Инфоурок Другое Статьи«Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының ғылыми әдістемелік, мазмұндық,технологиялық және ресурстық негіздерін жаңарту».

«Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының ғылыми әдістемелік, мазмұндық,технологиялық және ресурстық негіздерін жаңарту».

Скачать материал

«Мектепке   дейінгі ұйымдардың білім беру  ортасының ғылыми әдістемелік, мазмұндық,технологиялық және ресурстық негіздерін  жаңарту».

 

                                        Нурахметова Кульчайхан Копжасовна

«Жаңаталап орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі

Шығыс Қазақстан облысы,  Жаңаталап ауылы

                                                                                                   

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу  технологияларын  шығаруға ұмтылуы.

«Педагогикалық  технологиялар- бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен  әдістемелердің,  оқу  мен тәрбиені ұйымдастырудың   өз ара ортақ тұжрымдама мен  байланысқан  міндеттерінің мазмұнының, формалары мен әдістерінің  күрделі  және  ашық жүйелері. Мұнда   әр позиция басқаларына  әсер етіп,  ақыр  аяғында  баланың   дамуына   жағымды  жағдайлар жиынтығын құрайды».

         Қоғамда  болып  жатқан әлеуметтік- экономикалық өзгерістер мен еліміздің  білім  беру  саласының әлемдік  білім  кеңестігіне  өтуі білім беру саласында соның  ішінде  мектепке  дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға  уақыт  талабына  сай  өзгерістер енгізуді  талап етіп  отыр.

Қазіргі  кезеңде  білім, ғылым саласында иновациялық педагогикалық  технологиялар қаншалықты  маңызды  болса,  мектепке  дейінгі  балаларды   оқытумен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы  кеңінен қолданылатын ұғымдардың  біріне  айналды. Мектеп жасына  дейінгі  балаларды дамыту  мәселесі  мемлекеттік  саясаттың   ажырамас бөлігі болып 

отыр. Сондықтан мектепке  дейінгі   балаларды оқыту мен тәрбиелеудің  негізгі  мақсаты  баланың   жеке  басының қалыптасуымен дамуы  болып отыр.

         Жаңа  заман баласы-ертеңгі  еліміздің болашағы. Жаңа  заман баласын қалыптастырып  дамыту  үшін  тұлғаның   ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр- сырын анықтап, мүмкіншіліктерімен қабілетінің дамуына  жағдай  туғызу қажет.

         Педагогикалық  технологияның қолдану  негізінде келешек  ұрпақтың  еркін  дамуына, жан-жақты  білім алуына, белсенді  шығармашыл  болуына жағдай жасау- қазіргі  таңдағы  әрбір  педагоктің  міндеті. Қоғамдағы қазіргі  даму кезеңінде  мектепке  дейінгі  мекемелердегі  білім  беру  жүйесінде оқыту, тәрбие беру  үрдісін  технологияландыру- басты  мәселеренің бірі. Осығын  орай   мектепке  дейінгі   мекемелердің  тәжрибесіне  оқыту  мен  тәрбиелеудің  әр түрлі  технологиялары  жасалып   енгізілуде.

         Әрине, мұндайда  педагогикалық  технологияға анықтама берген ғалымдарды  атап  өтсекте  болады. Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьяков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б

         Білім  беру  жүйесінде  қолданып жүрген педагогикалық   технологиялар: Ынтымақтастық  педагогикасы,  Білім  беруді  ізгілендіру, Ойын   арқылы оқыту, Проблемалық  оқыту, Модульдік оқыту, Дамыта оқыту, Тірек сигналдары   арқылы  оқыту, Дамыта  оқыту, Түсіндіре  басқарып оза  оқыту, Өздігінен оқыту, Сын тұрғысыныа ойлауды  дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту,  Деңгейлеп оқыту т.б .

         Білім  берудің   алғашқы  деңгейлері  балабақшадан  басталмақ. Мақсаты-мектепке  дейінгі  мекемеде  балалардың  білім алуына  бірдей бастапқы мүмкіндіктерді  қамтамасыз   ету. Кез- келген оқыту  технологиясын тәрбиешіден  терең  теориялық,  психологиялық, педагогикалық, әдістемелік  білімді,  педагогикалық  шеберлікті, балалардың жан дүниесіне  терең  үңіліп оны  ұғына  білуді  талап  етеді.

         Қазіргі   таңда  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелеріне  қолданылатын  педагогикалық   технологиялардың  бірнеше түріне   тоқталайық.

         Ойын  арқылы  оқыту технологиясы: мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа  жету. Ойын технологиясының ерекшелігі, ойындық  іс- әрекеттің психологиялық механизмі  жеке  бастың өзіндік талап-  талғамдарына сүйенеді. Баланың   бойындағы білімділік, танымдылық, шығармашылық қасиеттерін  аша  түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін  оқу да,  еңбекте. Ойын-  айналадағы  дүниені танудың   тәсілі  сонымен қатар ойын  балаларға өмірде   кездескен қиыншылықтарды  жеңу жолын  үйретіп  қана қоймайды, олардың  ұйымдастырушылық қабілеттерінде  қалыптастырады.

         Ойын- әлеуметтік қызмет.  

Ол  баланың  жасына  қарай өзін қоршаған ортаны танып  білуге  құштарлығын  арттырады.

         Дамыта оқыту технологиясы- баланы оқыта отырып дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс,мақтаныш  сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік  т.б. қасиеттерді дамыту.

         Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерде иновациялық білім беру құралдарына  видеоқұралдар, компьютер,  интерактивті  тақта, интернет, мультимедиалық құрал, электрондық  оқулықтар мен оқу  -әдістемелік  кешендер инновациялық   ақпараттық банк, инновациялық сайд және  т.б жатады. Қазіргі  таңда  көптеген интерактивтік  бағдарламалық  бөлімдер, қозғалмалы  нысандар  құруға  мүмкіндік   беретін векторлық және  графикалық  жабдықтар көптеп шығып  қолданыс  табуда. Осындай  құралдардың  бірі- мультимедиалық оқулықтарды   балабақшаларда  кеңінен пайдалану. Бұл  жағдайда тәрбиеші  әр оқу   іс-  әрекеттерін  бастар  алдында  жиі  көрінекілік   ауыстырмаған  болар  еді.  Ал мультимедиалық оқулықтар  арқылы тәрбиеші  уақытты  тиімді  және  ұтымды   пайдаланар  еді.

         Балабақша баласына мультимедиалық  оқулықтар: біріншіден, балардың  қызығушылығын   арттырады: Екіншіден, зиын  қойып  көрумен  қатар түсінбеген  жерлерін  қайта   көруге  мүмкіндік  алады. Мультимедиалық оқулықтар  балабақшада  балаларға  арналған   тапсырма  құрал  болып  табылады, өйткені  балардың зиыны  әртүрлі  әдемі  түстерге, ойыншықтарға,  әдемі  суреттерге, әсемдікке   әуес  болады.

         Мультимедиалық электронды  оқулықтар бала үшінде,  тәрбиеші  үшінде  дамытылып  отыратын  анық  түрдегі әдістемелік жүйе  болып  табылады.

         Мектепке  дейінгі  мекемелерде  ақпараттық  қатынастық  технология құралдырын  қолданудағы  мақсат- баланың  танымдық қызығушылығын  қалыптастыру балада танымдық  қызығушылықтың  болуы олардың  оқу  іс – әрекеттерге белсенді, білімнің сапалы  болуына, жағымды  мінез  құлықтарын қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.

         Заман талаптарына  сай мектепке дейінгі  мекемеде АКТ  оқыту  үдірісінде  кеңінен  пайдаланылады. Түрлі  танымды  салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың  жас  ерекшелігіне және  пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға  сай  интерактивті   тақта ойындағы  баланың оппоненті, бағдарлаушы (әгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан  қабылдаушы болуы  мүмкін.

         Оқытуда  балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға  арналып  пайдаланылатын  компьютерлік   құралдар  бар:  олар  көру, есту  арқылы қабылдау, зейін, есте  сақтау, логикалық ойлау т.б.

         Интерактивті  тақтаның  жетістіктері  кіші  жастағы балаларда оқуға, жаңа білім  алуға  деген құштарлық  туғызады.

         Оқуда  пайдаланатын интерактивті құрал: тақта, компьиютерлер балаларды диагностикалауда  жақсы  көмекші  болып  келеді.

         1.Зейінін дамыту

         2.Есте  сақтау  қабілетін дамыту

         3. Ойлау  қабілетін  дамыту

         4. Тілін дамыту

         5.Жеке тұлғасын дамыту.

         6.Оқу  әрекеті дағдыларын  қалыптастыру.

Ақпаратық мәдениетке  бейімдеу ол тек компьютерлік  сауаттылық  емес сонымен  қатар этикалық, эстетикалық   және  зияткерлік  сезімін  меңгеруі  болып  табылады. Балалардың  ойын  түрде  электронды, компьютерлік  жаңалықтармен жұмыстана білу  тәсілдерін  меңгеруі  сөзсіз. Бала  1 минутта 1 мыңға  дейін  шартты бірлік  ақпаратты  қабылдап  өңдей  алады, ал  көру  мүшелері  « қосылғанда »100 мың шартты  бірлік  ақпаратты  қабылдауы  тәжірибе арқылы дәлелденген мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балада  ырықсыз зейіні жақсы  дамығаны  белгілі, бірақ  балаға  ақпарат қызықты, көрнекілік  болғанда  зейіні  жинақталады, жағымды  эмоция туғызатыны белгілі. Компьютерді біріккен және  өз бетімен  әрекеттенуде қолдану  баланың  мотивациясын көтеру және  оқуға деген жекелендіруінің бір  тиімді  тәсілі  болып  келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жанды  эмоциялық   фон туғызады. Осы мектепке  дейінгі балаларды саналы білім  алуға әкеледі.

            Балаларды жаңа  технологиялар арқылы оқыту:

         Ойын орталығы;

         Мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер  орындалады;

Электрондық жүйеде оқытуда мультимедианы пайдалану балаларға ақпаратты беру  жылдамдығын, оны  түсінуді  көтеріп қана қоймай, сонымен қатар баланың ойлауын дамытады.

         Интерактивті тақтаны пайдалануда болу қажет дағдылар

·        Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі

·        Worq, PowerPoint бағдарламамен жұмыстану.

·        Интернет жүйесінде жұмыстануды  дамытудың  практикасы (бейнелерді, әзір презентациялар  мен оқыту  бағдарламаларын тауып  алу).

Өздігінен даму  технологиясы- бұл  баланы  жан- жақты  дамыту, дербестікке  тәрбиелеу,  бала  санасында нәрселер әлемі мен ойлау   әрекетінің  бірігуі. Мұнда  оқыту  бала дамуына  сәйкес  болуы  керек, сонда  ғана бала өзін  дамыта  алады.

Бұл  технологияның  ерекшелігі: оқытудың  бірыңғай  бағдарламасы  болмайды әркім табиғат берген даму  жолымен  жүреді. Балабақшада сабақ  болмайды, әр  күн  жалпы  жиыннан басталады  және жиыннан кейін әркім  өз еркі  қалаған  жұмысымен  айналысады. Әр  баланың іс – әрекеті  өз еңбегіне  қарай үлкендермен  бағаланады. Мұндағы  басты  мәселе: бала өз- өзін  бағалайды. Балалар әртүрлі  жастағы  топ   болып  жұмыс  істейді, бір- біріне  кедергі  келтірмейді, керісінше бір-біріне  көмектеседі

         Баланың сезім  тәрбиесі, баланың  қабылдауын  дамыту және  қоршаған әлемдегі заттардың қасиеттері  туралы  түсініктерін қалыптастыру: пішіні, көлемі, түсі, салмағы, кеңестіктегі орны, исі, шығаратын дыбысы болып  табылады. Бұл  орталықта  балалар өздерін  күтуге  арналған заттар орналасады.

         М.Монтессори балаға  өз бетімен  жұмыстануға  үйретуде

« Баланың зияткерлік қабілеттерін дамыту, өз- өзін  тәрбиелеу және  жоғарғы  баға  беруі күшті түрткіш болып келеді» деп тұжырымдайды.

         Сонымен қатар практикалық жаттығулар  орындау  арқылы  бала  өзінің   қимылдарын  жетілдіреді.

         Тіл дамыту және жазу орталығы         

Материалдар  баланың тілін дұрыс дамытуға көмектеседі,  сөздік   қорын  байытады, қолын  жазуға   дайындайды, фонематикалық есту  қабілетін  дамытады, оқуға  және  жазуға  үйретеді.

         Ғарыш орталығы

         Осы орталық баларды  қоршаған ортамен таныстырады. Таза  ауада өзі  өсе  еле  қажетті  дағды  мен іскерлікті меңгереді, сонымен қатар балада еркіндік   өзіне  деген  сенімділік  сзімі  қалыптасады

М.Монтессори әдісі балада өзінің  мүмкіндіктеріне  сай  дамуға  деген қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығын  оятады.

Бала не істегісі келеді емес, неге  дайын   соны  істейді. Ересектер  ережесі ұсынады,  балалар өз  бағытымен  сол  ережелерді   орындап  дамыйды. Сонымен бала өз әрекетінің  нәтижесіне жауапкершілік  сезімімен  қарайды.

         Проблемалық  оқыту   технологиясы-баланы  өз бетімен  ізденуге  үйрету,  танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін дамыту, яғни  балалардың  белсенділігін арттыру,  оқу   материалына  баланы  қызықтыратындай  мәселе  тудыру. Бала материалды  сезім  мүшелері  арқылы  ғана  қабылдап  қоймайды  білімге  деген   қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсатында  меңгереді, бала оқытуды  өмір мен және  еңбегімен  байланыстырады.

         Ынтымақтастық  педагогикасы- педагоктің талап ету  педагогикасынан қарым  қатынас  педагогикасына  көшу. Балаға ізгілік тұрғысынан  қарау,  оқытумен  тәрбиенің  ажырамас бірлігі: тәрбиеші-  бала, бала- тәрбиеші, бала-бала, яғни  балада, тәрбиешіде  субъектілер болып  табылады. Сонымен қатар баланың  жеке  басына ізгілік қарым-қатынас,  бала мен тәрбиеші  арасындағы өз ара түсінушілік ынтымақтастық қарым  қатынас  жасау.

         Бұл   технологияның  негізгі  мақсаты- баланы  азамат   етіп  тәрбиелеу,  олпрдың танымдық  күшін   қалыптастырып және дамыту, баланың  жаны  мен  жүрегіне  жылулық  ұялату.

         Деңгейлеп сралап оқыту  технологиясы  білім, білік, дағдыны меңгерту  болып табылады. Әр баланы  қабілетімен  мүмкіндік  деңгейіне  қарай  оқыту, балалардың  әртүрлі  топ  ерекшеліктеріне  сәйкес оқытуды  бейімдеу, ыңғайлау.

         Модульдік оқыту  технологиясы- оқытудың  тұтас  технологиясын жобалау, алға  қойған  мақсатқа  жетуді  көздейтін  педагогикалық  үдерісті  ұйымдастыру  тәрбиешіге  нәтижені  талдап, түсіндіріп  бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін  жұмыстарда  кездесетін қиыншылықтарын алдын алу және  түзету жұмыстарының  жүйесін  құру.

          Аталған   педагогикалық   технологиялар мен иновациялық құралдарды  балабақшада балалардың жас  ерекшеліктерін ескеріп, әр  сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай  пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз қабылдау  үдерістері  тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған  сәйкес мектепке  дейінгі  балалардың оқу  іс- әрекеттерінде  көрінекілік, ойын  технологиясын  кеңінен қолданған  жөн.

         Тәрбиеші- бала бойына білім  нәрін  себетін  басты  тұлға. Жаңашыл  тәрбиеші  даярлауға  қойылатын  талаптар балаларды оқытудың  жаңа  түрлерімен  қаруландыра  отырып қазіргі  уақыттағы кәсіптік  дағдыларын  игеруге бағытталған  оқытудың  жаңа  жолдарын  енгізуді  көздейді.

Қорытынды.

     Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытындылай келсек. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды     оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке басының қалыптасуымен дамуы болып отыр. Біздің ертеңгі болашағымыз алдымызда өсіп келе жатқан балалар. Сондықтан балаларды заман талабына сай жаңа техналогиялар мен оқыту. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі  мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктерімен қабілетінің дамуына жағдай туғызуымыз қажет. Балалардың ой ұшқырлығына, қызығушылығына құштарлығына қанат бітіру.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының ғылыми әдістемелік, мазмұндық,технологиялық және ресурстық негіздерін жаңарту»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 131 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 1371
    • DOCX 45.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурахметова Кульчайхан Копжасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3520
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой