Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМектепшілік тәрбиелік шара "Қош келдің, Жаңа жыл!"

Мектепшілік тәрбиелік шара "Қош келдің, Жаңа жыл!"

Скачать материал

                         Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты:Оқушылардың жаңа жыл туралы білімдерін кеңейту.

                Эстетикалық талғамдарын арттыру.

                Ұжымдық байланыстарын жетілдіру.

 

 

1-жүргізуші:Құрметті,ата-аналар,оқушылар!Бүгінгі «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

2-ж.Жаңа жыл...Осы бір шағын сөзде қаншама қуаныш пен шаттық жатыр десеңізші.Мереке баршамыздың жанымызға жаңа үміт,жаңа сенім ұялатып,көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

1-ж.Жаңа жыл-жанұялық мейрам. «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң,сол жыл солай өтеді»-деген ұғым бар.

2-ж.Шат күлкіге толы болсын маңайың,

        Жанға шуақ,бойға қуат әкелген.

         Жаңа жылың құтты болсын,ағайын!

1-ж.Армысың,аманбысың,Жаңа жылым!

         Жаңа жылым!о,менің жаңа жырым!

        Қой жылы келгенде, сый ғып тартып,

        Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Ән    «Шырша жыры»     Өтелбаева Б.

2-ж.Жүрекке жылылық ұялатар жаңа жылдық құттықтау сөзді

                            Коконев Жәнібекке   (ата-ана)     берейік.

1-ж.Мерекеміздің ажары

        Әсем бисіз кіре ме?

        Кіп-кішкене Нұрайжан,

        Анасымен бізге билеп береді.                  (Қазақ биі)

 

 


1-ж.Жаңа жылдық мерекемізге қонаққа ертегі кейіпкерлері –мыстандар да келіп қалыпты.    

      

 Мыстандар залға кіргенде :

          Біз мыстанбыз,мыстанбыз,

          Жақсылыққа дұшпанбыз,

          Жамандарға құштармыз.

           Тісімізді жұлып лақтырып,

           Сыпырғышқа мініп ұшқанбыз.

           Жас емеспіз,кәріміз,

           Ертегінің сәніміз-деп дауыс көтеріп,билеп кіреді.

-Тары-бары-растабары,

Елка-шырша каламбей.

Шуры-муры,шары-вары,

Самба-лямба,милки-вэй.(2-3 рет айтады)

1-ж.А,а!  Мен қазақшалап берейін.Біз енді ешкімге жамандық жасамаймыз,сендердің ойындарыңды  көргіміз келеді-деп тұр екен,ендеше  бірге көрейік пе?


    Ойын  (3- сынып)

2-ж.Дәстүрлі жаңа жылдық шыршамыздың сәні болып жүрген 2 кейіпкер  бар.Олар кімдер екенін білесіңдер ме, балалар?

1-ж. «Әр елдің салты басқа» дегендей, Аяз Атаны әр елде әрқалай атайды.Қазақ-Аяз Ата,Орыс-Дед Мороз,Америка-Санта Клаус,Қытай-Шо Хин,өзбек-Корбобо,ал Түріктер-Ноэль Баба дейді екен.

2-ж.Біздің дауысымызды естіп,алыстағы Аяз атамыз Ақшақарды ертіп тез келіп қалатын шығар, сондықтан бір ән айтып жіберейік.

 Ән        «Қасиетті домбыра»                     Тыныбекова А.

1-ж.Қуаныңдар ағайын,тамсаныңдар,

       Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар.

       Аяз Ата келеді Ақшақармен,

        Қол соғып қошаметпен қарсы алыңдар!


 (Мыстандар  тобымен Аяз Ата мен Ақшақарды орталарына алып келеді

  Аяз Ата :Амансыңдар ма,қыздарым!

                 Амансыңдар ма,ұлдарым!

                 Қандай көркем мектебің,

                 Қандай әсем жырларың.

                 Асулармен алыстым,

                 Асау желмен жарыстым,

                 Тойларыңа асығып,

                 Өздеріңмен табыстым.

                 Қасымда бар Ақшақар,

                 Құтты болсын,Жаңа жыл!

Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме,балалар!

                Шырша қандай тамаша!

                Жасыл желек жамылған,

                Асыл моншақ тағынған.

                Міне, әсем шыршамыз,

                Көптен күтіп сағынған.

(Шырша шамдары жағылады,»Жаңа жыл» әні орындалады)

Ақшақар: Ал,қанеки,балалар!

                  Ән мен жырға басайық.

                   Би билеік,ән салып,

                   Шыршамызды айналып.

2-ж.Ал,ақшақарлар,қалықта,

        Қалықтаудан жалықпа.

        Ақ көйлектерің желбіреп,

         Би билеңдер халыққа.


Ақшақарлар биі орындалады.(3-сынып)

Аяз Ата:Біз әні мен сәні жарасқан мектепке келіппіз.Балалардың өнерлерін тамашалап,сыйлығымызды таратайық.

( Әр сынып өз өнерлерін көрсетеді)

Мектепалды даярлық тобы:1.Би

                                                     2.Тақпақтар

2-сынып:1.Орыс биі

                   2.Ән «Ақсиса»

                   3.Тақпақтар

1-сынып:1.Ән «Жаңа жыл»

                  2.Тақпақтар

 3-сынып:1.Тақпақтар


4-сынып:1.Тақпақтар

 

 

1-ж  Шырша тойымыз әнмен,бимен басталды.Ендеше,бізбен бір жыл бірге    болып,бар қызықты бірге өткізген,бірге қуанған,біз үшін үлкен қуаныш болған ескі жылды рахмет айтып шығарып салайық.

 

Ескі жыл (Жылқы):Ескі жылың есіркеп,

                                 Жаңа жылың жарылқап,

                                 Еліңде болсын тыныштық.

                                 Қоштасамын бүгін мен,

                                  Сендерді қимас көңілмен,-деп сендермен қоштасуға келдім.Жаңа жылдарың құтты болсын!Қош сау болыңдар!

Бәрі хормен:Қош, Жылқы жылы.


«Жаңа жыл»әні әуенімен Жаңа жыл келеді.

Жаңа жыл:  Келеді жылдар,келеді айлар ауысып,

                    Кезегімен мен де келдім жарысып,

                   Жақсылығымды ала келдім халқыма.

                   Менің жылым жаңа бақыт сыйласын,

                   Көгімізде бақыт құсы самғасын.

                   Қой жылы құтты болып халқыма,

                   Отбасынан той-думан арылмасын.

                   Жаңа жыл құтты болсын ағайын!

 

1-ж.Рахмет саған,Жаңа жыл

2-ж.Аяз Ата,Ақшақар,Жаңа жылға барлығымыз бірлесіп,шыршаны айналып ән айтып,көрініс көрсетіп берейік.


Көрініс:     (2-сынып)

 (Аяз атаның телефоны шырылдайды,сөйлеседі.)

Аяз ата:Ал,балалар Ақшақар екеуімізді басқа мектепке шақырып жатыр,біз жолға шығайық.

                          Қадамдарыңа нұр бітсін,

                          Заманыңа гүл бітсін.

                          Жаңа жылда бақ қонсын,

                          Жолдастарың көп болсын! Қош сау болыңдар!

(Барлығы хормен қоштасады)

 

 

1-ж.Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

        Қиналып әр отбасы тарылмасын.


        Аяз ата келген күні қуанғандай, 

        Балалардан қуаныш арылмасын!                       2-ж.Көңілде көп қуаныш,

       Әр көңілде жақсы үміт.

       Жаңа жылға мың алғыс,

       Әкелген көп жақсылық.

1-ж.Жаңа жылда алдағы,

       Көңіл өсіп кеңейсін.

      Ортақ ойы,арманы,

      Жақсы дәстүр көбейсін.

 

Бәрі қосылып «Жаңа жыл» әнін орындайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепшілік тәрбиелік шара "Қош келдің, Жаңа жыл!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 205 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 1222
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиргалиева Гульден Малгажиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 59403
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 424 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 157 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 84 человека