікке түсірмеуі тиіс.

2.      ата-аналар жиналысын пікірлесетер кездесуі түрінде өткізу керек. Мұғалім өткен кезеңде сыныпта қандай жұмыстар атқарылды, әрбір пән бойынша не өтілді, оқушылар қандай проблемалар және қиындықтармен бетпе-бет келді, және ата-аналар өз балаларына қалай көмектесе алады деген мәселелерді сөз етуі керек. Жақын арада қандай оқу қандай оқу тақырыптары өтіледі, қандай шаралар белгіленуде, және оларды өткізуде ата-аналар қандай көмек көрсете алатынын хабарлауы тиіс. Мұндай кездесулерде оқушылардың жеке басына қатысты мәселелер сөз болмайды. Олар тек мұғалімдердің ата-аналармен оңаша әңгімелесуі кезінде ғана талқыланады. Тек оңаша кезде ғана ата-аналарға балаларының психодиагностикалық нәтижелерін хабарлап, оның жеке басының қиыншылықтарын айтуға, оны жеңу жолдары мен қажетті сапаларын дамыту жайлы сөз етуге болады.

3.      мұғалімдер баланың өмір сүретін ортасы, отбасындағы қарым-қатынастар сипатын, ата-аналарының ерекшеліктері жайлы білуі керек.

4.      балалардың өз ата-аналарын, туыстары мен жақындарын құрметтеуін, өзінің ата-баба шежіресін, олардың айналысқан істерін зерттеуге қызығушылығын тәрбиелеу керек.

Ата-аналар жиналысының үлгі құрылымы: (жиналыс ұзақтығы 1-1,5 сағат)

1.      сынып жетекшісінің кіріспе сөзі (қонақтарды таныстыру 5 мин)

2.      ата-аналар анкетасына талдау жасау (5-7 мин)

3.      тақырып бойынша сөз: маман немесе сынып жетекшісі (10-15 мин)

4.      ата-аналармен проблемаларды талқылау (20 мин)

5.      сынып жетекшісі сынып үлгеріміне талдау жасайды. Тек жақсы нәтижелерді айту.

Кездесудің қорытынды бөлімінде сынып жетекшісі ата-аналарға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтады, болған кездесуден естелік алуға ұсыныс жасайды. Балаларының оқуында, тәртібінде кемшілігі бар ата-ааналардың қалуын өтініп, себебін бірге іздесіп, оны жою шешімдерін бірлесіп табуға ұсыныс жасайды.

Сынып бөлмесін әшекейлеуге ертерек дайындалу керек (шығармашылық жұмыстар көрмесін жасау, арнайы тақырыптық газет шығару, ата-аналарға лайық әдебиеттерді, тақырыпқа сай балалар шығармаларынан, өлеңдерінен үзінділер таңадап алу)

Бала мектепке алғаш келгенде-ақ әрбір отбасына қағазға басылып, әдемі әшекейленген, отбасылық тәрбиенің негізгі ережелері түсінікті етіп жазылған «Ата-аналарға жаднама» табыс етілуі керек.

Ата-аналарға сауалнама:

Қолыңыздан келе ме:

1.      кез келген сәтте бар жұмысыңызды тоқтатып, тек баламен айналысу?

2.      жасына қарамастан, баламен ақылдасып отыру?

3.      балаға байланысты жіберген кемшілігіңізді өзіне мойындау?

4.      қателескен болсаңыз, баладан кешірім сұрау?

5.      баланың қылығы шектен шығып кетсе де сабырлы қалпыңызды сақтап қалу?

6.      өзіңізді баланың орнына қойып көру?

7.      бір сәтке болса да өзіңізді қайырымды періште немесе көркем ханзада деп сенуге?

8.      өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсететін, тағлым аларлық бабалық кезіңізден бір оқиғаны айтып беру?

9.      баланың көңіліне келуі мүмкін ызалы сөздер мен дауыс көтеруден тыйылу?

10.  бала не істегісі келсе соны істейтін, бірақ сіз ештеңеге араласпайтын бір күнді белгілеу?

11.  егер балаңыз жолдасын, құрдасын ұрып, итеріп жіберсе, немесе жазықсыз жәбірлесе көңіл аудармай қою?

12.  баланың тілегі қисынсыз болса көз жасына да, қыңырлығы мен өтінішіне де құлақ аспай қою?

Оқу жылының соңында мектеп өмірінің жақсы жақтарымен қатар жағымсыз құбылыстарын да анықтау үшін сауалнама жүргізуге болады.

Сауалнама әрбір мұғалімге қойылады:

1.      сіз мектептегі қандай жақсы құбылысты атар едіңіз?

2.      сіз қандай теріс құбылысты байқадыңыз? Оны қалай өзгертуге болады?

3.      қандай проблемалар бар және оларды қалай шешуді ұсынасыз?

4.      сіздің ойыңызша, қандай мәселелерді педкеңес мәжілістерінде, психологиялық-педагогикалық семинарларда, директор алдындағы жиналыста щешу қажет деп ойлайсыз? Қандай мәселе бойынша сіз сындарлы ұсыныстар жасар едіңіз?

5.      өзіңіздің педагогтік шеберлігіңізді жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз?

Отбасылық тәрбиенің тоғыз парызы: (ата-аналар жиналысынан кейін ата-аналар қолына беруге болады)

1.      Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Табиғат баланы өте кірпияз әрі күрделі етіп, баланың тұқым қуалаушы гендік жиынтығында оның тікелей ата-аналары ғана емес, ондаған, жүздеген бабаларының сапалары мен қасиеттерін аралас пайдаланады. Сондықтан да бір отбасында көркем

2.      Өз қалауыңызға орай оларға ешқашан бұйырып сөйлемеңіз. Баланың өміріне үнемі араласа беру қауіпті. Жоқтан өзгеге баланы діңкелете беру-оны топастандырып жібереді. Ұзамай ол күрделі әрекетті ұсақ-түйектен айыралмай қалады. Сонымен қатар олардың кінәсін кешіре беруге де болмайды, өйткені бала өз кінәсінің жағымсыз салдарын түсінбей кетеді. Балаға қатесіне өкіну, теріс қылығына өзін кінәлі сезіну пайдалы, кейін біріншісін екіншісінен айыра білуге, қателесуден және кінәлі болудан қорықпауға үйренеді.

3.      Шешімді жалғыз қабылдамаңыз. Шешімді тек ата-аналар арасында келісім болғанда ғана қабылдау керек. әке мен шешенің тең дәрежеде тыйым салу құқығы бар. Мектеп жасына жеткен баланы да отбасы істерін талқылауға қатыстыру керек. Біртіндеп олар отбасылық кеңесте кеңесші ғана емес, шешуші дауыс құқығын да иеленуі керек.

4.      Ата-аналардың мінез-құлқы-бала тәрбиесіндегі басты фактор. Әсіресе отбасындағы дау-жанжалдың зияны көп: одан балалар үлкендерден гөрі көбірек залал шегеді. Жеке бастың үлгісі –түсіндірудің ең жақсы жолы. Егер әкесі темекі шегетін болса, өсіп келе жатқан балаға темекі тартуға тыйым салу қиын. Егер анасы салақ әрі талғамыз киінетін болса, қыз баланың тап-тйнақтай болып өсуі күмәнді. Бұл туралы Лев Толстой былай деп жазған: «біз өзімізді емес, балаларды тәрбиелейтін болсақ, тәрбие күрделі әрі қиын болып қала береді... Егерде өзгелерді өзің арқылы тәрбиелеу керектігін түсінсең, тәрбиелеу жайлы мәсележойылып, өзің қалай өмір сүруің керек деген сұрақ қана қалады. Егер әке, шеше тамақтану, киінуде қарапайымдылықты сақтап, жұмыс істеп, білімін жетілдіретін болса, балалар да соны жасайды... Тәрбие деген өзің жақсы өмір сүру, яғни жақсы жүріп-тұруға ғана келіп тіреледі, адам тек осынысымен ғана өзгелерге әсер ете алады, өзгелерде, өздеріне қарап өсетін балаларды тәрбиелейді.»

5.      Не нәрсежайлы да қорықпай сөз етіп, сізге қарсы қитұрқы сұрақ қойғандарға да сеніммен қараңыз. Балалармен әңгімелесіңіз, оларды өз жұмысыңызды, үй жұмыстарын, ақша жайлы, алда тұрған демалыс жайын талқылауға тартыңыз. Дауласыңыз, бірақ оларды құрметтеңіз, балаларға деген көзқарасыңызды өзгертпеңіз. Олардың сіздікінен бөлек болса да ақылды өзіндік көзқарастары, өз сенімдері барына қуаныңыз. өзіңіздің қатеңізді мойындай біліңіз. Отбасы-баланы әлеуметтік өмірге бейімдейтін алғашқы тәжірибе орны.

6.      Балаларға сыйлық жасауда артық кетуге жол бермеңіз. Көбіне балалар жарнамаға елігіп, қыр соныңыздан қалмай қояды. Ақырында ата-аналар олардың бетін қайтаруды ұмытады, ал бетін қайтарудың пайдасы зор, өйткені керексіз артық нәрседен қажеттіні айыра білуге үйретеді. Артық сыйлық жасау баланы қоғамға қатысты жатыпішерлікке баулиды. Қоғам сыйлық жасамайды-оған адал еңбегіңмен қол жеткізуің қажет. Бұған В.А. Сухомлинский де баса назар аударған болатын.ол бала көзін ашып, есін жиысымен-ақ оған үнемі бірдеңе керек болып тұратынын атап көрсеткен. Қажеттілік-адам өмірінің қозғаушысы. Қажеттіліктен тілек пайда болады. Бала кезінде өзінің тілегін ауыздықтап үйренбеген, оның адамгершілік қажеттілігі мен негізделуін бастап өткермеген бала әлеуметтік сенімсіз болып өседі, ол қоғамдық талаптармен қайшылыққа түседі. Сәби шағынан тұтынушылық бақытқа еркін шомылып өскен бала оқуға ынтасыз болады. Содан кейін одан да қорқынышты қатер-еңбек етуге құлықсыздық бой көрсетеді. Қазіргі кезде адамзат басынан көшіріп жатқан дағдарыс адамдардың өз қажеттіліктерін реттеуге, экологиялық және адамгершілік дағдарысқа алып келетіндерін ауыздықтауға үйренбегендігінен деуге болады.

7.      Қандай да бір қиындық туа қалса, оны балаға түсіндіріп, бірлесе жеңу керек. Отбасындағы міндеттерді бөлісіп атқарған жөн. Анасы үйдегі қызметші емес екенін бала түсінуі тиіс. Баланы тазалыққа ерте жастан әдеттендірген дұрыс. Үй жинаудың белгілі бір ережелерін жасап, оны барлық отбасы мүшелері қатты сақтауы керек. Күн тәртібі сіз үшін де, балалар үшін де орында, мақсатты болғаны жөн. Егер сіз балалардың белгілі бір сағатта түскі асқа жиналуын талап ететін болсаңыз, олар мұндай тәртіптің тамақ дайындау және тамақтан кейін ыдыс-аяқты жинау жұмысын жеңілдетуге, ең бастысы отбасы мүшелері түгел жиналып, өз ойларын, сезімдерін бөлісу үшін қажет екендігін түсінуі тиіс. Егер сіз балалардан желінбеген тамақ қалдырмауды талап ететін болсаңыз, олар мұның ата-аналар ақшасына сатып алынған азық-түлікті ұқыпты пайдалану арқылы олардың еңбегін құрметтеу екенін ұғынуы тиіс.

8.      Үйіңіздің есігі ашық болсын. Бала өзін байлаулы сияқты сезінбесін. Үйдің есігін оның достарына ашық болсын. Балаларға сенім білдіру керек, бірақ олар да еркіндікке үйренуі тиіс, бұл оңай нәрсе емес. Балаларға іс-әрекет, достар таңдау еркіндігіне жауапкершілік сезімі қалыптасуына көмектесу керек. Егер отбасында бір-біріне қайырымдылық, құрметтеушілік қарым-қатынас орнаған болса, ата-аналар тыйымға жүгінбей,сыпайы кеңес берумен шектеліп, барлық отбасылық және балалардың істерін бірлесіп талқылайтын жерде балалар ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, ал олар балаларын ойсыз әрекеттерден дер кезінде сақтандырып қала алады.

9.      Дер кезінде шеттей біліңіз. Әрине, балалардың туған ұясын тастап шығуы қашанда мұң шақырады. Бірақ оған кедергі жасамаңыз. Өйткені отбасы міндеттерінің бірі-баланың бойындағы бар жақсылықты анықтап, оны дамыту және қоғам иелігіне ұсыну ғой. Ата-аналарынан дербес тіршілікке бөлініп шыққан бала ешқашан таусылмайтын жаңа өмір циклін бастайды.

Қарым –қатынас мазмұны мен формалары оқу жылының басында ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекетін жоспарлау процесінде анықталады. Сынып жетекшісінің басты міндеттерінің бірі-отбасының бірлігіне, ынтымақтастығына ықпал ету, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын орнықтыру, бала үшін қолайлы жағдай жасау. Балаңызға отбасылық тәрбие беру ісінде сіздің еңбегіңізге табыс тілейміз. Ол сізге тек қана қуаныш пен бақыт әкелетін болсын.

Сіздің балаңыз мектепке қуанышпен барғанын қалайсыз ба?

1. Баланың көзінще мектепті жамандап, мұғалімдерді кемсітпеңіз
2. Мұғалімді әр баламен жеке жұмыс жасамайды деп кінә артпаңыз, одан да өзіңіздің әрекетіңіз жайлы ойлаңыз
3. Балаңызбен бірге қанша рет отырып, сабағына қараған кездеріңізді есіңізге түсіріңіз. Баланың тапсырманы қате орындағанын байқап, қателікті түзеткен кездеріңіз болды ма?
4. Мектепте болған даулылық жағдайды (конфликтная ситуация) балаңыздың көзінше егдей-тегжейіне дейін талқыламай, мәселені шеттеткеніңіз дұрыс
5. Балаңызды уақытылы ұйқыға жатқызыңыз
6. Баланың сабағына қызығушылық танытып, көңіл бөлетініңізге көзі жетсін
7. Өзіңіз де қолыңыз босағанда кітап оқыңыз. Бала сізге қарап бос уақытты тек теледидар алдында отырып өткізу керек еместігін, кітап оқып, одан да басқа пайдалы істермен айналысуға болатынын түсінсін
8. Баланы өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: бірге отырып өзара хат жазысыңыздар, бірге хат жазысыңыздар
9. Мектеп өміріне және өткізілетін іс-шараларға белсене қатысыңыз. Себебі, мектеп өміріңіздің бір бөлшегі болғаны балаңызға тек қуаныш алып келеді. 
10. Мектепте бала өздеріне үлкен талаптар қойып, өзін-өзі сынауы мүмкін. Өзіне деген сенімділігін жоғалтпауға көмек бер

 

Психологтардың кеңестері

·         жиналыс басталар алдындағы жабырқау көңіл күйіңізді есік сыртында қалдырғаныңызды жөн

·         жиналысты өткізуге 1,5 сағаттан артық уақыт кетірмеңіз

·         адамға өз есімін есту жағымды әсер етеді, сондықтан ата-аналардың аты-жөндері жазылған парақ алдыңызда ашулы жатсын.

·         жиналысты бастар алдында талқылануы жоспарланған мәселелер тізімін оқып беріңіз

·         педагогикалық талдау жасаудың «алтын ережесін»: алдымен жағымды нәрседен бастауды, содан кейін барып жағымсыз нәрселерді сөз ету, әңгімені болашаққа ұсыныстар жасаумен аяқтауды ұмытпай керек.

·         Келуге уақыт тапқандары үшін бәріне алғыс айтыңыз (әсіресе әкелерге). Ата-аналарға айтылған сөздердің барлығы балаларға жетуі міндетті емес екендігін ескертіңіз.

·         Ата-аналарға балаларына оқу қаншалықты қиын тиетіндігін түсінетініңізді жеткізіңіз.

·         Жеке әңгімелесу кезінде балалардың қол жеткізген табыстарына баға беріңіз, жағымды мүмкіндіктерін сөз еткеніңіз жөн.

·         Ата-аналар жиналыстан өз баласына көмектесе алатындығына деген сеніммен қайтуы тиіс

Мыналарды жасауға болмайды:

·         келген ата-аналарды өткен жиналысқа қатыспағаны үшін кінәлауға

·         жекелеген оқушылардың табыстарын салыстыруға

·         бүкіл сыныпқа жағымсыз баға беруге

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 819 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2015 2756
    • ZIP 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карабекова Айнур Сабыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карабекова Айнур Сабыржановна
    Карабекова Айнур Сабыржановна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17147
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Обучение без стресса. Психосоматика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Психологическое консультирование, психокоррекция, психотерапия

Психолог-консультант

300/600 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 937 человек из 76 регионов

Курс повышения квалификации

Основы гештальт-терапии с практикой применения в образовательном процессе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 35 регионов

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 27 регионов

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов