Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мектепалды даярлық тобы. Ертеңгілік "Өнерлі қыз, өнегелі ана"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мектепалды даярлық тобы. Ертеңгілік "Өнерлі қыз, өнегелі ана"

библиотека
материалов

Өнерлі қыз, өнегелі ана

«Өнерлі қыз, өнегелі ана»
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.

Безендіру: Зал іші көктем мерекесіне байланысты безендірілген. Көктемдік гүлдер мен шарлар және де музыкалық аппараттар.

Керек құрал – жабдықтар: бағалар көрсететін таяқшалар, шарлар т. б
Балалар залда жартылай шеңберге тұрады.

1 - жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.

2 - жүргізуші:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, қыз - келіншектер және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.

2 - жүргізуші: Бүгін мерекеге орай мектебімізде өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың аналарына арналған «Өнерлі қыз, өнегелі Ана» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен Аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
1 - жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.

Мұғалім қыздарды таныстырып ортаға шақырады.
1. Ай секілді өзі де,
Сыңғыр – сыңғыр сөзі де.
Диана деген арудың
Әдемі ғой көзі де.
2. Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын
Сабина кейде қырсықса
Түйіп алар қабағын.
3. Сабағынан қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды
Аида бүгін сайыста
Ән мен жырын арнайды

2 - жүргізуші - Әділ қазылармен таныстыру:- Алдымен сайыскер ару, аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ - қазы алқасымен таныстырып алайық:
1. _____________________________Оқу әдіскері.
1 - жүргізуші: Енді көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің анасы» яғни өз - өзін таныстыру. (өз тобын таныстыру)
2. «Кім тапқыр?» Қызықты жұмбақтар шешу сайысы (Бұл сайыста қатысушыға жұмбақ немесе мақал мәтелдер қойылады)
3. «Дәм думан» бұл тағамдар сайысы. (ата - аналарға үй тапсырмасы сайысы).
4. Өнер сайысы.(ата - аналар өз өнерлерін көрсетеді)
5. Шебер қолдар – ою жапсыру.
2 - жүргізуші:
- Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім, балалар?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
- Иә, бұл әрине ана! Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз! Мектепалды даярлық тобының балалары өз құттықтауларын білдірмекші.

Ән: Қыздарға тарту Орындайтын: Ер балалар
1 - бала: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
2 - бала: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім»,- дейтін.
Нұртілеу: Ана – өмір жарығы,

Ана – өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.

1 - жүргізуші: «Сәлем – сөздің анасы» - деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр топ бір ерекшеліктерін көрсете отырып тақпақ ретінде ма, қимыл ретінде ма таныстырып өтеді.( танысу)
2 - жүргізуші:- Тамаша, әділқазылар бағаларын қойып шыққанша, 1 дайындық тобының ұлдары сіздерге ән сыйлап отыр «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» орындайтын:

- Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген балапандарымызға қошемет көрсетейік.
1 - жүргізуші:

Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне
– дей отырып сайысымыздың 2 – кезеңі
«
Білгенге маржан» деп аталатын бөлімін бастаймыз.Әр топ сиқырлы қоржыннан сұрақтар алады, дайындалуға 1 минут уақыт беріледі. Сұрақ жауабын дәл тапқан сайыскер ұпай иеленеді.

1. Дүниеде ең тәтті, ең жұмсақ не? Бірлік болмай,( тірлік болмас)
Көшіп қонуға қолайлы қазақ баспанасын ата.
2. Қазақтың ішекті музыкалық аспабын ата. Досы көпті жау алмайды,
Ұлттық ойындарды ата. ( Ақылы көпті дау алмайды).
3. Төрт түлік малды ата. Әке – асқар тау, ана - етегіндегі бұлақ,
Анаң сені не деп еркелетеді? ( бала – жағасындағы құрақ.)

- Екінші сайыстың ұпайларын санағанша 3 топ балалары сіздерге арнаған билерін көрейік:

«Көңілді күн» Орындайтын: Ұл балалар

2 - жүргізуші: - Аналарымыздың, Әжелеріміздің қолынан келмейтін өнер жоқ. Олар тігеді, пішеді, астың түрлі - түрлісін жасайды. Сыныптағы қыздарымыз да аналарына еліктеп түрлі өнерге ыңғайлы. Аналары мен кішкентай ханшайымдары бірге дайындаған үй тапсырмаларына көңіл аударсақ қалай болады екен? Кезекте «Дәм думан» деген ойынмен аналарымыздың аспаздық шеберліктерін сынап көрейік.
- Тамаша, міне нағыз аспазшылар осы жерде тұр екен. Енді мына көздің жауын алатын, тіл үйіретін тамақтарға біздің әділ - қазыларымыз өз бағаларын берсін.
1 - жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Өнер сайысы». Бұл сайыста әр сайыскерлерге, үй тапсырмасы берілетін болатын, ендеше өнерлерін тамашалайық.
- Тамаша, өнерлеріңізге тәнті болдық. Әділ қазылар алқасы өз бағаларын ұсынсын.

1 – жүргізуші: Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан - берілген үлгі бойынша оюды ойып жапсыру.

«Кім ұшқыр» ойыны.

1. Аяқкиімі аяғын қысып тұрған адамның кейпін көрсетіңіз.
2. Қараңғы түнде орманда адасып кеткен адам кейпін көрсетіңіз.
3. Ұтыс билетінен қомақты ақша ұтып алған адамның кейпін көрсетіңіз.
4. Автобусқа міндіңіз, билет алайын десеңіз әмияныңыз жоқ, ұрланыпты, сіздің іс-әрекетіңіз.
5. Түн. Сіз ұйықтайындеп жатырсыз. Есік қағылды қонақтар келді. Сіздің іс – әрекетіңіз.
6. Өте қымбат сырғаңызды жоғалтып алдыңыз. Сіздің іс – әрекетіңіз.
7. Шын күлкіңізді көрсетсеңіз?


2 - жүргізуші: Әділ қазыларымыз ұпай сандарын шығарғанша ортаға ер балалардың аналарын ойынға шақырамыз.

1 - жүргізуші:
2 - жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
- дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Марапаттау атаулары:
1. «Өнегелі жұп»

2. «Өнерлі жұп»

3. «Іскер жұп»
Әділ - қазылар және мектеп директорына сөз беріледі.
1 - жүргізуші: 1 топ кішкене гүлдей жайнаған қыздарымыздың аналарына арнаған «Анашым» әнін тыңдауға шақырамын.
(ән соңынан кейін тақпақ жолын хормен айтып сыйлықтарын аналарына табыстау рәсімі.

Диана: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық мол бақыт.

Тілейміз біз балалар!
Жүсіп: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!!!

Аида: Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам,

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.
2 - жүргізуші: Атадан қалған асыл сөзге, ақыл кеніне құлақ түрсек. Ертеде бір жігіттен үйдің алтын қазығы кім деп сұрапты қарт.
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала, — депті жігіт.
Ата: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі, — депті қарт. Осы қарттарымыздың қалдырып кеткен өнегелі де үлгілі сөздерімен осы ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
- Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын! Осыменен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сау - саламатта болыңыздар!
1 - жүргізуші:
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!

Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды.
Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров103
Номер материала ДБ-098854
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх