Инфоурок Начальные классы КонспектыМектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету.( баяндама)

Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету.( баяндама)

Скачать материал

Орал гуманитарлық- техникалық колледжісі Педагогика, психология кафедрасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»

бөлімінің оқытушысы Бексариева Жазира Сабетбековна

Баяндама тақырыбы:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Жоспар:

  1. Байланыстыра сөйлеу түрлері, өзіндік ерекшеліктері.
  2. Әр түрлі жастағы топтарда байланыстыра сөйлеу мақсаты, мазмұны.
  3. Әр түрлі жастағы топтарда диалог сөзге үйрету тақырыптары, мазмұны әдісі.
  4. Байланыстырып сөйлеу үйретуде әңгімелесу маңыздылығы. Әңгімелесу  тақырыптары, құрлымы, өткізу әдісі.
  5. Әңгімелесу кезіндегі тәрбиешінің дайындығы.
  6. Әңгімелеуге үйрету балаларды монолог тілін қалыптастыру құралы. Әңгімелеудің әдістері. ( көрсету арқылы, сурет бойынша, ойдан құрастыру, өз тәжіребиесінен әңгіме құрастыру)
  7. Шығармашылық әңгіме, оның маңызы, ерекшеліктері.

 

 Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселеге баса назар аударылады:бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйесін анық,түснікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланысып сөйлесуіне баса назар аудару қажет;оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.

   Байланысып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмыс ,сөйлем әңгіме құрастыру жұмысы жүргізіледі .Байланысып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарлаған сабақтарда ,сабақтан тыс ойын сәттерінде ,шығармаларды сахналауға ертеңгіліктерді өткізуде дамытылады.Тәрбиеші атқан ертеңгісі зейін қоя тыңдап , мазмұнын ауызша  қайталап айтуда, әңгімелеп беруде ,грамматикалық тұлғада дұрыс байланысып сөйлеуге үйретіледі.

       Тіл дамыту сабақтаң қызықты, әсерлі тірде ұйымдастырылуы баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді,яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады.

      Тәрбиеші-педагогтар,ата-аналар баланың кез-келген уақытта берген жауыбының толық,дауысының анық ,ашық, мәнерлі болуын  талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекет сабақ,ойын ,серуен ,бос уақытта баланы ауызша сөйлеу білуге ,сұраққа толық жауып беруге ,сөйлемді дұрыс қарап айтуға өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылығын әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын  қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру, отбасында, жолдастарымен қарым-қатынасында,қоршаған ортадағы адамды тыңдай білу,оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.

 

       Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.

       Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.

       Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.

      Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.

      Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.

    1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.

    2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.

    3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.

    4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.

    5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.

Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.

     Әңгімелету әдісі баланы монолог түрінде сөйлеуге үйретуді көздейді. Әңгімелету  программада көрсетілген тақырыптарға сәйкес,барлық сабақта жүргізіледі.

      Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.Мұндай сабақтарда алға қоятын мақсат-балалардың байланыстыры сөйлеу дағдыларын жетілдіру,оқылған шығарма мазмұнындұрыс түсініп,грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып жүйелі әңгімелеп беруге үйрету.Әңгімесін айтуға төселдіру  әдістері баланың білімімен сөйлеу дағдыларына,оқылған шығарма мазмұнына,сабақтың мақсатына сәйкес белгіленеді.Әңгімелеп айтуға үйретуде мына мәселелер ескеріледі. Мысалы:  жаз, күз туралы салыстыра сұрап әңгімлесу.

                  Байланыстыра сөйлеудің мынадай стильдері болады:

    1.Толық стиль көпшілікке арналған стиль немесе оны кітаби стиль деп атайды.-лекция оқығанда,жиналыста сөйлегенде,радио және телевидениеде сондай-ақ сабақта.Толық стильді сөзге анық дикция болуы керек,орташа қарқын,дауыстың күші,үйдің көлемі мен дауыс тембрімен сәйкес келеді.

   2. Толық емес стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста пайдаланады. Мұнда сөздің дыбыстардың артикуляциясы және шапшаң сөйлеу немесе ұлықсат етіледі. Сөйлеу мәдениетін жеткілікті меңгерген әрбір адам жағдайға сай ешбір дайындықсыз екі стильді де пайдалана алады. Арнайы дайындалған сөз шешендік өнер немесе көркем оқу деп аталады.

Әңгімелеуге үйрету әдістері 

Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).

Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.

Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.

Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.

Өмірден («Менің анам», «Наурыз – көктем мерекесі», бақылау бойынша («Көңілді тамшылар»), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің «Дала») әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.

 

 

Әңгімелеп бере білу қабілеті

Әңгімелеп бере білу қабілеті бала үшін дүниетануын, өз білімін, түсінігін тексеру, бағалау білу құралы болып  келеді.

Баланың әңгімелеп беру қабілетіне қалыптастыруға балабақшада үлкен көңіл аударады. Балаларды өз ойларын жүйелеп, әр бөлігін бір-бірімен байланыстырып жеткізе білуге үйрету. Мектепке дейінгі жаста ауызша монологтік тілдің екі типі қалыптасады: мәтінді қайталап айтып беру және әңгімелеу.

Бала әңгімесінде шығармашылық элементтеріде болады. Баланың мәтінді түсініп  жеткізе білуі, бірақ автордың негізгі лексикасынан алыстамай, кейіпкерлерге жаны ашуы өте маңызды.

Әңгімелеу - өз бетімен бір фактыны, оқиғаны айтып бере білу. Бала тақырыпқа байланысты мазмұнын  және айтып беру тілдік формасын анықтау қажет. Материалды  жүйелеу, ретімен немесе жоспар бойынша айтып беру (тәрбиешінің немесе өзінің) . Бала оның әңгімесі қажет екенін сезінуі маңызды және  әңгімелей білу қабілетін қостау қажет. Балаларда өздерінің әңгімелерінен қанағаттану, қуаныш сезімдері болуына жағдай жасау.

Формалары бойынша әңгімелеу суреттеу және сюжетті болады.

Суреттеу - бір заттарға немесе құбылыстарға сипаттама беру. Мұнда нақты түсініктер, бірақ образдың элементтері болу қажет. Ойлары жеткілікті түсінікті, аяқталған. Мысалы тәрбиешінің ортаңғы топтағы ойыншық үйректің сипаттамасы: «Бұл үйрек. Ол сары, мамық. Көздері үлкен қара тиектей. Өзі үлкен және жуан, қанаттары құрттай.».

Суреттеу әңгімелердің – салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді.

Түсіндірмелі әңгімелеуде - бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану  , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.

Сюжетті әңгімелеу - бұл бір уақытта болған, кейіпкерлері бар әңгіме. Балаларға сюжетті әңгімелер туралы түсінік беріледі – бірінші кейіпкерлерін атайды, кейде олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріледі, соңынан бірінші оқиғаның қай жерде болғаны туралы артынан 2-3 эпизодтардың арасындағы байланыс, ең соңында аяқталуы жөнінде айтады.

Осындай әңгімелеу кестесін бала бірден ұғып алмайды. Балаларға аяқтау ұсынылады, немесе оқиға болып жатқан орынды сипаттау, немесе екі кейіпкер арасындағы диалог, т.б. Сюжетті әңгімелеу кейіпкері баланың өзіде болуы мүмкін. Мысалы ол өзінің өткен туылған күні туралы айтатын болса, немесе мен қалай бірінші сыныпқа барамын деп ойын айтып бере алады.

Әңгіменің формасынан гөрі мазмұны өте маңызды. Балаларға әңгімелеп берудің әдістерін таңдау үшін оларға екі  факторды ескеру қажет: не туралы әңгімелеуші айту керек, қандай психикалық процеске сүйену қажет. Әңгімелеп берудін үш категориясы: қабылдау бойынша,  есте сақтаған оқиғаларды әңгімелеп беру, ойдан шығару.   Бірінші екі әңгімелеу категориясы нақты негіздері болады, бар зат, құбылыстар туралы айтады.

Үшінші түрі – шығармашылық әңгіме болып есептеледі. Бала өзі ойластырып айтады, бірақ бала суреттегі кейіпкер туралы, көрмей тұрған зат туралы ойдан шығарып айта алады.

Немесе қолында ұстап тұрған ойыншықтар туралы әңгіме құрастыра алады.

Практикада бала түрлерін араластырып та айта алады. Тәрбиеші балаға талап қояды: бірінші не көріп тұрсын сол туралы айт, артынан ойдан шығарып айтуға болады.

Кішкентайлар тобында әңгімелеуге әзірлейді. Әңгімедегі оқиғаларды бірінен соң бірін тәрбиешінің сұрақтарына, илюстрацияларға, силуэттерге қарап әңгімелеп беруді ұсынады.

Бірнеше сөзбен өз ойларын айтқан балаларды мадақтау. Балалар тәрбиешінің әңгімесіне қатысады: аяқталмаған сөйлемдерде сөздерді аяқтайды, әңгімеде оқиғалар бір-бірінен соң келетінін байқайды.

Бес жасқа қараған балаларда монологтік тілде сөйлеу қабілеттері көрінеді. Ортаңғы топта мәнерлеп әңгімелер мен ертегілерді, заттарды сипаттауға, олардың маңызды қасиеттерін атап әңгімелеп беруге үйретеді. (ойдан).

Ересек тобында заттарды салыстырып, өз тәжірибесінен, есте қалған әңгімелер айтуға, суреттер бойынша салыстырмалы және түсіндірмелі әңгімелер қабылдауға сүйеніп (сюжетті сурет бойынша ІІІ тоқсанда). Әңгіменің сапасына көңіл аударады. Әңгімеде байланыс, тақырыптың бағытынан басқа жаққа ауыспау, қай жерде, қай уақытта болып жатқанын айту.

Мектепалды даярлық тобында балалар өздері тәрбиеші ұсынған сюжет бойынша әңгіме құрастыра алу қажет (ІІІ тоқсан).

Сонымен қатар балаларды бір-бірін мұқият тыңдауға, тапсырманы дұрыс орындап жатқанын байқауға үйрету қажет.

Әңгімелеуге үйрету әдістері: әңгіме үлгісі (еліктейді). Үлгіні 1-2 нашар әңгімелеп беретін балаға қайталату. Балалардың өз бетімен әңгімелеу мадақтау қажет. Сабақ басында пайдаланады.

Жартылай үлгі-әңгімелеуді бекітуде пайдаланады. Балаларға әңгіменің басын ойластыру ұсынылады.

Әңгімені түгел, немесі бір бөлігін тәрбиеші қажеттілігіне қарай қайталайды, балалардың жауаптарын ойыншық атынан бағалау.

Үлгіні талқылау, әңгімелеудің жоспарын құрастыруға әкеледі.

 

  Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

   Тілдің  синтаксистік  жағы  байланыстырылып сөйлеу және  әңгімелеуге үйрету процесі арқылы жетіледі. Төл сөз кеңінен пайдаланылады, жай, жайылма, салалас сабақтас құрмалас сөйлемдер көптеп кездеседі.Ойын-инсценировкалар драматизациялар халық ертегілерімен:   «Торғай мен қарлығаш», «Түлкі мен ешкі», « Жыланның басы мен құйрығы» т.б. Жұмбақтар,мақал-мәтелдер кеңінен пайдалынады. Балалардың шығармашылығы, әңгіме құрастыру, кітапшалар жасау. Бастауышты сын есіммен байланыстыру, мысалы:сәби көңілді. Көңілді сөзін тағы қандай сөздермен байланыстыруға болады?

   Схема(үлгіге )қарап сөйлем құрау.

   Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту сабақтарында және де күнделікті өмірде іске асады.Әдеби шығарманы  қайталап айтып беру(әңгіме, немесе ертегі), суретке қарап әңгімелеу, шығармашылық әңгіме, тіл дамыту сабақтары.

   Оқығанды, тыңдағанды айтып беруге үйрету сабақтарының әдістемесі осы топтағы балалардың байланыстырып, сөйлеу деңгейіне, қойылған тәрбиелік мақсаттарға және де ұсынылып отырған әдеби мәтінге тәуелді.Мұндағы көркем –бейнелі сөз (тіл) баланың жетістігі.

   Балаларлың  диалогтық,  монологтық сөйлеу тілін дамыта отырып, ересектер  сөздерін мәнерлі жеткізе білуге икемдейді.Үлкендер айтқан әңгіме, ертегісін зейін қоя тыңдап, мазмұнын қайталап, әңгімелеп, айтып беру арқылы грамматикалық дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйретіледі.Шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкер туралы әңгімелегенде,  жақсылықтың жамандықты жеңгенін, сол кейіпкердің орнында өзің болсаң қайтер едің?-деген сияқты қызықтыратын жетекші сұрақтар қоя отырып, ой-қиялын, логикалық дұрыс жүйелеу, шығармашылықпен әңгімелеп айта білуге жаттықтырылады.Баланың байланыстырып сөйлеу мәдениеті арнайы  жоспарланған сабақтарда сабақты тыс серуен,ойын сәттерінде шығармаларды сахналандыруда ертеңгіліктер өткізуде дамытылады.Әртүрлі мамандық иелері туралы «Мамандықтың бәрі жақсы», сондай-ақ «Мереке күндері, «Демалыста не істеді?» деген сұрақтарға диалогты, монологты сөйлеу арқылы жауап беруге үйретіледі.Байланыстырып сөйлеуге үйретуде  сөздік жұмысы үнемі, жүйелі жүргізіліп отырылады.Тілде қойылатын негізгі талаптың бірі оның мазмұндылығында.Тілдің қатынастық  сапасын аңықтауда балалардың  алған білімдерінің жүйесі мен  шығарма мазмұнының тәрбиелік мақсатына назар аударылады.Сөйлеу процесін дұрыс жолға қою, ана тілінің әдістемесін жүзеге асырудың алғы шарты.Тіл дамыту сабағының эмоциональды түрде ұйымдастырылуы әр баланың белсенді сөйлеуін  қамтамасыз  етеді, яғни балаға сөйлеу қажеттілігін тудырады.Оған дидактикалық ойындар, таныс кітапшалармен жұмыс,көңілді  кейіпкерлер, сүйікті  образдар әсер етеді.Ата-аналар  мен педагогтар  баланың кез келген  уақытта берген жауабының толық,  дауысының анық, ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекеттің барлығында сабақ, ойын, серуен, бос   уақытта  баланы  ауызша сөйлей білуге, сұраққа толық  жауап беруге, сөйлемді дұрыс құрап айтуға, өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылықпен  әңгіме  үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы:Сурет сериялары  бойынша әңгімелер құрастыру.Отбасында,  жолдастырымен қарым-қатынаста,  қоршаған ортадағы  адамдарды тыңдай білуге диалогтік сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығарманы әңгімелеуде, оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтік сөйлеуге үйренеді.Диалогті және монологті сөйлеуде дауыс ырғағын  сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, хабарлы сөйлем, өтініш жасау, таң қалу т.б.келтіріп айтуға жаттығады. Басталған ертегі, әңгімені аяқтауға, педагогтың жоспары бойынша әңгіме құрастыруға дағдыланады.Мысалы,     « Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні бастап, балаларға аяқтауға тапсырма беріледі.

  

   Сурет сериялары бойынша  әңгіме құрастыру, оқылған  шығарма мазмұнына  ұқсас, өмірден көргендері жөнінде өз шығармашылығымен әңгіме құрастыру керек.Өздеріне таныс оқиғалар туралы әңгімелетуде  өз ойын жүйелі жеткізуге назар аударады.

   Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік-тапсырмалар орындату, белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру өз қиялынан әңгіме, ертегі құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру керек.Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын-жаттығулар мен дидактикалық материалдар, ойындардың маңызы зор.Тіл дамыту сабағының  негізгі бағыттары кез-келген сәтте бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.Олай болса, баланың тілін дамытуда алдымен сөйлеу процесін дұрыс жолға қою керек.Сонда ғана тіл дамыту әдістемесін жүзеге асыруға болады.

Тіл дамыту сабағына қойылатын талаптар:

   Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру;

   Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу;

   Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекетке пайдалана білу;

   Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына еңгізу;

   Сурет  сериялары бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;

   Заттардың аттарын, қасиетіне, белгісіне қарап ажырату;

   Монологті және диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау;

   Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін жетілдіру;

Оқылған  шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып, олар туралы өздігінен қорытынды жасау;

   Тіл дамыту  дәптеріндегі тақырыптық жүйемен берілген тапсырмаларды орындай білу;

   Тіл дамытуда мимика, ыммен сөйлесу, ым деп сөйлегенді түсіну;

   Дыбыс аппараты мен артикуляцияны дамыту жаттығуларын орындау;

   Антоним,синоним сөздерді бір-бірінен ажыратып, қажетіне  қарай күнделікті тұрмыста пайдалану;

   Ұлттық салт-дәстүр, өнер, камзол, тақия, текемет, сырмақ т.б. байланысты сөздерді (атауларды)меңгерту;

   Тілдегі  дыбыстарды аңық, таза, дұрыс айтып, бір-бірімен ажырата білу;

   Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшілігін біліп,  дыбыстардың бөлінуін (қатаң, ұяң, үнді-үнсіз) т.б. ажырата білу;

   Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындарды мақсатына  шартына байланысты орындай білу;

   Тіл дамытудан хрестоматиялық жинақта берілген көркем шығармаларды тапсырмаға сәйкес орындау;

 

Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

 

   Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: қатынастық, танымдық, реттеушілік. Қатынастық қызмет – тым кішкентай кезі: 1 жастағы баланың былдырлауынан туындайтын баланың бірінші сөзі дәл осы қызметті атқарады. Айналасындағы адамдармен карым-қатынас жасау қажеттілігі баланың сөйлеуін одан әрі жетілдіруге ынталандыру. Екінші жылдың аяғында бала айналасындағы адамдар анық түсінетіндей өз тілегін, бақылауын сөзбен толық жеткізе алады, өзіне сөйлеген ересек адамның сөзін түсінеді. Бала үш жастан аса іштей сөйлеуді меңгере бастайды. Дәл осы кезден бастап сөз ол үшін тек қарым-қатынас құралы ғана болудан қалады да, енді басқа да қызметті, ең алдымен таным қызметін атқарады. Бала жаңа сөздерді және жаңа грамматикалық формаларды меңгере отырып, айналадағы өмір туралы, заттар туралы, өмірдің шындық құбылыстары мен олардың қарым-қатынасы туралы түсінігін кеңейтеді. Бұл әдісті сөздік қорды дамытуға мектепалды даярлығына қолданады. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс «Жеміс-жидектер», «Көк-өністер», «Ойыншықтар», «Отбасы», «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Үй құстары», «Қыста мекендейтін құстар», «Жыл құстары» «Оқу құралдары», «Киімдер», «Ойыншықтар», «Азық-түлік», «Мамандық» тақырыптарында жүзеге асады.

 Келесі әдіс: Сұрақ – жауап әдісі. Балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісті қолдана отырып тәрбиеші баланың жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындайды.

 

Мысалы:

Сенің атың кім?

Менің атым- Әнел

Сен қай қалада тұрасың?

Мен Орал қаласында тұрамын.

Сенің достарың кім?

Менің достарым Аружан, Айкөркем.

Сен қандай балабақшаға барасың?

Мен шағын орталыққа барамын.

Сен қандай топқа барасың?

Мен мектепалды тобына барамын.

Практикалық әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді.

-                     Дидактикалық ойындар балалардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс (сурет бойынша) құрастыруға, қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, кішігірім әңгіме айтуға жаттығады. Тәрбиеші ойын тәртібін балаға түсіндіріп, үйретеді, көрсетеді.. Сонымен қатар бұрынғы ойнаған ойындарын естеріне түсіреді. Белгілі суретшілердің туындыларын, балаларға арналған суретті кітапшалар, мерекелерге дайындық, түрлі ойын – сауықтар өткізу де балалардың тілін дамытуға септігін тигізеді. Балалармен түрлі әдеби - музыкалық ойындар өткізу олардың әдеби тілде сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет. Балалар қазақша сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді қайталағанда сөйлеу екпінін дикциясын, яғни сөзге, буынға, екпінді дұрыс түсінуге үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын (ертегі кейіпкерлерінің рольін сомдау, сюжетті рольді ойындарды ойнау) баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі. Сөздік қорды дамытуда тағы да өте көп әдіс – тәсілдер қолданылады. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларының неге қабілетті, өз тарапынан балаға қандай көмек керектігін біліп,  (ертегілерді оқу, тақпақтарды жаттату т.б) көмектесіп отырады. Ата-аналар балабақша өміріне белсене араласып «Ашық есік күндеріне» ашық сабақтарға, спорттық мерекелерге, көрмелерге, ата-аналар жиналыстарына қатысады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Б.Баймұратова “Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету”

Алматы “Мектеп” 1981ж

2.Л.И.Феодоренко «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»

Алматы “Мектеп” 1981ж

3.М. Балтабаев, Б. Өтемұратова

“Елім-ай”

4.А. Асқарбаева, Қ. Аймағанбетова

“Айналамен таныстыру”

5.Б. Баймұратова  “Біздің кітап”

“Алматы кітап”  “Балбөбек”   баспаханасы          бағдарламасы.

6.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты.

 Негізгі ережелер 2009 ж.

7.Ә.Әмірова “Тіл дамыту әдістемесі”

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету.( баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселеге баса назар аударылады:бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйесін анық,түснікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланысып сөйлесуіне баса назар аудару қажет;оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.

   Байланысып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмыс ,сөйлем әңгіме құрастыру жұмысы жүргізіледі .Байланысып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарлаған сабақтарда ,сабақтан тыс ойын сәттерінде ,шығармаларды сахналауға ертеңгіліктерді өткізуде дамытылады.Тәрбиеші атқан ертеңгісі зейін қоя тыңдап , мазмұнын ауызша  қайталап айтуда, әңгімелеп беруде ,грамматикалық тұлғада дұрыс байланысып сөйлеуге үйретіледі.

       Тіл дамыту сабақтаң қызықты, әсерлі тірде ұйымдастырылуы баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді,яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 238 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2015 2145
    • DOCX 32.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бексариева Жазира Сабетбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 165840
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 300 человек из 55 регионов

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 542 человека из 67 регионов

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе