Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған ертеңгілік сценарийі. Тақырыбы: "Наурыз-жыл басы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған ертеңгілік сценарийі. Тақырыбы: "Наурыз-жыл басы"

библиотека
материалов

Тақырыбы: "Наурыз- жыл басы!"

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.

Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қаблеттерін дамыту. Грамматикалық талғамда жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер;Наурыз мерекесіне арналған суреттер, шарлар.

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсізбе, құрметті ата- аналар, балалар, қонақтар. Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған « Наурыз- Ұлыстың ұлы күні » тәрбие сағатымызды бастаймыз.

- Балалар, міне Наурыз да келді. 22- наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.

Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Ата- бабамыздың сөзімен айтқанда, бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурызбенен ұласып көктем жеткен

Үлкен- кіші көңілін көкке өрлеткен.

Жан- жануар, табиғатты түрлентіп,

Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен.-

дегендей, реніш, өкпе наздарын ұмытатын күн.

  • Ал, балалар, бәріміз тұрып бір- бірімізді құшақтап, бір- бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық.

Наурыз- Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!

Әңгімелесу

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Күн жылынып қар кетеді, тоң жібиді. Самарқанның көк тасы еритін күн.

Жан- жануар, жәндіктер қысқы ұйқыдан оянады, жыл құстары келіп, ұя салады.

Мал төлдеп, су бөгеледі. Жаңа жыл тек жақсылыққа ала келсін, төрт түлігім төлдесін,Ақ мол болсын, ел тоқ болсын. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық,аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастарқан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

-Балалар.НАУРЫЗ құтты болсын!

Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсыны жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

Ал, енді балалар, наурыз мейрамға дайындаған тақтақтарыңды айта қойыңдар.

Тақпақтар.

1- бала

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым армысың.

Қызыққа еш тоймаған,

Дархан дала,қарлы шың.

2-бала

Наурызда халқымыз,

Жыл басы деп санайды.

Көнермеген салтымыз,

Көп елдерге тарайды.

Тәрбиеші Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетін қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, қызғалдақ, жауқазын.

Сурет бойынша жұмыс.

3- бала.

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде наурыз күлімде.

5- бала

Көктем тойы әніміз,

Көркем өнер сәніміз.

Өлең жырмен той сәнін,

Өрнектейміз бәріміз.

6- бала

Көктемде талған өзегі,

Күткен ел Наурыз көжені.

Бұлақ боп ағып әр үйден,

Тасыған ырыс өзені.

Тәрбиеші -Көктем- жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды.

Көктем - өте көңілді мезгіл.

Жұмбақ.

- Ал енді балалар. Жұмбақтардың шешуін табыңдар.

Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

Бұл не? Дастарқан.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл дастарқан. Ал дастарқан қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады.

Қатық май - ағы бор,

Арпа бидай - тары бар.

Ішетіннің жейтіннің,

Адалының бәрі бар.

Дастарқан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен,ырымдармен таныстырып өтейін.

Ұлттық салт- дәстүрлерімен таныстыру.

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Салт дәстүрімізге « Тұсаукесу»,«Бесікке бөлеу», «Қыз ұзату», «Сүндет той»т. б.

Сурет арқылы айтып түсіндіру.

Ұлттық ойын « Арқан тартыс»

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген.Соның ішінде «Қыз қуу», «Асық ойнау», «Арқан тарту» т.б. ойындар.

Ал, балалар, ендеше «Арқан тартыс » ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік.

Екі командаға бөлініп арқан тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды тартасыңдар. Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз атанады.

1,2,3. Бастаймыз. Балалар арқан тартысады.

3. Қорытындылау.

Қазақ халқының ежелгі салт – дәстүрлерінің бірі бата-тілек білдіру.Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата- бабаларымыз.

Жаңбырменен жер көгерер,

Батамен ер көгерер.

Баталы құл арымас - деген ой- пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Ендеше Нұркелсіннің батасын қабыл алайық.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын,

Ұлыс бақты болсын.

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін.

Дастарқаның кең болсын,

Уайым қайғың жоқ болсын.


Аумин.









































Ақмола облысы

Бұланды ауданы







Тәрбие сағаты


Тақырыбы:

«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»




Өткізген: Ж. Ж. Джетибаева














«Балдырған» мектеп –балабақшасы

2015-2016 оқу жылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров133
Номер материала ДВ-560658
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх