Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мектепке дейінгі мекемелердегі меңгерушілердің әдістемелік бірлестік жұмысының қалалық семинары "Іскерлік ойын"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мектепке дейінгі мекемелердегі меңгерушілердің әдістемелік бірлестік жұмысының қалалық семинары "Іскерлік ойын"

библиотека
материалов

«Іскерлік ойын»


Мақсаты: Ата-анамен жұмысты дифференциалдық тұрғыдан ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру; жағымсыз мәселелерді оңтайлы жолмен шешу; ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болу үшін жаңа жобаларды зерттеу; педагогикалық ұжымда тәжірибе алмасу, пікір бөлісу.

Ұйымдастыру кезеңі: екі жұмыс тобы, бір эксперт тобы.

Ойын барысы:

І бөлім: Теориялық бөлім.

«Ақбота» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Ата-аналармен жұмыс дегенді қалай түсінесіз?

Ата-аналармен жұмыс – ата-аналардың педагогикалық білімінің, біліктілігінің деңгейін көтеру; педагогтардың ата-аналарға отбасылық тәрбиеде баланы дұрыс тәрбиелеуге қажетті жағдай тудыру үшін көмек көрсетуін; баланың даму процесінде тәрбиешілер мен ата-аналардың қарым-қатынасын көрсететін педагог жұмысының күрделі де маңызды бөлігі.


«Нұрсәуле» тобына арналған сұрақтар:

1.Ата-аналармен жұмыс жасауда мектепке дейінгі мекеменің алдында қандай негізгі мәселелер тұр?

  • Балалардың отбасыларын танып-білу

  • МДМ өміріне белсенді араласуға ата-аналарды тарту

  • Баланы тәрбиелеудегі отбасылық тәжірибені зерттеу

  • Ата-аналармен балалар психологиясы


«Ақбота» тобына қойылатын сұрақтар:

2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формасын атаңыз.

1. Топпен немесе көпшілікпен: - ата - аналар мен педагогтардың біріккен жұмыс түрлері:

  • ата - аналар жиналысы

  • конференциялар

  • кеңестер

  • ата - аналар кеші

  • ата - аналарға арналған үйірмелер

  • қызығушылығына байланысты ата - аналарға арналған клубтар

2. Ата - аналар мен педагогтардың және балалардың біріккен жұмыс түрлері:

  • Ашық есіктер күні

  • Үйірмелер

  • КТК , викториналар

  • Біріккен шығармашылық

  • Мерекелер

  • Газеттер шығару

  • Жарыстар



3. Жеке жүргізілетін жұмыстар:

  • - Әңгімелесулер

  • - Үй аралау

  • - Жеке тапсырмаларды орындау


4. Көрнекті - ақпараттық:

  • ақпараттық - ағартушылық (МДМ ерекшеліктерімен ата - аналарды таныстыру)

  • ақпараттық талдау (сауалнамалар, бақылаулар, сұрақтар)


«Нұрсәуле» тобына арналған сұрақтар:

Сауалнама жүргізу. Ол не? Сауалнама жүргізудің жағымды және жағымсыз жақтарын атаңыз.

«Анкета» сөзі француз тілінен аударғанда «сұрақтар тізімі» дегенді білдіреді. Бұл әдіс педагогикаға әлеуметтанудан келген. Ашық сұрақтар мен (сұрақтардың нұсқаулары қаралмаған) жабық сұрақтарды (сұрақтардың нұсқаулары алдын - ала қаралған) ажыратады. Сауалнама әдісін қолдана отырып, отбасы құрамын, отбасылық тәрбие ерекшеліктерін, ата - аналардың жағымды тәжірибелерін, қиыншылықтарын, қателіктерін, анықтауға болады. Сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып, ата - аналар бала тәрбиесінің мәселелері мен ерекшеліктері жайлы ойлана бастайды.

Кемшіліктері: формализм, ата - аналардың тапсырмаларды шын ниетпен орындамауы.


«Ақбота» тобына қойылатын сұрақтар:

3. Тәрбиеленушінің үйіне бару. Қандай жағдайларда мақсатты түрде үйлеріне бару қажет?


Арнайы көңіл бөлгенді талап етеді:

  • Мінез-құлықтары тұрақсыз балалар;

  • Асоциалды мінез-құлықты балалар (агрессия, дөрекілік) ;

  • Өз-өзін бағалауы төмен, уайымшыл балалар;

  • Ұялшақ балалар.

Баланың жанұясына бару, баламен дұрыс қарым-қатынасқа түсу, оның ата-анасымен дұрыс қарым-қатынасқа түсуге көмектеседі. Осындай жұмыс істеу педагогтан асқан шеберлікті және бақылаушылықты талап етеді. Тікелей сұрақ қоймай, педагог мыналарды біле алады:

  • отбасылық қарым-қатынастың микроклиматын, сөйлеу мәдениетін, атмосферасын;

  • өз отбасына тән салт-дәстүрлерді;

  • баланың күн тәртібінің ұйымдасуын.


«Нұрсәуле» тобына арналған сұрақтар:

3. Ашық есіктер күні, газет шығару, ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті сияқты ата-аналармен жұмыс түрлерін тиімді деп ойлайсыз ба? Олар ата-аналар мен педагогтарға не береді?


«Ашық есік күндері» кең таралған жұмыс түрі болып табылады. Бұл күндері ата – аналар балаларының қатысуымен өткен ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті мен мерекелерге белсене қатысады, қорытынды сауалнамалар толтырады. Педагогтарға ұсыныс және тілектер жазады.

Бұл жұмыс түрі әр баланың жеткен жетістігін көруге мүмкіндік береді.

Педагогтар мен ата – аналардың бірлесіп жұмыс істеуі - әр баланы жақсы тануға, оған жан –жақты қарауға, әр түрлі жағдайларда тануға көмектеседі, сәйкесінше, жекелей ерекшеліктерін түсінуге көмектесу, баланың қабілетін дамыту, мінез - құлқында пайда болған жағымсыз әрекеттерді жеңу, өмірлік қажетті бағдарды қалыптастыру.


«Ақбота» тобына қойылатын сұрақтар:

4. Қиын отбасылармен жұмыс. Қандай отбасын сіз қиын деп санайсыз? Қиын отбасылармен қандай жұмыс жүргізу қажет?


Қиын жанұялар әртүрлі болып келеді. Ішімдікке салынған ата-аналар болашақта баласына дәл сондай үлгі береді.

Жанұяның екінші типі - сырт көзге үлгілі, жақсы жанұя болып көрінеді. Бұлар әлеуметтік жағдайы жақсы жанұялар. Осындай жанұядан шыққан балалар өздерін басқалардан жоғары санай бастайды. Осындай балалармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынасқа түсу қиынға түседі. Осындай жанұяларға балаларын тәрбиелеуге психологтар мен педагогтардың және МДМ меңгерушінің көмегі қажет. Сонымен қатар сенімді әңгімелесу, жеке қарым-қатынас формалары тиімді болады.


«Нұрсәуле» тобына арналған сұрақтар:

Қандай жағдайларда баланың жаман іс-әрекеті талқыланады?


  • Оның көзінше

  • Ол қатыстырылмайды

  • Барлық отбасы мүшелерінің қатысуымен.



2 бөлім.


Отбасы балабақшаның күнделікті өміріне белсенді араласып, оның мағынасын түсінуі үшін ата-аналармен жұмысты екі бөлікке бөлеміз: ата-аналармен педагогикалық тұрғыдан ағарту жұмыстарын жүргізу және оларды балабақша өміріне араластыру.

Педагогтардың міндеттері: бірінші және екінші бөліктегі негізгі мәселелерді шешуде қандай жұмыс формаларын пайдалану қажеттігін анықтау. Оларды жазыңыздар. Әр топ қандай жұмыс формаларын жазғандарын айтып береді.

Бөліктер


Тапсырмалар


Формалары


Ата-аналармен педагогикалық тұрғыдан ағарту жұмыстарын жүргізу

Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеру

Лекциялар, семинарлар, іс-тәжірибелік семинарлар, ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, ата-аналар жиналыстары, кеңестер, көрнекі насихаттаулар т.б.

Ата-аналарды МДМ өміріне араластыру

Ата-аналардың МДМ іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылауға араласуына жағдай жасау

Жарыстар, үйірмелер, газет шығару, жарыстар, біріккен іс-шаралар т.б.


3-бөлім.

«Қазіргі заман талабына сай отбасы-қандай ол?» ойын жаттығуы.


Мақсаты: педагогтардың қазіргі заманға сай отбасы туралы түсініктерін тексеру, олардың ең үлгілі отбасы жағдайлары қандай болу керектігін талдау.

Жүргізілу барысы:

Әр топқа журналдар, желім, қағаз және қайшылар таратылады. Педагогтардың тапсырмасы: кез-келген иллюстрациялар арқылы қазіргі заман отбасын бейнелеу.

Эксперттік топ өз түсініктері бойынша ең үздік жанұяны бейнелейді.

10 минут бірге жұмыс жасағаннан кейін педагогтардың әрбір тобы отбасы жайлы өз түсініктерін айтады.


4 бөлім. Қорытындылау.

  • «Бала балабақшаға қуана барып және үйіне қуанып қайтуы керек. Балабақшада балаға көңілді, жайлы, қызықты болып, балалармен дос болып, үйде оны жақсы көретінін, үлкендердің оны тосып отырғанын білуі қажет».

  • Бірігіп жұмыс істеу мәселесін шешуде ата-аналардың психологиялық-педагагогикалық істеріне педагогтардың қатысуын; отбасыларын, олардың тәрбиелеу мүмкіндіктерін зерттеу; балабақшаның білім беру жұмысына ата-аналарды тартуды қажет етеді.

Әр топтың іс - әрекетіне экспертті топ қорытынды жасайды.

hello_html_3371013d.jpg

hello_html_m30829bd1.jpghello_html_m375b70b1.jpghello_html_5a1fa485.jpghello_html_m5fe627c7.jpghello_html_m356b9525.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров292
Номер материала ДВ-314169
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх