Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мектепке дейінгі жастағы дайындық тобының "Жаңа жыл" мерекесіне арналған сценарий. Тақырыбы: "Қош келдің жаңажыл"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мектепке дейінгі жастағы дайындық тобының "Жаңа жыл" мерекесіне арналған сценарий. Тақырыбы: "Қош келдің жаңажыл"

библиотека
материалов

 Жаңа жыл

Залдың ортасында сәнді шырша. Залға ұл мен қыз қол ұстасып кіреді


Ұл: Салем бар адамдарға

Аяулы аналарға

Ардақты аталарға

Бүлдіршін балаларға

Жарқырып жастар әні.

Болсын той маскарады!


Қыз:Жүзімізге күлкі ойнап ,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз


Әуенмен залға балалар кіреді (жалпы би қимылдар жасайды)


Жүргізуші:Тамаша !Шыршамыз қандай әсем,

Құтты болсын жаңа жыл

Қуанышға ,шаттыққа тамсанайық

Бәрімізге шынайы тілек тілеп

Бар әлемге бақытпен жар салайық


Құрметті ата-аналар,келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.Барлықтарыңызға береке бақыт тілеймін.Мерекемізді әнмен бастайық



Ән:Жаңа жыл (Қош келдің жаңа жыл)


Тақпақтар:

Арсен:

Достар, достар тағы да бір жыл жаңа,

Қадам басты ұрлана да нұрлана.

Жүректерде лүпілдейді жас үміт

Ашылыды, шашылады бүр жаңа

Кәне достар көтерейік иықты

Аңсайықшы қыран самғар биікті.

Амина

Достар, достар тағы да бір жыл жаңа,

Қадам басты ұрлана да нұрлана.

Жүректерде лүпілдейді жас үміт

Ашылыды, шашылады бүр жаңа

Кәне достар көтерейік иықты

Аңсайықшы қыран самғар биікті.

Қуаныш:

Келді міне Жаңа жыл ортамызға

Құт береке әкелсін баршамызға

Аңсаған арманыңыз орындалсын

Өмірің бақытпен толсын нұрға.


Аяулым:

Боранымен буып белді,

Жаңа жылым тағы келді.

Берекесін ала келсін

Нұрға бөлеп біздің елді.

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Айымжан:

Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,

Жақсылықпен, жақсы үмітпен келіп тұр.

Ойындағы мейірім қуаныш,

Балдырғандар өздеріңе беріп тұр.



Музыка ойналады

Сыйқыршы кіреді:Армысындар халайық

Бармысындар халайық

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

Амансындарма балалар ! Жаңа жылдарың құтты болсын !Сиқырсыз қандай жаңа жыл?!Сондықтан мен де сендерге асықтым!

Ұл:Сәлеметсізбе ,сиқыршы.Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды.Қараңызшы шыршамыз қандай тамаша.Бірақ шамдары жанбай тұр.Сіз бізге көмектесе аласыз ба?

Сиқыршы:Әрине көмектесе аламын.


Сиқыршы:Тамаша!Енді бәріміз Қуант бізді таңырқат,шамдарынды жарқырат -3 рет


Жүргізуші:Шыршамыз қандай әдемі,Ендеше шыршамызға арнап ән айтып,би билейік.

Би: Кукарелла


Ән:Шырша әні





Тақпақтар:

Диана: Сұлу сәнді шыршаға,

Көз тоймайды қарасаң.

Сендер үшін орманнан,

Жіберіпті мырза атаң.

Жасыл шырша қош келіпсің

Сені күтіп жүрдік біз.

Көркейсің деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз.


Ибрагим: Жасыл шыршы төрдегі

Дейді, бәрің көр мені

Неткен әсем құлпырып,

Ойыншықтар тұр тұнып.


Махамбет:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Жүзімізде күлкі ойнап,

Көңілденді жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз баршамыз.


Алпан Амина:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Жүзімізде күлкі ойнап,

Көңілденді жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз баршамыз.


Асанали:

Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылға шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын құтты болсын жаңа жыл


Ұл :балалар қарандаршы мен не тауып алдым.ойыншық саңырауқұлак қандай әдемі!Шіркін, мына саңырауқұлақ жанданып кетсе екен.


Сиқыршы:Уайымдама жаңа жылда әр түрлі ғажайыпттар болады емеспе?мен оны қазір сыйқырлап жандандырамын.( Алақай малақай )



Би:Саңырауқұлақтар


Жүргізуші: Ал енді «Кім жылдам» ойынын ойнайық

Жүргізуші:Қандай жаңа жыл мерекесі аяз атамен ақшарсыз өтеді?

Балалар: Аяз атамен ақшақарды шақырады


(Музыка ойналады залға мыстан кемпір кіреді)

Мыстан:Сәлем достар!Жаңа жыл құтты болсын! Мен сендерге асығып жеттім ,Қане айттындар тақпақтарынды маған арнаған?әндерін қайда?

Жүргізуші:(түсінбеген кейіппен қарайды.танғалып )Олай болса айтайық тақпақтарымызды

Тақпақтар:

Даяна:

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Қарсы аламыз біз сені.

Ақ көңілмен, ақ пейілмен

Баршамыздың төрінде.

Сәлем беріп сіздерге

Бар өнерді саламыз.

Өнерлі бала бар деп,

Әлемге жар саламыз.

Арыстан:

Жаңа жыл – жаңа қадам жаңа бақыт

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт

Жақсылықтың белгісі жаңа уақыт

Келіп міне жатырмыз қауыштасып.


Адель

Бірге соғар бар әлемнің сағаттары

Он екіні күтер калмай тағаттары

Ғасырдың он төртінші жылы келді

Құстай ұшып қыран шалған қанаттары.

Ашылып ғасырдың бір парағы

Өзіңе қыдыр дарып бақ қарады

Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін

Табысқа бастап сені асқаралы.



Мыстан:осы кезде ия,ия тамаша айтабериндер өзі ойыншықтар ұрлап қашып кетеді.

Жүргізуші: мен түсінбедім,жанағы кім болды ?Ақшақар ма?

Балалардың жауабы

Жүргізуші:Енді кім болды екен?Біз аяз атамен ақшақарды шақырып едік қой? Оларнеге кешікті екен ?Әлде мына мыстан жолдарынан адастырып жіберді ме еді не істесек екен? Балалар сендерге бір жұмбақ жасырғым келеді? Өзі қу ,жұрген жері айқай шу? Ол не ? Олай болса Қу түлктілерді ортаға шақырайық.

Сиқыршы:Қамжемендер мен қазір аяз атамен ақшақарға жол көрсетемін(Сиқырлайды)

Әуен ойналады аяз атамен ақшақар келеді

Аяз ата:Уа,жұртым жиналған

Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата ақшақар

Жетті жолдан қиналған

Ештеңе емес барлығы

Аддымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім гой

Отіп кеткен жылдардың

Ақшақар:Амансыздарма,балалар

Жүргізуші:Сәлеметсіздерме Аяз атамен ақшақар келіңіздер, алыс жолдан шаршап келген боларсыздар отырыңыздар. Ал біз балалар, Аяз Атаға өнерімізді көрсетейік


Ән : «Аяз Ата»

Тақпақтар.

Аружан:

Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып.

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып


Арнұр:


Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып,

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Нұрсая:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп калды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

Арман:

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып

Қайда қызық, болса думан

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды.


АязАта: керемет балалар. Өнерлі екенсіңдер. Мен де сендерге бос қол келген жоқпын. Ойын ойнайық.


Ойын: «Қатып қал ».

Шарты : балаларды екі топқа бөлініп, ұлпа қарларды себеттен себетке салады. Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз аталады. (балалар, ата-аналар)

Жүргізуші: Аяз ата , біздің балалар бір жылдың ішінде есейіп, білімді болып өсті. Өнерлі болды.

Ақшақар:Олай болса мен сендерді сынап көрейін

Қыста жерді жауып кетеді,

Ал көктемде ағып кетеді (Қар)


Терезеге қонады

Әсем ою салада (Қырау)


Қыста ғана болады

Ұстасан қолын тонады (Қар)

Ақшақар: Өте өнерлі екенсіңдер.Менімен бірге билейсіңдерме?


Би «Мұзда»

Көрініс: «Мысықтың үйі жанды»

Аяз Ата: өнерлі екенсіңдер балалар! Мен сендерге Жаңа жылдық сыйлықтар алып келдім. Кәне немерем сыйлықтарды алып келші. (Ақшақар сыйлыққа кетеді)

Ақшақар: Ата сыйлығымыз жоқ. (көңілсіз айтады)

Аяз Ата: олар қайда кеткен? Кім алып кеткен?

Жүргізуші: қызық екен? сыйлықтарды кім алып кеткен екен? (Балалар жауабы)

Сыйқыршы: қазір мен сыйқырлап қарап көрейін кім алып кеткенін.( дүрбімен қарап ). Сыйлықтарыңызды мыстан кемпір алып кеткен екен.

Аяз Ата: Қап, бәлем-ай, осы мыстанның қылығын-ай, әлі ұрлығын қоймаған ба? Қазыр мен оны көрейін,Таяғын жерге бір соғып, мыстан кел деп әмір береді. Осы кезде мыстан келгісі келмей, айналып, айналып келеді.

Аяз Ата: Сен алыпсың ғой, бер балаларға. Ол ойыншықты қапшықтан алып береді.

( Қапшықтан ыдыстарды шығарады)

Аяз Ата: Ойнағын келді ме? Міне саған ойын! ( Мыстан еріксіз билеп кетеді.)

Мыстан кемпір: Болды, тоқтатшы!

Аяз Ата: Ұрлығынды қоясыңба? Сыйлықтарды бересіңбе?

Мыстан кемпір: Иә, иә беремін, ұрламаймын.

Аяз Ата: Мыстан кемпір тоқта! (Таяғын бір соғады.)

Мыстан кемпір сыйлықтарды береді.

Аяз Ата: Балалар, міне сендердің сыйлықтарын. (Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.)

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аяз Ата: Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық қастарында болмасын. Сау болыңдар, балалар! (Барлығы кетеді.)

Жүргізуші: Біздің мерекеміз әлі аяқталған жоқ. Ән, бимен тақпақтармен жалғастырайық.

Тақпақтар:

Әли

Құтты болсын жаңа жыл барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан таң шапағын.

Азнабай Амина

Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастарған жапқандай.

Халық біткен қарбалаң,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.



Ән: Ағылшын әні.








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров176
Номер материала ДВ-329729
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх