Инфоурок Другое ПрезентацииМЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ОЙНАЛАТЫН "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ОЙНАЛАТЫН "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"

Скачать материал
Скачать материал

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы Дайындаған: тәрбиеші Құрмашева Б.Т. МКҚК «Жаз...

    1 слайд

    Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы Дайындаған: тәрбиеші Құрмашева Б.Т. МКҚК «Жазира» балабақшасы

  • «Балалықтың қанына ойын азық» С. Торайғыров «Ойын арқылы бала дүниені таниды...

    2 слайд

    «Балалықтың қанына ойын азық» С. Торайғыров «Ойын арқылы бала дүниені таниды» А.М.Горький Сәбиге ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде ғана өмір сүреді де, жаттығады да, жан мен тәнін өсіреді де. А. В. Луначарский

  • Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын,...

    3 слайд

    Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

  • Қазақтың қозғалмалы ұлттық ойындары

    4 слайд

    Қазақтың қозғалмалы ұлттық ойындары

  • Айгөлек Балалар, теңдей екі топқа бөлініңдер. Араларың 20-30 қадамдай аралықт...

    5 слайд

    Айгөлек Балалар, теңдей екі топқа бөлініңдер. Араларың 20-30 қадамдай аралықта бір-бірлеріңе қарама-қарсы қарап, қол ұстасып тұрыңдар. Бірінші топ: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Ақ терек пен көк терек, Шауып алдым бәйтерек. Ақ терек, көк терек, Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды. Екінші топ: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Ақ терек пен көк терек, Шауып алдым бәйтерек. Ақ терек, көк терек,

  • Анау тұрған ... (бір баланың аты) керек! – деп хормен жауап береді. Аты аталғ...

    6 слайд

    Анау тұрған ... (бір баланың аты) керек! – деп хормен жауап береді. Аты аталған бала жүгірген күйі барып, қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Егер үзіліп өтсе, сол балалардың бірін алып қайтады, үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Ойынның соңында қай топтың балалары көп болса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.

  • Атбақыл (Көтеріспек) Ойынға екі бала қатысады. Біреуің сақаңды иіріп, екіншің...

    7 слайд

    Атбақыл (Көтеріспек) Ойынға екі бала қатысады. Біреуің сақаңды иіріп, екіншің сол сақаны атыңдар. Егер сақаға тигізсеңдер, атқан бала сол жерден сақасы жатқан жерге екінші баланы көтеріп апарады. Біріңнің сақаңды бірің атып, екеуің алдыға қарай жылжи беріңдер. Ойынды солай қайталана береді.

  • Тақия тастамақ Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырыңдар....

    8 слайд

    Тақия тастамақ Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырыңдар. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, біреулеріңнің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулерің керек. Ал жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

  • Түйілген орамал Алдымен кез-келген орамалды түйіп-түйіп доп тәріздес етіп алы...

    9 слайд

    Түйілген орамал Алдымен кез-келген орамалды түйіп-түйіп доп тәріздес етіп алыңдар. Бір бала ортаға тұрады, қалғандарың оны қоршап тұрасыңдар. Сыртта тұрған біреуіңнің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды сендердің қолдарыңнан алып қоюға әрекеттенеді. Ал, сендер бір-біріңе лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысуларың керек. Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады.

  • Көтермек Ортаға екі бала шығыңдар. Бір-бірлеріңе арқаларыңды тіреп тұрып қолд...

    10 слайд

    Көтермек Ортаға екі бала шығыңдар. Бір-бірлеріңе арқаларыңды тіреп тұрып қолдарыңды шынтақтастырыңдар. Жүргізушінің белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншіңді көтеріп алсаңдар ұтқан болып есептелесіңдер. Жеңіске жеткендерің ортада қалып, келесі баламен сайысқа түсесіңдер. Соңғы жеңімпаз анықталғанша, ойын осылай жалғаса береді.

  • Омпы Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы» дейді. Омпы ойынына 2...

    11 слайд

    Омпы Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы» дейді. Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса берулеріңе болады. Ара қашықтығы 10-20 адым (қалайларың бойынша) жерге екі көмбе сызыңдар. Әрқайсысың көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойындағы көнге екі асықтан тігіңдер. Ортасына бір асықты омпысынан тұрғызыңдар. Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарыңдағы сақаларыңмен көнге тігілген асықтарды атып түсірулерің керек. Атып алған асықтарың өздеріңе қалады. Егер омпыға тигізсеңдер, көндегі барлық асықтарды аласыңдар. Неғұрлым көп асық ұтып алғандарың жеңіске жетесіңдер.

  • Арқан тарту Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Ар...

    12 слайд

    Арқан тарту Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады  Қай топ арқанды өз жағына тартып алып кетсе сол топ жеңіске жетеді.  Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса,құламаған бала жеңіске жетеді. 

  • Сақина салу Ерте заманнын келе жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша б...

    13 слайд

    Сақина салу Ерте заманнын келе жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша балалар дөңгелене отырады, алақандарын қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да, өз еркі. Барлығына салып шығысымен: «Тұр, сақинам, тұр!» — деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған бала «Сақина менде!» — деп атып тұруы тиіс. Оны көршілері ұстап қалса, жұрт алдында өнерін көрсетеді. Жылдамдықты, ептілікті баулитын, өнерлерін жұрт алдында көрсете алуға үйрететін бұл ойынды балалар, әсіресе қызыға ойнайды.

  • Соқыртеке  Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған баланы...

    14 слайд

    Соқыртеке  Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған баланы – «Соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойы тұрған балалар «соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысады. Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын қалыптастыруға көмек береді.

  • Қорыта келгенде ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Балалар пайдасы...

    15 слайд

    Қорыта келгенде ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін ұлттық ойындарды үйреткен жөн. Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 884 180 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2017 4102
    • PPTX 3.2 мбайт
    • 7 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уксикбаева Райхан Айжарыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Уксикбаева Райхан Айжарыковна
    Уксикбаева Райхан Айжарыковна
    • На сайте: 5 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17128
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой