Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану" семинар практикум

"Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану" семинар практикум


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану»


Құрметті әріптестер, сіздердің назарларңызға «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану» атты семинар- практикумды ұсынамын.

Бала тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану аса маңызды,ТРИЗ технологиясын жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байытады,сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, тілдері ширап, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз таптарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізеді. Сондықтан да сіздер бүгінгі материалдарды өздерініңіздің балалармен өткізетін оқу іс-әрекеттеріңізде пайлануға болады.

Семинар - практикум «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану»

I.Ұйымдастыру бөлімі.

1.Тренинг «Жақсы тілектер»

II.Негізгі бөлім «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану»

  1. «Сауаттылық әлемінде»

  2. «Қарама –қайшылық әлемінде»

  3. Байланыстырып сөйлеуді дамыту «Портрет»

III. Қорытынды бөлім.Семинар-практикумға қатысушы педагогтар семинар-практикумның соңында осы семинар-практикумнан өздеріне не алғандарын,ұсыныстарын,тілектерін жазады.

Семинар-практикумның мақсаты:

Тәрбиешілерге мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолданудың маңызын түсіндіру және ТРИЗ технологиясын тәжірибеде пайдалана білуге үйрету.ТРИЗ технологиясының ойындарының түрлерін айқындап,оны ұйымдастыра білуге дағдыландыру.

Семинар –практикумға қатысушы педагогтардың әрбір дұрыс жауаптарына

hello_html_2649927f.jpg


жоғарғы баға – күн

орташа баға – гүл

төмен баға – бұлт беріледі.

Сонымен әріптестер біздің бүгінгі бірінші жұмысымыз «Сауаттылық әлемінде» деп аталады.Әрбір қатысушыларға тез ойланатын сұрақтар жазылған карточкалар үлестіріледі.

  1. «Сауаттылық әлемінде» тез ойланатын сұрақтар.

1.Сөйлемді керекті сөзді қойып аяқта.

1.1 Дыбыстарды біз (не істейміз?).... (естиміз,айтамыз)

1.2 Әріптерді біз (не істейміз?) ....(көреміз,жазамыз)

2. Сұраққа жауап бер.

2.1 Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (12)

2.2 Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?(26)

2.3Қандай дыбыстар жұмсақ болмайды? (ш,ж,ц)

2.4 Қандай әріптер дыбысталмайды? (ь,ъ)

2.5Ызыңды дыбыстарды ата? (ш,ж,щ,ч)

2. «Ұқсас сөздер» ойыны.

Тапсырма: Сын есімдерге зат есімдерді жинақта.

Тәтті сөздер – кәмпит

Тез сөздер – зымыран

Тереземен сөздер –вагон

Қышқыл сөздер –лимон!

Енді сөздерге-сөздер жинақта

Тез сөздер – (зымыран,ұшақ,жолбарыс,қыран)

Тәтті сөздер –(кәмпиттер,торт,қант)

Көңілді сөздер – (мерекелер,сыйлық,музыка,сайқымазақ)

4. «Мысық»ойыны

hello_html_10ef1367.jpg

Тапсырма: жинақтаңдар.

Мысық не істей алады?

(жүгіреді,секіреді,ұйықтайды,мяулайды,отырады,тұрады,тістейді,тырнайды, тамақ ішеді,жуынады,тышқан аулайды)

Мысық: Көбірек етістіктерге зат есімдерді жинақта.

  1. Саусақтардан - бейне

  2. Карамель кис –кис –кәмпит

  3. Ермексаздан – мүсін

  4. Қағаздан – жапсыру

  5. Резенкеден,пластмастан – ойыншық

  6. Жіптен –кестелеу

  7. Ертегіде –кейіпкер


5. «Миға шабуыл» ойыны

Тапсырма: Өз пікірлеріңізді айтыңыз.

Бұл неге бұлай болады?

-Астық жинап жатқан жұмысшы кенеттен шөпке отырды.

Бұл неге бұлай болады?(шаршады,демалды,түскі ас ішті,күннің батқынын бақылады,күрегін қайрады,телефонмен сөйлесті,машина күтті)

6. «Сөз ұшқыны» ойыны

hello_html_77f7b701.jpg

Бұл жемісті барлық бала біледі, Оны маймылдар да жақсы көреді.

Ол өзі ыстық жақтан,

Тропикада өседі ... банан



Банан: Мен туралы айтыңдар.

Мен қалай үйлерге келемін? (сатып алып,сыйлайды)

Мен қандаймын? (сары ,ұзын,жұмсақ,тәтті)

Мен не істей аламын? (өсесің,пісесің,түсесің,шірисің)

Мені не істеуге болады? (сатуға, өлшеуге жууға, кесуге,кептіруге,жеуге)

Мені кімдер жақсы көреді? (балалар,үлкендер,маймылдар,шыбындар,аралар)

Мен нені жақсы көремін? (күнді,желді,жаңбырды)

Мен нелермен доспын?(сумен,пышақпен,тарелкамен,йогуртпен,тортпен,

балмұздақпен,кәмпитпен,шырынмен)

Мен қандаймын?(дәмді,керемет)

7.«Көп мағыналы сөздер» ойыны

Тапсырма: Көп мағыналы сөздерді дәлелде.Жұлдыз,ине,резеңке,кілт.

Жұлдыз(аспан,шырша жұлдызы,теңіз жұлдызы,әнші жұлдызы)

Ине (шырша,ине,кірпі)

Резенке (өшіргіш,камера)

Кілт(машина кілті,нотаның кілті,үйдің кілті)


8.«Қарама - қайшылық әлемі»

Құрметті әріптестер біз балаларға қарама- қайшылықты үйретпес бұрын,біз өзіміз қарама -қайшылықты жақсы түсінісуіміз керек.

1.Мына қарама- қайшылықтың суреттерін сал.

Көңілді сайқымазақ- көңілсіз сайқымазақ,жас ағаш кәрі ағаш,түн –күн.

2.Қарама -қайшылықты көрсет.

Жазу-өшіру,беру-алу,амандасу –қоштасу,ұрысысу –татуласу.

3.Қарама - қайшылықты орналастыр.

Балаларға қарама- қарсы екі түс беріледі (қара-қызыл,ақ-қара) қарама- қарсы заттардың сыңарларын тауып қояды,содан соң түсіндіреді.

4.Ертегілер әлеміне саяхат қарама –қайшылық.

Ертегілер әлемінде ақкөңіл-қатыгез,ақылды-ақымақ кейіпкерлер,таза өзен-таза емес бұлақ,көңілсіз орман-көңілді алқап болады. Осындай деңгейде жұмыс жасай отырып,балалар шығармашылық міндеттерді шеше алатын болады. Мысалы: ораманды қалай көңілді,бұлақты қалай таза,қатыгезді қалай ақкөңіл жасау.

Тіл дамытудың ең күрделі жағы - байланыстырып сөйлеу.Бала еркін және дұрыс сөйлеу үшін ,біз әртүрлі тіл дамытудың әдіс-тәсілдерін қолданамыз, соның бірі «Жыл мезгілдері» суреттері.Жыл мезгілдерінің суреттері баланың әңгіме құрастырып,оны мәнерлеп жеткізуіне көмектеседі.

Біздің өмірімізде табиғатта неше түрлі өзгерістер болады.Мысалы жыл мезгілінің ауысуы.Әрбір жыл мезгілінің өзіндік суреттемесі бар.

hello_html_m5f490e8a.jpg


Мына суреттерден әр жыл мезгілдерін тауып, жыл мезгілдері туралы жұмбақтар жасырып,жыл мезгілдерін тақпақтап айтып беріңіздер.

Құрметті ұжым, міне бүгінгі семинар-практикумымыз осымен аяқталды,енді әрбір педагог өзінің жинаған бағаларының бегілерінен берілген алқапқа сурет құрастырып, қалай жұмыс істегендерін көрулеріне болады.

Семинар-практикумға қатысушы педагогтар семинар-практикумның соңында алқапқа құрастырған суреттерінің артына осы семинар-практикумнан өздеріне не алғандарын,ұсыныстарын,тілектерін жазады.





Автор
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров151
Номер материала ДБ-077943
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх