Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Тесты / Мектепалды даярлау тобында балалардың экологиялық білімін қалыптастыру деңгейін анықтау

Мектепалды даярлау тобында балалардың экологиялық білімін қалыптастыру деңгейін анықтау

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Дайындаған: Урисбаева Гулмира Бердихановна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

әкімдігінің білім бөлімінің «№54 «Айналайын» балабақшасы» мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдіскері.





Мектепалды даярлау тобында балалардың экологиялық білімін қалыптастыру деңгейін анықтау.

Балалардың жануарлар, құстар, жәндіктер туралы негізгі ұғымының қалыптасу деңгейіне тапсырма

Мақсаты: Жануарлар, құстар, жәндіктер туралы білім деңгейін анықтау.

Керекті құралдар: Үш үлкен карта: бірінші карта үш бөлікке бөлінген (қора, орман, ыстық ел пейзажы); екінші картада көк аспан, ағаштар және жер; ал үшінші картада аспан мен кең дала.

Жануарлар суреттері: жылқы, сиыр, ешкі, қой, ит, қасқыр, түлкі аю, қоян, жолбарыс, піл, жираф, жолақ жылқы.

Құстардың суреттері: көгершін, торғай, тоқылдақ, сауысқан, қарға, үкі.

Жәндіктердің суреттері: көбелектер, ара, қызыл қоңыз, шегіртке, құмырсқа, инелік, шыбын, маса, өрмекші.

Өткізу ережесі: Тәрбиеші балаларға бірінші картаны алып, оған жануарлар, құстар, мекен ететін орнына қарай орналастыруды ұйымдастырады. Тәрбиеші балаларға екінші картаны алып, оған қалған жануарлар, құстар өздерінің қалауы бойынша орналастыруға тапсырма береді.

Тәрбиеші үшінші картаны алып, оған қалған жәндіктерді орналастыруды ұсынады.

Егер де үстел үстінде тағы қалған суреттер болса, баланың ойланып, ереже бойынша орналастыруына мүмкіндік беріледі. Баладан оны қандай ерекшелігіне қарай орналастырғанын сұрау керек.

Содан соң бала берілген тапсырманы орындап болса, оған үш жануар суретін, үш құстың суретін, үш жәндіктің суретін таңдау ұсынылады да, балаға төмендегідей сұрақ қояды.

  • Жануарлар, құстар, жәндіктер қалай аталады?

  • Олар туралы не білесің?

  • Сен оларға қандай қамқорлық көрсетесің?



Жоғарғы деңгей

  • Бала қиналмастан оларды атап, толық жауап береді.

  • Мекен ететін жерін біледі.

  • Олардың бір-бірінің ерекшелігін біледі.

  • Өзінің құстарға, жануарларға, жәндіктерге деген қамқорлығын айтып жеткізе біледі.



Орташа деңгей

  • Бала кей кезде қателіктер жібереді.

  • Өз таңдағанын толық айта алмайды.

  • Мекен ететін ортасын толық білмейді.

  • Ерекшеліктерін біледі, бірақ кейде қателіктер жібереді.

  • Қойылған сұраққа қиналып жауап береді немесе жауабы қысқа болады.

  • Өзінің құстарға, жануарларға, жәндіктерге деген қамқорлығын айтып жеткізе біледі.



Төменгі деңгей

  • Бала көп қателіктер жібереді.

  • Өз білгенін жеткізе алмайды.

  • Мекен ететін ортасын білмейді.

  • Ерекшеліктерін айтуға қиналады.

  • Қойылған сұраққа қиналып жауап береді немесе жауабы дұрыс емес болады.

  • Өзінің құстарға, жануарларға, жәндіктерге деген қамқорлығын айтып жеткізе білмейді.



2 тапсырма: Өсімдіктер әлемінің ерекшеліктері туралы білім деңгейі

(Бұл тапсырма әр баламен жеке-жеке өтеді)

Мақсаты: Өсімдіктер әлемінің ерекшеліктері туралы білімін анықтау.

Керекті құралдар: 5 бөлме өсімдігі, су сепкіш, су құйғыш, қопсытуға арналған күрекше, шүберек т.б.

Өткізілу ережесі: Педагог 5 түрлі бөлме гүлін атауды және оларды көрсетуді ұсынады.

  • Бөлме гүлдерінің жақсы өсуі үшін қандай жағдай жасау керек?

  • Бөлме гүлдерін қалай дұрыс күте білу керек?

  • Бір гүлді алып қалай күтетініңді көрсет.

  • Бөлме гүлдері адамдарға не үшін керек?

  • Саған бөлме гүлдерінің қайсысы ұнайды?

Содан соң тәрбиеші балаларға мыналарды таңдауды ұсынады:

А) Алдымен ағаштарды (қайың, қарағай, шырша, емен)

Б) Жидектер мен саңырауқұлақтарды.

В) Дала гүлдері мен бақша гүлдері (қалампыр, бәйшешек, қызғалдақ)



Жоғарғы деңгей

  • Баланың өзі ағаштар мен өсімдіктерді атай біледі.

  • Тәрбиеші көмегінсіз гүлдерді ажырата алады.

  • Үлкендердің көмегінсіз олардың өсу үшін қандай жағдай жасалатынын айта біледі.

  • Бөлме гүлдерін қалай күте білу керек екенін айтып бере алады.

  • Бөлме гүлдерін күте білуге деген ынтасы өте жақсы.



Орташа деңгей

  • Бала ағаштар мен өсімдіктерді ажыратуда кейде қателік жібереді.

  • Негізінен гүлдерді ажырата алады, бірақ өз таңдауын айтуда қиналады.

  • Үлкендердің көмегінсіз олардың өсу үшін қандай жағдай жасалатынын айта біледі.

  • Бөлме гүлдерін қалай күте білу керек екенін айтып бере алады.

  • Бөлме гүлдерін күте білуге деген ынтасы жақсы.



Төменгі деңгей

  • Бала ағаштар мен өсімдіктерді толық ажырата алмайды.

  • Гүлдерді ажырата алмайды, таңдаған гүлі туралы айтып бере алмайды.

  • Олардың өсу үшін қандай жағдай жасалатынын айтуда қиналады.

  • Бөлме гүлдерін қалай күте білу керектігі туралы тәжірибесі жоқ.

  • Бөлме гүлдерін күтуді үлкендердің көмегінсіз жасай алмайды және оларды күтуге деген ынтасы төмен.





3 тапсырма: Өлі табиғат туралы білім деңгейі.

Мақсаты: Өлі табиғаттың негізгі ерекшеліктері туралы білім деңгейін анықтау.

Керекті құралдар: 3 банкі (топырақ салынған, тас салынған, су құйылған)

Өткізу ережесі: Тәрбиеші 3 банкіде не бар екенін қарап алуды ұсынады. Бала қарап болған соң, банкілерде нелер бар екенін төмендегі сұрақтарды қоя отырып сұрайды.

  • Топырақтың қандай қасиетін білесің?

  • Топырақты адамдар не үшін пайдаланады?

  • Тастың қандай қасиетін білесің?

  • Тасты адамдар не үшін пайдаланады?

  • Судың қандай қасиетін білесің?

  • Суды адамдар не үшін пайдаланады?



Жоғарғы деңгей

  • Бала мүдірместен банкіде не бар екенін айтып бере алады.

  • Өлі табиғаттың қасиетін дұрыс ажырата біледі.

  • Өз бетімен адамдар оларды не үшін пайдаланатынын айтып бере алады.

  • Қойылған сұраққа өзінің қиялын да көрсете біледі.



Орташа деңгей

  • Бала банкіде не бар екенін айтып бере алады.

  • Өлі табиғаттың негізгі қасиетін дұрыс ажырата біледі.

  • Қосымша сұрақ және мысал келтірген кезде ғана адамдар оларды не үшін пайдаланатынын айтып бере алады.

Төменгі деңгей

  • Бала банкідегі не екенін ажыратуда қателік жібереді.

  • Өлі табиғаттың қасиетін білмейді.

  • Сұрақ немесе мысал келтірген кезде де адамдар оларды не үшін пайдаланатынын айтуда қиналады.



4 тапсырма: Жыл мезгілдері туралы білім деңгейі



Мақсаты: Жыл мезгілі туралы білімін анықтау

Керекті құралдар: Альбом беті, түрлі –түсті қарындаш және фламастер

Өткізілу ережесі: Тәрбиеші мына сұрақтарды қояды:

  • Саған қай жыл мезгілі ұнайды? Ол несімен ұнайды?

  • Өзіңе ұнайтын жыл мезгілінің суретін сал.

  • Өзіңе ұнайтын жыл мезгілінен кейін қай жыл мезгілі келетінін атап берші. Содан соң тағы төмендегі сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

  • Күн жарқырап шығады, балалар теңізде шомылады.

  • Ағаштар қар жамылады, балалар шаңғы, шанамен сырғанайды.

  • Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

  • Ағаштар бүршік атады, бәйшешектер гүлдей бастайды.

Жоғарғы деңгей

  • Бала жыл мезілін дұрыс және рет-ретімен атай біледі.

  • Әрбір жыл мезгілінің ерекшеліктерін толық біледі.

  • «Саған қандай жыл мезгілі ұнайды және несімен ұнайды» деген сұраққа шығармашылығын көрсетіп, қиялдап әңгімелеп құрастырады.

  • Өзі салған суреті туралы айтып береді.

  • Табиғатқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете біледі.



Орташа деңгей

  • Бала жыл мезілін дұрыс атай біледі бірақ рет-ретімен атағанда қиналады.

  • Әрбір жыл мезгілінің ерекшеліктерін біледі, бірақ кейде қателік жібереді.

  • «Саған қандай жыл мезгілі ұнайды және несімен ұнайды» деген сұраққа бір сөйлеммен қысқа жауап береді.

  • Жыл мезгілінің кейбір белгілерінің ғана суретін салады.

  • Табиғатқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете біледі.



Төменгі деңгей

  • Көбіне бала жыл мезілін дұрыс атай білмейді және рет-ретімен атағанда да қиналады.

  • Әрбір жыл мезгілінің ерекшеліктерін білмейді.

  • «Саған қандай жыл мезгілі ұнайды және несімен ұнайды» деген сұраққа тек жыл мегілін ғана атайды.

  • Жыл мезгілінің суретін салған кезде бір-бірінен айырмашылығын көрсете алмайды.

  • Табиғатқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете алмайды.





5 тапсырма.Табиғатқа деген экологиялық қарым-қатынас деңгейі

Мақсаты: Табиғатқа деген экологиялық қарым-қатынас білім деңгейін анықтау.

Өткізу ережесі: Тәрбиеші төмендегі сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

  • Сен үлкендерге үй жануарларын бағуда ( егер бар болса) қалай көмектесесің? Егер үй жануары жоқ болса мысық пен ит болса оларға қалай қамқорлық көрсетесің деп сұрайды.

  • Сен үлкендермен бірге балабақша ауласында үнемі ағаш, өсімдік өсуі үшін не істей аласың?

  • Қыстап қалған құстарға қалай көмектесе аласың?



Жоғарғы деңгей

  • Бала қойылған сұраққа толық жауап бере алады.

  • Құстар, жануарлар, адамдар арасындағы қарым-қатынасты түсінеді.

  • Өз қарым-қатынасын қиналмай көрсете біледі.



Орташа деңгей

  • Бала қойылған сұраққа жауап бере алады.

  • Кейде құстар, жануарлар, адамдар арасында қандай қарым-қатынас бар екенін білмей қалады.

  • Өз қарым-қатынасын көрсете біледі.



Төменгі деңгей

  • Бала қойылған сұраққа қиналып жауап береді.

  • Үй жануарлары және табиғат бұрышындағы жануарларды қалай күтуді білмейді.

  • Құстар, жануарлар, адамдар арасында қандай қарым-қатынас бар екенін түсінбейді.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.06.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Тесты
Просмотров58
Номер материала ДБ-111862
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх