Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Мектепалды даярлық сабақ жоспарлары

Мектепалды даярлық сабақ жоспарлары

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Үлгі сабақтар


Сауат ашу


Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Сөйлеммен танысайық

Сабақтың мақсаты

1) Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем кұрау.

2) Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.

3) Балаларды ұғымталдықка, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат суреттер, жүмбақтар, буындар, үлестірмелі карточкалар.

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


Өзі сондай нәзік,

Су құйсақ кетеді.

Алақанын жазып. Бұл не болды, балалар?

Гүл.

Дұрыс. Гүл екен (суретін көрсетеді).

Енді осы гүл сөзін пайдаланып бірнеше сөздер айтайық.

Дала. Гүл. Ашыды. Әдемі. Бақ.

Дұрыс. Енді осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып айтып көрейік. Балалар, біз бүгін сендермен сөйлем туралы түсініп, оның қалай жасалатынын үйренеміз.

Гүл қайда өседі?

Тәрбиеші: - Гүл қандай?

Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.

Далада әдемі гүл өседі.

Сөздер бірігіп белгілі аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем төрт сөзден құралып түр. Сөйлемде сөздер бір-бірімен байланысып тұр.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Мен білемін».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.

Мен ұлдардың бес атын білемін:

Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Сабақты "Кім шапшаң сөйлем құрайды?" ойынымен аяқтау.


Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.







Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Дене тәрбиесі туралы әңгіме.

Сабақтың мақсаты

Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

  Психологиялық ахуалды қалыптастыру


Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың,

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


1 - ойын «Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.
2 - ойын «Допты домалатып тез лақтыр»
Сөре сызығынан 5 - 7м жерде параллель сызық сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызыққа дейін домалатып тура сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 - ойыншыға кеуде алдынан лақтырады да өзі саптың артына барып тұрады. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы соңғы ойыншыдан допты алған мезгілде ойын аяқталады.
3 - ойын «Кім шапшаң»
Ойыншылардың аяқтарына тұсау салынып, бірінің артына бірі лек түзеп, сапта тұрады. Белгі бойынша 2 - ойыншы шапшаң жүріп, белгілі арақашықтықтан айналып келесі ойыншыға қолын тигізеді. ойын осылай жалғасады.
4 - ойын «Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Паравоз»
Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.
Мазмұны: Қатар - қатар тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын
Паравозы пойыздың
Кімнің, апай, бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың?!
Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала
паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның
артынан ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да!
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік
Жүрісті біз гулетіп
Жүрісті біз гулетіп
Гу - гу, гу - гу, гуілдеп
Қалып қойма біріңде
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік жүрісті біз үдеттік.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

«Кім ұқыпты?»
Ортаға төсеніш қойылады. Әр топтан 1ойыншыдан шығып, Еңкейіп саусағының ұшына қарап 10рет айналады да болған соң төсеніштен тоңқалаң асып допты алып серіктесі ұстап тұрған сақинаға лақтырып түсіруі керек.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Дене жаттықтыруға арналған тапсырмаларды орындай алады







Жапсыру



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Үй

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  боыйнша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру.


Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Шаттық шеңбері

Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


hello_html_m3c52e74c.jpg

Жаңа білімге байланысты видеожазба тамашалау

Алған әсерлерімен бөлісу

Жасалу жолымен танысу

Сенің үйің қандай?

Кімдер өмір сүреді?

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Мен білемін».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.

Мен ұлдардың бес атын білемін:

Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Сарамандық жұмыс

hello_html_m50c3c62a.gif

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.





Жаратылыстану



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Жансыз және жанды табиғат

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  бойынша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Педагогтің әңгімесі: - Біздер балалар қызықты да, қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір-сүріп жатырмыз. Айналаға қарасаң, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз, олар: неше түлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттрдың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Олар жер мен су, ғаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп таймыз.

Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар – тау-тас, ауа, ғаламшар, яғни жансыз табиғат. Ал енді, бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады. Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.

Жылдың әр мезгілінде байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету арқылы балаларға жансыз және жанды табиғат арасындағы байланыс түсіндіріледі.

Е. Өтетілеуұлының «Бар ма, жоқ па?» деген өлеңін оқып беру. Табиғаттың құбылыстарды күнтізбе арқылы белгілеу: жаңбырдың, қардың жауып тұрғанын, желдің соғып тұрғанын табиғат күнтізбесіндегі шартты белгілермен көрсетіп, түсіндіру.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Жансыз табиғатқа нелер жатады?

  2. Жанды табиғатқа нелер жатады?

  3. Олардың айырмашылығы неде?

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Экологиялық белгілер

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  бойынша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

  Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 

« Қолтырауынның баласы нені дұрыс нені дұрыс емес жасады?» сурет бойынша әңгіме құрастыру.

"Егерде....."
Егерде су ластанса.............
Егер де ауа ластанса.......
Егер де күн болмаса не болар еді...............
Егерде орман өртенсе................................
Егерде құстар болмаса.........................

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

"Экологиялық белгілер" Тиым сөздер
Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Орманда от жағуға болмайды.
Суды ластауға болмайды.
Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Д/О: «Жануарларды қорғау»: Қисынын тап (Суреттерді құрастыру)

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.







Қоршаған орта



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Балабақша және мектеп

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  бойынша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру.


Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

  Психологиялық ахуалды қалыптастыру


Мектебім - айтар әнім
Сан рет қайталадым
Сан рет қайталадым
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын.
Мектебім, қия алмаймын,
Көп нәрсе қиялдаймын
Мәңгілік оқушың боп
Қалуға ұялмаймын.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


Жаңа сабақты түсіндіру

Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Оның басшылары бар. Балалардың сауатты болуына, қазағымыздың болашағын ойлап, қазақ даласына алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин

Суретті бояңдар


hello_html_45010ff0.png

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

- Бүгінгі сабағымыз не туралы өтті?
- Мектеп не үшін қажет екен?
- Баланы не қорғайды екен?
- Конституция дегенді қалай түсінеміз?
- Мектептің қандай ережесін білдік?
- Оқушы қандай болуы керек?

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.





Құрастыру





Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Құрастыруға арналған материалдар. Жүк машиналары

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  бойынша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру.


Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Кел, балалар, күлейік, 
Күлкіменен түлейік! 
Қабақ түйген не керек, 
Көңілді боп жүрейік! 
Кел, балалар, күлейік! 
Күлкіменен түлейік! 
Күлкі көңіл ашады, 
Күліп өмір сүрейік! 

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


Құрастыруға арналған материалдар. Жүк машиналары Жаңа тақырып туралы таныстырылым көрсету

Оқушыларға түсіндіру

Топта және жеке орындату

hello_html_6c9e323.jpghello_html_64f0c902.jpg

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Қимылды ойын: Қуырмаш

   Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.

-Қуыр, қуыр, қуырмаш
-Балапанға бидай шаш
Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
-Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-Балалар ойын ұнады ма?
-Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?
-Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Сарамандық жұмыс

Өзің құрастырып үйрен

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Құрастыру әдістерін меңгереді

Өзіне үйренгені

Өз бетінше бөліктерді құрастыра алады

Үйрену 

 Ойыншықтарды құрастырады













Математика



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Заттардың қасиеті

Сабақтың мақсаты

Баланың даму денгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау. Заттың қасиеті туралы түсінігін дамыту.

Міндеттері: Балалардың есте сақтау кабілетін арттыру.

Сөздік қоры: артық, кем.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, салыстыру, әңгімелесу.

Қолданылатын көрнекілітер: Шартты белгілері, жемістер, геометриялық фигуралар, сюжетті картиналар.

Көрнекіліктер

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

«Мен кішкентай баламын,

Мен мектепке барамын.

Оқу оқып, білім ап,

Кілең бестік аламын».

Сәлемдесіп достармен

Қуанып мен қаламын.

Қозғаушы мотивациялық.

Балалар бүгін сендерге мен қажетті оқулықтарыңмен құрал – жабдықтармен таныстырамын. Мынау математика дәптер, мынау шартты белгілер, үлестірмелі материалдар, оқу құралдары, геометриялық фигуралар, қалам, түрлі қарындаштар.

Мұғалімнің көрсеткен заттарын атап, не үшін қажет екенін айт.

Балалардың назарын шартты белгілерге аудару. №1 – тапсырма. Жемістерді санау, салыстыру.

Сөздікпен жұмыс: Больше-артық, меньше- кем.Заттың қасиетін білдіреді.

Шыршаларды салыстыру.

Тапсырма Пішіндер мен түстерді көру. Дид. ойын «Шартты белгілер бойынша затты табу».

Пішіндердің қандай екенін айту, дұрыс боялмаған түстерді атау. Мысалы: дөңгелек- көк т.б.

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындау

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Бір дененім – білім,

Екі дегенім – еңбек,

Үш дененім – үміт

Төрт дененім – талап

Бес дененім – бірлік

Бірліксіз жоқ тірлік.


Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Заттарды түсімен саны бойынша салыстыру, бөлу. Артық, кем, үлкен, кіші түсініктеріне көз жеткізу. Дид. ойын. « Қандай зат екенін тап.»Ойын шарты: заттың қасиетін айту.


Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Артық, кем, үлкен, кіші математикалық түсініктерді ажырата білу керек.

Өзіне үйренгені

Заттардың түстерін меңгерді.

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.









Музыка



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Музыка әлемінде

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың ақпараттық – технология арқылы музыкалық қабілеттерін дамыту.
2. Оқушыларды ұлттық музыка өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
3. Балалардың музыкалық әсерін кеңейту, шығармашылық белсенділіген арттыру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Шаттық шеңбері

Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


Музыка жетекшісі: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз бүгінгі сабағымызда көлік түрлерімен саяхаттауды ұсынбақпын.
-Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Көліктер су көлігі, әуе көлігі, жер көлігі және темір жол көлігі болып бөлінеді. Сендер қазір қандай көлік түрлерін көріп тұрсыңдар?
- Троллейбус қандай көлік түріне жатады? Ал, пойыз бен кеме қандай көлік түріне жатады? Тағы да басқа қандай көлік түрлерін білесіңдер? (Балалар жауабы тыңдалынады)
-Қазір біз қандай көлікке отыратынымызды жұмбақтың жауабын шешуімізге байланысты болады.
Жұмбақ:
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не ? Ал кім біледі? (Троллейбус)
-Алғашқы біз мінетін көлік ол троллейбус болмақ. Троллейбусты кім жүргізеді. Біз өз арамыздан троллейбус жүргізушісін тағайындап алайық. ( Жүргізуші тағайындалады.)
Бәрі; Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Бип-бип, бип-бип.
-Музыка әлеміне қош келдіңдер балалар! Біз бүгінгі іс-әрекетімізде музыка туралы әңгімелесетін боламыз.
-Музыка дегеніміз не?(түсіндіріледі)
-Музыка кілті дегеніміз не?Нота дыбысы дегеніміз не? Қанша нота дыбысы бар, олар неше сызық тың үстіне орналасқан. Күй сандықтан нота дыбыстарын ойнап, балаларға нота дыбыстарын ажырату. Музыкалық дыбыстар мен шулы дыбыстар туралы түсінік беру. Суреттер арқылы музыкалық дыбыстар мен даңғырлақ, шулы дыбыстарды ажырату.
-Көңіліміз көтеріліп,
Троллейбуспен көп жүрдік. Көліктен түсіп, енді, жалаушаны қолға алайық. (Балаларға жалаушалар таратылып беріледі)
Бәрі: Босқа қарап тұрмаймыз,
Ән айтамыз, жырлаймыз.
Жалаушаны көгілдір,
Оңды- солды бұлғаймыз.
-Балалар біздің қолымыздағыдай жалауша қандай көлікте бар екен ? –«Кеме». Дұрыс айтасыңдар. Ендеше ендігі саяхатымызды су көлігі кемемен жалғастырайық. Кемені жүргізу үшін кеме капитанын сайлауымыз керек. Кемемен суда жүзіп келеміз. (кемені жүргізіп) Балалар кеменің алдында аялдама бар екен. Біз ары қарай жүзуіміз үшін оның тапсырмасын орындауымыз керек. Сиыр мен балықтар тұр екен. Біздің судағы саяхатымызға сиыр кедергі бола ала ма? -Жоқ. (алдын-ала дайындалған арғы бетке сиырды түсіріп жіберу) Ал, балықтар біздің ән айтып беруімізді өтініп тұр. –Ән айту: «Бақытты балалық шақ».
-Әннің сипаты қандай?Көңілді ме, мұңды ма?
-Балалар біз балықтардың тапсырмасын орындадық. Енді, әрі қарай жүзе берейік. –Алдымыздан не көрінеді?
(Кеме капитаны қолын көлегейлеп қарап )
-Алдымызда титаник кемесі соғылған сияқты үлкен мұз тұр. –Апай ,біз мұзға соғылатын болдық.
-Біз мұзға соғылмау үшін, онда ілініп тұрған тапсырманы орындап көрейік. 
Тапсырма: Суретпен жұмыс. «Үй жануарлары қалай дыбыстайды, дыбысын салып көрсет. Қайсысының дауысы жіңішке, қайсысыныкі жуан. Тапсырма орындалады. Балалар мұз кедергіден өтіп, көліктен түседі. 
-Балалар, саяхатымызды темір жол көлігімен жалғастыруды ұсынғалы тұрмын. Көлікке мінбес бұрын музыкалық ойын ойнап көңілімізді көтерейік.
Музыкалық ойын (назарды дамытуға арналған).Ойынға керекті құралдар бала санына сәйкес қасықтар, үнтаспа. Ойын шарты түсіндіріледі. Балалар қызыға орындайды.
Жарайсыңдар, балалар. Пойыз көлігінің жүргізушісі қалай аталады. –Дұрыс. Онда арамыздан машинист сайлаймыз.
Машинист: Мен паравоз от алам,
Алыс жаққа бет алам.
Пуп-пуп, пыш-пыш,
Бірте –бірте тез дейміз,
Тез жетуді көздейміз.
Пуп-пуп, пыш-пыш.
Балалар пойыз дөңгелектерінің қозғалысын шынтақ пен аяқтарын бүге орындайды.
-Балалар мына жер қандай әдемі, осы жерде көліктен түсіп, біраз аялдайық. Балалар саяхатымыз қызықты өтуде. Сендерге арналған пойыздың әр вагондарына жасырылған тапсырмалар бар екен. Бұл тапсырмаларды орындау үшін 3-топқа бөлініп, әр топтың топ басшысын сайлап алуымыз керек. Вагондардың алдында тұратын паравоздың тапсырмасы: «Әнді жалғастыр» ойыны екен. 1-ші топтан бір бала әннің алғашқы жолдарын айтады, оны2-ші топ жалғастырады. 2-ші топтан бір бала бастаса оны 3-ші топтың балалары жалғастыру керек. 3-ші топтың әнін 1-ші топ жалғастырады.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Музыкалық қапшық»

Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі балаларға музыкалық қапшықты алып келеді.Ол қапшықтың ішінде музыкалық аспаптар, ән-күй жетекшісі сол аспаптарда кезек-кезек ойнап балаларға үндерін естіртеді, ал балалар қандай аспаптың үні екенін ойлап табулары керек.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Енді, әр топ кезектесіп өздеріне ұнаған вагон ұяшығындағы тапсырмаларды орындайды.Паравоздың артында қанша вагон бар екен. 9 вагон бар. Осы 9 вагонда 9 түрлі тапсырмалар жасырылған.
1вагон: Аспаптарға арналған жұмбақтар:
Еріндеріме мен саламын түтікті
Орманға төгіледі бұлбұл үн
Ол аспаптың өзі тым нәзік
Аталады.... (сыбызғы)
Бар бізде көңілді досымыз,
Өте ұнатады сыңғырлаған соққыны.
Мұндағы сұрақ мүлдем қиын емес,
Біледі бәрі, аталады....... (даңғыра)
Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шыады күмбірлеп. Бұл не? (домбыра)
Дауысы бар, үні жоқ,
Шертсең күйі, әні көп,
Құлағын аз бұра, Бұл не? (домбыра)
Оң қолым ішекті қағады,
Сол қолым пернені табады.(домбыра)

2 Вагон. : Суретпен жұмыс. Құстарды ата, сана. Үй құстарын ажырат. Әнші құсты білесің бе?
3 Вагон: Күй тыңдау , күй қай аспапта орындалды.. Саған қандай аспап ұнайды? Суретін көрсету.
4 Вагон: Музыкалық дыбыстарды ата.
5 Вагон: Суретпен жұмыс. «Кел, ойнайық!»
6 Вагон: суретпен жұмыс. «Кел, ойнайық!»
7Вагон: Суретпен жұмыс . «Қазақ халқының музкалық аспаптарын бастырып сызу және аспап туралы білетін аңыз-әңгімелер айту.
8 Вагон: Суретпен жұмыс. «Бесік жыры»- деген не? Бесік жыры қай мезгілде орындалады? Шеңберге сол мезгілдің суретін салу.
9 Вагон: Суретпен жұмыс. «Әннің мазмұнына сәйкес бұлттарды сал.
-Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды орындап шаршаған боларсыңдар. Бойымызды сергітіп, көңілімізді көтеру үшін «Көлеңке» ойынын ойнайық. Әр топтан екі бала шығуы керек.
Көлеңке (психологиялық жаттығу)
Балалар екі-екіден бірнеше қатарға тұрады. Бақылаушы тобын сайлауға болады. Бірінші баланың артында тұрған бала(2 қадам кейін) ол -«көлеңке» Бірінші бала не істесе, қандай қимыл жасаса, «көлеңке» соны бұлжытпай орындауы шарт. Музыка аяқталғаннан соң бақылау тобы «көлеңкелердің» сәйкестігін талдайды.
-Мына суреттерге қараңдаршы. Суреттегі бейнелерге арналған әндер білесіңдер ме? (1-ші топқа домбыра аспабының суретін, 2-ші топқа қошақан мен киіз үйі бар суретті, 3-ші топқа сарбаз туралы суретті қиып жабыстыруды ұсынамын.)
Балалар енді дем алып отырып музыка тыңдайық. Музыка аяқталған соң алған әсерлеріңді қағазға түсіресіңдер. Психологиялық жаттығу: «Музыканы бейнеле» Әр балаға бет –бейне кескіні салынған карточка таратылады. Музыка аяқталған соң музыканы бейнелеу (сабырлы, қуанышты,мұңды)карточкаға сол бейненің суретін салу.
Қорытындылау: -Балалар біз бүгін қандай көліктерге отырдық? -Қай жерлерге бардық? -Кімдердің, нелердің тапсырмасын орындадық? Тапсырманы кім жақсы орындады деп ойлайсыңдар? –Неліктен?- Бүгінгі музыка әлеміне жасаған саяхатымыз ұнады ма?- Музыка бізге не сыйлайды?- Бүгінгі саяхаттан қандай әсер алдыңдар? Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Қоштасу.


Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Жаңа білімді түсінеді

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

Өзіне үйренгені

Үйрену 







Сурет



Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Бейнелеу өнерімен таныстыру. Түстер әлемі

Сабақтың мақсаты

Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Балалар қараңыздар, бізге бүгін Күн  күлімдеп тұр, күннің түсі сары, жаңбырдан кейін кемпірқосақта шығып қалыпты, балалар қараңыздар кемпірқосақтың түстері әртүрлі көк, сары, қызыл, жасыл т.б.

Сендерді бүгін өзімнің  түстер әлеміме саяхатқа апарамын. Онда көптеген түстердің тапсырмаларын орындауымыз керек. Менімен саяхатқа шыққыларын келеме?


Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


Жаңа тақырып туралы таныстырылым көрсету

Оқушыларға түсіндіру

Топта және жеке орындату

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

1. Түстеріне байланысты пішіндерді өз қорапшаларына салу

2.  Түстеріне байланысты әр көлікті өз гараждарына орналастыру.

3. Түрлі- түсті боялған күріштердің арасынан Еркетайдың тарағы мен айнасын тауып беру.

4. Түрлі- түсті шарларды көлеміне байланысты  ілу.

5. Пирамиданы жинастыру.

6. «Әжеме жеміс шырыны» дайындау.

7 . Түстер еркесінің көйлегін жөндеп беру.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Қимылды ойын: Қуырмаш

   Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.

-Қуыр, қуыр, қуырмаш
-Балапанға бидай шаш
Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
-Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-Балалар ойын ұнады ма?
-Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?
-Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Сарамандық жұмыс

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

Қане, балалар шеңберге тұрайықшы. Балалар бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл түстерімен таныстық.  

Балалар біздер менің түстер әлемімнің тапсырмаларында орындап бітірдік. Саяхатымызда аяқталды. Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?Сендерге түстер әлемінің сыйлығы бар. (түрлі- түсті шарлар сыйлау).



Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Сурет салу әдістерін меңгереді

Өзіне үйренгені

Сурет салып үйренеді

Үйрену 

Суретті салады









Тіл дамыту. Қатынас.

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Білім еліне саяхат

Сабақтың мақсаты

Білім әлемі туралы тусінік беру. «1 Қыркуйек - Білім куні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, бала- бақша табалдырығын аттаған балаларды құттықттау.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет!

Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.

Айтамыз алғыс қайталап,

Тыңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


1.«Әдебиет әлемшде» аялдамасы.

Бұл аялдамада өлең-тақпақтар, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегілер, кызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі

-       Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

-         Дыбысты айтамыз, естиміз.

-         Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.

-         Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан баста- латынын айтыңдар.

Менің атым - Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.

«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.

1.      Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А-а-а», — деп айтады.

2.      Қыз бала: «А-а-а», - деп әндетеді.

Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Мен білемін».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.

Мен ұлдардың бес атын білемін:

Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық үғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.

1.      Балалар онға дейін санайды.

2.      Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.

3.      Математикалық есеп шығарады. Мысалы:

Агаш бұтагына 3 торгай қонып отыр. Бір торгай ұшып кетті. Бұтақта неше торгай қалды? (Жауабы: 2 торгай қалды).

Сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:

1.     Балабақшада не үйрендіңдер?

2.     Балалар мектепке не үшін барады?

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.











Әр пәннің 1 жылдық сабақ жоспарлары 500 теңгеден


Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне

не Каспийбанк депозиті арқылы ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып 

осы номерге телефон соғып, қажетті сабағыңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті сабақты жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған сабағыңыздың толық нұсқасы салынады.




Осы сайттан ала аласыздар!!!


ОҚУШЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ


2500 ТЕҢГЕДЕН



Бастауыш сыныпқа арналған ғылыми жобалар:


  1. Қарбыздың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 29 бет

  2. Қауынның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 27 бет

  3. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері ғылыми жоба 44 бет

  4. Жолжелкеннің емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бет

  5. Лимон жемісінің таңғажайып әлемі ғылыми жоба 22 бет

  6. Түймедақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 24 бет

  7. Бақбақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 22 бет

  8. Құрма - құнардың қайнар көзі ғылыми жоба 37 бет

  9. Үкі - киелі құс ғылыми жоба 13 бет

  10. Шайдың құпия сыры ғылыми жоба 23 бет

  11. Тотының тоқсан тарауы ғылыми жоба 26 бет

  12. Әсемдік пен әдеміліктің символы - тауыс құсы ғылыми жоба 18 бет

  13. Тасбақа - төзімді жануар ғылыми жоба 16 бет

  14. Судың құпия сырлары ғылыми жоба 27 бет

  15. Зәйтүн жемісі мен майының адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бет

  16.  Төрт түліктің бірі - сиыр ғылыми жоба 22 бет

  17. Сахар сабынығылымижоба 23 бет

  18. Фелинотерапия және мысықтар әлемі ғылыми жоба 26 бет

  19. Қырғауыл - сезімтал құс ғылыми жоба 18 бет

  20. Кірпі, менің тікенекті досым ғылыми жоба 14 бет

  21. Қызылша және оның пайдасы ғылыми жоба 25 бет

  22. Итмұрынның емдік қасиеттері ғылыми жоба 21 бет

  23. Алма жемісінің пайдасы ғылыми жоба 30 бет

  24. Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы ғылыми жоба 22 бет

  25. Ішекқұрттар, олардың адам ағзасына әсері ғылыми жоба 27 бет

  26. Желден жүйрік жануар ғылыми жоба 20 бет

  27. Жыл иесі - жылан ғылыми жоба 20 бет

  28. Жұмбақтар сыры ғылымижоба 18 бет

  29. Жаңғақ жемісінің қасиеттері ғылыми жоба 22 бет

  30. Жергілікті жердегі жануарлар мен жәндіктерді емдік мақсатта қолдану ғылыми жоба 27 бет

  31. Ақсуым - арымдай, Жабағылым - жанымдай ғылыми жоба 26 бет

  32. Адыраспан - киелі көп ғылыми жоба 16 бет

  33. Кереметі көп киелі ағаш ғылыми жоба 24 бет

  34. Құлпынайдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 32 бет

  35. Ошағанның емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бет

  36. Таңқурайдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 20 бет

  37. Қарақаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бет

  38. Мақсырдың пайдасы ғылыми жоба 25 бет

  39. Күнбағыстың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бет

  40. Қиярдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бет

  41. Қырыққабаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 30 бет

  42. Сарымсақ - сансыз ауруға ем ғылыми жоба 25 бет

  43. Пияздың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бет

  44. Шырғанақ (облепиха) жидегінің емдік қасиеттері ғылыми жоба 27 бет

  45. Қызанақтың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бет

  46. Анар - жеміс-жидектердің патшасы ғылыми жоба 25 бет

  47. Жүзім - дертке шипа болатын жеміс ғылыми жоба 23 бет

  48. Шие жемісінің адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бет

  49. Сәбіз және оның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бет

  50. Сан қырлы сырдың иесі, сүлікте емнің киесі ғылыми жоба 16 бет

  51. Дәруменге бай - асқабақ ғылыми жоба

  52. Киелі сандар сыры ғылыми жоба

  53. 7 санының қасиеті ғылыми жоба

  54. Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу ғылыми жоба

  55. Қазақтың байырғы өлшемдері ғылыми жоба

  56. Числа в пословицах и поговорках

Этнопедагогика (бастауыш)

  1. Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі ғылыми жоба 28 бет

  2. Қазақтың ұлттық киім үлгілері ғылыми жоба 25 бет

  3. Зергерлік әшекей бұйымдар жиынтығы ғылыми жоба 20 бет

  4. Ата салтым - асыл қазынам (ерулік туралы) ғылыми жоба 17 бет

  5. Ақ тілеудің белгісі - бата ғылыми жоба 16 бет


Сабақ жоспарлары

Көркем жазу сабақ жоспарлары 34 сағат 1-4 сыныптар 2500

Бейнелеу өнері 1, 5, 6 сыныптар толық сабақ жоспарлары500


Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ғылыми жобалар тізімі


  1. Ә.ҚОҢЫРАТБАЕВТЫҢ ТОТЫНАМА ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

  2. ОРАЗБЕК СӘРСЕНБАЙ КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРІ

  3. Қ.ӘБДІҚАДЫРОВТЫҢ МЫҢ БІР ТҮН ЕРТЕГІСІ

  4. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ МӘНІН АШУ

  5. М.МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ

  6. Қ ӘБДІҚАДЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  7. ҒАНИТӘРБИЕСІНДЕӨСКЕНҒҰЛАМА

  8. АЛАШТЫҢАРЫСЫ, ЖАСТАРДЫҢКӨСЕМІ

  9. ЖАЛЫНДАПӨТКЕНЖАСҒҰМЫР (ҒАНИМҰРАТБАЕВТУРАЛЫ)

  10. СЫР СҮЛЕЙІ - БҰДАБАЙ

  11. АЛМА ҚЫРАУБАЕВА - ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ, КЕМЕҢГЕР ҰСТАЗ

  12. Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі(Нартай Бекежанов туралы)

  13. О.Сәрсенбайдың «Бақыт құсы» повесіндегі диалект сөздер

  14. Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат

  15. Абай – дана, Абай – дара қазақта

  16. Қазақ сатирасының бала тәрбиесіне әсері (О.Әубәкіровтың сықақ өлеңдері бойынша)

  17. Халқына пана болған – Бала би

18 Ұлытаудың ұланы – Жүрсін Ерман

19 Халық даналығына баулудағы мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні

20. Дала академигі Ы.Жақаевтың көркем әдебиеттегі бейнесі


Қазақстан тарихы бойынша

  1. Өзгент қаласы және оның Сыр өңірі тарихындағы маңызы ҒЫЛЫМИ ЖОБА

  2. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы ҒЫЛЫМИ ЖОБА

  3. Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел

  4. Ұлы Жібек жолының Сыр бойындағы тармақтары

  5. Шиелі халқының тарихы және әлеуметік жағдайлары

  6. Ыбырай Жақаевтың ерен еңбек жеңістері – патриотизм үлгісі

  7. Еңбегімен ел таныған тау тұлға (Ы.Жақаев туралы)

  8. Ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаев


Физика бойынша

Уран өндірісінің жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына ықпалы! ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Атом өнеркәсібінің элитасы ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Информатика бойынша

  1. ХХІ ғасыр ғылыми техникасы - ұялы телефон. ҒЫЛЫМИ ЖОБА

  2. Wi-Fi-дың пайдасы мен зияны ғылыми жоба 24 бет

Химия бойынша

Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Биология бойынша

Спирттің бидай өсімдігіне мутагендік әсері ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Ағылшын тілі бойынша

Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері ғылыми жоба

Математика бойынша

Қазақтың байырғы өлшемдері ғылыми жоба

Симметрия – ғажайып әлем

Математика және табиғат


Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасымен.

Ғылыми жобаның толық нұсқасын Алтынбекова Сауле Алтынбекқызы сайты арқылы ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды, диплом жұмыстары мен сабақ жоспарларын кезіктіреcіз!


Байланыс телефоны (ватсап) : 8-701-859-48-75 Сауле







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 29.09.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров2225
Номер материала ДБ-223035
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх