Инфоурок Другое СтатьиМЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНДА ТРАНСФОРМЕР ОЙЫНШЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНДА ТРАНСФОРМЕР ОЙЫНШЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Скачать материал

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ

ДАМУЫНДА ТРАНСФОРМЕР ОЙЫНШЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ


Ойыншық – ойынның «материалдық негізі»,

ол ойынның қызметінің дамуы үшін керек,

оның көмегімен бала ойындағы

бейнені жасайды,өзін білдіреді.

А.С. Макаренко

Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруда ең басты мәселелердің бірі – мектепке дейінгі мекеме педагогтарының біліктілігін арттыру, өз қызметіне аса жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға қолайлы жағдай туғыза отырып, әрбір педагог баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс.

Қазіргі таңда әдістемелік жұмысты дұрыс жүргізуге кӛп көңіл аударыла отырып, балалардың танымдық, шығармашылық, коммуникативтік, әлеуметтік қабілеттерін жетілдіруге кӛп жұмыстану керек. Сонымен қатар қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда баланың жан-жақты дамуына әсер етуде негізгі тиімді басқару жолдарын іздестіру.

Осы орайда, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы №3 «Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешілері бірлесе отырып, мектепке дейінгі балалардың тұлғасының дамуының негізгі құралдарының бірі – трансформер ойыншық түрін жасаумен айналасып келеді.

«Трансформер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда пішінді өзгерту, түрлендіргіш деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет 1983 жылы Американың «Hasbro’s R&D» ойыншық фирмасының директоры Джордж Дансей осы трансформер ойыншығын ойлап тауып, зерттеп, 1984 жылы шығарып, сол ойыншықты балалар мултьфильмдерінде қолданған.

Трансформер ойыншығының мақсаты: мектепке дейінгі білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үрдісінде мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуына ықпал ету.

Трансформер ойыншығының тиімділігі: мектепке дейінгі балалар бұл ойыншықпен ойнай отырып, олардың тілін және сенсорлық – сезіну қабілеттерінің дамуына әр түрлі мақсат-міндеттерін шешуге ықпал етеді, балалардың ақыл-ойлары, зейіні, еске сақтау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, танымдық қабілеттерін дамытады және мектепке оқуға дайындайды.

Трансформер ойыншығын қолданудағы маңызы: ойыншықты қолдана отырып, баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық қабылдау жүйесін, заттық әрекетті қалыптастыру, баланың қоршаған ортаны бағдарлауын кеңейту және молайту, бала тілін дамытуға, коммуникативті-тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға, тіл мәдениетін, баланың байланыстырып сӛйлеуін және мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын, құрбыларымен және ересектермен жағымды қарым-қатынасын

қалыптастыру жұмыстарын жетілдіруге бағытталған.__

Трансформер ойыншығының қҧндылығы: оның қарапайымдылығында және қолдануға қолайлылығында, оны ата-аналар, арнаулы мамандар (тәрбиешілер, психологтар, логопедтер, дефектологтар және ауытқушылықтарды түзету топтарының мамандары) қолдануға болады.

Осы жылдар ішінде трансформер ойыншығын қолдануда бұл ойыншықтың баланың жас шамасына сай қолдануға және олардың жан-жақты дамуына әсер етуі тиімді екенін байқадық. Трансформер ойыншығы баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектеcсе, сонымен бірге ойыншықпен ойнап жүріп, бала затты танып, оның түрін, көлемін, түсін ажырата білді, есептік арақатынас, сан, кеңістік жайлы түсініктері

қалыптасты.

Трансформер ойыншығымен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелеуге болатынын байқадық. Балабақшада трансформер ойыншығының ең негізгі қызметі, бұл – балалардың жас шамасына сай «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Денсаулық» бес білім беру салалары бойынша дамып жетілуіне әсер ететіндігінде және қызмет атқаратындығында. Ойыншықпен ойнай отырып, балалар берілген сұрақтарға жауап беруге, сонымен бірге әр түрлі дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетілді. Балабақшамызда трансформер ойыншықтарын өз қолымыздан жасап, қолданамыз.

Өз іс-тәжірибемізде қолданатын ойыншықтар түрлері:

«Күнқалқан»

Мақсаты: ойыншық арқылы сандарды дұрыс санауға, түстерді ажыратып сипаттама беруге, геометриялық пішіндерді ажыратуға және балалар өз ойын, пікірін әңгімелеуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру; бұл ойын серуенде отырып дем алатын орын екенін түсіндіру.

Ойыншықпен ойнау шарты: ойыншық түрлі-тісті маталармен безендірілген. «Күнқалқанның» әрбір шатыры тапсырмаларға толы. Ойыншық арқылы бала сандарды дұрыс санайды, түстерді ажыратып, сипаттама береді, геометриялық пішіндерді ажыратады, балалар өз ойын, пікірін әңгімелейді.

«Құмырадағы гүл»

Мақсаты: балалар қолының танымдық қабілеттерін дамыту, екі қол қимылдарының үйлесімі арқылы (қармау, ұстау, жақындату, аудару, беттестіру және т.б.), топтастыру, жүйелеу, қорыту дағдыларын қалыптастыру; түстер (қызыл, жасыл, көк, сары) және геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту; ұзын- қысқа жіптерді ажырату, ілгектерді санау арқылы қарапайым математикасын (сандық қатар) қалыптастыру және заттарды салыстыра білуге үйрету; көзбен тез

байқауды қалыптастыру.

Трансформер ойыншығын қолданғанда ойыншықтағы суреттерді көріп, сол суреттердегі заттардың атын атап, сол заттар туралы тақпақтар оқып, сол заттар бойынша ертегі немесе әңгіме құрастырады және балалардың жас шамасына сай коммуникативтік қабілетін қалыптастырудың бірден-бір жолы екенін ойыншықты оқу-тәрбие үрдісінде қолдану кезінде байқауға болады. Сонымен, қорыта келе, оқу-тәрбие процесінде ойыншықтарды қолдану әрбір педагогқа төмендегідей мүмкіндіктер берді:

- Білім беру бағыттары аясында педагогтың кәсіби шеберлігін, ойын, қиялын үнемі жетілдіріп отырады;

- Ең жоғары деңгейде педагогтардың шығармашылық, жаңашылдық және интеллектуалдық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.

Ал оқу-тәрбие процесінде қолдану әрбір балаға тӛмендегідей мүмкіндіктер берді:

- баланың жан-жақты дамуына жол ашады;

- ең басты бала өміріндегі, өз құрбы балаларымен тығыз қарым-қатынас жасауына жағдай жасайды;

- баллардың тілін және сенсорлық қабілеттерінің дамуындағы әр түрлі мақсат-міндеттерді шешуге ықпал етеді;

- баланың топтастыру, жүйелеу, қорыту дағдыларын қалыптастырады.

Балабақшада осы ойыншықтарды жүйелі қолдану балабақша тәрбиешілерінің оқу-тәрбие үрдісінде жұмыстарын оңтайландыруға көмек көрсететіні айдан анық.

Нәтижесінде:

- Ойыншықтар қоры жинақталды;

- Ойыншықтың мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің орындалуына талдау жасалды;

- Сонымен бірге балабақшада педагогтардың дағдысы мен шығармашылық, танымдық қабілеті жетілді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде балабақшада тәрбиешілердің кәсіби шеберлігінің, ынтасының артқанын байқауға болады.

Мен өз басым өзім жұмыс жасайтын №5 «Жұлдыз» балалар бақшасының оқу-тәрбие процесінде педагогтардың жұмыс нәтижесін байқау және тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуын саралау үшін осы әдісті, әрі көрнекілікті іс-тәжірибеге енілді және соның жақсы нәтиже беретініне сенімдімін.


Әдебиеттер:


1 Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. – М., 1992.

2 Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991.

3 Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНДА ТРАНСФОРМЕР ОЙЫНШЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2016 1789
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баширова Улдай Башбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баширова Улдай Башбаевна
    Баширова Улдай Башбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49576
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой