Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Мектепке дейінгі жастағы балалармен сахналандырылған әрекетті ұйымдастыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мектепке дейінгі жастағы балалармен сахналандырылған әрекетті ұйымдастыру

библиотека
материалов



















Мектепке дейінгі жастағы балалармен сахналандырылған әрекетті ұйымдастыру



























Әдістемелік құрал әдіскерлер және мамандармен бірге балабақшадағы балалары бар ата-аналар үшін де құнды және тиімді болып табылады. Осыған материалдың айқын жүйеленуі, түсінікті етіп жазылуы, балалардың сахналандырылған әрекетін бейнелеу бойынша нақтылық және айқындық мүмкіншілік береді.



Кіріспе


«Баланың рухани өмірі тек оның ертегілер,

шығармашылық, елес, қиял әлемінде

өмір сүрген кезінде ғана толық болады,

онсыз ол кептірілген гүлге айналады.»

В. Сухомлинский.


Баланың тұлғасы әсіресе әр жас кезеңіндегі жетекші болып келетін, оның қызығушылығын, болмысқа қатынасын, қоршаған адамдармен қарым-қатынастарының ерекшелігін танытатын белсенді әрекетінде қалыптасады.

Балабақшаға дейінгі жаста осындай жетекші әрекетке ойын жатады.

Ойында, әсіресе театр ойынында бала тек қоршаған әлем, қоғам заңдары, адамзат қатынастарының сұлулығы туралы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар осы әлемде өмір сүруге, өзінің қатынастарын құруға үйренеді. Бұл тұлғаның шығармашылық белсенділігін (назар, елес, логика, сезімдік жады, жақсы дамыған сөйлеу мен ымды) қажет етеді. Бұл орайда балалардың өмірлерінде болмысты қабылдауға және оған бейімделуге көмектесетін сезімдер маңызды рөл атқарады.

Сахналандырылған әрекетте баланың психикалық өмірінің барлық жақтары көрсетіледі және қалыптасады. Балабақшаға дейінгілердің ойынға қажеттілігін және ойнау ниетін кейбір оқыту міндеттерін орындау үшін пайдалану керек. Ойын толық оқыту үдерісіне енгізілген жағдайда, ол тәрбелеу құралына айнала алады. Ойынды басқару, балалардың ойындағы өмірлерін ұйымдастыру кезінде тәрбиеші бала тұлғасы дамуының сезім, сана-сезім, жігер және жалпы мінез-құлық сияқты барлық жақтарына әсер етеді.

Қазіргі кезде баланың тиімді дамуы үшін барлық педагогикалық ресурстарды пайдалану мәселесі жиі көтеріледі. Осындай ресурстарға толық емес шамада пайдаланылатын, тек балалардың эмоционалдық дамуына бағытталған ойын жатады.

Осы мәселенің өзектілігіне байланысты, «Сахналандырылған әрекет арқылы мектепке дейінгі балалардың ойлау-сөйлеу белсенділігін дамыту» тақырыбы таңдалды.

Ұстаздар және психологтардың ойынша, театр ойыны мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық дамуына әсер етеді (JI.С.Выготский, Л.П.Стрелкова, Б.М. Теплов, А.Н. Леонтьев, Л.В.Артёмова, Н.Ф.Сорокина и др.).

Мектепке дейінгі жасы үлкендеу балалардың театрлық ойынның үдерісіндегі эмоционалдық дамуы мәселесіне талдау жасау, келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:

  • мектепке дейінгі балалар үшін сахналандырылған ойын өмірді ұйымдастыру формасына айналып, олардың психикалық дамуында шешуші маңыздылыққа ие болады;

  • осы қызметтің баланың тұлғасына жан-жақты әсері оны педагогикалық құралдарының ең тиімдісі ретінде қолдануға мүмкіндік береді;

  • психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасау мектепке дейінгі балалардың сахналандырылған ойынның дамуына негіз болып табылады.

  • сахналандырылған ойын сезімдер және терең қасіреттердің даму көзі болып табылады, рухани құндылықтарға қатыстырады;

  • сахналандырылған ойындар баланың эмоционалдық ортасын дамытады, оны кейіпкерлерге және ойнатылған оқиғаларға ниет білдіруге үйретеді.

  • сахналандырылған ойын балаларда эмпатия дамуының маңызды құралы болып табылады, дәлірек айтқанда ым, іс-қимылдар, дауыс ырғағы, түрлі жағдайларда өзіңді адамның орнына қоя алу, жәрдемдесудің барабар тәсілдерін табу арқылы адамның эмоционалдық жағдайын анықтау.

  • мектепке дейінгі балаларға араналған әрбір әдеби шығарма немесе ертегі әрдайым адамгершілік бағыттылығына ие болуына байланысты, сахналандырылған әрекет мінез-құлықтың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сахналандырылған әрекеттің тәлімдік мүмкіндіктері кең болып табылады. Оларға қатысқан балалар бейне, дыбыстар арқылы қоршаған ортамен танысады, ал дұрыс қойылған сұрақтар балаларды ойлауға, талдауға және түйіндеуге мәжбүрлейді.

Кейіпкерлер ілікпе сөздерінің мәнерлілігімен жұмыс істеу барысында баланың сөздігі жандандырылады, сөйлеудің дыбыстық мәдениеті жетілдіріледі. Орындалған рөл баланы жалықтырмай айқын, түсінікті сөйлеуге шақырады, оның грамматикалық құрылымы, диалог жүргізуі жақсарады.

Сахналандырылған әрекет - баланың сезім, әсерленушіліктің және ым, іс-қимылдар, дауыс ырғағы, түрлі жағдайларда өзін адамның орнына қоя алу арқылы адамның эмоционалдық жағдайын анықтаудың даму көзі, деп айта аламыз.

Топпен біз «Улыбка» театрын аштық, ата-аналардың көмегімен көлеңкелі, үстел, қол қуыршықтары және құнсыз материалдан жасалған қуыршақтар сияқты театрлырдың бірнеше түрлерін дайындадық («Веселая компания»).

Сабақтар бір уақытта танымдық, тәрбиелік және дамушы міндеттерін атқарып, тек көрсетілімге дайындықпен шектелмей өткізілуді ескере отырып, біз сахналандырылған әрекет бойынша балалармен жұмыс істеудің перспективалық жоспарын құрастырдық. Осы сабақтардың мазмұны, тәсілдері және құрылымы келесі үш мақсаттарға жетуге міндетті:

- тіл дамуы;

- шығамашылық атмосфераны қалыптастыру;

- балалардың сезімдік дамуы.

Жоспарда балаларды театрға қатыстыру жұмысы; әдеби шығармаларды оқуға және кейіпкерлердің мінездерін түсіну сабақтары; «әртістік шеберлікті» дамыту жұмысы: орындаудың бейнелілігін, дауыс ырғағы және сөйлеу бейнелілігін (техникасын) қалыптастыру жаттығулары, «сахналық бейнені» іске асыру бойынша шығармашылық тапсырмалар; ойындар, жаттығулар, түрлі эмоцияларды білдіру этюдтері; ым этюдтері; ырғақ пластикасы алдын-ала көзделген болатын.

Осындай сабақтардың басты принципі әрбір баланың тәжірибелік әрекеті болып келеді. Әр бала өлеңдерді тек айқын оқып, көріп және естіп қана қалмай, бірақ сонымен қатар кез-келген «түрленуге» дайын болу керек, яғни әртістік шеберлік және режиссер дағдыларының негіздеріне ие болу керек. Біз, ұстаздар үшін, өзіміздің шығармашылық белсенділігімізбен жасқаншақ баланы қысымға түсірудің болдырмауын қадағалау өте маңызды болып келеді, балаларды «әртіс» және «көрермен» деп бөлуге болмайды. Баланың бірдеңені қате істеуге, жаңылуға қорқынышы болмайтын жұмыс істеу атмосферасын қалыптастыру керек.

Өз жұмысымызда біз дамытпалы материалды жинап оны келесі бөлімдерде қолданамыз:

  • Мен және менің сөйлеу қабілетім.

  • Сөзсіз қарым-қатынас жасау.

Уақыттың үлкен бөлігін біз сөйлеуді одан әрі жарқын, айқын ететін сөйлеу жаттығуларына (жаңылтпаштарды айту, суреттер бойынша әңгімелерді, сызбанұсқа арқылы ертегілерді, Пропп карталары бойынша ойдан шығару, ұйқасты табу және т.с.с.) бөлеміз.

Сахналандырылған ойынға дайындық формалар, тәсілдер дәне әдістер кешенінен тұратын айнымайтын және айқын жоспарланған сипатқа ие болады. Жұмыс көркем- сөйлеу, музыкалық-ойын, би, сахналық, ән айту сияқты балалар шығармашылығының алуан түрлерін дамытуға бағытталады. Дамыту ортасын құруға және балалар мен ересектердің бірлескен шығармашылық қызметіне үлкен көңіл бөлінеді.

Нәтижелер балалар арасындағы қатынастардың жақсаруын көрсетеді. Олар бір-біріне деген эмпатиясын жиі көрсете бастады, бір-бірлерімен ынталы түрде өздерінің сезімдері, қасіреттері туралы айтып, сенгіш және ашық бола бастады.

Балалар арасындағы жанжалдық ахуалдардың саны едәуір кеміді. Олар қарым-қатынас етудің вербалдық емес құралдарын (іс-қимыл, ым, қозғалысты) меңгерді; өзінің және қоршаған адамдардың эмоционалдық жағдайын түсінуге және сезінуге үйренді; сөйлеуі айқын болды; олар өзіне сенімді болды, қорқақтықты жеңіп шығуға, бірге мазасыздануға үйренді; балалардың сахналандырылған ойынға қызығушылығы пайда болды.

Осылайша, мазмұны баланың эмоционалдық тәжірибесін көкейтесті ететін сахналандырылған ойындарының толық оқыту үдерісіне жүйелі түрде енгізілуі; сахналандырылған ойынды бақылау бойынша түрлі тәсілдер және әдістердің кешенді пайдаланылуы, түрлі жаттығулар, этюдтердің орындалуы, балалардың қоршаған орта туралы көріністерінің тұрақты байытылуы және өздік ойынның ынталандырылуы, сонымен қатар ересек адамның балаға деген серіктес позициясында тұруы және олардың бірлескен шығармашылық әрекеті- мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық дамуының шарттары болып келеді. Театр әрекеті – балалар шығармаларының кең тараған түрі,сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды бұл әрекетке үйрету,маңызды мақсаттардың бірі.

Театр әрекеті-бұл эстетикалық дамуға көп әсер етеді,сондықтан театр жанрларының көп түрімен күрделенген.Бұл әрекеттің ең маңыздысы шығармалардағы ертегі кейіпкерлерінің әлемінде,мимика арқылы,би қимылдары арқылы,кейіпкерлердің атынан диалогтар арқылы,кейіпкерлердің атынан диалогтар арқылы сөйлегенде мазмұнын түсініп талдауда өз шығармашылықтарын дамытады.

Балаларда қарым-қатынас жасайтын екі тіл бар.1.сөйлесу,дара сөздер,түсінісу,қарым-қатынас жасау.

2.Эмоциялар,күлкілер,мимика,жымию,уайым.Театр әрекеті екінші тілді дамытуда өте маңызды.Театр ойындары мен қойылымдар балаларды елес әлеміне оңай енуге,немесе өзінің және басқа адамдардың кемшіліктерін бағалауға үйретеді.

Тілді дамытуға арналған жаттығулар арқылы балалардың тілдік аппараты,тілі,дыбыстарды дұрыс және нақты айтуларына үйретеді.

Балаларға көбінесе қуыршақ театры ұнайды.Ересек топтың балалары рөлдерді өздері сомдағанды жақсы көреді.Балалардың ойлау арқылы тілдері де дамиды.Театр әрекеті арқылы балалардың театрға деген қызығушылықтары арта түседі.Кейбір балалардың тілдері шорқақ болады.Ондай балалармен суреттер арқылы көп жұмыс жасау керек.Баланы әр түрлі қойылымдарға көбірек қатыстыру керек.Баланың тілін дамыту үшін шағын тақпақтар,жаңылтпаштар жаттату керек. Баламен тек балабақшада ғана емес,үйде де ата-анасы көбірек шұғылдану керек.

Сәбилер тобындағы балалар театрдағы кейіпкерлерді жақсы,жаман деп қана айта алады.Естияр,ересек тобындағы балалармен бірге шағын ертегілер құрастыруға болады.Ертегі біріңғай оқи берген балаларға қызықты емес.Сол ертегіні сомдағанды ұнатады.Ертегіні сомдау арқылы тілдері дамиды.



Сахналандырылған әрекетті ұйымдастыру бойынша жұмыс істеу жүйесі

Сахналандырылған ойындар негізінен мерекелерде болатын «ойын-сауық» ретінде жүргізіледі. Жақсы нәтижелерге жету мақсаты ұстаздарды балалармен тек мәтіндерді ғана емес, сонымен қатар жеке және топ жаттығуларының ақталмаған үлкен саны барысында дауыс ырғағы мен қимылдарды жаттауға мәжбүр етеді. Баланы «жақсы әртіс» болуға үйретеді. Нәтижесінде, ойын-сауық өтті, спектакль көрермендерге ұнады. Бірақ балалармен осындай әдіспен меңгерілген дағдылар ерікті ойнау әрекетінде қолданылмайды. Әрине, спектакльге дайындық және оның өзі ойынға мүлдем ұқсамайды!

Сахналандырылған ойынды ұйымдастырудың келесі беталысын ересектің араласуынсыз деп атауға болады. Бірақ, шындығында бұл назардың мүлдем болмауына әкеледі, ойын қызметінің осындай түрінде: балалар өздері жалғыз жұмыс істейді, ал тәрбиеші тек «театрға» қатысты атрибуттарды дайындайды. Топтан топқа балалар қалпақ-маскалардың біртипті жинағын, костюм бөліктерін, кейіпкер фигуркаларын таңдап жүреді...Мектепке дейінгі жастағы кіші балалар үшін біріншіден бұл басқа киім кию мүмкіндігімен, яғни- өзгерумен ұнайды, ал мектепке дейінгі үлкен балаларды енді бұл қанағаттандырмайды, себебі бұл олардың танымдық қызығушылықтарына, психикалық үдерістердің даму деңгейіне және шығармашылық әрекетіндегі өзін жүзеге асыру мүмкіндктерінің өсуіне лайықты болмайды. Нәтижесінде, 5-7 жастағы балалардың сахналандыруға деген қызығушылықтың және қажеттіліктің барына қарамастан, ойын тәжірибесіндегі оның толық-дерлік болмауы. Осы уақытта музыкалық жетекші топқа спектакльдің жаңа сценариін әкелді...Тізбек тұйықталды, және дербес шығармашылық сахналандыру ойынында оған орын қалған жоқ...

Сахналандырылған ойынның дамушы әлеуеті мен мектепке дейінгі мекемеде оның жеткіліксіз қолданылуы арасындағы қарама-қайшылық тек ғылыми түрде дәлелденген және тәжірибелік- бағдарланған педагогикалық технологиялардың жағдайында ғана шешіледі. Оны түсіну үшін, біріншіден сахналандырылған ойын дамуы концепциясының негізінде жатқан негізгі теориялық идеяларды ашу, ұғымдарды анықтау керек.

Сахналандырылған ойындарға тән ерекшеліктер- мазмұндарының әдеби немесе фольклорлық негізі және көрермендердің бар болуы (Л.В. Артемова, Л.В. Ворошнина, Л.С. Фурмина және т.б.). Оларды екі негізгі топқа бөлуге болады: драматизация және режиссер топтары (олардың әрқайсысы, өз кезегінде, бірнеше түрлерге бөлшектенеді).

Драматизация ойындарында бала «әртіс» рөлін атқарып, вербалдық және вербалдық емес айқындықтың кешенді құралдарының көмегімен өз бейнесін құрастырады. Драматизация ойындарының түрлеріне жануарлар, адамдар және әдеби кейіпкерлердің бейнесіне еліктеу; мәтін негізіндегі рөлдік диалогтар; шығармаларды сахналау; бір немесе бірнеше шығармалардың негізінде спектакльдерді қою; алдын-ала дайындықсыз сюжетті (немесе бірнеше сюжеттерді) сахналаумен жүзеге асырылатын суырыпсалма ойындар жатады.

Режиссер ойынындағы «әртістер» ойыншықтар немесе олардың орынбасарлары болып табылады, ал бала «сценарист және режиссер» рөлін атқарып, «әртістерді» басқарады. Кейіпкелерді «дыбыстандырып» және сюжетті түсіндіріп, ол вербалдық бейнеліліктің түрлі құралдарын қолданады. Режиссер ойындарының түрлері үстел, жазықтық және көлемді, ойыншық (бибабо, саусақтық, қуыршақтар және т.б.) сияқты балабақшаларда пайдаланылатын театр алуан-түрлілігіне байланысты айқындалады.

Барлық сахналандырылған ойындарға тән қасиет көрермендердің бар болуы. Сонымен қатар, олар әдеби және көркем шығармашылықпен (А.Н. Леонтьев) байланысты «шекара» қызметін көрсетеді. Сахналандырылған ойынды (әсіресе драматизацияны) назардың ойын үдерісінен оның нәтижесіне ауысуы сипаттайды, бұл тек қатысқандарға ғана емес, сонымен қатар көрермендерге де қызықты болып келеді. Оны көркем әрекетінің түрі ретінде қарастыруға болады, бұл сахналандырылған әрекеттің дамуын көркем қызметінің мәнмәтінінде жүзеге асырылуының орынды болуын білдіреді.

Қалыптасу генезисі Н.А. Ветлугинамен ашылған болатын. Оның пікірінше, көркем әрекеті қабылдау, орындау (арнаулы шеберліктердің дамуы ретінде) және шығармашылық сияқты үш кезеңдерден тұрады.

Ешбір күмәнсіз, мектепке дейінгі балалардың бейнелі, әдеби және музыкалық әрекеттерінің дамуы көркем әрекетінің жалпы қалыптасу мәнмәтінінде жүзеге асырылады. Бірақ театр қызметіне деген осындай көзқарас жеткіліксіз түрде жетілдірілген.

Сонымен, сахналандырылған әрекетті дамыту бойынша жұмыс істеу жүйесі үш кезеңге бөлінеді:

  1. Әдеби және фольклорлық шығармалардың көркем түрде қабылдануы;

  2. Негізгі («әртіс», «режиссер») және қосымша («сценарист», «көркемдеуші», «костюмер») позицияларға тұру үшін арнайы дағдыларды меңгеру;

  3. Өзіндік шығармашылық әрекеті.

Педагогикалық міндет қыбылдау, ойлау, қиялдау, сөйлеу бір-бірлерімен тығыз байланыста болатын және бала белсенділігінің алуан түрлерінде (сөйлеу, қимыл және музыкалық) кездесетін сахналандырылған әрекетінің синтетикалық табиғатымен қиындатылады.

Демек, сахналандырылған әрекет интегративтік болып келеді, және белсенділік пен шығармашылық үш аспектілерде байқалады:

Біріншіден, драмалық мазмұнын қалыптастыру, яғни берілген әдеби мәтін сюжетін интерпретациялау, ой елегінен қайта өткізу немесе вариациялық не өзінің сюжетін ойлап шығару;

Екіншіден, өз ниетінің орындалуы, яғни бейнеліліктің дауыс ырғағы, ым, пантомимика, іс-қимыл, әуен сияқты түрлі құралдары арқылы көркем бейнені жөнді жүзеге асыру ептілігі.

Үшіншіден, спектакльдің рәсімдеуіне сахна суреті, костюм, музыкалық сүйемелдеу, жарнамалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуы (таңдау, дайындау және ерекше қолдануы) жатады.

Сахналандырылған әрекеттің осындай ерекшеліктеріне байланысты оған көбінесе «сахналандырылған-ойын әрекеті» термині қолданылады, бұл педагогикалық жұмыста кейбір қиындықтарды тудырады, себебі бұл баланың ойындағы еркіндігі және театрдың міндетті мазмұндық негізі; суырыпсалма ойыны мен сахналандыруға дайындықтың кезеңділігі араларындағы және ойында- үдерістің өзіне, ал театрда нәтижесіне назар қою сияқты қарама-қайшылықтар тізбесіне ие болады. Бұл қарама-қайшылықтар мектепке дейінгі баланың бағалы еркін және шығармашылық қызметі ретінде театралдық-ойнау әрекетін ұйымдастыру шартында шешіледі.

Балалардың сахналандырылған-ойнау әрекеті екі өзара байланысқан аспектілерде қарастырылады:

  • әдеби, музыкалық және бейнелі сияқты әрекет түрлерімен біріктірілген көркем әрекетінің түрі ретінде;

  • баланың өздік ойнау тәжірибесінде болатын шығармашылық сюжеттік ойын ретінде; Осылайша балаға өз ойын еркін білдіру мүмкіндігін беру және балалардың өздік әрекеттеріндегі сахналандырылған ойынның бар болуы арқылы жанама бақылау жүзеге асырылады.

Алғашқы теориялық жағдайлар осылар. Енді мақсаттар, міндеттер ерекшеліктерін және тәрбиешінің түрлі жас топтарымен жұмыс істеудің мазмұнын ашайық.

Мектепке дейінгі жастағы кіші балалармен жұмыс істеудің мазмұны, мақсаты және міндеті.

Сахналандырылған ойын дамуының негізгі бағыттары баланың ересектің театр қойылымын қадағалаудан өздік ойын әрекетіне біртіндеп өтуінен; жеке және «қасында болу» ойындарынан рөлдерді орындайтын үш-бес құрдастарынан тұратын топта ойнаудан; фольклор және әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеттерін еліктеуден іс-қимылдарды кейіпкердің негізгі эмоцияларын жеткізе отырып еліктеу және драматизация ойынына тән «әдеттегі» бейнені құру арқылы рөлді игеруден тұрады.

Жұмыстың міндеттері мен мазмұны.

Ең бастысы балаға таныс ғажаптар, өлеңдер және ертегілердің мазмұнын негізге алып тәрбиеші көрсететін шағын қуыршақтар спектакльдерін қарау үдерісінде сахналандырылған ойындарға деген қызығушылықты тудыру қажет. Содан соң оның кейіпкерлер диалогтарындағы бөлек сөйлемшелерді, бастама және аяқтаманың тұрақты тіркестерін толықтыру арқылы спектакльге қатысу ниетін ынталандыру маңызды болып келеді. Балалар қуыршақтар бас иіп, өздеріне алғыс айтуға және қол шапалақтауға сұрайтын кезіне үлкен назар бөледі. Қол және басқа да театр қуыршақтары сабақтарда, қүнделікті қарым- қатынаста қолданылады. Олардың атынан ересек адам балаларға алғысын білдіреді, оларды мақтайды, олармен амандасады және қоштасады. Сабақтар барысы және ойын-сауық кештеріне ол арнайы костюмді киіп, дауысы мен дауыс ырғағын өзгере отырып драматизация үзінділерін қосады.

Тәрбиеші әрекетінің маңызды аспектісі драматизация ойындарының түрлерін меңгеру арқылы ойын тәжірибесінің біртіндеп кеңейтілуі болып келеді. Осы міндет бала кірісетін ойын тапсырмаларын және драматизация ойындарын жүйелі қиындатылуы арқылы жүзеге асырылады.

Келесі жұмыс қадамдары бар:

Адам, жануар және құстардың бөлек әрекеттеріне еліктеу ойыны (балалар оянып- тартылды, торғайлар қанаттарымен сермендеді) және адамның негізгі сезімдеріне еліктеу (күн шығып- балалар қуанды: күлімсіреді, шапалақтап, орындарында секірді).

Кейіпкердің негізгі сезімдерін білдіруімен қатар жүйелі әрекеттер тізбегіне еліктеу ойыны (көңілді матрешкалар қолдарымен шапалақтап, би билей бастады; қояншық түлкіні көріп, қорқып қалды да ағаштың артына секірді).

Жақсы таныс ертегілер кейіпкерлерінің бейнелеріне еліктеу ойыны (икемсіз аю үйшігіне бара жатыр, батылды әтеш жол бойымен жүріп жатыр).

Музыкамен суырып салып айту ойыны («Көңілді жаңбыр», «Жапырақтар желмен ұшып жолға түседі», «Шырша айналасындағы хоровод»).

Тәрбиеші оқитын өлеңдер және тапқыр сөздер мәтіндерінің негізіндегі бір кейіпкері бар біртақырыптық сөзсіз суырыпсалма ойыны ("Катя, Катя маленька...", "Заинька, попляши...", В. Берестовтың "Больная кукла", А. Бартоның "Снег, снег" шығармалары).

Тәрбиеші айтатын шағын ертегілер, әңгімелер және өлеңдер мәтіндері бойынша суырыпсалма ойындар (3. Александрова "Елочка"; К. Ушинский "Петушок с семьей", "Васька"; Н. Павлова "На машине", "Земляничка"; Е. Чарушин "Утка с утятами").

Ертегілер кейіпкерлерінің рөлдік диалогы ("Рукавичка", "Заюшкина избушка", "Три медведя") Жануарлар туралы ертегілер үзінділерін сахналау ("Теремок", "Кот, петух и лиса").

Халықтық ертегілер ("Колобок", "Репка") және авторлық мәтіндер (В.Сутеев "Под грибом", К. Чуковский "Цыпленок") бойынша бірнеше кейіпкерлермен жүзеге асырылатын бір тақырыптық драматизациялау ойындары.

Осындай жастағы балаларда үстел ойыншықтар театры, үстел жазықтық театры, фланелеграфтағы жазықтық театры және саусақтық театр сияқты режиссерлік сахналандырылған ойындардың бастауыш меңгеруі белгіленеді. Меңгеру үдерісі халық және авторлық өлеңдер, ертегілер, әңгімелер ("Этот пальчик - дедушка...", "Тили- бом", К. Ушинский "Петушок с семьей", А. Барто "Игрушки", В. Сутеев "Цыпленок и утенок") мәтіндерінің қысқа қойылымдарынан тұрады. Бала берілген тақырыптар бойынша ересектермен бірегей суырып салып айту кезінде саусақ театрының мүсіндерін қолдана бастайды.

Ойнау тәжірибесінің байытылуы тек арнайы ойнау қабілеттерінің дамуы жағдайында ғана мүмкін болады.

Қабілеттердің бірінші тобы “көрермен” позициясын меңгерумен байланысты (тілектестік көрермен болу, соңына дейін қарап тыңдай алу, шапалақтау және әртістерге ризашылығын білдіру қабілеті).

Қабілеттердің екінші тобы кейіпкер бейнесін, оның сезімдері және әсерленушіліктерін жеткізу үшін мәнерліліктің кейбір құралдарын (ым, қимыл, қозғалыс, дауыс күші және құбылысы, сөйлеу ырғағын) пайдалана алу және режиссерлік сахналандырылған ойынында қуыршақ немесе кейіпкер фигуркасын дұрыс ұстап “жүргізу” қабілеті жататын “әртіс” позициясының алғаш қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Қабілеттердің үшінші тобы- бұл ойынның басқа қатысушыларымен өзара әрекет жасау қабілеті: тату ойнау, ұрыспау, ұнайтын рөлдерді кезекпен орындау және т.б.

Тәрбиешінің қызметі балалармен жұмыс істеудің маңызды бөлігі болып табылатын шығармашылық және импрвизацияға деген қызығушылықты ынталандыруға бағытталуы жөн.

Біртіндеп олар театр қуыршақтарымен ойын қарым-қатынас ету үдерісіне еніп, содан соң “Танысу”, “Көмек көрсету”, “Жануардың өз тұлымен сөйлесуі” және т.б сияқты ересекпен бірегей жасалынатын суырып салма айтыстарға ене бастайды. Балаларда еркін тақырыпқа негізделген драмалық миниатюраларға (“Күн мен жаңбыр”, “Орманда”, “Көңілді маймылдар”, “Марғаулар ойнауда” және т.с.с.) қатысу ниеті дамиды.

Орташа мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеудің мақсаттары, міндеттері мен мазмұны.

Сахналандырылған ойын дамуының негізгі бағыттары баланың “өзі үшін” ойынынан көрерменге негізделген ойынға; ең бастысы- ойнау үдерісінің өзі болып келетін ойыннан үдеріс пен нәтижесі маңызды болып келетін ойынға; ұқсас (параллельді) рөлдерді орындайтын құрдастардың кіші топ ойынынан рөлдік позициялары әр-түрлі болып келетін (теңдік, бағындыру, басқару) бес-жеті құрдас балалардан тұратын ойынға; драматизация ойынында «қарапайым» бейнені құрудан сезімдер, көңіл-күйі, кейіпкер жағдайлары, олардың аусыуымен тіркесетін толық бейнені жүзеге асыруға дейінгі ойындарға біртіндеп өтуінен тұрады.

Жұмыс міндеттері және мазмұны.

Осындай жаста сахналандырылған ойындарға деген қызығушылықтың артуы бастау алады. 4-5 жастағы балалармен тәрбиешінің жұмысы олардың сахналандырылған ойындарға қызығушылығын ұстануынан, белгілі бір ойын түрін таңдаумен (драматизация немесе режиссерлік) анықталған дифференциациясы және өз ойын білдіру құралы ретінде ойын қызығушылығы уәжінің қалыптасуынан тұруы керек.

Балалардың театрлық-ойнау тәжірибесінің кеңейтілуі драматизациялау ойынын меңгеруінен жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі кіші жастағы бала меңгерген ойын тапсырмалары және драматизация ойындарының барлық түрлері-дерлік орташа мектепке дейінгі жастағы бала үшін тиімді және қызықты болады. Күрделілендіруге қазіргіден бастап мазмұнының күрделілігімен, мағыналық және эмоционалдық бүкпе мән барымен, кейіпкерлердің көз тартарлық келбеттерімен және соны тілдік құралдармен ерекшелінетін мәтіндер жатады. Аталған ойындардан басқа, балалармен жұмыс істеуде төмендегілер қолданылады:

Жануарлар туралы екі- үш бөлімді ертегілер және сиқырлы ертегілер мәтіндеріне негізделген көпкейіпкерлік драматизация-ойындары ("Зимовье зверей", "Лиса и волк", "Гуси-лебеди", "Красная Шапочка");

“Балалар және олардың ойындары”, “Балалар мен аңдар”, “Ересектердің еңбегі” тақырыптарындағы әңгмелер мәтіндері бойынша драматизация-ойындары;

Шығарма бойынша спектакль қою.

Репродуктивті және импровизациялық сипаттағы бейнелі-ойын этюдтері мазмұндық негізді құрайды (мысалы “Менің не істейтінімді ойлап тап”, “Менімен жаңа не болғанын ойлап тап”, “Әдеби кейіпкерді атамай, көрсет” және т.с.с.).

Ойын тәжірибесінің кеңейтілуі, сонымен қатар сахналандырылған ойынды меңгеру арқылы жүзеге асырылады. 4-5 жастағы бала жұмсақ ойыншықтар, тоқылған театр, конустік театр, халықытық ойыншық және жазықтық пішіндердің театры сияқты үстел театрының алуан түрлерін меңгереді. Гапиттегі қуыршықтармен әрекет жасау жаңа мазмұн болып келеді. Салт қуыршақтар театры (пердесіз, ал оқу жылының соңына қарай пердемен), қасықтар театры және т.б. да балаларға қолжетімді болып келеді. Балалар шығармашылық және прозалық мәтіндер (С. Маршак "Сказка о глупом мышонке"; К. Чуковский "Путаница") бойынша қойылымдарды көрсетеді. Саусақ театры бала таныс өлеңдер және қызықтардың негізінде айтысқан кезде және өз сөзін қиын емес әрекеттермен ("Жили у бабуси"; С. Михалков "Котята"; Л. Зубкова "Мы делили апельсин") жалғастырып көбінесе өздік әрекет ету кезінде қолданылады.

Мектепке дейінгілердің театралдық-ойын қабілеттері маңызды түрде күрделінеді.

Қабілеттердің бірінші тобы “көрермен” позициясының одан әрі дамуын қамтамасыз етеді (зейінді және тілектестік көрермен болу; көрермен мәдениетінің элементтерін көрсету: спектакль кезінде өз орнын босамау, “сахнада” болғанына дұрыс қарау, “әртістердің” сөздеріне құлақ салу, шапалақ арқылы оларға ризашылығын білдіру; құрдас- “әртістер” ойнауын оң бағалау).

Қабілеттердің екінші тобы “әртіс” позициясын жетілдіруімен байланысты. Негізінен бұл кейіпкер бейнесін, оның сезімдерін, олардың дамуын және өзгертуін көрсету үшін (Маша орманда адасып кетті де қорықты, үйшікті көріп- таңқалды, аюды қалай алдағанын ойлап тапты да қуанды), кейіпкердің дене ерекшеліктерін, мінезінің кейбір ерекшеліктерін көрсету үшін (Кәрі шал бар күшімен шалқанды тартты; немере қызы ынтасыз тартты, себебі қашып өз құрбыларымен ойнағысы келді, тышқан мысықты қорыққаны соншалықты, бар күшімен тартуда) вербалдық емес (ым, қимылдар, дене күйі, қозғалыс) және екпіндік мәнерлілік құралдарын қолдана алу қабілетін білдіреді. Қуыршақты “басқару” қабілеті де дамиды: оны көрермендерге көрсетпей ұстау, режиссерлік сахналандырылған ойынында кездесу және қоштасуды, келісу және келіспеуді көрсететін жүріс, жүгіріс, секіріс, ым және қимылдарды еліктей отырып қуыршақты немесе кейіпкер фигуркасын дұрыс “жүргізу”.

Қабілеттердің үшінші тобы режиссерлік сахналандырылған ойынында “режиссер” позициясының бастауыш меңгеруін қамтамасыз етеді, дәлірек айтқанда үстел жазықтығында ойын кеңісітігін құрай алу, оны өз қалауынша ойыншықтармен және фигуркалармен толықтыру.

Төртінші топ балаға “спектакль көркемдеушісі” негізгі қабілеттерін игеруге мүмкіндік береді. Бұл ойын орнын, атрибуттарын таңдау, костюмдердің материалдары мен элементтерін вариациялы пайдалану, ойынға жетіспейтін атрибуттарды жасау үдерісіне кірісуді білдіреді.

Ойынның басқа қатысушыларымен көңілді өзара әрекеттесуіне бағытталған қабілеттердің бесінші тобы келісу, рөлдік қатынастарды орнату, ойын үдерісіндегі шиеленістерді шешудің қарапайым тәсілдеріне ие болудан тұрады.

Тәрбиеші баланың ойын мазмұнын ойлап табу және мәнерліліктің түрлі құралдары көмегімен ойластырылған бейнені жүзеге асыру үдерісінде шығармашылық және суырып салып айтуға қызығушылығын арттыруға көңіл бөлуі жөн. Айтыс кейіпкерлер бейнесін жүзеге асыру тәсілдерін талқылау және театр ойыны қорытындыларын талдау кезеңінде жұмыстың негізі болып табылады. Балаларды бір кейіпкерді, оқиғаны және сюжетті түрлі тәсілдермен айрықша көрсете алатындығы идеясына үйретеді. Ойластырылған нәрселерді жүзеге асырудың өздік тәсілдерін ойлап табуға, ересекке немесе басқа балаға еліктеу негізінде әрекет етпей, мәтін мазмұнын түсінгеніне байланысты ойнау ықыласын ынталандыру керек.

Мектепке дейінгі жастағы үлкендеу балалармен жұмыс істеудің мақсаттары, міндеттері және мазмұны.

Театр ойыны дамуының негізгі бағыттары баланың бір әдеби немесе фольклор мәтінінен сюжетті еркін құрастырып контаминация ойынына; кейіпкер ерекшеліктерін көрсету үшін мәнерлілік құралдары қолданатын ойыннан кейіпкер бейнесі арқылы өз- өзін көрсету құралы ретіндегі ойынға; ең маңыздысы «әртіс» болып келетін ойыннан, «әртіс», «режиссер», «сценарист», «көркемдеуші», «костюмер» позициялар кешені ұсынылған, бірақ балалардың жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарына байланысты таңдауы тек біреуімен байланысты болатын ойынға; сахналандырылған ойыннан өз ойын білдіру және қабілеттіліктерінің жүзеге асыылуының құралы ретінде театралдық-ойын әрекетке біртіндеп өтуінен тұрады.

Жұмыс міндеттері мен мазмұны.

Біріншісі- балалардың сахналандырылған ойындарына жағымды көзқарасын қалыптастыру. Бұл олардың сахналандырылған ойындарының белгілі бір түріне, кейіпкер бейнесіне және сюжетке қызығушылығын тереңдету, театр мәдениетіне қызығушылықтың бары, театр қызметіндегі өз ойын білдіру қабілеттілігі және қызығушылықтың барымен немесе жоқтығымен байланысты ойынға деген оң немесе енжарлық қатынасының себептерін ұғынуды тұспалдайды.

Ересек адам мен балалардың бірегей қызметінің жаңа аспектісі балаларды театр мәдениетіне араластыру болып келеді, дәлірек айтқанда театр міндетімен, оның Ресейде пайда болу тарихымен, театр ғимараты құрылымымен, театрда жұмыс істейтін адамдар қызметімен, берілген мамандықтың жарқын өкілдерімен, театр өнерінің түрлері мен жанрларымен (драмалық, музыкалды, қуыршақ, аңдар театры, клоунада және т.б.) таныстыру.

Мектепке дейінгі үлкендеу жаста драматизация ойындарының алуан түрлерін және режиссерлік сахналандырылған ойыдардың меңгеруіне байланысты театр ойнау тәжірибесінің тереңдеуі жүзеге асырылады. Драматизация ойыны тәжірибесінің тереңдеуі балалардың одан әрі белсенді және ойындар мазмұнын таңдауда тәуелсіз болуымен, таңдауға шығармашылық көзқараспен қараумен түсіндіріледі. Мектепке дейінгі үлкендеу бала үшін бейнелі ойындар этюдтері, суырып салып айту ойындары және сахналаумен бірге спектакльдердің өздік қойылымы, оның ішінде бірнеше әдеби шығармалардан тұратын “коллаж” негізіндегі қойылымдар қолжетімді болып келеді. Мысалы, “А.С Пушкин ертегілеріне саяхат”, “Ш. Перро ертегі кейіпкерлерінің жаңа оқиғалары”, және т.б. Режиссерлік ойынның тәжірибесі қуыршақтар, “тірі қолды” қуыршақтар және таяқша қуыршақтардың көмегімен байытылады.

Қойылымдар үшін мәтіндер күрделіне бастады. Олар тереңдетілген адамгершілік мағынасымен және жасырын бүкпе мәнімен, оның ішінде әзіл-оспақ мәнімен ерекшелінеді. Театр ойынында жануарлар туралы орыс халық аңыз әңгімелері (“Түлкі және тырна”, “Қоян мен кірпі”), Л. Толстой, И. Крылов, Г.Х.Андерсен, М. Зощенко, Н. Носов шығармалары қолданыла бастады.

6 жастан кейінгі балалар ойындарының айқын ерекшелігі олардың тіл жоспарына жарым-жарты өтуі болып табылады. Бұл сюжет ойындары алуан түрлерінің, оның ішінде қиялдау ойындарының бірігу беталысымен түсіндіріледі. Ол ақиқат, әдеби және қиял жоспарлары бір-бірлерін толықтыратын сахналандырылған ойындарының негізгі немесе маңызды бөлігіне айналады. Мектепке дейінгі үлкендеу балалар үшін “жалғасы бар” ойындары тән болып келеді. Олар өздері үшін жаңа театр, спектакль қойылымына қатысатын адамдар қызметімен танысу негізінде рөлдік және театр ойындарының үйлесуін болжалдайтын “Театрға” ойынын меңгереді.

Балаларда ойын позициялары кешенін меңгеруін қамтамасыз ететін арнайы қабілеттер дамиды.

Қабілеттердің бірінші тобы “ақылды, мейірімді кеңес беруші” ретіндегі көрермен позициясын жетілдіруімен байланысты.

Екінші топ “әртіс” позициясының тереңдетілуін, спектакль идеясы мен кейіпкеріне өз ойын білдіру және вербалдық емес, екпіндік және тілдік мәнерлілік құралдарының кешені көмегімен өзін көрсете білу қабілеттігінің дамытуын түсіндіреді.

Үшінші топ “режиссер-сценарист” позициясының қалыптасуын қамтамасыз етеді, бұл тек өз күшімен ғана емес, сонымен қатар басқа балалардың қызметін ұйымдастыра отырып ниеттерін жүзеге асыру қабілетін білдіреді.

Төртінші топ балаға көркемдеуші-костюмер шеберліктерін меңгеруге мүмкіндік береді, дәлірек айтқанда “сахна” және “көрермендер залы” орындарын тағайындау, орынбасар-заттарды, өздігінен жасалған атрибуттарды және костюм элементтерін таңдап, оларды шығармашылық түрде қолдану және жарнаманы, шақыру қағаздары мен т.б. жасап шығару қабілеттеріне ие болу.

Қабілеттердің бесінші тобы ойынды жоспарлау, оның үдерісі және театр қойылымының қорытындыларын талдау кезінде құрдастарымен қарым-қатынас жасаудың оң тәсілдерінің қолданылуын түсіндіреді.

Балалар өз дербестігі мен субъективтік позициясын тетар ойынында жарқын және сан-қилы түрде білдіре алады. Бұл сонымен қатар ойын мазмұнын ойлап шығару және ойластырылған бейнені мәнерлілік құралдар арқылы жүзеге асыру үдерісінде олардың шығармашылық және суырып салып айту қызығушылығын ынталандыру арқылы іске асырылады. Нақты мысалдар арқылы, балаға “ең жақсы суырып салып айту әрдайым дайындалған” түсінігін ұғынуға көмектесу керек. Дайындық өткен тәжірибенің барымен, мәтін мазмұнын түсіндіріп беру және өз пиғылдарын жүзеге асыру үшін түрлі құралдарды меңгерудің белгілі бір деңгейімен кейіпкерлер бейнелерін ұғыну қабілетімен және т.б. жүзеге асырылады. Осы мәселенің шешімі балаларға суырып салып айту және өз ойын білдіруге таңдау құқығын ұсынуды талап етеді.

Аталған міндеттер және барлық жас топтарына жататын балалармен жұмыс мазмұнының жүзеге асырылуы сахналандырылған ойын ұйымдастырылуының негізгі қағидаттарының есебін қажет етеді.

Ең бастысы осы әрекеттің ойын (еркін, ықтиярсыз) және әдеби (дайындалған, тиянақты орындалған) құрауыштарын біріктіретін айрықшалықтық қағидаты болып келеді.

Кешенділік қағидаты сахналандырылған ойынның өнердің және баланың шығармашылық әрекетінің алуан түрлілігімен өзара байланысын жорамалдайды.

Айтыс қағидатына сәйкес театр ойыны шығармашылық қызмет ретінде қарастырылады, бұл ересек адам және баланың, балалардың өзара ерекше әрекеттесуінің негізін құрайтын еркін атмосфера, бала бастамасын мадақтау, еліктеу үлгісінің жоқтығы, баланың өз көзқарасына ие болуы, баланың ерекше болуға және өз ойын білдіруге талпынысына себепші болады.

Барлық аталған қағидаттар интегративтілік қағидатында өз бейнесін табады, оған сәйкес сахналандырылған- ойын қызметін дамыту бойынша мақсатты жұмыс толық педагогикалық үдеріске енеді. Осыған қоса бұл әдеби қызметтің кезеңдерін есептеумен театр бойынша жұмысты ұйымдастыруды жорамалдайды.

Бірінші кезең әдеби мәтіннің (мазмұны, мағыналық және эмоционалдық бүкпе мәні және бейнелік) көркем қабылдауының тереңдетілуіне арналады. Жұмыстың мақсаты да осыдан- театр үшін шығарма тақырыбы мен идеясына байланысты танымдық және эмоционалдық тәжірибенің байытылуы. Оның жүзеге асырылуы балалардың танымдық және тіл дамуы, сонымен қатар әдеби шығарманың мазмұнына байланысты бейнелі және музыкалық әрекеті бойынша сабақтардың өткізілуін қажет етеді. Тәрбиеші мен балалардың бірегей әрекетінде сабақтардан тыс мәтінмен танысу, қабылдауды тереңдету бойынша жұмыстар (сұхбаттар, кітап суреттемелерін қарау, аудиожазбаларды тыңдау және талдау, дидактикалық ойындар, лексикалық жаттығулар, сұрақ-жауап сайыстары және т.б.) өткізіледі. Заттай дамитын ортаның материалдары балалардың кітаппен қатынас жасау қызығушылығына жағдай жасайды.

Екінші кезең вербалдық емес, дауыс ырғағы және тіл мәнерлілігінің құралдары көмегімен бейнелерді жеткізу қабілеттерін дамыту мақсатына ие болады. Оны жүзеге асырудың негізгі әдісі бейнелі-ойын этюдтері болып келеді. Бейне құру- мектепке дейінгі балалар үшін қиын тапсырма, сондықтан ол үшін арнаулы жұмыс керек. Әдеби шығарманың кейіпкерлерін, олардың жасаған қылықтарының уәждерін, жағдайлары мен көңілдерін балалармен тереңдетіліп түсінуіне, танымдық және сөйлеу дамуы, бейнелі және музыкалық қызметі бойынша сабақтар, мәтіндермен қозғалмалы ойындар, лексикалық жаттығулар, көрнекіліктің алуан түрлерінің қарастырылуы және т.с.с. мүмкіндік туғызады.

Заттай дамитын орта мәтін негізінде балалардың өздік ойын және көркем әрекетін қалыптастыруы жөн.

Үшінші кезең “көрермен”, “әртіс”, “сценарист-режиссер”, “көркемдеуші-костюмер” сияқты ойын позицияларын меңгерген үдерісінде баланың көркем қызметінің тілдік, ойын және басқа да түрлеріндегі шығармашылығымен байланысты. Бұл мақсат бейнелі қызмет сабақтарында (жарнаманы ұжымдық түрде салу; шақыру қағаздарын әзірлеу) қаншалықты жүзеге асырылса, соншалықты тәрбиеші мен балалардың бірегей қызметінде де жүзеге асырылады. Үлкен топта сөйлеу шығармашылығын дамыту және спектакль қойылымындағы жұмыс басты адамдардың қызметімен балаларды таныстыру бойынша тереңдетілген жұмыс мақсатты болып табылады. Өздігінен ойнау және сөйлеу әрекеттеріндегі шығармашылық заттай ортамен ынталандырылады.

Осылайша ұйымдастырылған жұмыс, сахналандырылған ойын баланың шығармашылықтың алуан түрлерінде өз ойын білдіру және өзін көрсету, құрдастар тобында өзін-өзі таныту құралы болуына жағдай жасайды. Ал мектепке дейінгілердің балабақшадағы өмірі ойын интеграциясы және театр ойын қызметінде өз бейнесін табатын өнердің алуан түрлеріне байланысты байытылады.


Мектепке дейінгі жастағы балалармен спектакль бойынша жұмыс істеудің негізгі он кезеңі:


  1. Көрініс немесе сахналауды таңдау және оны балалармен талқылау.

  2. Көріністі оқиғаларға бөлу және оларды балаларға өз сөзімен айту.

  3. Суырыпсалма мәтіні бар этюдтер түріндегі бөлек оқиғалармен жұмыс істеу.

  4. Бөлек оқиғалардың музыкалық-пластикалық шешімдерінің ізденісі, билерді қою (қажет жағдайда). Балалармен бірге сахна суреті және костюмдердің нобайларын жасау.

  5. Көрініс мәтініне өту: оқиғалармен жұмыс істеу. Ұсынылған жағдайларды және бөлек кейіпкерлердің мінез-құлықтарының уәждерін нақтылау.

  6. Сөйлеудің мәнерлілігімен және сахналық жағдайларда тәлім түпнұсқалылығымен жұмыс істеу; бөлек мизансценаларды бекіту.

  7. Бөлек оқиғаларды түрлі құраммен сахна суреті мен реквизит (шартты болуы мүмкін) бөліктерімен даярлау, музыкалық сүйемелдеумен.

  8. Костюм элементтері, реквизит және сахна суретімен толық көріністің даярлығы. Спектакль екпін-ырғағын нақтылау. Сахна суреті және реквизиттер үшін жауапты адамдарды тағайындау.

  9. Спектакльдің алғашқы қойылымы. Көрермендер мен балалармен талқылау.

  10. Спектакльдің қайталанатын қойылымдары. Спектакль бойынша балалар суреттерінің көрмесін, стенд немесе фотосуреттері бар альбомдарды дайындау.






















Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық- адамгершілік өрісін және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар



  1. Өзіңді ата”

Мақсаты: Құрдастар ұжымына өзін таныстыра білу

Барысында: Балаға өзінің есімін қалауынша, оны үйінде атағандай немесе оның топта қалайша аталғысы келсе солайша өзін таныстыруға ұсынылады.


  1. Жылы сөзбен шақыр

Мақсаты: Балалардың бір- бірлеріне тілектестік қатынастарын тәрбелеу.

Барысында: Балаға сүйікті құрдасын (қалауынша) жылы сөзбен шақырып, оған допты лақтыруға немесе ойыншықты беруге ұсынылады.


  1. Сиқырлы орындық”

Мақсаты: Ерке болу қабілетін тәрбиелеу, бала сөйлеуінде мейірімді, жылы сөздерді активтендіру.

Барысында: Бір бала ортаға “сиқырлы” орындыққа отырады, қалғандары ол туралы мейірімді, жылы сөздерді, мақтаулы қошеметті айта бастайды. Отырған баланы сипалауға, құшақтауға, сүюге болады.


  1. Сезімдерді тасымалдау”

Мақсаты: Түрлі эмоционалдық жағдайларды вербалдық емес тәсілдермен жеткізуге үйрету.

Барысында: Балаға белгілі-бір сезімді ым, қимыл, қол тию арқылы “тізбекпен” тасымалдау тапсырмасы беріледі. Содан соң олар сол кезде не сезгенін талқылайды.


  1. Түрлену өнері”

Мақсаты: Пластика, ым, қимылдардың көмегімен бейнелеу арқылы заттар және жануарларға түрлену шеберлігіне үйрету.

Барысында: Балалар (кезекпен) белгілі-бір бейнені елестетіп, оны атамай көрсете бастайды. Қалғандары сөз кескінін бере отырып көрсетілгенін ойлап табады.


  1. Досына сыйлық”

Мақсаты: Балалардың заттарды вербалдық емес түрде суреттеу қабілетін дамыту

Барысында: Бір бала “туған күн иесіне” айналып, қалғандары қимылдары және ым арқылы “туған күн иесіне” деген қатынасын жібере отырып оған сыйлықтарды “сыйлайды”.

  1. Мүсінші”

Мақсаты: Құрдастар тобында өзара әрекеттесуге үйрету.

Барысында: Бір бала- мүсінші, үш-бесеуі- саз. Мүсінші ойластырылған жоба бойынша фигураларды тұрғызып, “cаздан” мүсін “жасауда”. Қалғандары көмектесіп, кейін барлығы бірге “композицияға” ат береді.


  1. Түрлі түсті гүлшоқ”

Мақсаты: Қуаныш және ғанибет ала отырып, бір-бірлерімен әрекеттесуге үйрету.

Барысында: Әр бала өзін гүл деп атап өзінің таңдауын түсіндіріп, өзіне гүлшоқ үшін басқа гүлді табады. Содан соң барлық “гүлшоқтар” бір гүлшоққа бірігіп гүлдер хороводын ұйымдастырады.


  1. Шам”

Мақсаты: Өзінің эмоционалдық жағдайын басқару қабілетін дамыту: өзіңді еркін ұстау, өзінің сезімдері және қасіреттері туралы айту.

Барысында: Балалар өздеріне ыңғайлы кейіпінде шам қасында отырады да бірнеше секунд ішінде қалт етпей жалынға қарайды, кейін көзің жұмып, осы уақытта шам сөнеді. Көздерің ашып балалар шам жалынында қандай бейнелерді көргенін, сол уақытта не сезгенін айтады.


  1. Махаббат пирамидасы

Мақсаты: Әлем және оның адамдарына құрметпен, қамқор қарауды тәрбиелеу, коммуникативтілік қабілеттілікті дамыту.

Барысында: Балалар дөңгелекте отырады. Тәрбиеші: “Әрқайсысымыз бірдеңені немесе біреуді сүйеді, біздің бәрімізге осы сезім таныс және әрбіреуіміз оны түрлі етіп білдіреді. Мен өз отбасымды, үйімді, жұмысымды сүйемін. Сендер де кімді және нені сүйетіндеріңді айтып беріңдер”-деді (Балалар әңгімелері). “Ал енді қолдарымыздан махаббат пирамидасын құрастырайық. Мен сүйетінімді атап өз қолымды қоямын, кейін әрқайсысыларың жақсы көретіндеріңді атап өз қолдарыңды саласыңдар” (Балалар пирамиданы құрастырады). “Сендер қол жылуын сезесіңдер ме? Сендерге осы жағдай ұнамды ма? Біздің пирамидамыздың қандай үлкен болғаның қараңыздар. Үлкен, себебі барлығымызды сүйеді және өзіміз де сүйеміз”.


  1. Сиқыршылар”

Мақсаты: Бір-бірлеріне тілектестік қатынастарды, қамқоршылық көрсету және көңіл бөлу ептілігін тәрбиелеуге жалғастыру.

Барысында: Балаларға өздерің сиқыршылар ретінде елестетіп, өзінің және басқалардың тілектерін орындай алатындығы ұсынылады. Мысалы, Жалғасқа біз батылдық береміз, Нұралиге- ептілік және т.б.



Сахналандырылған ойын әрекеті бойынша тәрбиеші және балалардың жұмыс істеу жүйесі


Тәрбиеші: келесі әдебиеттерді пайдаланады, зерттейді, қолданады

Балалармен жұмыс: жоспарлайды және өткізеді

қыркүйек

Л.В. Артемова «Театрализованные игры дошкольников» Книга для воспитателя детского сада. Москва «Просвещение» 1991ж.





Развитие речи детей дошкольного возраста под редакцией Ф.А.Сохина. Москва «Просвещение» 1984 ж.

Таңғы дөңгелек: «Театрдың қандай түрлері біздің тобымызда бар?» (қуыршақ, үстел, суреттер, фланелеграф, көлеңкелі, саусақтық).

«Қандай театрлар болады?» (драма, опера, оперетта, балет, қуыршақ).

Күнделікті қарым-қатынас, мәнерлеп оқу өнері- еліктеу үлгісі.

Драматизация ойындары, суырып салып айтулар- ойдан шығарылған тақырып бойынша алдын-ала дайындықсыз тақырып, сюжетті қою. Кейіпкерлердің іс-қимылдарын еліктеу «Әтештің жүргенің көрсет», «Мысық қаншалықты дауыссыз, ақырын жүргенін көрсет»

қазан




Светлана Ягмурова

«Жила была сказка» Алма-Ата

«Жалын» 1988ж.



П.Корожкова «Обучение рассказыванию в детском саду» Москва «Просвещение» 1978ж.


Фисюкова «Воспитание сказкой»

«Бір жолы күзде» немесе «Жапырақтың жер астындағы саяхаты» және т.б. оқулары

Театр көрінісі (көлеңкелі, саусақтық, қуыршақ, үстел).

Кейіпкерлерді сабақтарда қолдану.

Таныс ертегілер, әңгімелерді өз сөзімен айту.

Суреттер бойынша сабақтар. Ойыншықтар және заттарды суреттеу. Өз тәжірибесінен айту, ертегілер соңын ойлап шығару, қосымша «Егер де сен суретші болсаң». «Ойыншықтар дүкені», «Не неден жасалынды» ойындары (топтасу).

қараша

Т.Н. Караманенко,Ю.Г. Караманенко

«Кукольный театр дошкольникам» Москва «Просвещение» 1982ж.



Театр картинок, игрушек, Петрушек»

В.В.Гербова «Занятия по развитию речи в старшей группе детского сада»

Москва «Просвещение» 1984ж.

Пердедегі қуыршақ жаттығулары (жүреді, жүгіреді, секіреді, ұйықтайды, еңкееді, қол шапалақтайды, қолымен қимылдайды, жоғары көтереді).

Сабақтар: «Лисичка сестричка и серый волк», «Крылатый, мохнатый, да масленый» орыс халықтық ертегілерін айту.

Дыбыстық сөйлеу мәдениеті.

«Жанды сөздер» дидактикалық жаттығуы. Спектакль бойынша жұмыс істеу. «Капризка» ертегісін қою.

желтоқсан

И.Б. Голуб Н.Н.Ушаков

«Путешествие по стране слов. Москва «Просвещение» 1992ж.


М.Ф. Фомичева «Воспитание правильного произношения» Москва «Просвещение» 1981ж., 1966ж.

Өлеңдерді оқу және жаттау.

«Что за слово» В.Поляховский «Добрые слова» О.Дриз

«Будьте добры» Л.Татьяничева «Солнышко встало»

В.Коркин «Простите» Н.Юсупов

Жұмбақтар. Сөйлеу тынысын дамыту, дыбыстардың айтылуын нақтылауға арналған ойындар: «Суретке қара да, оны дұрыстап ата». «Ножки не идут», «Подарок деду Морозу», «Девочка- чумазая» ертегілерімен жұмыс істеу, Ойындардағы рөлдерді таңдау: «Кім ұқсайды», «Кім аяныштырақ сұрайды»

қаңтар

Г.А. Тумакова «Ознакомление дошкольника со звучащим словом» Москва «Просвещение» 1991ж.

JI.B. Артемова «Театрализованные игры дошкольников»

Москва «Просвещение» 1991ж.

Е. Чарушин, В.Осеева, Л. Пантелеева, А.Шибаеваның әдеби шығармаларын оқу.

«Дыбыс», «сөз», «сөйлем» терминдерімен жұмыс істеу.

«Сиқырлы сөздер» сөз ойыны.

Қуыршықтарды сабақтарда пайдалану.

«Петрушкаға дыбысты айтуға көмектес», «Сөзді аяқта», «Кері айт», «Ұйқас жұмбақтар», «Туыстас сөздер» (мамық, мамықша), теңеулер (жылға неге ұқсайды).

Суреттеме (ауа райын қандай сөздермен суреттеуге болады, күн- нұрлы, жылы, жайдары, алтын) Спектакль бойынша жұмыс істеу.

ақпан

Г.С.Швайко «Игры и игровые упражнения для развития речи» Москва «Просвещение» 1988 ж.

В.В. Гербова «Наши руки не для скуки» (домашний кукольный театр)

Москва «Просвещение 1998ж.

Қоршаған орта бойынша білімін кеңейтуге арналған ойындар мен жаттығулар және сөздікті құру. «Сөздер тізбегі», «Сөздің алғаш дыбысын анықта», «Дыбыстың сөздегі орнын тап», «Кім үйшікте тұрады», «Кім заттарын тезірек жинай алады», «Дүкен»

Дыбысты тіл мәдениеті бойынша ойындар мен жаттығулар. «Достар қиыншылықта танылады» спектаклімен жұмыс істеу, диалог жүргізуге, қуыршақтарды ұстауға үйрету.

наурыз

Л.А.Горбушина, А.П.Николаева «Вызазительное чтение» Москва, «Просвещение» 1978ж.

Чистякова «Мимика и жесты»

А. Бартоның «Колосок», «Девочка-чумазая» әдеби шығармаларын сахналау.

Дикция, дауыс қойылымы және сөйлеу техникасымен жұмыс істеу, тыныс, айтылыс, екпін, дыбыс үзілісі, ырғақ және дауыс қарқынына арналған жаттығулар.

Балаларға мәтінді мәнерлеп оқу, талдау жасау.

«Жаман құйрықша», «Любочка және оның көмекшісі» спектакльдері.

сәуір

Л.В. Артемова «Театрализованные игры дошкольников»

Москва «Просвещение» 1991ж.

Бағдаршам мектебіндегі фланелеграфтағы суреттер, суреттердің, ойыншықтардың үстел театры

«Екі сараң аюшықтар»- көлеңкелі театры

«Мальвина Буратиноны оқытады»- қуыршақ театры, саусақтық, «Саяхаттағы оқиғалар» драматизациясы.

мамыр

В.В.Волина «Занимательное азбуковедение» Москва «Просвещение» 1991ж.

Л.В.Артемьева «Театрализованные игры дошкольников» Москва «Просвещение» 1991 ж.

Дыбыстық тіл мәдениетімен жұмыс істеу. К. Чуковскийдің «Федорино гое» шығармасымен, С.Маршактың «Двеннадцать месяцев» ертегісімен жұмыс істеу. Суырып салып айту: «Өзіңді танып біл», К. Чуковскийдің «Телефон» өлеңі бойынша, «Почему кот после еды моется» литовтық халық ертегісінің сарыны бойынша .











































Сахналандырылған әрекетті ұйымдастырудағы тәрбиешінің рөлі

Сахналандырылған әрекетті ұйымдастырудағы ұстаздың ептілігі мен дағдылары


Баланың жан-жақты дамуы үшін театрлық- ойын әрекеті құралдарымен біріншіден мектепке дейінгі білім берудің мақсаттарына сәйкес педагогикалық театр ұйымдастырылады. Ұстаздардың жұмысы қажетті әртістік қасиеттерінің, сахналық пластика және сөйлеу, музыкалық қабілеттіліктердің дамуымен кәсіби жұмыс істеу ниетінің бар болуын талап етеді. Театр тәжірибесі көмегімен ұстаз білім беру аясында оған қажетті білімдерін, ептілігі және дағдыларын жинайды. Ол сабырлы, артистік бола бастайды, режиссерлік қасиеттерге, рөлді асырудың мәнерлілігімен балаларды қызықтыру шеберлігіне иеленеді, оның сөзі бейнелі болады, ым, іс-қимыл, дауыс ырғағы сияқты «сөйлетін» қимылдар қолданылады. Ұстаз мәнерлі оқуға, айтуға, көру және қарауға, тыңдау және естуге қажет болып келеді, кез-келген түрленуге дайын болуы жөн, дәлірек айтқанда әртістік шеберлік негіздері және режиссура дағдыларына ие болуы керек.

Басты шарттар- ересек адамның болып жатқанның барлығына эмоционалдық қатынасы, сезімдерінің адалдығы және шыны. Ұстаздың дауыс интонациясы- еліктеу үлгісі болып келеді. Балабақшадағы театр қызметінің басқаруына төмендегілер кіреді:

  • баланың жалпы мәдениеттің негіздерін тәрбиелеу.

  • балаларды театр өнеріне қосу.

  • балалардың шығармашылық белсенділігін және ойнау қабілеттіктерін дамыту.

Жалпы мәдениет негіздерін тәрбиелеудегі ұстаздың рөлі тұлға тәліміне басты қозғау салатын күші, оның белсенділігінің көзі, уәждеме жүйесінің қиындығының негізі, тұлға өзегі болып келетін баланың рухани қасиеттеріне деген қажеттілікті тәрбиелеу болып келеді. Осыған мораль нормаларын қалыптандыру, балалардың жоғары әдеби үлгілерге деген адамгершілік-құндылық бағыты (музыкада, бейнелі, хореографиялық, театр өнерлерінде, сәулет өнерінде, әдебиетте), қарым-қатынас жасау және түрлі салаларда серіктеспен әрекеттесудің дағдыларын қалыптандыру себепші болады.

Театр ойындары ертегілерді сахналауға негізделген. Орыс халық ертегісі балаларды өзінің оптимизмімен, ізгілігімен, тірінің бәріне сүйіспеншілігімен, өмірді түсінудегі дана айқындығымен, әлсізге жан ашумен, жәдігөйлік және әзіл- оспағымен қуантады, бұл орайда тәлімнің әлеуметтік дағдыларының тәжірибесі қалыптасады, ал сүйікті кейіпкерлер еліктеу үлгілеріне айналады.







Балалармен жұмыс істеудің негізгі бағыттары

Театрлық ойын


Міндеттері: Балаларды кеңістікте орнын табу, алаңда біркелкі орналасу, берілген тақырыпқа серіктеспен диалогты құруға үйрету. Белгілі бір бұлшық ет топтарын еркін ширату және босату, спектакль кейіпкерлерінің сөздерін есте сақтау қабілеттіліктерін дамыту, көру-есту зейінін, жады, аңғарғыштық, бейнелеп ойлау, қиял, елес, сахналық өнерге деген қызығушылықты дамыту.


Ритмопластика

Міндеттері: пәрмен немесе музыкалық сигналға еркін әрекет жасау дағдысын, бірлесіп әрекет ету дайындығын дамыту, қозғалыс координациясын дамыту, берілген қалыптарды есте сақтауға және оларды бейнелі түрде жіберуге үйрету.


Сөйлеу мәдениеті және техникасы

Міндеттері: Сөйлеу тынысын және дұрыс артикуляцияны, айқын дикцияны, түрлі дауыс ырғағы және сөйлеу логикасын дамыту; кіші әңгімелер және ертегілерді ойлап шығаруға, жеңіл ұйқастарды таңдап алуға, жаңылтпаштар және өлеңдерді айтуға, өзінің сөздік қорын толықтыруға үйрету.


Театр мәдениетінің негіздері

Міндеттері: Балаларды театр терминологиясымен, театр өнерінің негізгі түрлерімен таныстыру, театрда өзін ұстау мәдениетін тәрбиелеу.


Спектакль бойынша жұмыс істеу

Міндеттері: Ертегілер бойынша этюдтерді ойлап шығаруға үйрету; елестетілген заттармен әректтесудің дағдыларын дамыту; түрлі эмоционалдық жағдайларды (мұң, қуаныш, ашулану, таңдану, масаттану, аяныш және т. б.) білдіретін дауыс ырғақтарын пайдалану дағдыларын дамыту.













Қуыршақтар түрлері


Театр қызметін ұйымдастыру үшін өнеркәсіптермен өндірілетін ойыншықтар мен қуыршықтарды қолдануға болады (үстел театры, бибабо). Бірақ балалардың өздерімен жасалған ойыншықтар үлкен тәрбиелік құндылыққа ие болады, бұл олардың бейнелі дағдыларын, қол шеберлігін, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытады. Үстел театры үшін қолданылатын ойыншықтар қағаз, картон, поролон, қорабтар, сым, табиғи материалдардан және т.б. жасалануы мүмкін.

Басқару бойынша қуыршақтардың негізгі бес түрлерін ажыратады: марионеткалар, қол, таяқ, таяқшалы, көлеңкелі қуыршақтар. Марионетка- еденде жүретін қуыршақ; оның басы, аяқтары және қолдары жіптерге бекітілген, олардың көмегімен оның үстінде, тұғырда орналасқан әртіс оны жүргізе алады. Қол, таяқ және таяқшалы қуыршықтарды салт орналасқандар деп атайды: әртіс оларды өзінің үстінен ұстайды. Қол қуыршағы тікелей қолға киіледі, таяқ қуыршағымен әртіс екі қолымен жұмыс істейді: біреуімен- корпусты ұстайды, екіншісімен- қуыршақ қолдарына бекітілген таяқтарды басқарады. Көлеңкелі қуыршақ- сахна ретіндегі экранға көлеңке түсетін тірі жәндіктердің тұрпайы көрінісі. Сонымен қатар, фланелеграф, жайпақ ойыншықтар, конус және цилиндр ойыншықтары, поролоннан жасалынған ойыншықтар, магниттік театр, қорабтардан жасалынған ойыншықтар, сөйлейтін ойыншықтар, табиғи материалдардан жасалынған ойыншықтар , саусақтық театр, қол қуыршақтары, қолғап қуыршақтары, картон қуыршықтары, билейтін қуыршақтар және әуе шарынан жасалынған қуыршақтар пайдаланады. Театр қуыршағы Ежелгі Мысыр, Үндістан және Еуропаның түрлі салт жоралары және рәсімдерінде қолданылған рәміз-қуыршағы, зат- қуыршақтарынан бастау алады. Ең ескілері Азия мемлекеттерінің (әсіресе Қытай) қуыршақтары болып танылады.

Театр қызметімен айналысу үшін орын ұйымдастыру

Балабақша топтарында театр қойылымдары, спектакльдер үшін орындар ұйымдастырылған. Онда саусақ, үстел, стенд театрларі, шар және текше пішінді зат театры, қол театрларымен режиссерлік ойындар үшін орын бөлінеді. Онда орналасады:

  • Театрдың алуан түрлері: бибабо, үстел, марионетка, фланелеграф театры және т.б.

  • Көріністер және спектакльдерді сахналау үшін реквизиттер: қуыршақтар жиынтығы, қуыршақ театры үшін перде, костюмдер, костюмдер элементтері, маскалар;

  • Түрлі ойын позициялары үшін атрибуттар: театр реквизиті, грим, декорациялар, режиссер орындығы, сценарийлер, кітаптар, музыкалық шығармалардың үлгілері, көрермендер орындары, жарнамалар, касса, билеттер, қарындаштар, бояулар, желім, қағаз түрлері, табиғи материал.

Театр қызметімен айналысу балаларға қоршаған ортаны тек ертегілерді оқу арқылы зерттеу және танып білуді ғана емес, сонымен қатар онымен жарасымды өмір сүруге, сабақтардан, қызмет әртүрлілігінен, тапсырманың жақсы орындалуынан қанағаттандыруды алуға мүмкіндік береді.

Тақырып: «Білім беру саласы аумағында театралдық әрекетінің моделі»



Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін 2-3 рөлдік қойылымдарға қатысуға ынталандыру.

Ұсынылған рөлдерді ойнау барысында өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдылары мен адамгершілік,мейірімділік ,қамқорлық қасиеттерін көрсетуге ынталандыру.

Театрлық әрекет-бұл балалық шығармашылықтың кең тараған түрі,сондықтан осы әрекетке мектепке дейінгі шақтағы балаларды үйрету,жалпылау ең бір маңызды мақсат болып табылады.

Театрлық әрекет баланың табиғи тумасынан көрініс бере отыра ойынмен тығыз қатынаста,сол себептен ол балаға түсінігіне жақын болғанда, балаға түсінікті болады. Балалармен сөздік жұмыс жасау керек.

Театрлық әрекет сондай-ақ,көрнекілік эстетикалық дамыту бағдарламаның бір бөлігі де болып саналады және ол театрлық түрлі жанрлармен күрделенген.Бұл әрекеттегі ең басты ол ертегі кейіпкерлері тұратын әлем атмосферасын және оның мағынасын түсіне отыра өз түсінігі бойынша өнер құралы яғни мимика ой қимылы кейіпкелері атынан ойластырылған диалог тақырыпшалармен айтып,көрсете білуіне тырысулары болғанда ғана балалық шығармаларымен дамыту қажет.

Театрлық ойындармен қойылымдар балаларға қиял әлеуметін үлкен қызығушылықпен жеңіл енуге,өзінің және басқалардың кемшіліктерін көріп оны бағалауға үйретеді.

Тілін дамытуға арналған жаттығулар арқылы баланың тілдік аппараты,дауысы және тыныс алуы түзеледі,дыбыстарды дұрыс және нақты айтуларына көмектеседі. Балалар ашылып,қарым-қатынасқа тез түсетін бола отыра,өз ойларын нақты құрастыра жеткізуге,қоршаған ортаны жеңіл сезінеді және таниды.Құрбыларының және басқа көрермендер алдында сөз алу баланың рухани және шығармашылық күш қажеттілігін жүзеге асыруды қамтамасыз етіп,балаларға ашыла отыра өз-өзін бағалуы жоғарылайды.

Театрланған ойындарды ұйымдастыру барысында, міндетті түрде өз жұмысымды музыка жетекшісімен ,бала-бақша меңгерушісімен және ата-ананың келісімен,яғни олар балалардың қабілеті жеткіліксіз жерде көмектеседі.Ата-ана көмегі әрдайым қажет.Ата-аналарға өздерінің балаларымен жұмыс атқару ,олармен жалпы қызығушылықта болу тиімді.Мысалы: қасқыр және жеті жеті лақ атты сахналық көріністе ата-аналарға міндетті түрде лақтарға арналған алжапқыштарды тігуді тапсырамын.

Театрланған қызыметті дамыту және балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру қызыметі көзге көрінетін қорытындыларға

жетелейді.Орта деңгейлі жаста дидактикалық ойындарды ойнағанда,ойын үрдісімен шұғылданады ,ал жоғары топ балаларына,негізінен қорытынды ұту және сыйлық маңызды болып табылады.Ойын барысындағы ойламаған жерден туындаған жағдайлар, балалардың жаңашылдықты ойынға берілгендікті,ойыннан жеңімпаз атануға жетелейді.Мұндай ойындарға ең алдымен,алдын-ала дайындық қажет:ертегі оқу,оның басты кейіпкелері жайында балаларға түсіндіремін,ойын драма түрін анықтаймын.Ойын -жұмбақ : «тауып көр неде ойнаймын »атты ойын балаларға таныс емес музыкалық құралдардың дауысын еске сақтауға мүмкіндік туғызады.Мұндай ойындар ешбір асығусыз өткізіледі .Оларда дидактикалық тапсырмалар көркем түрге айналады.Кейіпкерлер ойында өлеңнің бейнесінде беріледі.Ересек балалармен бірге ертегілерді ойдан шығаруға болады.Бұл ойындарда мектепке дейінгі балалар мақалдарды да енгізуге болады «жалқау басқаның еңбегін қалайды» деген түлкі мен қарға ертегісіне келеді.Балалар ертегілерді тыңдап оны сомдағанды өте жақсы көреді.

Сонымен қатар бір жылға теартлық әрекетке жоспар құрамын.

Аптасына бір рет,айына төрт рет ертегіні балаларға саханалаймыз.Мысалы:Бауырсақ,жеті лақ,шалқан,Маша мен аю ертегілерін балалармен бірге саханалаймыз.Ертегідегі кейіпкерлердің жақсы-жаман жақтарын түсіндіремін.

Күтілетін нәтиже:

Бала білуі керек:Ертегінің аттарын,мазмұнын,кейіпкерлерін.

Бала меңгеру керек:Ертегілер бойынша пішіндерді,түстерді айыра білуді,үлкен,кіші,аз,көп,алдында,артында деген ұғымдарды.

Бала жасай білу керек:Тәжірбие арқылы мұз бен ағаштың,қатты мен жұмсақтың ұқсастығы мен айырмашылығын.

Халық ауыз әдебиетінің ерекше орны бар,баланың ойының ұшқыр,қиялының өткір зерек болып,тілінің бай,еркін тілді болуына ертегілердің тигізер әсері мол.Ертегілерді әңгімелеуде де бір ғана сурет қолданумен шектелмей әр түрлі көрнекті құралдар пайдаланып,дауыс ырғағын келтіре отырып әңгімелеп отырса,бала есінде тез сақталып,қайталап,әңгімелеп беруге де оңай болады.Өз іс-тәжірбиемде,оқыту іс-әрекеті үстінде әр түрлі көрнекі құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн деп санаймын,өйткені олар арқылы балаларды қызықтырып,өзіне тарту да қиынға соқпайды.Ертегілерді әуелі әр түрлі суреттер арқылы түсіндіріп аламын,кейін ондағы кейіпкерлеріне қысқаша мінездеме береміз.Сәби тобының балалары «жақсы-жаман»деп өз ойларын айтады.Келесі ұйымдастырылған оқыту іс-әрекеттерінде ертегіні қалай түсінгенін білу және оны есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында фланеграфқа сюжетті суреттерді жапсырту арқылы ертегіні әңгімелей отырып құрастырамын.Немесе үстел үсті ертегісін алып,әр балаға кейіпкерлерін таратып,басталған ертегіні балалардың жалғастыруы арқылы ойды бекітуге дағдыландырамын.Сондай-ақ ертегі кейіпкерін қонаққа шақыру арқылы балалардың естіген,білген ертегілерін ұмытпауға дағдыландырған жөн.Сонда баланың есте сақтау қабілеті,логикалық ойлау қабілеті арта түседі.

Балалардың естіп,білген ертегісін есінде сақтап жүру үшін,ертегіні қайта-қайта әңгімелей беру оларды жалықтырады.,сондықтан балалардың естіген ертегісін қуыршақ театрын қолдану арқылы естерінде сақтау да жақсы әдіс-тәсілдің бірі.Ал осы қуыршақ театры арқылы ертегі кейіпкерлерін балалардың өзіне сомдату,рөлге бөліп ойнату,балалардың ертегіні қызыға тыңдап,қызықтыра әңгімелеуіне әсерін көп тигізеді.









Ертегілер елінде



Оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Психалогиялық жаттығу

1.Құсты көтеру

2.жылы демімен жылыту

3.Жүректеріне басып,жүрек жылуын беру.

4.Алақандарын ашып ,құсқа қарап күлімсіреу.

5.Құсты ұшыру(Қоян жылап келеді)Түлкі үйінен қуып шыққанын айтып,балалардан көмек сұрайды


Балалар жылы демімен жүрегіне басып,жүрек жылуымен құсты жылытып әуеге ұшырып,жылылық мейірімділік сыйлады.

Балалар қоянға аяушылықпен қарайды,оған көмектесуге әзір екендіктерін білдірді.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

1.қоянның үйіне баратын жолды көрсетеді.Жолда «қуыршақ Айжанға кездеседі»ол суреттерді құрастыра алмай отыр екен .Айжан балалардан көмек сұрайды.

1.Қандай ертегі құрастырдық?

2.Шалқан қандай,пішіні қандай?

3.Шалқанды кімдер тартты?

4.Кейіпкерлерді атау арқылы,алдында,артында кім тұрғанын айту.

5.Егер тышқан көмектеспе шалқанды тарта алар ма еді?

Сергіту сәті:Күшік,мысық ,тышқанның үнін,қимылын салу.

2.Ешкі мен жеті лақ ертегісі(көп-аз,үлкен –кіші ұғымдарын сұрау)

Пішіндер:үлкен,кішкентай

Айжанмен амандасып,көмектеседі.Суреттерді жеке-жеке құрастыру арқылы қандай ертегі екенін білді.







«Шалқан» ертегісі , «үлкен,дөңгелек»

«Ата,әже,қыз,мысық,күшік,тышқан»

Алдында артында кім тұрғанын айтады.Балалар ойланып жұлып ала алмайтындықтарын айтты.Олардың әлі келмейді.



















(қатты,жай оданда жай үнін салып ,қимылдарын көрсетеді)

Рефленциялық коррекциялары

Балаларға қандай ертегі кейіпкерлерімен кездескенін,кімдерге көмек көрсеткенін айту.

Бірін-бірі бағалау.

Балалар өз істеріне риза болды.Олар тқандай көмек көрсеткендері жайында мақтанышпен айтады.



Театр әрекеті арқылы балалардың тілдері және ертегіге деген қызығушылықтары,ойлау қабілеттері жақсы дамиды.Сонымен қатар саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой-қиялын,елестету сезімдерін дамытуда,саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Мына кестеде саусақ ойынының үлгісі көрсетілген.



«Доп»


Он, тоғыз,

Сегіз,жеті,

Алты,бес,

Төрт,үш,

Екі,бір.

Доп ойнайық,

Кел, жүгір

Тек білейік

Анық бақ:

Допты қашқан

Кім қумақ?

1.Алақандармен шапалақтайды.

2.Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады

3.алақандарымен шапалақтайды.

4.Әр сөз ырғағымен шапалақтайды.

5.Әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады

6.Отыра қалады



Осылайша, мазмұны баланың эмоционалдық тәжірибесін көкейтесті ететін сахналандырылған ойындарының толық оқыту үдерісіне жүйелі түрде енгізілуі; сахналандырылған ойынды бақылау бойынша түрлі тәсілдер және әдістердің кешенді пайдаланылуы, түрлі жаттығулар, этюдтердің орындалуы, балалардың қоршаған орта туралы көріністерінің тұрақты байытылуы және өздік ойынның ынталандырылуы, сонымен қатар ересек адамның балаға деген серіктес позициясында тұруы және олардың бірлескен шығармашылық әрекеті- мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық дамуының шарттары болып келеді. Театр әрекеті – балалар шығармаларының кең тараған түрі,сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды бұл әрекетке үйрету,маңызды мақсаттардың бірі.

Театр әрекеті-бұл эстетикалық дамуға көп әсер етеді,сондықтан театр жанрларының көп түрімен күрделенген.Бұл әрекеттің ең маңыздысы шығармалардағы ертегі кейіпкерлерінің әлемінде,мимика арқылы,би қимылдары арқылы,кейіпкерлердің атынан диалогтар арқылы,кейіпкерлердің атынан диалогтар арқылы сөйлегенде мазмұнын түсініп талдауда өз шығармашылықтарын дамытады.



































Автор
Дата добавления 28.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2011
Номер материала ДВ-204589
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх