Инфоурок / Другое / Конспекты / Мектепке өзгерісті енгізу не үшін қажет? (рефлексиялық есеп)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Мектепке өзгерісті енгізу не үшін қажет? (рефлексиялық есеп)

библиотека
материалов

Куангалиева Арамангул Зулхарнаевна Мұғалім портфолиосы А есебі

І топ І (ілгері) деңгей

Атырау қаласы 6.11.2015 жыл


Өзгеріс не үшін керек?


Өзгеріс керек пе? Осы сауалға жауапты шынымды айтсам бұрын ешқандай көңіл қойып қарамаппын. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқуға келген алғашқы күні қойылған "Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?" деген сұрақ мені қатты ойландырды. Біз келешек ұрпақты тәрбиелейміз, оқытамыз. Әлем деңгейіндегі білім мен дағдыларды өзіміз меңгермей тұрып, оларды балаларға бере алмаймыз Мұғалім болу ақшадан, мәртебеден танымалдықтан да артық екенін ұғынып, әлемді өзгерту үдерісін жалпы өзгеріс ету үшін, өзімнің балаларымды және алдымда отырған оқушыларымды сүйгендіктен, мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын мені қажет ететіндіктерін білгеннен кейін мен де, оларда өзгеру қажет.

Кез келген елдің басты капиталы ол - үздік технология және қазіргі заманға сай білімді адамдар, инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғалар.

Осыған орай Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады. Жиырма бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі - өмір сүру сапасын жоғарылату, оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту болып табылады.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». (1)

Осы екінші сұраққа жауап беруге бағдарлама мазмұны бағытталған.

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. Аталған жоба оқушыларың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс- әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер жүйесін сипаттайды. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамы- туда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойын- да метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс (Schleicher, 2012) (1)

Осы мақсатқа жету жолында көптеген істер атқарылып жатыр. Біз тыңдаушы болып отырған деңгейлі бағдарламаның құрылуы да осының айғағы. Біз, мұғалімдер білім беру саласына өзгерістер қажет екенін білеміз.Бірақ нақты қандай өзгерістер қажет? Алдымен өзге елдердің реформаларын зерделеп көрейін.

Әлемде білім сапасы жөнінен алдыңғы қатарда тұрған елдер бұл деңгейге қалай жетті? Жауап ретінде әлемде білім беру саласымен алда келе жатқан мынадай елдердің бірі Оңтүстік Корей, Финляндия және Жапония елдерін алып, олардың ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың білім мәселесі туралы білуге болады.

Оңтүстік Корей елінің білім беру жүйесі  12  жылдық екен. Корей елінде орта мектептердің жоғары сыныптары екі бағытта оқытылады, яғни, жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін  мектептер. Екі бағытта да білім беретін мектептер де бар, бірақ саны өте аз екен. Ол елде мектепке дейінгі білім беру алты жастан басталады, бастауыш білім беру – алты жыл; негізгі орта білім – үш жыл; жоғары орта білім – үш жыл; жоғары білім – төрт жыл. Бұл ел әлемде PISA зерттеуі бойынша көшбастап тұрса да, 2000 жылы реформа қабылдапты, оның бірінші қадамы мұғалімдер үшін жасалған екен. Олар үшін оқу бағдарламалары, әдістемелік бағдарламалар және оқушыларды оқуға үйрету үшін семинарлар ұйымдастырылады екен. Мұғалімге сабаққа дайындалуға қолайлы болуы үшін интернет ресурстар жасақталған.

Екінші қадамы ата-аналар үшін жасалыпты. Яғни, ата-аналарға арналған ресурстар жасақталып, жалпыға ортақ, қарапайым және түсінікті тілмен жазылыпты. Олар: баламен бірге бүкіл отбасы отырып жасайтын арнайы жаттығулар, кітаптар және бірлесе жауап қарастыратын материалдар, кеңес беретін әдебиеттер.

Үшінші қадам оқушылар үшін жасалыпты. Яғни, қосымша оқып үйренгісі келетін оқушыларға мектепте қосымша сабақтар ұйымдастырылған. Мұндай сабақтарды мемлекет қаржыландырғандықтан,  жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар да қатысуға мүмкіндік алған. Осы реформаның негізгі мақсаты жастарды XXI ғасыр көшбасшылары етіп тәрбиелеу болыпты.

Қазіргі таңда Корей елі білім деңгейі жөнінен екінші орында, яғни білім оқушыға бағытталғандықтың жемісін көріп отыр.

Бұл елдің  реформаны сатылай жүргізу және балабақшаларда сәбилерді сенімділікке тәрбиелеу әдістері, әр мектеп өз мүддесіне қарай білім стандарттарына өзгеріс енгізіп, әр мектеп өздері кітапты таңдап ала алатындығы және оқытудың мақсаты оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету маған қатты ұнады. Оқытудың тиімді жолдарын меңгеру топпен ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеуге, мәселені сын тұрғысынан ойлап шешуге, қабілеттілік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретіндігі.

А.Құсайыновтың “Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы” атты монографиясында атап көрсетілгендей білім беру индексі бойынша Финляндия бірінші орында тұр. [2] Халқының саны шамамен 5 млн. адамды ғана құрайтын Фин елінің білім беру үлгісіндегі басты ерекшелік - білім берудің үздіксіз жүйесін қолдануында болса керек. Мұғалімдері күніне 4 сағат жұмыс жасап, аптасына 2 сағат өз білімін көтерумен шұғылданады.

       Балабақшадан кейінгі кезеңде негізгі мектепте оқушы 16 жыл бойы білім алады. Мектептегі білім алудың финдік ерекшеліктерінің тағы бірі - бұндай оқу орындарда емтихандардың жоқтығында болып отыр. Яғни, бала негізгі орта мектепті тәмамдағаннан соң да емтихан тапсырмайды.

Оқытуды жетілдіру үшін мұғалім сыныптағы сабақ берудің түбегейлі әдістерін табуға  тиіс. Жекелеген мұғалімдер өз жұмысындағы кемшіліктерді түсінуі және озат әдістемелерді түсініп меңгеруі  және өз жұмысын жетілдіруге деген қызығушылығы болуы керек. Жаңа реформаларда оқыту сапасын арттыру үшін төмендегі төрт тәсіл іске асырылады екен:

  • Білім берудің ерте кезеңінде практикалық дағдылар қалыптастыру;

  • Мектептегі тәлімгерлікті ұйымдастыру;

  • Жетекші тәлімгерлерді дамыту;

  • Мұғалімдер бір-бірінен үйрену үшін жағдай жасау.

Финляндияда жеке оқушылардың сабақ үлгеріміне жедел араласу арқылы сәтсіздіктер мен күйзелістердің алды алынады. Яғни, мектептерде тең мүмкіндіктер қағидатына сәйкес сабақ сапасының  тұрақтылығы артады. Мектепте оқушылардың қалай оқып үйренуіне, ойлау қабілетінің дамуына назар аударылады. Мұғалімдердің рөлі  білім беру емес, оқушыға білімді қалай алуды үйрету болып табылады. Жетістікке жеткен мектеп көшбасшысының көрсетуі бойынша жетістікке жетулерінің басты үш себебі бар екен. Олар:

  • оқыту әдістері мен есеп берушіліктің тұрақтылығы;

  • оқушылардың жеке қажеттіліктерін жете түсінуді басшылыққа алу;

  • сабақтарды бірлесіп жоспарлау.

Бірлесіп жоспарлау үшін мұғалімдер жиналып,оқушылар үлгерімінің көрсеткіштерін зерттейді, және оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беретіндей жаңа сабақ жоспарын жасайды. Бұл мұғалімдер тобына коучерлер көмек береді. http://da.fi/718.html

Енді Жапон елінің білім жүйесінің ерекшелігіне көңіл аударғым келеді. Жaпoн елінде білім беру саласында 1984 жылы XXI ғaсырғa арнaлғaн хaлыққa бiлiм бeру рeфoрмaсының aлғaшқы дaйындығы бaстaлыпты. Жaпондықтaр oны “рeфoрмa эпoхaсының бaстaлуы” дeп сипaттaған жәнe жекeлeгeн жaқтaры ғaнa eмeс білім бeру жүйeсінің нeгізі рeформaлaнуы тиiс дeп eсeптеген.

Жaңa рeфoрмaның нeгізгі міндеттeрі:

-Әpбіp aдaмғa үздікcіз білiм бeру жүйeсін қaлыптaстыру.

-Балaлaрдың білiм aлу кeзeңіндe oқытудың құрaмы мeн әдісiн қaйтa жaсaу.

-Кoмпьютeрлeндіpу мeн aқпaрaттaндырудың  жоғaрғы дeңгeйінe сәйкeс тәрбиелeу жәнe білім бeрудің құрaмы мeн әдісінің құрылымын қайта жасау.

Жапон мектептері үш баспалдаққа бөлінеді: 1. Бастауыш мектеп (1-6 сыныптар), 2. Орта мектеп (7-9 сыныптар),3. Жоғары мектеп (10-12 сыныптар). Жапонияда бастауыш және орта мектеп жалпыға міндетті әрі тегін. Жоғары мектеп міндетті емес, 95  пайызы орта мектептен соң әрі қарай да жалғастырып оқи береді. Жоғары мектепті бітіргендердің 48 пайызы колледжге (оқу мерзімі 2 жыл)  немесе университетке (оқу мерзімі 4 жыл) түседі. Оқу жоғары мектепте, университетте әрдайым ақылы, ал мемлекеттік болып саналатыны арзандау. Сонымен қатар, ақылы бастауыш және орта жеке меншік мектептер де бар. Ал, степендия конкурсының жеңімпаздары тегін оқу немесе жеңілдіктерді иелену мүмкіншілігін алады. Оқу 6 жастан басталады. Оған дейін балалар әдетте балабақшаға барады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бала арифметика негіздерін біліп  хирагана (жалғау, жұрнақ, көмекші сөздер) мен катакананы (одағай, кірме сөздер) оқи алулары керек. Бастауыш  мектеп балалары жапон тілін, математика, жаратылыстану, қоғамтану, музыка, сурет өнері, дене шынықтыру, үй шаруашылығы жайлы пәндерден дәріс алады. Орта мектепте аталған пәндер тізіміне ағылшын тілі және қалауынша арнайы пәндердің бірнешеуі қосылады. Бұл пәндердің құрамы мектепке байланысты.

Ең бір қиын пәндер болып – математика және жапон (кандзиді меңгеру), ағылшын тілдері саналады.

         Жапониядағы білім беру жүйесіндегі өзгешеліктер біздің елімізде де көрініс тауып отыр. Мектептегі білім беру бізде де үш сатыдан тұрады. Бастауыш мектеп (1-4 сыныптар), негізгі мектеп ( 5-9 сыныптар) , орта мектеп (10-11 сыныптар). Сонымен қатар ата-аналар өз баласын  тегін немесе  ақылы мектепте оқытуды өзі таңдайды. Мектепке бала мектепке дейінгі мекемелерде болып белгілі бір біліммен келеді, 1-сыныпқа қабылданатын баланың білім дейгейі қаншалықты екені тест немесе басқа тапсырмалармен тексеріледі. Қазақстандағы әр мектептің педагогикалық кеңеспен шешілетін мектептің ішкі жарғысында оқушылардың мектепке киетін киімі туралы ашып айтылады, ол киім барлығында бірдей түсті болуы шарт. Жапон мектебіндегідей математика пәні қиын пәндерге жатады. Ол қиыншылықтарды шешу үшін барлық жағдай жасалып отыр. Тұлға тәрбиелеу жолында  ата аналармен бірлесе жұмыс атқарып отыр. Жапониядағы сияқты бізде де  білім беруде өскелең ұрпағына дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету бірінші жолда тұр. Сонымен қатар спорт,салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жоғары деңгейде деп айтуға болады.

Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында.

Ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?» «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. Ұлттық білім беруді жаңа жолға салу мен әлемдік білім кеңістігімен бәсекелесу маңызды үрдіс болып қала береді. 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама бекітілгеннен бері Елбасы мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту бағытында бес жылдық жоспарды қабылдауға міндеттер қойды.(Н.Назарбаев "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты"2012 жыл 17 қаңтар жолдау) 2009 жылы Қазақстан PISA зерттеуіне бірінші рет қатысты. Нәтижесінде оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш-28,6%); математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды.(ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш-16% қатысушы); жаратылыстану ғылымы сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды.(ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш-20,5%). TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде. Кембридж университетінің деңгейлік курс бағдарламасын Қазақстан шын ықыласпен қабылдады. Елімізде дәстүрлі бағыттағы мектептерден бөлініп шығып, өз алдына оқытудың формаларын өзгерткен мектептер көбейді. Білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, бағыттар("Мирас", "Дарын", "Мұрагер", "Қазақ-түрік лицейлері т.б) мектептер пайда болып, білім мазмұны толықтай жаңартыла бастады. Мұндай мектептер алдына жеке тұлғаны толық дамыту және білімдендіру мақсатын қойған. Қазір мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа моделі енгізіліп, Кембридж тәсілінің теориялық негіздері мұғалімді өзгерту үшін 3 айлық курстарда жүзеге асырылуда.

   Елбасы білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Ғылым мен білім негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз басқа елдер алдында өзінің бәсекеге қабілеттілігін көрсете алады.  Ал келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ. Қазіргі таңда білім сапасы бойынша көш бастап тұрған елдердің білім беру жүйесінде жүргізген реформаларын талдай  отырып, өз елімнің білім беру жүйесіне қалай ендіруге болады және несімен тиімді дейтін болсам, әрине, оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне бейімдеу, яғни білімнің қолжетімділігін, сыни ойлау стратегиясын қолдана отырып шығармашылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Өзім еңбек ететін Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектепке Кембридж бағдарламасының «Бетпе -бет» кезеңінен кейін мектептегі тәжірибеде кішкене де болса «өзгеріс» енгіземін деген ұстаныммен бардым тәжірибеден өтуге келдім. Өз мектебімнің соңғы жылдардағы жаңалық, жетістік-өзгерістері баршылық. Мектебіме өзгеріс енгізуде ЭЫҰД жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы маған мынадай талдауларды жасауға мүмкіндік берді:

  • Біріншіден мұғалімдер көптеген оқыту стратегияларын, түрлі педагогикалық тәсілдерді қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігін дұрыс түсінбей қолданады; Оны кейбір сабақта қолданған тәсілдер сабақтың оқу мақсатының талаптарын қанағаттандырмай жататындығымен дәлелдей аламын;

  • Мұғалімдердің пайдаланатын әдіс -тәсілдері оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыстарда білім алуына, құрдастар арасында бір- бірін оқытуға негізделмей, топтық жұмыстар тек сайыс түрінде көрініс тауып жататынын да кездістіремін. Сабақты бағалау мақсатында жүргізілетін кері байланыс әлсіз; Бұдан оқушылардың пікірлері көптеген жағдайда ескерусіз қалады деп ойлаймын;

  • Кейбір жекелеген пәндер бойынша оқушылардың оқуға деген мотивациясы төмен; Оған дәлел мектебімізде жаратылыстану пәндері бойынша ғылыми жоба мен олимпиада жетістіктерін айтуға болады;

Сондықтан да XXI ғасыр көшбасшыларын дайындауды  мақсат етіп, сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып білім беруді енгізу тиімді деп ойлаймын.

Ал өз мектебіме қалай ендірер едім? Әрине, көшбасшылық жасай отырып, коучинг, тәлімгерлік үдерісі және желілік қоғамдастық арқылы дер едім.

-Қандай өзгерістер ендіремін?

Финляндия, Оңтүстік Корей, Жапон елдерінің реформаларының ұтымды тұстарын ұлттық дәстүрімізді, құндылықтарымызды сақтай отырып, толығырақ айтсам:

  • Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту;

  • Ұстаздардың өз бетімен кәсіби біліктілігін арттыруы;

  • Оқушылардың оқуға деген мотивациясын көтеру;

  • Әрбір адамға өмір бойы әсер ететін, үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру;

  • 7 модульді оқыту үрдісіне ықпалдастыра отырып, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрену;

Синектің көшбасшылық метафорасын мектептегі өзгерістерді басқаруда қолдануға болады. Мектептегі тәжірибемнің алғашқы қадамы оқыту үрдісіндегі мәселелерді анықтап, өзгерістер туралы ұжыммен кеңесу арқылы келісімге келу және нақты жоспар құру болып табылады. Жоспарымды жүзеге асыруда әріптестерімнен қолдау табамын деп ойлаймын.

Ойымды қорыта келе, енді мен мектебімнің нақты жағдайын зерттеп және оған қандай өзгерістер ендіретінімді жоспарлауым керек .  Алдымызда үлкен міндеттер  тұрғанын түсінемін, ынтымақтаса жұмыс жасасақ тәжірибемізді жариялау кезеңіне де оңай жетеміз деген ойдамын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей. Үшінші басылым.

2.Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім

берудің сапасы.-Алматы,2013.-196 б.

3. Интернет материалдары:




7



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-011955

Похожие материалы