Инфоурок Биология Статьи"Мектепте биология пәнінен қосымша білім беруді дамыту" ғылыми мақала

"Мектепте биология пәнінен қосымша білім беруді дамыту" ғылыми мақала

Скачать материал

Мектепте биология пәнінен қосымша білім беруді дамыту


Бүгінгі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр. Өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты мектептерде биология пәніне арналған қосымша сабақтар жүргізу, оқушылардың өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен міндет артып отыр. Оқу процесін дұрыс және ғылыми тұрғыда ұйымдастыру үшін мұғалімге тек биологияның теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз.

Тәжірибелік жұмыстар еңбекке баулу мен тәрбиелеудің қорытындысының өзіндік көрсеткіші (индикаторы) қызметін атқарады.

Мектептегі тәжірибелік жұмыстарын дамыту оқушыларға еңбек, адамгершілік, физикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбие берумен тығыз байланыстырылуы шарт. Мектепте қосымша білім беру мен сауықтыру еңбегін ұйымдастырудың негізгі көзі ретінде жас натуралистер үйірмесін ұйымдастырылды. Бұл ұйымда оқушылар табиғат әлеміне ене отыра экологиялық білім және патриоттық тәрбие алады. Жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай: «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі  жоқ» -деп, адам тек табиғатпен етене араласқанда ғана табиғатты түсінеді.

Қазіргі таңда балалар «ақпараттық технология әлеміне» еніп, қоршаған ортаны айтпағанда табиғат әлемінен алыстап, өзімен- өзі жеке қалып, тұйықталып бара жатқаны құпия емес, бұл олардың келешекте жеке тұлға болып қалыптасуына және елінің нағыз азаматы болып өсуіне кері әсерін тигізері сөзсіз.

Осы мақсатта жас натуралистер үйірмесінде оқушылардың белсенді еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке қызығушылығын арттыру, өсімдіктерді өсіру әліппесін, өсімдіктердің географиялық орнын, химиялық құрамын және биологиялық жетілуін зерттеуге үйрету.

Жас натуралистер үйірмесінде оқушыларды биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау. Қоғамдық пайдалы өнімдермен еңбек ету барысында саналы тәжірибелерін пайдалану арқылы машықтануға (практикалық) бағытталған мәселерді шешу, шығармашылық және эксперименттік жұмыс үшін жағдай жасау. Оқушылардың білігі мен дағдысын қол жетерліктей мәдени өсімдіктерді өсіруде іске асыру. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты үйрету арқылы мектеп оқушыларына берілетін экологиялық тәрбиені іске асыру жұмыстарын жүргізу арқылы табиғатты қорғау шараларын жетілдіру.

Оқушылардың - биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде мектеп жанындағы оқу-тәрбиеге бағытталған жылыжайдың маңызы өте зор.

Мектеп жанындағы жылыжай да биология пәнінен оқушыларымен өсімдіктер морфологиясы, физиологиясы, географиялық орны бойынша сабақтар. Көп жылдық гүлдер мен көкөніс дақылдары егужәне күтіп баптауды үйрету жұмыстары атқарылады. Жылыжай жұмысын ұйымдастыруда, ең бірінші, алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне тікелей әсер етеді. Жылыжай алаңын топырақпен қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Оқушылар өсімдіктерді, мысалы қызанақ, картоп, тамыржемістер (сәбіз, қызылша, шалқан), үрмебұршақ және пияз - көң мен қарашірікті, оның үстіне минералды тыңайтқыштарды есептеп шашуды және топырақ құрамын анықтауды үйренеді.

Оқушылар жыл бойы жылыжайда өскен дақылдарды күтіп баптау, өнімін жинау жұмыстарымен бірге пәнге байланысты әр-түрлі тәжриібелер жасайды, нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін артады. Жылыжай жұмысын дұрыс жоспарлау барысында мынадай педагогикалық міндеттер жүзеге асады:

  1. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.

  2. Теориялық білімнің практикамен байланысуы.

  3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, іскерлікке тәрбиеленеді.

  4. Ізеттілікке тәрбиеленеді (кішіге қамқор болу).

  5. Агрогеобиологиялық тәрбие беріледі.

  6. Экономикалық білім беріледі.

  7. Оқушылардың фукнциональдық сауаттылығы артады.

Сондықтан да оқушыларға жан-жақты, саналы білім беруде, оларды өзіндік зерттеушілік еңбекке баулып, еңбек ете жүріп танымдық қабілеттерін дамытуда мектеп жанындағы жылыжайдың берері мол. Сабақтан кейін оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат беруді сұрайды. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін, танымдық қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тарту керек. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға үйірме, факультатив, секция, клуб, студиялардың жұмыстарын айтуға болады.

Күтілетін нәтиже:

  • оқушыларың жаратылыстану пәндерінен функционалды сауатты, салауатты, әрі саналы тұлғаны қалыптастыруға жетелейді;

  • оқушыларды мектеп жанындағы үлескіде (учаскіде) жұмыс істеу барысында ғылымға деген қызығушылығы артады, мамандақ таңдауға бағыттайды;

  • табиғатқа әсемдікпен қарауға дағдыланады;

  • «Жасыл - ел»  бағдарламасын игерген оқушы табиғатты сүюге, аялауға, табиғатты көркейтуге өз үлесін қосуға тырысып, тиімді пайдалануға үйренеді.



Ауылшаруашылық жұмыстарына сәйкес тәжірибе жұмыстары арқылы оқушылар тірі табиғатты тереңірек оқып-үйренеді, жергілікті климат жағдайын ескере отырып өсімдіктерден мол өнім алуға эксперименттік зерттеу жүргізеді. Табиғатты қорғау шараларын үйренеді, мектеп жанындағы жылыжайындағы тірі табиғат бұрышында жұмыс істеуге дағдыланады.





2-сурет.Эксперименттік жылыжайдың ішкі-сыртқы көрінісі.

hello_html_m42878e7c.jpghello_html_108ed60a.jpg

Тәжірибе жасау арқылы – зерттеуші (экспериментатор) қойған мәселені шешуге жан-жақты жауап іздеу нәтижесінде күрделілігі, маңыздылығы, ұзақтылығы әртүрлі көптеген сұрақтардың жауабын табады.

Мектеп жанындағы жылыжайда тәжірибелік – өндірістік жұмыстарын жүргізу оқушылардың келешек мамандығын саналы түрде таңдауға дайындайтын, еңбек тәрбиесінің алғашқы сатысы деп қарау керек және бұл еңбекке оқыту мен еңбекке баулып тәрбиелеудің нәтижесі өзіндік көрсеткіш қызметін атқарады.

Тәжірибе жұмыстары көптеген пәндердің – еңбекке баулу, табиғаттану, биология, география, экология, химия және физика-математиканың кейбір тақырыптарының оқу бағдарламаларының жалғасы болып табылады.

Осы пәндерден игерілген теориялық білім далалық және жылыжайда зертханалық эксперимент жүргізгенде пайдаланылатын болады. Алайда бұл білім әдетте аздық етеді, сондықтан, іс барысында туындайтын мәселерді шешу үшін қосымша хабар көздеріне жүгіну, танымның жаңа әдістерін игеру керек болады.

Тәжірибелік жұмыстарға балалардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін, олардың икемімен қызығушылығын ескере отырып, 1-11 класс шәкірттері тақырыптар бойынша түгел қатыстырылуы керек.

Тәжірибе жұмыстарының бағытына қарай негізгі алға қойылатын мәселе оның қортындысының ғылыми құндылығы болуы керек. Яғни, тәжірибе жұмыстары бұрыннан белгілі әдістермен жүргізілуі керек, оның қорытындылары дәлелді де сенімді, қорытындысы қатесіз болуы керек. Жас натуралист ұзақ тәжірибе жасау үстінде көптеген беймәлім жайттарға жауап табады. Кейде алғашқы мәліметтер болмауы мүмкін, оларды алдын-ала арнаулы әдебиеттерден, шаруашылықтың статистикалық материалдарынан, мерзімді баспа сөздерден, ұзақ та қыруар еңбек жұмсаған эксперимент үстінде табуға болады.

Оқу-тәжірибе жылыжайындағы бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту

Оқу әдісі ретінде жылыжайдағы бақылауды тәжірибемен үйлесімде оқу-тәжірибе жүргізілетін сабақтарда кеңінен пайдалану қажет. Өсімдіктер құрылымы мен тіршілігін ғылыми зерттеудің маңызды әдістері – бақылау мен тәжірибе кейбір өзгерістерге ұшырай отырып, ғылыммен бірге мектепке енді. Мектеп жылыжайында оқушылар мәдени және арам өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың өсуі мен фазалар бойынша дамуын бақылайды. Оқу-тәжірибе жылыжайында жүргізілген тәжірибелер мен бақылаулар материалында негізгі био-гео-хим-экологиялық ережелер мен ұйымдарды ашу өте тиімді.

Бұл зерттеуде оқу-тәжірибе жылыжай базасы негізінде агробиологиялық білімді қалыптастыруға бақылаулар мен тәжірибелердің әсері анықталады. Бақылаулар мен тәжірибелерді толық түсіну себеп-салдарлық байланыстарды, анықтаумен және оларды жинақтаумен байланысты. Ол сыртқы нақты фактілерді қабылдаудан бақыланатын құбылыстардың мәнін ашатын ұғымдарға өтуді болжайды.

Бақылау – қоршаған табиғатты танудың маңызды тәсілдерінің бірі. Ол сезім органдары көмегімен табиғат нысандары мен құбылыстарын тікелей қабылдауға негізделген. Бақылау мұғалімнің, оқушылардың басшылығымен жүзеге асырылатын табиғат құбылыстарын, еңбек үдерістерін, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін өздігінше зерттеудің әдісі болып табылады. Бақылауды жылдың кез келген уақытында ұйымдастыруға болады.

1 кесте - Тәжірибе жұмыстарының орындалу сатыларының реттілік

ҮЛГІСІ


Тәжірибе обьектісін анықтау, оның агротехникасын, биологиясын зерттеп үйрену

Жылыжайды белгілеу және оны өңдеу


Тәжірибенің тиімді үлгісін нақтылып белгілеу


Тәжірибенің мақсатына орай жол-жөнекей пайда болуы мүмкін бақылаулар жүйесін ойластыру (қарастыру)


Егілетін (отырғызылатын) материалды дайындау


Белгіленген үлгі бойынша тәжірибе қою


Өсімдіктерді күтіп баптау, бақылау жүргізу


Өнімді жинау және есепке алу, нәтижесін талдап, қорытынды жасау, бағалау


Мектептегі оқу-тәжірибе жылыжайындағы тәжірибені жасар алдында оқушылар тәжірибеге қойылатын талаптармен танысып алу керек. Әр тәжірибе екі мөлдекте жүргізіледі - тәжірибелік және бақылау мөлдектері.

Мөлдектердің мөлшері, формасы, бетінің тегістігі, топырағының құрамы бірдей болуы міндетті.

Тәжірибелік мөлдектегі өсімдік сиретіліп, тыңайтқыш себіледі, ал бақылау мөлдегінде бұл шаралар орындалмайды. Екі мөлдектерде де топырақтың өңделуі, өсімдіктердің күтіп-бапталуы, егінін жинау бірдей етіп жүр, бір мезгілде жүргізіледі. Тәжірибе қорытындысы дәл шығу үшін, әр тәжірибе екі- екіден қойылады. Әр тәжірибенің мақсаты мен тақырыбы бірдей болады және оны жүргізу жоспары жасалынып белгіленеді.

Жылыжай тәжірибе мөлдектерінде тәжірибе тақырыбы, дақылдардың аты, тәжірибенің бақылануы жазылған тақтайшалар орнатылады.

Тәжірибе тақырыптарын таңдау

Мектептің оқу-тәжірибе жылыжайында жасалатын тәжірибенің табысты және практикалық маңызды болуы оның тақырыбын дұрыс таңдай білуге байланысты болады.

Мектептегі тәжірибе жұмыстарының мазмұны оқу бағдарламалары аясында болады және оқушылардың қызығушылық деңгейіне, ұйымдастырушылардың қоятын мақсаттарына топырақ-климаттық жағдайларға және жергілікті ауылшаруашылығының ерекшеліктеріне байланысты толықтырылуы мүмкін.

Оқушылар орындайтын тәжірибе жұмыстарының тақырыптарын мынадай бөлімдерге жүйелеуге болады.

  1. Өсімдіктің тіршілік ортасындағы топырақтық – климаттық жағдайлары.

  2. Мәдени өсімдіктерді өсірудің агротехникалық әдістері.

  3. Ауылшаруашылығы өсімдіктерінің, оның ішінде көкөністердің дамуы мен өсуінің биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру және сортты зерттеу.

  4. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар мен микротыңайтқыштардың көкөніс өнімділігі мен оның сапасын жақсарту әсері.

  5. Фитоцидті өсімдіктер - өсімдіктерді зиянды насекомдардан қорғаудың құралы ретінде қарастыру.

Бағдарламалық тәжірибелер зерттеудің жеке және жалпы әдістерін жасаудың негізі қызметін атқарады.

Тәжірибелердің оқу-танымдық маңызы

Мектептің оқу-тәжірибе жылыжайында жасалатын тәжірибелердің ең әуелі оқу-танымдық маңызы болуы керек.

Оқушылар оқу-тәжірибе жылыжайында өсімдіктер тіршілігіне бақылау жасауды, тәжірибеге қойылған өсімдіктерге сыртқы факторлардың әсерін бақылауды үйренеді, тәжірибедегі мәліметтерді талдай алуға және осылардан дұрыс қорытынды жасай білуге машықтанады.

Мектептегі оқу-тәжірибе жылыжайы - оқушыларға жаратылыстану білім берудің орталығы.

Оқу-тәжірибе жыыжайын жасаудағы мақсат-ауылшаруашылығының өсімдіктерін өсіруді үйрену, көкөністердің өзіндік ерекшеліктерін білу және көкөністерден мол өніп алып, әсем гүлдер өсіру үшін, оларға қандай жағдайлар жасау қажеттілігін нақтылау.

Оқу – тәжірибе жылыжайында мынадай бөлімдер болады:

1.Жаратылыстану пәндерінің оқушыларымен сабақ өткізілетін зерттеу бөлімі. (өсімдіктер морфологиясы, физиологиясы, географиялық орны бойынша сабақтары).

2.Көп жылдық гүлдер мен көкөніс дақылдары егілетін бөлімі.

3.Жылыжайда оқушылармен жүргізілетін практикалық талаптарға сәйкес көшеттер бұрышы.

Жылыжай табиғат жағдайына ұқсас, тіршілік ортасында өсетін әртүрлі өсімдіктер бірлестігіне жататын өсімдіктер коллекциясынан құралады. Мектеп жанындағы жылыжайға болашақта өз мектебімізден тыс бала бақшалар тәрбиеленушілері мен басқа мектептердің бастауыш сынып оқушыларына саяхат (экскурсия) сабақтар ұйымдастыруға болады.

Сондай-ақ, төменгі сынып оқушылары еңбек сабағында алуан түрлі дақылдар егудің әдістерін үйренетін болады. Маусым айында 4 топтан тұратын еңбек топ (отряды) мүшелері жұмыс істейді. Жазғы маусымда жылыжайдың жұмыс кестесіне сай 8-11 сынып оқушылары бесінші еңбек тоқсанын өткізеді. Ал, күзде дәстүрлі көрме ұйымдастырылып, онда мектеп жанындағы участокте өсірілген өсімдіктер мен көкөністер, гүлдер туралы өлеңдер, жұмбақтар мен әзіл сөздердің көңілді кеші ұйымдастырылады.

Мектептің оқу–тәжірибе жылыжайында атқарылатын жұмыстардың перспективалық жоспары

Көктемгі кезең

Жазғы кезең

Күзгі кезең

Оқушылар жасайтын тәжірибе тақырыптары:

  1. Оқу-тәжірибе жылыжай жағдайында сәбіз бен картоп сорттарын сынау.

  2. Ашық топырақта крестгүлді тұқымдас өсімдіктердің өсіп-өнуіне бақылау жасау.

  3. Экологиялық тәжірибелер. Өсімдік жабындыларының дамуы. Қоқыс үйінділерінің көктеп шығуы.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мектепте биология пәнінен қосымша білім беруді дамыту" ғылыми мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 949 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 3449
    • DOCX 334.8 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ясин Акбота -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ясин Акбота -
    Ясин Акбота -
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14566
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 489 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 513 человек

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек