Инфоурок Другое Другие методич. материалы«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ»

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ»

Скачать материал

 

                №11 «Ертөстік» ясли-бақшасының меңгерушісі

Дурбаева Салет Казырбековна

                                                                                 

                                                                                              Семей қаласы

 

 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУДІҢ   ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ»

 

Балалық шақ – бұл балалардың қоршаған ортаны тани бастайтын, өзінің жеке-дара қасиеттерін байқатып, тұлға ретінде қалыптасуына жол ашатын мезгіл. Біздің мемлекетіміз баланың өмір сүруге, денін сауықтыруға, ойнауға, білім алуға деген құқығын, оның ар-намысы мен бостандығын аса жоғары бағалайды. Қазіргі таңда халықтық педагогикаға сәйкес  қарапайым еңбек дағдыларын бала санасына жастайынан орнықтыратын алғашқы тәлім-тәрбие баспалдағы-балабақша. Бес жылғы еңбегімізді жинақтап, балабақшаның тәрбиелеу-оқыту үрдісіне ұлттық дәстүрлі еңбектің үлгілерін, ата-баба тәжірибесін, ата кәсібінің ерекшеліктерін, дәстүрлерін енгізу арқылы отбасы, балабақша және құрбы-құрдастары арасындағы қарым-қатынасты зерттеп, тәрбиені ұлттық психологиямен халықтық педагогикаға негіздеу жолдарын ұсынуға тырыстық. Осындай әдістемені қолдану тәжірибелік тұрғыдан алғанда баланың бойында атадан балаға жалғасып келе жатқан байсалды мінез, сезімталдық, талғампаздық қабілеттерінің негізін қалау қаншалықты сәтті өткенін байқауға мүмкіндік береді. Сондағы мақсатымыз қазақ халқының дені сау, ақылды, ұлтжанды азаматын тәрбиелеу. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының білім салалаларының міндеттерін ашуда  баланың бойына сіңдірілетін білімді парасаттылық, зиялылық заңдарына бағындыру.

«Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей», «Қыз қылығымен сүйкімді»  деген мақал-мәтелдер бізді үлкен жауапкершілікке жүктейді.

Балабақшаның педагогикалық ұжымы алғашқы күнінен бастап, өз жұмысын балалардың дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, экологиялық тәрбие бағыттарын сұлулық, сымбат тәрбиесіне негіздей отырып білім беру кеңістігін инновациялық көзқараспен ұйымдастырды. Бағдарлама оқытудың вариативті жолдары арқылы жүзеге асырылуға негізделген. Осы мақсатта  балабақшамыздың  дамыту ортасында этноклубтар, этностудиялар құрылды. Студия жұмыстары топ бөлмесінде өтеді. Топ бөлмесінің бұрышы қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тиымдарын жақын түсіне білуі үшін ұлттық нақыштағы бұрышта  тұрмыстық заттармен және балалардың отыруына ыңғайлы болуы үшін құрақ көрпелер, оюлы жастықшалар, төсеніштер жасалып оның үстінде балалар ою ойып сырмақ, түскиіз өрнектеу, киімдерді әшекейлеу өнеріне үйреніп сөз өнері мен саз өнерін танып біледі. Студия жұмысы барысында балалардың дұрыс отыруына көп көңіл бөлінеді. Жер үстел маңайында әжелер ұлағатынан өнеге ала отырып құрт жасаудың тәсілдерін меңгеріп ұлттық тағам түрлерімен танысады. Студия барысында балалар өздерін емін-еркін ұстап бір-біріне бөгет жасамай өз еріктерімен ұнаған жұмыстарымен айналысады. Бірнеше бала шеберханада қамшы өрсе қалғаны ат әбзелдерімен танысып, аңыз-әңгімелер арқылы көркем сөйлеуге тапқырлық өнерге үйренеді. Топ бөлмесінде теледидар, DVD-ойнатқыш және қазақтың аңыз ертегі жырлары жазылған видео жазбалардың топтамасы, қазақ композиторларының әндерінің CD, DVD-дискіге жазылған фонетекасы және ұлттық ойындар жинақтары бар. Балабақша ішін, музыка залын  қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын жақын түсіне білуі үшін педагогтардың өз қолдарымен жасаған бұйымдармен безендіріп, фото көрмелер ұйымдастырдық. Осы уақыт аралығында жүргізілген іс-шаралар арқылы,    балалар қазақ халқының қолөнері- жүнді түту, сабау, киіз басу, әр түрлі оюды ою сияқты өнерді «Он саусаққа он өнер» студиясында үйренсе,  «Әжемнің үйі ақ жайлау» этноклубында-қазақ ертегілерін тыңдап, әжесінің құрт, бауырсақ жасау өнерімен танысып қайтады. Мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ үйреніп, қолөнер, сөз өнері, саз өнерін танып-білу арқылы ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігін танып біледі, көне мұрағаттан өзіне тиіс үлесін үйренеді.

 «Ізгі сөздер патшалығында» ізет білдіру нормаларын үйреніп, әңгімелесе білу, сөз шеберлігіне үйренеді. Балалар маңайындағы ересек адамдарға деген құрметін, құрбы-құрдасына деген достық ниетін әдепті, әдемі сөз арқылы білдіре алуға үйренеді. Адамгершілік әліппесінің  алғашқы әліпбиін балабақшасынан бастап танып-білген бүлдіршін ізгі сөздермен бірге сынды сыпайыгершілік  сөздермен өзінің риясыз сезімін жеткізуді де үйренеді. «Кішкентай ханшайым» салонында шаш өру, қонақ күту, әдемі жүріс-тұрыс, қыз бала әдебі талғампаздық, инабат тағы басқа қылықтарға үйренеді. Әр уақытта нағыз ханшайым ретінде сөйлеуге, өзін инабатты түрде ұстай білуге, қонақ күтіп анасына жақсы көмекші болуды үйренеді. Сонымен қатар қазақ халқының ғасырдан-ғасырға мирас болып келе жатқан мәдени-әлеуметтік отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтарының мөлдір бастауын ұл бала бойына сіңіруде бірден-бір білім өзегі-аталар мектебі. «Сегіз қырлы, бір сырлы» яғни, отанды, халқын, жерін, елін сүютін азамат тәрбелеп, ұл балаларды жеті атасын, үш жұртын, туыстық атауларды меңгертумен қатар  ат әбзелдерінің түрлерімен, құрал-жабдықтардың атауымен таныстырып, қамшы өру, ағаш егеу, күрмек байлау арқылы ұсақ қолөнерге баулимыз. Ұлттық және басқа да түрлі спорттық ойындар арқылы жас ұрпақты шымырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, салауатты өмір салтына жетелейміз.

«Сылдырмақ» ән-би үйірмесінде бүлдіршіндер әртүрлі ұлттық аспаптарды қолданады және би ансамблін құрайды. Үйірмеге қатысқан бүлдіршіндер халқымыздың ежелгі тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат алып, ұлттық ән-билерімізбен сусындап, халықтық мұраларымыздан нәр алып, әсем саз бен әдемі би қимылдарын үйрене отырып, сұлулыққа, сымбаттылыққа тәрбиеленеді.

Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Ата-аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында құрылуы тиіс. Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын балабақшамыздың аса маңызды міндеттерінің бірі - ата-ананы отбасына «қайтару», өзінің ата-аналық борышын түсінуге көмектесу және бала тәрбиесі жолында ынтымақтастық пен бірлікке, өзара көмекке қол жеткізу. «Тәлім-тағылым» ата- аналар отауында баланы тәрбиелеуде ата-аналарға тәрбиелеу үрдісіне қажетті әдістемелік, педагогикалық- кеңестік көмек көрсетеді. Осы орайда ата-аналар жиналыстары, кеңестер, тренингтер өткізіліп тұрады.  Ата-аналарға ашық есік күндері ұйымдастырылып, бала әрекеттерінің қорытындысы көрсетіледі, ата-аналар ертеңгіліктерге, сайыстарға, көрмелерге қатысып өз қол ұштарын береді. Балабақшаның оқыту, тәрбиелеу жұмыстарының қанағаттанарлығын ата-аналармен өткізілген сауалнама арқылы көруге болады.

Дәстүрлі жиналыстар, кеңестер, байқаулар, ертеңгіліктер мен кештерге шақырумен қатар, біздің балабақшамызда орын алған инновациялық жұмыс түрінің бірі отбасымен бірге оқуға арналған «Аялы алақан» журналы, «Ертөстіктің еркелері» атты газет басылымы шығарылады. Ата-аналар бұрышындағы ақпараттан өзгешелігі газет-журналдарды отбасыларымен бірге оқуға болады. Газет беттерінде балабақша өмірінен алынған оқиғалар жарияланады. Мысалы, «Әжемнің ақылы», «Студия жаңалықтары» рубрикасынан баланың күнделікті немен айналысатыны жөнінде  ата-аналар біледі. «Кел жаттайық», «Әжемнің ертегісі» рубрикасы арқылы бірге жаңа ертегі оқып, өлеңдер жаттауға болады. Газетте ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар бар. Ата-аналарға сауалнама жүргізу барысында балабақша газетінің жетістігі мол екенін, қажет және керек екенін көруге болады, ал біз газет арқылы ата-аналарға қажетті ақпаратты тарата аламыз. Ол ата-аналармен байланыстың, қарым-қатынастың бір түрі.

Бүлдіршіндердің әлеуметтік ортасы: отбасы, балабақша және құрбы-құрдастары арасындағы қарым-қатынасын зерттеу, тәрбиені ұлттық психология мен халықтық педагогикаға негіздеу жолдарын «Таным»  психолог қызметі ұсынады. Психолог қызметі  үш бағытта жүреді; ата-ана, бала, педагог. Ата-аналармен ұл және қыз баланың жеке ерекшеліктері туралы әңгімелер, сауалнамалар жүргізіледі. Балалармен түрлі психикалық деңгейін дамытуға бағытталған ойын-жаттығулары жүргізіледі.  Қыз баланы тәрбиелеуде ескерілуге тиіс ерекшеліктері туралы кеңестер беріледі. Педагогтармен әртүрлі тренингтер, сауалнамалар өткізіледі.

Оқу-тәрбие мекемелерінде, заманауи талаптарға сай, жаңа технологияларды қолдана отырып ұлттық тәрбиені енгізудің тиімді әдістерін қолдану бала тәрбиесінде нәтижелі жемісін беретіндігіне сенеміз.

     Ұлттық тәрбиенің барлық бағыттары тәрбиелеу мен оқыту үрдісінде жан-жақты қамтылуы тиіс, дегенмен, тәрбие үрдісінің мазмұнды және бөбек санасына, жас және жеке ерекшелігіне, бейімділігі мен қызығушылығына сай болуы абзал.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

\

1.

С. Қалиев. Этнопедагогика. Астана. «Фолиант» 2003 ж.

2.

Қ. Жарықбаев.  Қазақ тәлім тәрбиесі. Алматы «Санат» 1995 ж.

3.

С. Қалиев. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. «Рауан» 1992 ж.

4.

Ийна Аасамаа. Әдептен озбайық. «Рауан» баспасы 1990 ж.

5.

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - Алматы, 2007ж. 9 том.

6.

Қ. Әмірғазин. Қазақ қолөнері.  Алматы.  Дайк-Пресс 2014 ж.

7.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы.

Алматы 1981 ж.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Балалық шақ – бұл балалардың қоршаған ортаны тани бастайтын, өзінің жеке-дара қасиеттерін байқатып, тұлға ретінде қалыптасуына жол ашатын мезгіл. Біздің мемлекетіміз баланың өмір сүруге, денін сауықтыруға, ойнауға, білім алуға деген құқығын, оның ар-намысы мен бостандығын аса жоғары бағалайды. Қазіргі таңда халықтық педагогикаға сәйкесқарапайым еңбек дағдыларын бала санасына жастайынан орнықтыратын алғашқы тәлім-тәрбие баспалдағы-балабақша.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 060 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2015 1239
    • DOCX 18.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дурбаева Салет Казырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дурбаева Салет Казырбековна
    Дурбаева Салет Казырбековна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6484
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе