Инфоурок Дошкольное образование Рабочие программыМектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНА ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ 

БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ

 _______________________________

 

Әдістемелік нұсқаулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 

2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНА

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ

 _______________________________

 

Әдістемелік нұсқаулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА

2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген

 

 

 

 

 

 

Пікір жазғандар:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.И.Омарбекова

Астана қ. №32 «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі Г.Қ. Ысқақова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу: әдістемелік нұсқаулық. – Астана, 2013. – 32 б. 

 

 

 

 

Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. 

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагог қауымға, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ  республикалық орталығы», 2013 КІРІСПЕ

 

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады. 

Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. 

Осы нұсқаулық мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының әртүрлі қызметтерінде интерактивті, инновациялық әдістерінің ерекшеліктері туралы білімнің қалыптасуына, өзара әрекет ету субъектілерінің өзара бағытталған белсенділігіне, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағдарланған. 

Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.  Міндеттері:

-   мектепке дейінгі ұйымда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы тәрбие және білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың

ерекшеліктеріне талдау жасау; 

-   инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымда білім беру үдерісін жүзеге асыруды қамтамасыз ету; 

-   мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру қажеттілігін негіздеу; 

-   мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру процедуралары туралы түсініктеме беру; 

-   мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие және білім беру үдерісінде заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын қолдану аясында тәрбиешілер мен педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру: мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен педагогтарында әртүрлі қызмет түрлерінде (ойын, танымдық-зерттеу, коммуникативтік, еңбек және т.б.)  мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру; 

-   мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, денсаулық сақтау технологиялары және т.б.) қолдану дағдыларын дамыту; 

-   мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру; 

-   мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру. 

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН 

ЕНДІРУ КЕЗЕҢДЕРІ

 

Әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты білім берудің барлық жүйесін жаңғырту үдерісі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды, осы үдеріске жаңа, барынша тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдемені іздеуді қарқындатады. 

Қоғамның заманауи даму сатысында инновациялық үдерістер, бірінші кезекте, баланың әлеуетті қабілеттіліктерін ашудың бірінші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер етеді. Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларды дайындаусыз мүмкін емес. 

Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған педагогикалық практикада қолданылатын жаңа әдістерді, нысандарды, құралдарды, технологияларды анықтайды. Қазақстанның заманауи даму сатысында білім беру үдерістерінде өзгерістер орын алуда: мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагогтардың назарын балалардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына, эмоционалды-еріктік және қозғалыс аясын түзеуге бұра отырып, білім беру мазмұны күрделене түсуде; дәстүрлі әдістердің орнын баланың танымдық дамуын белсендіруге бағытталған тәрбие мен оқытудың белсенді әдістері басуда. 

Мұндай өзгермелі жағдайда мектепке дейінгі білім беру педагогтарына балалардың дамуында интерактивті тәсілдемелердің көп түрлілігіне, заманауи технологиялардың кең таңдауына бейімделе алуы қажет. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымына мемлекеттік талаптар және білім беру саясатындағы инновациялық үрдістерді талдау негізінде инновациялық әдістемелік қызметті дамыту технологиясын жобалауға және іске асыруға жаңа тәсілдемелер ұсынылды. 

Қазақстанның заманауи білім беру саясатының білім беру парадигмаларының ауысуымен, жаңа педагогикалық технологияларға өтуімен сипатталуы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дара-шығармашылық нысандар мен әдістерге бағдарлануы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәрбиешілері мен педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің маңызын арттырады. 

2.1. Білім беру бағдарламалары мен технологияларды ендіру кезеңдері

-   дайындық (мотивациялық-ұйымдастырушылық),

-   негізгі (ендірушілік); 

-   соңғы (қорытындылаушы). 

Дайындық кезеңі (мотивациялық-ұйымдастырушылық).

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану бойынша педагогикалық ұжымның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу.  Міндеттері: 

-   «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу; мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану ерекшеліктеріне

талдау жасау; 

-   инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша жетекші педагогикалық тәжірибелер мен ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәселелердің жағдайын зерттеу.  Жұмыс мазмұны: 

-   «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау; 

-   ғылыми-әдістемелік жұмысты, мектепке дейінгі ұйымдар (әдістемелік, техникалық, кадрлық) жағдайында инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселелері бойынша басқа мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс тәжірибелерін талдау; 

-   инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша қолда бар әдістемелік материалдарға талдау жасау.

 

Негізгі кезең (ендірушілік)

Мақсаты: тәрбиеленушінің шығармашылық және интеллектуалды қабілеттіліктерін дамытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасау, мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қабілеттері мен дағдыларын дамыту. 

Міндеттері: 

-   мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру; мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту; 

-   инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;

-   педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту. 

Жұмыс мазмұны: 

-   инновациялық педагогикалық технологияны зерттеу және жүйелендіру;

-   оларды мектепке дейінгі ұйымдарда қолдану мүмкіндіктері мен келешегін шынайы бағалау;

-   инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алу; 

-   педагогтардың түрленген қызметін қалыптастыруға және оны мектепке дейінгі ұйым тәжірибесіне ендіруге бағытталған байқауларға қатысу, әртүрлі әдістемелік шараларды – педагогикалық кеңестерді, педагогикалық оқуларды, кеңес берулерді, шеберлік-класс, семинар-практикум, ашық шараларды өткізу; 

-   әртүрлі қызмет түрлерін инновациялық педагогикалық технологияларды қолданумен интеграциялау; 

-   педагогтардың кәсіби және өзіндік дамуы. 

 

Соңғы кезең (қорытындылаушы)

Мақсаты: педагогтар мен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігін қорытындылау.  Міндеттері: 

-   мектепке дейінгі ұйым педагогтарының инновациялық педагогикалық технологияны қолдану бойынша өздерінің іс-әрекет нәтижелерін бағалаудағы рефлексиясын жүргізу; 

-   мектепке дейінгі ұйым педагогтарының педагогикалық тәжірибелерін жүйелеу және жалпылау; 

-   инновациялық педагогикалық технологияны қолданумен мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің диагностикасын, түзеуін, реттеуін қамтитын бақылау жүйесін дайындау;

-   педагогикалық үдерістерде инновациялық технологияларды тұрақты қолдану. 

Жұмыс мазмұны: 

-   инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша педагогтардың тәжірибелерін жалпылау; 

-   «Жұмыста инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану» диагностикасын жүргізу; 

-   мектепке     дейінгі        ұйымдарда инновациялық     педагогикалық

технологияларды қолдану бойынша педагогтардың қызметіне талдау жасау;

-   инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша жұмыс бағдарламалары мен ұсыныстарын жасау; 

-   балалармен жұмыс жасау кезінде тиімді инновациялық технологияларды белсенді қолдану; 

-   педагогтардың шеберлігін жетілдіру, жұмыс тәжірибесін басқа мектепке дейінгі ұйымдарға тарату. 

 

 Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде келесі технологияларды қолдану ұсынылады: 

 

1.    Дамыта оқыту технологиясы (Д. Б. Эльконин В. В. Давыдов жасаған бұл технология әрбір баланың индивидуалды танымдық іс-әрекетін дамытуына, өзін тұлға ретінде тануына, оқыту үдерісінде өзін-өзі анықтауға бағытталған); 

2.    Ойын технологиялары; 

3.    Ынтымақтастық педагогикасы (К. Д. Ушинский, Н. П. Пирогов,             

Л. Н. Толстой);

4.    ТРИЗ технологиясы (Г. С. Альтшуллер, А. М. Страунинг, ол шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған); 

5.    Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар; 

6.    Балалардың денсаулығын нығайту мақсатындағы денсаулық сақтау технологиясы; 

7.    Проблемалық оқыту технологиясы (Дж. Дьюи);

8.    Жобалау технологиясы (Л. С. Киселёв, Т. А. Данилин) және т.б.

 

Дамыта оқыту технологиясы негізінде бастауын И. Г. Песталоцци,              К. Д. Ушинский және т.б. еңбектерінде алатын теория жатыр. Негізгі мақсаты баланың дамуына бағдарланған және дамудың алдында жүретін оқыту идеясын ұсынған Л.С. Выготскийдің еңбектерінде дамыта оқытудың технологиясы ғылыми негізделді. Оның болжамына сәйкес білім оқытудың ақырғы мақсаты емес, оқушылардың даму ортасы ғана болып табылады. Л. С. Выготский идеялары іс-әрекеттің психологиялық теория шеңберінде А. Н. Леонтьев,          Я. Гальперинмен және т.б. дайындалып, негізделді. Даму туралы дәстүрлі ұғымды және оның оқытумен арақатынасын қайта қарастыру нәтижесінде бірінші орынға адам іс-әрекеті мен түрлерінің субъектісі ретінде баланың қалыптасуы     қойылды.    Дамыта       оқытудың   теориясы    Л. В.      Занков,                 Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов және т. б. эксперименттік еңбектерінде жетілдіріле түсті. Олардың тұжырымдамаларында оқыту мен даму бір үдерістің диалектикалық өзара байланысты тараптардың жүйесі ретінде көрініс алды. Оқыту       адамның психологиялық    дамудың,    тұлғаның    барлық       жиынтық қасиеттерін қалыптастырудың жылжытушы күші ретінде танылған. 

Қазіргі таңда дамыта оқыту тұжырымдамасы шеңберінде мақсаттық бағдарлары, мазмұны және әдістемесімен ерекшеленетін бірқатар технологиялар дайындалған. В. В. Давыдовтың пікірінше, дамыта оқыту ұғымы астарында түсіндірмелі-иллюстративті тәсілдің (тип) орнына келетін жаңа, белсенді әрекет тәсілі (тип) ұғынылады. Дамыта оқыту технологиясы баланы қоршаған ортамен өзара әрекет ететін дербес субъект рөлінде қарастырады. Бұл әрекет ету қызметтің барлық сатысын: мақсаттарды анықтауды, жоспарлау және ұйымдастыруды, мақсаттарды іске асыруын, қызметтің нәтижелерін талдауын қамтиды. Дамыта оқыту тұлғаның барлық біртұтас жиынтық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дамыта оқыту бала дамуының жақын аймағында жүзеге асады. 

«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек», - дейді Л. С. Выготский. 

Ол бала дамуында екі деңгейді атап көрсетті: 1) Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. 2) Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. Дамудың қол жеткен аймағы бала өзі істей алатын істерінен ынтымақтастықта істей алатын істерге өту мүмкіндігі. Дамыта оқытудың басты белгісі дамудың жақын аймағын құруы, психикалық ішкі үдерістерінің қозғалысқа келтіруі, туындауы болып табылады. 

 

«Ойын педагогикалық технологиялары» ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үдерістердің әдістері мен тәсілдерінің жеткілікті ауқымды тобын қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның басты белгісі – оқытудың нақты мақсаты және оған сәйкес педагогикалық нәтижелері айқын түрде көрінеді, негізделеді және оқу-танымдық бағытта сипатталады. Сабақтардың ойын нысаны балаларды оқу іс-әрекетіне құлшындыру, ынталандыру құралы ретінде ойын мотивациясымен құрылады. Сабақтардың ойын тәсілдері мен жағдайын іске асыру келесідей негізгі бағыттар бойынша болады: 

     балалардың алдына қойылатын дидактикалық мақсат ойын тапсырмасы нысанында қойылады;  

     оқу іс-әрекеті ойын ережелеріне бағынады;  

     оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;  

     оқу іс-әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойын тапсырмасына ауыстыратын жарыстың элементі енгізіледі;  

     дидактикалық тапсырманы табысты орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады;  

     оқу үдерісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі педагогтың педагогикалық ойындарының біліктілігі мен функциясын қалай ұғынуына байланысты.

Педагогикалық үдеріс сипаттамасы бойынша келесідей топтар бар:

     оқытатын, жаттығатын, бақылаушы және жалпылаушы; 

     танымдық, тәрбиелеуші, дамытушы; 

     репродуктивті, өнімді, шығармашылық;

     коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық және т.б.

Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен ойындар. 

Ойын іс-әрекетінің психологиялық тетіктері тұлғаның өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі реттеуге деген күрделі қажеттіктеріне сүйенеді. 

Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды: 

-   заттық іс-әрекет;

-   адамдар арасындағы қарым-қатынас;

-   қоғамдық тәртіптің ерекшеліктерін орындау. 

Ойын технологияларының мақсаты бірқатар міндеттерді шешу болып табылады: 

-   дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық ісәрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.); 

-   дамытушы (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілетін және т.б. дамыту); 

-   тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылықты және т.б. тәрбиелеу); 

-   әлеуметтендіруші (қоғам нормалары мен құндылықтарына үйрету; ортаның жағдайларына бейімдеу және т.б.). 

Ойын технологиялары мектепке дейінгі жаста кеңінен қолданылады, себебі ойын осы кезеңде жетекші іс-әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасына қарай игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың ішкі және сыртқы жақтарын айыра бастайды, өзінде уайымдау сезімі бар екендігін ашады және оларға бағдарлана бастайды. 

Балада бір заттың қасиетін басқа затқа ауыстыруға мүмкіндік беретін көз алдына елестету және танымның саналы іс-әрекеті қалыптасады, өз сезімдерінде бағдар туындайды және олардың мәдени көрсету дағдылары қалыптасады, бұл балаға ұжымдық іс-әрекетке және қарым-қатынасқа қосылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекетін меңгеру нәтижесінде оқытудың қоғамдық маңызды және қоғамдық бағалау іс-әрекетіне дайындығы қалыптасады. 

 

Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы 

ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру. Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз: 

-   балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді; 

-   шығармашылықтың туындауына ынта береді; 

-   балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен антонимді байыту); 

-   барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады; 

-   лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын қалыптастырады; 

-   ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін дамытады. 

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеру қажет: 

-   таңдау еркіндігі қағидаты – балаға кез келген оқыту немесе басқару әрекетіне таңдау құқығы; 

-   ашықтылық қағидаты – балаға ашық (шешімінің бірнеше жолы бар) тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық тапсырмалар жағдайында шешімнің әртүрлі нұсқаларын жасауы керек;

-   іс-әрекет қағидаты – кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық іс-әрекетке қосу қажет; 

-   кері байланыс қағидаты – тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үдерісін тұрақты бақылай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмада алдыңғы шығармашылық тапсырманың элементтері болады; 

-   мінсіздік қағидаты – шығармашылық тапсырмалар арнайы жабдықты қажет етпейді және кез келген сабақтың бөлігі болуы мүмкін, бұл өз кезегінде балалардың білімі мен қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін барынша қолдануға мүмкіндік береді. 

1945 жылы дарынды ойлау жай ойлаудан немен ерекшеленетіндігін ұғынуға ұмтылған Г. С. Альтшуллер шығармашылықтың ғылыми технологиясын дайындауына кірісті. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. ТРИЗ жаңа техникалық мақсаттарды нақты ғылымға айналдырады, себебі өнертапқыштық тапсырмалардың шешімі ізденістердің орнына текке логикалық операциялардың жүйесіне құрылады. Экскаватор болған жағдайда, күрекпен жұмыс істеу, автокөлік болғанда, жүкті арқалау орынсыз және ысырабы көп. Ойды қажетті бағытқа бұруға және ескішілдік, қызығушылық тудыртпайтын жұмыстың көп бөлігін орындауға қабілетті жүйелі құралды қолданудың орнына шығармашылық «нұрлануды» күту орынсыз. 

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы: әрбір бала тумысынан дарынды және кемеңгер, алайда оны барынша төмен шығын жағдайында барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету керек. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материалдар мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді. Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу – шығармашылық ойлауға деген кілт. 

Балалармен жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек, олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс, ол ақиқатты өзі табуы қажет. Егер балалар сұрақ қоятын болса, сол уақытта дереу жауап бермеуі керек. Керісінше, ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет. Оны талқылауға шақыру керек. Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек. Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда, педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс. Баланы жауапты табу жағдайына, яғни құбылыс немесе заттың тануы және қайта түрленуінің тарихи жолын қайталауы керек жағдайға қояды. Мәселен, тәрбиеші балаларға ағаштың қасиеттері туралы білім бере отырып, «Егер жерде ағаш болмаса не болар еді?» деген сұрақтан бастауы мүмкін. Балалар өздерінің ойпікірлерінің нұсқаларын айта бастайды. Одан кейін: «Ағаш несімен пайдалы?» деп сұрақ қояды. Жауаптардың түрлі нұсқалары айтылады, кейбір жауаптар қайталанғанымен, ағаштың жаңа қасиеттері мен ерекшеліктері ашылады. Сұрақтар тізбегі жалғасады: «Егер ағаш сондай пайдалы, одан көптеген заттар жасауға болса, онда адам неліктен металды өндіруді, пластмасса жасауды үйренді? Ағаштың қандай қасиеттері адамға ұнамады? Ағаштың несі қолайсыз? Неліктен адамдар орман өсіреді және саябақтар жасайды? Барлық ағаштардың қасиеттері бірдей ме, әлде ерекшелене ме? Ағаштар несімен ерекшеленеді? Ағаштан жасалынатын қандай заттарды атауға болады?» және т.б. Одан кейін ағаштың қасиеттері анықталынатын тәжірибелер жүргізіледі: суда бата ма немесе батпай ма; жана ма, жанбай ма; суды өткізе ме, жоқ па; бояла ма, боялмай ма және т.б. Сонымен, сабақ ақиқатты және мәнін іздеу ретінде өтеді. Баланы ағашты зат ретінде көп түрлі қолдану мәселесіне алып келеді және ыдыс-аяқ, жиһаз жасау кезінде ағаштың алмастырушылары бар екендігін түсіндіреді. 

«ТРИЗ» технологиясында қайшылықтардың көптеген тәсілдері жинақталған. Алайда деректер банкін, көп жағдайда, жас тәрбиеші қолданады. Тәжірибелі мол педагогтар табиғат және затты әлемнің қоршаған объектілерінде өздері қайшылықтарды табады және оларды балалармен жұмыс жасауда қолданады. Бірақ негізгі міндет: балаларды өз шешімдерін іздеуге және табуға үйрету – бұл шығармашылық ойлауда, қиялдауда, жаңаны ойлап табуда байқалатын өнертапқыштық кезең. 

Айта кететін жайт, «ТРИЗ» технологиясы баланы ғана емес, тәрбиешіні де шығармашылық педагогикаға оқытады. ТРИЗ қолдаушылары алдында тұрған басты мәселе – дайын формуланы балалармен сабақ өткізуде схемалық түрде қолдану ниетінен сақтандыру. Балалар тумысынан үлкендердің ақпараттарын талдай отырып, өздерінің қандай да бір жүйесін құруға, өзінің пәктігі мен аңғалдығын көрсете, жүріп жатқан үдерістердің заңдылықтарын ұғынуға талпынады. ТРИЗ оқиғалар мен құбылыстардың заңдылықтарын түсіну үдерісімен мүмкіндігіне қарай танысуды ұсынады. «ТРИЗ» технологиясы балалармен тарихи тақырыпта әңгімелесуді ұсынады: қарындашты ойлап табу тарихы; үстелді ойлап табу тарихы; дөңгелек, шам, радио, робот және т.б. тарихы. Объектіні даму тұрғысынан қарау үнемі жетілдірудің, ойлап табудың себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Балалар ойлап табу – бұл қайшылықтарды шешу дегенді түсіне бастайды. 

Мектеп жасына дейінгі балалармен серуендеуде балалардың ой-өрісін белсендендіретін әртүрлі тәсілдерді қолдануға кеңес беріледі: табиғат заңдарының өзгеруі, табиғаттың оянуы, түрленуі, объектінің әсер ету деңгейінің артуы, төмендеуі және т.б. Мәселен, тәрбиеші балаларға: «Ал, балалар, желді тұрғызайық: оның анасы кім? Оның достары кім? Не үшін жел күнмен дауласады?». Эмпатия тәсілін де қолдануға болады. Балалар өздерін бақылаушы орнына қояды: «Егер сен бұтаға айналсаң, не істер едің? Нені армандайсың? Кімнен қорқасың? Кіммен достасар едің? Сенің жапырақтарың не туралы сыбырлайды?» немесе «Өзіңді қызыл қоңыздың орнына қойып көр.

Не үшін сен өмір сүресің? Сенің достарың кім? Нені жегенді жақсы көресің?». «ТРИЗ» бағдарламасы тәрбиешілер мен балаларға адам өзінің жасына тәуелсіз меңгеретін шығармашылықтың әдістері мен құралдарын береді. Осы бірыңғай құралды қолдана отырып, балалар мен ересектер бір-бірімен тіл табысуы, түсінісуі жеңіл болады. ТРИЗ – бір рет құрылып, өзгермейтін шығармашылық педагогикалық жұмыстар жүйесі емес, бұл үнемі дамитын технология. ТРИЗ қолдаушылары әрдайым ізденісте болады, балалар мен тәрбиешілердің шығармашылық ойлауын белсендірудің жаңа әдістерін ойлап табады, дайындайды. Стандарттан тыс ойлауға, шаблонды емес шешімдерді қабылдауға не барынша кедергі жасайды деген сұраққа А. Страунинг барлық ересектерде болатын және ересектер оны балаларға кішкентай жасынан бастап «табысты» дағдыландыратын психологиялық инерция деп жауап беретін. Психологиялық инерция өмірлік жағдайды шешу ересектерге (балаларға қиын) жеңіл болатын қандай да бір жаңаны шығару кезінде кедергі болып табылады. 

Әртүрлі психологиялық кедергілер бар: 

-   тар мамандануынан туындаған бөтен аймаққа ену қорқынышы; 

-   ақымақ болып көріну қорқынышы, осы жерден сын қорқынышы; бедел алдындағы қорқыныш;

-   бір нәрсенің мүмкін емес, қол жетімсіз ретіндегі мінсіз қорқынышы; 

-   объектіні әдеттен тыс функциясынан қабылдай алмау қабілеті, әйтпесе, «шығармашылық соқырлық», формалды логикаға догмалық қарым-қатынасы орын алады. Осы кедергілерді еңсеру үшін келесідей элементтен тұратын шығармашылық белсенділікті ынталандырудың негізгі қағидаттарына сүйенуі қажет: 

-   өз ашылымдарынан қорықса, қайтуға болатын бала үшін қауіпсіз психологиялық базаны құру;

-   баланың шығармашылыққа деген қабілеттілігіне қолдау көрсету, оның сәтсіздіктерінде көмек беру, шығармашылық талпыныстарға теріс баға беруіне жол бермеу;

-   «қисынсыз» идеялар мен сұрақтарына шыдамдылық, балалардың барлық сұрақтарына, тіпті, егер олар шектен шыққан болса да, жауап беру қажеттілігі.

Психологиялық инерцияны алып тастауға және қысқа уақытта жаңа идеялардың барынша көп санын алуға мүмкіндік беретін барынша танымал әдісті А. Страунинг «ми шабуылы» деп атайды. «Ми шабуылын» педагогтармен және балалармен жүргізу ұсынылады. Бірақ жүргізу әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, ересектермен «ми шабуылын» былай өткізеді: жұмыс тобына 7-12 идея генераторларын, шешілетін міндет саласының кәсіпқойларын ғана емес, сырттан келген адамдарды да шақырады. Балабақшаға педкеңеске кімдерді шақырады? Әдетте, бұл педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар, басшылар. Бала күтушіні ше? Аспазшыны ше? Кір жуушыны ше? Аула сыпырушысын ше? Олар туралы ұмытады, осы адамдардың да балаларға қатысы бар ғой. Кейде олар туралы мынаны естуге болады: «Неліктен олардың жаны балалар үшін ауырмайды?». Өйткені, оларды техникалық қызметкерлер ретінде педагогикалық үдеріске қоспайды. Алайда, күтпеген шешім үйреншікті кәсіби шеңбермен шектелмеген адамдардан туындайды. «Идея генераторларын» дөңгелектей отырғызады. «Ми шабуылын» 2-3 құзыретті, беделі жоғары қызметкерлер кіретін сарапшы топтарының бірі (басшы емес) жүргізеді. «Ми шабуылы» басталмастан міндетмәселе қойылады. Ойлануға уақыт беріледі және қатысушылар өз идеяларын айта бастайды. Бірінші өз идеясын айтуға лауазымы бойынша кіші қызметкерге беделділер алдында қорқыныш қыспау мақсатында беріледі. Басшы соңғы болып өз идеясын айтады. Әдетте көбісі батыл, тосын идеяларын айту тәуекеліне бармайды, себебі сынға қалудан қауіптенеді. Сондықтан, «ми шабуылы» жүргізу кезінде сын (сөз, дене қимылы, ым) айтуға тыйым салынады және кез келген, тіпті, әзіл немесе жөнсіз идеялар марапатталады. Барлық айтылған идеялар оларды сарапшылар тобы кезекті қарау үшін жазылады. «Идея генераторлары» шешімін бекіткеннен кейін осал жерлерін анықтау және оларды түзету мақсатында жақтаушылары мен қарсыластары болып бөлінеді. 

Балалармен «ми шабуылы» жоспарланбаған, аяқ асты, қандай да бір міндеттерді шешу кезінде туындауы мүмкін. Балалармен «ми шабуылын» өткізудің ерекшелігі айтылған идеяны талқылау барысында өздері түзейді, оларды талдайды. 

 

Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ)

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды - есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары – бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үдерістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылады. 

Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. Сөйтіп, АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Педагогтың қызметі ауысады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының белсенді рөлін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет. 

Педагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін – ізденгіштігін; өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі ісәрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:

-        интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял –

елесі; 

-        коммуникативтік – ересектермен және құрдастармен сөйлесу қабілеті; 

-        рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;

-        өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек. 

Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғаның табысты дамуының кепілі. 

Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді. Алайда бұл көздер негізінен бәсең қабылдау материалдарын береді. Мектепке дейінгі балаларды оқытудың маңызды міндеті дербес бағалау қабілетін дамыту және алынатын ақпараттарды іріктеу болып табылады. Мұндай қабілеттің дамуына білім беру қызметіндегі және еркін қызметтегі балалармен алынатын білімдерді қолдану практикасы болатын ойын көмектеседі. 

 

Денсаулық сақтау технологиясы 

Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты баланың денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдылардың қалыптасуы болып табылады. 

Денсаулық сақтау педагогикалық технологияларға педагогтың баланың денсаулығына деген әртүрлі деңгейде – ақпараттық, психологиялық, биоэнергетикалық деңгейде ықпал етудің барлық аспектілері кіреді. Заманауи жағдайда адам дамуы оның денсаулық жүйесін құрусыз мүмкін емес. 

Денсаулық сақтау педагогикалық технологияны таңдау төмендегілерге тәуелді:  

-  Мектепке дейінгі ұйым типіне; 

-  Мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу ұзақтығына; 

-  Педагогтар жұмыс істейтін бағдарламаларға; 

-  Мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына;  - Педагогтың кәсіби құзыреттілігіне; 

-  Балалардың денсаулық көрсеткіштеріне. 

 

Заманауи денсаулық сақтау технологиялары

1.                       Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика. 

2.                       Салауатты өмір салтына үйрету технологиясы: дене шынықтыру сабағы, проблемалық ойын (ойын тренингі және ойын терапиясы), коммуникативтік ойындар, «Денсаулық» сериясынан сабақтар, нүктелі массаж, өз-өзіне массаж жасау, биологиялық кері байланыс (БКБ).

3.                       Түзету технологиялары: арттерапия, музыкалық ықпал ету технологиясы, ертегі терапиясы, түспен ықпал ету технологиясы, мінезқұлықты түзету технологиясы, психикалық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ритмика.  

Сонымен, қарастырылған әрбір технологияның әрқайсысы денсаулық сақтау бағытында болуы, ал кешенде қолданылатын денсаулық сақтау ісәрекетінің нәтижесінде балада салауатты өмір-салтына тұрақты мотивация, толыққанды және күрделі емес дамуының қалыптасуы аса маңызды. 

Егер мектепке дейінгі ұйымдарда мамандану мен нақты жағдайларға тәуелді болатын технологияларды түзету мүмкіндіктері үшін жағдайлар жасалса, егер балалардың денсаулығының статистикалық мониторингіне сүйеніп, технологиялық ықпал ету қарқындылығына қажетті түзетулер енгізілсе, әрбір балаға жекелей оқыту қамтамасыз етілсе, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен ата-аналарда оң мотивация қалыптасатын болса, мектепке дейінгі ұйым жұмысында денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды қолдану тәрбие мен білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтар мен ата-аналарда тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құндылық бағдарын қалыптастырады. 

Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау іс-әрекетінің негізгі

бағдарына мыналарды жатқызуға болады:  

-                  балалардың тіршілік әрекетіне санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп пен гигиеналық жағдайларды жасауды ұйымдастыру; 

-                  тамақтануды ұйымдастыру; 

-                  балалардың балабақшада болу кезіндегі олардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

-                  балалар мен қызметкерлерге емдеу-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру; 

-                  балалардың дене тәрбиесі. 

Жалпы денсаулық сақтау шаралар жүйесі төмендегілерден тұрады: 

-                  балаларды өз дене мүшесіне күтім жасауды оқытудан; 

-                  дене шынықтырудан; 

-                  тағамдарды дәрумендеуден; 

-                  фитопрофилактикадан; 

-                  натуропатиядан; 

-                  өзін-өзі психологиялық реттеу жаттығуларын меңгеруден;  - балалардың қозғалыс әрекетін оңтайландырудан. 

Сонымен, кез келген педагогикалық іс-әрекетті әрбір баланың денсаулық жағдайы туралы және дене дамуының деңгейі туралы ақпарат алынғаннан кейін ғана бастаған жөн. Денсаулық сақтау әрекетінің тиімділігі көп жағдайда педагогтың тәрбиеленушілер отбасының өмір сүру жағдайын білуіне, сонымен қатар ұжымның кәсіби дағдылары, бар жағдайларды ескеруі мен оны ұйымдастырудың кешенді тәсілдемесіне байланысты. Саны көп, сапасы жоқ болғаннан, саннан сапасы жоғары, кәсіби болғаны жөн. 

Денсаулық сақтау шараларын өткізу кезінде олардың психологиялық – педагогикалық аспектілері күшейтілуі керек. Бұл балалардың өзінің денсаулығына саналы қарым-қатынасын тәрбиелеуді және өзінің денесі туралы автоматтандырылған дағдыларды қалыптастыруды білдіреді. 

Сауықтыру педагогикасының негізгі сипаттамасы келесідей: 

-                  бала дамуының қол жетімді нормасы мен мінсіз үлгісі ретінде дені сау бала туралы түсінік; 

-                  дені сау бала біртұтас дене және рухани организм ретінде қарастырылады;

-                  сауықтыру емдеу-профилактикалық шаралар ретінде емес, балалардың психофизикалық мүмкіндіктерін дамыту, кеңейту ретінде қарастырылады; 

-                  балаларды сауықтыру бойынша жұмыстар тек медициналық әдістермен ғана жүзеге асырылмайды; 

-                  медициналық әдістерді қолданудың тиімділігі оларды психология- педагогикалық әдістермен толықтырған кезде артады. 

Проблемалық оқыту технологиясы Чикагода 1894 жылы оқытудың негізін оқу жоспары емес, ойындар мен еңбек іс-әрекеті құрайтын тәжірибелі мектептің негізін қалаған американдық философ, психолог пен педагог Дж.Дьюи (1859-1952 жж.) теориялық қағидаларына негізделеді. Осы мектепте қолданылған әдістер, тәсілдер, оқытудың жаңа қағидаттары теориялық тұрғыдан негізделмеген және тұжырымдама түрінде қалыптаспаған болатын, алайда ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында кеңінен қолданысқа енді. Білім беру үдерісінде баланың дербестілігін дамытуға бағытталған проблемалық оқыту әдісі қолданылады. 

Проблемалық технологияның мақсаты: өзіндік іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеру, білім, қабілет, дағдыларды игеру, танымдық және шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту болып табылады. Проблемалық оқыту мотивацияның ерекше түрін жасауға негізделген, сондықтан проблемалық жағдайлардың тізбегі болатын материалдардың дидактикалық мазмұнын барабар жасауды талап етеді. Проблемалық жағдай белгісіз мазмұнына, проблема деңгейі, ақпараттың келісілмеу түрі, басқа әдістемелік ерекшеліктер бойынша әртүрлі болуы мүмкін. 

Проблемалық әдістер – оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетіне, проблемалық жағдайды жасауға негізделген, күрделі мәселелерді іздеу мен шешуді қарастыратын, білім, талдау, жеке фактілері астарынан құбылыс, заң көру қабілеттілігін талап ететін әдістер. Проблемалық оқытудың заманауи теориясында проблемалық жағдайдың екі түрі бар: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі оқушылардың іс-әрекетіне қатысты болады, екіншісі оқу үдерісін ұйымдастыруын білдіреді.

Педагогикалық проблемалық жағдай – таным объектісінің жаңалығын, маңыздылығын, әсемділігін және басқа да айрықша қасиеттерін көрсететін педагогтың белсенді сұрақтары мен іс-әрекеттері көмегімен жасалынады. Психологиялық проблемалық жағдайды жасау жекелей жүреді. Өте қиын емес, өте жеңіл емес таным тапсырмалары балалар үшін проблемалық жағдай жасамайды. 

Проблемалық жағдай оқыту үдерісінің барлық сатысында: түсіндіру, бекіту, бақылау кезінде жасалынуы мүмкін. 

Проблемалық оқытудың артықшылықтары:

-        балалардың жоғары деңгейдегі дербестілігі;

-        баланың танымдық қызығушылығын немесе тұлғалық мотивациясын қалыптастыру; 

-        балалардың ойлау қабілеттіліктерін дамыту. 

 

Танымдық–жобалық іс-әрекетінің технологиясы

Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық ісәрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық ісәрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады. 

Педагог баланың іс-әрекетін бақылау арқылы оны бірте-бірте қатысуға тартады, эпизодқа қатысуға, кейінірек серіктестікке, соңында ынтымақтастыққа жетелейді. Ересектердің жобалық іс-әрекетін сатылай ынталандыру баланың ұжымда жұмыс істеу қабілеті мен өзінің темпераментін, мінез-құлқын ортақ істің мүдделеріне бағындыру, шығармашылық жанжалдарды шешу, келісімділікке қол жеткізу, іс-әрекет қатысушыларына көмек көрсету, әрқайсысының іс-әрекетін бағалау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Шығармашылық жобалау педагогтан балаға деген төзімділік, махаббат, оның ересектер әлеміне кіру жолында мүмкіндіктеріне сенуді талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда жобалық іс-әрекетті дамытуда үш кезеңді көрсетуге болады, ол мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, іздеу, проблемалық әдістерінің жиынтығын қосатын жобалық іс-әрекетінің педагогикалық технологиясының бірін білдіреді. 

Бірінші кезең – үш жарым жастан бес жастағы балалармен іске асыруға болатын еліктеу-орындаушы кезең. Бұл кезеңде балалар «екінші рөлдегі» жобаға қатысады, ересектердің тікелей ұсынысы бойынша немесе оған еліктеу арқылы іс-әрекеттерді орындайды. 

Екінші кезең – әртүрлі бірлескен іс-әрекет тәжірибесі бар, іс-әрекеттерді келісетін, бір-біріне көмек көрсете алатын бес-алты жастағы балалар үшін тән дамытушы кезең. Бала ересектер көмегіне сирек жүгінеді, құрдастарымен бірлескен іс-әрекетті белсендірек ұйымдастырады. Балаларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дамиды, олар өздерінің, құрдастарының әрекеттерін объективті бағалауға қабілетті. Бұл жаста балалар проблеманы түсінеді, мақсатты айқындайды, іс-әрекет нәтижесіне жету үшін қажетті құралдарды таңдауға қабілетті болып табылады. Олар ересектермен ұсынылған жобаларға қатысуға дайындығын көрсетеді, сонымен қатар шығармашылық, зерттеу, тәжірибелі-бағдарлы жобалардың жөнелтпелі нүктесі болып табылатын проблеманы өз бетімен табады. 

Үшінші кезең – алты жастағы балалар үшін тән шығармашылық. 

Ересектерге осы кезеңде балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту және қолдау, балалардың алдағы іс-әрекетінің мақсаты мен мазмұнын дербес анықтау, жобамен жұмыс жасау тәсілдері мен оны ұйымдастыру мүмкіндіктерін таңдау үшін жағдай жасау өте маңызды. 

 

Танымдық-жобалық іс-әрекеттің әрбір кезеңіндегі ересектер мен балалар әрекеттерінің алгоритмі

 

Әрекет алгоритмі

Жобалық іс-әрекеттің еліктеу-орындаушы

кезеңі

Жобалық ісәрекеттің

дамытушы кезеңі

Жобалық іс-әрекеттің шығармашылық кезеңі

1-қадам

Балалардың қажеттіліктеріне жауап беретін проблемаларды анықтау 

Балалардың немесе екі тараптың қажеттіліктеріне жауап беретін проблемаларды ересектердің

немесе балалардың көрсетуі 

2-қадам 

Жоба            мақсаттарын,

оның мотивациясын қою

Жоба мақсаттарын, нәтижені болжауды бірлесе анықтау

Жоба мақсаттарын, нәтижені болжауды балалардың дербес

анықтауы 

3-қадам

Балаларды іс-әрекетті жоспарлауға және белгіленген жоспарды іске асыруға қатысуға тарту

Балалардың ересектердің елеусіз көмегімен             ісәрекеттерді жоспарлауы; құралдарды анықтауы

Балалардың іс-әрекеттерді жоспарлауы (ересектің серіктес ретінде ықтимал қатысуы кезінде), жобаны іске асыру құралдарын айқындауы 

4-қадам

Нәтижеге қол жеткізу бойынша ересектер мен балалардың бірлескен

іс-әрекеті 

Балалардың жобаны

орындауы; ересектердің сараланған көмегі

Балалардың             жобаны

орындауы;

шығармашылық жанжалдарды            шешу, келісімділікке қол жеткізу, өзара   оқыту,             бір-біріне көмек көрсетуі 

5-қадам

Орындаудың     бірлескен

талдауы  

Нәтижені талқылау: жұмыс барысын, әрқайсысының әрекетін, табыстар мен

табыссыздықтар себептерін анықтау 

6-қадам

 

Жобаны дамытудың келешегін бірлесе айқындау 

Жобаны дамытуды бірлесе айқындау

 

Жобалық іс-әрекет балаларды проблеманы шешуге, іс-әрекеттің мақсатын қоюға және жоспарлауға үйретуге мүмкіндік береді. Жобалық іс-әрекет өзінің әрекетін және жұмыс барысын талдау, нәтижесін көрсету қабілетін дамытады. Балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекетінің нәтижесін макет, плакат, үлгі, театрға қоюға бейімдеу, сахналық көріністі қолдану арқылы презентация түрінде көрсетуге болады. 

 

Педагог пен балалардың танымдық-жобалық іс-әрекетінің алгоритмі

 

Жобалық іс-әрекет кезеңдері 

Педагогтың іс-әрекеті 

Балалардың іс-әрекеті 

1. Проблеманы айқындау

Балаларды проблемалық жағдайға, ойлау қажеттілігіне жетелеуінен өзі үшін

 

Проблеманы көруге, маңызды мәселелерді тұжырымдауға үйренеді 

2.         Іс-әрекет мақсаттарын анықтау 

проблеманы қалыптастырады Балалардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сүйене

отыра, мақсат қояды

Іс-әрекет мақсатын белгілейді (қоршаған әлемнің белсенді

зерттеушісі болады) 

3. Нақты ой

Не болатындығын және қандай нәтижеге алып келетіндігін ойластырады 

Талқылауға қатысады: қандай да бір істі қалай ұйымдастыру керек, кез келген пікірді, тіпті стандартты емес және күтпеген пікірлерге дейін тыңдау

4. Жоспарлау

Дидактикалық, әлеуметтік, заттық-материалдық және жекетұлғалық жағдайларға тәуелді балалармен жұмыс жасаудың

негізгі кезеңдерін анықтайды

Сүйікті сабақтарды атайды, ойындар ұсынады, операциялардың кезектілігін

анықтауға қатысады 

5. Жобаны іске асыру және тұрақты

рефлексия

Іс-әрекеттердің интеграциясы арқылы олардың әртүрлі түрлерін ұйымдастырады және мотивация береді. Рефлексияны және жеке қадамдарды

уақытылы түзетуін жүргізеді 

Іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне қатысады, тәрбиешінің серіктестігі мен көмекшісі ретінде болады 

6.Нәтижелерді талдау және презентация

Балалармен       бірлескен        іс-

әрекеттегі оң және теріс сәттерді анықтайды 

Ересектің көмегімен күші келетін талдауды жүргізеді. Қол жеткізілетін нәтижелердің ойын презентациясына қатысады 

 

 

Танымдық-жобалық іс-әрекеттің технологиясын қолдану мақсаттары: баланың ұжымда жұмыс істеу қабілеті, өзінің темпераментін, мінез-құлқын ортақ істің мүдделеріне бағындыру, шығармашылық жанжалдарды шешу қабілеті, келісімділікке қол жеткізу, іс-әрекет қатысушыларына көмек көрсету, әрқайсысының іс-әрекетін бағалау қабілетін қалыптастыру.

 

Жобалар технологиясы 

Заманауи жағдайда мектеп жасына дейінгі бала мектепке барған кезде «таза парақ» ретінде бола алмайды. Бірінші сынып оқушысына қойылатын талаптар көп жағдайда «дамытуға, үлесін қосуға, ақпараттандыруға, жаттығуға және т.б.» мәжбүр етеді. Ақпараттар мен білімнің көп көлемін білетін балалар оларды жүйесіз алады. Ересектің борышы – балаға қажетті ақпаратты табуға және алуға, оны жаңа білім түрінде меңгеруге көмектесу. Педагог баланы сауатты басқарады, тәрбиеленушіге білім беру әдістері мен тәсілдерін анықтайды. 

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жобалық іс-әрекетінің ерекшелігі қоршаған әлемде қайшылықтарды дербес таба алмауы, проблеманы тұжырымдай, мақсатты (ойды) анықтай алмайтындығы болып табылады. 

Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу-білім беру үдерісінде проблемалық іс-әрекет ынтымақтастық сипатында болады, бұл үдеріске мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен балалары қатысады, сонымен қатар ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері тартылады. 

 

Жобаны дайындаудың І кезеңі

Балаларға талқылау үшін проблема қойылады. Бірлескен талқылау нәтижесінде болжам ұсынылады, ол іздеу іс-әрекет үдерісінде балалармен расталынады. 

 

Жұмыстың ІІ кезеңі 

Мақсатқа қол жеткізу (болжам – жобаның мақсаты) бойынша ісәрекеттердің бірлескен жобасы дайындалады. Алғашқыда жалпы талқылау балалар белгілі бір зат немесе құбылыс туралы білетіндігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Содан кейін жауаптарды топқа көрсету мақсатында жауаптар ватманға жазылады. Жауаптарды тіркеу үшін балаларға таныс және түсінікті шартты схемалық символдар қолданылады. Екінші сұрақ қойылады: «Біз нені білгіміз келеді?». Жауаптар қисынсыз болса да, жауаптар қайтадан тіркеледі. Әрбір баланың көзқарасына төзімділікпен қарап, балалардың жөнсіз айтқандарына әдептілік таныту маңызды. Барлық балалар өздерінің ойларын айтып болған соң, «Сұраққа жауапты қалай табу керек?» деп сұрау қажет. Осы сұраққа жауап бере отыра, балалар өздерінің жеке тәжірибелеріне сүйенеді. Міндетті түрде балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі. 

Кіші мектеп жасына дейінгі балалар үшін жетелеуші сұрақтар қолданылады; ересек мектеп жасында дейінгі балалар үшін көбірек дербестілік беріледі. Қойылған сұрақтың шешімі ретінде әртүрлі шаралар болады: кітап, энциклопедия оқу, ата-аналарға, мамандарға жүгіну, тәжірибе, тақырыптық саяхаттар жүргізу. Келіп түскен ұсыныстар тәрбиешінің дайын тақырыптық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер болып табылады. 

Жұмыстың алдын ала кейбір жоспарланған нысандарының орындарына, оқу жоспарына балалар іс-шараларын қоса алғанда жоспарлауда икемділік таныту, балалардың қызығушылықтары мен пікірлеріне өз жоспарларын бағындыра алу маңызды. Мектепке дейінгі балалық шақтың құндылығын өмір кезеңі ретінде және содан кейін болашаққа дайындық кезеңі ретінде бірінші орынға қоя отырып, бұл қабілет тәрбиешінің жоғары кәсіби шеберлілігінің, бар стереотиптен бас тартып, оның дайындығының көрсеткіші болып табылады.

 

Жұмыстың ІІІ кезеңі

Балалар зерттейді, тәжірибе жасайды, іздейді. Ойдың ізденгіштігін дамыта отырып, бала ойлауын белсендіру үшін проблемалық жағдайды, бас қатырғышты шешу ұсынылады. Бала өз бетімен тануға, түсінуге, істеп көруге, ойлап табуға болатындай жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда танымдықжобалық іс-әрекеттер бойынша бұрыштар ерекше рөл атқарады.

 

Жұмыстың IV кезеңі

Жобаның презентациясы болып табылады. Презентация балалардың жасына және жобаның тақырыптарына байланысты әртүрлі нысанда болуы мүмкін: қорытынды ойын-сабақтар, сұрақ-жауап сабақтары, тақырыптық көңіл көтеру, альбомдарды, сурет көрмелерін, шағын мұражайларды, шығармашылық өнертабыстарды, көрмелерді дайындау. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНДІРУ

 

Балалармен жұмыс жасаудың интерактивті нысандары мен әдістері 

 

1. Интерактивті оқытудың негізгі ұғымдары мен мәні

Мектепке дейінгі жас үшін маңызды іс-әрекеттердің бірі – бұл қарымқатынас. Ол тұлғаның дамуының қажетті шарты. Сондықтан педагог пен тәрбиешінің міндеті – осы іс-әрекетті арнайы ұйымдастыру, оның ішінде ынтымақтастық атмосферасын құру, балалардың бір-бірімен, балалар мен ересектің өзара сенімділігін жасау. Міндеттің шешімі педагог пен тәрбиешінің интерактивті әдістерін қолдану болып табылады. 

Интерактивті – бір нәрсемен (мәселен, компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалог, әңгімелесу тәртібінде болу немесе өзара әрекет ету қабілеттілігін білдіреді. Тәрбиеші оқыту үдерісінің ұымдастырушысы, топ көшбасшысы, мектеп жасына дейіні балалардың бастамасы үшін жағдай жасаушы рөлін атқарады. 

  Интерактивті оқыту негізіне жататын білім беру үдерісі барлық балалар таным үдерісіне тартылатындай, олар нені біледі және ойлайтындығы бойынша ұғыну және ойлау мүмкіндігі болатындай ұйымдастырылған. Таным, оқу материалдарын меңгеру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың бірлескен іс-әрекеті әрқайсысы өзінің ерекше жеке үлесін қосатынын, біліммен, идеямен, іс-әрекет тәсілдерімен алмаса жүретінін білдіреді. Игілікті және өзара қолдау атмосферасында жүреді, бұл жаңа білім алумен қатар, таным ісәрекетінің өзін дамытады, оны кооперация мен ынтымақтастықтың барынша жоғары нысандарына ауыстыруына мүмкіндік береді. 

 

2. Интерактивті оқытудың ерекшеліктері  Интерактивті оқытудың ерекшеліктері қандай?

Біріншіден, интерактивті педагогикалық өзара әрекет ету оған қатысушылардың қарым-қатынастарының қарқындылығы мен олардың коммуникациясы, іс-әрекеттерінің алмасуы мен олардың әртүрлілігі, нысандары мен тәсілдерінің жоғары деңгейлігімен сипатталады. 

Екіншіден, интерактивті оқыту балалар өзінің және өз достарының тәжірибелерімен тікелей өзара әрекет етуіне негізделген, себебі көптеген интерактивті жаттығулар баланың өзінің тәжірибесіне жүгінеді. Жаңа білім, қабілет мұндай тәжірибелерге байланысты және соның негізінде қалыптасады.

Үшіншіден, тапсырманың тек бір дұрыс жауап болуын қарастырмайды, бір басым пікірдің үстем етуіне жол берілмейді. Бала тәжірибесіне негізделетін шешімді табу үдерісі маңызды.

Төртіншіден, интерактивті оқыту үшін қатысушылардың өздерінің ісәрекеттері мен орын алған өзара әрекет етудің мақсатты рефлексиясы тән. 

Бесіншіден, интерактивті оқыту білім беру үдерісіне қатысушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекет үлгілерін өзгертуге, жетілдіруге бағытталған. 

Алтыншыдан, интерактивті оқыту барысында балалар өз пікірлерін қалыптастыруға, өз ойын дұрыс айтуға, өз көзқарасын дәлелді құруға, пікірталас жүргізуге, басқа адамды тыңдауға, балама пікірді құрметтеуге үйретеді. 

Жетіншіден, қатысушылардың диалогтық қарым-қатынас барысында сыни ойлауға, талқылауға, естіген ақпараттар мен жағдайларды талдау негізінде қарама-қайшы проблемаларды шешу қабілеті қалыптасады, олар балама пікірді өлшеуге, ойластырылған шешім қабылдауға үйренеді. Жұмысты мұндай ұйымдастыру кезінде бала өзінің пікірін, көзқарасын білдіруді, баға беруді ғана емес, «әріптестерінің» сенімді дәлелдерін естуінен кейін өз көзқарасынан бас тарта алады немесе оны едәуір өзгерте алады. 

 

3. Интерактивті оқытудың әдістері

Қазіргі таңда әдіскерлер мен педагог-практиктер оқыту үшін топпен жұмыс істеудің бірқатар нысандары мен әдістерін дайындады. Олардың ішіндегі барынша танымал әдістерге мыналар жатады:

-    case-study (нақты, практикалық жағдайдың талдауы);

-    интерактивті және рөлдік ойындар; 

-    «ми шабуылы»;

-    пікірталастар;

-    жоба әдісі;

-    ассоциация әдісі. 

Бұл нысандар/әдістер алдыңғы сабақтан немесе күнделікті тұрмыстан алынған, балаларда бастапқы түсінігі бар қандай да бір проблеманы сабақта талқылаған жағдайда тиімді болады. Сонымен қатар, талқыланатын тақырыптар өте тар ауқымда болмауы керек. 

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті қабілеттіліктерін дамыту. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының коммуникативтік құзыреттілігі 

Коммуникативтік қабілеттіліктер балаға қарым-қатынаста туындайтын әртүрлі түрдегі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді: эгоцентризмді (яғни, баланың басқа адамның позициясы мен жағдайы сәйкес келмейтінін түсіну) еңсеру, әртүрлі коммуникативтік жағдай мен олардағы әрекет ету ережелерін білу, коммуникативтік жағдайдағы өзінің мінез-құлқын барабар және шығармашылық тұрғыда құру. 

Заманауи мектепке дейінгі білім беруде коммуникативтік саланың дамуы аяқ асты орын алады, арнайы қалыптастырудың пәні болып табылмайды. Сол уақытта, қарым-қатынастың белгілі бір нысандарын құру мектепке дайындықтың қажетті алғышарты болып табылады. 

 

 

 

Ойын іс-әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті өзара әрекет етуі

Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады. Балалар ойын арқылы:

-   өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді; 

-   іс-әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;

-   конструктивті қарым-қатынас және басқа адамдармен өзара әрекет ету мектебінен өтеді.

Ойын – баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінезқұлқын басқару қабілеті, ережелер мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс-әрекетінің генетикалық сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте-бірте мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуі ойын іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі бар балалар үшін оқу іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі тән екендігін дәлелдеді. 

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жұмыс жасаудың интерактивті нысандары

(ата-аналар үшін кеңес беру бөлімдер жұмысында қолдану үшін)

Ата-аналармен жұмыс жасаудың барлық нысандары ұжымдық, индивидуалды және көрнекілік-ақпараттық болып бөлінеді. Ата-аналармен ұжымдық жұмыс жасау нысандары: ата-аналар жиналысы, конференциялар, консилиум, клубтар, зерттеу-жобалық, рөлдік, еліктеу және іскерлік ойындар (соның ішінде тренингтер), байқаулар,  сұрақтар мен жауаптар кеші. 

Жұмыстың индивидуалды нысандары: әңгімелесу, кеңес беру, сауалнама жүргізу, отбасына, үйіне бару. 

Ақпараттық: ата-аналар бұрышы, әртүрлі көрмелер (балалар жұмысы, табиғи материалдардан балалардың ата-аналарымен бірлесе жасаған жұмысы, «Балалар кітаптары», «Отбасы альбомы» және т.б.), ақпараттық қағаздар: жиналыс, саяхат туралы хабарламалар, өз еркімен көмектесушілерге алғыс хат, ата-аналар газеті, «Баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі», «Үйде оқимыз» тақырыптық қағидаты бойынша құрылған жылжымалы папка, радио-эфир. 

Қоғамдық тәрбие өзіне көптеген қызметтер мен міндеттерді алды, ол өз кезегінде балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін төмендетті. Қазіргі таңда ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру өзекті болып табылады. Педагогтың отбасыға қатысты кез келген бастамасы баланың ересектермен қарым-қатынасы мен эмоционалдық жай-күйін нығайту, сауықтыруға бағытталған. Адамзаттың тарихында өсіп келе жатқан ұрпақтың 2 тармағы қалыптасты: отбасылық және қоғамдық. Әрбір тармақ өз алдына тәрбиелеудің әлеуметтік институтын білдіреді. Тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмыс жасауда педагогтар атааналардың педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінде заманауи тәсілдерді ескеруі қажет. 

 

 

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІН ЖИНАҚТАУ

    

Инновациялық үрдістерді талдау негізінде білім беру саясатының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру құрылымына мемлекеттік талаптардың инновациялық әдістемелік әрекеттерін дамыту технологияларын жобалау және іске асыруға жаңа тәсілдер ұсынылады.

Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің даму технологиясын білім беру саласының, соның ішінде  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының жаңғыртылуымен және 2015 жылға қарай мектеп жасына дейінгі балаларды 12-жылдық оқытуға өту дайындығымен байланысты сипаттау. 

Жұмысты жүргізудің әдісі немесе әдіснамасы: педагогикалық зерттеу әдіснамасы. 

Қолдану аясы: мектепке дейінгі білім беру тәжірибесі.

Педагогикалық іс-әрекеттің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі қоғам, мәдениет пен білім берудің дамуының заманауи жағдайында бірқатар жағдайлармен айқындалады. 

Біріншіден, әлемде, елімізде орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін, әртүрлі типтегі және әртүрлі меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдіснамасы мен технологиясын түбегейлі жаңарту қажеттілігін тудырды. Педагогикалық инновацияларды жасау, меңгеру және қолданудан тұратын тәрбиешілер мен педагогтар қызметінің инновациялық бағыты қазіргі таңда білім беру саясатын жаңартудың құралы болып табылады. 

Екіншіден, 2010 жылдың 7 желтоқсанынан 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен және Мектеп жасына дейінгі – туылғаннан 6 жасқа дейінгі балаларды дамытудың мемлекеттік жалпыға бірдей стандартымен реттелетін мектепке дейінгі ұйымдар балаларды тәрбиелеу және білім беру мазмұнын ізгілендіруінің күшеюі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа ұйымдастырушылық нысандарын, технологияларын үнемі ізденісін талап етеді. Бұл жағдайда инновациялық іс-әрекеттің рөлі барынша арта түседі. 

Үшіншіден, педагогтардың педагогикалық инновацияларды меңгеру және қолдануға қарым-қатынасы өзгереді. Егер бұрын инновациялық қызмет негізінен жоғарыдан ұсынылатын жаңалықтарды қолдану болса, онда қазіргі таңда іріктемелі, зерттеу сипатына ие болуда. 

Төртіншіден, мектепке дейінгі ұйымдардың нарықтық қатынастарға кіруі, МДҰ жаңа типтерін, соның ішінде мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдарды құру бәсекеге қабілеттілікке жету мақсатында оларды дамыту және жетілдірудің шынайы жағдайын тудырады. Білім берудің инновациялық үрдістері мектепке дейінгі тәрбиеші мен педагогтардың әдістемелік қызметтеріне талаптарды барынша күшейтеді, бұл педагогтың арсеналын (мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, нысандары, құралдары) байыта түсетін әдістемелік жаңашылдықтардың бейімделуі мен өзгеруіне, мектепке дейінгі білім беру құрылымына талаптардың күшеюімен байланысты бағдарламалық материалдардың жаңа мазмұнын меңгеру және дәстүрлі тұрғыны қайта құруды білдіреді. Бұл жағдайда мектепке дейінгі білім беру педагогы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда дәстүр тасымалдаушысы бола тұрып, білім берудегі инновациялық  үдерістерді ескерумен жалпы мәдени білімін шығармашылық іске асыруы тиіс. Осыған орай, мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық әдістемелік қызметтің даму технологиясын дайындау және іс жүзінде іске  асыру мәселесі өзекті болады. 

Педагогтардың инновациялық әдістемелік қызметінің табысты дамуы үшін қолайлы жағдай жасайтын ұйымдастырушылық сипаттағы жағдайлармен айқындалады: 

а) МДҰ инновациялық тұрғыдан қарастырылады, бұл әрбір педагогтың

дәрежесін және олардың құндылық-мәндік саласының дамуын арттырады; 

б) Педагогтардың әдістемеліктен ғылыми-әдістемелік және инновациялық әдістемелік қызметке қарай өрлеуін қамтамасыз ететін инновациялық әдістемелік жұмыстар жүйесі іске асырылады; 

             в)      Педагогтардың      педагогикалық      шығармашылық      еңбектерінің

мотивациясы жасалынды; 

г) Педагогтардың инновациялық қызметтерге олардың мүмкіндіктеріне қарай белсенді қатысуын қамтамасыз ететін инновациялық құрылымдық бөлімшелерінің қызметі ұйымдастырылды. 

Бұл сипаттама мазмұнына педагогтардың инновациялық қызметке кәсіби теориялық дайындығын бағалаудың сараптамалық және диагностикалық карталары, инновациялық қызметті жүзеге асыратын педагогтардың әдістемелік құзыреттігін бағалаудың сараптамалық карталарын, педагогтардың инновацияға дайындығының деңгейлік сипаттамасы кіреді. 

Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің көрсетілген технологиясы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құрылымы мен мазмұнына 2010 жылдың 7 желтоқсанынан 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен және Мектеп жасына дейінгі – туылғаннан 6 жасқа дейінгі балаларды дамытудың мемлекеттік жалпыға бірдей стандарт талаптарын іске асыруын қамтамасыз етеді. 

 

 

 

 

 

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНУІ

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы барынша жиі қолданылатын әдістер, тәсілдер мен нысандар келесідей:

-  практикалық (ойын); 

-  эксперименттік; 

-  модельдеу; 

-  қайта жаңғырту;  - түрлендіру; - құрастыру. 

 Балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың нысаны:

-  жеке-шығармашылық іс-әрекет;

-  кіші қосымша топтағы шығармашылық іс-әрекет (3-6 адам); - оқу-ойын іс-әрекеті (танымдық ойындар, сабақтар). 

Мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалды дамытуды олардың мектепалды даярлыққа деген ортақ көзқарасын біріктіретін тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырады. Оның мәні балалардың интеллектуалдық күйзеліс пен қуану қабілетін, әрбір баланың бірегейлігін, оның тұлғасының қайталанбастығын тануда болып табылады. Ересектер бала тұлғасын құрметтей отыра, бірқатар айқын ақиқатты құрайды: бала игерудің объектісі емес, даму үдерісінде тануы керек адам болып табылады; балаларда өсу және жетілу үрдісіне тән, ішкі интуициялық ақылдылығы бар; кез келген адамда тумысынан белгісіз дүниеге қызығушылығы болады, әрбір бала – зерттеуші. 

Сөйтіп, баланың интеллектін жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларын осы дамуға тарта отырып, баланың барлық іс-әрекетін мақсатты, әрі жүйелі дамыту қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен позитивті нәтиже жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдарының, оқыту тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі мүмкін. 

Инновациялық технологиялар педагогикалық іс-әрекет үдерісінде өзінің тиімділігін дәлелдеген білім берудің прогрессивті технологиялар мен стереотиптік элементтерін үйлестіреді. Оқу-әдістемелік кешен мазмұны білім беру жүйесін жаңғыртудың ақпараттық-құқықтық негіздеріне, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы мектеп жасына дейінгі балаларды 12жылдық оқытуға көшуге дайындауға бағдарланған. 

Жетекші халықаралық тәжірибе негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға білім берудің заманауи әдістерін ендіреді. Балбөбек», «Қайнар», «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) және т.б. бағдарламалар бойынша жұмыстар табысты жүруде. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру бағдарламаларымен қатар

Монтессори технологиясы, Н. Зайцев, Ф. Фребель жүйесі бойынша Вальдорфский педагогикасы (Штайнер әдістемесі) бойынша оқу материалдары қолданылады. 

Модельдеу, жобалық-зерттеу, интеллектуалдық-ойын тәсілдері негізінде құрылған интеллектуалдық технологиялар айрықша қызығышулық тудырады. Олар интеллектуалды балаларды математикаға, мәдениетке, тілдерге, логикаға жан-жақты дамытуға бағытталған. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру әрбір баланың интеллектуалдық сұраныстарын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді. 

Оларды 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тілге, математикаға, логикаға оқытуға арналған «E-Blocks» интерактивті бағдарламасымен қамтамасыз ету. Балалардың жан-жақты дамуына, тілдерге ерте оқытуға, Қазақстан халқының мәдениеті мен ұлттық мәдениетті оқытуға бағытталған оқыту кешендерін:

-        сөйлейтін қаламы бар «Даналық әліппесі»;

-        сөйлейтін қаламы бар «ZEREK»;

-        «Интерактивті дыбыстық картасы», сонымен қатар жетекші отандық және шетелдік инновациялық әдістер мен технологияларды одан әрі тереңірек зерттеуін, бейімделген технологияларды анықтау және апробациядан өткізу, білім беруді жаңғыртумен байланысты әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес болу мақсатында оларды ендіруді қажет етеді. 

Ата-аналар үшін «Балалар ойынының тілі», «Консультативтік орындары жағдайында ата-аналарға білім беру бағдарламасы», «Тәрбиеші-гувернер бағдарламасы» және т.б. дайындалған, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісін келешекте жетілдіру көзделеді.  

Сонымен, ХХІ ғасырда білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары тәрбие мен оқытуда инновациялық қағидаттар мен тәсілдерді қолдану, білім беруді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін тереңдету, материалдық-техникалық базаны жаңарту және кеңейту, білім беру бағдарламалары мен қызметтерінің кең таңдауын қамтамасыз ету, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.                       Венгер Л.А. Педагогика способностей. – М., 1973.

 

2.                       Дуброва В.П. Организация методической работы в дошкольном учреждении. – М,.1995.

  

3.                       Михайленко Н.Я., Короткова Н.А. Ориентиры и требования к обновлению содержания.

 

4.                       Арапова-Пискарева Н.А. Современные воспитательные технологии

  

5.                       Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие -  Народное образование,1998.

 

6.                       Смирнова Е.О. Дошкольная педагогика от Фребеля до «Истоков» (Обзор педагогических систем и программ дошкольного воспитания) :Учебное пособие. – Киров , 2003.

 

7.                       Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1994

 

8.                       Езопова С.А. Предшкольное образование, или Образование детей старшего дошкольного возраста: инновации и традиции//Дошкольная педагогика.

 

9.                       Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб.

пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М., 2003

 

10.                  Использование современных информационных и коммуникационных технологий в учебном процессе: учебно-методическое пособие / Авторысоставители: Д.П. Тевс, В. Н. Подковырова, Е. И. Апольских, М. В, Афонина. – Барнаул: БГПУ, 2006.

 

11.                  Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. – М.: Школа-Пресс.

                                                                                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе............................................................................................

3

 

 Білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру 

кезеңдері........................................................................................ 

 

 

5

Тәжірибеге ендіру ........................................................................

 

22

 

Жұмыс тәжірибесін жинақтау ....................................................

 

25

 

Педагогикалық тәжірибенің қолданысқа енуі..............................

 

27

 

Қорытынды ......................................................................................

 

29

 

Әдебиеттер........................................................................................ 

 

31

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2021 1188
    • PDF 640.7 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанбекова Шолпан Галеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанбекова Шолпан Галеновна
    Оспанбекова Шолпан Галеновна
    • На сайте: 6 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7732
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методическая деятельность в дошкольном образовании

Методист дошкольной образовательной организации

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 169 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 533 человека

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии на физкультурных занятиях в ДОУ в условиях реализации ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 444 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные подходы к содержанию и организации образовательно-воспитательного процесса в условиях введения ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе