Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп оқушыларының эмоционалды даму ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп оқушыларының эмоционалды даму ерекшеліктері



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп оқушыларының эмоционалды даму ерекшеліктері


Буркитбаева А.К.


Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға көңіл-күйін білдіреді. Жас баланың сезімінің дұрыс дамуы жөнінде дала ойшылдарына жүгінгенде әл-Фарабиден бастау алатын «һауас, иманигүл, жауанмәртлік» хақындағы ойларын басшылыққа аламыз. Әл-Фарабидің осы ойларын Абай өз қара сөздерінде дамытады. Абай қара сөздеріндегі «Һауас» деп аталатын ұғым, адам сезімі және оны дамыту мәселесін қозғайды. 38-қара сөзінде адамның сезімі және ізденіс барысындағы кедергілердің ықпалы туралы терең толғап, сабыр мен сабырсыздық, қиянат пен зорлық, махаббат пен ләззат мәселесін мұсылмандық тұрғыдан аша көрсетеді. Сондай-ақ, Абай қазақ халқының балаға деген қажеттілігі мен оның педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дамытудың үйлеспейтін тұстарын сынап көрсетеді (7-10 сөздер) /1/.

Мағжан Жұмабаев эмоция, ішкі сезімдер түрлері және олардың жағымды, жағымсыздығы туралы дербес тоқталып айта келіп, осы сезімдерді тәрбиелеу қажеттігіне тоқталады. Бала мазасыздану туралы қорқу сезімінде баса айтады. «Қорқу сезімі – адам жанында бір бақытсыздық күткенде болады», - деп оның терең талдай отырып, «Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі – баланың қиялы тым тірі һәм денесі әлсіз» – деген тұшымды ой айтады. Алдымен баланың қорықпауына мән беру керектігі, жасында қорқақ болған баланың ерлік істерге бара алмайтындығымен түйіндейді /2/.

Мектепке дейінгі кезеңнің эмоционалдық реакциясына қарқындылық пен тұрақсыздық тән. Бұл жаста балалар өздерінің эмоцияларын еш қымсынбастан көрсетеді, олар қуаныштан секіріп, шауып жүгіруі немесе ашу ұстамасында еденге өзі құлауы да мүмкін. Қанағаттанбауды білдірудің әлеуметтік тұтынушылық әдістерін меңгермей жатып, олар ашуланып, кейде тістеп, тырнап немесе төбелесе бастауы да мүмкін. Ашуды көрсетудің физикалық әдістері көбіне ұлдарға тән. Дегенмен балалардың ашу реакциясы ересек жастағы балаларда байқалатын ұқсас реациялардан ерекшеленеді. Ол қандай да бір тура ынтаға атылғыш, көндіксіз, қысқа реакциялар болуы мүмкін. Жас балалар арасындағы жанжалдар мен ұрыстар жиі болып отырады және, негізінен қайсыбір нәрсені меңгерудегі таластың нәтижесі болып табылады. Алдын-ала ойластырылған және жоспарланған қарым-қатынастар уақыт өте дамиды, ол баланың өзінің энергиясын белгілі мақсатқа бағыттау қабілетінің өсу деңгейіне байланысты. Мектепке дейінгі жастың соңында ойынды жоспарлаудағы ойлары мен қызығушылықтарының қиылыспауы ұрыстардың салмақты себебі болып табылады.

Мектепке дейінгі кезеңде балаларда алдымен жануарлардан қорқу дамиды, бірақ сосын 4-6 жаста қарқынды шекке жететін, түнгі қорқыныштармен байланысты қияли қауіптіліктер алдындағы (елестер және т.с.с.) үрейлерге бірте-бірте алмасады, кейде балалар анасы болмаса ұйықтай алмауы да мүмкін. Көбіне бұл жастағы қорқыныштар мен толқулар тамақтану мәселелеріне байланысты болады, сондықтан балалар тағамнан бас тартуын байқатуы мүмкін. Сонымен бірге, мектепке дейінгі оқушылар көбіне жеке өзі жаңа жағдайларға тап келсе одан қорқады, бірақ жаны жақын адамының қасында болуы қорқыныштарды жоюда едәуір деңгейде көмектеседі.

Мектепке дейінгі жаста өзге адамдардың эмоционалдық көңіл күйін анықтау икемділігі бірте-бірте дамиды. Бұл мәселені А.М.Щетинина 4-5 және 6-7 жастағы балаларда жан-жақты зерттеген /3/. Ол осы іскерліктің даму деңгейі ретінде де қарастыруға болатын эмоцияның айқындылығына байланысты қабылдау түрлерін анықтады. Жеке қарастырғанда, ол 4-5 жастағы балалардың эмоцияны қабылдауының довербалдық, диффузды-аморфтық, диффузды-локалдық түрлерін атап өтеді. 6-7 жастағы балаларға эмоцияны қабылдаудың аналитикалық, синтетикалық, аналитикалы-синтетикалық түрлері тән, олар:

Аналитикалық түрі. Эмоция мәнерлілік элементтерінің байқалу нәтижесінен танылады. Көп жағдайларда балалар тұрған тұрысына емес, бет-әлпеттің көрсетілуіне сүйенеді.

Синтетикалық түрі. Эмоцияның жаһандық және үстіртін емес, бүтіндей, қорытындылай («ол қатігез, себебі ол қатігез») қабылдануы.

Аналитикалы-синтетикалық түрі. Балалар мәнерлілік элементтерін атап көрсетіп, онымен қорытындылайды («ол көңілді, оның барлық бет-әлпеті сондай – көздері мен ауызы жарқын»).

А.М.Щетининаның зерттеулері көрсеткендей, мәнерлілікті қабылдау түрі балалардың жас ерекшеліктері мен жинаған тәжірибесіне ғана байланысты емес, эмоцияның модальдылығына да байланысты. 4-5 жас пен 6-7 жастағы балалардың жеке эмоционалдық үні (эмпатия) көбіне ыза, мұң, қорқыныш эмоцияларын қабылдауда байқалады.

5-6 жастағы балалардың көбіне өзге адамның эмоциясын оның сөйлеген сөзіне байланысты анықтау қолайлы. Бұл іскерліктің дамуындағы тежелулер баланың тұрақты, теріс эмоционалды қобалжулары (қорқыныш, толық емес сезімі) қалыптасқан нашар отбасындағы балаларда болады. Ол да болса, қарым-қатынастағы байланыстың төмендеуіне және нәтижесінде өзгелердің эмоцияларын қабылдауда жеткіліксіз тәжірибеге әкеліп соғады. Мұндай балаларда өзгелердің күйзелісін дұрыс тани алмау және өзінің эмоционалдық қобалжуларын жеткізудегі қабілетсіздігі – алекситимия сияқты ерекше бұзылымдар пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде мектепке дейінгі бұл оқушыларда эмпатия да жеткіліксіз дамиды.

Психолог пен психиатрлардың жұмыс жасауын қажет ететін бұл жастық кезеңдегі кең тараған мәселелер – ашудың қысуы, тіл алмаушылық, вербалды және вербалсыз агрессия және жоғарғы белсенділік. Кей жағдайларда, баланың жас ерекшеліктерінің өзгеруі, оның қажеттілігін ата-аналар ескермейтін төменгі жастағы қарапайым балалардың мінез-құлқындағы реакциялар да болуы мүмкін. Кейде ата-аналар баланың келелі мәселелерін шеше алмайды. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттары (мысалы, мидың шайқалуы) баланың өсуін, оның бейімделуін тежейді.

Сонымен бірге, мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоционалдық өзгерістеріне Г.М.Бреслев /4/ мынаны жатқызады:

  1. эмоционалдық децентрацияның болмауы – бала шынайы жағдайда да, әдеби шығармаларды тыңдағаннан кейін де қамықпайды;

  2. эмоционалдық синтонияның болмауы – бала өзіне жақын немесе ұнайтын өзге адамның эмоционалдық жағдайына елең етпейді;

  3. ерекше феномен - өзін эмоционалды реттеудің болмауы – бала өзін-өзі тану жаңа кезеңімен («Оны мен істедім») және өткенге эмоционалды қайта оралу қабілеттілігімен байланысқан кінәні сезбейді.

Осы ретте, Ю.М.Миланич /5/ эмоционалдық бұзылыстары бар балаларды үш топқа бөліп көрсетеді:

  1. балалардың нақты шиеленіскен жағдайларын: агрессивтілігін, қозбалығын, қарсылық реакцияларын, сонымен қатар қорқыныш және шамадан тыс реніштерді байқататын өткір эмоционалдық реакциялар;

  2. жағдай үсті кері қамығулар: жабырқаңқылық, үрейлілік, көңіл-күйдің мұңайлылығы, қорқақтылық, жасқаншықтылық кезіндегі тұрақты қызу эмоционалдық көңіл-күйлер;

  3. эмоционалдық жағдайлар динамикасының бұзылуы: аффективтік жарылғыштық және тұрақсыздық (оңды эмоциядан теріс эмоцияға тез көшу және керісінше).

Төменгі мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық дамуы баланың физиологиялық дамуына байланысты спецификалық ерекшеліктерге ие. Төменгі мектеп жасы 6-дан 11 жастың аралығын қамтиды және баланың маңызды жағдайымен – мектепке баруымен айқындалады. Бұл уақытта бала организмінің интенсивті биологиялық дамуы (орталық және вегативтік жүйке жүйесі, сүйек және бұлшық еттер жүйесі, ішкі мүшелердің іс-әрекеті) жүреді.

Бұл кезеңде жүйке процесінің ширақтылығы күшейеді, сергіту процесі басым болады, ол да болса төменгі мектеп оқушыларына тән эмоционалдық әсерленгіштік және ұшқалақтық сияқты ерекшеліктерін айқындайды.

6-7 жаста бала мектепке келеді. Осы сәтте және оған қатыссыз уақытта балалар көбіне жастық дағдарыстың бірін бастан өткеріп жатады. Мұндай дағдарыстық күй физиологиялық тұрғыда, бала организмінің қарқынды биологиялық жетілуімен байланысты. Дегенмен 6-7 жастағы дағдарысқа себепші – жаңаның, әлеуметтік жеке адам «оқушы» ретінде (өзінің әлеуметтік «Мен» сезіну) толғанатын және қабылдай бастайтын баланың «ішкі ұстанымының», жеке тұлғаға басты болып табылатын жүйелі білім берудің пайда болуы. Мұндай дағдарыстық кезеңде балалар тіл алмайтын, ашушаң, құбылмалы, аса агрессивті болып келеді. Олар үлкендермен жиі шиеленіске түсіп жатады, алдында орындап келген талаптарына кері қатынас пайда болады.

Күйзелістер – баланың санасында тікелей көрініс табатын және жеке өмірінің жаңалығы ретінде байқалатын субъектінің кез-келген бастан кешірілген эмоционалды өң беретін жағдайы және болмыс құбылысы /6/. Л.С.Выготскийдің пікірінше, күйзеліс қарапайым бірлік, оның қандай көріністе болатынын айту мүмкін емес – ортаның балаға әсері немесе баланың өзінің ерекшелігі. Күйзеліс – дамуда көрініс беретін жеке тұлға мен ортаның бірлігі. Дағдарысқа тән барлық тәртіп ерекшеліктері баланың адам ретінде кез-келген болмыстың құбылыстарына қарым-қатынасы – әлі де тұрақсыз күйзелістердің әсерінен пайда болады. Мектепке дейінгі баланың мінез-құлқы көбіне аңғырт, жалғансыз, ашық және қоршаған ортасы үшін түсінікті, себебі ол іштей қандай болса, сырттай да сондай. Төменгі мектеп оқушысының мінезі-құлқы оған қарама-қайшы, кейбір жағдайларда сырттай қарағанда жалған да жасанды және мектепке дейінгі баланың («қалау» – «қажет» қақтығысы) өз көрсетуіндегідей, соншалықты түсінікті де емес. Л.С.Выготский «7 жастағы дағдарыс» («Кризис в 7 лет») атты еңбегінде төменгі мектеп жасындағы балалар күйзелістерінің негізгі ерекшеліктерін атап өтті /7/:

- Күйзелістердің мән-мағынасы пайда болады, яғни бала «мен қуаныштымын», «мен ашулымын», «мен өкпелімін», «мен мейірімдімін» сөздерін түсіне бастайды және онда өзіндік күйзелістеріне саналы бағыт-бағдар пайда болады.

- Күйзелістер нәтижелері немесе сезімдер қисыны /логика/ пайда болады. Егер, қандай да бір жағдаят балада көп қайталана беретін болса, онда оны бала ұғынып, сол негізде өзіне, өз жетістіктеріне және өзінің жай-күйіне деген қатынас қалыптасады.

- Күйзелістерді түйсіну олардың өзара шиеленісін туындатуы мүмкін. Күйзелістер қарама-қайшылығы және оны таңдаудағы қиындықтар ішкі қобалжуды күшейтуі мүмкін.

Балаларға ерекше психологиялық жарақаттар (мысалы, өліммен кездесу) және созылмалы психозақымдық әсер (мысалы, отбасында баланы дұрыс тәрбиелемеу) қатты ықпал жасайды. Олар көтеріңкі қауіп-қатерлі жағдайды туындаттырады және теріс эмоционалдық жайдың пайда болуына итермелейді. Бала тұлғасының дамуына күнделікті, көбіне қайталанатын жағдайлар «қарапайым өмірдегі күйзелу» азды-көпті ықпал етеді. Мұндай қиыншылықтарды күнделікті жеңіп және белгілі бір шешімді әрдайым тауып отыру қажет. Егер, бала мұндай жағдайларда жағымсыз, кері тәжірибе алып отырса, бұл да оның психологиялық денсаулығының бұзылуына, эмоционалдық және тәртіптік ауытқуларға әкелуі мүмкін.

Нақты әрбір балаға қандай жағдайлар қиындық тудыратынын анықтау өте маңызды. Психологтар (Р.Б.Аугис, Е.Е.Данилова) зерттеулерінің көрсеткіштері бойынша, қиын жағдайлар ішінен төменгі мектеп жасындағы балалар көбіне мектеппен байланысты жағдайларды атайды. Олардың ең көп тарағаны – бұл күнделікті жағдаяттар:

  • бақылау және т.б. жазбаша жұмыстар барысындағы білімдерін тексеру;

  • сынып алдында оқушының жауабы (бұл жағдаятта мұғалім мен сыныптағы басқа оқушылардың ол жайындағы ойлары балаға өте маңызды болып табылады, сондықтан жауап беруде қателіктер жіберу барысындағы қорқыныш пайда болады);

  • нашар баға алу;

  • баланың үлгіріміне ата-аналардың қанағаттанбауы (бұл жағдаяттағы қиындық ата-аналардың түрлі тыйым салуы мен жазалауынан байқалады);

  • құрбы-құрдастарымен шиеленісі (ұрыс-керіс, төбелес, құрдастар арасындағы бөлектетулер);

  • мұғалімдермен, мектеп әкімшілігі мен ата-аналармен шиеленісі (себептері – баланың тіл алмауы, белгіленген ереженің бұзылуынан пайда болатын балалардың көзқарасы бойынша әділетсіз деп танылатын ата-аналар тарапынан өткізілетін тәрбиелік шаралар);

  • көпшілік алдындағы көрсетілімдер жағдаяттары (концерттер, спорттық жарыстар);

  • белгілі бір іс-әрекеттердегі жетістікке жете алмау жағдаяттары (баланың бір нәрсені орындай алмауы);

  • дене жарақаттары және оны алу қауіптілігі (құлау, соғып алу, сындырып алу).

Балаларда үлкендерге қарағанда сенім деңгейі жоғары, сондықтан да бұрын соңды болмаған жағдаяттарда төменгі мектеп оқушылары өз білімі мен ақыл-парасатына қарамастан көбіне өздерінің құрдастарына сеніп ереді. Төменгі мектеп жасындағылар үшін әдеттегідей жайлы мінез-құлық тән. Ол сабақ барысында, бірігіп ойнауда және күнделікті арақатынаста байқалады. Бұл жағдайларда олар мінез-құлықтың таңдауына қарамастан қатты қобалжу, абыржу, қорқыныш сезімдерін басынан кешіреді /8/.

Төменгі мектеп оқушыларында, әсіресе бірінші сынып оқушыларында мектепке дейінгі балаларға тән оларды қоздыратын, бөлек оқиғалар мен жағдайларға орай қызу әрекет ету қасиеті сақталынады. Балалар қоршаған өмір шарттарының ықпалына тез әсерленгіш, сезімтал және эмоционалды қайырымды. Олар бірінші кезекте тура эмоционалды баға беретін, эмоционалды қатынас тудыратын нысаналар немесе заттардың қасиеттерін қабылдайды. Көрнекі, жарқын, жандылар барлығынан да тез қабылданады /8/. Бірақ, сонымен қатар, баланың мектепке баруы жаңа, ерекше эмоционалдық күйзелістерді тудырады, себебі мектепке дейінгі жастағы еркінділік мектептегі өмірдің жаңа ережелеріне тәуелділік мен бағынушылыққа ауысады.

Мектеп өмірінің жағдайы бірінші сынып оқушысынан ұйымдасқандық, жауапкершіліктік, тәртіптілік, жаңа үлгірімді талап ете отырып, оны қатаң қалыптасқан қарым-қатынас әлеміне енгізеді. Күшейтілген өмір шарттары, жаңа әлеуметтік жағдаят мектепке келген барлық баланың психологиялық қобалжуларын арттырады. Бұл төменгі мектеп оқушыларының денсаулығына, олардың тәртібіне әсер етеді [124; 167; 213]. Мектепке бару – бала өміріндегі, оның тәртібінің екі маңызды мотивтерінің қарама-қайшылығы: тілек мотиві («қалаймын») және міндетті болу мотиві («қажет») міндетті түрде өтетін жағдаят. Егер тілек мотиві баланың өзінен әрдайым шығатын болса, міндетті болу мотивін көбіне үлкендер бастайды.

Үлкендердің жаңа нормалары мен талаптарына бірінші сынып оқушысының қабілеттілігінің сәйкес келмеуі оны шарасыз күмәндауына және қамығуына мәжбүр етеді. Мектепке келген бала қоршаған адамдардың ойлары, бағалаулары мен қатынасына тәуелді болады. Өзіне қатысты сыни ескертулерді түйсінуі оның көңіл-күйіне әсер етеді және өзін-өзі бағалауының өзгеруіне әкеледі. Егер мектепке дейінгі баланың кейбір жеке ерекшеліктері оның табиғи дамуына кедергі жасамай, үлкендермен қабылданып, ескерілетін болса, енді мектепте өмір шарттары бір үлгіге салынады, нәтижесінде жеке тұлға қасиеттерінің эмоционалды және тәртіптік ауытқулары аса байқалынатын болады.

Бірінші кезекте, өзінде аса қозғыштық, жоғары әсерленгіштік, өзін-өзі төмен бағалау, үлкендердің нормалары мен ережелерін түсінбеулерді байқайды. Төменгі мектеп оқушысының тек үлкендердің (ата-аналар мен мұғалімдер) ойларына ғана емес, құрдастарының ойларына да тәуелділігі өседі. Бұл ерекше түрдегі қорқынышты: оны күлкілі, қорқақ, өтірікші немесе жігерсіз деп санауын бастан кешіруге әкеледі. А.И.Захаров көрсеткендей, егер мектепке дейінгі жаста өзін-өзі сақтау инстингіне (жалғыздық, өлім, шабуыл қорқыныштары) себепші болған қорқыныштар басым болса, төменгі мектеп жасында қоршаған адамдармен қарым-қатынасы мән-мәтінінде жеке тұлғаның аман-саулығының қауіп-қатері ретінде әлеуметтік қорқыныштар (мектепке кешігу, ата-аналардың өлімі және т.б.) басым болады /9/.

Төменгі мектеп оқушыларының эмоционалдық өрісі келесідей сипатталынады:

  1. болып жатқан жаңалыққа жеңіл ықыластануы және қабылдаудың, қиялдың, ойлау және дене іс-әрекетінің эмоциямен боялуы;

  2. қуаныш, мұң, қорқыныш, қанағаттану немесе қанағаттанбау секілді өз күйзелістерін табиғи және ашық білдіруі;

  3. қорқыныш аффектісіне дайындығы: оқу әрекеті үрдісінде бала ыңғайсыздық, сәтсіздік, өз күшіне сенімсіздік, тапсырмаларды орындауда мүмкіндігі болмауды алдын-ала сезіну қорқынышы ретінде күйзеледі; оқушы сыныпта, отбасында өз мәртебесіне түсетін қауіп-қатерді сезеді;

  4. үлкен эмоционалдық тұрақсыздық, көңіл-күйдің жиі өзгеруі (өмірге құштарлық, сергектік, қуаныштылық, бейқамдылық), қысқа мерзімді және қызу аффектілерге бейімділігі;

  5. төменгі мектеп оқушыларының эмоциогенді факторларына ойындар мен құрбыларымен қарым-қатынасы ғана емес, сонымен бірге оқудағы жетістіктер және осы жетістіктерді мұғалім мен сыныптастарының бағалауы жатады;

  6. өзінің және өзгенің эмоциясы мен сезімдерін нашар ұғынады және түсінеді; өзгелердің ым-ишарасы, қоршағандардың сезімдерін білдіре түсіндіру көбіне дұрыс қабылданбайды, ол да болса төменгі мектеп оқушыларының теріс реакциялы жауабына жетелейді. Бұл жастағыларда қорқыныш пен қуаныш базалық эмоциялары жайында тура түсінік бар, олар бұл эмоцияларды білдіретін бес синонимдік сөздерді ауызша атай алады.

Сонымен, 6-7 жастағы дағдарыс (кризис) «оқушының ішкі ұстанымына» байланысты және оның мектепке бару салдарынан туындайды. Бала бірінші сынып оқушысы бола тұра, жаңа құқықтармен қатар орындауға тиісті және әрбір оқушыны психологиялық қобалжушылыққа жетелейтін мектеп өмірінің оған деген жаңа ережелеріне бағынуға мәжбүр болатын жауапкершілікке ие болады. Бірінші сынып оқушыларында оқу жағдаяттарымен қоздырылған үлкен әлеуметтік қорқыныштар, үрейлер пайда болады. Ашу эмоциясын олар әлі бақылай алмайды, сондықтан өз қиыншылықтарын конструктивті шешуге, қарсылық, ашу, келіспеушілік, қастық сезімдерін өркениетті білдіруге үйрету қажет. Педагогикалық білімді ұйымдастырылған тәрбиелеу барысында төменгі мектеп жасындағы балаларда эмпатияға (күйзелу, эмоционалды ықыластылық, жолдасына қуану), өзіне және қоршаған адамдарға рефлексияға, толеранттылыққа (яғни өзге адамдарды сол қалпында қабылдау қабілеттілігі, балалар басқа адамдарды сыйлауға үйренеді, олардың кемшіліктеріне шыдамды қарауға) қабілеттілігі артады. Сондықтан, баланың эмоционалды сәтті өрісін дамыту жолдарын психологиялық тұрғыда ұйымдастыру өте маңызды екенін айтамыз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Абай. Қара сөз. Поэмалар. – Алматы. Ел. 1993.

  2. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992.

  3. Щетинина А.М. Восприятие и понимание дошкольниками эмоционального состояния человека// Вопросы психологии. – 1984. - №3.

  4. Бреслав Г.М. Эмоциональные особенности формирования личности детстве: Норма и отклонения. – М.: Педагогика, 1990.

  5. Миланч Ю.М. Психологическая коррекция эмоциональных нарушений у детей дошкольного возраста: Автореф.дисс....канд.наук. –СПб., 1997.

  6. Психология. Словарь. / Под общ.ред. А.В. Петровского, М.Г.Ярошевского. – 2-е изд., испр. и доп. – М.:Политиздат, 1990.

  7. Выготский Л.С. Кризис 7 лет // Вопросы детской психологии. –СПб.: СОЮЗ, 1997.

  8. Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе. – М.: Просвещение, 1986.

  9. Захаров А.И. Как помочь нашим детям избавиться от страха. – СПб.: Гиппократ, 1995.




РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются некоторые особенности развития эмоций учащихся младших классов и детей дошкольного возраста.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға көңіл-күйін білдіреді. Жас баланың сезімінің дұрыс дамуы жөнінде дала ойшылдарына жүгінгенде әл-Фарабиден бастау алатын «һауас, иманигүл, жауанмәртлік» хақындағы ойларын басшылыққа аламыз. Әл-Фарабидің осы ойларын Абай өз қара сөздерінде дамытады. Абай қара сөздеріндегі «Һауас» деп аталатын ұғым, адам сезімі және оны дамыту мәселесін қозғайды. 38-қара сөзінде адамның сезімі және ізденіс барысындағы кедергілердің ықпалы туралы терең толғап, сабыр мен сабырсыздық, қиянат пен зорлық, махаббат пен ләззат мәселесін мұсылмандық тұрғыдан аша көрсетеді.   

Автор
Дата добавления 08.04.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1160
Номер материала 478787
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх