Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыМектепке дейінгі даярлық тобына арналған "Ормандағы ғажайып Жаңа жыл" атты ертеңгілік

Мектепке дейінгі даярлық тобына арналған "Ормандағы ғажайып Жаңа жыл" атты ертеңгілік

Скачать материал

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Құрық селосы «Болашақ» мектепке дейінгі

қазақ гимназиясының тәрбиешісі

Шаухаева Гульмира Каржаубаевна

 

 

 

"Ормандағы ғажайып Жаңа Жыл"

 

            Ақшақар: Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

      Бүгінгі Жаңа Жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. Байқаймын балалар кешігіп жатырған секілді. Мен оларды Ормандағы  ғажайып Жаңа Жылға шақырып едім.

Сол кезде телефон шырылдайды.

Ақшақар: Алло, бұл кім?

(Телефонның ар жағынан дауыс естіледі)

- Алло, Бұл "Ақыл" тобы. Біз есікті аша алмай тұрмыз, есік тек ғажайып шырша ғана аша алады.

Ақшақар: Ол қалай?

- Шырша түбінде ата-аналарға арналған сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап берсе ғана есік ашылады.Тездетіңіздерші біз мерекені бастауға асығып тұрмыз.

Ақшақар: Жарайды, жарайды.

Ендеше шырша түбіндегі сұрақтарды алайын. Бұл жерде үш сұрақ бар екен.Ортаға 3 ата-ана шыға қойсын.

1. Сіз Жаңа жылға Аяз-атадан қандай сыйлық алғыңыз келеді?

2. Жаңа жылға арналған қандай тақпақ білесіз?

3. Қандай жаңа жылдық ән білесіз, бір шумағын айтып беріңіз.

 Есік ашылып, балалар ішке кіреді.

Қане, балаларымызды қошеметпен қарсы алайық.

Балалар, шыршаны айнала тұрайық.  Ормандағы ғажайып Жаңа Жыл мерекесіне қош келдіңіздер балалар. Бүгінгі мерекені әннен бастайық.

Ән "Шырша жыры"

 

Ақшақар: Өте жақсы . Балалар, орнымызға отырайық.

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын, - деп балалардың тақпағын қабыл алыңыздар.

Ақшақар: Өте жақсы. Балалар, Жаңа Жыл мерекесіне кім жетіспейді? Олай болса Аяз атаны ортаға шақырайық. Аяз Ата 3рет

Аяз ата кіреді: Амансыз ба, ұлдарым,

                            Амансыз ба, қыздарым.

                            Қандай жарқын жүздерің,

                            Қандай әсем жырларың.

                            Асулармен алысқан, асау желмен жарысқан,

                             Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Аяз ата отырыңыз. Ал балалар, сіздер Аяз атамызға арнап тақпақ айтыңыз

Ақшақар: Өте жақсы балалар.

Тақпақ айтылғаннан кейін жарық сөніп жанып қарақшылар кіреді.

1 Қарақшы: Аха, сендер Аяз атаны бізден бұрын шақырып Жаңа жыл тойлағыларың келе ме?

2 Қарақшы: Олай болмайды. Біз Аяз атаны алып кетеміз. Байлаңдар Аяз атаны.


3 қарақшы: Аяз атамен бірге жаңа жылды ең бірінші болып біз тойлаймыз, сендер емес.
Қарақшылар аяз атаны сыйлық қапшығымен бірге алып кетеді. Ақшақар жылап қалады.

 

Ақшақар: Енді не істейміз? Аяз атасыз жаңа жыл бола ма?

Қасқыр мен қызыл телпек кіреді.

Қасқыр: Саламатсыздар ма, Бұл кім жылап отырған?

Қызыл телпек: Ақшақар ғой жылап отырған.

Қасқыр: Ақшақар, сен неге жылап отырсың?

Ақшақар: Біз Жаңа жыл мерекесін тойлап бастағанда қарақшылар келіп Аяз атамызды алып кетті. Енді не істейміз?

Қасқыр: Ақшақар сен мұңайма, мен қарақшыларды тауып сазайларын беріп, аяз атаны тауып әкелемін.

Ақшақар: Рас па, көп көп рахмет саған қасқыр. Ең алдымен балалармен бірге ән айтайық көңіл көтеріп. келісесің бе, қасқыр?

Қасқыр мен қызыл телпек: Жарайды, қандай ән айтамыз?

Ақшақар:  "Жасыл шырша жанында" деген ән. Қане бәріміз шыршаны айналып ән айтайық.

Қасқыр: әнді жақсы айтады екенсіңдер. мен аяз атаны алып келейін. (шығып кетеді)

Ақшақар: Балалар, қызыл телпекке арнап тақпақ айтайық.

Түлкі мен бауырсақ кіреді.

Түлкі: Саламатсыздар ма, балалар. сендер неге Жаңа жылды Аяз атасыз өткізіп жатырсыңдар?

Бауырсақ: Аяз атаны шақырған жоқсыздар ма?

Ақшақар: Шақырдық. Аяз атамыз келіп еді, бірақ қарақшылар алып кетті.

Түлкі: Мен Аяз атаны тауып әкелемін. Менің қулығыма барлығы алданып қалады, сол секілді қарақшылардыда алдаймын. Ол үшін маған күш қуат беретін қандай өнерлерің бар?

Ақшақар: Түлкі бауырсақ екеуіңіз біздің балаларымыздың көрінісін тамашалаңыз. Көрініс "Өгей шеше мен қыз"

Түлкі: Бауырсақ екеумізге балалардың көрінісі ұнады, солай ғой, бауырсақ?

Бауырсақ: иа, ұнады.

Түлкі: Ендеше қарақшыларды қулығыма түсіруге кеттім.

Ақшақар: Сен, бауырсақ, төрлет. Балалар саған арнап жаңа жылдық тақпақ айтсын.

Ақшақар: Сонда да аяз атаның жоқтығы білініп тұр, Аяз атамыз табылса екен.

Осы кезде Аю мен Маша кіреді.

Аю:  Саламатсыздар ма, балалар. Бұл не деген сөздер? Аяз аталарың  қайда?

Ақшақар: Аяз атамызды қарақшылар ұрлап алып кетті.

Маша: Көңіліңізді түсірмеңіз, Ақшақар. Аю досым Аяз атаны тауып әкеледі.

Аю: Иә, мен Аяз атаны тауып акелемін.

Ақшақар: Рахмет, саған Аю. Маша екеуіңіз балалардың биін тамашалаңыз.

Ер балалрдың  "Сайқымазақ" биін тамашалаңыздар.

 

Аю: Балалар сендердің билеріңіз ұнады, жақсы билейді екенсіңдер. Мен аяз атаны іздеп тауып әкелейін.

Ақшақар: Рахмет саған Аю, жолыңыз болсын. тездетіп Аяз атаны тауып акеліңіз.

Ақшақар: Біздің Аяз атамыз қашан келеді екен?

Қызыл телпек: Қарақшыларды кім тоқтата алады Мыстан ба?

Ақшақар: Жоқ

Бауырсақ: Сиқыршы ма?

Ақшақар: Жоқ

Маша: Айдаһар ма?

Ақшақар: Жоқ

Осы кезде Орман иесінің дауысы шығады: Бұл не болғаны, мен орман иесімін. Қарақшылар осы орманның мазасын алды ғой. Мен оларды Орманнан қуып шығамын.

Осы кезде Қасқыр, Түлкі, Аю қарақшыларды ұстап ішке кіреді.

Қарақшылар: Кешіріңіздер біздерді. бізден бір білместік кетті. Біздің барар жеріміз жоқ. Орманнан қумаңыз.

Қасқыр, Түлкі, Аю: Балалар қарақшыларға кешірім береміз бе?

Қарақшылар: Рахмет сіздерге, сау болыңыздар.

Үш бұғымен Аз ата кіреді.

Аяз-ата: Сіздерге көп көп рахмет. Мен шаршап келдім демалып отырайын.

Ақшақар: Аяз ата аман сау келгеніңізге қуанып тұрмын балаларда қуанышты, солай ғой балалар.

Балалар: Иә.

Ақшақар: Балалар, Аяз атамыз шаршап келіпті қане  атамызға арнап тақпақ айтайық шаршағаны басылсын.

 

Ақшақар: Балалар, біздің шыршамызға не жетіспейді? Аяз Ата қане сиқырыңызбен Шыршаны жағайық.

Аяз ата: Балалар бірінші ән айтсын, сосын жағамын.

Ақшақар: Олай болса балалар Аяз атамызбен, келген қонақтармен ән айтайық.Ән "Қуант, бізді, таңырқат"

Ақшақар: Қандай әдемі біздің шырша. Қане қыздар шыршаға арнап би билейік. Би "Ақшақар"

Қасқыр, Түлкі, Аю: Балалар, ойын ойнаймыз ба? Ойын

Қой жылы кіреді:  Бір жыл бойы сендермен,

                                   Бірге жүріп ойнадым.

                                   Енді міне балалар,

                                   Кезек келді қоштасар.

Аяз ата: ескі жыл саған көп көп рахмет. Қой жылы баршамызға жақсы жыл болды.

Осы кезде сағат соғылады.

Жаңа Жыл Мешін жылы кіреді: Қуанатын шақ болсын,

                                                            Достарымыз ақ болсын.

                                                            Бізге келген жаңа жыл,

                                                            Құт береке бақ болсын!

 

Ақшақар: Қош келдіңіз Жаңа жыл Мешін жылы. Балалар Жаңа мешін жылымен бірге ән айтайық. Ән "Жаңа жыл"

 

"Көңілді би"

 

Аяз Ата: Жаңа жыл арамызға келіп, көңілім шаттанып қалды. Балалар, сендерде шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер, мен сендерге акелеген сыйлығымды берейін.

Ақшақар: Баршамызға Жаңа жылымыз құтты болсын!

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепке дейінгі даярлық тобына арналған "Ормандағы ғажайып Жаңа жыл" атты ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2016 1028
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаухаева Гульмира Каржаубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7476
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные подходы к содержанию и организации образовательно-воспитательного процесса в условиях введения ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для дошкольников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 959 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек