Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мектепалды даярлық тобына арналған өзін- өзі танудан сабақ жоспары

Мектепалды даярлық тобына арналған өзін- өзі танудан сабақ жоспары



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 10 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Жүрегімде жақсылық.

Мақсаты: «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

  • Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;

  • Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Зеңгір көктен

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен

Біз- өмірдің гүліміз.

Шаттық шеңберін құрып, өлеңді айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

Балалар, «Біз- өмірдің гүліміз» өлеңінен не түсіндіңдер? «жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Жақсылық дегеніміз- айнала қоршаған ортаға, адамдарға деген қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік таныту, жақсы іс жасау. Ал осы айтқан қасиеттер бойында бар адамды- жақсы адам дейміз.

Дәптермен жұмыс жүргізу. Сурет бояйды.

Ойын: «Көлеңке». Балаларды екі топқа бөліп,ойын шарты түсіндіріледі. Көлеңке болған балалар бірінші балалардың іс- әрекеттерін, қимылдарын айнытпай жасаулары тиіс.

Тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.









Сурет бойынша әңгімелейді, бояйды.



Ойынға қатысады.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

Біз бүгінгі сабақта адамдардың әрқашан көңілі таза, пейілі ақ, адал болу керек екенін ұғындық. Сұрақ- жауап арқылы сабақты қорытындылаймыз: Сұрақтар:

  • Сүйіспеншілік, жақсылық жасау дегенді қалай түсіндіңдер?



Балалар сұрақтарға жауап береді.

Өз пікірлерін ортаға салады.





Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова. Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 11 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Жақсы сөз жанды жадыратар

Мақсаты: балаларға «жақсы сөздің» адамдарға әсері туралы түсіндіру.

Міндеттері:

  • адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

  • өзіне деген сенімділігін ояту;

  • өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.



Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

«Не деу керек?» өлеңін балалармен бірге қосылып орындау.

Шаттық шеңберін құрып, өлеңді айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.













Дәйексөз.

Балалар, «Не деу керек?» өлеңінен не түсіндіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл өлеңнен сыпайылық және әдептілікті білдіретін сөздерді есімізге түсірдік.

-Сендердің өлеңдегі бала сияқты жолдастарың бар ма?(жауап тыңдалады)

Оқулықпен жұмыс: «Сыпайы қоян» ертегісін оқып беру.

«Жақсы сөз- жанға қуат» (мағанасын түсіндіру)

Дәптермен жұмыс жүргізу. Сурет бояйды.

Ойын: «Не деу керек?»

Тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.







Оқулықпен жұмыс.





Сурет бойынша әңгімелейді, бояйды.

Ойынға қатысады.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.







Жүректен-жүрекке

Біз бүгінгі сабақта бір- бірімізге жақсы сөз айтудың қажеттігін ұғынып,жақсы сөздің адамға қуаныш, шаттық әкеліп, көңілін көтеретінін білдік. Сондықтан да әдепті сөйлеп, бір- бірімізге жақсы сөздер айтып жүрейік.

Балалар бір- біріне жүректерінен шыққан жақсы сөздерін айтады.









Балалар бір- біріне тілек айтады.







Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 12 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Отбасындағы сүйіспеншілік

Мақсаты: «Сүйіспеншілік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

  • сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

  • сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Балалар бір- бірімен жақсы сөздер айтып амандасады.

Шаттық шеңберін құрып, жақсы сөздер айтады.

Ұйымдастыру.

Әңгімелесу











Дәйексөз.















Сергіту

«Бір ананың жеті қызы» әңгімесін оқып, сұрақтар қою.

-Қыздар анасына сүйіспеншіліктерін қалай білдірді? (балалардың жауаптары тыңдалады)

Отбасы- ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық,сүйіспеншіліктің ортасы.

Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.Солай ма,балалар? (жауаптары тыңдалады)

Дәптермен жұмыс жүргізу. Сурет бояйды.

Өлең мазмұнына байланысты қимыл- қозғалыстар жасайды.

Тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.









Тыңдайды.



Сурет бойынша әңгімелейді, бояйды.


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.





Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгінгі сабақта біз сүйікті отбасы, отбасы мүшелері туралы жақсы,жағымды сөздер айттық. Сұрақ- жауап арқылы сабақты қорытындылау:

-балалар сендер отбасыларыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

«Балалы үй- базар» өлеңін бәрі бірге айтады.





Балалар өз ойларын айтады.

Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 13 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Дос болайық бәріміз

Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.

Міндеттері: -өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;

- өзара сыйластық қарым- қатынасты дамыту;

-бір- бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Шаттық шеңберін құрып, өлең шумақтарын айтады.

Ұйымдастыру.

Ізденістер
























-Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос, жолдас керек. Достық- адамдардың бір- біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.

Ойын: «Досыңды тап», қимылды ойын «Поезд» ойын шарты түсіндіріледі.

Дәптермен жұмыс жүргізу. Сурет бояйды.

Достық ережесі: 1.Жолдастарыңа көмектес,егер қолыңнан бір нәрсе келсе оларға да үйрет. 2. Ойын кезінде өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс.3.Егер досың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін айтып, түсіндір. 4. Жолдасыңның жетістігіне қуан.

Сұрақтарға жауап береді.















Ойынға қатысады.

Сурет бойынша әңгімелейді, бояйды.

Тыңдайды.


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.



Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгін біз адамдар арасындағы достық қалай қалыптасатынын білдік. Достар қашанда бір- біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен реніштерін бірге бөлісетіндерін түсіндік.

«Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтады.

Балалар бәрі бірге ән айтады.



Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 14 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Менің кішкентай достарым

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту;

  • үй жануарларына қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;

  • қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Балалар жұмсақ ойыншық күшікке деген өз сүйіспеншіліктерін білдіреді.

-Сен қандай сүйкімдісің.- Сен қандай әдемісің.т.б.

Шаттық шеңберін құрып, жақсы сөздер айтады.

Ұйымдастыру.

Әңгімелесу









Дәйексөз.





Сергіту

Балалар сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер? Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?

«Жеті қазынаның бірі» аңызын оқып, сұрақтар қою. Ит неліктен достыққа адамды таңдады? «Ит- адамның досы» деп неліктен айтады?

(балалардың жауаптары тыңдалады)

«Ит- жеті қазынаның бірі» . Үй жануарлары адамның пайдасына жарайтын досы,көмекшісі екен. Ит адамдардың жанында жүріп қорғайды,үйлерді күзетеді. Сондықтан адамдар итті қамқорлыққа алып, жақсы көреді екенбіз.

«Шоқ гүл» қимылды ойыны. Ойын шарты түсіндіріледі.

Дәптермен жұмыс жүргізу. Сурет бояйды.

Өлең мазмұнына байланысты қимыл- қозғалыстар жасайды.

Тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.









Тыңдайды.



Ойынға қатысады



Өздерінің кішкентай достарыңның суретін салу.


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.






Балалар, бүгінгі сабақта кішкентай достарымызға қамқорлық жасау керектігін үйрендік. Біз өзіміздің кішкентай досымыз ит жайлы тереңірек білдік, олар біздің досымыз екенін түсіндік.

Тыңдайды.








Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 15 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Достық татулықтан басталады

Мақсаты: «Татулық» адамгершілік құндылығы туралы түсіндіру.

Міндеттері: -«татулық» ұғымы туралы түсінік беру;

- жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

-татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

-Бүгін біз бір- бірімізге осы уақытқа дейін, өзіміз айтып жүрген ғажайып,жылы сөздерімізді сыйлайық. Алақанымызды бір- бірімізбен түйістіріп, татулығымызды білдірейік.

Шаттық шеңберін құрып, бір- бірімен қол түйістіреді.

Ұйымдастыру.

Ізденістер















Дәйексөз








-Балалар, сендер «татулық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Татулық- достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бір- бірін тыңдайды, ойыншықтарымен бөліседі, ренжіспейді, тату- тәтті ойнайды. Сондықтан да достық татулықтан басталады.Оқулықпен жұмыс: «Піл мен Маймыл» ертегісін оқып беру.

Ойын: «Көкпар» қимылды ойыны шарты түсіндіріледі.

«Татулық- табылмас бақыт» нақыл сөзін түсіндіру. Татулық бар жерде бірлік те, қуаныш та болады.


Сұрақтарға жауап береді.





Тыңдайды.









Ойынға қатысады.



Тыңдайды.


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.



Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгін біз татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық. Татулық бар жерде достықтың, бірліктің, сыйластықтың болатынын білдік.

Достар тату-тәттіміз, болса қолда тәттіміз,

Біз бөлісіп жатамыз, бәріміз дәм татамыз..







Балалар бәрі бірге өлең жолдарын айтады.





Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 16 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Бәрін жақсы көремін.

Мақсаты: «жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - «жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

- айнала қоршаған ортаны, адамдарды жақсы көру сезімдерін дамыту;

- айнала қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.



Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Е. Елубаевтың «Достық» өлеңін балалармен бірге қосылып орындай отырып ұйымдастыру.

Шаттық шеңберін құрып, бірге өлең айтады.

Ұйымдастыру.

Ізденістер











Дәйексөз



Сергіту сәті


-Балалар, сендер кімдерді жақсы көресіңдер? Оларды неліктен жақсы көресіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады.

Оқулықпен жұмыс: «Алғыс», «Бәрінен де жақсы», «Көже» мәтіндерін оқып түсіндіру. Сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын білу.

Ойын: «Балапан» қимылды ойыны шарты түсіндіріледі.

«Дүниедегі ең қымбат- жақсы көру» деген нақыл сөзін түсіндіру.

«Түйе сұрау» ойыны

Сұрақтарға жауап береді.





Тыңдайды.



Ойынға қатысады.



Тыңдайды.



Ойынға қатысады.


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.







Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгін біз айнала қоршаған ортаны, барлық адамдарды жақсы көру керектігі жайлы әңгімелестік. Жақсы көру дегеніміз- басқалардың ой- ниетімен, көзқарасымен және сезімдерімен санаса білу. Бір –біріңнің қателігіңді кешіріп, кешірімшіл болуға үйрену екендігін түсіндік.

Балалар жүрек тұсына қолдарын қойып «Мен барлығын жақсы көремін, өйткені...» деп өз ойларын айтады.

Тыңдайды.













Балалар бір- біріне жақсы сөздер айтады.







Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 17 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Мен әдепті баламын

Мақсаты: «әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - әдептілік туралы түсініктерін кеңейту;

- жағымды қарым- қатынас дағдыларын дамыту;

- әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.



Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен айтып, бір- бірімен амандасады.

Шаттық шеңберін құрып, бірге өлең айтады.

Ұйымдастыру.

Ізденістер




















-Балалар, сендер қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер? Әдепті балалар қандай болады? Балалардың жауаптары тыңдалады.

Әдепті сөздер- сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз,т.с.с. Әдепті балалар бұл сөздерді үнемі қолданады. Әдептілік- адам бойындағы ең асыл қасиет.

Оқулықпен жұмыс: «Сиқырлы сөз» атты әңгімесін оқып түсіндіру. Сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын білу.

Ойын: «Әдепті сөздер» Балалар шеңберге отырып, допты лақтырып- қағып алу арқылы бір- біріне әдепті сөздер айтады

Әдептілік ережелерімен таныстыру.

Сұрақтарға жауап береді.





Тыңдайды.









Ойынға қатысады.



Тыңдайды.


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.







Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгін біз сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік.

Сұрақ- жауап арқылы сабақты қорытындылау:

-Әдепті балалар қандай болу керек екен?

- Әдепті сөздерге қандай сөздерді жатқызамыз? (Балалардың жауаптары тыңдалады)

«Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен қайталатады.





Балалар сұрақтарға жауап береді.







Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 18 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Мен ұқыпты баламын

Мақсаты: «Ұқыптылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу..

Міндеттері: - ұқыптылық, жағымды әдеттер туралы түсініктерін кеңейту;

- өз- өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту;

- ұқыптылыққа, жағымды әдеттерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.



Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Таза бала мұнтаздай,сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,жақсы көрер бар адам.

Ұқыпты осындай,болайықшы, досым-ай.

Шаттық шеңберін құрып, бірге өлең айтады.

Ұйымдастыру.

Ізденістер









Дәйексөз










-Балалар, қандай әдеттермен балалар сүйкімді көрінеді екен? Неліктен? Жақсы әдеттерді атайықшы. Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Ойыншық жинау, гүлге су құю, ыдыс жуу, аналарына көмектесу.

Оқулықпен жұмыс: «Ұқыпты қыз» атты әңгімесін оқып, талдау. Сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын білу.

«Ұқыпты бала- үлгілі бала» Ұқыпты бала үнемі таза жүреді, ойнаған ойыншықтарын жинап қояды, бөлмесін таза ұстайды. Ұқыпты балаларды басқаларға үлгі тұтады.

Ойын: «Жақсы мен жаман» Балалар шеңберге тұрып, допты лақтырып- қағып алу арқылы бір- біріне жақсы, жаман әдеттерді айтады.

Әдептілік ережелерімен таныстыру.

Сұрақтарға жауап береді.











Тыңдайды.







Ойынға қатысады.




Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.





Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгін біз сабағымызда «ұқыптылық» деген сөздің мағанасын түсіндік.Ұқыпты болу деген тазалықты сүю, жинақы жүру, өз бөлмеңді ретке келтіру екенін білдік, ұқыпты болсақ үлгілі бала атанады екенбіз.

«Болайықшы осындай» өлеңін бәрі бірге мақтана қайталайды.

Тыңдайды.







Балалар бәрі бірге өлең жолдарын айтады





Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 19 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Мен елгезек баламын

Мақсаты: тыңдау, тіл алу, елгезектік туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - үлкендердің өтінішін, тапсырған ісін орындауға үйрету;

- өзара жағымды қарым- қатынастарын дамыту;

- үлкендерді тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.



Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Б.Ысқақовтың «Өзім жақсы баламын» деген өлеңін бірге айтады.

Шаттық шеңберін құрып, бірге өлең айтады.

Ұйымдастыру.

Ізденістер















Дәйексөз










-Елгезек деп қандай балаларды айтады? «тілалғыш» деген сөзді қалай түсінеміз? Балалардың жауаптары тыңдалады. Тыңдау- басқа адамдарды тыңдай білу және түсіну. Елгезек, тіл алғыш бала деп үлкендер жұмсағанда қабақ шытпай, тіл алатын баланы айтамыз.

Оқулықпен жұмыс: «Көкек және оның балалары» атты әңгімесін оқып, талдау. Сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын білу.

Ойын: «Сымсыз телефон»

«Алғыспен ер көгерер». Үлкендердің айтқан тілін алу сыйластыққа әкеледі. Сендердің көрсеткен көмектеріңе үлкендер алғыс айтады, ризашылықтарын білдіреді.

Дәптермен жұмыс: Суреттерге қарап адамдарға қандай көмек керек қажет деп ойлайсыңдар?

Сұрақтарға жауап береді.











Тыңдайды.



Ойынға қатысады.

Тыңдайды.





Әңгіме құрастыру, суретті бояу.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.





Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгін біз сабағымызда «елгезек» деген сөздің мағанасын түсіндік.Сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.

Үлкендерден алғыс алған кездерің болды ма? Ол алғысты не үшін алдыңдар?

«Сыйлаймын» деген өлең жолдарын бәрі бірге айтады.



Балалар сұрақтарға жауап береді.






Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 20 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан

Мақсаты: «Бірлік» ұғымы, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері: - бірлік туралы түсініктерін кеңейту;

- өзара жағымды қарым- қатынастарын дамыту;

- ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.



Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Шаттық шеңберін құрып, бірге өлең айтады.

Ұйымдастыру.

Ізденістер







Дәйексөз











Тыныштық сәті

-балалар, бірлік дегенді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады.

Оқулықпен жұмыс: «Құмырысқа» атты әңгімесін оқып, талдау. Сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын білу.

Ойын: «Бесінші артық»

«Бірлік болмай, тірлік болмас».

-Ұйымшылдық ,татулық болса, бірлік достық орнайды екен. Егер бәріміз біріксек, кез келген жұмысты тез және нәтижелі орындайды екнбіз. Бірлік, ынтымақ болса, береке болады.

Дәптермен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме құрау.

Балалардың бойын тік ұстап, терең тыныстату.

Сұрақтарға жауап береді.







Ойынға қатысады.





Тыңдайды.



Әңгіме құрастыру, суретті бояу.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.





Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгін біз сабағымызда бірлік туралы білдік. Бірлік деген сөз- бәрі бірдей жұмыла, бірлесіп бір істі бітіру.Бірлік, ынтымақ бар жерде береке, татулық, сыйластық болатынын білдік.

« Көңілді балалар» өлеңін айтады.







Балалар бірге қосылып өлең жолдарын қайталайды.




Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 21 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Мен жақсы баламын

Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері: - «жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;

- бойларындағы жақсы қасиеттерін дамыту;

- жақсы, әдепті, ақылды болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Б. Ысқақовтың «өзім жақсы баламын» өлеңін айтады.

Шаттық шеңберін құрып, бірге өлең айтады.

Ұйымдастыру.

Ізденістер











Дәйексөз





Өзіммен- өзім




-Балалар,жақсы бала деп кімді айтуға болады? Балалардың жауаптары тыңдалады.

Оқулықпен жұмыс: «Жақсылық пен жамандық» атты әңгімесін оқып, талдау. Сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын білу.

Ойын: «Жақсы бала қандай?»

Жақсы бала ұқыпты, мейірімді,үлкенді тыңдайтын, достарын сыйлайтын, т.б.

«Жақсы бала жағадағы құндыз, аспандағы жұлдыз». (Мағанасын түсіндіру)

Дәптермен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме құрау.

«Өзін-өзі тану» әлеміне саяхат барысында қандай игі істер жасауға үйренгендіктерін сұрау.

Сұрақтарға жауап береді.







Ойынға қатысады.

Тыңдайды.





Әңгіме құрастыру, суретті бояу.





Балалар өз пікірлерін айтады

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.





Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгін біз сабағымызда сыйластық, сүйіспеншілік, достық, татулық, қамқорлық бірлік туралы білдік.





Балалар шеңберге тұрып. Өлең мазмұнына сәйкес қимыл- қозғалыстар жасайды.









Балалар өлең жолдарына қосылып қимылдарды қайталайды.








Мектеп №35 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ № 22 Күні----------

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Білім бөлімдері: Өзін- өзі тану.

Тақырыбы: Мен еңбекқор боламын

Мақсаты: «еңбек», «еңбек сүйгіштік» туралы түсінік беру.

Міндеттері: - «еңбек» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;

- еңбеук ету дағдыларын дамыту;

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Іс- әрекет бөлімдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

А.мержанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бәрі бірге қайталап айтады.

Шаттық шеңберін құрып, бірге өлең айтады.

Ұйымдастыру.

Ізденістер

















Дәйексөз









Сергіту сәті

-Балалар,еңбекқор бала деп қандай баланы айтуға болады? Балалардың жауаптары тыңдалады.

Әр бала кішкентай болса да, ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, топтағы апайларына көмектесіп, қолғабыс жасаулары кепек. Адам жас кезінен еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді.

Оқулықпен жұмыс: «Ертеңге қалдыруға бола ма?» атты әңгімесін оқып, талдау. Сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын білу.

Ойын: «Мен еңбекқор баламын»

«Еңбек ер атандырады». (Мағанасын түсіндіру)

Адамды жақсы оқығаны, спорт жетістіктері, сіңірген еңбегіне қарай ел бағалайды. Еңбек –адамның атақ-даңқын шығарады. Бүкіл елге танымал етеді.

Дәптермен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме құрау.

Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасау.

Сұрақтарға жауап береді.





Тыңдайды.







Балалар өз пікірлерін айтады







Ойынға қатысады.

Әңгіме құрастыру, суретті бояу.


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.






Балалар, бүгін біз сабағымызда ата- анамыздың айтқанын тыңдап,бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, екенін, еңбектің бізді бірлікке,достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік.


Тыңдайды.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1188
Номер материала ДВ-479471
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх