Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыМектепалды даярлық тобы. "Төрле, төрле Жаңа жыл!"

Мектепалды даярлық тобы. "Төрле, төрле Жаңа жыл!"

Скачать материал

                                         «Төрле, төрле Жаңа жыл!»

Мақсаты:балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз Атаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту; бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар:Жүргізуші, Аяз Ата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата-аналар, ұстаздар.

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады). Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады жаңа жылдық шырша той. Ән де бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады жаңа жылдық шырша той! Шырша тойына келген балғындарды қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі-екіден кіреді).

Жүргізуші:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар:Жаңа жыл!

Жүргізуші:Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектеп директоры Нұрмағамбетов Нұртас ағайға береміз.

Жүргізуші:Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп, ән салайық.

Ән:Аппақ, аппақ жапалақтап.

Жүргізуші:Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар:Шырша!

Жүргізуші:Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншқтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

Сабина:Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір,

Кел, Жаңа жыл біздерге

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.

Алдияр:Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағыгған.

Аида:Жылдың әсем бұл шағы,

Шыр айналдық шыршаны.

Шоқ жұлдыздай көктегі

Шыныны қағып тұр шамы.

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Назым:Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші:Жарайсыңдар,қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақын келіп) бәрекелді, қараңдар, балалар шыршаның астында бірдеңе тұр. Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды. Қорапты ашады. Оның ішінен клоун атып шығады.)

Клоун:Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен. Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы.

Аяз ата:Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Ән:Жаңа жыл. Орындайтын: Шағын орталық балалары.

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әідемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар:Аяз ата, Ақшақар.

Жүрізуші:Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар:Аяз ата.  Аяз ата. (деп 2 рет айтқанда, есік ашыладыда Қоян кіріп келеді.)

Қоян: Ойбай түрлерін қара!Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!

Жүргізуші:Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып аладаы дегенді білмейсің бе?

Қоян:Білсем бұйырмасын?

Жүргізуші:Мұны тіпті мына бүлдіршіндерімізде біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткн жоқ па?

Қоян:Жоқ.

Жүргізуші:Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!

Қоян:Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?Аяз ата седерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым. Енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха.

Жүргізуші:Сен неге олай еттің? Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Қоян:Ә, бәлем солай ме екен?  (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның тығыла бастайды.)

Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.

Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық.

Балалар:Аяз ата, Ақшақар!

Аяз Ата:Сәлеметсіңдер ме, балалар,                                      Балаларым балғыным,

Күнтізбеде жалғыз ғана бір парақ                                          Өмір гүлі шалғыным.

Дайындалдым жыл бойы,                                                       Тілегенім жыл бойы

Жолға шығар келді уақыт.                                                      Сендердің денсаулығың.

Шақырымды жүздеген,                                                         Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарың құтты       

Басып өту мен үшін,                                                             болсын! Жолда басқа балалаларға кіріп, сыйлықтарын

Жаңа жылдың түнінде.                                                         беріп, сендерді күтіп алуға кешігіп қалыппын ғой.

Жасыл шырша түбінде,

Кездесем деп сендермен

Таратсам егер сыйлықтар

Одан асқан не сый бар,

Қуаныш сыйлау балаға.

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Жүргізуші:Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Аяз ата бізге көмектесесіз бе?

Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат. (3 рет айту керек).

Шырша жарқырайды.

Би:Шырша биі. Даярлық.

Аяз ата:  Қандай тамаша! Шыршамызда әр түрлі шамдар жанып тұр, балаларымыз өте көңілді.Балалар сонда менің қарша қызым қайда жүр екен. Ол әлі бізге келмеді ма? Кім тауып береді екен маған?

Талант:Келді міне, жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп, ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз.

Ақерке:Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Диана:Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық.

Жаңа жылды жұп жазбай,

Құттықтаймыз сіздерді.

Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш.

Құттықтаймыз сіздерді.

Сабина:

 

 

 

Таңсұлу:Тамаша, тамаша,

Шышамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Би:Клоун биі.

Нұрай:Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Әлішер:Әкелсін жыл, ырыс құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық тамаша

Би билейік жаңаша.

Азамат:аппақ қыстың бояуы,

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы,

Аяз шымшып даланы

Ақ құшағын жаяды.

Жүсіп:Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

 

 

 

Бекнұр:Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз

Шаттанып, қуанып

Шырқап ән айтамыз.

Аяз ата:Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес. Клоун балам тақпақ айтқан балаларға сыйлықтарын берейік.

Жүргізуші:Аяз ата, мен де жұмбақтап жіберсем қайтеді?!

Ертегідей орманнан,

Көктей өтіп келеді,

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табыңдаршы, аты кім?

Балалар:Ақшақар! (музыкамен Ақшақар келеді.)

Жүргізуші: Міне, балалар бізге қонаққа Ақшақарда келді.

Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Орманды көктей жеттім-ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша. Жаңа жыл құтты болсын!

Аяз ата қасына мен де еріп келемін.

Сендердей балғын достарға

Иіліп сәлем беремін.- Мен шырша тойына келе жатыр едім. Аяқ астынан қатты жел соғып, аздап адасып қалдым.

Аяз ата: Бәрекелді, балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Ақшақар екеуміз сіздерге Жаңа жылды ала келдік.

Жүргізуші:Жаңа жылды қарсы алмай тұрып, ескі жылмен қоштасайық.

Қой жылы:Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2016 жыл қадам болсын

Гүлденіп, көркейе бер Қазақстан.

Келесі жыл бастауын мешінге берем. (Сахнаға мешін шығады.)

Қой:Мен тағы бір қонақпын,

Он екі жылда оралар.

Үлкендерге ақ ниет,

Сіздерге де ақ ниет

Сіздерге мың рахмет.

Барлығы: Қош бол, қой, қош бол.

Мешін:Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба?! Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым. Уақытында жеттім бе?

Ақшақар:Мен білемін бір ойын, 

Үйретейін сендерге

Мен бастайын ал, сендер аяқтаңдар ойынды.  Хормен жауап беріңдер!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр...

Балалар:Жаңа жыл!

Ақшақар:Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге...

Балалар:Аяз ата!

Ақшақар:Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі ...

Балалар:Әдемі!

Ақшақар:Көңілсіз бір бала жоқ, ойын-күлкі таралсын.

Құтты болсын ...

Балалар:Жаңа жыл (3 рет)

Ақшақар:Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңа жыл келеді.

Жаңа жыл:Кім десеңдер,мен жаңа жылмын. Мешінмін.Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.

Аяз ата: Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда.

Жақсы  жыл бол жаңа жыл.

Жаңа жылдық би: Аяз ата би. Даярлық.

Мешін: Құрметтеріңізге рахмет.Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.

Аяз ата:Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін. Ал, енді біз келместен бұрын кішкентай балғындар бізге не әзірледі екен, соны көрейік.

Ернұр:Жаңа жылым мол болсын,

Басқа қадаммол болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Бізбен бірге жайдары

Аяз ата жайнайды,

Жарқырайды шыршамыз

Ән айтамыз баршамыз.

Абылайхан:Көрдің бе, Аяз атаны

Аппақ екен шапаны

Аппаққ  екен мұрты да

Аппақ екен сақалы.

Ақнұр:Жаңа жылмен,жаңа жылмен,

Құттықтаймыз бәрінде.

Әкемізді,анамызды,

Қонақтардың бәрінде.

Жүргізуші:Ал, енді балалар біз сендермен ойын ойнап жіберейік.

 «Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?». Ойыншы: «А» әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады.

Нұртілеу:Басталды қызық тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі

Ортамызға келсе еді.

Ақшақар:Уа, жарандар, қараңдар,

Қызықтаңдар, санаңдар.

Келді бізге қонаққа

Ормандағы бар аңдар.

Жүргізуші:Ал, енді балалар ендігі кезекті  ертегілер елінен келген қонақтарға беріп, соларды тамашалайық.

Қасқыр ертегісі.

Би:Шағын орталық. Айгөлек биі.

Әлішер:Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде той тыныштық

Ән салайық тамаша

Би билейік жаңаша.

Келесі кезек ата-аналармен ойынға берейік.

Гүлназ:Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны!

Мейірболат:Келіңдер, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер!

Ақшақар: Өздеріңді сағынып келдік,жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Өтіп кеткен Қой жылымызға аман-есен саулық тілеп,келер жылымыз мешін жылына табыс жыл,береке,бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.

Ақшақар:Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі.Шырша да әсем безендірілген екен.Бәрі де сұлуланып кетіпті.

Аяз ата:Бәрекелді балалар!Шыршамыз жарқырап айналаға қуаныш сыйлауда.Шырша тойының құрметіне ән айтып, тақпақ айтып,би билейік.

 Нұрай:Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Әлішер:Келді тағы жаңа- жыл

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймын сіздерді.

Бекнұр:Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып,қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

Ән:Жаңа жыл. Орындайтын: Диана.

Би:Маряшка.

Жүргізуші: Қане балалар Аяз атамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.

Жүргізуші:Келесі кещекті ата-анамен ойынға берейік.

Шарты:Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы:шырша, мұз, қар, Аяз Ата, т.б. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.

Ән:Жаңа жыл. Орындайтын:Алдияр.

Би:Жүсіп пен Диана.

Клоун:Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақыт боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Аяз ата:Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін алыс жерден шаршап келкелгенде бір қуантып, көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе, қызым?!

Ақшақар:Әрине қандай сүйкімді балғындар.

Аяз ата:Жаңа жылда бақыт, мол болсын,

Уайым-қайғың жоқ болсын,

Ұлың назарлы, қызың ажарлы болсын! Әумин.

Жүргізуші:Міне, біздің мереке аяқталуға таяп қалды. Кәне, балалар ортаға шығыңдар.

Барлығы:Жаңа жыл құтты болсын!

Ән:Шыршаға бардық даярлық

 

 

 

 

 

Аяз ата:Ақылды, өнерлі болыңдар. Ал, Ақшақар қызым, біз жолға шығайық.

Ақшақар:Кездескенше, балалар!

Аяз ата:Сау болыңдар, қарақтарым!

Балалар:Сау болыңыздар!

Жүргізуші:Осымен жаңажылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепалды даярлық тобы. "Төрле, төрле Жаңа жыл!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 315 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2016 6716
    • DOCX 26.6 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есетова Гульмира Жубаткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есетова Гульмира Жубаткановна
    Есетова Гульмира Жубаткановна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14506
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени педагога-воспитателя с учетом требований ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ТНР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 462 человека

Курс повышения квалификации

Современные методы организации детской игры в ДОУ

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 265 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 227 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 162 человека из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 88 человек