Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМектепалды даярлық тобының даму ерекшеліктерін, айырықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі сапасын жақсарту

Мектепалды даярлық тобының даму ерекшеліктерін, айырықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі сапасын жақсарту

Скачать материал

 

 

                                                                

 

 

Мектепалды даярлық тобының даму ерекшеліктерін,

айырықша қабілетін ескере отырып,

ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі сапасын жақсарту

 

 

             I. Кіріспе

 

      Баланың дене тұлғасының даму ерекшеліктерін

       қалыптастыру.

 

            II. Негізгі бөлім

 

1.         Мектепалды даярлық тобындағы дене шынықтыру

жұмысына қойылатын талаптар.

 

 2.   Мектепалды даярлық тобының даму ерекшеліктерін

     айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек,

     дене тәрбиесі сапасын жақсартудың тиімділігі.

 

               III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         I. Кіріспе

       Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы  алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең бір маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және  адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейкесті мәселе болып отыр.

    Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан 2030»жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауаты » тармағында «Азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына  әзірлеу қажеттілігі көрсетілген.

     Қазақстан Республикасы Конституциясының  «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  заңының, Қазақстан Республикасы  әлеуметтік мәдени дамуының  тұжырымдамасының, Мемлекеттік білім беру саласындағы саясаты тұжырымдамасының  және денсаулықта сақтау туралы ұлттық  бағдарламалар тұжырымдамасының  қабылдануы жас ұрпақтың болашағын жақсартудың, оның педагогикалық негіздерінің талапқа сай елеулі орнықтырылуын  айқындауды талап етіп отыр.

    Осы аталған құжаттардың ең басты мәселесінің бірі – қоғамда ұрпақтың рухани-құндылық  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.

     ХХІ ғасырдың талабы – отандастарымыздың денсаулығы мықты, рухани  дүниесі бай жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі  мен шығармашылық қабілеті  ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті  үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу.

   Бала өмірінің алтыншы жылында бой өсуі 115-119 см, салмағы 22-23 кг, көкірек клеткасының аумағы 58-59 см болады.

    Осы жаста қол және аяқ сүйектерінің жылдам дамуымен

ерекшеленеді, омыртқаның буындары қалыптасады. Сүт тістері тұрақты тістермен алмаса бастайды, жеті жасқа қарай жиырма сүт тісінің сегізі тұрақты тістерге ауысады.Тірек-қимыл аппараты нығаяды. Кеуде, арқа, жамбас, қол, иық, аяқ бұлшық еттері дамиды. Бірақ табан мен  саусақтың ұсақ бұлшық еттері әлі даму процесінде болады. Сондықтан балалар сурет салу, іс тігу, жазу және басқа іс-әрекеттерден тез шаршайды.

   Алты жасар баланың ми салмағы және оның құрылымы

ересек адам миына сәйкес келеді. Мидың әртүрлі бөліктерінің қалыптасу деңгейі ересек адамның миының көрсеткіштеріне жақын. Үлкен ми жарты шарларында шартты нерв байланыстарының тұрақтылығы мен жылдамдығын арттыру процесі жүріп жатты. Ми қыртысының тежеу қызметі дамиды.

  Алты жасар балалардың зейінінің тұрақтылығы жеткілікті емес, ырықсыз, ол жиі алаңдайды. Зейін көлемі тар, ол бір уақытта 1-2 нысанаға ғана зейін шоғырландыруға қабілетті.

 

 

 

   

    Баланың есі жоғары деңгейде дамыған механикалық есте сақтаумен ерекшеленеді (бірнеше рет қайталау негізінде). Ырықты есте сақтау дамуындағы жетістікке қарамастан, ырықсыз есте сақтау әлі басым болып қалады. Есте сақтауда өзін бақылау әлі қалыптаспаған. Біртіндеп материалды есте сақтау көлемі ұлғаяды. 6 жасар баланың ойлауы көрнекі-бейнелі. Онда әлі ойлау процестері жеткілікті қалыптаспаған (салыстыру жалпылау,дерексіздендіру), бірақ бұл үшін барлық алғы шарттар жасалған. Алты жасар кезең-жеке бас қасиеттерінің қалыптасуының алғашқы кезеңі. Өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқын бағалау қабілеті көріне бастайды. 6-жасар балалар қарым-қатынаста ашық,бірлескен ойындарды ұнатады.

    

XXI ғасыр талабы

 

 

 

 

 

 


     Денсаулығы        Жаны мен         Танымдық                   Адамгершілігі мен

       мықты               тәні таза            белсенділігі                   имандылық қасиеті

                                                             шығармашылық             қасиеті мол бала

                                                             қабілеті ерекше                   тәрбиелеу

 

 

 

                                                             

 

                                                                                    

                                                  

 

 


                                                                 Білімді

                                                         Саналы

          Оқушыны                 Шебер,еңбекқор

                                                        Мәдениетті

                                                       Сыпайы

                                                      Өнегелі,өнерлі

 


  

 


       

 

          II.Негізгі бөлім

 

    А) Мектепалды даярлық тобындағы дене шынықтыру жұмысына

         қойылатын  талаптар

 

                                                Дене тәрбиесінің міндеттері

 

 

 


   Балалардың бойында жоғары                                        Спортпен шұғылдануға

адамгершілік сапаларын тәрбиелеу                           балалардың тұрақты қызығуын

                                                                                             және қабілетін дамыту

 

 

 

 


 Шәкірттердің денсаулығын нығайту,                                                                                                            

  жұмыс қабілетін арттыру                                        Негізгі  қозғалтқыш сапаларын                 

                                                                                                           дамыту                      

                                                                                      

                                                                                                           

 

  Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері:

      Қимылды ойындар сабақтарында.

      1.Ойын барысында резеңке табаны бар аяқкиім кию керек және аяқкиім ыңғайлы болуы қажет.

      2.Ойын барысында ережені бұзуға болмайды. Мысалы, жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға.

      3. Ойын жабдықтарын, сабақ өткізетін орынды алдын- ала дайындау керек.

      4. Ойынға қатысушыларға кедергі жасауға, құралдарға тиісуге рұқсат етілмейді.

      5. Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

      6.Ойын өткізетін орынды көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

      7. Тырма мен күректі сабақты өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма,күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын төмен қаратып қою қажет.

      8. Мұғалімнің ескерту сөзін мұқият тыңдау керек.

      9.Ойындарды балалардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып таңдау керек.

 

 

 

  

    Дене тәрбиесі саласында ырғақ,жеке гигиена,дене шынықтыру мәдениеті,туризм,

спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарын-да күн ырғағы, дене жаттықтыру,организмді шынықтыру,тамақтанугигиенасы,ұйқы және т.б. жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.

   Мектепте дене тәрбиесін арнайы білімі бар дене тәрбиесінің мұғалімі,сынып жетекшісі,тәрбиеші басқарады.Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін

негізгі мәселелер:

  1.Шәкірттерге оқу,еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету,оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау,жұмыс қабілетін жақсарту,оларға жағдай туғызып,қамқорлық жасау.

 2.Мектеп ғимаратына,жұмыс жабдықтарына,спорттық іс-шаралар өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық-гигеналық жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.

 3.Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау,қозғалыстан әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімдді өткізуді қажет етеді.

    Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында,спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды,міндеттерді еске алған жөн:

1.     Балалардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

2.     Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.

3.     Спортпен шұғылдануға балалардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.

4.     Негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

 Дене тәрбиесі – дені сау, дене бітімі және рухани жағынан табанды жеткіншек

ұрпақты қалыптастыруға, адамдардың денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық қабілеті мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық

процесс.

   Дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас-жігерін қалыптастыру, өз денсаулықтарына жауапкершіліктерін арттыру.

   Салауатты өмір салты:

-         Ең жақсы үйлесімді тәртіп;

-         Иммунитетті және денені шынықтыру;

-         Орнықты өмір сүру әдеті;

-         Зиянды әдеттің болмауы;

-         Жоғары дәрігерлік белсенділік.

Қазақта «Дененің саулығы – бастың амандығы» деген ұғым қалыптасқан. Олай

болса, салауатты өмір салты және оған тәрбиелеу мәселесі ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе.

 

 

 

 

 

 

 

 

   Б) Мектепалды даярлық тобының даму ерекшеліктерін айрықша қабілетін

       ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі сапасын жақсартудың

       тиімділігі.

 

  Балаларға арналған дене тәрбиесі:

Балалар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы

сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның

еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысудың маңызды кепілі.

  Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамның мейлінше мүдделі.

Барлық балалардың сабақта, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастыруына қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс.

 

    Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады.

Табиғи қозғалыстың түрлері:жүгіру, қарғыу, жүзу,лақтыру,шаңғы,коньки,велосипед тебу,акробатика т.б.

   Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап,дамиды.Сондықтан күш, жылдамдық,төзімділік,икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту балалардың қозғалғыш тәжірибесін байытады,дене қозғалысын үйлестіреді.

    

    Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі.1-3 жастағы балаларға арналған дене тәрбиесінің міндеті-денеге түсетін жүктемені мөлшерлеумен ерекшеленеді,себебі олардың сүйек-ет жүйесі әлсіз,нәзік,болмашы қателіктің өзі денсаулыққа жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі (3-7 жас)

Балалардың дене тәрбиесі төзімділігін,қозғалғыштығын,ептілігін қалыптастыруға баағыттталады.Балалар бақшасында аптасына бір рет 20-30 минут арнайы жаттығулар,ал күн сайын таңертең 4-8 минут гимнастика өткізіледі.

   Дене тәрбисінің негізгі саласы- гимнастика,спорт және туризм. Бұлар сабақ ретінде және мектептен тыс жұмыс ретінде де жүргізіледі. 1929 жылдан бастап Совет үкіметі дене тәрбиесін міндетті пән ретінде оқу бағдарламасына енгізді.

   

   Өзімнің жетекшілік ететін дайндық «ә» тобына  математика, сауат ашу, дене тәрбиесі сабақтарында спорттық ойындар және сергіту сәттерін өткізіп отырамын.    Сонымен қатар сынып сағаттарында,тәрбиелік шараларда да спорттық ойындар,     сайыстар жүргізілуде.

   Соның айғағы Математика сабағындағы «Сан  құрамы » тақырыбындағы жүргізген сергіту сәті:  Ұста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп,

                                        Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.

                                         Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа,

                                         Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.

 

 

 

     Бұл сергіту сәтінде  балалардың келесі есептерді шапшаң шығаруына мүмкіндік туады.Сергіту сәтіндегі балалардың жеткен нәтижесі:

 

                                                             Құштарлығы

                                                                 оянады

                                                                           Жүйке жүйесі

        Есептеуге қабілеттілігі                                                    шынығады

               артады

Баланың

 

 


              Өзін еркін сезінеді                                                            Ақыл-ой қабілеті

                                                                                                               артады

 

                                                        Өзі сергек, жеңіл

                                                                   қозғалады

                               

    Дене  шынықтыру сабағындағы « Баспалдақпен өрмелеу» тақырыбындағы

 балалардың үйренгені:

     1.Өрмелу кезінде дененің барлық мүшелері қозғалатын болды.

     2.Ол көптеген қимыл-қозғалыстардың үйлесімділігін дамытады.

     3.Өрмелеу биікке шығудан қорықпауға үйретеді.

 

  Өрмелеу жаттығуларына арналған жабдықтар:

      1.Гимнастикалық қабырға.

      2.Гимнастикалық орындық.

      3.Баспалдақ.

      4.Арқан.

 Дене шынықтыру сабағындағы балалардың жеткен жетістігі:

 

                                                              Денесінің сымбаттылығы

                                                                           нығаяды

 


        Дене тәрбиесі сабағына                                                                Өрмелеуге ниеттілігі

        құштарлығы артады                                                              артады

 

Бала

 

 


        Еңбекке қабілеттілігі                                                                     Денесінің саулылығы

             байқалады                                                                                       қалыптасады

                                                      

 

                                                                     Ішкі жан- дүниесі тазарады

 

 

   Сынып сағатында «Кім жылдам?» эстафеталық ойынын өткізген болатынмын.

   Эстафета ойындарының жіктелуі (классификациясы)

    1.Тапсырмалардың санына қарай:1.Қарапайым

                                                              2.Күрделі

    2.Орындалатын тапсырмалардың талаптарына қарай:1.Еркін қимылдық

                                                                                               2.Регламентті

    3.Орыналасу ретіне қарай:1.Тізбекті

                                                 2.Шеңбер

                                                 3.Қарама-қарсы

    4.Ойыншылардың іс-әрекетіне қарай:1.Жеке-дара

                                                                    2.Ұжымдық

 

   Бұл  эстафеталық ойын тапсырмалардың санына қарай күрделірек болып өткізілді.Алдын-ала әділқазылар сайланып алынды.

   Ойын «бес» турдан тұрды.

    1.Тур: «Себетке гүл жинау»

    2.Тур: «Секіртпемен секіру»

    3.Тур: «Допты бір қолмен жерге соғып жүгіру»

    4.Тур: «Қапшықты аяққа киіп,қос аяқпен жүгіру»

    5.Тур: «Кедергі арасынан иреңдеп өту»

  Эстафеталық ойын түрлерін ұйымдастыру кезіндегі педагогикалық талаптар  сақталды.

 

 

  Денсаулықтары                                                                       Бала берілген

       нығайды               Ұжымдыққа,шыншылдыққа,            тапсырмаға

                                           достық қатынастарға               жауапкершілікпен

                                                   тәрбиеленді                                  қарады

                                                                        

                                     Эстафеталық ойыннан балалардың

     Ойын ережесін                     алған әсерлері

   бұзбай орындауға

үйренді

                                                                                       Баланың ойынға деген

                                                 Балалардың                     қызығушылығы,

                                            шапшаңдығы                      белсенділігі

                                              байқалады                            артты

   

   Ойын ережесі түсіндірілді,орындалуы қадағаланып,қорытындыланды.    

   Эстафета-жеңімпаз топты анықтауды қажет ететін жарыс.

   Ойыншылар екі топқа бөлінді.Әр топта 8 оқушыдан қатысты.

                1.Топ:«Жігер»

                2.Топ: «Қайсар»

  Ойын нәтижесінде 1-ші орынды «Қайсар» тобы ұтып алды. «Жігер»   

  тобы 2-ші орынды жеңіп шықты.Топ жеңімпаздары дипломмен 

  марапатталынды.

 

 

    Оқыту,тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудағы негізгі  форма-сабақ

болып табылады.Дене тәрбиесі сабағы негізгі сабақтардың қатарына жатады.Сабаққа сыныптағы барлық оқушылар міндетті түрде қатысады.Дене тәрбиесі сабағы сабақ кестесі бойынша өткізіледі.Сабақ-ты жүйелі түрде өткізу, баланың білімін,іскерлік-дағдыларын қалыптас-тырады,жан-жақты дамуымен және денесінің дамуын қамтамасыз етеді.Ал сабақты дұрыс өткізу,оқушылардың өз бетімен әрекет жасауына,мұғалімнің берген тапсырмаларын орындауға,дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

 

 

 

 

  III. Қорытынды

 

    Мұғалімнің басқа мамандықтардан айырмашылығы сол,іс-әрекетін ешкім үнемі қадағалап отырмайды,оқу-тәрбие ісі оның жеке ар-ұжданына, жауапкершілігіне жүктелген.

    Елбасының: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады .Сондықтан ұстазға жүктелген міндет өте ауыр»-деген сөздері біздерге үлкен жауапкершілікті жүктейді.

   Ендеше, өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттерімізді асылдандыратын, асқақтата отырып, шәкірттердің жанына нұр құятын т әрбиешілер бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге әбден болады.

   Жалпы салауаттылық тәрбие беретін жұмыстардың аса маңызды шарты-балалардың өз еңбегінің қоғамдық пайдалылығын сезінуі,салауаттылықты  дәріптеуге және оған жауапкершілік қатынасының қалыптасуында деп айтуға болады.

 

 

 Мемлекеттік бағдарлама халықтың әр түрлі жастағы топтарының дене тірбиесін ұйымдастыруда сараланған  көзқарасын  қарастырады.

 

 

                                                      Баланың жеке тұлға болып

 Спортпен шұғылдануға,             қалыптасуына ықпал етті

спортшыларды даярлауға

      жұмыстана білдім                                                          Денсаулықтары нығайып,

                                                                                                 дене тәрбиесі сабағына

                                      Мектепалды даярлық тобының          деген қызығушылықтары

                                              даму ерекшеліктерін,                                артты

                                     айырықша қабілетін ескере отырып,

Мінез-құлқы жетіліп,      ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі

   адамгершілік                     сапасын жақсарту

қасиеттері артты

 

 

Болашақта жат әрекеттерден                                    Шығармашылық белсенділіктері

  аулақ болуға қалыптасады                                                       артады

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепалды даярлық тобының даму ерекшеліктерін, айырықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі сапасын жақсарту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

I. Кіріспе

Баланың дене тұлғасының даму ерекшеліктерін

қалыптастыру.

II. Негізгі бөлім

1. Мектепалды даярлық тобындағы дене шынықтыру

жұмысына қойылатын талаптар.

2. Мектепалды даярлық тобының даму ерекшеліктерін

айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек,

дене тәрбиесі сапасын жақсартудың тиімділігі.

III. Қорытынды

I. Кіріспе

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең бір маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейкесті мәселе болып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан 2030»жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауаты » тармағында «Азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасының, Мемлекеттік білім беру саласындағы саясаты тұжырымдамасының және денсаулықта сақтау туралы ұлттық бағдарламалар тұжырымдамасының қабылдануы жас ұрпақтың болашағын жақсартудың, оның педагогикалық негіздерінің талапқа сай елеулі орнықтырылуын айқындауды талап етіп отыр.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 787 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 3625
    • DOCX 95.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макуова Нуршат Аманкосовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Макуова Нуршат Аманкосовна
    Макуова Нуршат Аманкосовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51619
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 826 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 409 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек