Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Мектепішілік "Айгөлек" сайысы 1-4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мектепішілік "Айгөлек" сайысы 1-4 сынып

библиотека
материалов

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек»  ән-би байқауы


1- жүргізуші:

Қазақ елі  қашан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Жүздеген ұлт бірге өмір сүреді.


2 -жүргізуші:

Қазақстан Тәуелсіздікті аңсап келді,

Телегей теңіз аңсаған мансап келді.

Қазақтың  бойтұмары ана тілін

Ту етіп, айғақ етіп жар сап келді.


1- жүргізуші:

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжіреді.

Мұнан ыстық , жалын-от бар ма, сірә,

Отан-әнмен жүрегім тербеледі.

 

Бірге: Тәуелсіздіктің  25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән - би  балалар байқауын тамашалаңыздар.

 

2- жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен –кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.


1- жүргізуші:

Бүгін  біздің мектебімізде дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Әннен  шашу шашылсын, би биленіп

Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.


2- жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым, бүлдіршіндердің өнер сайысы «Айгөлек» байқауына қош келдіңіздер! Иә, балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын, қызықты да бақытты кезең.

1 жүргізуші:

Балдәурен-балалықтың балғын үні,

Балдәурен-қуаныш пен шаттық үйі.

Балдәурен бақыт кешкен балдырғанның ,

Жайраңдап, қырда ашылған қызыл гүлі.

 

2- жүргізуші: Міне, көптен күткен сәтте келіп жетті. Олай болса «Айгөлек»  ән-бибайқауын ашық деп жариялаймыз.


 

1-жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым, ұстаздар, кішкентай көрермендер және ата-аналар, сіздердің алдарыңызда сынға түсетін бүлдіршіндерімізді шақыруға рұхсат етіңіздер. Қане бүлдіршіндерді қошеметтеп қарсы алайық.

 

1- жүргізуші:

Балғын тәтті бөбектер,

Ата-анаң сені суреттер.

Мың бұралған, билерің,

Көрген жанды елітер-деп

 сахнаға   1 сынып оқушыларын шақырамыз.

 

2- жүргізуші:

Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,

Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.

2 сынып оқушылары ән шырқаса,

Жан барма екен қызығып тамсанбаған.


1- жүргізуші:

«Айгөлек» деп ән салған,

Тыңдаған жұрт тамсанған.

Шығады  қазір  ортаға

3 сынып оқушылары қуана!


2- жүргізуші

Барлық әлемнің балалары сияқты жер бетінде тек ғана бейбітшілік болуын тілейтін келесі талантты оқушыларымыздың бірі 4 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

1- жүргізуші:   Біздің талантты бөбектерімізге әділ баға беретін, бүгінгі сайысымыздың құрметті қонақтары, мейірімді әділ қазылармен таныс болайық. Бірінен-бірі өткен үміткерлерімізді бағалау қиынға соғады-ау деймін. Ендеше, таныс болыңыздар  

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

1- жүргізуші: Байқаудың шарттарымен таныс болайық, вокал номинациясы және би номинациясы бойынша І- айналымда бүлдіршіндер ән шырқаса, ІІ-айналымда өз өнерлерін бимен паш етпек.

 

2- жүргізуші: Бүлдіршіндердің жанкүйерлері және де өнер сүйер қауым өздеріңіздің көңілдеріңізден шыққан бүлдіршіндеріңізге қол соғып қолдау көрсете аласыздар.

 

1-жүргізуші:        

Шашу,шашу, шашайық

Ақ сандықты ашайық.

Бүгінгі күн, бұл тойдың ,

Бастаңғысын жасайық.

«Айгөлек» ән, би байқауын  бастаймыз.


2- жүргізуші

Бал-балалық балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Алтын бесік ұлан-байтақ елімде.

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Айгөлектің алғашқы болып шымылдығын ашатын 1 сынып оқушыларымыздың әндерін қабыл алыңыздар.

(1 «а», 1 «б» сынып оқушылары өз әндерін шырқайды)

1- жүргізуші:

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз сайраңдап.

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайраңдап-

 

деп , сахнаға 2 сынып оқушыларын шақырамыз.

(2 «а», 2 «ә», 2 «б» сынып оқушылары өз әндерін шырқайды)


1- жүргізуші:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Біз әрі қарай жалғастырамыз, сайысқа түсетін кім екен? Келесі өнерпаздарымызға сәттілік  тілеп, сахнаға 3 сынып оқушыларын шақырайық.

(3 «а», 3 «б» сынып оқушылары өз әндерін шырқайды)


2- жүргізуші:

Отанын сүйеді

Бұлбұлдай сайрайды

Табиғатын аялап

Достықты бағалайтын 4 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

(4 «а», 4 «б» сынып оқушылары өз әндерін шырқайды)

-------------------------------------------------------------------------------------


1-жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің І-айналымындағы өнеріне тәнті болсақ, қазылар алқасынан бағасын сұрайық.

(Балаларды бағалайды)



2- жүргізуші: Құрметті көрермендер, «Айгөлек» ән-би 

байқауы әлі де жалғасуда, бізбен бірге болыңыздар. Ендеше ІІ айналымға кезек берейік.

 

  1. жүргізуші: Бүлдіршіндер ән жанры бойынша, сахнаға шығатын 1 сынып өнерпаздары өз өнерімен керемет көңіл күй сыйлайды. Қарсы алаңыздар!!! 

2 -жүргізуші: Келесі болып сахнаға 2 сынып оқшыларын шақырамыз. Сәттілік тілейік бүлдіршіндерімізге!!!

 

1- жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз 3 сынып оқушыларының өнерлері.

Құлыншақтар өз биімен сіздерді таңғалдырмақ. Қошеметтеп қарсы алайық.


2 –жүргізуші Ортаға мың бұралған бишілеріміз, 4 сынып оқушыларын шақырамыз. Қатысушыларымызды қол соғып қошеметтеп қойыңыздар!!!


1- жүргізуші: Қазылар алқасы «Айгөлектің» жұлдыздарын анықтағанша, барлық бүлдіршіміздерді би алаңына шақырамыз.

(барлық балалар билейді)


2-жүргізуші:

Кімдер биші, кім күшті,

Өнеріне қарайық.

Әділ қазы алқасы ,

Таланттарды табайық.


Сөз кезегін әділқазыларымызға берейік.

(Қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттайды.)

 

1- жүргізуші:

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.


2-жүргізуші:

 Бүлдіршіндер  ән-биді  дөңгелентті,

Көрерменнің  көңілі көкке  жетті.

Егерде сіздер рұхсат етсеңіздер

Шақырамыз шырқауға «Айгөлекті»

(Айгөлек әні шырқалады)




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров240
Номер материала ДВ-445402
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх