Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗІНДЕГІ ОЙЫН-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗІНДЕГІ ОЙЫН-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІ

библиотека
материалов

Мектепке дейінгі кезіндегі ойын-зерттеу әрекеті

Балалардың мектепке дейінгі жаста әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге ұмтылысы, қоршаған ортаны танып білуге деген талпынысы, бақылау жасауға , өздігінен ізденуге әрекет етуі табиғи қалыпты жағдай. Әрбір дені сау бала туылғаннан әр нәрсені «зерттеп» білуге, ізденушілік белсенділігі басым болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсінуді, қоршаған ортаны танып-білуді қалайды. Осындай ішкі ынта-ықылас зерттеу.

Жасауға түрткі болып, баланың психикалық және өзіндік дербес дамуына жағдай жасайды. Балалардың өздігінен зерттеу жасай отырып алғанбілімдері репродуктивті тұрғыда алған білімдеріне қарағанда берік болады. Бірақ ол өте қарапайым және күтпеген жерден орындалатын болғандықтан, оны білім беруде қолдануға болмайды, тек баланың өзінің дамуындағы жетістіктер үшін пайдаланылады. Баланың зерттеу қабілеттерін дамуы бүгінгі білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл міндеттерді шешу, әрбір педогогикалық міндеттерді шешу тәрізді педогогикалық мәселенің жалпы контексінде қарастырылуы қажет. Сондықтан , зерттеу әдістерін нақтылап алу үшін оқытудың біртұтас әдістерін еске түсірудің бастаймыз.

ХХ ғасырдың 70-жылдары белгілі ғалымдар М.Н.Скаткин және И.Я.Лернер оқу әдістерін екі топқа бөлуді ұсынған: репродуктивті және продуктивті (өнімді). Аталған топтарға сәйкес оқытудың негізгі бес әдіс-тәсілдері белгіленген. Олар: түсіндірмелі-көрнекі; репродуктивті ; проблемалы баяндау; жекелей іздену; зертеу жасау (байқап көру, бақылап жасау). Автор бұл әдістердің алғашқы екі түрін репродуктивті, ал соңғы екі түрін продуктивті әдістер қатарына жатқызды. Ал, проблемалық баяндауды аралық топ деп есептейді.

Бұл әдістердің бірінші тобында, балалар алған дайын білімдерін пайдаланады немесе өдеріне таныс іс-әрекет барысында жүзеге асырады.

Әдістердің екінші тобында, балалар ойын-зерттеу жұмыстары барысында шығармашылықпен өздігінен дербес әрекет етіп, жаңа білімдер алады.

Репродуктивті әдістер – түсіндірмелі- көрнекі әдіс. Бұл әдісте, тәрбиеші немесе ата-ана дайын ақпараттарды көрнекі құралдар арқылы балаға хабарлайды. Мұндай әдіс- тәсілдердетәжірибелік іскерлік дағдылары қалыптастыруға толық жағдай жасалмайды. Репродуктивті әдістің бұл түрі-балаларға келесідегідей қадам жасауға жол ашады. Онда ұсынылған үлгі арқылы балалардың іскерлік , білім, білік дағдыларын қалыптастыруға жаттығу жасалады. Қазіргі кезеңде репродуктивті, яғни дәстүрлі әдіске көптеген ғалымдар және тәжірибелі мамандар қарсылық білдіруде. Бұл сындарды әділ деп бағалағанмен , бірақ та, білім беру тәжірибесінде продуктивті әдісті енгізу маңызды болғанмен, репродуктивті әдісті керек емес деп қарастыруға болмайды.

Біріншіден,өсіп келе жатқан ұрпақ үшін, адамзат талдап қорытқан және жүйеге келтірілген тәжірибелі тәсілдер ескерілуі керек. Білім беру тәжірибесінде әрбір баланың жаңалық ашуы міндетті емес.

Екіншіден, зерттеу әдісі репродуктивті әдістің негізінде білім алуға тиімді ықпал етеді. Балалар зерттейтін проблемалардың аясы кеңейтілген, балалардың зерттеу кезендерінің продуктивті әдістері мен оқу тәсілдерін қолайлы қолдана отырып терең үңілеміз.

Үшіншіден, зерттеу әдістерін қолдана отырып алынған білім тіпті «субъективті жаңаны ашу» жағдайында балалардың шығарамашылық қабілеттерді талап етеді. Балаларда шығармашлық қабілеттер жоғары деңгейде бола алмайды. Қаншама адамдардың басына алма құласа да, тек жалғыз Ньютон ғана қарапайым тәжірибе арқылы физикалық заңды тұжырымдады емес пе, ендеше балаға жас ерекшелігінен тыс жоғары талап қою қажет емес.

Продуктивті әдістер- жекелей іздену (Эвристикалық) әдісі.
Тәрбиелеу мен білім беру теориясында жекелей іздену әдісі немесе эвристикалық әдіс алғашқы кезең болып қарастырылғанымен, бірақ алдын ала зерттеу әдісі қолданылады. Немқұрайлы көзқарас тұрғысынан бұл әділ , бірақ нақты білім тәжірибесінде жүйеліктің тиісті сақталуы керек деп ойлауға болмайды: алдымен жекелей іздену әдісі, одан кейін зерттеу әдісі қолданылады. Зерттеу әдісінің негізін оқу нұсқасына қарағанда , жекелей іздену әдісін оқыту барысында балаға жоғары ойлау қабілеттерінің ауыртпалығы түседі.

Жекелей іздену әдісінде қиын тапсырмаларды шешу ұйғарылды:

  • Проблемаларды көріп және сұрақтар қоя білу;

  • Өз дәлелдерін айта білу;

  • Өз ұсынған фактілерден қорытынды шығару;

  • Жоспар құрып , тексеріп , болжам айта білу;

Жекелей іздену –іздену әдісінің ерекшелігі- күрделі тапсырмаларды қарапайым тапсырмаларға бөлшектеу , эвристикалық әнгемелесуді қалыптастыру , бұл эвристикалық әнгімелесуді қалыптастыру, бұл эвристикалық әңгімелер бір-бірімен байланысты сұрақтардан тұрады, оның әрқайсысы жалпы проблемаларды шешудің қадамдары болып табылады және тек қана білімді шыңдап қоймай , ізденушілікті талап етеді. Зерттеу элементтерінің толық көлемі зерттеу әдісінде көрсетілген. Зерттеу әдісін іс-әрекет барысындағы бала танымның негізгі жолдары деп қарастыруға болады.

Зерттеу әдісі – баланың өзінің шығармашылық зерттеу ізденісінің арқасындағы танымдылық жолы. Оның негізгі құраушылары – проблемаларды айқындау , болжам жасау және қалыптастыру , бақылау , тәжірибе, эксперимент және осылардың негізінде пайымдау мен қорытынды жасау. Зерттеу әдісіндегі қиын әдістерді оқыту мен қолдану ақиқатпен қорытындыға сүйенеді.

Мектепалды тобында зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері. Мектеп жасына дейінгі кезендегі зерттеу, үлкендердің жүргізген зерттеулері сияқты келесі кезендерден тұрады:

  • Зерттеу тақырыбын таңдау ;

  • Пікірлерді іздеу және мүмкін нұсқаларды шешу;

  • Ақпараттарды жинау;

Оларды талдап қорыту.

  • Зерттеу кезіндегі ақпараттарды қорғауға дайындалу (хабарлау, әңгімелеу, көрнекілік, макет және т.б.).

  • «Дербес ойлану»

  • «Басқа адамдардан сұраймыз».

  • «Кітаптардан қараймыз»

  • «Теледидардан қараймыз» (бейне таспадан қарау)

  • «Эксперимент жасау»

  • «Компьютерден ақпарат алуға болады».

  • Бақылау жаса, байқап қара.

Бақылап жасау жаңа білімді алудың ең қызықты және лайықты әдісі. Бақылауға арналған әр түрлі құралдарды пайдалануға болады : лупа, бинокль, телескоп, микроскоп, түнде көретін құралдар, т.б. Дыбысты ажырататын құралдарды пайдалануға болады.

Бақылау жасауда қандай құралдарды пайдаланатыныңды ойланып ал.

  • «Телефон арқылы достарыңнан, таныстарыңнан, туыстарыңнан сұрап біл».

Әдістердің алынуы нақты мүмкіншіліктер болса , анағұрлым зерттеу жұмысы қызықты болады.

Тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқау. Біздің біліміміздің қайнар көзі болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде ойын – зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың мектепке дейінгі ұйымдарда толық жетілдіру мақсатымен жалпы ережелер түрлері анықталды . тәрбиеші ережелерді толық зерттеу жұмысында пайдаланса барлық тапсырмаларды табысты шеше алады. Ең бастысы, бұл жұмысты орындауға шығармашылық ізденіс керек.

Ол үшін:

  • Істі орындауда балалардың өздері дербес әрекет етуіне жағдай жасаңыз, тәуелсіз болуға және тікелей нұсқау беруден аулақ болыңыз;

  • Баланың ынта-ықыласын жойып алмаңыз;

  • Өздері жасай алатын жұмыс жасау үшін, сіз жасап беруге ұмытылмаңыз;

  • Бағалау, пайымдау ойларыңызды айтуға асықпаңыз;

  • Білімді меңгеру процесін басқаруда балаларға көмек жасаңыз;

  • Оқиғалардың,құбылыстардың заттар аралығындағы байланысын бақылап отыру;

  • Зерттеу кезіндегі проблемаларды шешуде дербес шешім қабылдауын қалыптастыру;

  • Ақпараттарды талдауда ой қорыту негізінде жинақтау, қарама-қарсы логикалық ойларды топтастыра білуге назар аудару.

Жадыңызға сақтаңыз , бұл педогогикалық технологияны барлық пәндерге пайдалануымызға болады. Баланың тілін дамытуда, ой-өрісін , сыни ойлануына , шығармашылық дамуына әр түрлі мәселелерді шешуде белсенді болуға үйретеді. Балалар жеке жұмыс істей алатынын естен шығармау қажет. Шығармашылық , психологиялық тұрғыдан жұппен және үш адамдық топпен жұмыс жасауда да өте пайдалы. Бұл жағдайдың өзіндік қиындықтары бар, бірақ біз тәрбиелеудің басқа қосымша мүмкіндіктеріне жол аша аламыз.

Баланың балабақшадағы зерттеу тәжірибесі. Мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибесі- ол айналамен танысудың тағы бір жолы. Оның оқытудың жай ғана бір түрі деп қарастырмай, тәрбиелеу мен білім берудің барынша жақын негізгі жолы деп қарастыруымыз керек. Жоғарыда айтылған ұжымдық жұмыстар балалардың тәжірибе алуына мүмкіндік жасайды. Бұл сабақтарда баланың зерттеу белсенділігіне шек қоюға болмайды.

Жалпы әдістемелік кеңестер. Зерттеуді оқыту арнайы әрекеттүрінде болуы мүмкін. Мысалы, арнайы сабақтар , балабақшадағы қарапайым және дәстүрлі әрекеттер түрінде. Балалар зерттеуінің тақырыптары қандай болуы мүмкін?

Зерттеу жұмыстарының тақырытары үш негізгі топқа біріктіруге болады.

Фантастикалық тақырыптар- фантастикалық құбылыстарды өңдеуге бағытталған. Мысалы , бала ғарыш кемесінің жобасын жасайды немесе сиқырлы машина жасайды. Мұның бәрі ауызша түрде айтылуы, бірақ техникалық сурет немесе макет түрінде болуы мүмкін.

Эпирикалық тақырытар- өздері бақылаған немесе тәжірибеден алған тақырытар. Әлем туралы және тағы да басқа өздерінің зерттелген тақырыптарға арналған тәжірибелері мен бақылаулары зерттеу мақсатындағы ең бағалысы болып табылады. Бұл зерттеулер үлкен тақырыпты талап етеді. Балалардың зерттеу тәжірибесіне барлық өмірде кездесетін зерттелетін заттар: адам, үй жануарлары , табиғат құбылыстары, әр түрлі жансыз заттар, жалпы айналаны қоршаған заттардың барлығын зерттеуге болады.
Теориялық тақырыптар- әр түрлі теориялық дерек көздеріндегі материалдар мен фактілерді талдап қорытуға бағытталған. Бұл ақпараттарды басқа адамдардан сұрауға немесе фильмдерден, кітаптардан алуға болады.

Қазіргі таңда әр жастағы балаларға көптеген қызықты энциклопедиалар мен анықтамалар басылып шығуда. Осы кітаптар мектеп жасына дейінгі балалар шығуда. Осы кітаптар мектеп жасына дейінгі балалар мен теориялық зерттеулер жүргізуге ыңғайлы. Мысалы тұқымдарының тобы туралы, өткен ғасырлардағы желкенді кемелердің құрылғылары жайлы немесе музыкалық аспаптардың тарихи, т.б. ақпараттарды талдап, қорытқанан кейін , оны құрбыларына талқылауға ұсынуға болады. Әдетте теориялық тақырыптарды өңдеуді мектеп жасына дейінгі дарынды балалар категориясы ғана жақсы көреді. Бірақ барлық балалар эмпирикалық зерттеулерді үлкен ынтамен өткізеді және де көбі қызықты қиялдар арқылы ерекше ойларды іске асырады.

Тақырыпты таңдау ережесі.

Тақырып таңдау баланы қызықтырып , елітіп әкету тиіс.

Зерттеу жұмысы, басқа шығармашылық сияқты ерікті негізде жүргізілсе ғана нәтиже береді. Зерттеу оъектісі қызықты болған кезде ғана туындайды. Егер тақырыпты балаға өз қалауынан тыс берсе , ол қызықты болып тұрса да ешқандай нәтиже бермейді. Тақырыпты таңдаудан бұрын баланың қай салаға бейім екенін біліп алу керек. Ести білу, түсіну, сезіну- күрделі, бірақ шешуге болатын педогогикалық тапсырма.

Тақырып орындалатын болу керек, зерттеуге қатысушыларға нақты пайда әкелу керек. Баланы осы ойға әкелу арқылы өзін зерттеуші сияқты жұмысқа барынша енгізу, өзін-өзі ортаға көрсете білу, жаңа пайдалы білім, іскерліктер және дағдылар алу- күрделі, бірақ шешімсіз бұл жұмыс өз мәнін жоғалтады. Бір қарағанда бұл бірінші ережеге қарсы келеді деп тұжырымдауға болады. Негізінде қазір әр бала үшін ол-нәтиже. Педагогикалық өнердің өзі- дұрыс таңдау жасатып, бала ол таңдау өзінікі д еп білу.

Тақырып түпнұсқасы болуы қажет, онда ерекше , күтпеген элементтер байқалуы тиіс. Зерттеу іс-әрекеті тану , таңғалудан басталады, адамдар күтпеген нәрселерге таңғалады. Осы жағдайдағы түпнұсқалықты – ерекше қабілет ретінде түсіну қажет, бірақ сонымен қатар дәстүрлі заттар мен құбылыстарға басқаша қарау қабілеті. Бұл ереже шығармашылық адам мінез құлқының дамуына және проблемаларды көру шеберлігіне бағытталған. Өнерпаз адам шығармашылық қабілеті дамымаған адамнан жақсы танымал заттар мен құбылыстарға деген ерекше көзқарас қабілеті арқылы ерекшеленеді.

Жұмыс салыстырмалы тұрғыдан жылдам орындалуы үшін тақырып соған сай болуы қажет. Өзінің назарына объекті ұзақ уақыт бойы мақсатқа сай бір бағытта жұмыс істеу, мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының өзінде төмендеу болады. Сондықтан, көбінесе басталған істің аяғына дейін орындалмай қалғанын байқаймыз (сурет, құрау және т.б.) . Зерттеуді бір мезетте жүргізу өте қиын. Бала табиғаттағы осы ерекшелікті ескере отырып бірінші зерттеу тәжірибесінөткізгенде ұзақ уақытты талап етпеу қажет. Сонымен қатар тақырыпты таңдауда мыналарды ескеру қажет:

Шешім қабылдауда мүмкіндік деңгейі. Әрине, проблема балалардың жас ерекшелігіне тиісті талапқа сай болуы қажет. Бұл позиция тек қана проблема таңдауда ғана емес, жеткізу деңгейіне де байланысты. Материалды таңдау мен қалыптастырудағы шешімге де байланысты. Сол бір проблема әр жастағы балаалрда, әр оқыту кезеңдерінде әр қалай шешілуі мүмкін.

Ұсыеыстар мен мүмкіншіліктер. Проблеманы таңдай отырып, оны шешуге қажетті материалдар мен құралдар болуын ескеру қажет. «Зерттеу базасына» қажетті әдебиеттердің болмауы, әдетте дұрыс емес шешімдерге әкеліп соғады. Дұрыс емес шешімдер «бос әурешілік» тудырады. Ал бұл іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыруға көмектеспейді, керісінше шығармашылық ойлаудың дамуына қарама-қарсы әсер етеді, осы ойлар дәлелді зерттеулер мен сенімді білімдерге негізделінген болуы шарт. Балабақшадағы ойын – зерттеу іс-әрекетіне басшылық жасауда. А.И.Савенковтың «Методика проведения учебных исследований в детском саду» атты еңбегін басшылыққа алу ұсынылады.

http://erketaichrom.kz/images/list.png




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Балалардың мектепке дейінгі жаста әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге ұмтылысы, қоршаған ортаны танып білуге деген талпынысы, бақылау жасауға , өздігінен ізденуге әрекет етуі табиғи қалыпты жағдай. Әрбір дені сау бала туылғаннан әр нәрсені «зерттеп» білуге, ізденушілік белсенділігі басым болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсінуді, қоршаған ортаны танып-білуді қалайды. Осындай ішкі ынта-ықылас зерттеу.

Жасауға түрткі болып, баланың психикалық және өзіндік дербес дамуына жағдай жасайды. Балалардың өздігінен зерттеу жасай отырып алғанбілімдері репродуктивті тұрғыда алған білімдеріне қарағанда берік болады. Бірақ ол өте қарапайым және күтпеген жерден орындалатын болғандықтан, оны білім беруде қолдануға болмайды, тек баланың өзінің дамуындағы жетістіктер үшін пайдаланылады. Баланың зерттеу қабілеттерін дамуы бүгінгі білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл міндеттерді шешу, әрбір педогогикалық міндеттерді шешу тәрізді педогогикалық мәселенің жалпы контексінде қарастырылуы қажет. Сондықтан , зерттеу әдістерін нақтылап алу үшін оқытудың біртұтас әдістерін еске түсірудің бастаймыз.

Автор
Дата добавления 10.07.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров708
Номер материала 316291
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх