Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Мектепке дейінгі білімді жетілдірудегіқұзырлылық амалы - педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуінің негізі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мектепке дейінгі білімді жетілдірудегіқұзырлылық амалы - педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуінің негізі

библиотека
материалов

Мектепке дейінгі білімді жетілдірудегі құзырлылық амалы – педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуінің негізі

Ләззат Сақтағанова, «Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі, Арал ауданы

Еліміздің басты байлығы - адам, халыққа сапалы біліммен рухани азық беру - білім саласындағы қызметкерлердің басты міндеті. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанына биыл 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде елімізде оң өзгерістер, табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді. Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске егізіліп, қай салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді.

Білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты назарында ұстайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің «Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек» деген мақсатына еліміз биылғы жылы қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, , молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек.

Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы және уақытылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес атауы –бастауышқа дейінгі білім беру )-баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толлыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр.

Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты :мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру, түзету болса, ал атқарылатын міндеттері :

-бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;

-мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлемсімдігін қамтамасыз ету;

-баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру деңгейін –үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы-тәрбиеші.

Тәрбиеленушілерге сапалы біліммен саналы тәрбие беруші – тәрбиеші.

Ы. Алтынсарин «маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» деп бекер айтпаған. А. Байтұрсынов өзінің «мектеп керектері» деген еңбегінде былай жазған;. . . . . мұғалім қандай балса, мектеп хәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса ол мектептен балалар білімді болмақшы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі –білімді, педагогика, методикадан хабардар, жаөсы оқыта білетін мұғалім» деп жазса, ал балабақшада – тәрбиеші.

Тәрбиеші арнайы дайындығы бар және педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби айналысатын адам.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие негізінен өткен жылдарда жинақталған тәжірибеге арқа сүйейді. Бүгінгі күннің талабы баланы жан-жақты тәрбиелеу. Жаңа типті балабақшаларда оқыту мен тәрбиелеудің соңғы тәсілдерін игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік қолтаңбасы бар шығармашыл педагог тәрбиеші қажет.

Педагогика - үнемі дамып отырған ғылым, Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына негізгі мәселелерді ғылыми –теориялық, тәжірибелік жағынан талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады,

1. Педагогикалық құзырлық түсінігі

«Құзырлық» сөзі «құзыр»сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігіндегі : «құзыр(компетенция) –жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында (6 том, 96 б. ) «құзырет(компетенция)» -нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген.

Латын тілінен аударғанда «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі»деген мағынаны білдіреді.

Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой –тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады.

Енді осы ұғымдарды тереңірек талдайтын болсақ, құзырлылық- бұл адамның белгілі бір мәселелері шеше алу қабілеттілігі. Ол адамның білім –білік дағдысына орай белгілі бір нәрсеге қабілетті, сол сияқты өз қабілетіне сенімділігіне мен оны пайдалана білу деңгейіне байланысты белгілі бір мәселені шешуге мотивациясы. Маман құзырлығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол өз қызметіне ерік-күш, материал, уақыт, жүйкесияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге жете алатындығы дәлелденген қағида Яғни, педагог құзырлығы оның кәсіби қызметінің басты шарты болуы тиіс. Өзін -өзі басқару мен өзін-өзі бағалауға үйрету –біліктілік жетілдіру жүйесіндегі педагогтың кәсіби құзырын қалыптастыру, бір жағынан мұғалімнің ішкі жеке ресурстарын дамытуға бағытталса, екінші жағынан, ол мемлекет пен балабақша сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс.

Бұл жайлы Б. Тұрғынбаева «... Өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын -құзырлықтар деп атаймыз»деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша Құзырлық дегеніміз- педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы.

Қазіргі қоғамдағы педагогикалық қызмет – бұл қоғамдық құбылыс. Жаңа білімнің жинақталуы ұстаз қауымының өз қызметінің мазмұнын өмір талабына сай бейімделуін талап етеді.

Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі біріңғай әдістемелік талаптар қойылады :педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру : оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологияларын зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу: өз білімін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру ; балалар табыстары мониторингісін жасау және оны диагностика қоюдың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу ; авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру ;тәрбиешінің педагогикалық – кәсіптік оң көзқарастарының және құндылықтарының қалыптасуына жағдай туғызу.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие негізінен өткен жылдарда жинақталған тәжірибеге арқа сүйейді. Бүгінгі күннің талабы-баланы жан-жақты тәрбиелеу. Жаңа типті балабақшаларда оқыту мен тәрбиелеудің соңғы тәсілдерін игеруген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік қолтаңбасы бар шығармашыл тәрбеші болуы тиіс.

Осы аталған түйіндерден кейін балабақшада қызмет атқаратын Тәрбиешінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру үшін мынадай бағыттардың қалыптасқаны дұрыс.

  1. тәрбиешінің педагогикалық –психологиялық негізін қалыптастыру.

  2. Ақпараттық құзырлығын қалыптастыру.

  3. Ата-анамен байланыс.

  4. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

  5. Баланы тұлға ретінде тәрбиелеу шеберлігі.

  6. Тәрбиешінің педагогикалық шығармашылығы.

Осындай құзыреттіліктерді бойға сіңіруге жұмыс жасап жүрген ұжымның бірнеше жұмыстару туралы айтатын болсақ, өзім қызмет жасап жүрген Арал ауданы «Гүлдер» балабақшасы Елбасы Н. Ә Назарбаевтың « Балапан» бағдарламасы аясында салынып былтыр 2010жылы пайдалануға берілді.

Балабақшада 8 топта 150 бала тәрбиеленуде. Балабақшаның басты бағыты балаларды шынықтыру, сауықтыру салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Бұл бағытта 20 тәрбиеші бүлдіршіндермен жұмыс жасайды. Тәрбиешінің өз мамандығының сапасы, біліктілігін арттыруы психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен рөль атқарады. Жалпы балабақша мектепке дейінгі білім стандартының «Зерек бала», « Балбөбек» « Ересектер тобы « Қарлығаш» бағдарламасы аясында жұмыс жасауда. Тәрбиешінің әрбір күнгі оқу іс әрекетінің сәтті өткізу, бала бойына сіңіру оның тәтижесін көру тәрбиеші жұмысының айнасы болмақ. Күнделікті оқу іс әрекетінің нәтижесі индикаторлармен бағаланып отырады. Индикаторлор педагогтарға жетістіктер мониторингін жүргізуге, баланың жеке даму жоспарын құруға мүмкіндік береді. Тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өздерінің білімдерін, біліктіліктерін барынша жаңа заман талабына сай пайдаланып жүргізіледі. Барлық балалармен сауықтыру шаралары жүргізіледі. Айта кететін мәселенің бірі - тәрбиешінің ақпараттық құзырлығы.

Ақпараттық қарым – қатынас технологиясын игеру әр кадрдан талап етіледі. Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу үшін династикалық оқыту, мультимедиалық электрондық проблемаларды меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Әсіресе, әрбір тәрбиеші, өзінің электрондық әдістемелік жүйесін құруға ұмтылуы тиіс. Жалпы балабақшаның тәрбиешілері балалармен жұмысты қызықтыра түсуі үшін педгогтардың 70 пайызы интернет арқылы жинақтап алады.

Ата-аналармен жұмыс. әр топта ата-аналар бұрышы жасалып, ата –аналар құқықтары мен міндеттерімен таныстырылды. Ай сайын жоспарлы түрде ата-аналар жиналысы өтіп тұрды. Ашық есік күндері ұйымдастырылып, ата-аналар іс-әрекеті ұйымдастырылады. Ата-ана, балабақша, бала бір-бірінен ажыратылмайтын дүние. Ата-анамен балабақша тәрбиешісі арасында үлкен сабақтастық болған жағдайда ғана тәрбиеші өзі көздеген мақсатқа қол жеткізеді. Соның айғағы ретінде 7 мамыр отан қорғаушылар күніне арналған сегіз топтан сегіз отбасылық топ «әке –алтын дінгек» атты, «әкем, шешем және мен», »аналар мерекесіне арнап «Әжем бол деп әдепті, жамандықтан жирентті»атты әжелер сайысы өткізілді. Ата-аналар осы сайыстарды, балабақша екен деп қарамай, үлкен жауапкершілікпен жан –жақты дайындықпен келіп, өз баласы тәрбиеленіп жатқан топтың намысын ата-аналық мейіріммен қорғап шықты. Ата-аналар балабақша жұмысына өз ризашылықтарын білдіріп, Аудандық Толқын газетінің бетіне мақалалар шығарды. Бұл жұмыстың түрі тәрбиешінің баланы тұлға ретінде тәрбиелеуге септігін тигізеді. Сондай –ақ 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты өткен «Тіл болашағы балабақшадан»атты балалар арасында өткен жарыста «Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиеленуші Нышанәлиева Азиза 1- жүлделіорынды жеңіп алса, осы мерекеде «Менің Қазақстаным» атты аудандық «Жас суретшілер»байқауына балабақша тәрбиеленушісі Сматов Рахим қатысып алғыс хатпен марапатталды.

Биылғы жылы балаларымызда аудандық іс шараларға белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, мамыр айында өткен Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Айгөлек» балалар фестивалінде балабақшамыздың «Жұлдыз», «Балауса» ересек топтардан құрылған «Бөбек»тобы 2- орынды жеңіп алса, осы байқауда белсенді қатысқаны үшін Омарова Жарқынай мен Ақберген Шынсұлтан арнайы сыйлықтармен марапаттарды иеленді.

Биылғы оқу жылында балабақшадан 25 бала мектепке шығарылып салынды. Балалардың еңбек әрекетінің түрлерін, бала қабілетін, іскерлігін анықтау үшін мониторинг жүргізіліп көрсеткіштері ата-ана қолына таратылып берілді. Сонымен қоса әр баланың жеке портфолиосы да жасалып берілді.

Балабақшаның мақтаналарлық игі істері ұжымның шығармашылықпен жұмыс жасаудың арқасы.

Балабақшаның жетістіктері мен мақтанышына тоқтала кетсек, облыстық білім басқармасының бастамасымен өткен «Үздік тәрбиеші-2010» облыстық балабақша тәрбиешілері арасында өткізген сайысында бас жүлдені балабақшамыздың тәрбиешісі А. Құрманқұлова жеңіп алды.

Балабақша қызметкерлері бала тәрбиелеумен қатар, аудандық сайыстарға қатысып, алдыңғы қатардан көрініп отырды. Атап айтар болсақ 8 наурыз мерекесіне орай наурыз айында «Ай дидарлы арулар»атты қыз келіншектер сайысына қатысып халықтың көңілінен шыға білген балабақша тәрбиешісі Баймырзаева Нұргүл бас жүлдені жеңіп алды. Сәуір айында өткен «Арал аруы-2011»байқауында І-орын иеленді.

Тәрбиеші қашанда білім беруден жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекқор әрі парасатты адам болғаны жөн. Өйткені, өз ісіне берілген, асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Сондықтан мұғалім шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамытып, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп, қалыптастыруға жағдайлар жасап, олармен жүйелі жұмыс жасау керек. Ол үшін біздің тәрбиешілердің әрқайсысында мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарының өзектілігіне қарай іріктеп алынған тақырыптың аясында өзара пікір алмасу арқылы тұжырымдалған жұмыс формасы арқылы өздігінен білім-білік деңгейлерін көтеріп отырады.

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай саладада болсада маманның білім жетілдрудегі құзырлылық амалы яғни өз саласы бойынша ой пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына биімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілігіне сай толықтырып отыруды талап етеді.

Жоғарыда айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, тәрбиешінің құзырлық амалы бір сөзбен айтқанда тәрбиешілердің жинақталған білім мен біліктіліктіпайдалана алуы оның кәсіби тұлғалы өсуінің негізі болмақ.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров481
Номер материала ДВ-070481
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх