Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / «Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи білімдік технологиялар».
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

«Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи білімдік технологиялар».

библиотека
материалов

«Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи білімдік технологиялар».

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.

Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;

- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;

- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, денсаулық сақтау технологиялары және т.б.) қолдану дағдыларын дамыту;


- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;

- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру; мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;

- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;

- педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.

Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ)

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды - есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары – бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үдерістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылады.

32

Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. Сөйтіп, АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Педагогтың қызметі ауысады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының әрекеттің ұйымдастырушысы оқытушының белсенді рөлін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет.

Педагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін – ізденгіштігін; өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:

- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял – елесі;

- коммуникативтік – ересектермен және құрдастармен сөйлесу қабілеті;

- рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;

- өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.

Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғаның табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.

Заманауи денсаулық сақтау технологиялары

Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы

ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.

Ойын іс-әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті өзара әрекет етуі

Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады. Балалар ойын арқылы:

- өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді;

- іс-әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;


33

- конструктивті қарым-қатынас және басқа адамдармен өзара әрекет ету мектебінен өтеді.


Ойын – баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінез-құлқын басқару қабілеті, ережелер мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс-әрекетінің генетикалық сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте-бірте мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді.

БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДА,

ҮСТЕЛ ҮСТІ МНЕМОКЕСТЕЛЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Жунусова Айзада Жумабековна

ГККП «Ясли-сад №1 акимата города Костаная отдела

образования акимата города Костаная»

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі балабақшаларындағы оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы ҰОІӘ формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.

Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге,салт – дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. «2050 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.

Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде, балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып

- балалардың сөздік қорларын дамытамыз;

- жаңа сөздерді меңгертеміз;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз.

34

Осы аталған міндеттерді педагог үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше.

Сонымен қатар, балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, ҰОІӘ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.

Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.

Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:

Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.ҰОІӘ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдісі – ҰОІӘ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .

Ы. Алтынсарин «Натуральды әдіс» туралы былай деген: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген.

Жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді.

Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді.Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор.Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады

ҰОІӘ тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:

Жұптық.Топтық.Ұжымдық.

Жұптық оқыту.Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.

Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп ҰОІӘ өткізу балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.

Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен- екеуінің үйренуі ; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. ҰОІӘ балалардың коммуникативтік сөйлеуі ,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер арқылы іске асады.

Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.

Мәселе:

- балалардың қазақ тілінде сөздік қоры аз болуында

- Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы

- Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы

- Жай, жайылма сөйлемдерді құрастырыра алмауы

35

- Байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмауды

- Қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап түсінуге, жаттап алмауы

- Өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір- біріне сұрақ қойып, жауап беруге білмеуі

Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.

Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:

1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау

2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б

3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:

1. Сөздік қорларын байыту

2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету

3. -Сөйлем, әңгіме құрастыру

4. Әңгімені құрастыру

5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу

6. Тақпақтарды жаттау

Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беруге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.

Тәрбиеші сабақта сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы да баланың тілін дамытады. Серуен кезінде айналадағы табиғат құбылыстарын бақылау, балабақша ауласында қандай өзгерістер болғандығын сұрау кезінде баладан жауап ала отырып, тілін, ойын дамытумен қоса сөздік қорын молайтады.

Сондай-ақ, тілді дамытуда рөлдік ойындар мен мнемотехника тәсілін қолдану өте тиімді. Тәрбиеші көркемдік шығармалар мен ертегілерді айтып қана қоймай, рөлдік ойындар арқылы ойнатса, ол баланың ойында қалады. Сахнада кейіпкер ретінде ойнап тұрған бүлдіршіннің тілі, ой-өрісі дамиды, оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлық артады. Рөлдік ойын ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, (мәселен, батырға, шешенге) жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлді ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Рөлдік ойындарды ойнау негізінде балалардың ойынға деген қызығушылығы артады. Сондықтан олар лайықты рөлді өздері таңдап алғаны жөн. Сонда ғана ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. Байланыстыра сөйлеу кезінде мнемотехника тәсілін тиімді құрал ретінде қолдану арқылы жеткіншектің есте сақтау қабілеті артып, өмірлік құбылыстар мен оқиғаларды ажырата айтып, айырмашылығын жетік әңгімелей алуға дағдыланады.

Мнемотехника дегеніміз – көру образдары амалының құрылымы. Ол хабарды миға жүйелі жазып алуға мүмкіндік беретін ішкі хат жүйесі. Мұндай тәсілдер арқылы материалды балалар тез игереді. Балабақшадағы ҰОІӘ мнемикалық кестелерді қолдану балалардың көру арқылы ақпаратты тиімді қабылдауына және қайта өңдеуге, әрі оқу тапсырмасына сәйкес оны қайта тарқатуға, есте сақтауға және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл технологияны қолданғанда сызба-кестені пайдаланған жөн. Кестелер сурет арқылы берілуі керек. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Бауырcақ» ертегілері балаларға таныс. Оның мазмұнын бала лар жақсы біледі. Сондықтан оны айту кезінде сурет кестесін қолданамыз. Ертегі желісін шатастырмас үшін бұл суреттер ретімен қойылады. Ал балалар суретке қарап, ертегіні айтып береді.

Заттарды суреттеу немесе кез келген тақырыпта әңгіме құрастырар кезде де сызбалар қолдануға болады. Бала сызбаға қарап, әңгіме құрастырып үйренеді. Нәтижесінде тәрбиеші бірқатар жетістікке жетеді. Демек, бала мен тәрбиеші арасында ынтымақтастық қалыптасады, тіл дамыту сабақтарындағы ойындар баланы қызықтыратындай тартымды өтеді, жеткіншектің сөздік қоры толығып, байланыстыра сөйлеуге үйренеді, тілі дамиды, қарым-қатынас мәдениеті бүлдіршіннің өз пікірін жеткізе білуіне жетелейді.

36

Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.

Жоғарыда айтып кеткен топтық, жұптық, ұжымдық оқытуларда мнемокестелерді тақырыпқа байланысты өткізуге болады. Мысалы: жұптық оқытуда, балаларға жеке символдармен бейнеленген кестелерді беріп , балалар сол кестені пайдалана отырып диалог түрінде сөйлесе алада. Ал негізі монологтарды ең алғашқысында ұжымдық оқытуда пайдаланып, содан соң жеке – дара сол тақырыпта әңгіме жүргізе алады. Осы ең тиімдісі деп ойлаймын.

Балалардың ойын дамытуда тағы бір әдістің түрі бұл - үстел үстіндегң мнемокестені ұйымдастыру. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.

Үстел үсті мнекесте басқа кестелерден ерекшелігі бала бұл кестені қолмен ұстап , көзбен көреді, жан – жақты таниды . Балаға өзі білген сөздерден және де өткен сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызықты. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Мысалы : « Отбасы » тақырыбын өткен кезде ата, ана, әже, әке сөздерін меңгеретін болсақ, өткен ҰОІӘ білетін, әдемі, таза сөздері тағы бар, осыдан бала « әдемі ана » деген сөз тіркесін лезде орындай алады, ал келесі ҰОІӘ басқа тақырыпты өткеде, мысалы : « Тағамды» алатын болсақ , « анада нан бар » тағы сол сияқты сөз тіркестерін құрай алады. Осы аталған әдісмтердің барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз. Ойын ең басты элемент болып саналады.

Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын ҰОІӘ аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, ҰОІӘ эмоциялық бояу береді.

«Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» К. А. Покровский «Ойын – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.» (В.М.Сухомлинский

Дидактикалық ойынның түрі : заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.

Ойын: «Сөз ойла», Мақсаты: өткен ҰОІӘ сөздерді қайталау, бекіту.Шарты: текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру.

Ойын : «Сөйлейтін моншақтар» Мақсаты. Берілген тақыры бойынша қасиеттеріне қарай ажырата білу. Шарты: Суреттерден моншақ жасау ( жіпке тереді)

«Ойнайық та, ойлайық, ойлайық та сөйлейік » Ойынның барысы: шеңбердегі суреттерді таңдау арқылы сөйлем құрастырып, байланыстырып сөйлеу.

Дидактикалық ойын: «жыл мезгілдері» Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Ойын шарты: тақырыпқа сай түрлі-түсті суреттерді қиып жапсыру.

Дидактикалық ойын: «Әңгімелеп бер»Тақырыпқа байланысты байланыстырып сөйлеуді дамыту.Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.

Сонымен қатар, қазақ тілін үйретуде әдебиет жанырларын қолдана отырып балалардың тілдерін дамытуға болады. «Көркем сөзі бар болғырдың өзің орақпен орып күрекпен орып ала алмайсын: оны бір – бірлеп тересің, бір – бірлеп тізесің!» ( Ғ. Мүсірепов)

37

Ұсынылатын ойын түрлері:

- «Көршімді іздеймін.»

- «Адасқан сөздерді орнына қою»

- « Берілген сөздер бойынша мақал құрастыру»

- « Ребусты шешу »

Мысалы, мақал құрастыруға берілетін сөздер ата, ағаш, бала, жапырақ. Мақал: «Ата – ағаш, бала – жапырақ.», «Бала тілі - бал». Балаларға мақалдардың мағынасын түсіндіру.

ҰОІӘ әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол

сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Педагог өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.

Әр ҰОІӘ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін.

1. ҰОІӘ қолданылған аудиокітаптар балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға қалыптастырады.

2. «Сөйлетін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі ҰОІӘ қажетті сөздерді, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.

3.Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т.б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.

4. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы ҰОІӘ түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.

Осыдан шығатын нәтиже :

- әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

- Баланың жеке қабілеті анықталады.

- Балалар бір – бірлерінен қалмауға тырысады.

- әр бала өз деңгейімен бағаланады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬– М.,

2. А.М.Бородич «Методика развития речи детей» Москва, 1981г.

3. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы»

4.Изучаем казахский язык, әдістемелік құрал

5. О.Ушакова «Развитие речи детей»

6. «Отбасы және балабақша» журналдары

7. Е. Өтетілеуов «Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі басқа ұлт балаларына арналған»

8. 1992.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007.

9. Мақал - Мәтелдер жинағы

СОВРЕМЕННЫЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ДОШКОЛЬНОМ ОБРАЗОВАНИИ

Закирова

Государственное коммунальное казенное предприятие «Балбобек» Костанайского района

Процесс реорганизации Государственной программы развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы был обусловлен внедрением в методологию


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1521
Номер материала ДБ-030861
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх