Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану

Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда

ойын элементтерін қолдану


33 «Нұрсәт» Мектепке дейінгі білім орталығының

ағылшын тілі мұғалімі Отарова С.Б.

Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы айтып бере алады. Шетел тілі ана тілімен қоса баланың сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Өз тәжірибемде жаңа тақырыпты өту барысында жаңа сөздерге көп көңіл бөліп отырамын. Сөзден сөз тіркестер құралады, одан сөйлемдер құрылады, сондықтан баланың жаңа сөзді дұрыс қабылдап, ойына сақтау барысында әр түрлі ойындар жүргіземін. Ойын баланың тілге деген қызығушылығын арттырады және баланың тілді үйренуде жақсы жетістіктерге жеткізеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында ойын арқылы олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырылады. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіге үйретеді.

Сонымен қатар балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызығырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.

Әндер, тақпақтар, санамақтар балалардың сөздік қорын молайтады. Сонымен қатар негізгі оқу іс-әрекеті болып табылатын ол-ойын. Ағылшын тілі пәнін ойын арқылы үйретуде де үлкен роль атқарады және кеңінен қолданылады.
Жан–жақты ойластырған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді (лексика, грамматика, фонетика) жеңілдетеді,есте сақтау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын балаларды шетел тілін меңгерудегі қиындықтарға дайындайды және осы қиындықтарды жеңіп шығаруға көмектеседі.

Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сондықтан

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойын баланың ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде әрбір баланың белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады.

Ойын түрлері көп. Олар: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Бұл ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде балалардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады. 

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) үстел үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар

Үстел үсті ойындары
Балалардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Топта үстел үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Лото, бинго, құрастырмалы ойындар, «Не артық?», «Пейзаж құрастыр», т.б. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданған тиімді.
Дидактикалық ойындар
Балалардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

Қозғалыс ойындары
Бұл ойындар балалардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұл ойындарды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізуге болады.

Іскерлік ойындар
Балалардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Іскерлік ойындар балалардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
Интеллектуалдық ойындар
Бұл ойындар балалардың зор белсенділігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар жатады. Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
-мектепке дейінгі ұйымдарда әр-түрлі ойындарды ойнаған бала

шығармашылыққа дайын болуы;
-ойын, оның түрі, мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы;

Ойынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысындағы басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.

Ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ойынды үйлесімді таңдау –– ағылшын тілі оқытушысының шеберлігіне байланысты. Ағылшын тілін меңгертуде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балалардың ақыл-ойын дамытудың көп тараған формалары дидактикалық ойындар олар: әртүрлі лото, доппен ойналатын ойындар, кеспе қағаздарын пайдаланатын ойындар,шаршы ойындары, сенсорлық ойындар т.б. Әсіресе допты пайдаланып ойналатын ойындарда бала өзінің назарын доптың бірқалыпты соғылуына аударады, санау дағдылары қалыптасады, ойында жеңіп шығу үшін сандардың мөлшерін жаттап алуға ынтасы оянады. Доптың ритмикалық соғылуымен бірге санау бір-бірімен тығыз байланысты көру, ұстау және қозғалу анализаторларының дамуына көмектеседі. Ойынның осы түрлері ойын материалын түрлендіруге зор мүмкіншілік береді және лексикалық материалдарды жақсы меңгеруге көмектеседі.

Ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ғана емес, тыс уақытта да ойнауға болады. Бұл балалардың демалатын уақыты. Ойынның негізгі мақсаты – сөздерді, сөйлемдерді ағылшын тілінде дұрыс айтуға балалардың тілдерін жаттықтыру.

Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы.

Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Ағылшын тілін үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.

Іс-тәжірибемде балаларға ағылшын тілін үйретуде мазмұны күрделі емес, шағын драмалық ойындарды пайдаланамын. Драмалық ойындарда балалар ертегілердегі рольдерді жаттайды және ерекше күндерге арналған ертеңгіліктерде осы рольдерді орындайды. Драмалық ойындар балалардың бейнелік сөйлеуін, мәнерлеп сөйлей білуін дамытады. Сонымен қатар көрнекілік принципіне үлкен мән беремін. Алғашқы әсер өте айрықша болу үшін ойыншықтар, суреттер, фотосуреттер, схемалар мен басқа да көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы зор.

Мектепке дейінгі балаларды шетел тілінде сөйлеуге үйрету процесінде көрнекіліктерді пайдалану - өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде нақты жағдайларына байланысты болуы тиіс. Мысалы, «Жануарлар» тақырыбын оқытқанда суреттерге қарағанда, ойыншықтарды қолданған нәтижелі болады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде техникалық құралдарды (магнитофон, DVD, CD, әртүрлі аудиотаспалар) пайдаланамын, баланың жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Жарықтық суреттердің динамикалығын, көркемділігін және айқындылығын көрсететін дыбыстық техникалық құралдар мәнерлеп айту кезінде балалардың эмоциясын тудырады, ол оқу процесіне оң әсер етеді.

Ойын арқылы баланың: 
-ой-қабілеті дамиды; 
-өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; 
-сөздік қоры баийды, тілі дамиды; 
-зейіні қалыптасады; 
-байқампаздығы артады; 
-өзара сыйластыққа үйретеді; 
-ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды; 
-ҰОІӘ-не қызығушылығы артады. 

Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын баланың есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Ағылшын тілі мұғалімінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Ойын арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.  



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Филатов В.М. Методическая типология ролевой игры//Иностранные языки в школе – 1989 г.
2. Шетел тілін оқыту әдістемесі/Методика обучения иностранных языков. Наурыз – Сәуір. №2(10)/2006 ж. 45-47 бет. 
3. Шетел тілін оқыту әдістемесі. №3(17)/2007 ж.

4.Бородулина М.К. “Шетел тілін үйрену” – М, “Просвещение”, 1975 ж 5.Бородулина М.К. “Шетел тілін үйрену” – М, “Просвещение”, 1975 ж.
6. Шетел тілін оқыту әдістемесі. №3(17)/2007 ж. 21-25, 41-44 беттер. мектепке дейінгі мекемелерде ағылшын тілін оқыту

7. Футерман З.Я. Иностранный язык в детском саду. – Киев: Ряданьска школа, 1984.





















Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров475
Номер материала ДВ-339567
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх