Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Мектепішілік өткізілетін іс – шаралардың бала психологиясында алатын орны

Мектепішілік өткізілетін іс – шаралардың бала психологиясында алатын орны


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы Мектепішілік өткізілетін іс – шаралардың бала психологиясында алатын орны


Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі уақыт пен заман талабына сәйкес

елде , әлемде жүзеге асып жатқын айтулы жаңалықтармен байланысты өзгеріп отырады. Баланың өмірге көзқарасын қалыптастыруда сыныптан тыс ісшараның маңызы зор.

«Тәрбиенің ең ұлы міндеті – балаға жақсы әдеттер, ақыл мен адамшылық негіздерін сіңіре отырып, баланың мінез – құлқымен бірге оның рухани дүниесін қалыптастыру» деп атап көрсетеді ХҮІІ ғасырда өмір сүрген ағылшынның танымал философы, ағартушы – педагог Джон Локк.

Қай заманда да ойшыл ғұламалар адам бойындағы қиқар мінез , теріс қылықтар әлеуметтік құрлыстың кемшілігінен туады деп түйіндеген. Белгілі ортада адамның тұрмыс – тіршілігі, ықыласы жоғары болса, онда адамгершілік қарым – қатынас та жоғарламақ, яғни тәрбиенің тәлімді болуы заманға, қоғамға, оның материалдық рухани байлығына да байланысты. Оқушылардың бойына ата – баба ерлігі мен жанға жайлы әсер ететін мәдени, рухани мұралары қаншалықты мол сіңірілсе, ол соншалықты өз ұлтына жақын , шынайы ұлтжанды , парасатты тұлға болып қалыптасады. Мектепте өтілген әрбір сыныптан тыс ісшаралар да өмірмен байланыса өтіп , бала психологиясына әсер етуі тиіс. Мысалы атап айтатын болсақ қазіргі таңда ең күрделі мәселенің бірі адам өмірі мен адам денсаулығы. Осы орайда мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау, адамның өмірге деген қызығушылығын тудыру салаларында көптеген ісшаралар өтіп бала жүрегінен оңтайлы орындарын алуда. Атап айтатын болсам өзімнің биылғы оқу жылында өткізген ісшарам «Менің болашақ өмірім...» (5-8 сыныптарда), «Өмір сен маған қымбатсың» (9-11 сыныптарда) оқушылардың болашақ өмірге көз қарасын , кім болғысы келетінін білдірсе, екіншісі өмірдің қандай тамаша екенін және де оқушылардың өмірге келгеніне және өмір сүріп жатқандарына дән риза екендігін әр бала тиянақты айта білді және де өмірді сәл кемшілікк бола қия салуға болмайтынын түсінді.

Әрбір өтілген мектепішілік ісшараларда әсерлі деректерді негізге алған ұлттық тәрбиенің оқушыларға берер ұлағаты мол. Халқымыздың даналығында тек халықтың психологиялық білімдер көрініс таппай , тәліми ойлармен қатар мінез – құлық өлшемдер де болады.Ерте кезде бала санасына жан – жақты ұғымды ашық түрде қалыптастырған ұлттық психологияны бойға сіңірген. Үлгі - өнегелер бала санасына біртіндеп құйыла берген. Қазақ халқының «Ақыл азбайды, білім тозбайды» дейтін мақал сөздерінен , ақыл мен білім баланың болашақта сусындайтын бастауы екенін сезінуге болады. Халқымыз осындай сөз құдіреті арқылы ұрпақ ойын дамытып тәрбиелеген.

Сыныптан тыс жұмыстарда психология негіздеріне сүйене отырып , қоғамның нақты талабына сәйкес: адамгершілік, жауапкершілік, достық, жолдастық , адалдық, шыншылдық , ұят, ар – намыс, парыз, борыш сияқты сезімдерін тәрбиелеуіміз керек.Сонымен қатар оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамытуға мүмкіндік туғызуымыз керек деп есептеймін.

Өткеннің рухани мұраларын, қадір – қасиеттерін қастерлеу парызымыз. Рухы биік елдің тұғыры биік демекші, қасиетті жеріміздің киелі топырағынан шыққан шешен, абыз билеріміз, батырларымыз, ақын – жазушыларымыз, ғалымдарымыз да көп . Жерімізді жау алып, өзегіміз өртеніп, сорымыз қайнап, шаңырағымыз шайқалып, қайғыдан қапа болып, еңсесі түскен еліміздің есі кеткен заманда, бас көтеріп, еліне пана, жеріне қорған болған батырларымыздың ерлігін оқушылардың санасына ұялата білуіміз керек. Осындай ұлы тұлғаларды мақтан ете отырып жас ұрпақтың санасына сіңіруде сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше.

Оқушылардың талғамын көтеру мақсатында сыныптан тыс ісшаралардың оқушы психологиялық ой - өрісін, танымдық қабілетін зерттей отыра, көптеген шығармашылық жетістіктерге жетуге мүмкіндік туады деп ойлаймын.


























Қараторғай орта мектебі







hello_html_m7ccc1b71.gif

Тақырыбы:«Мектепішілік өткізілетін іс – шаралардың бала

психологиясында алатын орны».


Оқыған:Әбжан Бақыт Тоқайқызы.






















2015-2016 оқу жылы.


Автор
Дата добавления 12.11.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров433
Номер материала ДВ-150257
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх